ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
Скачать 410.86 Kb.
|
Мақсаты: дене учаскелерін жылытып, қанмен толуын күшейту, жергілікті қыздыру әсері. Қолдану көрсетілімдері: қызбаның І және ІІІ кезеңдерінде, инъекциядан кейінгі болатын инфильтратта (түйіндерде), жұлынның белдегі түбірінің қабынуы (радикулитте), ұлтабарды сүңгілегенде, соғып алудың 2 тәулігінде, невритте, невралгияда. Қарсы көрсетілімдері: іш қуысының жедел қабыну және ауруы процесі, қатерлі ісіктер, қан кету, соғып алудың бірінші тәулігінде, тері бетінің бүтіндігінің бұзылуында, іріңді жарада. Асқынулар: күйіп қалу, денеде дақ болу. Қоятын жерлері: инфильтрат аймағы, бел аймағы, балтыр бұлшық ет аймағы, оң жақ қабырға асты аймағы. Дайындаңыз: резеңке жылытқышты (1,5-2 л), су (t-60-700С), сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті (2 салфетканы жылыткыштың сыртын зарарсыздандыру үшін), су термометрін. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа ем шара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шара жасауға рұқсатын алыңыз. Жылытқыштың 2/3 көлеміне ыстық суды (t-60-700С) құйыңыз. Жылытқыштың мойынынан қысып ауасын шығарыңыз (мойынына су пайда болғанша), тығынын бұрап бекітіңіз. Жылытқышты тығынын төмен қаратып төңкеріп, саңылаусыздығын тексеріңіз. Жылытқышты сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Жылытқышты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Жылытқышты дененің қажетті учаскесіне қойып, оны салқындағанша ұстаңыз. Жылытқышты алып, оны ашып суын төгіңіз. Науқастың терісін қараңыз (жылытқыш қойылған жерде тек қана жеңіл желпі қызару болуы керек). Науқасқа ыңғайлы жағдай алуға көмектесіңіз, жылы жабыңыз. Жылтқышты зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған шүберекпен 2 рет арасына 15 минут салып өңдеңіз. Жылытқышты сумен жуып, құрғатып, арнайы белгіленген жерде сақтаңыз. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: жылытқышты жиі және ұзақ пайдаланғанда болатын күюдің тері түсінің өзгеруін алдын алу үшін, жылытқыш астындағы теріге вазелин немесе майды жағыңыз. Мұзды мұйықты қолдану Мақсаты: қан тамырларын тарылту әсері, ұзақ жергілікті салқындату. Қолдану көрсетілімдері: ішкі ағзалардан қан кету, іш қуысының жедел қабыну процесі, соғып алу, жарақаттану (бірінші тәулігі), жоғары қызба, операциядан кейінгі кезең. Қарсы көрсетілімдері: ішектің бүріп ауыруында (іштің спастикалық ауыруларында), талықсу (коллапс), шок. Асқынулар: жергілікті жердің салқындауы. Дайындаңыз: мұзды мұйықты, мұз кесектерін, сүлгіні (жаялықты), зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты, шүберекті. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, осы емшараны өткізуге оның рұқсатын алыңыз. Мұзды мұйықтың тығынын ашыңыз, оның 2/3 көлемін ұсақтап уатылған мұз кесектерімен толтырыңыз. Мұзды мұйықты жатық түрінде қойып, мұзды мұйықтың ауасын шығарып, тығынын бұрап бекітіңіз. Мұзды мұйықты сүлгіге (жаялыққа) ораңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Мұзды мұйықты іш пердесі аумағына 15-20 минутқа қойыңыз (аралықтағы үзіліс 30 минут). Уақытты жазып, белгілеп отырыңыз. Мұз ерігенде мұйықтағы суды құйып алып, оған жаңа мұз кесектерін салыңыз. Мұйықты алып, суын төгіп, мұз қалдығын алыңыз. Науқасқа тыныштық және ыңғайлы жағдай жасаңыз. Зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған шүберекпен мұзды мұйықты арасында 15 минут өткізіп 2 рет сүртіңіз. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: арасындағы үзілісті есепке ала отырып, мұзды мұйықты 2 сағатқа қоюға болады. Қыша қағаздарын қою Мақсаты: дене учаскесін қыздырып қанмен толысуын күшейту, ауырсынуды басу, қабынуға қарсы, ісінуді тарату әсері. Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу жолдарының қабыну аурулары,гипертониялық криз, стенокардия, бұлшық еттердің қабынуы, жүйкелердің қабынуы, операциядан кейін болатын іркілу құбылыстардың алдын алу. Қарсы көрсетілімдері: тері аурулары, жоғары қызба, өкпеден қан кету, тері сезімталдығының қатты төмендеуі немесе болмауы, қатерлі жаңа ісіктер. Қоятын орындары: желке аумағы, балтыр бұлшық ет аумағы, жүрек аумағы, төс сүйектің жоғарғы бөлігі, жауырын аралығы және жауырын асты аумағы Асқынулар: терінің көлбіреп күюі, терінің дақтануы. Дайындаңыз: қыша қағаздарын, жылы суы бар (t-40-450С), науаны, сүлгіні, көрпені, салфетканы, жылы жаялықты. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. Қыша қағаздарының жарамдылығын, қолдану мерзімін тексеріңіз (қыша қағазынан қыша түспеуі керек және өзіндік арнайы қышалық иісі сақталуы тиіс). Науқасты ыңғайлы қалыпта жатқызыңыз, қоятын орынды анықтап, терісін қараңыз. Қышаны жылы суға 5-10 секундтай салып алыңыз (t-40-450С) аздап қана сілкіңіз және кезекпен қыша жасбыстырылған жағын денеге тығыз басыңыз (терінің жоғарғы сезімталдығында қыша астына дәке салфеткасын салыңыз). Науқасты сүлгімен, сосын көрпемен жабыңыз. 5-10 минуттан кейін қыша қағаздарын алыңыз (тері қызаруы тиіс). Теріден қыша қалдығын алу үшін, жылы сумен суланған салфеткамен теріні сүртіңіз. Науқастың терісін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Емшара біткен соң науқасқа 30-40 минуттай төсек тәртібін ұсыныңыз. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз. Ескерту: қыша қағазын тері бүтін болғанда ғана қояды; қыша қағазы емшек безі үстіне, емшек ұшы аумағына, омыртқа жотасына, туа біткен дақ үстіне қойылмайды; емшектегі нәрестелерге денесі қызарғанға деиін емшараның ұзақтығы 5-7 минут. Ыстық ылғалды компресті қою Мақсаты: емдік, қабынуды қайтару, сіңдіріп тарату және ауыруды басу. Қолдану көрсетілімдері: бас сақинасы (мигрень), талықсу (коллапс), ішек, өт жолдарының түйіліп ауыруында, бронхиальдық астма, бұлшық ет пен буындардағы ауырулары. Қарсы көрсетілімдері: іш пердесінің қабынуы. Дайындаңыз: ыстық (t-60-700С) суы бар ыдысты, су термометрін, 2 салфетканы, клеенканы, мақтаны, сүлгіні. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның рұқсатын алыңыз. Компресс қоятын жердің тері қабатын тексеріп алыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. 8 қабатты салфетканы ыстық суға салып сулап, оны сығыңыз. Дененің тиісті учаскесіне ылғалды салфетканы тығыз 5-10 минуттай басыңыз. Салфетканы клеенкамен, сосын үстінен қалың жүннен тоқылған матамен жабыңыз. Бірнеше минуттай компресті қолыңызбен ұстап тұрыңыз, оны салқындаған сайын ауыстырыңыз (бинт салмайды). Терінің ылғалды бетін сүлгімен құрғатып сүртіңіз. Науқасты жылы жабыңыз. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: клеенка үстіне жылытқыш қоюға немесе қалың тоқылған матаны жабуға болады. Салқын компресті қою Мақсаты: емдік, қан тамырларын тарылту әсері, жергілікті салқындату, ауырсынуды басатын әсері. Қолдану көрсетілімдері: жұмсақ ұлпалардың (ткандердің) сіңірдің (байламы), сүйек қабығының жарақаттануы мен зақымдануынын бірінші тәулігінде, мұрыннан қан кетуде, қызбаның 2 кезеңінде. Қарсы көрсетілімдері: іштің түйіліп ауыруында (іштің спастикалық ауруларында), талықсу (коллапс), шок. Дайындаңыз: салқын суы бар ыдысты, бірнеше рет қабатталған 2 салфетканы. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. Даярлаған салфетканы салқын суға салып сулап, оны сығыңыз. Салфетканы бірнеше қабатпен бүктеңіз. Дененің тиісті учаскесіне салфетканы салыңыз. Әрбір 2-3 минут сайын салфетканы ауыстырып тұрыңыз, өйткені салфетка қызыу дене қызумен тез теңесіп кетеді. Бірінші салфетканы екіншісімен ауыстырып отырыңыз. Ескерту: бүкіл емшараның ұзақтығы 5 минуттан 60 минутқа дейін. ЫЛҒАЛДЫ Қыздыру және дәрілік компресТерді қою Мақсаты: қан тамырларын ұзақ және біркелкі кеңейту, ұлпадағы қан айналуын жақсарту, ауыруын азайту және сіңіру әсерін жасау. Қолдану көрсетілімдері: инъекциядан кейінгі инфильтратта (жергілікті түйінде) бұлшық еттердегі және буындардағы қабыну процестері, мұрын, құлақ аурулары, соғып алғаннан кейінгі 2 тәулікте. Қарсы көрсетілімдері: қызба, қан құйылу, терідегі іріңді және аллергиялық бөртпелер, тері жамылғысы бүтіндігінің бұзылуы, әртүрлі этиологиядағы ісіктер, жарақат пен соғып алудың бірінші тәулігінде. Асқынулар: терінің тітіркенуі, күю. Дайындаңыз: компрестік матаны немесе 8-10 қабаттап бүктелген дәке салфеткасын, компрестік қағазды, мақтаны, бинтті, 40% этил спирті немесе дәрілік ерітінділерді, 20-250С суды, қайшыны, қолғапты. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысын түсіндіріп, оны жасауға рұқсатын алыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз. Науқастың компресс қоятын жерінің терісін қараңыз. Даярланған ерітіндінің (20-250С) біреуіне компрестік матаны немесе дәке салфеткасын ылғалдап, оны аздап қана сығыңыз. Дененің қажетті учаскесіне компрестік матаны немесе дәке салфетканы қойыңыз. Әсерін тигізетін аймақтан оның көлемі 2 см артық болуы керек. Компрестік матаның немесе дәке салфеткасының үстіне компрестік қағазды салыңыз. Ол алдыңғы қабаттан 2 см-ге енді болуы қажет. Компрестік қағаздың үстіне мақтаны қойыңыз (компрестің алдыңғы қабатынан көлемі 2 см артық болуы тиіс). Қойған компрес денеге тығыз қабыса жататындай керек, бірақ қозғалысты шектемейтіндей етіп, бинтпен байлаңыз. Компресті 6-12 сағатқа қалдырыңыз (дұрысы түнге қарай қою). Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты шешіңіз. 2 сағаттан кейін компрестің дұрыс салынғанын тексеріңіз. Компрестің астына саусағыңызды сұғыңыз, салфетканың ылғалды, терінің жылы екендігіне көзіңізді жеткізіңіз. Компресті алып, теріні жылы сумен сүртіп, сүрткімен құрғатып, құрғақ таңғыш салыңыз. Компресс қойған жерді жылы қымтаңыз. Өзіңіз қолыңызды жуыңыз. Ескерту: егер 2 сағаттан кейін салфетка құрғақ болса, онда компресс дұрыс салынбаған; спирттік компресттер жылдам кебеді, сондықтан оларды әрбір 4-6 сағат сайын ауыстырады; компресті қайталап қоюды, алдыңғы компресті алғаннан кейін 1 сағат соң қайталауға болады; қоспасыз иіс су (одеколон) немесе спирт қолданғанда тері қабатын күйдіру мүмкін. Сүлікті қою Мақсаты: емдік, жергілікті жерден қан алу, қанның ұюын төмендету. Қолдану көрсетілімдері: гипертониялық криз, жүрек аймағының ауруы (стенокардия, миокард инфаркті), қан тамырларының түйінделуі (тромбофлебит), тамырда қанның ұюы (тромбоз вен), тік ішектің айналуы (геморрой), бауыр көк тамырларының іркілуі (венозный застой в печени), глаукома. Қарсы көрсетілімдері: қан қысымының төмендеуінде (гипотензия), қан аздықта (анемия), қанның ұйюының төмендеуінде (снижение свертываемости крови), аллергиялық жағдайда, антикоагулянтармен емдеу кезеңінде, тері сезімталдығының жоғарлығында. Қоятын жерлері: емізік тәрізді өсіндінің аймағы (область сосцевидного отростка), оң жақ қабырға асты, кеуде тұсының сол жағы, көк тамырлардың зақымданған жолдары (шахмат тәрізді), құйымшақ айналасы, самай аймағы. Асқынулар: терінің қышуы, қан ағу, пиодермия, сыздауық, тері асты тіндеріне қан кету. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: таңғыш бинтті, науаны, шымшуырды (пинцеттерді), тампондарды, сүрткілерді, пробиркаларды, 40% глюкоза ерітіндісін, натрий хлорид ерітіндісін, ҚЖК, тұздалған суды, ыдыстағы ыстық суды, 6-8 белсенді сүліктерді, зарарсыздандыратын ерітіндісі бар ыдысты. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оның ем шараға рұқсатын алыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. Науқасқа ыңғайлы қалып беріңіз. Дененің қажетті жерін босатып, ашып, теріні қараңыз, қоятын орнында түкті шаш болса қырып алып тастаңыз. Залалсыздандырылған мақта шариктерін жылы қайнатылған суда сулап терідегі белгіленген жерді жуыңыз және оны қызарғанша ысқылаңыз. Теріні құрғатыңыз. Сүлік коятын жерге 40% глюкоза ерітіндісін жағыңыз. Банкада суда тұрған сүлікті пинцетпен алып, құйрық жағын пробирканың түбіне қаратып салыңыз. Пробирканы дененің қажетті орнына тақап, сілкілей қозғалыс жасап, сүлікті теріге бағыттаңыз. Сүлік теріні тістеп жабысқанда және оның алдыңғы бөлігінде толқынды қозғалыс пайда болғанда пробирканы алыңыз. Артқы сорғыш ауыз (емізік) астына залалсыздандырылған салфетканы салыңыз. Сондай әдіспен барлық сүлікті қойып шығыңыз (бір сәтте 4-тен 12-ге дейін сүлік қояды). Сүліктің қозғалысын қамтамасыз ету үшін, оның дене бойын жылы суға суланған мақтамен сұлап шығыңыз. Науаны сүліктің қойылған жеріне жақын қойыңыз. 30-60 минуттай күтіңіз. Дені сау сүлік қанды сорып болған соң, қойған науаға өздігінен түседі. Егер сүлік түспесе немесе оны ерте алу қажет болса, алдыңғы сорғыш ауыз (емізік) аймағын тұзды сумен сулаңыз. Қолданған сүліктерді зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, сосын ҚЖК салыңыз. Сүліктің сорған жеріне құрғақ залалсыздандырылған таңғышты үстіне қойып үлкен мақта көлемімен бір тәулікке таңып тастаңыз (сүлік сорған жер 6 сағаттан 24 сағатқа дейін қанайды). Пайдаланған күтім құралдарын зарарсыздандырыңыз: сүрткілерді, мақта шариктерді, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз. Бір тәуліктен кейін таңғышты ауыстырыңыз, егер қан ағу тоқтамаса, жараның үстіне залалсыздандырылған қысатын таңғыш салыңыз. Ескерту: сүлік науқастың қанына өзінің сілекей құрамындағы ұйытқыштыққа қарсы әсер ететін антикогулянт – гирудин затын жібереді; сүлік салған жарақат орны біраз уақытқа дейін (3 сағатқа дейін) қанайды, бұл табиғи жағдай; асептика ережесі бұзылғанда жарақат орны іріңдейді немесе сол жарақат орны қышитын болады; сүлікті бір рет қана қолданады. ЫлғалдаТЫЛған оттегін мұрын катетері арқылы беру Мақсаты: жүрек-өкпе реанимациясынан кейін, ұлпалардағы гипоксияны азайту, жедел және созылмалы тыныс жетіспеушілігінде, ауыр операциядан кейін, қанды оттегімен қаматамасыз етуді жақсарту,. Қолдану көрсетілімдері: қан айналу және тыныс алу жүйелері ауруларында, ауыр жағдайларда дірігердің тағайындауы бойынша қолданылады. Дайындаңыз: Бобров аппаратын, дистилденген суды немесе 70% спиртті, залалсыздандырылған: науаны, мұрын катетерін, пинцетті, шпательді, дәке, қолғапты, вазелин майын немесеглицеринді, жабысқыш пластырды. Іс-әрекет алгоритмі: Егер мүмкіншілік болса, науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды жуыңыз. Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. Науқасқа Фаулер қалпына келтіріңіз. Бобров аппаратын жұмыс істеуге дайындаңыз: таза шыны ыдыстың 2/3 көлеміне температурасы 30-400С дистилденген суды, өкпе ісігінде 70% спиртті құйыңыз; жалғанған жерлердің саңылаусыздығын тығындыдағы бұранда көмегімен қамтамасыз етіңіз; ұзындығы 60 см артық емес резеңке түтікті Бобров аппаратының шыны түтіктеріне кигізіңіз. Катетерді енгізер алдында жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне көзіңізді жеткізіңіз. Катетерді енгізетін бөлігінің ұзындығын (құлақтың кеуілжір қалқаны түбіндегі бүртіктен (томпақтан) мұрын ұшына дейін шамамен 15 см) анықтап, белгі (ұзынша сопақ жабысқақ пластырмен) қойыңыз. Катетердің енгізетін бөлігіне залалсыздандырылған вазелин майын немесе глицерин құйыңыз немесе натрий хлорид изотониялық ерітіндісімен немесе дистилденген сумен ылғалдаңыз. Катетердің енгізелетін ұшын 3-4 см қашықтықта жазатын қаламұштай ұстаңыз. Катетерді төменгі мұрын жолымен жұтқыншақтың артқы қабырғасына дейін (белгіленген белгіге дейін) еңгізіңіз. Тілдің түбірін шпательмен басып, жұтқыншақты қараңыз. Катетердің ұшы жұтқыншақтың артқы қабырғасында көрініп тұрғанына көзіңізді жеткізіңіз. Катетердің сыртқы бөлігін жабысқыш пластырмен науқастың жағына, самайына немесе маңдайына жапсырыңыз. Енгізілген мұрын катетерінің резеңке түтік арқылы Бобров аппаратының қысқа шыны түтігіне жалғастырыңыз. Бобров аппаратының ұзын шыны түтігін резеңке түтік арқылы орталық жүйеден берілетін оттегі шүмегімен немесе оттегі баллонына жалғастырыңыз. Оттегі шығатын шүмекті ашыңыз (Бобров аппаратында оттегі көпіршігі суда пайда болады). Оттегін беру жылдамдығын реттеңіз (2-3 л/мин). Науқастың мұрынның шырышты қабығын қараңыз. Науқастың қал-жағдайын бағалаңыз. Мұрынның шырышты қабығында тітіркену белгілері айқындалса, мұрынға майлы ерітінді тамызыңыз. Катетерді алап тастаңыз. Катетерді, шпательді зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. |