Главная страница
Навигация по странице:

  • Ерітіндідегі хлораминнің қоюлық д ә режесі (%)

  • 5% гипохлорит кальций негізгі

  • Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау

  • Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%) Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

  • 10 л-ге 1 л-ге Негізгі 5% ерітінді (л)

  • Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

  • I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты

  • IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

  • АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

  • Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)

  • III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру Мақсаты

  • Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница2 из 20
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

    Ескерту:

    • Хлорамин ерітіндісін тұп-тура қолданар алдында даярлаңыз.

    • Хлорамин ерітіндісі науқастардың қол жетпейтін, қараңғы, салқын жерде тәулік бойы саңлаусыз жабық ыдыста сақталады.

    • Зарарсыздандыру ерітінділерін даярлағанда қауіпсіздік техникасын сақтаңыз.

    Хлорамин ерітінділерін даярлау


    Ерітіндідегі хлораминнің қоюлық дәрежесі (%)

    Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажетті компоненттердің мөлшері

    1 л-ге

    10 л-ге

    Хлораминнің мөлшері (г)

    Судың мөлшері (мл)

    Хлораминнің мөлшері (г)

    Судың мөлшері (л)

    0,5

    5

    995

    50

    9,95

    1

    10

    990

    100

    9,9

    2

    20

    980

    200

    9,8

    3

    30

    970

    300

    9,7

    5

    50

    950

    500

    9,5

    5% гипохлорит кальций негізгі (маточный)

    ерітіндісін даярлау
    Мақсаты: аурахана ішілік жұқпалы аурудың алдын алу.

    Қолдану көрсетілімдері: санитарлы эпидемиологиялық тәртіпті сақтау бойынша директивті құжаттарға сәйкес күтім заттарын, медицинада тағайындалған заттарды зарарсыздандыру үшін қолданылады.

    Дайындаңыз: 0,5 кг гипохлорит кальцийді (құрғақ), 10 л эмальды ыдысты қақпағымен, 10 л суды, ағаш қалақшаны, қолғапты, алжапқышты, респираторды, халатты, белсенді хлор барлығын есептейтін кестені.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Өзіңізге қосымша халатты, алжапқышты, респираторды, резеңке қолғапты киініз.

    2. Ыдысқа 0,5 кг гипохлорит кальцийді салып, оны 10 л салқын сумен ерітіңіз (гипохлорит кальцийге аз мөлшерде су қосып, агаш қалақшамен араластырып бір қалыпты қоюланған соң, қалған мөлшердегі суды 10 л көлеміне дейін қосыңыз), қақпағын жабыңыз.

    3. Ыдыстағы қоспаны 30 минуттай тұндырыңыз.

    4. Ыдыстағы зарарсыздандыру ерітіндісін белгілеңіз, оның қоюлық дәрежесін және ерітіндінің атың көрсетіңіз, таңбаға даярланған күнін, ерітіндіні даярлаған сағатын, осы ерітіндіні даярлған адамның аты-тегін жазыңыз. Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа таңбаны іліңіз.


    Ескерту:

    • ерітінді 30 минуттан кейін қолдануға дайын. Дұрыс сақталғанда 7-10 күн бойы пайдалануға жарамды. Ерітінді салқын, науқастын қолы жетпейтін қоңыр жерде саңылаусыз жабылған ыдыста сакталады;

    • негізгі гипохлорит кальций ерітіндісін даярлағанда құрғақ заттың құрамындағы белсенді хлордың пайызын есептеу қажет.


    Гипохлорит кальцийдің жұмысшы ерітінділерін даярлау


    Жұмысшы ерітінділердегі гипохлорит кальцийдің қоюлық дәрежесі (%)

    Жұмысшы ерітінділерді даярлауға қажет компоненттердің мөлшері

    10 л-ге

    1 л-ге

    Негізгі 5% ерітінді (л)

    Судың мөлшері (л)

    Негізгі 5% ерітінді (мл)

    Судың мөлшері (мл)

    0,25

    0,5

    9,5

    50

    950

    0,5

    1

    9,0

    100

    900

    1

    2

    8,0

    200

    800

    1,5

    3

    7,0

    300

    700



    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту кезеңдері

    (ҚР ДСМ № 533 бұйрығы 23.07.2010ж.)

    Медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту – зарарсыздандыру, залалсыздандыру алдындағы тазарту және залалсыздандыру жолы арқылы жүзеге асырылады.

    Зарарсыздандыру патогенді және шартты патогенді микроорганизмдерді жою үшін жүргізіледі. Жара беттеріне жанаспаған, терінің және шырышты қабықтың бетін бұзбаған, қан қүюға қолданбаған және инъекциялық дәрілерді пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілмеген медицинада тағайындалған бұйымдар тек қана зарарсыздандырылады. Кейіннен олар ағынды құбыр суында жуылады және таза зарарсыздандырылған жабылатын ыдыстарда белгіге сәйкес сақталады.

    Жара беттеріне жанасқан, медициналық манипуляция процесінде терінің және шырышты қабық бетін бұзған, қан қүюда қолданылатын және инъекциялық препараттарды пайдалану процесінде адам организмінің қуыстарына енгізілген медицинада тағайындалған бұйымдар басында зарарсыздандырылады, сосын ағынды құбыр суы астында жуылады, содан кейін залалсызсыздандыру алдындағы тазартудан, залалсыздандырудан өткізіледі.

    Залалсыздандыру алдында барлық бұйымдар ақуыз, май мен механикалық ластарды, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді жою мақсатымен залалсыздандыру алдындағы тазарту өткізіледі.

    Залалсыздандыру – бұл әдіс залалсыздандырған материалдардағы патогенді және шартты патогенді микроорганизмдердің вегетативті және ұрықты түрлерін жоюды қамтамасыз етеді. Жара бетіне, қанмен немесе инъекциялық дәрілермен жанасатын барлық бұйымдар және бөлек диагностикалық аппаратуралар түрлері, медициналық құралдар, пайдалану процессінде шырышты қабықпен жанасып және оның зақымдануын болдыратын бұйымдарға залалсыздандыру жүргізіледі.

    Сонымен медицинада тағайындалған бұйымдарды тазарту 3 кезеңге бөлінеді:

    1 кезең – зарарсыздандыру,

    2 кезең – залалсыздандыру алдындағы тазарту,

    3 кезең – залалсыздандыру.

    I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру

    Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    • арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;

    • 2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;

    • ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;

    1-ші ыдыста

    • пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдардың каналынан 3 рет насос әдісімен зарарсыздандыру ерітіндісін өткізіңіз;

    2-ші ыдыста

    • медицинада тағайындалған құралдардың ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;

    • оларды бөлшектеген түрінде толығымен зарарсыздандыру ерітіндісіне 60 минутқа салыңыз;

    • ыдысты қакпақпен жабыңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты туралы биркіге (таңбаға) белгі жасаңыз;

    • зарарсыздандыру уақыты өткен соң зарарсыздандыру ерітіндісінен медицинада тағайындалған құралдарды шығарыңыз;

    • № 2-ыдыстағы медицинада тағайындалған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісінде 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа (ыдысқа) салыңыз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды жылы ағынды су астында 0,5 минут бойы жуыңыз;

    • қолғапты шешіңіз, оны қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз;

    • медицинада тағайындалған құралдарды әрі қарай өңдеу үшін орталық залалсыздандыру бөліміне жіберіңіз;

    IІ кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізу

    Залалсыздандыру алдындағы тазалықты орталық залалсыздандыру бөлімінде жүргізіледі.

    Мақсаты: органикалық ақуыздың, майлық және механикалық ластануды, дәрілердің қалдығын алып тастау; медицинада тағайындалған құралдарды залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізу сапасына кешенді бақылауды жүргізу.

    Дайындаңыз: халатты, дем пердесін, қолғапты, жуушы ерітіндісі бар ыдысты, сағатты, ершті немесе дәке тампондарын, лотоктарды тазартылған суы бар ыдысты, медицина тағайындаған құралдарды, жұмысшы азопирам ерітіндісін, тамызғышты, мақта дәке, мақта тампондарын, жуушы затты «Лотос», «Айна», 27,5% су тегі асқын тотығын.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Халатты, дем пердесін, қолғапты киіңіз.

    2. Жуушы ерітіндіні 20-250С ысытыңыз, жуушы ерітіндінің құрамы.


    ЖУУШЫ ЕРТІНДІНІҢ ҚҰРАМЫ

    компоненттің аттары

    ертіндіні даярла-уға арналған компоненттердің мөлшері

    қолданылуы

    • жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    қолмен тазартқанда қолданылады

    • ауыз суы (см3)

    1 л

    • сутегі асқын тотығы ерітіндісі 27,5%

    17 мл

    механикаланды-рылған және қолмен тазартқанда (сыр-ғып ағу әдісімен, ерштеу үльтра-звукті пайдалану)

    • -жуушы зат (Айна, лотос)

    5 гр

    • -ауыз суы (см3)

    1 л




    1. Медицинада тағайындалған құралдарды бөлшектеген түрінде жуушы ерітіндіге 15 минутқа салыңыз, ерітіндіні алдын-ала құралдардың қуысынан өткізіп, қақпағын жабыңыз.

    2. Әрбір затты 0,5 минут бойы жуушы ерітіндіде ершпен (дәке тампонымен) тазартыңыз (құралдардың каналынан жуушы ерітіндіні өткізіңіз).

    3. Медицинада тағайындалған құралдарды лотокқа салыңыз.

    4. Құралдардың қуысынан каналынан суды өткізе отырып, әрбір құралды 10 минут бойы ағынды судың астында жуыңыз.

    5. Азопирам байқауымен залалсыздандыру алдындағы тазалықтын сапасына бақылауды жүргізіңіз.

    6. Азопирам реактивінен жұмысшы ерітіндіні даярлаңыз (жұмысшы реактивтін пайдалану мерзімі даярлағаннан кейін 2 сағат).

    7. Жұмысшы реактивті тамызғышпен медицинада тағайындалған құралдарға тамызыңыз (корпусына және қуысына, биологиялық сұйықтықпен жанасқан жерлеріне).

    8. Медицинада тағайындалған құралдарды мақтаның немесе сүрткінін үстінен ұстаңыз, аққан реактивтің түсін бақылай отыра.

    9. Азопирам байқауының нәтижесін бағалаңыз.


    АЗОПИРАМ БАЙҚАУЫ
    Байқау оң болған жағдайда реактивтің түсі өзгереді

    көк-күлгін түске

    егерде заттарда жасырынды қан қалса

    күрең-қоңыр түске

    егерде заттарда хлоры бар қышқылдар, тот қалса

    қызғылт түске

    егерде заттарда жуушы зат қалдығы қалсы

    Реакция оң болады, егерде бояну болса (1 минуттан кейін)


    • бояну, кештетіп болатын болса, онда ол есептелмейді (1 минуттан көп);

    • қаңға реакция оң болса онда тазартылған барлық топ заттар қайтадан өндеуге жатады, жуушы ерітіндіге малынған кезеңінен бастап;

    • синтетикалық жуушы заттарға, зарарсыздандыру заттарына реакция оң болса, онда барлық топтағы тазартылған заттар қайтадан тазартылады, ағынды суда шайқау кезеңінен бастап;

    • байқау теріс (кері) болса, реактивтің түсы өзгермейді.




    1. Қолданған байқауға арналған құралдарға шайқау мен залалсыздандыру алдындағы тазалықтан өткізуді жүргізіңіз.

    2. Медицинада тағайындалған құралдарды тазартылған суда 0,5 минут бойы жуыңыз.

    3. Ыстық ауа шкафында t-850С ылғалы толық кеткенге дейін медицинада тағайындалған құралдарды кептіріңіз.


    III кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды залалсыздандыру

    Мақсаты: науқастарға аурухана ішкілік және кәсіптік қызметкерлерге жұқпа жұқтыруды алдын-алу, медицинада тағайындалған құралдарда барлық микроорганизмдерді және оның ұрықтарын жою.

    Бұйымдардың материалына байланысты, залалсыздандырудың әдісі мен тәртібі таңдалады.


    1. Тордағы немесе ораудағы құрғақ бұйымдарды, тиеу нормасына сәйкес стерилизаторға орналастырыңыз.

    2. Залалсыздандыруға химиялық бақылауды жүргізіңіз. Залалсыздандыру индикаторын бу стерилизаторындағы нүктелерге конверт әдісімен, ауа стерилизаторында қабаттастырып 3 нүктеге орналастырыңыз.

    3. Залалсыздандырудың әрбір түрін сәйкесті режимде ұстаңыз.


    Автоклавта – t-1200С, +20С, 0,1 атм 15 минут; t-1320С, -20С, 2 атм 20 минут

    Ыстық ауа шкафында t-1600С, 150 минут, t-1800С 60 минут


    1. Залалсыздандыру тәртібін бақылаңыз. Термиялық залалсыздандыру біткеннен соң, оның индикаторын эталонына сәйкес тексеріңіз.

    2. Залалсыздандырылған бұйымдарды залалды зонаға түсіріңіз.

    3. Химиялық залалсыздандыруда медициналық бұйымдарды стерилиянттары бар ыдысқа орналастырып, қақпағын тығыз жабыңыз. Химиялық залалсыздандыру біткен соң бұйымдарды тазартылған сумен жуып, қолданады немесе асептикалық жағдайда кейін сақтауға орауға ораңыз.

    4. Стерилизаторлардың жұмысын есептейтін журналды толтырыңыз.



    Таңғыш материалдарды залалсыздандыру қорабына (бикске) салу
    Мақсаты: автоклавта залалсыздандыру үшін салу және регламенттеу уақыты бойынша сақтау процесінде залалдықты сақтау.

    Дайындаңыз: зарарсыздандыру ерітіндісін, «бикстерге арналған» таңбалы шүберекті 2 дана, шүберектерді, зарарсыздандыруға арналған ыдыстарды, қолғапты, дем пердесін, бикстің ішкі бетіне төсеуге арналған салфетканы (үлкен бязден жасалған), дәкелік қаптардағы таңғыш материалдарды (сүрткілерді турундаларды, мақта шариктерін және т.б.). Әрбір бикске 3 данадан залалдық индикаторын, бөлімшесі (кабинеті) көрсетілген бирканы, бикстің ішіндегі заттарды, салу және залалсыздандыру күнін және бос колонканы мейірбикелердің қолын қою үшін, салуды жүргізуші және залалсыздандыруға жауапты, фильтрі бар немесе фильтрсіз залалсыздандыратын қораптарды әртүрлі ыдыстар мен түрлерді.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


    написать администратору сайта