Главная страница
Навигация по странице:

  • Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері

  • Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Енгізілетін жері

  • Іс-әрекет алгоритмі

  • Тері астына инъекцияны орындау

  • Енгізілетін жерлері

  • Инсулинді енгізу

  • Бұлшық етке инъекцияны орындау

  • Көк тамырға иньекцияны орындау

  • Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница11 из 20
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

    Ескерту: антибиотиктерді езгенде № 1,2,3,4,5 пунктерді қараңыз.


    1. Антибиотикті 1 мл 100.000 ЕД есебінен ерткішті шприцке сорып алыңыз. (антибиотиктерді еріту ережесін қараңыз).

    2. Сол қолға құрғақ антибиотикті флаконымен, ал оң қолға шприцті ерткішпен алыңыз.

    3. Шприцті 900 бұрышпен ұстай отыра, флаконнын ортасындағы тығынды тесіңіз. Шприцтегі ерітіндіні флаконға енгізіңіз.

    4. Флаконды инесімен бірге шприцтен алып тастаңыз, инесіне жанастырмай флаконды бірнеше рет сілкіңіз, антибиотик толық ергенше.

    5. Қайтадан шприцті инеге жалғастырып, антибиоткті тағайындалған дозада сорып алыңыз.

    6. Шприцті инесімен флаконнан алыңыз, инъекцияға инені ауыстырып, ауаны шығара отырып, иненің өткізгіштігін тексеріңіз, қорғаныш қақпағын шешпей, инеден 1-2 тамшы ерітінді бөлінуі керек.

    7. Дайындалған шприцті және спирттелген шариктерін ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    8. Антибиотиктің флаконын, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    9. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Антибиотиктерді есептеу және еріту ережелері
    Антибиотиктер кристалды ұнтақ түрінде арнайы флакондарда шығарылды. Оларды қолданар алдында 0,9% залалсыздандырылған изотоникалық натрий хлорид ерітіндісінде, екі рет тазартылған (дистелденген) суда немесе 0,5% және 0,25% новокаин ерітіндісінмен ерітеді.

    Залалсыздандырылған шприцке антибиотиктің дозасына байланысты ерітіндіні сорып алады. Ол мыңдық бірлікке мөлшерленеді (ЕД). Пенициллин ерітіндісін жылытуға болмайды. Ерітінділерді даярлап болған соң тез қолданады.

    Науқасқа тағайындалған антибиотик дозасын енгізу үшін, мейірбике антибиотигі бар флаконды алуы қажет, оған ерітіндінің қажетті дозасын енгізіді, сосын ерітілген антибиотиктің тағайындалған дозасын шприцке сорып алып, науқасқа енгізеді. Антибиотикті қолдану нұсқауында осы антибиотикті еріту ережесі әдеттегідей көрсетіледі.

    Антибиотиктің классикалық ерітіндісін қолданылады: 1мл – 100.000 ЕД және 1мл – 200.000 ЕД.

    1. Флаконға енгізуге қажетті ерітіндінің мөлшерін анықтау үшін, флакондағы дозаны еріту дозасына бөлу қажет:

    • 500.000 ЕД : 100.000ЕД = 5 мл (классикалық еріту кезінде);

    • 500.000 ЕД : 200.000ЕД = 2,5 мл (1 мл – 200.000ЕД еріту кезінде).

    1. Әрбір науқасқа мейірбике енгізуге қажет, ерітілген антибиотик мөлшерін анықтау үшін, тағайындалған дозаны ерітуге бөлуі қажет.

    • 1 мл – 100.000 ЕД еріту кезінде

    науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

    ол 500.000 ЕД : 100.000 ЕД = 5 мл сәйкес келеді;

    • 1 мл 200.000 ЕД еріту кезінде

    науқасқа 500.000 ЕД антбиотик енгізуге тағайындалған,

    ол 500.000 ЕД : 200.000 ЕД = 2,5 мл сәйкес келеді.

    Тері ішіне инъекцияны ОРЫНДАУ
    Мақсаты: диагностикалық.

    Қолдану көрсетілімдері: туберкулезге (Манту. Пирке байқауы), бруцеллезге зерттеу үшін, антибиотиктерге аллергиялық реакцияны анықтау үшін, сыртқы жансыздандыруды жүргізу үшін, аллергиялық байқауларды жүргізу үшін.

    Қарсы көрсетілімдері: инъекция жасайтын жердің тері асты-май клеткаларының ісінуі, инъекция жасайтын жердегі тері аурулары.

    Асқынулар: инфильтрат.

    Енгізілетін жері: білектің ішкі беті, ортаңғы бөлігі.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1 мл шприцті, ұзындығы 15 мм инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндісін, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз. Оны жүргізуге келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазарту жүргізіңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Бір рет қолданылатын орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

    4. Қажетті мөлшерде дәрілік ерітіндіні (0,2-0,3 мл) шприцке сорып алыңыз, инеден қалпағын алмай, ауаны шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    5. Науқасты отырғызыңыз немесе жатқызыңыз, колды білектің ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

    6. Инъекция жасайтын жерді спирттелген екі мақта шариктерімен тізбектілікпен бір бағытта тазартыңыз: алдымен үлкен көлемді, сосын тікелей иньекция жасайтын жерді (контейнерге мақта шариктерін салыңыз). Спирттің толық кебуін күтіңіз.

    7. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың II саусағымен – иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцтің поршенін, ІІІ, IV, I саусақтармен – цилиндрдің қыр жағынан ұстаңыз.

    8. Сол қолдың саусактарымен инъекция жасайтын жердің терісін төмен қарай тартыңыз.

    9. Иненің қиығын (кескен жер қимасын) жоғары қаратып, тері бетіне (50С бұрышпен) қатарластыра ине қиығының терендігіне (ине тек қана терінің мүйізді қабатына еніп, терінің қалыңдығынан көрінеді) енгізіңіз. Оң қолдың сұқ саусағымен иненің қалпын бекітіп, сәл иненің канюлясынан басыңыз.

    10. ІІІприцті бір қолдан екінші колға ауыстырмай, сол қолдың ІІ, ІІІ саусактарымен цилиндрдің жиегінен ұстап. I саусақпен поршенді басып, 0,1-0,2 мл дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    11. Дәрілік ерітіндіні дұрыс енгізгенде, инъекция жасаған жерде диаметрі 2-4 мл дей кішкентай бұршақ көлеміндей ақшыл шамалы биіктік пайда болады («лимон» қабығындай).

    12. Инені канюлясынан ұстап отырып жылдам қозғалыспен шығарыңыз (спирттелген мақта шаригін тері үстіне баспаңыз).

    13. Шприцті контейнерге ( қалдықтарға арналған ыдысқа) салыңыз.

    14. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

    15. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    16. Белгілі бір уақытта инъекция жасаған жерге су тимеу керек екенің науқасқа түсіндіріңіз.


    Тері астына инъекцияны орындау
    Мақсаты: емдік – тері асты майлы тіндерге дәрілік ерітіндіні енгізу, жергілікті жансыздандыру.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Қарсы көрсетілімдері: дәрігерлерге аллергиялық реакцияның болуы, инъекция жасайтын жерде кез келген терінің және тері асты майлы тіндердің зақымдануы.

    Асқынулар: жергілікті қабыну процесі (инфильтрат), дәріні қателесіп енгізу, вирустік гепатит, АҚТҚ, аллергиялық реакция, анафилактикалық шок, сепсис.

    Енгізілетін жерлері: иықтың жоғары бөлігі сыртқы беті, санның ортанғы бөлігі алдыңғы беті, іш перделік беттің алды, жауырын асты.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сыйымдылығы 1-2 мл шприцті, ұзындығы 20 мл инені, мақта шариктерін, қолғапты, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті хабарлаңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартып,қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз.

    3. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, құрастырыңыз (стандартты қараңыз).

    4. Шприцке дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қараңыз).

    5. Науқасты отырғыңыз немесе жатқызыңыз.

    6. Спирттелген екі мақта шаригімен инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз: ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекция жасайтын жерді. (мақта шариктерді контейнерге салыңыз).

    7. Сол қолдың ІV-V саусақ арасына спирттелген үшінші мақта шаригін салыңыз.

    8. Оң қолға шприцті алыңыз: оң қолдың ІІ саусағымен иненің канюлясынан, V саусақпен – шприцттің поршенін, ІІІ, ІV, І саусақтармен цилиндрдің төменінен ұстаңыз.

    9. Инъекция жасайтын жердің терісін сол қолдың І және ІІ саусақтармен үшкілдің негізі төмен қараған үш бұрышты түрдегі қыртысты жинаңыз.

    10. Тері қыртысының негізіне инені 450С бұрышпен ұстап, иненің ұзындығын 2/3 тереңдікке енгізіңіз, сұқ қол саусағымен иненің канюлясынан ұстаңыз.

    11. Сол қолды поршенге ауыстырып (бір қолдан екінші қолға шприцті ауыстырмаңыз), І және ІІ саусақтармен цилиндрдің жиегін қамтып алып, саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    13. Иненің канюлясынан ұстап отырып, инені жылдам қимылмен шығарыңыз.

    14. Теріден мақта шаригін алмай, дәрі жіберілген жерді жеңіл уқалаңыз.

    15. Шприцтті, мақта шариктерін және қолқапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    17. Науқастың қал жағдайын сұраңыз.

    Инсулинді енгізу
    Мақсаты: қандағы глюкоза деңгейін төмендету үшін белгіленген уақытта инсулиннің дәл дозасын енгізу.

    Қолдануға көрсетілімдері: инсулинге тәуелді қант диабетін, кетоацидозды, команы емдеу.

    Қарсы көрсетілімдері: гипогликемиялық кома, инсулинге аллергиялық реакция болған жағдайда.

    Асқынулар: аллергиялық реакция, майлы дистрофия, ісіктер.

    Енгізілетін жерлері: иықтың және жамбастың сыртқы беттері, жауырын асты аймағы, іш пердесінің алдынғы беті.

    Дайындаңыз: флакондағы инсулин ерітіндісін, 700 спиртті, залалсыздандырылған: лотокті, пинцетті, мақта шариктерін, бір рет қолданылатын инсулин шприцін, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз және оны жүргізуге оның келісімін алыңыз;

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Флаконның жазуын оқыңыз: аты, дозасы, сақталу мерзімі. Ем тағайындайтын парақпен салыстырыңыз.

    4. Флакондағы инсулиннің сапасына қарап бақылау жүргізіңіз. Дәрінің қоюлығына көңіл аударыңыз, 1 мл инсулиннің ЕД санына. Инсулин мен шприцтін белгілерін көңіл қойып оқыңыз. Қоюлық негізіне қарап, шприцтің бір бөлігінде қанша бірлік инсулин бар екенін есептеңіз.

    5. Ұзақ уақытқа әсер ететін инсулин флаконын 3-5 минуттай екі алақан арасында ысқылаңыз. Ерітінді бір қалыпты лайлы болуы керек (сілкуге болмайды). Қысқа уақытқа әсер ететін инсулин мөлдір, оны араластырудың қажеті жоқ.

    6. Флакондағы инсулинді су моншасына температурасына 36-370С дейін жылытыңыз.

    7. Ораудағы инсулин шприцті алыңыз. Олардың сақталу мерзімін және саңылаусыздығын тексеріңіз. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз.

    8. Флаконның металды қақпағын пинцетпен ашыңыз.

    9. Флаконның резеңке тығынын спирттелген мақта шаригімен екі рет тазартыңыз. Флаконды шетке қарай қойыңыз, спирт кепкенше күтіңіз.

    10. Инсулин шприцін қолға алыңыз, шприцтің поршенін тартыңыз, қанша бірлік инсулин сорып алу қажеттілігін. Шприцке ауа сорып алыңыз. Ауаның мөлшері, енгізілетін инсулиннің дозасына тең келуі тиіс.

    11. Шприцке сорып алынған ауаны флакондағы инсулинге енгізіңіз.

    12. Науқасты жатуын немесе отыруын сұраңыз.

    13. Инъекция жасайтын жерді реттілігімен спирттелген екі мақта шариктерімен тазартыңыз, ең алғаш үлкен көлемді, сосын тура инъекцияның орнын. Терісі кебуі керек.

    14. Шприцтен қалпақты алыңыз, оны енгізер алдында ауаны шығарыңыз және инсулиннің мөлшерін қажетті дозаға жеткізіңіз.

    15. Шприцті оң қолыңызға алыңыз.

    16. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен терінің тазартылған учаскесін негізі төмен қараған үш бұрышты қыртысының жағын жиыстырыңыз.

    17. Тері асты майлы қабатын ортасына 30-450 бұрышпен иненін ұзындығына үш бұрыш қыртысын негізіне, иненің қиығын жоғары қаратып ұстап инені жылдам жылдам қозғалыспен енгізіңіз.

    18. Сол қолды босатып, қыртысты жіберіңіз.

    19. Инсулинді жаймен еңгізіңіз, ине қан тамырларына түспегенін тексертіңіз.

    20. Жылдам қозғалыспен инені шығарып, құрғақ залалсыздандырылған мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    21. Науқасты тамақтандырыңыз.

    22. Қолғапты шешіңіз.

    23. Қолданылған шприцті, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    24. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Бұлшық етке инъекцияны орындау

    Мақсаты: бұлшық ет ұлпаларына дәрілік ерітіндіні енгізу.

    Қолданылу көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Қарсы көрсетілімдері: бұлшық ет ұлпаларының атрофиясы, инъекция жасаған жерде терінің және тері асты майлы клетчаткаларының зақымдануы, дәрілік ерітіндіге аллергиялық реакциялар.

    Енгізілетін жерлері: бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігіне, санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне.

    Асқынулар: иненің сынуы, жүйке бағанасынын зақымдануы, ауа және май эмболиясы(тамырдың бітелуі), абсцесс (іріңді ісік), инфильтрат (қатайған тін бөлігі), вирустік гепатит АИТВ, аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, көлемі 5-10 мл бір рет пайдалынатын шприцті, инъекцияға арналған иненін ұзындығы 40-60 мм, қолғаптарды, дәрігер тағайындаған дәрілік ерітіндіні, лотокті, 70 спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Дәрілік препаратты қолдану бойынша нұсқаумен танысыңыз.

    2. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оған енгізілетін дәрілік ерітінді туралы мәліметті беріңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуға көмектесіңіз:

    • бөксеге енгізгенде – ішімен немесе қырымен жатқызыңыз;

    • санға енгізгенде – арқасына жатқызып, аздап қана аяғын тізе буыннан бүгіңіз немесе отырғызыңыз;

    • иыққа енгізгенде – жатқызыңыз немесе отырғызыңыз.

    1. Инъекция жасайтын жерді киімінен босатыңыз.

    2. Инъекция жасайтын жерді анықтаңыз (бөксенін жоғарғы-сыртқы бөлігі).

    3. Инъекция жасайтын жерді саусақпен басып тексеріңіз түйін және тығыздалу болмау керек.

    4. Гигиеналық деңгейде қолды жуып, қолыңызды спирттелген мақта шариктерімен тазартып, қолғапты киіңіз.

    5. Шприцті құрастырыңыз(стандартты қара).

    6. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні шприцке сорып алыңыз: шприцті бір рет қолданылатын ораудын ішіне салыңыз. (стандартты қара).

    7. Спирттелген екі мақта шариктерімен инъекция жасайтын жерді тізбектілікпен тазартыңыз: ең үлкен аймақты, сосын тұп-тура инъекция жасайтын жерді. Спирттелген үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақ арасына салыңыз.

    8. Оң қолға шприцті алыңыз: V саусақты иненін канюласына; II саусақпен шприцтін поршенін ұстаңыз; I, III, IV саусақтарды цилиндрге қойыңыз (поршеннің сабы бос болуы керек).

    9. Сол қолдың I және II саусақтарымен инъекция жасайтын жердің терісін керіңіз және бекітіңіз.

    10. Бөксенің жоғарғы сыртқы бөлігіне инені енгізіңіз (шприцті теріге тік 900 бұрышпен ұстап), терінің үстінен иненің ұзындығын 0,5 см кем қалдырмаңыз.

    11. Сол қолды поршенге көшіріп, II және III саусақтармен шприцтің цилиндірінің жиегінен ұстап, I саусақпен поршенді басып, дәрілік ерітіндіні енгізіңіз.

    12. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге қойыңыз.

    13. Оң қолмен инені жылдам қимыл-қозғалыспен шығарып алыңыз.

    14. Теріден мақтаны алмай тұрып, инъекция жасаған жерге жеңіл ұқалауды жасаңыз.

    15. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Ескерту:

    • санның алдыңғы қыр беті ортанғы бөлігіне, иықтың сыртқы беті жоғарғы үштің бір бөлігіне бұлшық етке инъекция жасағанда шприцті тері астына инъекция жасағандай ұстайды инені 450 бұрышпен енгізеді;

    • майлы ерітінділерді, суспензияларды, басқа да дәрілік ерітінділерді енгізер алдында қан тамырларға иненін түспегеніне көзіңізді жеткізіңіз сәл поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, егерде шприцте қан көрінсе (тамыр жарақаттанған), онда иненін қалпын өзгертіңіз, оны жоғары және шетке жылжытып тағы да ине қайда екенін тексеріңіз. Ине тамырда еместігіне көзіңіз жеткеннен кейін, дәрілік затты бұлшық етке енгізіңіз. Егер де шприцте тағы да қан көрінсешприцті шығарып алыңыз және инъекцияны қайталаңыз, инені ауыстырып және басқа жағына енгізіңіз;

    • инъекция жасаған жерде инфильтрат пайда болмау үшін жылтқышты қойып, йодтан тор жасаңыз;

    • майлы ерітінділерді енгізер алдында, су моншасында t-37-380С жылытыңыз.

    Көк тамырға иньекцияны орындау
    Мақсаты: емдік-дәрілік ерітіндіні қанға ағым екпінімен енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы.

    Қарсы көрсетілімдері: дәрілік затқа аллергиялық реакция, болжаған инъекция жасайтын жердің терісінің және тері шелмайының закымдануы, тесетін көк тамырдың қабынуы (флебит).

    Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісінің, білектің, қолдың беткейлік, аяқтың сыртқы беткейлік, бастың (балаларға) беткейлік веналары.

    Асқынулар: гематома (қан ісік), некроз (өлі еттену), флебит (көк тамырдың қабынуы), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), дәрлік затты қате енгізу, дәрілік және ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), аллергиялық реакциялар, анафилактикалық шок.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын 10-20 мл шприцті (иненің ұзындығы 4 мм),лотокті, салфеткаларды, мақта шариктерін, 70% этил спиртін, ампуладағы дәрілік ерітіндіні, резеңке қолғапты, клеенкалы валикті, резеңке бұрауды, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, шокқа қарсы арналған жиынтықты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Наукасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алып, дәрілік ерітінді туралы қажетті мәліметті беріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, спирттелген мақта шариктерімен өндеңіз, демперде мен қолғапты киіңіз.

    3. Орауды ашып, шприцті құрастырыңыз (стандартты қара).

    4. Ампуланы ашар алдында, ондағы дәрілік ерітіндінің атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түрін караңыз (дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз).

    5. Ампуладан дәрілік ерітіндіні сорып алыңыз (стандартты қара).

    6. Дәрілік ерітіндіні сорып алуға арналған инені алып, контейнерге салыңыз.

    7. Көк тамырға инъекция жасауға арналған инені кигізіп, инеден қалпақты алмай тұрып ауасын шығарыңыз.

    8. Шприцті бір рет қолданатын шприцтің орауының ішкі бетіне салыңыз.

    9. Науқасты отырғызыңыз немесе кушеткаға жатқызыңыз.

    10. Наукастың шынтақ астына клеенкалы валикті (жастықшаны) орналастырыңыз (шынтақ буынында қолды максимальды жазу үшін).

    11. Резеңке бұрауды иықтың ортаңғы (үштің бір) бөлігіне салфетканың немесе ішкі киімінің үстінен байлаңыз.

    12. Бұрауды былай байлаңыз: оның бос ұштары жоғарыға бағытталған болады, ал ілгегі төмен, қаржілік артериясында тамыр соғуы өзгермеуі керек.

    13. Науқастың жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұрап, сосын оның қысуын (қанды көк тамырға қарай айдау үшін).

    14. Науқастың білегін қол ұшынан, шынтақ бүгілісіне қарай бағыттап уқалаңыз, колдың ұшымен сәл ғана шапалакпен шынтақ шұңқыры аймағын ұрыңыз (көк тамырдың толуын күшейту үшін).

    15. Көк тамырды зерттеңіз. Қолмен сипалап, ең көп толған көк тамырды табыңыз.

    16. Шынтақтың бүгілген жерінің ішкі бетінің терісін спирттелген мақта шаригімен екі рет тазалаңыз (мақта шариктерін контейнерге тастаңыз), үшінші мақта шаригін сол қолдың IV және V саусақтар арасына салыңыз.

    17. Оң колға шприцті алып: II саусақпен – иненің канюлясынан ұстап V саусақ – шприцтің поршенінде, III, IV, І – саусақтармен цилиндрді ұстаңыз.

    18. Шприцте ауаның жоқтығын тексеріңіз.

    19. Сол қолдың үлкен саусағымен шынтақтың бүгілген жері аймағының терісін біраз қозғалтып, шетіне қарай тартыңыз, көк тамырды бекітуге және қолдағы шприцтің қалпын ауыстырмай отыра, иненің қиығын жоғары қаратып, көк тамырға қатарластыра ұстап, көк тамырды тесіңіз, сосын абайлап иненің үштен бір ұзындығын көк тамырға енгізіңіз, «қуысқа» түскенін сезгенше.

    20. Поршенді өзіңізге қарай тартқанда шприцте қан көрінуі керек, иненің көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    21. Сол қолмен бұраудың бір бос шетін тартып шешіңіз, науқастан жұдырықты ашуын сұраңыз.

    22. Ине көк тамырда екеніне қайтадан көзіңізді жеткізіңіз.

    23. Шприцтің қалпын өзгертпей отыра, сол қолдың бірінші саусағымен поршенді басып, жаймен дәрілік ерітіндіні көк тамырға енгізіңіз. Шприцтің поршенін апармай.

    24. Залалсыздандырылған, спирттелген мақта шаригін тесілген жерге басыңыз, инені шығарыңыз.

    25. Тесілген жерді спирттелген мақта шаригімен 3-5 минуттай басып, науқастың шынтақ бүгілісінен қолын бүгуін сұраңыз.

    26. Мақта шаригін контейнерге салыңыз.

    27. Шприцті инесімен, қолғапты арнайы контейнерге салыңыз.

    28. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.



    Сұйықтықты көк тамырға тамшылатып құю үшін

    бір рет қолданылатын жүйені қҰрастыру
    1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


    написать администратору сайта