ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
Скачать 410.86 Kb.
|
Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю). Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сұйықтықты тамшылатып енгізуге арналған бір рет қолданылатын жүйені, флакондағы дәрілік ерітіндіні, мақта шариктерін, қолғапты, дем пердесін, халатты, қайшыны, зарарсыздандыру ерітіндісіндегі пинцетті, тамшылатуға арналған штативті (тіректі), 70% спиртті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен қолыңызды өңдеңіз, қолғапты киіңіз. Тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаңыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексеріңіз). Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен алыңыз. Спирттелген мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартыңыз. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашыңыз, ораудан жүйені шығарыңыз. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабыңыз. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгізіңіз. Тамызғыштың ауа кіргізгішін ашыңыз (егерде ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгізіңіз). Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, тірекке бекітіңіз. Тамызғышты ақырын қысып, жартылай көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырыңыз. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырыңыз. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигізіңіз. Жүйеде ауа көпіршігінің жоқтығын тексеріңіз. Сұйықтықтарды көк тамырға тамшылатып енгізуді орындау Мақсаты: көк тамырға тамшылатып құю, көп мөлшердегі сұйықтықты ақырын тамшылатып енгізу (тәулігіне бірнеше литрға дейін, қанды, қан препараттарын және қан ауыстырғыш ерітінділерді құю). Қолдану көрсетілімдері: айналымда жүрген қанның алмасуын қайта қалпына келтіру, парентеральді тамақтандыру, улануды жою. Енгізілетін жерлері: шынтақ бүгілісіндегі ішіндегі беткі көк тамыр, білектің, қолдың, аяқтың көк тамырлары. Асқынулар: сепсис (микробтардың қанға тарап кетуі), ауалы эмболия (қан тамырдың эмболиямен тығындалуы), гематома (қан ісік), тромбофлебит (көк тамырдың тромбозы және қабынуы), флебит (көк тамырдың қабынуы), АҚТҚ, гепатит (бауырдың қабынуы), анафилактикалық шок, инфильтрат (қатайған тін бөлігі). Дайындаңыз: залалсыздандырылған: бір рет қолданылатын жүйені, мақта шариктерін, салфеткаларды, екі кішкене ұзындығы 4-5 см жіңішке лейкопластырьды, клеенкалы жастықшаны, резеңке бұрауды, штативті, дәрілік ерітіндісі бар флаконды, лотокты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа жайлы жағдай алуға көмектесіңіз (емшара науқастың арқасымен жатқан қалпында жүргізіледі), қуықтын және ішекті босатуын ұсыныңыз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Қолыңызды спиртке ылғалдатылған мақта шариктерімен өңдеңіз, қолғапты киіңіз. Тағайындалған дәрілік ерітіндіні, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен тексеріңіз, флаконның атын, дозасын, қоюлығын, сақталу мерзімін оқыңыз, сыртқы түріне, бүтіндігіне көңіл аударыңыз. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз. Салфетка немесе ішкі киімнің үстіне иықтың ортаңғы 1/3 бөлігіне бұрауды байлаңыз. Көк тамырды тесетін жерін қараңыз. Тамыр соғуын тексеріңіз. Науқастан бірнеше рет жұдырығын қысуын және жазуын сұраңыз, бұл көк тамырдың қанмен жақсы толуы үшін, сосын жұдырығын қатты қысып тұруын сұраңыз. Көк тамырды саусақпен басып, сезіңіз. Қолға киген қолғапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеңіз. Көк тамырды тесетін жерін 2 рет мақта шариктерімен тазартыңыз, үшінші мақта шаригін сол қолдың 4-5 саусақ аралығына алыңыз. Жүйедегі инъекциялық иненің қалпағын алып, ерітіндіні тамшылатып жіберіңіз, көк тамырды сол қолдың үлкен саусағымен басыңыз. Тері астына инені 300 бұрышпен, теріге қатарластыра енгізіңіз. Оның бұрышын азайтыңыз. Инені көк тамыр боыймен итеріп, оның 1/3 ұзындығын көк тамырға енгізіңіз. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен инъекцияға арналған түйіндегі резеңке түтікті қысыңыз. Ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз; иненің канюлясы және жүйенің резеңке түтігі аралығындағы инъекциялық түйінде қан көрінеді. Сол қолмен бұрауды босатыңыз, науқастан жұдырығын жазуын сұраңыз. Ине тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз. Жүйенің қысқышын ашыңыз. Тамшының таму жылдамдылығын қысқышпен реттеңіз (минутына 50-60 тамшы). Бірнеше минуттай дәрілік ерітіндінің енуін бақылаңыз, қарап шығыныз, тері астына ертінді түспеу керек. Науқастың жағдайын бағалаңыз. Түтіктің бір бөлігін және инеге лейкопластырьды жапсырыңыз, көк тамырдың тесілген жерін салфеткамен жабыңыз. Енгізу жылдамдығы тұрақты болуын қадағалаңыз. Дәрілік ертіндіні құйып жатқан уақытта, науқастың көңіл-күйін және қал-жағдайын бақылаңыз. Емшара біткен соң жүйедегі қысқышты жабыңыз, көк тамырдан инені шығарып, спирттелген 3-ші мақта шаригін 2-3 минутке басыңыз. Науқастың қолын шынтақ буынында бірнеше минут бүгіңіз. Жүйе мен инені, қолданылған мақта шариктерін, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: қосымша дәрілік ертіндіні енгізу жүйедегі инъекцияға арналған түйін арқылы шприцпен жүргізіледі. Инъекция жасар алдында резеңке түтік спирттелген мақта шаригімен сүртіледі, тесетін жерден жоғарыда резеңке түтік қан тоқтататын қысқышпен қыстырылады; флакондарды ауыстыру тамызғыштын босамағанша жасалады. Ол үшін қысқышты жабады, жаңа флаконнын тығынына алдымен жүйенің қысқа шетіндегі инені енгізеді, сосын ұзын түтіктің инесін енгізеді; енгізіліп жатқан бүкіл жүйенің жұмысын қадағалаңыз; салфетка ертіндімен суланбаған ба? Енгізіліп жатқан аймақта инфильтрат немесе ісіну пайда болған жоқ па? Ертіндінің жүрісі тоқталған жоқ па? науқастың қал-жағдайын бақылаңыз, сұраңыз, дәріні енгізген жерінде ауырсынуды сезе ме? Егер де науқас ауырсынуды сезінсе немесе инъекция жасаған жерде ісікті көрсеңіз, онда қысқышты жабу және инені шығару қажет. ІХ. Пункциялар Науқасты және медициналық құрал-саймандарды плевра қуысын тесуге (торакоцентезге, плевроцентезге) дайындау Мақсаты: диагностикалық: плевра сұйықтығының құрамын зерттеу; емдік: плевра қуысынан сұйықтықты алу; плевра қуысына дәрі-дәрмектерді енгізу. Қолдану көрсетілімдері: жарақаттану гемоторакста (кеуде қуысына қанның құйылуы); спонтанды, қақпақты пневмоторокста (плевра қуысына ауаның жиналуы), тыныс алу жүйелері аурулары (крупозды пневмония, плевраның қабынуы, өкпе эмпиемасы (өкпе қуысында іріңнің қалуы), туберкулез, өкпе қатерлі ісігі (рак) және т.б.). Қарсы көрсетілімдері: өте жоғары қанағыштық, тері аурулары пиодермия (терінің іріңдеуі), белдеме теміреткісі, кеуде торының күюі, жедел жүрек жетіспеушілігі. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, дәке салфеткаларын, жаялықты, тері ішіне және тері астына инъекция жасауға арналған инені, плевра қуысын тесуге арналған (ұзындығы 10 см ине диаметрі 1-1,5мл) инелерді, 5, 10, 20, 50 мл шприцтерді, 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, қысқышты, клеолды, лейкопластырьді, кеуде торының 2 рентгенограммасын, плевра сұйықтығына арналған ыдысты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, зертханаға жолдаманы, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтықты, қолғапты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. Беліне дейін шешінген науқасты орындықтың арқа сүйенішіне бетімен қаратып отырғызыңыз, оны бір қолымен орындықтың арқа сүйенішіне таянуын, ал екінші қолын басына орнатуын (патологиялық үдеріс бар жағына) сұраңыз. Науқастың денесін сәл бір қырына бұруын сұраңыз, дәрігер тесуді жүргізетін қарама-қарсы жағына. Плевра қуысын тесуді тек қана дәрігер жүргізеді, мейірбике көмекші қызметін атқарады. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз. Болжамды тесетін жерді 5 йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісімен және қайтадан йодпен өңдеңіз. Қабырға аралық бұлшық етке, плевраға инфильтрациялық анестезия (тесілетін жердің аурғанын сезбеу) жүргізу үшін, шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз. VІІ-VІІІ қабырға аралығына астыңғы жатқан қабырғаның жоғарғы қырына тесуді жасайды, өйткені қабырғаның төменгі қырымен тамыр-жүйке будалары жүреді және қабырға аралық тамырлар зақымданады. Плевра қуысына пункциялық инені дәрігер енгізеді және ішіндегі сұйықтықты шприцке сорып алады. Шығатын сұйықтыққа арналған ыдысты қойыңыз. Зертханалық зерттеуге: залалсыздандырылған банкіге (пробиркаға) шприцтін ішіндегі сұйықтықты құйыңыз. Шприцке сорып алынған антибиотикті плевра қуысына енгізу үшін дәрігерге беріңіз. Инені алған соң тесілген жерді 5 спиртті йод ерітіндісімен өңдеңіз. Тесілген жерге залалсыздандырылған салфетканы салып, лейкопластырьмен немесе клеолмен желімдеңіз. Кеуде торына қатты керілген ақ жаймамен тануды жүргізіңіз, плевра қуысынан шыққан сұйықтықты баялау үшін және талықсудың дамуын ескерту. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуып, кептіріңіз. Пайдаланған бір рет қолданылатын шприцті, қолғапты, мақта шариктерін, салфеткаларды контейнерге, пункциялық инені зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. Науқастың көңіл-күйін, таңғыштың жағдайын қадағалап, тамыр соғуын есептеңіз, қан қысымын өлшеңіз. Науқасты ішімен каталкаға жатқызып, палатаға апарыңыз. Өткізілген манипуляциядан кейін науқас 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажеттілігі туралы науқасты ескертіп қойыңыз. Алынған биологиялық материалды зерттеуге зертханаға жолдамасымен жіберіңіз. Ескерту: плевра қуысынан бір уақытта 1 л-ден көп сұйықтық алса, талықсу дамуының қаупі бар; плевра сұйықтығын зертханаға апару кешіктірілуд күтпейді, ферменттер мен клеткалық элементтерді бұзбау үшін; ине плевра сұйықтығын қуысына түскенде бос кеңістікке «ойылған жерге» түскені сезіледі. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды ішті тесуге (лапароцентезге) даярлау Мақсаты: диагностикалық: асциттік сұйықтықты зертханалық зерттеу; емдік: іш шеменінде іш қуысына жиналған сұйықтықты алу. Қолдану көрсетілімдері: іш шемені іш қуысының қатерлі ісігі, созылмалы гепатит және бауыр циррозы, созылмалы жүрек-қан тамырлары жетіспеушілігі. Қарсы көрсетілімдері: қан қысымы өте төмендегенде, іш қуысындағы жабыспалық процесінде, іш қатты кепкенде. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: мақта шариктерін, қолғапты, троакарды, 5, 10, 20 мл шприцтерді, салфеткаларды, қақпағы бар банкіні 0,5 новокаин ерітіндісін, 5 йод ерітіндісін, 70 спиртті, шығарылған сұйықтықты құюға арналған ыдысты, шылапшынды, пробиркаларды, еңді ақ жайма немесе сүлгіні, лейкопластырьді, анафилактикалық шокта көмек көрсетуге арналған жиынтықты, ішінде зарарсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысты, зерттеуге жіберетін жолдаманы, таңғыш материалдарды, пинцетті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз. Зерттейтін күні таңертең науқасқа тазарту клизмасын «таза су» шыққанша жасаңыз. Тұп-тура манипуляцияны жүргізер алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз. Науқасты орындықтың арқа тірегіне арқасын сүйеп отыруын сұраңыз. Науқастың аяғын клеенкамен жабыңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз. Кіндік пен қасаға арасының терісін тазарту үшін, 5 спирттелген йод ерітіндісін, сосын 700С спирт ерітіндісін дәрігерге беріңіз. Жұмсақ ұлпаларға қабаттап инфильтрациялық жансыздандыруды жүргізу үшін, 0,5 новокаин ерітіндісі бар шприцті дәрігерге беріңіз. Іш қуысын тесу алдыңғы іш пердесі бетінің ортадағы сызығы бойынша кіндік пен қасаға арасында тең аралық қашықтықта осы нүктеден 2-3 см шетке қарай іш қуысына тесік жасалады. Дәрігер скальпельмен теріні кеседі, оң қолмен бұрғылау, қозғалыспен троактарды қалың іш пердесінің бетіне итеріп, енгізеді, сосын стилетті шығарады. Канюла бойынша қысыммен асциттік сұйықтық аға бастайды. Іш қуысынан сұйықтық ағу үшін, науқастың алдына ыдысты (шылапшынды немесе шелекті) қойыңыз. Залалсыздандырылған банкіге 20-50 мл сұйықтықты зертханалық зерттеуге алыңыз (бактериологиялық және цитологиялық). Науқастың ішінің астынан залалсыздандырылған ақ жайманы немесе кең орамалды өткізіп, оның шетін мейірбике ұстауы керек. Пункция жасаған жерден жоғары немесе төмен ақжайма немесе сүлгімен қамтып ішті таңып тастаңыз. Сұйықтық кете бастаған сайын іш пердесінің алдыңғы бетін мезгіл-мезгіл еңді сүлгімен немесе ақ жаймамен қысыңыз. Емшара біткеннен кейін канюланы шығарып, жараны терілік тігіспен тігіп, 5 йод ерітіндісімен өңдеп, асептикалық таңғышты салыңыз. Қолғапты шешіп, қолыңызды сабындап жуыңыз, кептіріңіз. Пайдаланған құрал-саймандарды ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолғапты, мақта шариктерін, шприцтерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Науқастың қан қысымын өлшеңіз, тамыр соғу санын есептеңіз. Палатаға науқасты каталкамен тасымалдаңыз. Манипуляциядан кейін 2 сағат бойы науқас төсек тәртібін сақтау керек (гемодинамикалық бұзылыстарды болдырмау үшін) екенін ескертіңіз. Алынған биологиялық материалды зертханалық зерттеуге жіберіңіз. Ескерту: манипуляцияны жүргізгенде қатал асептика ережелерін сақтаңыз; сұйықтықты жылдам алғанда талықсу және талу жағдайы дамуы мүмкін, ол іш қуысы және кеуде торы ішіндегі қысымның түсу салдарынан және айналымдағы қанның қайта бөлінуінен пайда болады. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды жұлын (люмбальды) ПУНКЦИЯСЫНА дайындау Мақсаты: диагностикалық (жұлын сұйықтығын зерттеу үшін) және емдік (антибиотиктерді және т.б. дәрілерді жұлынға енгізу үшін). Қолдану көрсетілімдері: менингиттер (мидың жұмсақ қабығының қабынуы). Дайындаңыз: залалсыздандырылған: шприцтерді (5 мл, 10 мл, 20 мл) инелермен, тесуге арналған инені мандренімен, пинцеттерді, салфеткаларды және мақта шариктерін, лотокты, қөректі ортасы бар пробиркаларды, қолғапты, манометриялық түтікті, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 0,5 новокаин ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз. Асептика ережесін қатал жағдайд сақтай отыра, тесуді дәрігер жасайды. Науқасты емшара кабинетіне немесе манипуляция жасайтын жерге апарыңыз. Науқасты оң жақ қырымен кушетканың шетіне қарай жақындатып, жастықсыз жатқызыңыз, басын алға кеудесіне қарай еңкейтіп, аяқтарын тізесінен барынша бүгіп, ішіне қарай тартыңыз (арқасы «доға» тәрізді майысу керек). Арқаға берілген қалыпты бекіту үшін, сол қолдың алақанын төмен қаратып науқастың қыр астына тығып жіберіп, оң қолмен науқастың аяқтарын ұстаңыз. Тесуді жасаған уақытта екінші көмекші науқастың басын ұстайды. Тесуді ІІІ және ІV бел омыртқалар арасына жасайды. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз. Тесетін жердің терісін, 5 йод ерітіндісімен, сонан кейін 70 спирт ерітіндісімен тазартыңыз. Жұмсақ тіндерге инфильтрациялық анестезия (жансыздандыру) жүргізу үшін шприцке 0,5 новокаин ерітіндісін сорып алып, дәрігерге беріңіз, сосын пункциялық инені мандренмен лотокқа салып беріңіз. Пробиркаға 10 мл мөлшердегі жұлын сұйықтығын алыңыз. Жолдама жазып, оны клиникалық лабораторияға апарыңыз. Бактериологиялық зерттеу үшін 2-5 мл жұлын сұйықтығын қөректі ортасы бар пробиркаға алыңыз. Жолдама жазып, биологиялық материалды бактериологиялық лабораторияға жіберіңіз. Жұлын сұйықтығы қысымын анықтау үшін манометриялық түтікті дәрігерге беріңіз. Пункциялық инені шығарып алған соң, тесілген жерді 5 спирттелген йод ерітіндісімен өңдеңіз. Залалсыздандырылған салфетканы тесілген жердің үстіне қойып, лейкопластырмен жабыстырыңыз. Науқасты ішімен жатқызып каталкамен палатаға апарыңыз. Науқасты жастықсыз кереуетке ішімен жатқан қалыпта 2 сағат бойы жатқызыңыз. Науқастың хал жағдайын бір тәулік бойы бақылаңыз. Қолғапты шешіңіз. Шприцтерді, мақта шариктерін, қолғаптарды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданған құралдарды зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Қолыңызды жуыңыз, кептіріңіз. Науқасты және медициналық құрал-саймандарды төс сүйек пункциясына дайындау |