Главная страница
Навигация по странице:

  • Қарсы көрсетілімдері

  • Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Клизмалар. Жел шығаратын түтік

  • Сифон клизмасын қою

  • Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату

  • Жел шығаратын түтікті қою

  • Ескерту

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница13 из 20
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

    Мақсаты: диагностикалық: қан ауруларынын диагнозын айқындау және диагнозды дұрыс қою үшін сүйек миын зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: қан өндіру жүйесінің аурулары.

    Қарсы көрсетілімдері: инфаркт миокардісі, бронхиалді астма ұстамасы, көлемді күйіктер, тері аурулары, тромбоцитопения (тромбоциттердің азаюы).

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: лотокті, 10-20 мл шприцтерді, Кассирский пункциялық инесін, таңғыш материалды, 8-10 дана заттық әйнектерді, мақта және дәке шариктерін, корнцангты, қолғапты, 70 спиртті, 5 спирттелген йод ерітіндісін, лейкопластырьді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа алда болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Дәрігер төс сүйегін тесуді емшара кабинетінде жүргізеді.

    3. Төс сүйегі ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде тесіледі.

    4. Мейірбике манипуляция жүргізгенде дәрігерге көмектеседі.

    5. Науқасты емшара кабинетіне шақырыңыз.

    6. Науқасты беліне дейін шешінуін сұраңыз. Науқасқа кушеткаға арқасымен көпшіксіз жатуына көмектесіңіз.

    7. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    8. Науқастың кеуде торының алдыңғы бетін, бұғанадан төс шеміршегі мен кіндік аймағына дейін 5 спирттелген йод ерітіндісінде суландырылған мақта шаригімен, сосын 70 спиртке ылғалдатылған мақта шаригімен 2 рет тазартыңыз.

    9. Жұмсақ тіндерге қабаттық инфильтрациялық анестезияны (жансыздандыру) 2 новокаин ерітіндісімен 2 мл дейін төс сүйегінің ортасына ІІІ-ІV қабырға аралық деңгейде жүргізіңіз.

    10. Кассирскийдің пункциялық инесіне шектелетін қалқаншаны ине ұшынан 13-15 мм қондырып, сосын залалсыздандырылған шприцті дәрігерге беріңіз.

    11. Дәрігер төс сүйектің сыртқы пластинкасын теседі. Оның қолы иненің ойыққа түсіп кеткенін сезеді, мандренің шығарып, инеге 20 мл шприцті жалғастырып, оған 0,5-1 мл сүйек миын сорып алып, заттық әйнекке құяды.

    12. Заттық әйнекті кептіріңіз.

    13. Инені алған соң тесілген жерді 5 спирттелген йод немесе 70 спирт ерітіндісімен өңдеңіз, залалсыздандырылған дәке таңғышын салып, лейкопластырьді жапсырыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз.

    15. Қолданған қолғаптарды, шприцтерді және мақта шариктерін қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16. Қолыңызды сабындап жуып, құрғатыңыз.

    17. Науқасты палатаға апарыңыз.

    18. Материал кепкеннен кейін заттық әйнектерді жолдамамен лабораторияға апарыңыз.


    Ескерту: Кассирский инесі – бұл қысқа қалың қабырғалы ине мандреннен және қалқаншадан тұрады. Қалқанша иненің өте терең төс сүйегіне енуінен сақтайды.

    Науқасты және медициналық құрал-саймандарды буынды тесуге даярлау
    Мақсаты: диагностикалық: буын ішіндегі сары суды анықтау; емдік: сары суды алу, буын қуысын жуу, дәрілерді буынға енгізу.

    Қолдану көрсетілімдері: буын аурулары, буын ішілік сынық, гемоартроз.

    Қарсы көрсетілімдері: тесетін жердің терісінің іріңді қабынуы.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған ұзындығы 7-10 см пункциялық инені, 10, 20 мл шприцтерді, пинцетті, дәке тампондарын, асептикалық таңғышты, салфеткаларды, қолғапты, 5 спирттелген йод ерітіндісін, 70 спирт ерітіндісін, 0,5 новокаин +ерітіндісін, шыны түтіктерді, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Емшара кабинетінде асептика ережесін қатаң сақтай отыра, тесуді дәрігер жүргізеді.

    2. Науқасқа алдағы болатын зерттеу туралы мәліметті беріп, оның келісімін алыңыз.

    3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, қолғапты киіңіз.

    4. Науқастың орындыққа ыңғайлы отыруын немесе ыңғайлы жағдайды алуын сұраңыз.

    5. Болжап тесетін жерді өңдеу үшін 5 спирттелген йод ерітіндісімен, сосын 70 спирт ерітіндісін, инфильтрациялық анестезияны жүргізу үшін шприцке сорып алынған 0,5 новокаин ерітіндісін дәрігерге беріңіз.

    6. Дәрігер сол қолымен буынның тесетін жерін қамтып алып, сары суды тесетін жерге қарай сығады.

    7. Инені буынға енгізіп, шприцпен сары суды сорып алады.

    8. Зертханалық зерттеуге шприцтің ішіндегі сұйықтықтын бірінші порциясын шыны түтіктің қабырғасына жанастырмай шыны түтікке құйыңыз.

    9. Тескеннен кейін буын қуысына антибиотиктерді, стероидты гормондарды енгізеді.

    10. Инені алған соң, тесілген жерге 5 спирттелген йод ерітіндісін жағып, асептикалық таңғышты қойыңыз.

    11. Шприцтерді, салфеткаларды, қолғапты, дәке тампондарын қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолданылған пункциялық инені зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    12. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Клизмалар. Жел шығаратын түтік

    Тазарту клизмасын қою

    Максаты: ішектің созылып-керіліп жиырылуын күшейту және нәжісті жібіту арқылы жуан ішектің төменгі бөлігіндегі нәжістен және желден босату.

    Қолдану көрсетілімдері: іш қату, улану, босанар және операция жасар алдында, дәрілік және майлы клизмалар қою алдында, ас қорыту, зәр бөліну және кіші жамбас мүшелерін рентгенологиялық, эндоскопиялық зерттеу алдында.

    Қарсы көрсетілімдері: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймақтарының жедел қабыну немесе ойық жара үдересінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған гсморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, Эсмарх крушкасын, штативті, вазелинді, шпательді, қолғапты, мақта немесе дәке тамнондарын, пинцетті, шылапшынды, дәрет ыдысын судно (егерде процедура палатада орындалатын болса), температурасы 20-220С-дағы 1,5-2 литр суды, салфеткаларды, әжетханалық қағазды, су термометрін, клеенканы, жаялықты, клеенкалы алжапқышты, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерді (ҚЖАК).
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасты кермемен (ағаш рамаларға матаны керіп жапсырған капсырмалы шымылдық) қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

    3. Халатты, масканы, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    5. Эсмарх крушкасына 20-220С температурасындағы 1,5-2 л суды құйып, қысқышты жабыңыз.

    6. Наукастың дене денгейінен 1 метр биіктік штативке кружканы іліңіз, оған ұштықты кигізіңіз, оның ұшына вазелин майын жағыңыз.

    7. Резеңке түтіктегі қысқышты ашып, аз мөлшерде суды шығарыңыз, онымен бірге ауа шығады, қысқышты жабыңыз.

    8. Кушетка жанына еденге шылапшынды қойыңыз.

    9. Кушетка үстіне клеенканы шылапшынға қарай салбыратып төсеңіз, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

    10. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызып, оның оң аяғын тізе буынынан бүгіп, кішкене ішіне қарай келтіріңіз, ал сол аяғы кушетка бойымен созылған болуы керек.

    11. Сол қолдың І және II саусақтарымен бөкселерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен ұштықты анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 8-10 см тереңдікке енгізіңіз.

    12. Қысқышты ашып, су ішекке ақырын ене бастағанда науқасты ішпен терең дем алуын сұраныз (егерде су ішекке түспесе, онда крушканы жоғары көтеріп, ұштықтың қалпын өзгертіңіз), ішекке судың жылдам түсуі ауыр сезінуді болдырады, егерде нәтижесі болмаса, ұштықты шығарып алып, ауыстырыңыз.

    13. Су ішекке енгеннен кейін (ішекке ауа түспес үшін, крушканың тар түбінде су қалуы керек) қысқышты жауып, ептеп айналмалы қозғалыспен ұштықты шығарып алыңыз.

    14. Науқасты шалқасынан жатуын, тереңірек дем алуын және нәжісті жақсы сұйылту үшін 5-10 минуттай суды ішекте ұстауын сұраңыз.

    15. Егерде емшара палатада орындалса, наукасқа дәрет ыдысын (судноны) беріңіз немесе унитазға дейін апарыңыз.

    16. Анус тесігінің айналасын тазартыңыз.

    17. Қолданылған ұштықты ыдыстағы зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

    18. Клеенкалы алжапқышты, халатты, қолғапты, масканы шешіңіз.

    19. Қолыңызды жуып, кептіріңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    Ескерту:

    • тазарту клизмасы нәтижелі болғанын санауға болады: егерде 5-10 минут аралығында сумен бірге мол нәжіс көп мөлшердегі желмен (газбен) бөлініп шығады;

    • агониялық іш қатуда судың температурасы 12-200С-дан төмен болмауы қажет, ал спастикалық – жоғары (37-420С-қа дейін), іш қатуда – 20-250С;

    • егерде науқас нәжісі аз мөлшерде гек сумен ішекті босатса, онда науқасты дәрігер қарағаннан кейін клизманы қайтадан қайталау қажет.

    Сифон клизмасын қою
    Мақсаты: ішектің жоғарғы бөлігіндегі ашыған, шіріген, шырышты, улы заттарды, нәжісті шығару және ішекті жуу.

    Қолдану көрсетілімдері: улану, тазарту, жібіту клизмаларынан әсері болмағанда және ішті айдайтын дәрілерді қабылдағанда, ішектің түйілуіне күдіктенгенде, ішекке операция жасағанда наукасты дайындау.

    Қарсы көрсетілімдер: асқазан немесе ішектен қан кеткенде, жуан ішек және анус аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, ас қорыту мүшелеріне операция жасағаннан кейінгі бірінші күндерде, анус аймағындағы сызатта немесе тік ішектің түсуінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: сифон клизмасына арналған жүйені (жуан асқазан сүңгісі шыны түтік көмегімен резеңке түтікке жалғастырылған), сыйымдылығы 1 литрге дейін шыны құйғышты, 20-220С температурасындағы 10-12 литр суды, сыйымдылығы 1 литр крушканы, суды ағызуға арналған шылапшынды, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенкалы алжапқышты, халатты, масканы, клеенканы, жаялықты, вазелинді, су термометрін, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Гигиеиалық деңгейде қолды тазартыңыз, халатты, масканы, қолғапты, клеенкалы алжапқышты киіңіз.

    3. Кушетка үстіне клеенканы төсеп шылапшынға қарай салбыратыңыз,оның үстінен жаялықты жайыңыз, жуылған суды ағызу үшін шылапшынды қойыңыз. Науқасты кермемен қоршаңыз.

    4. Кушетканың шетіне науқасты сол жақ қырымен жатқызын, оның оң аяғы тізе буынынан бүгіліп ішіне қарай келтірілуі керек.

    5. Жүйені дайындаңыз. Сүңгінің саңылаусыз ұшына 30-40 см ұзындығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Сол колдың І және II саусақтарымен бөкселелерді ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен сүңгінің саңылаусыз ұшын анус тесігіне енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жоғасына қатарластыра отырып 30-40 см тереңдікке еңгізіңіз.

    7. Резеңкеге құйғышты жалғастырыңыз, құйғышты еңкейткен қалыпта науқастың бөксе деңгейінде ұстаңыз.

    8. Дайындаған құйғышты 1 литр сумен толтырыңыз.

    9. Құйғыштың тар түбіне су барғанша (ішекке сумен бірге ауа кірмеуін қадағала), құйғышты жаймен жоғары көтеріңіз.

    10. Құйғышты кушетка деңгейінен төмен түсіріп, оны енкейте ұстаңыз, құйғыш қайтадан аққан сұйыктықпен толғанша күтіңіз, ішіндегі сұйықтықты шылапшынға құйыңыз.

    11. Құйғышты қайтадан сумен толтырып, емшараны жуылған су таза болғанша бірнеше рет қайталаңыз.

    12. Құйғышты шығарып, ішекте қалған су ағуы үшін резеңке түтіктің сыртқы ұшын шылапшынға 10-20 минутка салып койыңыз.

    13. Сүңгіні ептеп шығарып алыңыз.

    14. Анус тесігі айналасын тазартыңыз.

    15. Сифон клизмасына арналған жүйені және құйғышты зарарсыздандыру ертіндісіне салып қойыңыз.

    16. Қолгапты, алжапқышты, халатты, масканы, салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Резеңке алмұрт тәрізді баллонша көмегімен босату (майлы, тұзды, дәрілік) клизмаларын қою
    Мақсаты: тік ішек арқылы дәрі-дәрмектерді енгізу.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ұштықты, алмұрт тәрізді баллоншаны (спринцовканы), қолғапты , салфеткаларды, шпательді, вазелин майын, лотокті, тағайындалған ертіндіні (май, эмульсия, тұзды ерітінді), зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    3. Кушеткаға клеенканы, үстінен жаялықты төсеңіз.

    4. Науқасты кушетканың шетіне сол жақ қырына қарай жатуын, іш бұлшық еттерін босату үшін тізелерін бүгіп, оларды ішіне қарай келтіруін сұраңыз.

    5. Шпательді қолдана отырып, алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығына вазелин майын жағыңыз.

    6. Су моншасында t-380С дейін жылытып, даярланған ерітіндіні лотокқа құйыңыз.

    7. Баллоншаны қысып, онан ауаны шығарыңыз, баллоншаның ұштығын лотокқа салып, оны ашыңыз, баллоншаға даярланған ерітіндіні сорып алып, онан ауа қалдығын шығарыңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен жеңіл айналмалы қозғалыспен ептеп анал тесігіне еңгізіңіз. Алмұрт тәрізді баллоншаның ұштығы 10-12 см тереңдікке енгізіледі.

    9. Ақырын резеңке алмұрт тәрізді баллоншаны қысып, дәрілік ерітіндіні еңгізіңіз.

    10. Сол қолмен алмұрт тәрізді баллоншаны ұстап отыра, оң қолмен оны «жоғарыдан төмен» бағытта, қалдық ерітіндіні тік ішекке қарай итере қысыңыз.

    11. Анал тесігіне салфетканы ұстап отыра, ептеп айналмалы қозғалыспен алмұрт тәрізді баллоншанын ұштығын тік ішектен шығарыңыз, теріні салфеткамен алдынан артына қарай бағытта сұртіңіз. (бұтаралықтан анал тесігіне қарай).

    12. Науқастың бөкселерін тығыз қысыңыз, клеенка мен жаялықты жинап алыңыз.

    13. Пайдаланған ұштықты зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    14. Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, салфеткаларды контейнерге салыңыз.

    15. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Жел шығаратын түтікті қою
    Мақсаты: ішектегі желді (газды) шығару.

    Қолдану көрсетілімдері: іш кебу, ішек атониясы, жібіту клизмасын қойғанда.

    Қарсы көрсетілімдері: ішектен қан кеткенде, тік ішектің түсуінде, жуан ішек жэне анус тесігі аймағының жедел қабыну немесе ойық жара үдерісінде, тік ішектің қатерлі ісігінде, қанаған геморройда.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокты, шпательді, қолғапты, вазелинді, клеенканы, жаялықты, халатты, алжапқышты, судноны сумен, салфеткаларды, әжетхана қағазын, кермені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы меп мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Наукасты кермемен қоршаңыз (егерде емшара палатада орындалса).

    3. Науқастың қасына отырғыштың үстіне судноны қойыңыз (судно ішіне аз мөлшерде су құйыңыз). Науқастың бөксе астына клеенканы салып, оның үстінен жаялықты төсеңіз.

    4. Науқасты сол жақ қырына немесе шалқасынан жатқызып, оның аяқтары тізесінен бүгілуі керек.

    5. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, қолғапты киіңіз.

    6. Жел шығаратын түтіктің домалақ ұшына 20-30 см ұзындығына вазелинді жағыңыз.

    7. Түтіктің ортасын бүгіп (бүктеп), оның бос ұшын оң қолдың IV және V саусақтарымен кысып, ал домалақ ұшын жазатын қаламұштай ұстаңыз.

    8. Сол қолдың I және II саусақтарымен бөксені ажыратып, ал оң қолмен абайлап жеңіл айналмалы қозғалыспен жел шығаратын түтікті анус тесігіне енгізіңіз, оны тік ішекке қарай жылжытып ең алғаш 3-4 см кіндік бағыты бойынша, сосын омыртқа жотасына қатарластыра отырып 20-30 см тереңдікке енгізіңіз.

    9. Науқасты шалқасына бұрыңыз немесе сол жағдайда қалдырыңыз.

    10. Жел шығаратын түтіктің бос ұшын су құйған судноға немесе лотокқа салыңыз.

    11. .Жел шыкқанда (су көпіршіктің шығуы бойынша) көзіңізді жеткізіңіз, суы бар судноны немесе лотокты алыңыз, ал жел шығаратып түтіктің сыртқы ұшын жаялыққа конверт түрінде ораңыз.

    12. Науқастың қал жағдайын әрбір 20-30 минут сайып бағалаңыз.

    13. Науқастың үстін жауып, ішекте түтікті жел толық шыққанша 1 сағатқа қалдырыңыз.

    14. Абайлап айналмалы қозғалыспен түтікті шығарып алып, анус тесігі айналасын салфеткамен немесе әжетхана қағазымен тазартып, вазелин майы жағылған салфетканы бөксе аралығына салыңыз.

    15. Жел шығаратын түтікті зарарсыздандыру ертіндісіне салыңыз.

    16. Қолғапты шешіңіз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    17. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.


    Ескерту: егерде ішектен жел толық шықпаса, емшараны 2-3 сағаттан кейін қайталаңыз, бірақта тәулігіне 2-3 реттен кем емес.

    Майлы клизманы қою
    Максаты: емдік: ішек бұлшык еттерін босансытуға, нәжісті сұйылту, түйілуді азайту және қалыпты ішектін жиырылып кеңеюін қалпына келтіру.

    Қолдану көрсетілімдері: тазарту клизмасының әсері болмауы, спастикалық іш қату, ұзақ іш қату. жуан ішектің қабыну аурулары, операциядан кейінгі кезең, босанғаннан кейін.

    Қарсы көрсетілімдері: асказан немесе ішектен қан кету, тік ішектің қатерлі өскіндігі, анал тесігі аймағындағы сызат немесе тік ішектің түсуі, қансыраған геморрой.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жел шығаратын түтікті, лотокті, Жане шприцін немесе алмұрт тәрізді баллоншаны, шпательді, қолғапты, салфеткаларды, клеенканы, жаялықты, вазелин майын, 100-200 мл мөлшердегі майлы ертіндіні, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контеинерді.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20


    написать администратору сайта