Главная страница

СТАНДАРТЫ АКУШ. олды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар


Скачать 358.62 Kb.
Названиеолды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар
Дата28.02.2021
Размер358.62 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаСТАНДАРТЫ АКУШ.docx
ТипДокументы
#180281
страница1 из 5
  1   2   3   4   5

Қолды операция алдында жуу іс-әрекеті

Мақсаты: қолды операция алдында залалсыздандыру

Құрал-жабдықтар: ағынды су, антисептик сұйық сабын-нонсид, қол жууға арналған антисептик-алсепт, велтосепт, АХД – 2000, бір реттік сүлгі.

(Ескерту: операцияға баратын персонал операция бөлмесінің алдындағы кіре беріс (предоперационная) бөлмеде операцияға киетін костюм, бахилл, стерильді бірреттік қалпақ, маска киеді, содан соң қол жууға кіріседі).

1. қолды ағынды судың астында сабындап 10 минут бойы жуады. (Мейірбике ісі негіздері пәнінен үйренген әдісті қайталаңыздар).

2. қолды стерильді сүлгімен құрғатады.

3. алсепт, велтосепт немесе АХД – 2000 т.б. антисептиктердің бірімен қолдарды сүртеді.

4. стерильді қолғап киеді.


Операциялық аймақты

Филончиков-Гроссих әдісі бойынша дайындау алгоритмі
Стандарт

Операциялық аймақты өңдеу іс-әрекеті

Мақсаты: операциялық аймақты өңдеу

Құрал-жабдықтар: корнцанг, шариктер, йодонат, цапкалар, жаймалар,тупфер.

1)дайындалған операциялық аймақты (науқастың терісін) йодонатпен/спиртпен ортасынан шетiне қарай 2 рет сүртедi.

2) стерильдi жаймамен науқасты жабады (немесе шағын жаймамен тек операциялық аймақты жабады), шеттерiн салфеткалармен шектеп цапкалармен бекiтедi.

3) шектелген операциялық аймақты тағы да йодонатпен/спиртпен 2 рет сүртедi.
Таңу столын жаю іс-әрекеті

Мақсаты: асептика жағдайында таңу столындағы инструменттер мен таңу материалдарының стерильдігін алты сағат бойы сақтау, жараны таңуды қамтамасыз ету.

Дайындалу: Стол үстін дез.еріндіге батырылған сүлгімен зарарсыздандырады. Медбике стерильді халат, колпак, маска, қолғап киеді.

Құрал-жабдықтар: стол, бикстегі стерильді материалдар (жайма, инструменттер, салфетка, шарик, банкалар, дренаж түтіктер т.б.).

Техникасы:

1) медбике педальдi басып бикстi ашады;

2) бикстен бүктелген жайманы алып, стол үстіне жаяды.Шеттері столдың үстінен15-20 см салбырап тұруы тиіс, үстіңгі қабаты астыңғысынан 10-15 см қысқа болуы тиіс.

3) бикстен екінші жайманы алып, алдыңғы жайманың үстіне жаяды. Үстіңгі қысқа шетін қайырып ашып қояды.

3) үстіне стерильді шарик, салфетка, банкалар, резин түтіктер, дренаждар т.б. қояды. Шетіне стерильді жұмыс пинцетін қоюға болады.

4) Жайылған жайманың үстіңгі қабатын жабады, оның шеттері алдыңғы жаймаға 2-3 см жетпей тұруы тиіс. Цапкамен бекітеді. (Стерильді материалды столдың орнына лотокқа дәл осылай салуға болады.)

6) қағаз биркаға стерильді столдың жабылған уақытын, медбикенің аты-жөнін көрсетіп жазып, цапкаға бекітіп қояды.



Стандарт

жансыздандыру алдындағы мейіргер іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсетілімі: Пациентті жергілікті анестезияға дайындау.


  • Пациентті зерттеу, жансыздандыру өткізетін тұстағы тері аймақтарын зерттеу.

  • Тамыр соғуын, қан қысымын, дене қызуын тексеру.

  • Аллергиялық аурулар, әсіресе анестетиктерге аллергия бар-жоғын зерттеу.


Стандарт

инфильтрациялық анестезия кезінде дәрігерге көмек көрсету алгоритмі
Көрсетілімі: инфильтрациялық анестезия құралдарын дайындап, дәрігерге көмектесу.

Құрал-жабдықтары: 0,25 % новокоин ерітіндісі- 200-300 мл, немесе 0,5% новокоин ерітіндісі-250 мл, 5-10 гр шприц, спирт, пинцет, шариктер, лоток.

Техникасы:

1. 5 мл (10 мл) шприцке новокоин ерітіндісін толтыр

2. теріні спиртпен 2 рет сүрт

3. дәрігер новокаин ерітіндісін теріге,тері астына біртіндеп енгізіп болғансоң сол орынды тағы да 2 рет спиртпен сүртеді.

4.дәрігердің нұсқауы бойынша шприцке анестетик толтырып беріп тұр.

5.Манипуляция (іріңдікті тілу) аяқталған соң, жараны жуып, таңғышын бекіту керек.
Артериялық жгут таңу іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсетілімі: қол-аяқтың артериясынан кеткен қанды тоқтату.

Құралдары: Эсмарх артериялық жгуты, таңу материалдары.

Техникасы:

  1. жгутты қол-аяқтың артерия қаны кетіп жатқан жарасынан жоғары, бірақ жараға жақын таңады.

  2. жгуттың астына қыртысы жоқ тегіс мата салады.

  3. жгутты қатты созып, бірнеше орап, екі шетін мықтап бекітеді.




  1. жгуттың дұрыс таңылғанының белгісі - жгуттен төменірек пульсі болмайды.

  2. жгутті 2 сағаттан артық ұстауға болмайды, некроз болады, осы уақыттан асып бара жатса оны босатып, қол-аяғы жылынғанша күтіп, бұрынғы жеріне сәл ығыстырып қайта таңады.

  3. жгуттың салынған уақытын қағазға не жгутке, не қасындағы теріге жазып қояды.

  4. жгут салынған мүшені иммобилизация жасайды.

  5. науқасқа анальгетик егеді, зембілге жатқызып, ауруханаға бірінші кезекте жеткізеді.

  6. жгут болмаса қолдан бұрама жасап, осы ережелерге сәйкес таңады.



Қан тобын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсетілімі: қан тобын анықтау.

Құралдары: анти-АВ, анти-В, анти-А цоликлондары, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғаптар,3-минуттық құм сағат.

Техникасы:

  1. планшеттің әр ойығына солдан оңға қарай анти-АВ (І топтың), анти-В (ІІ топтың), анти-А(ІІІ топтың) цоликлондарынан 1 үлкен тамшы тамызады,

  2. оған зерттелетін қанның 10 есе кіші тамшысын қосады.

  3. әр тамшыны бөлек шыны таяқшамен араластырып, планшетті қолға алып, 3 минуттай шайқайды.

Нәтижесі: егер барлық тамшыда да агглютинация реакциясы болмаса, қан О (І) топтыкі, егер агглютинация анти-АВ (І) және анти-А (ІІІ) цоликлондарымен болса, қан А(ІІ) топтыкі, егер агглютинация реакциясы анти –АВ (І), анти-В (ІІ)тамшыларында болса, қан В(ІІІ) топтыкі. Егер барлық тамшыда да агглютинация реакциясы болса, қан АВ (ІV) топтыкі



Цоликлондар

Қан тобы

Анти-АВ (І)

Анти-В (ІІ)

Анти-А (ІІІ)




-

-

-

О (І)

+

-

+

А (ІІ)

+

+

-

В (ІІІ)

+

+

+

АВ 0 (ІV)

+ агглютинация реакциясын көрсетеді.
Қанның резус-факторын анықтау іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі: қанның резус-факторы оң не теріс екенін анықтау.

Құралдары: анти-D супер цоликлоны, планшет, шыны таяқшалар, резин қолғап,3-минуттық құм сағат.

Техникасы:

1. планшетке (тегіс жазық бетке, шыны бетіне) анти-D супер цоликлонының бір ірі тамшысын тамызады.

2. оның үстіне зерттелетін қанның немесе эритроциттің бір тамшысын тамызады. Тамшыларды араластырады.

Нәтижесі: мөлдір сұйық тамшысының ішінде көзге көрініп тұрған ірі қиыршықтар агглютинация жүргенін, яғни қанның резус-факторы оң мәнді екенін көрсетеді. Егер тамшы біртекті түсте болып, тұнба тұрмаса, бұл агглютинацияның болмағанын, яғни қанның резус-теріс мәнді екенін білдіреді.

Гемотрансфузиялық шок кезінде жедел көмек көрсету іс-әрекетінің алгоритмі.

Көрсетілімі: гемотрансфузиялық шок кезінде жедел медициналық көмек көрсету.

Құралдары: промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл, стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0,

Техникасы:

1.системаны жауып, қан құюды тоқтатады

2.тамырдан инені суырмастан промедол 1%-1,0, хлорлы кальций 10%-10,0 мл, димедрол 1%-1,0 мл, преднизолон 2,0 мл дәрігер нұсқауы бойынша егеді.

3.Шокқа қарсы сұйықтар-стабизол, полиглюкин, физраствор-400,0, к/т жүрек-тамыр дәрілері егіледі. Клиникалық өлім болса, реанимация шараларын жасайды. Реанимация бөлімшесіне аударады.
Жаралыға алғашқы медициналық көмек көрсету алгоритмі

Көрсетілімі: жаралы науқасқа дәрігер келгенше көмек көрсетіп, жарасын таңу.

Құралдары: жгут, бинт, йодонат, стер.салфетка, шина, анальгетиктер.

Техникасы:

  1. Қанын тоқтату.

  2. Ауыртпалығына қарай аналгетик егу .

  3. Жараның айналасын 2 рет спиртпен сүрту, жарадағы бөтен заттарды суырып алуға болмайды.

  4. Жараға мақта, ұнтақ дәрі, май дәрі жағуға болмайды.

  5. Жараны стерильді салфеткамен жабады.

  6. Иммобилизация жасайды.

  7. Хирургке жолдайды.


Жараны таңу және таңғышын алмастыру іс-әрекетінің алгоритмі
Көрсетілімі: жараның туалетін жасай білу.

Құралдары: стерильді таңу материалы, антисептик ер-сі, спирт, пинцеттер, зажимдер.

Техникасы:

  1. Медбике жұмыс пинцетін қолына алады, дәрігерге (немесе өзінің екінші қолына) стерильді пинцет алады.

  2. Жараның бойымен ескі таңғышын алып тастайды. (Егер таңғыш қатып жабысып қалса, 1:3000 перманганат калий ерітіндісінен ванна жасап, жіпсітіп алған жөн).

  3. Егер жараның айналасы ласталған болса, құрғақ шариктермен тазартады, содан соң спиртпен 2 рет сүртеді.

  4. Жаранын ішін 3%сутегі аскын тотығымен және фурацилин ер-сімен жуады, егер жарада тігіс тұрса, оны спиртпен сүртеді.

  5. Дәрігер нұсқауы бойынша жараның фазасына байланысты таңғыш таңады.

  6. Егер жарада тігіс тұрса, стерильді құрғақ таңғыш таңады.

  7. Пайдаланылған инструменттерді дез.ерітіндіге, жұмыс пинцетін 6%сутегі аскын тотығы ертіндісіне, таңу материалдарын қалдықтар қорабына тастайды.


Операциялық жараны таңу іс-әрекетінің алгоритмі.
Көрсетілімі: науқастың «таза» жарасына туалет жасап, таңғышын ауыстыру.

Құралдары:спирт, таңу материалдары, лейкопластырь, пинцет.

Орындалу реті:

1.Наукастың жарасындағы бұрынғы салфеткасын ақырын алыңыз.

2.Тігулі жараның тігістерін спиртпен 2 рет сүртіңіз.

3.Тігулі жараның үстіне стерильді салфетка салып, лейкопластырьмен бектіңіз.

4. "Таза жараны" таңып байлауға күнара келетінін түсіндіріңіз.
Жарақаттанулар, қан кетулер кезінде жедел көмек стандарты

Мақсаты: ауырсынуын басу, қанын тоқтатып, жараны асепттикалық жабу, дәрігерге көрсету.

Керекті құралдар: аналгин, баралгин, димедрол немесе диазепам, стерильді таңу салфеткалары, инструменттер, 3% асқын сутегі тотығы немесе фурацилин ер-сі, спирт 70% немесе 5%спирттелген йод, левомекол немесе левомицетин майы, пинцет, қайшы, лоток.

Тактика: 1.жараның қанын тоқтатады, артериядан кетсе, жгут таңады. Анальгетик береді.

2. Стерильді шарикпен жараның айналасын құрғатады, содан соң 2 рет айналасын спиртпен сүртеді.

3. Жараны 3% асқын сутегі тотығы немесе фурацилин ерітіндісімен дымқылдайды, бетіне салфетка жабады, немесе левомекол немесе левомицетин майы жағылған салфеткамен жабады.Сыртынан тағы да салфетка жабады. Барлығы 3 қабаттан кем болмауы тиіс.

4.Пайдаланған материалды лотокқа салады.

5. Жараның бетіндегі салфетканы пластырмен немесе бинтпен бекітеді.

6. Жара үлкен болса, иммобилизация жасау қажет.

7.Жарақат пунктіне жеткізеді.
Жабық зақымдар мен буындар шығуы кезінде жедел көмек
Мақсаты: анальгезия, стационарға жеткізу.

Керекті құралдар: тасымалдау шиналары.

Тактика:

-науқастың жалпы жағдайын (кеуде торының, іш қуысының, басы мен миының бар-жоғын) анықтау;

-зақымдалған тұсын қарау;

-пульсі мен артерия қысымын (АҚ) бақылау.

-беткі зақымдар кезінде – салқын компресс басып, жырылған тұстарын спиртпен өңдеп, асептикалық таңғышпен жабады.

-буын-байлам аппараты зақымдалып, буыны шықса – анальгин 50% еріт.

2-4 мл б/е;

-буын шығу нәтижесінде қисайған сүйекті сол күйін өзгертпей тасымалдау шиналарымен бекітеді.

–қол-аяқ сүйектері жабық сынған кезде:

– анальгин 50% ерітіндісі 2-4 мл б/е немесе трамал 100-200 мг б/е. Шокқа қарсы шаралар:

–полиглюкин (реополиглюкин) 400 мл к/т .

Алғашқы көмек көрсеткен кезде шыққан буынды орнына салуға болмайды. Мойын омыртқа тұсына зақым келсе Шанц шинасымен немесе қолдан жасалған шинамен, мысалы Крамер шинасымен иммобилизация жасайды, қалған жағдайда жалпы ереже бойынша тасымалдайды.

Иық сүйегінің (тоқпан жіліктің) шығуы кезінде жедел көмек
Мақсаты: анальгезия, иммобилизация, буынды орнына салу үшін дәрігерге жеткізу.

Керекті құралдар:

Кетонал еріт. инъекция үшін -100 мг/2 мл амп. немесе трамадол еріт. инъекция үшін 50 мг/1 мл амп., спирт, таңу материалдары, артериял.жгут, мұзды мұйық.

Тактика:

  • Кетонал (трамадол) 1-2 мл б/е;

  • Жарасы болса: артериял. жгут салып, жараға асептик. таңғыш таңады.

  • Қолды үшбұрыш орамалмен иммобилизация жасайды.

  • Иық буынына мұзды мұйық басады.

  • Травмпунктке жеткізеді.


Дитерихс құрсауын салған кездегі іс-әрекет алгоритмі.
Көрсетілімі: Жамбас маңы сынығында, жамбас, сан және тізе буыны зақымында қолданылады.

Құралдары: Дитерихс құрсауы, 2 бинт, қайшы.

Іс - эрекеттер алгоритмі:

Пациентті тыныштандырыныз.

Болып жатқан манипуляцияны түсіндіріңіз.

Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңыз.

Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

Дитерихс құрсауының табан бөлігін пациенттің ауру жағына салып, сегіз тәрізді байламмен бекітініз.

Пациенттің сынған жағының қолтық асты ойығына құрсаудың сыртқы жағын орналастырыныз. Ол табан бөлігінен 8-10 см ге шығып тұруын қадағалап, бекітініз. Дитерихс құрсауының сыртқы бөлігінің табан бөлігінің металл құлақшасына орналастырыныз.

Құрсаудың ішкі жақ бөлігінің сынған жақтың шап маңайына орналыстырып, табан

жағына металл құлақшаларын бекітініз.

Шығып тұрған сүйектер астына мақтадан жасалған валик салыныз.
Есте сақтау. Тізе буыны бұзылысын алдын алу мақсатында, қосымша Крамер құрсауын қолданған дұрыс. Бұны сынған аймақтың артқы бөлігіне орналастырады.
Құрсауды қолтық асты маңдайынан ауру бөлігіне, сау аяқты иық маңайына белдікпен

бекіту керек. Жіппен айналдырғыш таяқшаны бекітініз.

Айналдырғыш таяқшаны шап және қолтық асты маңайына тірелгенше айналдыру керек. Айналдырғыш таяқшаны сыртқы құрсаудың шығынқы жеріне бекітініз. Құрсауды бинтпен спираль тәрізді байламмен, балтыр маңайынан және жамбас - бөксе буынынан бекітініз.
Иыққа Крамер құрсауын салу кезінде мейірбикенің іс-өрекетінің алгоритмі.
Көрсетілімі: Иық сүйектерінің сынығы.

Құралдар: сатылы Крамер құрсауы; 2 бинт, мақта, косынка.

Ескертулер: Шинаны салған кезде сынықтан жоғары және төмен екі буын бекітіледі.

Іс- әрекетінің алгоритмі:

Науқасты өзіне қаратып отырғызыныз, тыныштандырыныз. Болып жатқан манипуляцияны түсіндірініз.

Үстіндегі киімін қиып, жарқаттанған аймақты жалаңаштандырыңы.

Жарақат аймағын тексеріңіз, сынғанына немесе шығып кеткеніне көз жеткізініз.

Сатылы Крамер құрсауын таңдаңыз: ұзындығы 80 см, ені 8 см.

Құрсауды екі жағынан мақтамен орап, мақтаны құрсауға бекітініз.

Құрсауды саусақ ұшынан шынтақ буынына дейін науқастың сау жағына салып өлшеп алыңыз.

Құрсауды алып, түзу бұрыш қылып бүгініз (90º);

Құрсауға сау қолды, иықты салып(құрсаудың дұрыс әзірленуін қадағалау). Ауру жаққа ортафизиологиялық жағдай жасаңыз. Дайын құрсауға қол мен иықты салыңыз.

Құрсауды спиральды байламмен қол ұшынан иық буынына дейін бекітініз. Жақсылап бекіту үшін косынкалы байлам салыныз.

Ескертулер: Қол ұшы сүйектерінің сынығы кезінде қол пронация жағдайында жайғастырып, астына дөнгелек валик салыңыз, қолға мақтадан, дәкеден немесе бинттен валик жасап, салыңыз. Валик үстіндегі қолды бинтпен бекітіп, косынкаға іліп қойыныз.
  1   2   3   4   5


написать администратору сайта