Главная страница
Навигация по странице:

  • Іс-шаралар алгоритмі «Бағала-Шешім қабылда-Әрект жаса» принципі бойынша нәрестеге көмек жасаңыз!!! Әрбір қадамның ұзақтығы 30 секунд.

  • А, В, С, D . А блогы.

  • ЫЛҒАЛДЫ ОТТЕГІН БЕРУ Мақсаты

  • Оттегін оттегі көпшігімен беру

  • Гипертермияда жедел көмек Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,5

  • Температура көрсеткіштері

  • Мақсаты

  • Гипотрофия дәрежесін анықтау Мақсаты

  • Салмақ қосу кестесі жасы

  • Витамин «Д»

  • СТАНДАРТЫ АКУШ. олды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар


    Скачать 358.62 Kb.
    Названиеолды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар
    Дата28.02.2021
    Размер358.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСТАНДАРТЫ АКУШ.docx
    ТипДокументы
    #180281
    страница5 из 5
    1   2   3   4   5

    Нәресте реанимациясы

    Асфиксия кезіндегі көмек
    Мақсаты: өздігінен адекватты тыныс алуы мен жүрек қызметін қалыпқа келтіру

    Ресурстар: 1. реанимация жүргізілетін бөлме жылы (температурасы 250С төмен емес), жақсы жарықтандырылған, желдің болмауы керек;

    2. Таза, жылы сүлгі немесе 2 жаялық; секундомерлі сағат;

    4. реанимациялық шара жүргізу үшін беті тегіс, сәулелі жылу түсетін немесе жылытылатын реанимациялық үстел;

    5. Амбу қапшығы, №0, №1 размерлі маска; Резин балон, катетер, электросорғыш, оттегі; стерильді резин қолғап; стерильді кіндік кесуге арналған құралдар жиынтығы;

    Реанимацияны 2 медициналық қызметкер жүргізеді.
    Іс-шаралар алгоритмі
    «Бағала-Шешім қабылда-Әрект жаса» принципі бойынша нәрестеге көмек жасаңыз!!! Әрбір қадамның ұзақтығы 30 секунд.

    1. Нәресте туған соң мына жағдайларды анықтаңыз

    • Мерзімі жеткен жүктіліктен бе?

    • Тыныс ала ма немесе жылағанда дауысы қатты ма?

    • Бұлшық ет тонусы жақсы ма?

    • Егер бәрі қалыпты болса, анасымен қалдырып, құрғатып, тыныс жолдарын тазартып, жылы ұстап, динамикада жағдайын бағалаңыз.

    • Егер 3сұрақтың біреуіне жоқ деген жауап алсаңыз, реанимациялық шараларды бастаңыз.




    1. Реанимациялық шаралар 4 қадамнан тұрады А, В, С, D.

    А блогы.

    1. Нәрестені жылы, тегіс беткейге, дұрыс күйде (шалқасынан, иығының астына валик салып, басын сәл шалқайтып) жатқызып, жылы жаялықпен жабыңыз.

    2. Резин балон немесе электросорғышпен бірінші ауызынан, сосын мұрынынан кілегейді сорыңыз.

    3. Тез арада басы мен терісін жылы жаялықпен сорықтырып, құрғатып алыңыз.

    4. Егер өз бетімен тыныс алу болмаса, табанына алақаныңызбен 2 рет соғыңыз немесе арқасынан сипаңызда, қайта дұрыс күйде жатқызыңыз.

    5. Жағдайын бағалаңыз: тыныс ала ма, ЖСЖ және тері түсін.


    В блогы

    1. Егер нәрестеде апноэ немесе ЖСЖ<100 рет мин болса, өкпе вентиляциясын бастаңыз. Амбу қапшығына қажетті размерлі масканы жалғап, оны нәрестенің мұрынын, ауызын, иегін жабатындай етіп орналастырыңыз.

    2. Минутына 40-60 рет Амбу қапшығымен өкпе вентиляциясын жасаңыз.

    3. 30 сек өткесін вентиляция нәтижелігін бағалаңыз: кеуде клеткасының экскурсиясың болуы, аускультацияда тыныс естілуі, ЖСЖ (жүректің соғу жиелігі) көбейуі, тері түсінің қызаруы. Егер өз бетімен тынысы болса, ЖСЖ 100 рет мин. жоғары, бірақ орталық цианоз болса, онда оттегін беріп, терісінің түсін бақылаңыз.


    С блогы

    1. Егер өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, өкпе вентиляциясын жалғастырып, бір уақытта жүрекке компрессиясын бастаңыз. Әрбір 3 компрессиядан кейін, 1 рет жасанды тыныс алдыру (1 минутта 90 компрессия, 30 тыныс алдыру (3:1). Екі қолыңыздың бас бармағын төстің 1/3 ортаңғы бөлігіне, басқа саусақтарыңызды жауырын астында орналастырып, 1 – 1,5см тереңдікте компрессия жасаңыз.

    2. 30 секундтан соң қайта бағалаңыз.

    • Егер ЖСЖ 60 рет мин көп болса, компрессияны тоқтатыңыз, ЖӨВ (жасанды өкпе вентиляциясы) жалғастырыңыз.

    1. 30секундтан соң жағдайын бағалаңыз, ЖСЖ 100 рет мин. көп және өз бетімен тыныс алғанша жасанды тыныс алуды жалғастырыңыз.

    D блогы

    1. Егер вентиляция мен компрессия жасап бастағаннан 30 сек-тан соң өз бетімен тынысы болмаса, ЖСЖ 60 рет мин. аз болса, адреналин 0,001% ерітіндісін 0,1-0,3 мл/кг есебімен көк тамырға жіберіңіз.

    2. Адреналин нәтижесіз болғанда, 3-5 мин-тан соң қайталаңыз.

    3. 30 мин ішінде ЖСЖ адекватты, бірақ өз бетімен тынысы болмаса интенсивті терапия бөліміне ауыстырылады.

    4. Егер 10 мин ішінде тіршілік нышаны байқалмаса, реанимация тоқтатылады.

    ЫЛҒАЛДЫ ОТТЕГІН БЕРУ

    Мақсаты: гипоксияны азайту

    Қолдануға көрсетпе: тыныс алу жолдарының аурулары, критикалық жағдайлар.

    Ресурстар: стерилді:пинцет, дәке салфетка, лоток, мұрын катетері, резин қолғап, қайшы, шпатель, Бобров аппаратын стерильді сумен, лейкопластырь, ыдыс дезерітіндімен, ветошь, қауіпсіз жою контейнері.

    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Анасына процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

    3. Жөргек столының үстін дезерітіндімен сүртіңіз, баланы басын биіктеу етіп жатқызыңыз.

    4. Бобров аппаратын дайындаңыз, оттгі көзіне жалғаңыз.

    5. Баланың тыныс алу жолдарының өткізгіштігін тексеріңіз, қажет жағдайда мұрын қуысын тазалаңыз.

    6. Мұрын катетерінің немесе мұрын вилкасының орамының бүтіндігін, жарамдылық мерзімін тексеріңіз. Орамды қайшымен ашып, катетерді (мұрын вилкасын) пинцетпен алыңыз стерильді лотокқа салыңыз.

    7. Катетердің бір шетін алып құлақ сырғалығынан мұрын ұшына дейін өлшеп, белгі салыңыз.

    8. Катетерді енгізетін шетінен қалам сияқты 3-5 см қашықта ұстап, суға батырып, ылғалдаңыз. Бетке перпендикулярлы ұстап, мұрын қуысына белгіге дейін енгізіңіз.

    9. Катетерді баланың бетіне лейкопластырмен бекітіңіз.

    10. Катетердің шетін Бобров аппаратының қысқа түтікшесіне жалғаңыз. Бобров аппаратының ұзын түтігін оттегі көзіне жалғаңыз.

    11. Оттегін беру жылдамдығын реттеп, уақытты белгілеңіз.

    12. Оттегін беріп болғасын, катетерді салфеткамен шығарып алып, мұрын қуысын қараңыз.

    13. Пайдаланған құралдарды дезерітіндіге салыңыз.

    14. Қолғапты шешіп, контейнерге тастап, қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    Оттегін оттегі көпшігімен беру

    1. Анасына процедураның мақсатын, барысын түсіндіріңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуып, қолғапты киіңіз.

    3. Дәкеден жасалған салфетканы ылғалдап алып, оттегі көпшігінің мүштігін жабыңыз.

    4. Мүштікті баланың аузынан 4-5 см қашықтықта ұстап оттегі көпшігінің вентилін (қақпағын ) ашыңыз.

    5. оттегі көпшігінің шетінен басып бүктеңіз.

    Бұл әдістің қолайсыздықтары: бұл көпшік 4-7 мин жетеді және оттегі жеткіліксіз ылғалданылады.

    Гипертермияда жедел көмек

    Қалыпты температура: 2 айға дейін 36,5-37,50С,

    2 айдан жоғары 36,0-37,00С

    Гипертермия түрлері

    Гипертермияның типтері

    Температура көрсеткіштері

    Субфебрильді

    37 -380С

    Жоғары

    38 -390С

    Өте жоғары

    39 -410С

    Гиперпиретикалық

    410С жоғары

    Мақсаты: дене қызуын түсіру.

    Ресурстар: губка, бөлме температурасындағы су, ыдыс, парацетамол, сусындар.

    Іс-әрекеттер алгоритмі

    Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киіңіз.

    1. Баланы төсекке жатқызыңыз, денесін қысып тұрған киімдерін шешіңіз, таза ауаның келуін қамтамасыз етіңіз.

    2. Баланың дене температурасын қолтық астынан өлшеңіз. Егер қолтығыннан өлшеу мүмкін болмағанда тік ішектен өлшеңіз. Тік ішектегі температура қолтық астындағы температурадан 10С жоғары болады.

    3. Көмек температура көрсеткішіне қарай көрсетіледі.

    • Егер дене қызуы 37,0-37,5*С болса, онда балаға көп мөлшерде сұйықтар ішкізіңіз;

    • Егер дене қызуы 37,5-38,0*С болса, онда баланы шешіндіріп, денесін дене температурасындағы суға батырылған губкамен сүртіңіз ;

    • Егер дене қызуы 38,5*С жоғары болса, онда балаға қызу түсіретін препарат беріңіз;

    • Дене қызуын 20-30 минуттан кейін өлшеңіз;

    Парацетамолды 1 жасқа дейінгі балаларға 10мг/кг салмағына, 1 жастан асқан балаларға

    Гипотрофия дәрежесін анықтау

    Мақсаты: гипотрофия дәрежесін табу

    Керекті жабдықтар: электронды таразы, дез ертінді, салмақ қосу таблицасы, жаялық,ф-112

    1.Баланың туғандағы салмағын білу

    2.Қазіргі салмағын анықтап,ф-112 жазу

    3. Болу керек салмағын анықтау( туғандағы салмағына таблица бойынша қосу керек салмағын қосу арқылы ).

    Мысалы:

    Балаға 3 ай туғандағы салмағы 3000гр+ 2200гр (3 айда қосу керек салмағы). Болу керек салмағы=5200гр.

    Қазіргі салмағы 4200гр. Яғни балада 1000 гр салмақ жетіспейді.

    Пропорция құрамыз:

    Болу керек салмағы - 100%

    Жетіспейтін салмағы - X

    Х=1000гр х 100 =19,6% Гипотрофия 1 дәрежесі

    5200 гр

    Гипотрофия дәрежелері

    • 1-ші дәрежесі 10-20 пайызға дейн

    • 2-ші дәрежесі 21-30

    • 3-ші дәрежесі 30 жоғары


    Салмақ қосу кестесі

    жасы

    Қосу керек салмағы

    өсуімен

    1 ай

    600

    600

    2 ай

    800

    1400

    3 ай

    800

    2200

    4 ай

    750

    2950

    5 ай

    700

    3650

    6 ай

    650

    4300

    7 ай

    600

    4900

    8 ай

    550

    5450

    9 ай

    500

    4950

    10 ай

    450

    5400

    11 ай

    400

    5800

    12 ай

    350

    6150


    Витамин «Д»З бетшесiн толтыру

    Максаты: Рахиттiн алдын-алу мақсатында тағайындау .

    Керектi кұрал-жабдықтар:

    Витамин «Д3» сулы ертiндiсi , «Д3» беру парағы , 112/есептік нысан-баланың даму тарихы.

    Витамин «Д3» сулы ертiсiнiң 1 тамшысында 500ХБ бар .

    Күнi жетiлiп туылған балаларға 1 айлығынан , шала туылған балаларға 2 апталығынан бастап тағайындалады .

    Жаз айларында, мамыр-маусым-шiлде-тамыз айларында берiлмейдi.

    Курстык дозасы 150000ХБ-2000000ХБ. 2 жаска дейiн 4/11-2013ж

    12 1/2014 2 3 4 5 6 7 8 9 1 1 1 1/201

    0 1 2 5

    Витамин «д» 1500 15000 + + + - - - - - - + + + + +

    3 сулы 0 ХБ

    Ертiндiсi ХБ (500ХБ) 1 тамшыдан кунiне 1 рет

    150000ХБ витамин «Д з» профилактикалык дозасы тагайындалды

    (150000ХБ -200000ХБ).




    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта