Главная страница
Навигация по странице:

  • Баланың жасы 1 мин тыныс жиелігі

  • Тыныстың жиеленуі

  • Балаларда пульсты анықтау

  • Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері

  • Балаларда қан қысымын өлшеу техникасы Назар аударыңыз!

  • Баланың жасы Қан қысымының көрсеткіші, мм с.б

  • Иық айналымы , см Манжетканың ені , см

  • Омыраумен емізуді бағалау

  • Омыраумен емізудің ережесі (4*3*4) Нәрестені дұрыс ұстау

  • Омырауға дұрыс салғандығын тексеру

  • Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, терең еміп жатырғанын көреміз. Бақылаулық шегу өткізу Мақсаты

  • Тәулігіне және 1 рет ішетін сүт мөлшерін анықтау

  • Уақытылы енгізу – 6 айдан бастап беру.

  • Тамақты қабылдау жиілігі мен көлемі жөнінен жеткілікті болуы тиіс 6 айдан 12 айға дейін егер бала табиғи тамақтануда болса күніне 3 рет, е

  • – 300 мл

  • Тәуліктің ыңғайлы уақытын таңдаңыз.

  • Баланы баынша көп жеуге ынталандырыңыз

  • Нәрестені алғашқы тазалау Қажетті құралдар

  • СТАНДАРТЫ АКУШ. олды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар


    Скачать 358.62 Kb.
    Названиеолды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар
    Дата28.02.2021
    Размер358.62 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСТАНДАРТЫ АКУШ.docx
    ТипДокументы
    #180281
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Балаларда тыныс алу жиелігін анықтау

    Мақсаты: диагностика

    Қолдану көрсетілімдері: бақылау

    Ресурстар: секундомер сағат, температуралық бетше немесе баланың даму тарихы, қаламсап.
    Іс-әрекет алгоритмі:

    1. Баланың анасына емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз.

    2. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, кептіріп, жылытыңыз.

    3. Анасынан баланы жатқызып, кеуде клеткасының алдыңғы жағындағы киімін шешуін сұраңыз.

    4. Баланы тынышталдырыңыз. Ерте жастағы баланың тыныс алу жиелігін ұйықтап жатқан кезінде санаған ыңғайлы. Ересек баланы отырғызуға болады.

    5. Балаға қарсы отырыңыз, кеуде клеткасының қозғалысын 1 минут бақылап, санаңыз.

    6. Егер көзбен қарап санауға қиын болса, қолыңызды кеуде клеткасына немесе ішіне қойып, тыныс жиелігін санаңыз.

    7. Нәтижесін терпературалық бетшеге немесе баланың даму тарихына (112/е нысанға немесе температурлық бетшеге) жазыңыз.

    8. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    Ескерту: Фонендоскопты баланың мұрнына тақап санауға болады.

    Қалыпты жағдайда тыныс жиелігінің көрсеткіштері

    Баланың жасы

    1 мин тыныс жиелігі

    Жаңа туған бала

    40-60

    0- 6 ай

    35-40

    6 ай-12 ай

    30-35

    1 жас – 3 жас

    28-32

    4 жас – 6 жас

    25-30

    7 жас – 11 жас

    20-22

    12 жас – 16 жас

    18-20

    Тыныстың жиеленуі – тахипноэ

    Тыныстың сиреуі-брадипноэ

    Тыныстың тоқтауы-апноэ
    Тынысының жиеленуі (БШАЫЖ бойынша):

    • 2 айға дейін – 60 рет/мин және одан жоғары;

    • 2 айдан 12 айға дейін – 50 рет/мин және иодан жоғары;

    • 1 жастан 5 жасқа дейін – 40 рет/мин және одан жоғары;


    Балаларда пульсты анықтау

    1. Баланы тыныштандыр

    2. Ыңғайлы жағдай жаса /отырғыз немесе жатқыз/

    3. Баланың білегін және қолын көлденең тегістікке жатқыз

    4. Оң қолдың 2, 3, 4 саусақтарымен кәрі жілік артериясын тауып пульсті анықта

    5. 1 минуттағы пульс толқындарының соғысын сана

    6. Пульс соғысын қалыпты жағдайдағымен салыстыр /соғысының жиілеуі – тахикардия, сиреуі – брадикардия/

    7. Пульстің ырғақтығын анықта

    8. Толымдылығын анықта /толық немесе бос/

    9. Пульстің кернеулігін анықта /қатты немесе жұмсақ/

    Кернеулігі - арерияны саусақпен қатты басқанда артерияның қарсыласу күші

    Ескерту:

    Ерте жастағы балаларда пульсті ұйқы немесе самай артерияларынан анықтаған ыңғайлы

    Қалыпты жағдайдағы пульс көрсеткіштері

    Баланың жасы


    1 минутта пульс жиілігі

    Жаңа туған бала

    120-140

    0-6 ай

    130-135

    6-12 ай

    120-125

    2 жас

    110-115

    3 жас

    105-110

    4 жас

    100-105

    5 жас

    100

    6 жас

    90-95

    7 жас

    85-90

    8 жас

    80-85

    9 жас

    80-85

    10 жас-12 жас

    75-85

    13 жас және одан жоғары

    70-80

    Балаларда қан қысымын өлшеу техникасы

    Назар аударыңыз!

    Балаларда қан қысымы 10-15 минут демалғаннан кейін, отырған немесе жатқан жағдайда өлшенеді

    Алгоритм іс-әрекеті.

    1. Баланы отырғыз немесе жатқыз.

    2. Баланың қолын алақанын жоғары қаратып тегіс жерге орналастыр.

    3. Манжетканы шынтақ иілісінен 2 см жоғары ора Манжеткамен қолының арасында сұқ саусақ сию қажет.

    4. Фонендоскопты шынтақ иілісінің алдыңғы бетіне орналастыр.

    5. Манжеткаға резин балонмен ауаны диастоликалық қысымның дыбысы жоғалып кеткеннен кейін және +30 -40 мм с .б дейін толтыр

    6. Винты жаймен ашып манжеткадан ауаны шығар.

    7. Ең бірінші естілген дыбыстың монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл максималды немесе систоликалық қ/қ көрсеткіші/

    8. Манжеткадан ауаны шығаруды жалғастыр.

    9. Пульстың жоғалған дыбысының монометрдегі көрсеткішін жазып ал /бұл минималды немесе диастоликалық қ/қ көрсеткіші/

    10. Қалыпты жағдайдағы көрсеткіштермен салыстыр.




    Баланың жасы

    Қан қысымының көрсеткіші, мм с.б

    Жаңа туған бала

    75/35

    6 ай

    80/40

    12 ай

    85/42

    1-5 жас

    80+2п/макс көрсеткішінің 1\2 бөлігі

    п-баланың жасы

    5 жас

    100

    5-15 жас

    100+п/ макс көрсеткіштің 1\2 -2\3 бөлігі п-баланың жасы

    Ескерту: Манжетканың ені баланың иығының айналымына сәйкес келу керек

    Иық айналымы, см

    Манжетканың ені, см

    5-7,5

    2,5

    7,5-10

    4

    10-12,5

    5,5

    12,5-15

    7

    15-20

    9

    20-23

    11


    Омыраумен емізуді бағалау

    1. Анасынан соңғы бір сағат ішінде нәресте емшек емгенін сұраңыз.

    2. Егер нәрестені соңғы бір сағат ішінде емізбесе, анасынан оны емізуді сұраңыз.

    Емізуді 4 минут бойы бақылаңыз

    Омыраумен емізудің ережесі (4*3*4)

    Нәрестені дұрыс ұстау

    1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.

    2. Сәбидің беті мен денесі анасының кеудесіне қаратып, мұрны емшек ұшының деңгейінде болу керек.

    3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірілулі болу керек(іші анасының ішіне түйісуі).

    4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.

    Омырауды салу

    1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.

    2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.

    3. Емшекті тез сәбидің аузына саламыз.

    Омырауға дұрыс салғандығын тексеру

    1. Сәбидің иегін емшекке тиіп тұрады.

    2. Сәбидің аузы барынша ашық.

    3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.

    4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.

    Егер бала омырауға дұрыс салынған болса, онда үзіліс жасап, баяу, терең еміп жатырғанын көреміз.

    Бақылаулық шегу өткізу


    Мақсаты: баланың анасын бір емген кезде, еметін сүттің орташа мөлшерін анықтау

    Қажетті құралдар: жаялықтар, памперс, таразы, дез ертінді, 112/е форма.

    Ескерту: тәулік бойы кемінде 3 рет (таңертең, күндіз және кешке) бақылаулық шегу өткізу керек. Себебі тәулікттің әр мезгілінде анасынан шығатын сүтттің мөлшері әртүрлі болады.

    1. Жасалатын процедураны анасына түсіндіріңіз және рұқсатын алыңыз.

    2. Қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.

    3. Қолымызды өңдеп, қолғабыңызды киіңіз.

    4. Балаға памперс кигізіңіз.

    5. Анасын омыраумен емізуге дайындаңыз

    6. Электрондық таразыны дез ерітіндімен сүртіп, жұмыс жағдайына келтіріңіз.

    7. Баланы таразыға салып өлшеп, салмағын жазып алыңыз

    8. Баланы анасына 20 минутқа емізуге беріңіз.

    9. Емізіп болғасын (памперсін ауыстырмастан) салмағын қайтадан өлшеңіз.

    10. Соңғы салмақ көрсеткішінен алғашқы көрсеткішті алып тастап, айырмашылығын анықтаңыз.

    11. Баланы анасына беріңіз

    12. Электронды таразыны дезерітіндімен өңдеңіз.

    13. Резен қолғабыңызды шешіп, қолыңызды жууып, кептіріңіз.

    14. Балаға бір рет ішетін сүт мөлшерін (көлемдік немесе коллориялық әдіспен) есептеңіз.

    15. Баланың қазіргі емген сүт мөлшерін есептелген ему керек сүт мөлшерімен салыстырып, бағалаңыз.

    16. Дәрігермен бірлесе отырып баланың әрі қарай қандай тамақтандыру түріне ауыстырылатыны туралы шешім қабылдаңыз.


    Тәулігіне және 1 рет ішетін сүт мөлшерін анықтау

    10 күнге дейінгі баланың тәулігіне ішетін сүт мөлшерін Финкельштейн формуласы бойынша анықтайды.

    V=70xN V - тәуліктік сүт мөлшері, N- күндік жасы

    Мысалы: балаға 7 күн. Формула орнына қойсақ U=70 х 7=490 мл.

    0-1 айға дейін баланы тәулігіне – 8 рет

    1-2 айға дейін баланы тәулігіне – 7 рет

    2-6 айға дейін баланы тәулігіне – 6 рет

    6-12 айға дейін баланы тәулігіне – 5 рет тамақтандырады.

    2 аптадан асқан балалардың тәулігіне ішетін сүт мөлшерін көлемдік әдіспен анықтаймыз.

    2 апта __________________2 ай арасы балалар салмағының 1/5 бөлігін

    2 ай ____________________4 ай балалар салмағының 1/6 бөлігін

    4 ай ____________________6 ай балалар салмағының 1/7 бөлігін

    6 ай ____________________12 ай аралығындағы балалардың тәулігіне

    ішетін сүт мөлшерін салмағына байланыстыесептемесе деболады,себебі

    6-12 ай аралығындағы балалар тәулігіне 1000 мл артық ішпеу керек. тәулігіне 5 рет 4 сағат сайын тамақтанады 1000мл:5=200мл 1 рет ішетін сүт мөлшері 200 мл-ге тең.

    Мысалы: Балаға 1 ай салмағы 3500 гр көлемдік әдіс бойынша өз салмағы 1/5 бөлігін ішу керек.

    3500 гр: 5=700 мл (бұл тәулігіне ішетін сүт мөлшері)

    1 рет ішетін сүт мөлшерін анықтау үшін тәулігіне ішетін сүт мөлшерін тамақтану жиілігіне бөлеміз.1 айлық бала (аралас немесе қолдан тамақтанатын) 3,5 сағаттан 6 рет тамақтанады.

    700 мл :6 =116 мл.

    Қосымша тамақ

    Қосымша тамақ, 6 айдан бастап, баланың рационына омыраумен қоректенуге қосымша енгізілетін тамақтандыру.

    Қосымша тамақты енгізу 4 ережесі:

    1. Уақытылы енгізу – 6 айдан бастап беру.

    Егер ерте бастаса:

    • ана сүтінің шығуының азяды

    • инфекциялану қауіпі артады, инфекцияның тамақ және су арқылы түсуінен

    • аллергиялық аурулардың арту қауіпі, ішектің жетілмеу себебінен

    • рационның энергиялық жеткіліксіз болмауы қауіпі, әдетте қосымша тамақтарды сұйық ботқалардан немесе сорпалардын бастайды, ал бұлардың қоректік және энергиялық құндылығы омырау сүтімен салыстырғанда төмен болады

    Егер кеш бастаса:

    • Физикалық дамуының қалыс қалуы

    • Ішек және респираторлық аурулармен ауру қауіпі (иммунитеттің төмендеуі себебінен)

    • Анемия дамуының қауіпі

    1. Қоректік құндылығы жағынан адекватты болу керек

    • Қосымша тамақ қою болуы керек, салған қасық баяу бататындай.

    • Сұйық сорпалар беруге кеңес берілмейді, себебі бала үшін қажетті энергиялық құндылығы жеткіліксіз

    • Қою тамаққа 1 шай қасық өсімдік майы, үй қаймағы немесе сары май қосу қажет.

    • Қосымша тамаққа берілетін тамғамдар көп түрлі болуы тиіс (ет, балық, әртүрлі жармалар, көк өніс, жеміс жидек, жұмыртқа, бұршақ тұқымдастар, жақсылап тазартылған, ұнталған жаңғақтар, сүт тағамдары).

    1. Тамақты қабылдау жиілігі мен көлемі жөнінен жеткілікті болуы тиіс

    • 6 айдан 12 айға дейінегер бала табиғи тамақтануда болса күніне 3 рет, егер табиғи тамақтануда болмаса күніне 5 рет тамақ беріледі.Бір жейтін тамақ көлемі 6–7 айлығында - 150 мл, 8–10 айлығында - 180 мл, 11–12 айлығында - 225 мл

    • 12 айдан 2 жасқа дейін балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі (жемістер, май жаққан нан, қаймақ қосқан сүзбе, ет қосылған бәліш). Бір жейтін тамақ көлемі – 300 мл

    • 2 жастан жоғары балаға күніне 5 рет, 3 негізгі тамақты қабылдау + 2 қосымша тағамдар тамақ беріледі . Бір жейтін тамақ көлемі – 350мл

    1. Қауіпсіз болуы тиіс

    • Таза қол, таза ыдыс, таза су мен тамақ, дұрыс сақтау

    Баланы тамақтындырғанда

    1. Тәуліктің ыңғайлы уақытын таңдаңыз.

    Баланың белсенді, қарыны ашқан кезде (омыраумен емізбестен бұрын),

    Күнде бір уақытта тамақтандыруға тырысыңыз

    Анасының балаға көбірек уақыт бөле алатын кезінде

    1. Баланы баынша көп жеуге ынталандырыңыз. Мейірімділік пен қамқорлық танытыңыз.

    2. Белсенді тамақтандыру. Бала өзігінен тамақ жеп үйренгенде, оның бұл әрекетін құптаңыз, бірақ тек қасында отырмай, көбірек жеу үшін баланы мақтаңыз, белсенді ынталандыра түсіңіз. Тамақтану кезін ананың да, баланың да белсенді қатысуы керек.

    3. Баланың отбасылық дастарған басында тамақтануы оның дамуына себепші болады!

    Нәрестені алғашқы тазалау

    Қажетті құралдар: 2 жаялық, 2 зажим, қайшы, бір рет қолданатын кіндік қысқыш, 1% тетрациклин жақпа майы, тыныс жолындағы шырышты соратын резин груша немесе электротсос, залалсыздандырылған мақта шариктер, сантиметрлік лента, салмақ өлшейтін таразы.

    1-ші кезең

    1. Туылған сәбиді жылы жаялыққа қабылдап алып, денесін құрғатып сүртеміз де, басына телпегін кигіземіз.

    2. Тыныс жолынан (қажеттілігіне қарай) резин грушаның немесе электротсостың көмегімен шырышты сорып аламыз.

    3. Сәбиді анасының кеудесіне салып, үстіндегі жаялығын құрғағына ауыстырып, сыртынан көрпешесімен жабамыз.

    4. Кіндік сақинасынан 10 см қашықтықта бірінші зажимді қыстырып ұстаймыз.

    5. Сол қолымызға құрғақ мақта шарик алып, кіндік бойындағы қанды қыстырылған зажимнен кіндік сақинасына қарай 4-5см-ге сығып ығыстырамыз да, оны да қысып ұстаймыз.

    6. Кіндікке қыстырылған (1) зажимнен қолымызды босатып, екінші зажимді аламыз да, оны бірінші зажимнен кіндік сақинасына қарай 2см қашықтықта қыстырамыз.

    7. Кіндікті қысып ұстаған мақта шарикті тастап, сол қолымызға екі зажимді алшақтата ұстаймыз да, оң қолымызға алған қайшымен ортасын қиямыз. Зажимнің біреуі кіндікітің сәби бөлігінде, екіншісі бала жолдасы бөлігінде қалады.

    8. Гонобленнореяны алдын алу үшін сәбидің көзіне тетрациклин жақпасын жағамыз.

    9. Сәбиді анасының бауырында қалдырамыз.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта