СТАНДАРТЫ АКУШ. олды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар
Скачать 358.62 Kb.
|
2-ші кезең Сәбиді анасының бауырынан алып,жөргек үстеліне жатқызамыз. Қолымызды өңдеп, резин қолғапты киеміз. Алдымен кіндік сақинасын, сосын кіндік бойын зажимге бағыттап спиртке батырылған шарикпен өңдейміз. Кіндік сақинасынан 7мм қашықтықта бір рет қолданатын зажимді орналастырамыз. Зажимнің айналасын мұқият тексеріп, «сырт» еткізіп жабамыз. Зажимнің жоғарғы жиегінен кіндік қалдығын қиып тастаймыз. Қиылған жердің қанын құрғақ мақта шарикпен сығып тазартамыз. Сантиметрлік лентамен сәбидің бойын,бас,кеуде айналымын өлшейміз. Электронды таразыға жаялық төсеп, үстіне сәбиді жатқызып, салмағын өлшейміз. Сәбидің қолына,анасының аты жөні,босану тарихының нөмері,сәбидің туылған күні,уақыты,жынысы,бойы,салмағы,босануды қабылдаған акушерканың аты-жөні жазылған білезігін тағамыз. Сәбиді таза құрғақ жайлыққа жөргектеп,анасынын бауырына саламыз. Электроотсос арқылы жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты сорып алу техникасы Медбике білу керек: электроотсосты жоғарғы тыныс жолдарынан шырышты обструктивті бронхитте, пневмонияда және тұншығу кезінде жаңа туған балаларда жатыр айналасындағы суды ала алатынын. Электроотсостың құрамы: А) вакуум-насос Б) бақылау приборы В) сорып алынған шырыштарды жинайтын ыдыс Г) жоғарғы тыныс жолдарына енгізуге арналған резинка түтікше катетерлермен Істей білу керек: Электроотсосты қолдануды Қауіпсіздік техникасын сактауды Резинка түтікшелерінің стерильді болуын Сорып алынған сұйықтарды жинайтын ыдыстың тазалығын. Электроотсосты фурациллин ерітіндісін 1: 5000 дайында. Алгоритм әрекеттері Резеңке түтікшелерінің бүтіндігін тексер. Электротосты токка қос. Включательды қос. Басында катетері бар түтікшелерді еппен, ауыз қуысына енгіз. Еппен катетерді мұрын қуысына енгіз. Мезгіл-мезгіл резинка түтікшелерді фурациллин ерітіндісіне немесе суға салып, шырыштарды соруды жалғастыр. Включательды сөндір. Электроотсосты токтан ажырат. ГИГИЕНАЛЫҚ ВАННА. Мақсаты: гигиеналық күтім көрсету Ресурстар: Ванна, қайнатылған су, губка, сабын, су термометрі, эмальды кружка, құмырамен таза су, жөргек , таза жұмсақ сүлгі, баланың киімдері (бас қиім, 2-жиде, пользунки, шұлық). АЛГОРИТМ ІС -ӘРЕКЕТТЕРІ: Бала жуынатын бөлмені 24-25 С-қа дейін жылытыңыз. Ваннаны ыссы, сабынды сумен жуыңыз. Дез.ертіндісімен өңдеңіз, қайтадан ыссы сумен шайыңыз. Қайнатылған жылы суды ваннаға құйыңыз, судың температурасын термометрмен өлшеңіз (36-37 С болу керек). Құмыраға баланы шаятын суды бөлек құйып қойыңыз. Баланы шешіндіріп, екі қолыңызбен ұстап, ваннаға жайлап жатқызыңыз, басымен кеудесі судың бетінде болатындай етіп. Басын сол иығынызға қойыңыз. Оң қолыңызбен басын, мойынын, кеудесін, алдынан, артынан қолын, аяғын жуыңыз, әсіресе тері қыртыстарын. Баланың бетін ваннаның ішіндегі сумен жумай, құмырадағы сумен жуыңыз және баланың денесін шайыңыз. Ваннада 5-7 минут болуы керек. Ақ жайманы жайып, баланы ақ жаймамен ораңыз. Баланың денесін ысқыламай , сорықтырып кептіріңіз. Алдын-ала жылытылып қойған киімдермен баланы киіндіріңіз. Жүкті әйелдерге босанғанға дейін патронаж өткізу (ҚР ДСМ-нің 31 наурыз 2011жылғы №164 бұйрығы бойынша) Бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия немесе жалпы тәжірибе бөлімінің орта медициналық қызметкері жүкті әйелді босанғанға дейінгі патронажды үйінде екі рет өткізеді: 1) жүкті әйелді есепке қою туралы ақпаратты алған кезде; 2) жүктіліктің 32-аптасында. 1-ші патронаж: Жүкті әйелдің үйіне алғашқы келген кезде медицина қызметкері болашақ сәбидің отбасымен танысып, жүкті әйелдің жалпы жай-күйін, еңбек және тұрмыс жағдайын, санитарлық мәдениет деңгейін, кәсібінің зиянды жақтарын, анада ауруларының болуын (АИТВ, жыныстық жолмен берілетін жұқпа аурулары, туберкулез, қызамық және басқа) бағалайды және жүктіліктің өтуіне, болашақ баланың күтімінің сапасына әсер ететін қауіп-қатерді анықтайды, сонымен қатар тұрмыста зорлық-зомбылық көрсетудің алдын алу мен құқықтық, әлеуметтік-құқықтық мәселелері жөнінде консультация жүргізеді. 2-ші патронаж: жүкті әйел мен оның сүт бездерінің жағдайын бағалап, сәбиді емізуге дайындық бойынша ұсынымдар мен нәрестені емізу, оны күтіп-бағу дағдыларына үйрету мақсатында ДСБК-не қабылдауға шақырады. Сонымен қатар нәрестеге арналған бұрышты (орын, кереует, іш киімдер, киім және басқа күтім жасауға арналған бұйымдар) дайындау жөнінде ұсынымдар береді. Босанғанға дейінгі патронаждар кезінде медицина қызметкері мыналарға назар аударады: 1) жүкті әйелдің күн режимі, диета еңбек ету, демалу, сүт бездеріне күтім жасау, санитариялық-гигиеналық режім мен емдеу-сауықтыру іс-шараларына қатысты акушер-гинекологтың ұйғарымын орындау; 2) шұғыл шаралар қабылдау мақсатында жүктіліктің өтуінің қауіпті белгілерін анықтау, сонымен қатар отбасы мүшелерін қатер тудыратын белгілерді тану және шұғыл медициналық көмекке жүгінуге үйрету. 13. Медицина қызметкері бала туылғанға дейінгі патронаж кезінде жүкті әйелді жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін «қатерлі белгілерін» тануға үйретеді және мынадай жағдайлар бір рет болған кезде тез арада медициналық көмекке жүгінуін ұсынады: 1) қынаптан қан аралас бөлінулер; 2) бұлшық еттердің тартуы және қол-аяқ, беттің жансыздануы; 3) бас қатты ауыруы; 4) іш ауыруы; 5) құсу; 6) ұрықтың сирек қимылдауы немесе қимылдамауы; 7) дененің қызуы 37,5оС-тан жоғары; 8) қағанақ суының ағып кетуі; 9) қол-аяқтың немесе дененің басқа мүшелерінің анық байқалатындай ісінуі; 10) демнің тарылуы немесе демікпе; 11) жүректің жиі қағуы; 12) көру қабілетінің бұзылуы. Патронаж кезінде алынған мәліметтер босануға дейінгі патронаж парағына жазылып, баланың даму тарихына (112/е нысанына) жабыстырылады. Ерте жастағы балаларға патронаж Ерте жастағы балаларға патронажды профилактикалық бақылауды бастапқы медициналық-санитариялық көмек қызметінің (бұдан әрі – БМСК) педиатрия (жалпы тәжірибе) бөлімінің орта медициналық қызметкері бала денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында үйде және медициналық ұйымдарда жүргізеді. БМСК медицина қызметкері патронаж өткізген кезде отбасындағы баланың күтіміне (қауіпсіз және құнарлы тамақтануын қамтамасыз ету, баланың дамуына ықпал ететін орта жасау) назар аударып, бала ауырған кезде ауруларды анықтау мен олардың алдын алу шараларларының уақтылы жүргізуін, ата-ана әрекеттерінің дағдылары мен білімдерін қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Аналар мен 5 жасқа дейінгі балаларды патронажды бақылау жиілігі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Медицина қызметкері патронаж кезінде ДДҰ ұсынған бала жастағы ауруларды ықпалдастыра қарау (бұдан әрі – БЖАЫҚ) қағидаттарына сәйкес 5 жасқа дейінгі балалардың ауруларының негізгі ауруларының алдын алу, диагностика және емдеу негізінде мынадай шараларды жүзеге асырады: 1) нәресте мен 2 айға толмаған сәби (қауіпті белгілердің, дамуында көзге байқалатын кемістіктердің және басқаларының ерте анықталуы) денсаулығының жай-күйіне дұрыс баға беру; 2) нәресте мен 2 айға толмаған сәбиге күтім жасауды (балалар кереуеті, бағып-күтуге қажетті керек-жарақтар, киім, ойыншық) бағалау; 3) ана денсаулығының жай-күйін (лактостаз/емшек қабынуы, босанғаннан кейінгі торығу, бала емізетін ананың тамақтану пирамидасын және т.б.) бағалау; 4) сүттің шығу жағдайын тексеру, емізу техникасын үйрету (кеудеге «4-3-4» жағдайында дұрыс салып, жатқызу), тек емізудің артықшылықтарына үйрету; 5) «2 айға толмаған» кезеңін қосқанда, баланы күтіп-бағуға үйрету; 6) психомоторлық және әлеуметтік дамуын (балаға ойын және қарым-қатынас жасау арқылы жете көңіл бөлу) бағалау; 7) БЖАЫҚ ерте жастағы балаларға күтім жасау ұсынымдарына сәйкес қосалқы коректендіруді енгізу; 8) мешел ауруы мен микронутриентті жетіспеушіліктің (темір, А витамині, мырыш) алдын алу; 9) баланың айналасындағы жағдайдың санитарлық жай-күйі және қауіпсіздігі: бөлмесінің гигиенасы (кереуеті, төсек-орны, ойнайтын жері), киімі, ойыншықтары, ыдыстары мен күтім жасауға арналған бұйымдары; 10) ауырған жағдайда жаттығу, массаж, дренажды массаж кешеніне үйрету; 11) ата-аналарды немесе баланы тікелей күтіп-бағатын өзге адамдарды науқас баланы күтіп-қарау, «қауіптіліктің жалпы белгілері», «науқас баланы тамақтандыру мәселесі», «қай уақытта тез қайтып келу керек» секілді ұғымдарға үйрету; 12) отбасында балаға жарақат салу, зорлық-зомбылық көрсету және қомсынып қараудың алдын алу, отбасының бала денсаулығына жауапкершілігін қалыптастыру; 13) ананың немесе баланы тікелей күтіп-бағатын адамдардың бұрын белгіленген ұсынымдарды орындауын бақылау; 14) Қазақстан Республикасының ұлттық алдын алу екпесі күнтізбесіне сәйкес балаға уақытылы екпе жасалуын бақылау. Нәрестені кесемен тамақтандыру Мақсаты: шала туылған баланы тамақтандыру. Көрсетімі: сору рефлексі болмаған жағдайда. Керекті заттар: сүт құйылған ыдыс, кесе, алжапқыш, 40-60°С ыссы су, дәке салфетка, маска, КБСУ. Алгоритм іс-әрекеті: Анасына процедура мақсатын түсіндіріп, келісімін алу. Қолды өңдеп, қолғап кию керек. Маска кию. 40-60°С ыдыстағы ыссы суға сүтті 36-37°С жылытып алу керек. Балаға алжапқыш кигізу. Баланы тізеде жартылай отырғызу. Сүтті теріге тамызып, сүттің температурасын қарау. Сүтті кесеге құйып алу. Кесені баланың төменгі еріндеріне тиіп тұратындай етіп ұстау. Кесені баланың еріндеріне тигізіп еңкейту, бала сүтті өздігінен ішу керек. Тамақтандырып болғаннан кейін алжапқышты алып, аузын салфеткамен сүрту керек. Масканы шешіп, пайдаланылған заттарды өңдеуге арналған ыдысқа салу керек. Қалды жуып, кептіру. Баланы тамақтандыруға арналған ыдысты тазалау және сақтау (үй жағдайында). Мақсаты: инфекцияның алдын алу. Керекті кұралдар: баланы тамақтандыруға арналған ыдыс, щетка, ершик, эмальды ыдыс (кастрюль), ас содасы, таза су. Алгоритм іс-әрекеті: Қолды гигиеналық деңгейде өңдеу. Сүт қалдықтарын төгіп тастау (тамақтандырып болған соң бірден ыдысты сумен шаю керек, сүт қалмас үшін) Қолданылған қасық және ыдысты 2 сағатқа 1% ас содасы ерітіндісіне батырып қою керек. (10,0-ді 1 л суда) Ерштың көмегімен пайдаланған ыдыстарды дұрыстап жуып, ағынды судың астында шайыңыз. Кастрюльге таза су құйып, оған ыдыстарды салып 10-15 мин қайнатыңыз. Суды төгіп тастап, таза ыдысты аузы жабық кастрюльде сақтайды. Қажет жағдайда ыдысты таза пинцетпен алыңыз. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз. Баланы тамақтандыруға арналған ыдысты тазалау және сақтау (стационарлық жағдайда) Мақсаты: инфекцияның алдын алу. Ресурстар: кесе, қасық, шөлмектер, еміздіктер, ас содасы, 100 гр сабын, су 2% соданы және сабынды ерітіндіні дайындаңыз (100 грамм ас содасы, 100грамм сабын, температурасы 450 С 10 литр су). Пайдаланған ыдыстарды (кесе, шөлмекті) қалған сүт қоспасынан босатып,ағынды сумен шай. Дайындалған ерітіндіге 30 минутқа салыңыз. Шөлмектерді ершпен мұқият тазалап жуып,ағынды сумен шайқап,торға аузын төмен қаратып қойыңыз. Кастрюльге таза су құйып, оған еміздіктерді салып 10-15 мин қайнатыңыз. Шөлмектерді, кесені құрғақ ыстық шкафқа 1800С-та 60 минут залалсыздандырыңыз. Шөлмектерді, кеселерді шкафтан шығарып,арнайы кастрюльге салып бетін жауып қойыңыз. Қажет жағдайда ыдысты таза пинцетпен алыңыз. Қолды гигиеналық деңгейде өңдеңіз. Шала туылған балаларды зонд арқылы тамақтандару Мақсаты: шала туған баланы тамақтандыру Көрсетпе: сору және жұту рефлекстері болмаған кезде Босану кезіндегі бас ішілік жарақат, постнатальды инфекция, ОЖЖ ишемиялық-нипоксиялық зақымдануы, жоғарғы еріннің, қатты және жұмсақ таңдайдың туа болған ақаулары, жүрек-қан айналу және тыныс алу жүйесінің ауыр жетіспешілігі Ресурстар: сауылған ана сүті немесе жасанды сүт қоспасы, 40-60С ыссы суы бар ыдыс, стерильді асқазан зонды №6 –салмағы 2500 гр, №8- 2500 гр жоғары, фонедоскоп, 2-5 мл 2 шприц, стерильді салфеткалар, пинцет, перчаткалар, маска, медициналық қалдықтардың "А" және "Б" кластары арналған контейнерлер, дез ертінділер, лейкопластыр. Шала туған балаға тамақтанар алдында және тамақтандырғаннан кейін апноэ ұстамасның алдын алу мақсатында оксигенотерапия жүргізген дұрыс. Іс әрекеттер алгоритмі: Анасына процедураның мақсаты мен жүру барысын түсіндіңіз. Ана сүті құйылған ыдысты 40-60С ыссы су бар ыдысқа салып, 36-37С-қа дейін жылытыңыз. Жөргектеу үстелін дез.ерітіндімен сүртіңіз, жаялықты жайыңыз. Баланы жөргектек үстеліне бас жағын жоғарылау етіп, бір қырынан жатқызып жатқызып, жаялықтан жасаған валикпен арқа жағынан тіреңіз. Қолыңызды өңдеп,, резин қолғап киіңіз. Асқазан зондының орамасының бүтіндігін, қолдану мерзімін тексереміз. Зондты енгізу тереңдігін өлшеңіз. Оң қолымызға зондты алып, ауыз бұрышынан- құлақ сырғалығы-семсерше өсіндіге дейінгі аралығындағы қашықтықты өлшеп, белгілеңіз. Зондты қалам ұстағандай шетінен 8-10 см қашықтықта ұстап, басын суға немесе сүтіне батырып алыңыз. Нәрестенің ауызын ашып, зондтың бос шетін тілдің ортасына қойыңыз, тілдің түбіріне қарай жаймен итере отырып, белгіленген жерге дейін енгізіңіз. Енгізу кезінде баланың реакциясын бақылаңыз енгізіңіз (ергер балада жөтел немесе цианоз байқалса, бқл зондтың тыныс алу жолдарына түскендігінің белгісі, ол кезде тезірек зонды кері шығарып, ылғалды оттегін беріңіз). Зондтың асқазанға түскендігіне көз жеткізіңіз: 2 мл шприц көмегімен жылы `(32-34 0 С) 0,9 % NaCl ерітіндіcін 0,5 мл көлемде жаймен зонд арқылы енгізіп, кейін жаймен поршеньді өзіңізге тарқанда асқазан сөлінің шығуы керек. Зонды лейкопластырмен нәрестенің бетіне жабыстырыңыз. 20,0 шприцтің поршенін алып тастап, шприцті жоғары көтеріп, қажетті сүт мөлшерін құйып, сүт ағып біткенше ұстаңыз. Сүт біткесін шприцті зонд канюласынан ажыратыңыз, зонд канюласын жабыңыз. Нәрестенің басын жоғарылау етіп, бір қырына жатқызыңыз. Тамақтанып болғасын зондтты жіңішке лейкопластырмен бетіне бекітіңіз. Қажет жағдайда зондты 24-48 сағатқа қалдыруға болады. Зондты ауыздан 2-3 см. қашықта оң қолыңыздың үлкен және сұқ саусақтарымен қысып ұстап, салфетка арқылы тез шығарып алыңыз. Баланы басын жоғарлау етіп, оң қырына жатқызыңыз. Пайдаданған шприц, зонд, салфеткаларды контейнерге салыңыз. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз да, қолыңызды жуып, кептіріңіз. |