СТАНДАРТЫ АКУШ. олды операция алдында жуу ісрекеті Масаты олды операция алдында залалсыздандыру ралжабдытар
Скачать 358.62 Kb.
|
Дене бөліктерінің термиялық және химиялық күйіктерінде алғашқы медкөмек алгоритмі Көрсетілімі: күйік шогының профилактикасы, анальгезия, жараны инфекциядан қорғау. Керекті құралдар: трамадол, анальгин 50%, күйіке қарсы аэрозоль, стерильді күйік пакеттері, глюкоза 5% ерітіндісі, немесе реополиглюкин. Тактика: -термиялық күйіктер кезінде– күйген тұсын (t 20-25 °C) салқын сумен 10 мин. бойы салқындату керек; -химиялық күйік кезінде – химиялық агрессивті сұйық қалдығын күшті ағынды судың астында 30 мин. бойы жуады (тек сөндірілмеген әктен болған күйік кезінде сумен жууға болмайды!). -анальгезия үшін трамадол 100-200 мг к/т (б/е) немесе анальгин 50% ер. 2-4 мл б/е. Наркотикалық аналгетик егуге кеңес берілмейді; - күйген жара бетін күйікке қарсы аэрозольмен өңдейді -асептикалық (стерильді) таңғыштар немесе жара үлкен болса стерильді жаймаға орайды; -тыныс жолдары күйсе, сыртқы тынысын бақылайды, көмекейі ісініп, тұншыға бастаса – трахеостомия жасау керек. -Күйік шогы басталса, қосымша: глюкоза 5% еріт. немесе реополиглюкин к/т, ересектерде сағатына 2 л немесе балаларда сағатына 0,5 л. құйылады. Хирургиялық инфекция кезінде алғашқы медкөмек алгоритмі Көрсетілімі: науқастың «қабынған» тұсына компресс басып, таңғыш таңу. Құралдары: спирт немесе Вишневский майы, шарик, салфетка, компресс қағазы, пинцет немесе қысқыштар. Техникасы: 1.Науқастың қабынған инфильтратын спиртпен 2 рет сүртіңіз. 2. Инфильтрат үстіне спирттік немесе Вишневский майымен компресс салыңыз. 3. Дәрігерге жолдаңыз. Антропометрия Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Дайындаңыз: 2 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін көлденең бой өлшегішті, 2 жастан жоғары бала үшін тұрғызып өлшейтін бой өлшегішті, дез ертіндісін, таза жөргекті, медициналық электронды таразы сантиметрлік лентаны, 70% спиртті, стерильді шарикті, пинцетті, қолданылған материалдарды салатын «А» және «Б» сыныптарына арналған контейнер. Баланың бас айналымын өлшеу Анасына процедура барысын түсіндіріңіз, оның келісімін алыңыз. Сантиметрлік лентаны алып, 2 жағынан спиртпен сүртіңіз. Лентаны шүйде сүйегігің бұдырына және қас үсті дөңестері арқылы өткіз. Сантиметрлік лентаның түйіскен жерінен көрсеткішті анықтаңыз. №112/е нысанға жазыңыз. Баланың кеуде айналымын өлшеу. Баланың кедесін жалаңаштаңыз, қолдарын жоғары көтеріңіз. Артқы жағынан екі жауырынның төменгі бұрыштарынан, алдыңғы жағынан емшек ұшы айналасындағы шеңбердің төменгі шетімен лентаны айналдыра өткізіңіз. Баланың қолдарын төмен түсіріңіз. Сантиметрлік лентаны түйіскен жерінен кеуде айналымының көрсеткішін анықтаңыз. №112/е нысанға жазыңыз Баланың бойын өлшеу Алгоритм іс әрекеті: Баланың бойын айқындау алдында бой өлшегіштің үстін дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Бой өлшегішке таза жөргек төсеңіз. Баланың бас киімін, аяқ киімін, шашындағы резенкелер мен қыстырғыштырды шешіңіз, бұрымын тарқатыңыз, егер бойын өлшеуге кедергі жасаса. Анасына баланы өлшегішке жатқызып, баланың басын өлшеп болғанша қозғалтпай ұстау керектігін түсіндіріңіз. Баланың басын жоғарғы планкаға тығыз тірелетіндей етіп, арқасымен жатқызыңыз. Баланың басын есту каналынан көздің астыңғы жағымен ойша жүргізілген түзеу сызық бой өлшегіш тақтайға перпендикуляр болатындай етіп орналастырыңыз. Бұл түзу сызық «Франкфурт сызығы» деп аталады. Баланың түзу жатырғанына, иықтыры тақтайға тиген, арқасы қисық еместігіне көз жеткізіңіз. Баланың тізесін бір қолыңызбен жаймен басып ұстап, аяғын барынша жазыңыз. Екінші қолыңызбен қозғалмалы планканы табанына тіреңіз, табаны тақтайға толық тиіп тұруы керек. Егер табаны толық тимей тұрса, табанын қыдықтап жіберіңіз, сол кезде бала табанын жазады. Көрсеткішті қарап, жазып алыңыз. Өлшемді 0,1 см дәлдікпен алыңыз. Баланың салмағын өлшеу Алгоритм іс-әрекеттері: 1.Таразының табағын дез ертіндімен сіңірілген бір рет пайдаланатын сүрткішпен сүртіп, сүрткішті қауіпсіз жою контейнеріне тастаңыз. 2.Таразыны қосыңыз, көрсеткішін 0-ге келтіріңіз. 3.Таразыға таза жөргекті төсеңіз. 4.Жөргектің салмағын өлшеп алыңыз (электронды таразының «тара» деген тетігін басып, таразы көрсеткішін «0»-ге келтіріңіз). 5.Анасына баланы таразыға салуын сұраңыз. Егер бала отыра алатын болса, онда отырғызып өлшеуге болады. 6.Баланың салмағын өлшеңіз. 7.Ф-112/е - баланың даму тарихына жаызңыз. 8.Баланы анасына беріп, жөргекті лас қапшыққа салыңыз. 9.Таразыны өшіріңіз. Физикалық дамуды бағалау (БШАЫЖ) Мақсаты: баланың физикалық дамуын бағалау Қажетті құралдар: 112 есептік нысан, таразы, бой өлшегіш, баланың физикалық дамуын бағалауға арналған кесте, ДСИ (дене салмақ индиксі) кестесі. Іс-әрекеттер алгоритмі Баланың салмағын және бойын өлшеңіз, алған нәтижені 112/ е нысанға жазыңыз. ДСИ кестесінен баланың ДСИ анықтап, оны да 112/ е нысанға жазыңыз. 112 есептік нысандағы физикалық дамуын бағалау кестесінен баланың жасына және жынысына сай кестелерді таңдап алып, қиылысу нүтелерінің Z- мағаналар мен медианаға қатысты орналасу нүктесін анықтаңыз (1,2,3, 0, -1,-2, -3): бойының жасына сәйкестігі (БЖ); салмағының жасына сәйкестігі (СЖ); салмағының бойына сәйкестігі (СБ); ДСИ-дың жасына сәйкестігі (ДСИ/Ж) Физикалық дамуын бағалау қорытындысын 112 есептік нысанға жазыңыз. Физикалық дамуын бағалау кестесі
Ескертпе: Өте ұзын бойлы балада эндокринологиялық бұзылыстар болуы мүмкін. Бұл диапазондағы көрсеткіштерді бойының салмағына немесе ДСИ жасына сәйкестігі көрсеткішетеріне сүйене отырып бағалаңыз. Егер сызық 2 Z-мағанаға бағытталса онда айқын қауіптілікті көрсетеді. Аласа, өте аласа бойлы балада артық салмақ болуы мүмкін. Мысалы: Ер бала, 4 ай, салмағы-6200,0гр, ұзындығы-65 см. ДСИ-14.7 Кесте бойынша немесе формула бойынша ДСИ-ді анықтаймыз. Формула ДСИ=салмағы (кг)/бойының квадраты (метр) ДСИ= 6,2 кг/0,65*0,65м= 14,7 БЖ- (0), СЖ-(-1), СБ- (-1), ДСИ/Ж- (-1) ФД- қалыпты. Денсаулықты комплексті бағалау Денсаулықты комплексті бағалау үшін Громбах С.М алты критерий ұсынған: 1.Физикалық даму 2.Нерв-психикалық даму 3.Резистентік 4.Жүйенің функциялық жағдайы 5.Созылмалы аурудың болуы және болмауы 6.Туа біткен ақаулардың болуы. Осы мәлеметке сүйеніп 5 денсаулық тобы анықталады. 1 топ. Барлық критерилер бойынша ауытқу жоқ «дені сау» балалар. 2 топ. Анамнезінде асқынулар бар немесе морфологиялық өзгерістер бар. Созылмалы патологиялар даму қауіпі бар балалар. 3 топ. Созылмалы аурулары бар немесе іштен туған ақаулары бар компенсация жағдайдағы балалар. 4 топ. Созылмалы аурулары бар немесе іштен туған ақаулары бар субкомпенсация жағдайдағы балалар. 5 топ. Ауыр созылмалы ауруы, ауыр туа болған ақаулары бар декомпенсациялық жағдайдағы балалар. Ауру тарихы (үлгісі) І. Паспорт бөлімі. ІІ.Аурудың шағымдары Шағым деп науқастың өзі сезінетін аурулық сезімді айтады. Шағымдар негізгі жәнеқосымша болып 2-ге бөлінеді. Негізгі (бас шағым) әр мүшенің патологиясына тән болады. Қосымша шағымдар организмнің патологиялық процесске жалпы арнаулы емес жауабының көрінісін білдіреді. Бұл шағымдар әртүрлі ауруларда бірдей болады (әлсіздік, делсалдық, тершеңдік, ұйқысының бұзылуы т.б.). Негізінен шағымды қай жері, мезгілі, саны, сапасы, себебі, қосалқы жағдайларды анықтау бағытында талдайды. ІІІ. Осы аурумен ауру тарихы Бала осы аурумен алғашқыда қандай жағдайда ауырды. Аурудың басталуына қандай әсерлер себебін тигізді (жүйкелік зақымдану, физикалық және ойлық шаршау, инфекция, тоңазу және т.б.). Аурудың басталуы: жедел, біртіндеп. Аурудың даму барысы (жүйелігі, күшеюі, өзгерістері, белгілерінің жойылуы, жаңаларының пайда болуы). Бұрынғы (үйде, емхана) жасалған емдік шаралар және олардың тиімділігі. ІV. Науқастың өмір тарихы Бала нешінші жүктіліктен. Бұдан бұрынғы жүктіліктердің нәтижелері. Соңғы жүктіліктің өрбуі (уыттың денеге жайылуы, ауруы, жарақаттануы, кәсібі, сырқаты). Босанудың барысы (жедел, шапшаң, ұзақ, құрғақ, сусыз кезең), қолданған шаралар, туылған күні (күні жетіліп немесе шала туылған). Дене салмағы, ұзындығы туған кезде тұншығуы, сарғыштығы. Кіндігінің түскен уақыты. Неше тәуліктен кейін, қандай салмақпен перзентханадан шығарылды. Нәрестелік кездегі ауырған аурулары. Қоректенуі. Ауру баланың жүйке іс-әрекетінің дамуы. Физикалық дамуы. Ауырған науқастары: қандай, қай жасында, аурудың сипаты, ерекшеліктері, асқынуы, жасалған операциялар. Отбасы жағдайлары: пәтердің көлемі, лайықтығы, сәйкестілігі, отбасының әл-ауқаты. Баланың күтімі. Эпид анамнез: жұқпалы және туберкулез ауруларымен науқас адамдармен қарым-қатынасы. Алдын-ала егулер. Аллергиялық мәлімет. Тұқым қуалаушылық: ата-аналарының кәсібі, денсаулығы, апасы, ағасы, інілерінің денсаулығы, қайтыс болса қандай себептермен. Туысқандарының арасында созылмалы, тұқымқуалайтын аурулардың түрлері. V. Жалпы қарау 1. Науқастың жалпы жағдайын бағалау. Қанағаттанарлық, орташа, ауыр. 2. Тері (түсі, ылғалдылығы, бөртпелер, тургор, дермографизм). 3. Тері асты май қабаты (қалыңдығы). 4. Бұлшық ет жүйесі (гипотония, гипертонус). 5. Сүйек жүйесі (үлкен еңбек). 6. Тыныс жүйесі (мұрынды қарау, жұтқыншақты қарау, кеуде қуысын, дем алу түрі, тыныс жиелігі, дауыс дірілін анықтау, перкуссия, аускультация). 7. Жүрек-қан тамыр жүйесі: перкуссия, аускультация, пульс, қан-қысымы. 8. Ас қорыту мүшелері (ауыз қуысын тексеру, ішті қарау – пальпация, перкуссия, аускультация). 9. Бауырды пальпациялау,перкуссиялау, талақты пальпациялау 10. Лимфа түйіндерін пальпациялау. 11. Зәр шығару жүйесі (бүйректі пальпациялау, Пастернацкий белгісі, зәр шығаруының өзгеруі). VІ. Болжамалы диагноз VІІ. Тексеру жоспары VІІІ.Клиникалық диагноз Бұлшық ет тонусын анықтау Бұлшық ет тонусын бірнеше әдістермен анықтауға болады. Баланың бұлшық ет тонусын қандай позада, аяқ-қолының қандай қалыпта тұрғанынын визуальды қарау арқылы бағалауға болады. Пальпация жасау арқылы бағалау- консистенция және пассивті қимылдар жасауға көрсететін кедергі бойынша анықтайды. Бұлшық еттің әлсіздігі, босаңдығы гипотонусын көрсетеді де, керілгіштігі, тартымдылығы, тығыздығы бұлшық еттің тонусының жоғары (гипертонус) екенін көрсетеді. Бұлшық еттердің бүккіш топтарының тонусы жоғары болғанда «қайтару» белгісі анықталады. Оны тексеру үшін шалқасынан жатқан баланың аяғын абайлап жазып столдың бетіне басып 5 сек ұстап тұрады. Содан кейін, қоя бергенде баланың аяғы тез бұрынғы орнына барады. Ал егер бұлшық ет тонусы сәл-ақ кеміген болса орнына қайтып бармайды. Бұлшық еттердің жалпы, әсіресе арқа еттердің, тонусын тексеру үшін баланы аяғынан ұстап, абайлап басын төмен салбыратып тік ұстайды. Егер бұлшық еттердің тонусы қалыпты жағдайда болса басы мен денесі бір сызықтың бойында болады, бірақ басы салбырайды, қолдары сәл бүгулі болады. Ал, аяқтары тіке жазылған болады. Егер басы салбырап тұрса, ауыр жағдайларда қолы да, онда бұлшық еттер тонусы төмендегені. Тонусының жоғарлауы аяқ-қолының қатты бүгілуінен және басының кейін қатты шалқайғанынан көрінеді. Емшек жасындағы балалардың қол еттерінің тонусы тарту арқылы байқалады. Шалқасынан жатқан баланы, отырғызуға тырысып, қолынан тартады. Әуелі бала қолдарын жазып жібереді (бірінші кезеңі), содан соң денесінен дәрігерге көмектесіп тартынады (екінші сатысы). Егер тонусы жоғары болса бірінші сатысы болмайды, ал төмен болса екінші сатысы болмайды. Шала туған балаларда бұлшық еттердің тонусының төмен болуы 1,5-2 айға дейін байқалады. Одан кейін пайда болатын тонустың жоғарылығы 5-6 айға дейін сақталады. Ал, мерзіміне жетіп туған балаларда қол бұлшық еттерінің физиологиялық гипертонусы 2 айға, аяқтарында 4 айға созылады. Пассивті (белсенділіксіз) қозғалыстарды тексергенде шынтақ буынын 180 градус жазылуы, сандары екі жаққа бірдей 75 градусқа жазылуы, ұршық буындарында 150 градусқа жазуға болса, ал аяқ басын 120 градусқа бүгуге болса, басын жанына бұрып, иегін бұғананың шетіне жеткізеді, қолының саусақтары қарсы жақтағы иығына жететін болса, қалыпты деп есептелінеді. Белсенді қозғалыстар баланың дербес қозғалыстарын немесе оның ойын кездегі қозғалыстарын бақылау арқылы бағаланады. Баланы ойыншықтармен ойнауға ынталандырып, оны қолымен, аяғымен түрлі қимылдар жасатады (қолына аяғын бүгу, жазу, қысу, отыру, жүру, секіру). Перефериялық лимфа түйіндерін пальпациялау Пальпациялау екі жағынан, лимфа түйіндерін тығыз тканьге тіреуге тырысып, сұқ және ортаңғы аусақтармен жүргізіледі. Осы кезде тері астыныдағы лимфа түйіндерді саусағымызбен сезе аламыз. Пальпация кезінде лимфа түйіндерінің: Мөлшерін (сантиметрмен) тары, чечевица, бұршақ, орман жанғағы, көгершін жұмыртқасы Санын (бірлі жарым, көптеген) Консистенциясы (эластикалы, тығыз) Қозғалғыштығы Тері мен тері асты шел қабатына қатысты (жабысқан немесе жабыспаған) Сезімталдығы мен ауырсынуы пальпация кезінде Қалыпты жағдайда мөлшері 1-5 мм, консистенциясы эластикалық, жабыспаған, ауырсынбайды, 2-3 топтардан артық емес, саны бірілі жарым лимфа түйіндер пальпацияланады. Пальпация келесі тәрітіпте жүргізіледі: шүйде құлақ арты (еміздікше тәрізді өсінді) жақ асты (төменгі жақтың бұрышы асты) иек асты (иек асты аймағы) алдыңғы мойын (кеуде бұғана еміздікше тәрізді бұлшық еттің алдыңғы шетімен) артқы мойын (кеуде бұғана еміздікше тәрізді бұлшық еттің артқы шетімен) бұғана үсті (бұғана үсті шұқыры) бұғана асты (бұғана асты шұқыры) қолтық асты (қолытық асты шұқыры) шап (шап сіңірінің бойымен) Баланың үлкен еңбегін анықтау Бала туылған кезде бас сүйек үлкен сүйек болып есептеледі. Төбе, самай және шүйде жігі ашық болады, 3 – 4 айлығында жабыла бастайды. Жетілген балаларда бүйір еңбектері жабық болады. Кіші еңбек (артқы) жаңа туылған балаларда 25 пайыз ашық және ол туылғаннан кейін 4 – 8 аптадан кейін жабылады. Үлкен еңбек (алдыңғы) ромб пішінді, ал мөлшерде әр түрлі болуы мүмкін. Үлкен еңбектің пішінін, мөлшерін және сүйектің тығыздығын пальпациялау арқылы танықталады. - Баланы жатқан немесе отырған күйінде пальпациялау жүргізіледі. -Тексеруші бас бармақтарын маңдайында түйістіріп, 2,3,4 саусақтарын самай және төбе сүйектеріне қояды. -2,3,4 саусақтарды бас сүйегімен жылжыта отырып, еңбектің жиегінің беріктігін, иілгіштігін, оның бүлкілін анықтайды. -Еңбектің мөлшерін 2 қарама-қарсы қабырғалары аралығын өлшеу арқылы анықтайды. Олар шамамен 3*3 см ден 1,5 * 2 см – ге дейін болады. Қалыпты жағдайда үлкен еңбектің жабылуы 1 – 1,5 жасында болады. |