Главная страница
Навигация по странице:

  • Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау

  • Атиптік жасушаларға қақырықты жинау

  • Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау

  • Жұтқыншақтан жағынды алу

  • Мұрын қуысынан жағынды алу

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница15 из 20
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқастан таңертең тамақ қабылдамағаның анықтаңыз.

    2. Зертханаға жолдама жазып, пробирканы нөмірлеңіз.

    3. Науқасқа ыңғайлы қалыпты алуына көмектесіңіз.

    4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз. Оларды тері антисептигімен өндеңіз.

    5. Масканы, қолғапты, қорғаныш көзілдірікті, алжапқышты киіңіз.

    6. Бір рет қолданылатын шприцтің орауын ашып, оны құрастырып, инеден қалпағын алмай тұрып, ауасын шығарыңыз, шприцті ораудың ішкі бетіне салыңыз.

    7. Науқастың шынтақ астына клеенкалы жастықшаны салыңыз.

    8. Резеңке бұрауды иықтың ортанғы 1/3 бөлігіне салфетканың немесе іш киімінің үстінен салыңыз.

    9. Бұрауды былай байлаңыз, оның бос ұштары жоғары қарай бағытталған болады, ал ілгегі төмен.

    10. Қаржілік артериясындағы тамырын ұстаңыз (тамыр соғуы сақталу керек).

    11. Көк тамырды зерттеңіз. Ең көп толған көк тамырды табыңыз.

    12. Көк тамырды толтыру үшін науқастан жұдырығын бірнеше рет қысуын және ашуын сұраңыз. Сосын оны қысуын.

    13. Спирттелген екі мақта шариктерімен шынтақ бүгілісі аймағын, инъекция жасайтын жерді реттілікпен тазартыңыз, оларды контейнерге салыңыз. 3-ші мақта шаригін сол қолдың ІV және V саусақтар арасында ұстаңыз.

    14. Оң қолыңызға шприцті алыңыз: ІІ саусақ иненің канюлясында, ал ІІІ, ІV саусақтармен цилиндрді жоғарыдан орап алыңыз, І саусақты төмен ұстаңыз.

    15. Сол қолдың үлкен саусағымен болжаған тесетін жерден төмен көк тамырды бекітіңіз.

    16. Инеден қалпағын алып, әдеттегідей көк тамырды тесіңіз (науқастың жұдырығы қысылған).

    17. Поршенді өзіңізге қарай тартыңыз, ине көк тамырда екеніне көзіңізді жеткізіңіз.

    18. Сол қолмен ақырын поршенді өзіңізге қарай тарта отырып, 5-7 мл қанды шприцке сорып алыңыз.

    19. Резеңке бұрауды шешіңіз, науқас жұдырығын ашуы қажет, жылдам қозғалыспен көк тамырдан инені шығарыңыз.

    20. Спирттелген мақта шаригін инъекция жасаған жерге 3-5 минутқа салыңыз, науқастан шынтақ буынынан қолды сәл бүгуін сұраңыз.

    21. Шприцтен инені алып, контейнерге салыңыз.

    22. Шприцтен қанды пробирканың қабырғасына жай қысусыз құйыңыз, оның шашырамауын қадағалаңыз.

    23. Пробирканы су өтпейтін тығынмен жабыңыз.

    24. Пробирканы қанмен бірге штативпен бірге контейнерге қойыңыз, оны тығыз жабыңыз.

    25. Науқасқа тұруға немесе жайлы қалып алуына көмектесіңіз.

    26. Көк тамырды тескен жерден қан бөлінбегеніне көзіңізді жеткізіңіз. Науқастан мақта шаригін алып, контейнерге салыңыз.

    27. Контейнер мен жолдаманы биохимиялық зертханаға жіберіңіз.

    28. Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

    29. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту:

    • биохимиялық анализге көк тамырдан қанды алу таңертең ашқарында 10 мл мөлшерінде жүргізіледі;

    • ЖҚТБ және RW қан алуды күннін әрбір уақытында 5 мл мөлшерінде жүргізіледі;

    • қанды алуға арналған пробирка құрғақ болуы керек (әйтпесе эритроциттердің гемолизі болады). Химиялық таза, қашап қыйыстырылған резеңке тығыны болады;

    • шприцсіз қанды алуға тиым салынады. Тек инемен (қан шашырау қауіпсіздігі бар).

    • жолдамасында пробирканын нөмерін, зерттеу мақсатын, науқастын аты-жөнін, жынысын, жасын, диагнозын, бөлімін көрсетіңіз;

    • қауіпсіз жүйесі бар қанды алу вакутайнер (BD VACUTAINER) медициналық қызметкерлерді максимальды сақтауды, алатын материалдың сапасын қамтамасыз етеді.


    Жалпы клиникалық анализге қақырықты жинау
    Мақсаты: қақырықтың физикалық-химиялық қасиеттерін және жасушалық құрамын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің және жүрек қан тамырлары жүйелерінің аурулары.

    Дайындаңыз:

    • таза құрғақ, кең ауызды 50-100 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

    • банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палатасының №, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні);

    • 0,5-0,7 литр мөлшеріндегі қайнатылған су температурасы 370С.


    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы науқасқа нұсқау жүргізіп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Қақырық таңертең (ашқарынға) ерте асқа дейін алынады.

    3. Науқастан сұраңыз:

    • таңертең 2 сағаттай қақырықты жинамас бұрын тісін тазартуды;

    • тұп-тұра қақырықты жинар алдында ауыз қуысын және жұтқыншақты қайнатылған сумен шаюды;

    • тік тұруды немесе тік отыруды;

    • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды; оған жанаспай, терең дем алуды және дем шығаруды жасап, сосын жөтелуді; қақырықты 3-5 мл мөлшерде банкіге жинаңыз;

    • қақырығы бар банкіні қақпақпен жабыңыз.

    1. Жиналған қақырықты қарап, оны жинағаннан кейін 2 сағаттың ішінде зертханаға жіберіңіз.


    Ескерту:

    • егерде жиналған қақырық мөлшері 3-5 мл-нан аз болса, онда қақырықты жинау процедурасын қайталау қажет;

    • қақырынған кездегі қақырық емес, тек қана жөтелгенде бөлінген қақырық қана зерттеуге жатады екенін науқасқа ескерту қажет.


    Атиптік жасушаларға қақырықты жинау
    Мақсаты: қақырықтағы қатерлі ісік жасушаларын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: тынысалу мүшелерінің аурулары, қатерлі ісік ауруларына күдік болған жағдайда.

    Дайындаңыз:

    • таза құрғақ, кең ауызды 50-200 мл ашық шыныдан жасалған банкіні;

    • банкінің сыртқы бетіне жолдаманы жазып, желімдеп жапсырыңыз (бөлімі, палата нөмірі, науқастың аты-жөні, жасы, зерттеу мақсаты, күні).


    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы мәліметті айтып, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Қақырық ерте таңертең (ашқарында) асқа дейін жиналады.

    3. Науқастан сұраңыз:

    • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жинамас бұрын тісін тазалауды;

    • ауыз қуысы мен жұтқыншақты қайнатылған сумен тұп-тура қақырық жинар алдында шаюды;

    • тік тұруын немесе тік отыруын;

    • қақырықты жинау үшін төменгі ерін тұсында банкіні ұстауды;

    • бірінші рет терең дем алуды және дем шығаруды жасауды, сосын жөтелуді.

    1. Жаңа бөлініп шыққан 3-5 мл мөлшеріндегі қақырықты банкіге жинап, оны қақпақпен жабыңыз.

    2. Жиналған қақырықты қарап бір сағаттан кешіктірмей оны зертханаға жіберіңіз, себебі атиптік жасушалар жылдам бұзылады.



    Аурухана жағдайында бактериоскопиялық зерттеу үшін туберкулезге қақырық жинау
    Мақсаты: туберкулез микобактериясын айқындау, науқасты өз бетімен қақырық жинауға үйрету.

    Қолдану көрсетілімдері: тыныс алу мүшелерінің аурулары.

    Дайындаңыз: көп рет немесе бір рет қолданылатын 3 түкіргішті немесе тығыз бұрандалы қақпағы бар контейнерлерді, таза құрғақ мөлдір әйнектен жасалған кең ауызды 50-200 мл банкіні қақпағымен, жолдаманы жазып банкіге желімдеңіз (науқастың аты жөні, туған жылы, жиналған күні, науқастың теңестіру номерін, жолдама Ф-ТБ-05).

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

    2. Қақырық жинау ашық ауада, басқа адамдар болмағанда немесе арнайы осы мақсатпен бөлінген жақсы желденетін, терезесі ашылатын, сорып алатын, жел тартқыш және кварц шамы бар бөлек бөлмеде жүргізілуі тиіс.

    3. Масканы, клеенкалы алжапқышты, резеңке қолғапты киіңіз.

    4. Таңертең ертең таңғы асқа дейін 3 күн қатарымен қақырықты жинаңыз. Науқасқа ашық түкіргішті немесе контейнерді беріңіз.

    5. Науқасты тісін тазалауды және ауыз қуысы мен жұтқыншағын сода ерітіндісімен немесе сумен шайқауын сұраңыз.

    6. Наукастың артынан тұрып, аузына түкіргішті немесе контейнерді жақындатуын сұраңыз.

    7. Науқасты аузын орамалмен немесе салфеткамен жабуын сұрап, 3 рет терең дем алуын және дем шығаруын сұрап, соңынан қатты жөтеліп 3-5 мл мөлшерінде қақырықты түкіргіштің немесе контейнердің қырына жанастырмай қақырынып түкіруін сұраңыз.

    8. Түкіргішті (контейнерді) қақпағымен жабыңыз.

    9. Қақырықты қараңыз және қақырықтың ішінде сілекей емес, тығыз іріңді түйіршікті қақырық болуына көзіңізді жеткізіңіз.

    10. Таңертеңгі жиналған қақырықты лабораторияға 1 тәулік ішінде жіберіңіз.

    11. Ф-ТБ-05 жолдама бланкісін ресмилеңіз.


    Ескерту:

    • емхана, амбулатория, ФАП жағдайында қақырықты бактериоскопиялық зерттеуге жоғарыда жазылған ережеге сәйкес жинайды;

    • ауруханадан тыс жағдайда қақырықты жинау ерекшелігі, қақырық 2 рет алынады:

    • қақырықтың I байқауы – науқас емханаға таңертең қаралғанда медициналық қызметкерінің бақылауымен жинастырады;

    • қақырықтың II байқауы – келесі күні таңертең үйде жиналып, лабораторияға апарылады;

    • қақырықтың III байқауы – сол күні емханада медициналық қызметкерінің бақылауымен наукастың қақырығын жинайды (2-3 байқау үлестері бір күнде);

    • қақырықты жинау міндетті түрде медициналық қызметкерінің бақылауымен жүргізіледі;

    • көп рет пайдаланатын түкіргіштер немесе контейнерлер зарарсыздандырылуға және залалсыздандырылуға тиісті;

    • бір рет қолданылатын түкіргіш пайдаланып болғаннан кейін жойылуға тиіс.



    Бактериологиялық зерттеуге қақырықты жинау
    Мақсаты: диагностикалық: аурудын қоздырғыштарын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: туберкулез және басқа да жұқпалы аурулар.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған құрғақ түкіргішті немесе тығыз жабылатын қақпағы бар таза, құрғақ, кең мойынды банканы, биксті, шыны аяқ, қайнатылған сумен (суытылған), салфеткаларды, жолдама бланкасын, қаламсапты, стеклографты, қолғапты, бет пердесін, зарасыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қақырық зерттеу күні таңертең ашқарында жиналады.

    2. Түкіргішті немесе банканы нөмірлеңіз.

    3. Бактериологиялық зертханаға жолдаманы толтырыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты және бет пердені киіңіз.

    5. Науқаспен сенімді қатнас орналастырып, емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    6. Қақырықты зерттеуге жинау ережесі туралы нұсқауды науқаспен жүргізіңіз.

    7. Науқасқа қақырғандағы қақырық емес, терең жөтелгендегі қақырық жиналуы тиісті, қолымен немесе аузымен ыдыстың шетіне тимеуін ескертіңіз.

    8. Науқастан сұраңыз:

    • таңертең, қақырықты 2 сағаттай жыйнамас бұрын тісін тазалауды;

    • ауыз қуысы мен жұтқыншағын қайнатылып суытылған сумен шаюды;

    • тік тұруын немесе тік отыруын;

    • түкіргіштің қақпағын ашуды;

    • аузын матамен немесе орамалмен жауып тұрып, 3 рет терең дем алып және 3 рет терең дем шығарып тұрып, қатты жөтеліп қақырықты өкпенің терең бөліктерінен түкіргішке шығаруын;

    • науқас қақырық жинайтын түкіргішті төменгі еріннін тұсында ұстап, түкіргіштің немесе банканың шетіне тигізбей қақыруы тиістігін.

    1. Түкіргішті немесе банканы қақпақпен жабыңыз.

    2. Түкіргіштің сыртқы бетін зарарсыздандыру ерітіндісіне батырылған салфеткамен сүртіңіз.

    3. Жиналған қақырықты қарап, түкіргішті темірлі бикске орналастырыңыз.

    4. Бактериологиялық зертханаға қақырықты апарыңыз.

    5. Бет пердесін, қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз.

    6. Қолды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту:

    • қақырық бөлу қиындаған жағдайда оны қақырық бөлетін дәрі-дәрмектерді тағайындалғаннан кейін жинайды;

    • антибиотиктерді тағайындамай тұрып, қақырықты жинау қажет.



    Жұтқыншақтан жағынды алу
    Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғыштарын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: жұтқыншақ микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда (дифтерия).

    Дайындаңыз: дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларды штаттивімен; материал алу үшін құрғақ мақта тампондары, темір өзегі бар таяқшаға бұралып жасалған крафт пакетінде залалсыздандырылған шпательді; пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті; пробиркаларды белгілеу үшін стеклографты, жолдама бланкісін, қолғапты, бет пердені, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа жасалатын емшараның барысы мен мақсатын түсіндіріп, оны жүргізуге науқастың келісімін алыңыз.

    2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

    3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмерді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «жұтқыншақ-1», пробирканы штативке орнатыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Бет перде мен қолғапты киіңіз.

    5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

    6. Науқасқа қарама- қарсы отырыңыз.

    7. Сол қолдың IV және V саусақ арасына, тампоны бар залалсыздандырылған пробирканы, шпательді басқа үш саусағымен ұстаңыз.

    8. Науқастың аузын кең ашуын сұрап, шпательді аузына енгізіңіз.

    9. Тілдің түбірін төмен және алға қарай шпательмен басып, тілді қимылдатпай ұстап тұрыңыз.

    10. Пробиркадан залалсыздандырылған тампон оралған темір өзекті оң қолмен тығынынан ұстап шығарып алыңыз.

    11. Тампонды тілдің, тісктік, ұрттың, жұмсақ таңдайдың шырышты қабығына ауыз қуысына енгізіңіз.

    12. Жеңіл айналмалы қозғалыспен жұтқыншақтың артқы бетінен 2-3 рет тампомен жүргізіңіз.

    13. Тампонмен таңдай тіл доғасынан, көмекей бездерінен төмендегідей реттілікпен жағынды алыңыз: оң жақ таңдай доғасы, оң жақ көмекей безі, тілшік, сол жақ таңдай доғасы, сол жақ көмекей безі, жұтқыншақтың артқы бетінен шырышты алыңыз.

    14. Шпательді ауыз қуысынан шығарып, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз.

    15. Тампонды ауыздың тілдің тістің шырышты қабығына тигізбей ауыз қуысынан шығарыңыз және оны пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай пробиркаға енгізіңіз де аузын тығыз жабыңыз.

    16. Штативті пробиркасымен бикске орналастырып, биксті «кілтке» жабыңыз.

    17. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    18. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    19. Зерттеуге алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жеткізіңіз немесе 370С термостатқа бактериологиялық зертханаға жөнелтпес бұрын орналастырыңыз.


    Ескерту:

    • жұтқыншақтан жағынды таңертен, аш қарында немесе тамақ ішкеннен кейін, су ішкеннен кейін, тамақ шайқағаннан кейін 2 сағаттан соң (дәрілік препараттар қабылдаудың алдында) алынады;

    • бактериологиялық зертеудің нәтижесі 5-7 күннен кейін дайын болады, егер науқас дұрыс дайындалса және жағынды дұрыс алынса;

    • егерде жергілікті өзгерулер айқын белгілі болса зертеуге материалды қабынған жер ошағынан және басқа да жерлерден екі тампонмен алынады.

    Мұрын қуысынан жағынды алу
    Мақсаты: диагностикалық: жұқпалы аурудың қоздырғышын анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: мұрын микрофлорасын тексеру, жұқпалы ауруға күдік болғанда.

    Дайындаңыз: штативті мақта-дәке тампондарымен аузы (тығынмен) тығыз жабылған залалсыздандырылған пробиркаларымен, материал алу үшін құрғақ мақта тампондары бұралып жасалған темір өзегі бар таяқшаны, крафт пакетіндегі залалсыздандырылған шпательді, пробиркаларды тасымалдауға арналған биксті, штативті, стеклографты, жолдама бланкісін, резеңке қолғапты, масканы, вазелин майын, турундаларды, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, емшараны жүргізу үшін науқастың келісімін алыңыз.

    2. Бактериологиялық зертханаға жолдама жазыңыз.

    3. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді стеклографпен пробиркаға белгілеңіз: «Мүрын-2» , пробирканы штативке орнатыңыз.

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз. Маскамен, қолғапты киіңіз.

    5. Науқастың бетін жарыққа қаратып отырғызып, басын сәл артына шалқайтуын сұраңыз.

    6. Науқасқа қарама-қарсы отырыңыз.

    7. Науқастың мұрын қуысын қарап, оның таза екендігіне көзіңізді жеткізіңіз.

    8. Мұрын қуысының алдыңғы бөлігін тазартып алыңыз (науқастың мұрнын сіңбіруін сұраңыз), вазелин майымен оларды жібітіп алып мұрын ішіндегі қабыршақтарды тазалап алыңыз. Содан кейін құрғақ мақта турундасымен тазартыңыз.

    9. Беті жабық «Мүрын-2» деген пробирканы сол қолдың III-IV-V саусақтары астына алыңыз, ал оң қолмен тығынынан ғана ұстап, пробирканың (оң қолдың саусақтары тек пробирканың тығынына ғана тиуі тиіс) ішіндегі мақта оралған темір өзекті шығарып алыңыз.

    10. Науқастың мұрынының үшын сол қолдың үлкен саусағымен көтеріңіз, ал оң қолмен тампонды жеңіл айналмалы қозғалыспен бір мұрын қуысына, содан кейін екінші мұрын қуысы ішіне 1,5-2 см тереңдікке, мұрын қабырғаларына, мұрын пердесіне тығыз жанастыра тигізіп енгізіңіз.

    11. Мұрын қуысынан тампонды шырышпен шығарыңыз.

    12. Ептеп пробирканың жиегіне немесе сыртқы беттеріне тигізіп алмай өзекті оның ішіне тампонды енгізіңіз.

    13. Пробирканың ауызы тығыз жабылғанын қадағалаңыз.

    14. Пробирканы штативке орналастырып, сосын бикске оны «кілтке» жабыңыз.

    15. Қолғапты, масканы шешіп, кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    16. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

    17. Алынған материалды бикспен және жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей жіберіңіз.

    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


    написать администратору сайта