Главная страница
Навигация по странице:

  • Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу

  • Қолдану көрсетілімдері

  • ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу

  • Ескерту

  • Мақсаты

  • Бактериологиялық

  • Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен»

  • Бактериологиялық зерттеуге

  • Бронхоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі

  • Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау

  • Дайындаңыз

  • Науқасты

  • Колоноскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница17 из 20
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

    Ескерту:

    • бикстегі зәрді жолдамасымен бактериологиялық лабораторияға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз;

    • жиналған зәрді апарар алдында температурасы 4-60С тоңазытқышқа сақтайды;

    • микрофлораға зәрді зерттеу антибиотиктерді, уросептиктерді қабылдамас бұрын және диурез қалыпты су ішу тәртібінде;

    • егерде табиғи жолмен зәр жиналмаса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша, қуыққа катетерлеу жүргізіледі.


    Копрологиялық зерттеуге нәжісті алу
    Мақсаты: нәжістің макроскопиялық, микроскопиялық, химиялық құрамын зерттеу, ас-қорыту жолдарының функциональді жағдайын зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: ас-қорыту мүшелерінің аурулары.

    Дайындаңыз: таза құрғақ 20-50 мл кең мойынды (дәрінің флакондарын) шыны ыдысты, судноны, шыны қалақшаны, жолдаманы жазып ыдысқа жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы), резеңке қолғапты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зерттеу алдында науқасқа емшара барасы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    2. 3 күн зерттеуге дейін темірі бар (ет, балық, көқөністің барлық түрлері) тағам заттары шығарылады деп науқасқа мәлімет беріңіз. Нәжістің сыртқы көрінісін өзгертетін және ішектің жиырылып кенуін күшейтетін дәрі-дәрмектерді беру тоқтатылады. 4-ші күні нәжіс зерттеуге алынады.

    3. Қажет болған жағдайда, тамақтың сіңіру дәрежесін зерттеу арнайы емдәмді қолданылады, дәл мөлшердегі анықталған азық-түлік жиынтығы (Шмидт және Повзнер емдәмі) нәжіс зерттеуге 5 күн қалғанда. 6-шы күні зерттеуге нәжіс алынады.

    4. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу күні таңертең нәжіс зерттеуге алынады.

    5. Зерттеуге нәжісті жинау іс-әрекеттін науқасқа үйретіңіз:

    • нәжісті жинар алдында науқас қолғапты киюі қажет;

    • ішекті сусыз судноға босатқан соң, науқас қалақшамен нәжістің әрбір жерінен 5-10 г нәжісті алады және даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

    1. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып, құрғатады.

    2. Ыдысты нәжіспен және жолдамамен клиникалық лабораторияға апарыңыз.


    Ескерту:

    • тамақтың сіңіру дәрежесін зерттегенде дәрігердің тағайындауы бойынша Шмидт немесе Повзнер емдәмдерін пайдалану, олардың құрамында дәл мөлшерленніп анықталған азық-түлік жиынтығы бар;

    • клизма жасағаннан кейін, суппозиторийді және ішті босататын дәрілерді қолданғаннан кейін нәжісті зерттеуге алуға болмайды.


    ІШ құртының жұмыртқасын анықтауға нәжісті алу
    Мақсаты: нәжістегі іш құртының жұмыртқасын табу.

    Қолдану көрсетілімдері: гельминтоздар түрлерін және ішек құртын анықтау.

    Дайындаңыз: 20-50 мл кең мойынды құргақ, таза шыны ыдысты (пенициллин флаконы), судноны, горшокты, қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

    2. Науқасқа түсіндіріңіз, зерттеу болар алдында дайындықсыз таңертең нәжісті жинауды.

    3. Нәжіс жинау іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз:

    • науқас нәжіс жинар алдында қолғапты киюі қажет;

    • үлкен дәретке сусыз судноға отырған соң, нәжістің әртүрлі үш жерінен 30-50 г нәжісті қалақшамен алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабады.

    1. Науқас қолғапты шешіп, қолын жуып және құрғатуы қажет.

    2. Ыдыстың ішіндегі нәжісті жылы түрінде клиникалық лабораторияға апарыңыз (30 минут) кешіктермей.


    Ескерту: құртқа қарсы дәрілерді қабылдаған күндері емді бақылау үшін зерттеуге нәжістің барлық үлесін жинайды.

    Жасырынды қанды анықтауға нәжісті алу
    Мақсаты: ас қорыту жолдарынан жасырынды қан ағуды айқындау.

    Қолдану көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарындагы ойық жара, қабыну және қатерлі ісік процестері.

    Дайындаңыз: 20-30 мл кең мойынды құрғақ, таза шыны ыдысты (пенциллин флаконың), қалақшаны (ағаш, шыны), жолдама жазып, флаконнын сыртына желімдеп жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, науқастың аты-жөні, зерттеу мақсаты, күні, мейірбикенің қолы).
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зерттеуге нәжісті жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз. Алда болатын анализге дейін науқас 3 күн бойы арнайы диетада болуы қажет. (рационынан ет, балық, көкөністің барлық түрлері, граната, қызанақ, жұмыртқа, қызылша, құрамында темір, магний, висмут, йод, бром бар дәрілік заттар, сол сияқты карболен шығарылады).

    2. Науқасқа түсіндіріңіз, нәжіс зерттейтін күңі таңертең алынады.

    3. Науқастан немесе жанүя мүшелерінен біліңіз, басқа да қан кету көзі болмағанын анықтаңыз (тістің қызыл етінен қан кетуін, қан қақыру, тік ішек айналуы, етек кір), болған жағдайда жалған оң нәтиже береді.

    4. Егерде жауап дұрыс болса нұсқау беріңіз, нәжіске қанның түспеуін болдырмайтын:

    • 3 күн бойы тісін щеткамен тазалауға болмайды;

    • егер науқастың мүұрынынан немесе геморройынан қан кету болса, онда зерттеу жүргізілмейді.

    1. Науқасқа нәжісті жинау іс-әрекетін түсіндіріңіз.

    2. Нәжіс жинау алдында резеңке қолгап киіңіз.

    3. Науқасқа түсіндіріңіз, ішті босату унитазда емес, сусыз дәрет ыдысында (суднода) болу керек.

    4. Үлкен дәретке отырған соң 5-10 г нәжісті алып, даярлаған ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз (тығынмен).

    5. Ыдысты ішіндегі нәжіспен лабораторияға жіберіңіз.

    6. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    7. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



    Бактериологиялық зерттеуге «ашық нәжістен» нәжісті КӨректі ортасы бар Петри табақшасына алу
    Мақсаты: диагностикалық: жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесценттерді) зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын анықтау, жедел ішек жұқпалы аурулары.

    Дайынданыз: көректі ортасы бар Петри табақшасын, залалсыздандырылған пробиркадан залалды тік ішектік ілгекті, нәжісті алуға арналған дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, резеңке қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

    3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

    4. Жолдама нөмеріне сәйкес нөмерді қоректі ортасы бар Петри табақшасына стеклографпен жазыңыз.

    5. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

    6. Оң қолыңызбен пробиркадан тік ішектік ілгекті алыңыз.

    7. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әртүрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

    8. Перти табақшасының қақпағын жартылай ашыңыз.

    9. Петри табақшысының көректі ортасының бетіне нәжісті келесі реттілікпен егіңіз: тік ішектік ілгекпен алынған нәжісті көректі ортаның бетіне бір қалыпты жағып үйкеңіз (ептеп, көректі ортаны тырнамай) 1,5-2 см көлемді «тегістік жерге» жасап.

    10. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «тегістікке» көректі ортаның барлық бетіне жиі қатар-қатар жіңішке сызықтармен егіңіз, тік ішектік ілгекті мезгіл-мезгіл өз-өзіне айналдыра бүрыңыз, Петри табақшасының қақпағын жабыңыз.

    11. Петри табақшасын өсіндімен бірге 370С температурасындағы термостатқа немесе бикске паралонмен тығыздап салыңыз.

    12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

    13. Қолғапты, масканы шешіп, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    14. Бикстегі алынған материалды жолдамасы мен бірге бактериологиялық лабораторияларға апарыңыз.


    Ескерту:

    • нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектік ілгектің көмегімен;

    • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабыршықтарды алады;

    • материалды лабораторияға апарғанға дейін тоңазытқышта t4-60С сақтайды;

    • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.


    Бактериологиялық зертеуге «ашық нәжістен»

    нәжісті шыны түтікке (пробиркаға) алу
    Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

    Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылган жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшара жасауға келісімін алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

    3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

    4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

    5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

    6. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

    7. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

    8. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 әр түрлі жерінен алыңыз (патологиялық қоспа).

    9. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

    10. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

    11. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

    12. Биксті «кілтке» жабыңыз.

    13. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    14. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.


    Ескерту:

    • нәжісті жыйнау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

    • өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

    • материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-60С сақталуы қажет;

    • антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.

    Бактериологиялық зерттеуге

    тікелей тік ішектен нәжісті алу
    Мақсаты: диагностикалық жұқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

    Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылган жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын, нәтиже алу мерзімін түсіндіріп, емшараға рұқсат алыңыз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз, халатты, масканы және қолғапты киіңіз.

    3. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

    4. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

    5. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

    6. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

    7. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

    8. Сол қолдың І және ІІ саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

    9. Тік ішектің ішкі қабырғасынан (өнезінен) материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

    10. Шыны түтіктін шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

    11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

    12. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

    13. Биксті «кілтке» жабыңыз.

    14. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялық зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.


    Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-60С тоназытқышта сақталуы қажет.

    Науқасты бронхоскопияға даярлау
    Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы даярлауды қамтамасыз ету, бронхтың сілемейлі қабықтарын қарау.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған: қолғапты, бронхоскопты, сүрткілерді, транквилизаторларды, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, сүлгіні, ауру тарихын, жолдаманы.
    Бронхоскопияны дәрігер жасайды,

    мейірбике көмекші қызметін атқарады
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа зерттеудің мақсатын мен барысын, зерттеу жасаған уакыттағы тәртіп ережесін түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа психикалық дайындықты жүргізіңіз.

    3. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Ол зерттеу алдында таңертең тамақты, суды қабылдамауы, темекі шекпеуі керек.

    4. Зерттеудің алдында наукас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

    5. Тура зерттеуді жасар алдында науқастан қуығын және ішегін босатуын сұраңыз.

    6. Дәрігердің тағайындауы бойынша зерттеудің алдында кешке қарай және таңертең жансыздандыруды жасаудан 1-1,5 сағат бұрын транквилизаторлармен (элениум, диазепам) премедикацияны жүргізіңіз.

    7. Қарауға 15-45 минут қалғанда дәрігердің тағайындауы бойынша премедикацияны (наркозға дайындауды) жүргізіңіз.

    8. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен және жолдамасымен эндоскопиялық кабинетіне тағайындалған уақытта ертіп апарыңыз.

    9. Наукасты палатаға ертіп апарыңыз, жасалған зерттеуден кейін екі сағат бойы тамақ ішуіне, темекі шегуіне болмайтынын ескертіңіз.


    Науқасты фиброгастродуоденоскопияға даярлау
    Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, өңеш, асказан және он екі елі ішектің сілемейлі қабығын қарау.

    Дайындаңыз: залалсыздандырылған гастроскопты, сүлгіні, зерттеуге жолдаманы.
    ФГДС-ті дәрігер жасайды,

    мейірбике көмекші қызметін атқарады
    Іс-әрікет алгоритмі:


    1. Науқасқа алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз.

    3. Наукасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз. Тамақ, су ішуіне, дәрілік препараттарды қабылдауына тыйым салыңыз, темекі шегуге, тісті тазалауға болмайды.

    4. Науқасты зерттеу қарсаңында кешке қарай сағат 18-ден кешіктірмей кешкі жеңіл тамақпен қамтамасыз етіңіз, кешкі тамақтан кейін науқас суды, тамақты ішпеуі керек.

    5. Зерттеу алдында науқас алмалы-салмалы тіс протездерін шешіп тастауын қадағалаңыз.

    6. Эндоскопия жасаған уақытта сөйлеуге және түкірігін жұтуға болмайтынын наукасқа ескертіңіз (науқас сілекейін сүлгіге немесе салфеткаға түкіріп отырады).

    7. Науқасты сүлгісімен, ауру тарихымен, жолдамасымен белгіленген сағатта эндоскопиялық кабинетіне ертіп апарыңыз.

    8. Зерттеуден кейін науқасты палатаға ерітіп апарыңыз және одан жұту акті толық қайта қалпына келгенше 1-1,5 сағаттай тамақ қабылдамауын сұраңыз. Темекі шегуге болмайды.


    Ескерту:

    • т/а премедикация жасалмайды, себебі зерттелетін мүшенің жағдайын өзгертеді;

    • биопсияға материал алғанда, науқасқа тамақ тек салқын түрде беріледі.


    Науқасты колоноскопияға даярлау
    Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету, жуан ішектің жоғары орналасқан бөлігінің сілемейлі қабығын қарау.

    Дайындаңыз: колоноскопты, Эсмарх крушкасын, шылапшынды, қайнатылған суды, фортрансты, клеенканы, жайманы, судноны, салфеткаларды, резеңке қолғаптарды, вазелинді, шпательді, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, жолдаманы.
    Колоноскопияны дәрігер жасайды,

    мейірбике көмекші қызметін атқарады
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз, оны жасауға келісімін алыңыз.

    2. Науқасқа психологиялык дайындықты жүргізіңіз.

    3. Дайындық ережесінің бұзылуы салдары туралы ескертіңіз (зерттеу нәтижесі дұрыс шықпайды).

    4. Науқасқа зерттеу таңертең ашқарынға өткізілетінін хабарлаңыз.

    5. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудің алдын алу үшін шлаксыз диета тағайындалады, науқастың тағамынан газ түзетін азық-түліктер, көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, нан алынып тасталады.

    6. Зерттеуді жасар алдында 2 күн бойы іш жүргізетін дәрілер тағайындалады (фортранс схемаға сәйкес). 1 литр ерітіндіні 15-20 кг дене салмағына, бұл 3-4 литр ерітіндіге сәйкес келеді. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай немесе бірдей бөлікке бөліп кеш қарсаңында және зерттеу жасайтын күні таңертең қабылданады. Соңғы препарат емшара алдында 3-4 сағат бұрын қабылданады.

    7. Зерттеуді жасау қарсаңында кешке қарай науқасқа биік тазарту клизмасын 1,5 литрдей сумен жасаңыз.

    8. Таңертең зерттеу жасайтын күні зерттеуден 2 сағат бұрын 1 тазарту клизмасын жасаңыз.

    9. Белгіленген сағатқа науқасты эндоскопиялық кабинетке ертіп апарыңыз (ауру тарихымен).

    10. Зерттеуден кейін науқасты палатасына дейін шығарып салыңыз.

    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


    написать администратору сайта