ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
Скачать 410.86 Kb.
|
Ескерту: жуан ішекті нәжістен, сұйықтықтан және сілемей сұйықтықтардан тазарту – дайындықтың негізгі міндеті, осының дұрыс шешілуі зерттеудің жетістігін қамтамасыз етеді. науқасты РекторомАноскопияға даярлау Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: тік және сигма тәрізді ішектерді қарап зерттеу, бактериологиялық және цитологиялық зерттеуге сілемейлі қабықтан жағынды, қырынды және кеселді ұлпадан үзінді алу. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: ректоскопты, салфеткаларды, вазелинді, шпательді, клеенканы, Эсмарх кружкасын, суды, шылапшынды, алжапқышты, қолғапты, ішінде зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты. Ректороманоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші қызметін атқарады Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшараның мақсатын, барысы және зиянсыздығы туралы әңгіме жүргізіңіз. Таңертең ашқарынға зерттеу өткізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Науқасқа тазарту клизмасын таңертең сағат 6-да (толық кружка) және зерттеуге дейін 2 сағат бұрын (толмаған кружка) қойыңыз. Науқас зерттеуге дейін тік қалыпта болуы тиіс. Тұп-тура зерттеу алдында науқастың қуығын босатуын сұраңыз. Науқасты манипуляциялық (ректороманоскопия) кабинетіне апарыңыз. Науқасты палатаға апарып, бақылауды және тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Ескерту: ректоскоп тік ішекке 25-30 см ара қашықтыкқа енгізіледі; ішектегі жедел қабыну процесі басылған соң, ректороманоскопия жүргізіледі; егерде науқастың іші қатса, онда қосымша зерттеу қарсаңында кешке тазарту клизмасы қойылады; науқастың ішегін дайындау және зерттеу арасында 2 сағаттай үзіліс болуы қажет, неге десеңіз, тазарту клизмасы сілемейлі қабықтың табиғи түрін біршама уақытқа өзгертеді. Науқасты цистоскопияға даярлау Мақсаты: науқасты зерттеуге сапалы дайындауды қамтамасыз ету; диагностикалық: қуықтың сілемейлі қабығын қарау; емдік: қуықтан қатерсіз ісік және түймешікті алып тастау. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: цистоскопты, жыныс мүшесін жуындыруға және тазарту клизмасын қоюға арналған құрал-жабдықтарды. Цистоскопияны дәрігер жасайды, мейірбике көмекші кызметін атқарады Іс-әрікет алгоритмі: Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз, зерттеудің мақсатын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Зерттеуді ашқарынға жасаңыз. Таңертең зерттеу алдында науқасқа жыныс мүше аймағын мұқият жуу керек екенін ескертіңіз, оны гигиеналық емшара іс-әрекетіне (жуыну) сырткы жыныс мүшесін жууды үйретіңіз. Таңертең зерттеуге дейін 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз. Тұп-тура зерттеу жасар алдында науқасқа қуығын босатуды ұсыныңыз. Белгіленген сағатта науқасты ауру тарихымен эндоскопиятык кабинетіне ерітіп барыңыз. Зерттеуден кейін науқасты палатаға дейін ертіп апарыңыз. Зерттеуден кейін 2 сағат бойы төсек тәртібін сақтау қажет екендігін науқасқа ескертіңіз. Науқасты ультрадыбыстық зерттеулерге дайындау іш перде қуыс мүшелері (бауыр, өт, ұйқы безі, талақ) және бүйрек Мақсаты: зерттеуге науқасты сапалы дайындауын қамтамасыз ету. Қолдану көрсетілімдері: іш перде қуысы және бүйрек мүшелерінің аурулары. Дайындаңыз: дәрігер тағайындаған дәрілерді, сүлгіні, ақ жайманы. Ультрадыбыстық зерттеулерді дәрігер жүргізеді, ал мейірбике науқасты дайындайды. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Дайындау ережесін бұзыуының. Зерттеу ашқарында жүргізілетінін науқасқа ескертіп қойыңыз. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын тамақтану рационынан жел (газ) жинауды болдырмайтын тамақтарды қабылдамайтының науқасқа түсіндіріңіз (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт тағамдары, қара нан, бұршақ тағамдар, жеміс сөктер), таблеткалы іш айдайын дәрілер. Науқас зерттеу қарсынында дәрігердің тағайындауы бойынша іш кебуді болдырмайтын дәрілерді қабылдайды. 8-12 сағат зерттеуге дейін науқас тамақ қабылдауды тоқтатуы керек. Зерттеу қарсаныңда кеште тазарту клизмасын қойыңыз. Зерттеу алдында темекі шегуге болмайды. Науқас ультрадыбыстық зерттеуге барғанда өзімен бірге сүлгіні және ақ жайманы алады. УДЗ кабинетіне науқасты ауру тарихымен ілестіріп апарыңыз. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Кіші жамбас мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге (қуықты, қуық асты безі, жатыр қосалқылары): науқастың дайындағы іш перде қуысы мүшелерінің УДЗ сияқты жүргізіледі; 2-3 сағат зерттеуге үшін 1,5 л сұйықтықты (қайнаған су) ішуі қажет екенін науқасқа ескертіп қойыңыз; зерттеуге дейін науқас кіші дәретке (толық қуықы) отырмауын сұраңыз. науқасты Бронхографияға дайындау Бронхография – тыныс алу (бронхтардын) мүшелерінің ауа жүретін жолдарын контрасты әдіспен зерттеу. Мақсаты: бронхиальды ағаштың тесік жағдайын зерттеу, бронхтармен қатынасты қуысты ісіктерді анықтау. Қолдану көреетілімдері: бронхоэктазды ауру, бронхиальды ағаштың аномальды дамуы, созылмалы бронхит, бронх-өкпе кисталары, бронх пен өкпенің қатерсіз және қатерлі ісіктері және т.б. Қарсы көрсетілімдері: жоғарғы дене қызуымен болатын жедел өкпе аурулары, өкпеден тыс этиологиясындағы қызбалық жағдай, жүрек ақауы, өкпеден қан кету. Асқынулар: контрасты затқа аллергиялық реакциялар. Бронхографияны дәрігер жүргізеді. Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыңыз. Алда болатын зерттеудің мақсатын, барысын және мағынасын науқасқа түсіндіріңіз және оның келісімін алыңыз. Зерттеу алдында таңертен тамақ қабылдауды, су ішуді, темекі шегуді тоқтатыңыз (зерттеу таңертең аш қарында жүргізіледі). Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентген кабинетіне апарыңыз. Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: Науқасты орындыққа отырғызыңыз. Жоғарғы тыныс алу жолдарын мұрын арқылы (ауыз) жансыздандыру үшін қажетті заттарды дайындаңыз. Анестетикті ауыз жұтқыншаққа тозаңдатыңыз (шашыратып себіңіз). Бронхтын тесігіне жергілікті жансыздандыру жүргізу үшін йодолипол контрасты затын енгізіңіз. Ренген кабинетінде науқасқа көп сериялы суреттер жасалады, рентген кабинетінен мейірбике шығады. Науқасты палатаға апарыңыз. Бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз. Асқазан және он екі елі ішекті рентгенологиялық зерттеуге науқасты дайындау Асқазан және он екі елі ішекті рентгендік зерттеу – бұл зерттеу контрасты заттарды (сульфат барий) қолдана отырып, қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген. Мақсаты: диагностикалық: рентгеноскопия және рентгенография асқазан мен он екі елі ішектің түрін, көлемін, қалпын, жылжымалығын анықтау. Эрозияның (жалақ жараның), ойық жаранын, жаңа өспенін орналасқан жерін анықтау; асқазанның шырышты қабығының функциональды жағдайын, эвакуациялық қабілеттілігін зерттеу. Қолдану көрсетілімдері: асқазан және он екі елі ішек аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ойық жарадан қан кету. Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, залалсыздандырылған ұштықты, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, сульфат барий жүзгінін (100-150 гр), резеңке қолғапты, жолдама бланкілерін (зерттеу әдісінің атын, науқастың аты-жөнін, жасын, мекен жайын немесе ауру тарихы номерін, диагнозын, зерттеу күнін) зарарсыздандыру ерітіндісін, судноны. Рентгендік зерттеуді дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: Алда тұрған зерттеу мәнісі туралы негізгі мәлімдемені қолайлы түрде жасырын жағдайда науқасқа беріңіз (немесе оның жанүя мүшелеріне). Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. Зерттеуге дейін 2-3 күн бұрын іш кебудін алдын алу үшін тамақ рационынан желді болдыратын тағамды алып тастау қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз. Зерттеу таңертен ашқарында жүргізілетінін науқасқа хабарлаңыз. Зерттеу алдында соңғы тамақ қабылдау кешкі 20,00 сағаттан кешіктірілмеуі керек. Егерде іш қату болса, онда дәрігердің тағайындауы бойынша кешке зерттеу қарсанында тазарту клизмасы қойылады. Науқасты ауру тарихымен тағайындалған уақытқа рентіген кабинетіне апарыңыз. Рентген кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: Зерттеуді жүргізгенде (100-150 гр) сульфат барий жүзінін 1 стакан суға езіп науқасқа ішкізіңіз. Суреттерді орындаған уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығып кетеді. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасты ирригоскопияға дайындау Жуан ішекті рентгенологиялық зерттеу – бұл зерттеу әдісі контрасты заттарды қолданумен қуысты мүшелерді рентген сәулесімен түсіруге негізделген. Мақсаты: диагностикалық: жуан ішектің әртүрлі бөлімдерінің орналасуы, ұзындығы, қалпы, тонусы, түрі туралы түсінік алады, моторлы қызметінің бұзылуын айқындау, жуан ішектін шырышты қабығындағы қабыну үдерістерін, ісіктерді, ойық жараны, жалақ жараны айқындауды. Қолдану көрсетілімдері: жуан ішектің барлық аурулары. Қарсы көрсетілімдері: ішек түйнегі, ойық жара колитінін өршу кезеңі, ішектен қан кету. Дайындаңыз: Эсмарх крушкасын, 1,5-2 л мөлшеріндегі ыдыстағы суды, вазелинді, шпательді, клеенканы, жаялықты, штативті, резеңке қолғапты, судноны, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, барий сульфаты жүзгінің (1,5 л, t36-370С, шылапшынды, лотокті, сүрткілерді, су термометрін, ал жапқышты, фортрансты, адсорбенттерді, ферментті дәрілерді, жолдама бланкісін (зерттеу әдісінін атын, науқастын аты жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының нөмерін, диагнозын, зерттеу күнін). Ирригоскопияны дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: Науқаспен сенімді қарым-қатынас орналастырыныз. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз. Науқасқа психологиялық дайындықты жүргізіңіз. Ішекте газ пайда болдыратын, ашып іритін тағамдарды тамақ рационынан алу қажеттілігі туралы науқасқа ескертіңіз және зерттеуге дейін 2-3 күн қалғанда оған мол сұйықтықты қамтамасыз етіңіз. Дәрігердін тағайындауы бойынша науқасқа ферментативті препараттарды беріңіз. Күндіз 12 сағатта зерттеу алдында фортрансты схема бойынша беріңіз. 18 сағаттан кешіктірмей жеңіл кешкі тамақпен қамтамасыз етіңіз. Кеште зерттеу қарсанында (20 және 22 сағатта) науқасқа 2 жоғарғы тазарту клизмасын 1,5 л-дай қойыңыз 2 сағат «таза су» әсерлігіне дейін 2 сағат аралығында. Тәнертен зерттеуге дейін 2 сағат қалғанда науқасқа 1 сағат аралықпен 2 тазарту клизмасын қойыңыз. Зерттеуге дейін 3 сағат қалғанда таңертен жеңіл белокты тамақты науқасқа қамтамасыз етіңіз, жіңішке ішектін ішіндегі зат жуан ішекке рефлекторлы жылжу үшін. Тағайындалған уақытқа науқасты рентгенологиялық кабинетіне ауру тарихымен ерітіп апарыңыз. Рентгенологиялық кабинетінің мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: Науқасты сол жақ қырына аяғын ішіне келтіріп жатқызыңыз. Рентген кабинетінде науқасқа клизма көмегімен барий сульфатын 1,5 л дейін (t-36-370С) енгізіңіз. Рентгенологиялық зерттеуді жүргізгенде мейірбике рентген кабинетінен шығады. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Ескерту: ішекте газ пайда болуын азайту мақсатымен зерттеуге 3 күн қалғанда тамақ рационынан шикі көкөністерді, жеміс-жидектерді, жеміс сөктарын, қара бидай наны, сүт және дрожжалық тағамдарды, тәтті тағамдарды; тағайындаңыз: ботқаларды, кисельді, омлетті, пісірілген ет және балық тағамдарын, жұмыртқаны, ірімшікті, сырды, ақ нанды, сорпаны, ақ сухариларды. науқасты Көк тамырлық (экскреторлық) пиелографияға дайындау Бүйректі және зәр бөліну жолдарын реңтгенологиялық зерттеу – контрасты затты (урографин, верографин, триобраст жэне т.б) парентеральдық жолмен енгізуге негізделген. Мақсаты: диагностикалық: зәр жүйелері мүшелерінің орналасуын анықтау, бүйректің көлемін және түрін бағалау, функциональды қабілеттілігін аныктау (контрасты заттын жиналуы және бөлінуі бойынша), осы мүшелерде конкременттердің барлығын, зәрағар жолы өткізгіштігін анықтау. Қолдану көрсетілімдері: бүйрек және зәр шығару жолдарының барлық аурулары. Қарсы көрсетілімдері: бүйректің өткір аурулары, геморрагиялық диатездер, йод препараттарына сезімталдығы жоғары, тиреотоксикоз, созылмалы бүйрек жетіспеушілігі. Асқынулар: йод препараттарына деген аллергиялық реакция. Дайындаңыз: дәрігердің тағайындауы бойынша контрасты парентеральды затты, көк тамырға инъекция жасауға арналған лоток құрал-жабдықтарымен, анафилактикалық шокта жедел көмек көрсетуге арналған жиынтық, 30% тиосульфат натрий ерітіндісі (йоды бар контрасты препараттарға арналған арнайы антидот), жолдама бланкісі (зерттеу әдісінің аты, науқастың аты – жөні, жасы, мекен жайы немесе ауру тарихының номері, диагнозы, зерттеу күні көрсетіледі). Пиелографияны дәрігер жүргізеді. Посттық мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі: Алдағы зерттеудің маңызы туралы негізгі хабарламаны түсінікті түрде науқасқа жасырын жағдайда беріңіз. Зерттеуді жүргізуге науқастың келісімін алыңыз. Зерттеуге дейін 3 күн бойы тамақ рационынан жел (газ) болдыратын тағамдарды (көкөністер, жеміс-жидектер, сүт, дрожжыдан жасалған тамақтар, қара нан, жемістен жасалған соктар) қолданбайды. Іші кепкенде науқас 3 күн бойы дәрігер тағайындаған препораттарды қабылдайды. Бір күн бұрын кеште (22 сағатта) және таңертең 1,5-2 сағат зерттеуге дейін наукасқа тазарту клизмасын «таза су» нәтижесі болғанша құйыңыз. Зерттеуді ашқарында жүргізу қәжетілігі туралы наукасқа ескертіңіз (соңғы тамақты қабылдау зертеуге дейін 18-20 сағат бұрын). Таңертең зерттеу алдында тамақты, сұйықтықты, дәрілерді қабылдамау керек, темекі шегуге болмайды, инъекциялар және басқа да емшаралар жасалмайды. Зерттеуге 1-2 сағат қалғанда контрасты заттарға сезімталдық байқауын жасаңыз t-370С дейін жылытылған, 1,0 мл контрасты затты көк тамырға енгізеді. Тура зерттеу жүргізер алдында науқастан қуығын босатуын сұраңыз. Тағайындалған сағатқа науқасты ауру тарихымен рентген кабинетіне ілестіріп апарыңыз. Рентген кабинеті мейірбикесінің іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа шолу суреттері жасалады, осы уақытта мейірбике рентген кабинетінен шығады. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқасқа t-370С дейін жылытылған 20-50 мл контрасты затты 8-10 минут бойы ақырын науқастың көк тамырына енгізіңіз. Анықталған аралық уақыт арқылы науқасқа суреттер сериясы орындалады. Суреттерді жасағанда мейірбике рентген кабинетінен шығады. Зерттеуден кейін науқасты палатаға апарыңыз. Науқасқа бақылау мен тыныштықты қамтамасыз етіңіз. АСҚАЗАНДЫ ЖУУ Мақсаты: диагностикалық: емдік, өңеш арқылы асқазан ішіндегі затты шығару. Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрі-дәрмектермен, ішкілікпен, саңырауқұлақпен, иісті газбен уланғанда. Қарсы көрсетілімдері: асқазан-ішек жолдарынан қан кету; ауыз қуысы, жұтқыншақтың, өңештің, асқазанның қабыну аурулары; асқазан және өңеш күйігі, инфаркт миокардасы, ми қан айналысының бұзылуы, бронхиальды астма, өңештің тарылуы. Дайындаңыз: залалсыздандырылған: жуан асқазан сүңгісін және резеңке түтікті (ұзындығы 70 см), сүнгілерді жалғастыратын шыны түтікті, сыйымдылығы 0,5-1 л дейінгі шыны құйғыны, лотоктарды шылапшынды, бөлме температурасындағы 10-12 л шелектегі таза суды (t-20-220С), резеңке қолғапты 2 клеенкалы алжапқышты, сыйымдылығы 1 л дейінгі құмыраны немесе крушканы, дәке салфеткаларын, зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысты, құрғақ хлорлы әкті, сүлгіні немесе ақ жайманы, зерттеуге жіберетін бланк жолдамасын, қақпағы бар таза құрғақ банканы. Іс-әрекет алгоритмі: Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Науқасқа және өзіңізге клеенкалы алжапқышты байлаңыз. Науқасты орындыққа арқасын орындықтың арқалығына тығыз тигізіп басын аз ғана алдына қарай еңкейтіп отырғызыңыз. Алмалы-салмалы тіс протезін алыңыз (егерде олар болса). Науқастың қолын орындықтың арқалығына кіргізіп, осы қалыпта сүлгімен немесе ақ жаймамен байлаңыз. Науқастың тізелерін ажыратып, екі аяғының ортасына жуынды суға арналған шылапшынды немесе шелекті қойыңыз. Науқастың артынан немесе оң жағынан тұрып, басты сәл артқа қарай бұрыңыз. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартып, қолғапты киіңіз. Қолыңызға залалсыздандырылған жуан асқазан сүңгісін алып, оның аралығын өлшеңіз: бірінші белгі – науқастың төменгі күрек тісінен (саңылаусыз ұшымен) кіндікке дейін және екінші белгі – оған науқастың бір алақанының жалпағын (4 саусақтың жалпағы) қосыңыз. Шыны түтік арқылы сүнгілерді жалғастырыңыз. Науқасқа сүнгіні енгізген уақытта оны тіспен қысуға, жұлып алуға болмайды, тек мұрынмен демалып, жұту қозғалысын жасауды түсіндіріңіз. Сүңгінің саңылаусыз ұшын жылы сумен сулаңыз. Науқастан ауызын ашуды сұраңыз. Сүнгінің саңылаусыз ұшынан 10 см аралықтан, оң қолыңызбен ұстап оның ұшын тілдің түбіріне салыңыз. Науқасты жұтыну қимылын жасауын сұрап, мұрын арқылы терең дем ал деп, ақырындап сүнгіні өңешке енгізіңіз. Қажет белгіге дейін сүнгіні асқазанға енгізіп, сүнгіге құйғыны жалғастырып, оны науқастың тізе деңгейіне дейін аз ғана енкейтіп түсіріңіз, асқазандағы зат ағу керек. Құйғыға 1 л суды құйыңыз, оны құйғының шетіне дейін толтырыңыз. Құйғыны ақырын көтеріңіз, су тек қана құйғыштың түбіне жеткенде, ол асқазан затымен толмағанша науқастың тізе деңгейінен төмен түсіріңіз. Құйғының ішіндегі нәрсені (құсықты) шылапшынға құйыңыз. Асқазанды жууды бірнеше рет таза жуынды су шыққанша қайталаңыз. Салфетка көмегімен асқазаннан сүнгіні ептеп шығарыңыз. Клеенкалы алжапқышты шешіңіз. Сүнгіні, резеңке түтікті құйғыны зарарсыздандыру ертіндісі бар ыдысқа салыңыз. Науқастың ауызын сумен шайғызып, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Салфеткаларды, қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Науқасты палатаға апарып, жатуына көмектесіңіз. Науқасты физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз етіңіз. Жолдаманы толтырып, жуынды судың бірінші порциясын (200 мл маңында) бактериологиялық зертханаға зерттеуге жіберіңіз. Жуынды суға зарарсыздандыруды жүргізіңіз. |