Главная страница
Навигация по странице:

  • Қолдану көрсетілімдері

  • Нечипоренко әдісімен зәрді жинау

  • Ескерту

  • Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері

  • Зимницкий байқауына зәрді жинау

  • Диастазаға зәрді жинау

  • Дайындаңыз

  • Қантты анықтауға зәрді жинау

  • Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау

  • Розин байқауын жүргізу

  • Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау

  • Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

  • Қолдану керсетілімдері

  • Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі

  • Науқастың іс-әрекет алгоритмі

  • ОСД стандарты казакша. мейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ


    Скачать 410.86 Kb.
    Названиемейірбике ісі негіздері Пні бойынша мейірбикелік технологиялар стандарттарыны жиынтыы алматы аласы, 2011 мазмНЫ
    Дата03.02.2023
    Размер410.86 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОСД стандарты казакша.docx
    ТипДокументы
    #918327
    страница16 из 20
    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

    Ескерту: материалды апарғанға дейін t4-60С тоңазытқышта сақталуы қажет.


    Жалпы клиникалық анализге зәрді жинау
    Мақсаты: диагностикалық: зәрдің физикалық қасиетіне, химиялық құрамына және зәр тұнбасын микроскоппен қарап баға беру.

    Қолдану көрсетілімдері: науқасты жалпы зерттеу

    Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ қақпағы бар шыны банкіні; зәр қабылдағышты немесе судноны, науқасты жуындыруға арналған құра-жабдықтарды; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, бөлме №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
    Іс- әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа зерттеу мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз.

    2. Зәрді жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

    3. Зәрді жинау үшін ыдысты дұрыс даярлауға науқасты үйретіңіз (амбулаториялық жағдайда).

    4. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғап киіңіз.

    5. Жолдамасы жапсырылған банкіні науқасқа беріңіз.

    6. Таңертең гигиеналық емшара жүргізу іс-әрекетін науқасқа үйретіңіз (сыртқы жыныс мүшелерін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз).

    7. Науқас зәрдің бірінші ағымын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

    8. 100-200 мл зәрді даярланған банкіге жинаңыз және қалған зәр шығаруды унитазда аяқтаңыз.

    9. Қақпақпен банкіні жабыңыз.

    10. Ыдыстағы зәрді жолдамасымен қайда апаруды және қандай уақытта, қандай жерге қоюы тиіс және бұл туралы кімге хабарлау керек екенін науқасқа және оның туыстарына түсіндіріңіз.

    11. Жиналған зәрді 1 сағат ішінде зертханаға апарыңыз.

    12. Қолғапты шешіңіз, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту:

    • әйелдің етеккірі келген кезінде зәрді зерттеуге катетер арқылы алады;

    • зерттеуге дейін зәрді тек қана тоңазытқышта 1,5 сағаттай сақтайды.


    Нечипоренко әдісімен зәрді жинау
    Мақсаты: диагностикалық: жасушалық элементтердің санын анықтау (эритроциттер, лейкоциттер, цилиндрлер).

    Қолдану көрсетілімдері: дәрігердің тағайындауы бойынша (бүйрек ауруларында).

    Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойнынды таза, құрғақ шыны банкіні, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімше, палата №, науқастың аты жөні, зерттеу мақсаты, айы-күні, мейірбикенің қолы).

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз.

    2. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.

    3. Науқастың сыртқы жыныс мүшесін алдынан артына қараған бағытпен жуыңыз.

    4. Науқас зәрдің бірінші ағымы порциясын унитазға «1, 2» есебінде бөліп шығаруы тиіс және зәр шығаруды ұстап тұруы қажет.

    5. Даярланған банкіге 50 мл мөлшеріндей зәрдің ортаңғы бөлігі ағымы порциясын жинаңыз.

    6. Жиналған зәрді зертханаға апарыңыз.

    7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту: тәуліктің кезкелген уақытында зәрге зерттеуді жүргізуге болады.
    Нечипоренко тәсілі – бұл әдісте зәр тұнбасы микроскоппен қараласып лейкоцит, эритроцит және цилиндр мөлшерлері дұрыстықпен анықталады. Бұл әдіс диагностика үшін үлкен мағына береді, белгісіз жасырынды өтетін нефрит және пиелонефрит формаларын, науқастарды динамикалық бақылау және жүргізілген емнің тиімділігін бағалау.
    Формалды элементтердің қалыпты көрсетілімдері:

    • лейкоциттер – 1 мл-де 4000-ға дейін;

    • эритроциттер – 1 мл-де 1000-ға дейін;

    • цилиндрлер – жоқ.


    Зимницкий байқауына зәрді жинау
    Мақсаты: диагностикалық: бүйрек қызметінің қоюлығын және бөлінуін зерттеу; тәуліктік, күндізгі және түнгі диурездерді анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

    Дайындаңыз: сыйымдылығы 500 мл кең мойынды 8 таза, құрғақ шыны банкілерді жолдаманы жазып әрбір банкіге желімдеп жапсырыңыз (бөлімше, палатасынын №, зерттеу мақсаты,порциянын №, жинау уақыты, айы-күні, мейірбикенің қолы).
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқасқа нұсқау жүргізіңіз:

    • зерттеуді жүргізу алдында зәр шығаратын препараттарды қабылдау тоқтатылады;

    • бір тәулікте 1,5 литрге дейін сұйықтықты қолдануды науқас шектейді, өйткені диурездің көбейуін және зәрдің салыстырмалы тығыздығының біршама төмендеуін болдырмауын;

    • зәр жинау кезінде бір тәулікте ішілген сұйықтық есепке алынады.

    1. Таңертең сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы керек.

    2. Жеке нөмірленген банкілерге әрбір 3 сағат сайын зәрді жинаңыз.

    №1 порция – сағат 6-дан 9-ға дейін

    №2 порция – сағат 9-дан 12-ге дейін

    №3 порция – сағат 12-ден 15-ке дейін

    №4 порция – сағат 15-тен 18-ге дейін

    №5 порция – сағат 18-ден 21-ге дейін

    №6 порция – сағат 21-ден 24-ке дейін

    №7 порция – сағат 0-ден 3-ке дейін

    №8 порция – сағат 3-тен 6-ға дейін

    1. 24 сағаттан таңертеңгі 6-ға дейінгі кезеңде зәрді жинау үшін мейірбике науқасты оятып отыруы керек.

    2. Келесі күні таңертең зәрдің барлық 8 порциясын зертханаға апарыңыз.


    Ескерту:

    • дайындалған банкаға зәр сыймаса, онда қосымша ыдысқа жинап, оның сыртындағы этикеткаға белгіленеді «қосымша зәр порциясы №»;

    • порцияның біреуінде зәр болмаса анализге бос банкі жіберіледі.


    Зимницкий байқауы – бұл бүйректің қызметінің функциональды байқауы, мөлшерін анықтауға және зәрдің салыстырмалы тығыздығын 3 сағат аралығындағы 8 үлесті бір тәулік ішінде аныктауға негізделген. Бұл байқау бүйректің қоюлық қызметін анықтайды және оны клиникалық жағдайда бүйрек ауруларымен азап шеккен адамдарға кеңінен қолданылады.

    Әрбір үлестің меншікті салмағын анықтау, меншікті салмағының мөлшер тербелуін және алынған бір үлестегі зәрдің меншікті салмағының ең үлкен мөлшері.

    Зәрдің жеке үлесінің мөлшерін салыстырып отыра және әрбір зәрдің жеке үлесі мөлшерінің тербелу диапазонын анықтайды.

    Қалыптағы бүйрек кызметіне тән:

    • Тәуліктік диурез шамамен 1,5 л болады.

    • Барлық 1 тәулікте ішкен сүйықтықтың 60-80% зәрмен бөлінеді.

    • Күндізгі диурез түнгі диурезден едәуір артық болуы.

    • Бір үлестікке меншікті салмағы 1,020-1,025 төмен болмауы.

    • Зәр мөлшері жеке үлесінде және меншікті салмағында бір тәулік ішінде едәуір тербеледі.


    Диастазаға зәрді жинау
    Мақсаты: диастазаның мөлшерін анықтау (ұйқы безі ферменттерін).

    Қолдану көрсетілімдері: ұйқы безі аурулары (панкреатит), өт жолдары аурулары.

    Дайындаңыз: сыйымдылығы 100-200 мл кең мойынды таза, құрғақ шыны банкані; жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімнің қолы).

    Іс әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа алда болатын емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның рұқсатын алыңыз. Зәрді жинауға ыдыс беріңіз.

    2. Таңертең жаңа бөлінген зәрді 100-200 мл даярланған банкіге жинаңыз.

    3. Жиналған зәрді жылы түрінде 10 минут ішінде зертханаға апарыңыз.


    Ескерту: қалыпты зәрде диастаза азғана мөлшерде 16-64 ЕД болады. Диастаза санының көбейуі ұйқы безінің патологиясы және өт жолдарының ауруын бар екендігін көрсетеді. Бүйрек жетіспеушілігінде зәрде диастаза болмайды.

    Қантты анықтауға зәрді жинау
    Мақсаты: зәрдегі қанттың мөлшерін анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті, инсулин дозасын есептеу.

    Дайындаңыз: сыйымдылығы 3л және 200 мл таза, құрғақ шыны банкілерді, мөлшерленген ыдысты шыны таяқшаны, жолдаманы жазып, банкіге желімдеп, жапсырыңыз (бөлімшесі, палата №, зерттеу мақсаты, науқастың аты-жөні, күні, 1 тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшері, мейірбикенің қолы), қолғапты
    Іс- әрекет алгоритмі:


    1. Зәрді зерттеуге жинау тәртібі туралы науқаспен нұсқау жүргізіңіз.

    2. Таңертеңгі сағат 6-да науқас қуығындағы зәрді унитазға босатуы қажет.

    3. 3 литрлік банкаға бөлшек белгісін салыңыз: қағаз жолақтарын жапсырыңыз, өлшемді флакон көмегімен 100 мл суды үстеп құйып, көлем көрсетілімдерін жазыңыз (100, 200, 300 мл әрі қарай).

    4. Бір тәулікте барлық бөлінген зәрді 3 литрлік банкіге науқас жинауға тиісті (таңғы 6-дан келесі таңғы 6-ға дейін).

    5. Қолғапты киіңіз.

    6. 3 литрлік банкідегі бөлінген бір тәуліктің ішіндегі зәрдің жалпы мөлшерін өлшеңіз.

    7. 3 литрлік банкідегі барлық зәрді мұқият түрде шыны таяқшамен араластырыңыз.

    8. 100-150 мл зәрді 200 мл банкіге құйыңыз және жолдамаға бір тәулікте бөлінген зәрдің жалпы мөлшерін көрсетіңіз.

    9. Жиналған зәрді клиникалық зертханаға апарыңыз.

    10. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту:

    Қалыптағы зәрде глюкоза іздін түрінде болады, 0,02 промильден жоғарламайды. Зәрдегі қанттың болуы (глюкозурия) физиологиялық және патологиялық болуы мүмкін.

    Физиологиялық глюкозурия тағаммен көп мөлшерде көмірсуды енгізгенде байқалады, эмоционалдық шиеленісушіліктен кейін, кейбір дәрі-дәрмектерді қолданғаннан кейін (кортикостероидтар).

    Патологиялық глюкозурия қант диабетінде, тиреотоксикозда, Иценко-Кушинг синдромында, гемохроматозда байқалады.


    Зәрдегі глюкозаны ұзынша-сопақ тестімен анықтау
    Мақсаты: зәрдегі глюкозаны анықтау.

    Қолдану көрсетілімдері: қант диабеті.

    Дайындаңыз: зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивімен.
    Іс -әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысы мен мақсатын түсіндіріңіз.

    2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

    3. Резеңке қолғапты киіңіз.

    4. Жаңа бөлінген зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

    5. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын кетіріңіз.

    6. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

    7. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту:

    • қалыпты нәтижеде – реакция кері, зәрде глюкоза деңгейі төмен, оң болған нәтижеде – зәрде глюкоза анықталады (глюкозурия).


    Розин байқауын жүргізу

    (зәрдегі билирубинді анықтау – сапалы байқау)
    Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі өт пигменттерін анықтау).

    Дайындаңыз: 1% спирттік йод ерітіндісін (1 г кристалды йодты, сыйымдылығы 100 мл цилиндрде 20-30 мл 96% спирт ректификатпен немесе Люголь ерітіндісімен ерітіп дайындайды), таза құрғақ, шыны түтікті, тамызғышты, зәрді жинауға арналған ыдысты, резеңке қолғапты, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған ыдысты.
    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Зәрді ыдысқа жинауға науқасты үйретіңіз.

    3. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолғапты киіңіз.

    4. 4-5 мл зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

    5. Шыны түтіктің қабырғасына абайлап 1% спирттік йод немесе Люголь ертіндісін тамызғышпен тамызыңыз.

    6. Қараңыз: шыны түтікте ерітінділердің шек арасында жасыл сақина пайда болады (егерде билирубин болса).

    7. Қолғапты шешіп, қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

    8. Қолданған тамызғышты, шыны түтікті, зәрді жинауға арналған ыдысты зарарсыздандыру ерітіндісіне, ал қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.


    Билирубинді ұзынша-сопақ тестімен анықтау
    Мақсаты: диагностикалық (зәрдегі билирубинді анықтау).

    Қолдану көрсетілімдері: жедел және созылмалы гепатиттер.

    Дайындаңыз: жаңа жиналған зәрді, ұзынша-сопақ тестіні реактивпен, шыны түтікті.

    Іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа емшара барысын түсіндіріңіз.

    2. Ораудан ұзынша-сопақ тестіні шығарып, тез ораудың қақпағын жабыңыз.

    3. Қолғапты киіңіз.

    4. Зерттейтін зәрді шыны түтікке құйыңыз.

    5. Зәрді араластырып, оған ұзынша-сопақ тестіні салып, жылдам шығарыңыз.

    6. Ұзынша-сопақ тестінің ұшын ыдыстың қырымен жүргізіп, зәрдің артығын төгіңіз.

    7. Тест-зонаның түсін ораудағы түрлі түсті шкаламен салыстырыңыз.

    8. Қолғапты шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.


    Ескерту: жаңа жиналған зәр күн сәулесінен сақталуы керек, неге десең сәуленің әсерінен билирубин биливердинге жылдам тотығады. Қалыпта билирубин зәрде анықталмайды.

    Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

    (әйелдерге)
    Мақсаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, әйелді өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

    Қолдану керсетілімдері: бүйрек аурулары.

    Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа алда тұрған зерттеу (зәрді жинау) мақсаты мен ережесі туралы мәліметті беріңіз.

    2. Қағаз сүлгіні төсеп, оның үстіне қағаз салфеткаларды салып, зәрді жинауға арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

    3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіруін, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.


    Науқастың іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

    2. Унитаздың арқа сүйемеліне мүмкіндігінше жақын отырып, аяқтарыңызды ажыратыңыз. Жыныс еріндерін емшара аяқталғанша саусақтарынызбен ажыратыңыз.

    3. Қайнатылған сумен жәэне сабынмен жыныс мүшелерін мұқият жуып, сонан кейін салфетканы қолдана отырып, үлкен жыныс еріндерін және зәр шығаратын түтіктің тесігін құрғатыңыз.

    4. Салфеткаларды кауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

    5. Зәр жинауға арналған ыдысты алыңыз. Ыдыстың және қақпақтың ішкі бетіне тигізбей қақпағын ашыңыз, қақпақтың ішкі бетін жоғары қаратып қағаз сүлгіге қойыңыз.

    6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын түтіктің тесігінің жанына орналастырыныз.

    7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, сонан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

    8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінің» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда бітіріңіз.

    9. Ыдысты қақпақпен жабыңыз және қағаз сүлгісіне қойыңыз.

    10. Қолыңызды сабындап жылы сумен жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

    11. Киініңіз.

    12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.


    Ескерту:

    • бикстегі зәрді жолдамасымен 2 сағаттан кешіктірмей бактериологиялық лабораторияға жеткізіңіз;

    • материалды жібергенге дейін тоназытқышта t4-60С сақталуы қажет.

    • зәрді микрофлораға зерттеу антибиотиктер, уросептиктер қабылданғанға дейін және жеделдету диурезінде қалыпты жағдайдағы су ішу тәртібінде тағайындалады;

    • егерде зәрді табиғи жолмен жинауға мүмкіндік болмаса, дәрігердің тағайындауы бойынша қуыққа катетерлеу жүргізіледі.


    Зәрді бактериологиялық зерттеуге алу

    (еркектерге)
    Максаты: диагностикалық: аурудың қоздырғышын айқындау, дәрілік сезімталдықты анықтау, науқасты өз бетінше зәрді жинауға үйрету.

    Қолдану көрсетілімдері: бүйрек аурулары.

    Дайындаңыз: жылы қайнатылған суды, сабынды, қағаз сүлгіні, қағаз салфеткаларын, қақпағы бар залалсыздандырылған ыдысты, лабораторияға жолдаманы, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
    Мейірбикенің іс-әрекет алгоритмі:


    1. Науқасқа зәрді жинау мақсаты мен ережесі туралы хабарлаңыз.

    2. Қағаз сүлгіні төсеңіз, оның үстіне қағаз салфеткаларын жайыңыз, зәрге арналған қақпағы бар ыдысты қойыңыз.

    3. Науқастан дәрет алу бөлмесіне кіріп, белден төмен қарай шешінуін сұраңыз.


    Науқастың іс-әрекет алгоритмі:


    1. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

    2. Жыныс мүшесін ұстаңыз, жыныс мүшесінің басын босатыңыз және оны сабындап сумен жуыңыз.

    3. Салфетканы қолдана отыра, жыныс мүшесінің басын құрғатыңыз.

    4. Салфеткаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге тастаңыз.

    5. Зәрді жинауға арналған ыдысты алыңыз, қақпақтың ішкі бетіне тигізбей ыдыстың қақпағын ашыңыз, қақпақты қағаз сүлгіге ішкі бетін жоғары қаратып қойыңыз.

    6. Зәрді жинауға арналған ыдысты зәр шығаратын каналдын тесігіне ұстаңыз.

    7. Зәр ағымының «алғашқы бөлігін» унитазға жіберіңіз, содан соң «1», «2» есебінде зәр шығаруды тоқтатыңыз.

    8. Зәр ағымының «ортаңғы бөлігінен» 3-5 мл-дей мөлшерін ыдысқа жинаңыз, зәр шығаруды унитазда тоқтатыңыз.

    9. Ыдыстың қақпағын жабыңыз.

    10. Ыдысты қағаз сүлгісіне қойыңыз.

    11. Киініңіз.

    12. 3әрі бар ыдысты мейірбикеге беріңіз.

    13. Қолыңызды жылы сумен сабындап жуып, сүлгімен құрғатыңыз.

    1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


    написать администратору сайта