Главная страница

Дүниежүзі тарихы 10 сыныпdocx. Мектеп


Скачать 475.49 Kb.
НазваниеМектеп
Дата24.02.2020
Размер475.49 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДүниежүзі тарихы 10 сыныпdocx.docx
ТипДокументы
#109694
страница3 из 5


1   2   3   4   5

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1) Тапсырмалар белгілі бір уақыт аралығына беріледі (жасырын дифференциация);

2) Теориялық дайындық деңгейі әртүрлі оқушылар сұрақтарға жауап бергенде өз көзқарастарын ұсынады;

3) Кластер жасай отырып, оқушылар көптеген сұрақтарына жауап ала алады;

4) Студенттердің көпшілігі тарихты зерттеуде өркениеттер мен өркениеттік тәсілдерді жіктей алады;

5) Мықты оқушылар жетекші рөлге шығады («Пікірталас» ойынында);

6) Кейбір оқушылар өркениеттердің өзара тәуелділігі мен өзара әрекеті туралы дербес қорытынды жасай алады

ФБ: мұғалім оқушылар жұмысына пікір айтады, жауаптарын түзетеді, сәтті жауаптарға жағымды пікір білдіреді.

Топтық жұмыстарды смайликтермен бағалау

Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!


Интерактивті тақтаны және планшеттерді 20 минуттан артық қолданбау

Физминутка:

Видеоролик https://www.youtube.

com/watch?v=x0GksFUDFQ4

Мультимедиялық бөлмеде жқмыс істеудің қауіпсіздік техникасы ережелері

  • Тәртіп пен тазалықты қадағалау, қауіпсіздік ережесін сақтау;

  • Мұғалім нұсқауымен жұмыс орнына отыру, өз еркімен орын ауыстырмау;

  • Мұғалім ұсынған жұмыс түрімен ғана айналысу;

  • Мұғалімге кез-келген бақыланатын аппараттық ақаулар туралы немесе бағдарламалық қамтамасыз етудің қате жұмысы туралы дереу хабарлау;

  • Травмалық жағдай болса, әсіресе электр тоғынан зардап шексе шұғыл түрде мұғалімге хабарлау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.1.1.1 -тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдану;


Сабақ мақсаттары

10.1.1.2 -«Өркениет» түсінігін зерттеудің негізгі әдістерін түсіндіру

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • «Өркениет» ұғымы туралы болжамдарын айтады;

  • Топта өркениеттің негізгі теориясы жайлы мақала дайындайды;

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

Топта зерттеу жұмысы барысында өркениеттің негізгі теориясы жайлы жазбалар дайындайды және сынып алдында жұмыс нәтижелерімен бөліседі (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдылары дамиды)



Құндылықтарды дарыту


Құндылықтар тақырып мазмұнын ашу арқылы дамиды

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, Құқық негіздері, экономика

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Бастапқы білім


Бұл бөлім оқушыларға «өркениет»ұғымын түсінуге мүмкіндік береді,пәндік тілдік қорларының қалыптасуына ықпал етеді, сонымен қатар,қоғамның тарихи даму кезеңінде өркениеттің негізгі теориялары қалай дамығандығын көрсетеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин





Бастапқы ынталандырушы материал

Сөйлемдері тақтада көрсету немесе жеке-жеке таратып беру. Оқушылар дауыстап оқып шыққан соң, төмендегі сұрақтарға жауап беруін өтіну:

“Өркениет”ұғымы туралы не айта аласыз?
Әр сөйлемдегі“Өркениет” ұғымының мағынасы қандай?

  • Іс-қимылы,сөз саптауы, жүріс – тұрысы мәдениетті деуге болатындай жас жігіт екен.

  • Француз философтарының ойынша жабайылық тағылықпен, ал, тағылық өркениетпен ауысты.

  • Өркениетті қоғамда зорлық-зомбылыққа, қылмысқа, заңды аяққа таптауға, адамның құқықтарын сыйламауға орын жоқ.

  • Антикалық өркениет-кейінгі ғасырлардағы европалық мәдениеттің негізінде жатқан бірегей мәдениет.

  • Орта ғасырлардағы экономика, билік жүйесі, құндылықтар, өмір сүру салты және адамдардың психологиясы бұл өркениетті антикалық немесе қазіргі заманғы өркениеттерден ерекшелейді.

Сұрақтарды талқылап болған соң, оқушылардан бүгінгі сабақтың тақырыбын болжауын өтінемін.

Сабақтың мақсаттарын анықтау, тақырыпты дәптерлеріне жазғызу.

1 слайд


Сабақтың ортасы

7 мин

Топтық жұмыс

10 мин

13 мин

Мұғалім түсіндірмесі:

Өркениет терминiн алғаш рет 1756 ж. ғылыми айналымға  француз ағартушысы Мирабо (1715 – 1789) енгізген.

Шотланд философы Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихының очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық материалдарын құрып адам мәдениетің дамуының жалпы концепциясын жасауға тырысты. Ол тарихты үш дәуірге тағылық, варварлық, цивилизация дәуіріне бөлді. Тағылық пен варварлық арасындағы шекті Фергюсон жеке меншіктің енуі, аң аулау мен балық аулаудан тамақ табудың басымдық алған тәсілі ретінде егіншілік, мал шаруашылығына көшу деп саналды.

Осындай көзқарастарды адамзат үш сатыдан балалық яғни тағылық күйден, жастық, яғни варварлық күйден және кәмелеттік, яғни мәдени игі ниетті күйден өтті деген қағиданы ұсынған неміс ғалымдары Иоганн Форстер (1729-1798 ж) мен оның ұлы Геогрд (1754-1794) дамытты.

«Өркениет» сөзі латын тілінен аударғанда «азаматтық» деген ұғымды білдіретінін түсіндіру.

(С) Оқушыларға сұрақ қою:

-«Өркениет» ұғымына қандай анықтама берер едіңдер?

Оқушылар жауаптарын тыңдап болған соң «өркениет» ұғымының бірнеше анықтамасымен таныстыру.

А) Қалалық азаматтық қоғам;

Б) Адамгершілік қағидаларына негізделген, жеке адамның құқықтары қорғалған үйлесімді қоғам;

В) Қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы;
Оқушыларға сұрақ қою:

-Сіздердің ойларыңызша қай анықтама дәлелді және ұғымның мазмұнын ашып тұр?

Оқушылар назарына ұзақ уақыт бойы өркениеттерді зерттеу процесі қарқынды жүргенін,бұл тақырып бойынша тарихшылар, философтар, антропологтар тағы да басқа ғылым салалары бойынша ғалымдар өз еңбектерін арнағаны туралы ақпарат ұсыну. Қазіргі уақытта бұл тақырыпты зерттеудің

Этнопсихологиялық

Географиялық

Әлеуметтік

Мәдени тәсілдері бар екеніне тоқталу.

Әр тәсіл бойынша өркениеттердің негізгі теориялар бар.

(Т/Ж) Оқушыларды төрт топқа бөлу.Тапсырма:

«Өркениеттің негізі теориялары» мәтінін оқып шығып, РАФТ әдісі бойынша мақала жазу.Әдістің структурасын түсіндіру:

  • R — role (роль).

  • A — audience (аудитория).

  • F — format (формасы).

  • T — topic (тақырып).

1 топ- Я. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер теориясы.

2 топ - О. Шпенглердің локальді өркениеттер теориясы

3 топ - А. Тойнбидің өркениеттер даму теориясы

4 топ - П. Сорокиннің әлеуметтік-мәдени жүйелерінің теориясы

Бағалау критерийлері :

  • Терия бойынша автордың негізгі идеясын көрсету;

  • Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келе жатқанын болжау;

(ҚБ) Әр топ өз жұмыстарын сыныптастарының назарына ұсынады, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.


https://malimetter.kz/madeniettin-orleui-madeniettanu-problemasy-retinde/

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында рефлексия жүргізіледі:

  • «Өркениет», «өркениет типтері» деген сөздерді қалай қолдануға болады?

  • Біздің мемлекеттің тарихы қарастырылған теориялардың қайсысымен дамып келеді?

  • Сіздер үшін сабақта не түсініксіз болды?







Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Саралау оқушыларды топқа бөліп, мәтінмен жұмыс кезінде қолданылады

Бағалау критерийлері бойынша бірін-бірі бағалау, қалыптастырушы бағалау.

«Өркениет» ұғымының анықтамасын болжаған кездегі мұғалімнің комментарийлері.

Оқушылар топта жұмыс істейді,сынып ішінде қозғалып жүреді, белсенділік танытады.

Топтық жұмысқа арналған мәтін көру қабілеттеріне зиян тигізбейтіндей тиісті шрифтпен беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?







Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

10А. Бөлімі. Өркениет: даму ерекшеліктері


Мектеп:

Күні:

Мұғалім:

Сынып: 10

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Сабақ мақсаттары

Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшкліктерін анықтау.

Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айрмашалықтарын анықтау.

Бағалау критерийлері

Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдайды

Тарихи концепт

Ұқсастық пен айырмашылықтар

Тілдік мақсаттар


Оқушылар:

- сабақтың бастапқы кезеңінде сабақтың негізгі терминдерінің анықтамаларын ауызша тұжырымдайды;

- салыстырмалы диаграмманы толтыру барысында дәстүрлі қоғамның түрлерін ауызша және жазбаша сипаттайды;

- сабақтың соңында көшпелі және отырықшы өркениеттің өз күнделікті өміріне жасаған әсерін ауызша және жазбаша сипаттайды.

Пәнге тән лексика мен терминология: кошпелі өркениет, номадизм, отырықшы өркениет, көшпелі мал шаруашылығы, материалдық мәдениет, рухани мәдениет.

Жазылым мен диалогқа керекті тіркестер:

Менің ойымша, отырықшы өркениет...

Менің ойымша, көшпелі өркениет...

Менің пікірмше, ... өркеніеттің маңызы...

Құндылықтарды дарыту

Мәдени құндылықтарға құрметпен қарау, азаматтық ұстаным

АКТ

қолдану дағдылары

Мұғалім PowerPoint форматындағы презентацияны пайдаланады.

Оқушылар мәтіндік материалды талдайды, графикалық сызбаларды толтырады.

Пәнаралық

байланыстар

Әлеуметтану

Бастапқы білім

Оқушылар Қазақстан тарихы сабақтарынан алған отырықшы және көшпелі өркениеттердің белгілері туралы білімдері пайдаланады. Сонымен қатар, оқушылар «өркениет», «дәстүрлі қоғам» ұғымдарын біледі.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)


(М) Ұйымдастыру кезеңі.

(С) Оқушылардың назарларына көшпелі өркениеттің ерекшеліктерін сипаттайтын үзіндіні ұсыну:

Көшпелілер өркениеті бұл дегеніміз қоныстар мен соқпақтар, тайпалар арасындағы ниеттестік, аштық, арақашықтық, жануарлармен тығыз байланыстар. Отырықшы адамдар үшін олар қатыгез, тұйық, қараңғы, діннен ада болып көрінеді. Осындай қоғамды мәдениетті адам «жабайы» деп санайды.

«Цивилизациум» энциклопедиясынан үзінді.

Келесі сұрақты қою: отырықшы өркениет көшпелі өркениетке қарағанда дамыған деген пікірмен келісесіздер ме? Оқушыларды өз жауаптарын түсідіруге бағыттау.

(М) Оқушыларға олар дәстүрді қоғамының белгілерін қарастыратындығын хабарлау. Сыныппен мақсаттар мен бағалау критерийлерін талқылау.

Презентация слайдтары

«Цивилизациум» энциклопедиясынан үзінді.

https://sites.google.com/site/civilizacium/home/civilizacium/kocevaa-civilizacia

Сабақтың ортасы

(30 минут)

5 минут

12 минут

8 минут

5 минут

(С) Білімді өзектендіру.

Оқушыларға келесі сұрақты қою:

Отырықшы және көшпелі өркениет деген ұғымдардың мағынасын қалай түсінесіздер?

(Ж) (ф) Оқушылар берілген дереккөздің негізінде Эйлера-Венн салыстырмалы диаграммасын толтырады.



Жұпта оқушылардың біреуі көшпелі өркениет жайындағы мәтінде оқиды, екіншісі отырықшы өркениеттің ерекшеліктерін қарастырады. Жұптық жұмыстың барысында оқушылар көрсетілген санаттар бойынша (шаурашылық, әлеуметтік құрылым, мәдениет) отырықшы және көшпелі өркениеттердің айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.

Дескрипторлар

Оқушы:

- отырықшы және көшпелі өркениеттердің арасындағы 3-4 айырмашалақтары мен ұқсастықтарын анықтайды;

- шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдап, қорытынды жасайды.

Келесі кезеңде оқушылар жұмыс нәтижелерін талқылайды, мұғалім ауызша кері байланысты беруі тиіс. Сонымен қатар, жұптық бағалау рәсімін өткізуге де болады.

(Ж) (ф) Оқушылар алған білімдерін жинақтап, келесі сұраққа қысқаша жауап береді: «отырықшы және көшпелі өркениеттерің әсері:

А) менің өмірімде;

Б) отбасымның өмірінде;

В) мемлекетімнің өмірінде

қандай көрініс табады?»

Оқушылар көрсетілген нұсқалардың бірін таңдап, сәйкес мысаларды келтіре отырып, қорытынды жасайды.

Дескрипторлар

Оқушы:

- белгілі бір нұсқаны таңдайды (А, Б, В);

- көшпелі және отырықшы өркениеттердің жетістіктерін көрсете отырып, сұраққа жаап береді;

- ойын қорытындылайды.

(С) Келесі кезеңде кейбір оқушылар өз жауаптарын оқиды. Мұғалім ең табысты жұмыстарды белгілей отырып, ауызша кері байланысты беруі тиіс. Сонымен қатар, кері байланысты оқушылар да берулері мүмкін.

Презентация слайдтары

Көшпелі өркениет

https://svaslavia.ru/02/21/kochevaya-civilizaciya-i-ee-razvitie-vzaimodejstvie-kochevoj-i-osedloj-civilizacii/

Отырықшы өркениет

http://www.kazportal.kz/osedlaya-zemledelcheskaya-kultura-kazahstana-v-v-xiii-vv/



Сабақтың соңы

(5 минут)

(С) Сабақ қорытындысын жасау.

Сабақ рефлексиясы «Синквейн».

Келесі ұғымдарға синквейн жасаңыздар: отырықшы өркениет, көшпелі өркениет (оқушылар бір ұғымды таңдайды).

Синквейн 5 жолдан тұрады:

1 жол – ұғым (1 сөз).

2 жол – сын есім (2 сөз).

3 жол – етістіктер (3 сөз).

4 жол – сөйлем (4 сөзден тұратын сөйлем құрастырылады).

5 жол – зат есім (берілген ұғымның синонимі)

Қосымша ақпарат: сын есімдер мен етістіктер берілген ұғымның мағынасын ашады, сөйлем мағыналы болуы тиіс.

Презентация слайдтары


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Тапсырмалар жасырынды дифференциация бойынша дайындалған. Қабілетті оқушылар қабілеті төменірек оқушыларға жұптық жұмыс барысында көмек көрсетеді. Сонымен бірге, жеке жұмыс барысында оқушылар өз деңгейлеріне сәйкес бір нұсқаны таңдайды.

Мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

Өзара бағалау жүргізіледі.

Оқушылардың денсаулығы және қауіпсіздігіне қауіп жоқ.

Сабақтағы белсенділік – оқушылар сабақ іс-әрекеттің ауысуына байланысты қозғалыс жасайды.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ бойынша рефлексия


Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақ бағанда келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысында сынып туралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?

1   2   3   4   5


написать администратору сайта