Главная страница

перспектива. ПЕРСПЕКТИВА КІШІ ТОП 2022-2023. Мектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне


Скачать 84.47 Kb.
НазваниеМектепке дейінгі трбие мен оытуды лгілік оу жоспары жне
Анкорперспектива
Дата18.01.2023
Размер84.47 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаПЕРСПЕКТИВА КІШІ ТОП 2022-2023.docx
ТипДокументы
#892396
страница3 из 5
1   2   3   4   5


«Балдәурен» бөбекжай – балабақшасы» МКҚК

«Бәйтерек» кіші тобы

Балалардың жасы - 2 жастағы балалар

Жоспардың құрылу кезеңі: қаңтар айы, 2022-2023 оқу жылы


Айы

Ұйымдастыр-ылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері




Қ

А

Ң

Т

А

Р

Дене

шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1). Жүру. Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;

2). Жүгіру. Белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру;

3). Еңбектеу, өрмелеу. Әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

4). Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

5). Секіру. 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

1). Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.

2). Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

3). Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.

Қимылды ойындар:

1). Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру.

Спорттық жаттығулар:

1). Шанамен сырғанау: шанаға отырып, төбешіктен сырғанауға, шананы жібінен сүйретуге, ойыншықтарды шанамен сырғанатуға үйрету.

Дербес қимыл белсенділігі:

1). Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

1). Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

1). Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау. Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Сенсорика

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Өзінің есімін және жасын атау, үйін және пәтерін тану, отбасы мүшелерінің аттарын атау.

Заттық әлем.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

Көлік

Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.

Еңбекке баулу

Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.

Адамгершілік тәрбиесі

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Табиғат әлемі

Табиғат құбылыстарына қызығушылық таныту. Табиғаттағы маусымдық өзгерістер туралы алғашқы түсініктерді қалыптастыру: қар, жаңбыр, жел.

Сурет салу

Ересектермен бірлескен әрекеттерге қызығушылықты ояту. Қағазға, құмға саусақпен сурет салу, ересектер салған суретті толықтыру.

Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

Құрастыру

Қарапайым құрылысты үлгі бойынша, ересектің көмегімен, өз бетінше құрастыру, кеңістік қатынастарды түсіну, құрылыс масштабына сәйкес сюжеттік ойыншықтарды, табиғи материалдарды (құм, су, тас) қолданып, ойнауға мүмкіндік беру.


«Балдәурен» бөбекжай – балабақшасы» МКҚК

«Бәйтерек» кіші тобы

Балалардың жасы - 2 жастағы балалар

Жоспардың құрылу кезеңі: ақпан айы, 2022-2023 оқу жылы


Айы

Ұйымдастыр-ылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс- әрекеттің міндеттері




А

Қ

П

А

Н

Дене

шынықтыру

Негізгі қимылдар:

1). Жүру. Тепе-теңдік сақтау жаттығулары. Тура жолмен, сызықтармен шектелген (ені 20-25 сантиметр, ұзындығы 2-2,5 метр) жіптің бойымен, гимнастикалық скамейканың үстімен жүру, заттарға шығу (гимнастикалық скамейкаға, жұмсақ модульге): тұру, қолдарын жоғары көтеру, түсу;

2). Жүгіру. Белгі бойынша тоқтап, бірінің соңынан бірі (20 метр дейін) шағын топқа бөлініп және бүкіл топпен жүгіру;

3). Еңбектеу, өрмелеу. Әртүрлі заттардың: арқанның астынан нысанаға дейін төрттағандап (алақанымен, тіземен тіреп) еңбектеу. Биіктігі 10 сантиметр, ауданы 50 х 50 сантиметр модульге өрмелеу.

4). Домалату, лақтыру. Екі қолмен, әртүрлі тәсілдермен әртүрлі бастапқы қалыпта 0,5-1,5 метр арақашықтықтағы нысанаға (төмен, жоғары) лақтыру; отырып және тұрып, түрлі заттардың астынан 0,5-1,5 метр арақашықтыққа доптарды домалату, доптарды бір-біріне домалату.

5). Секіру. 10-15 сантиметр биіктіктен секіруге үйрету.

Жалпы дамытушы жаттығулар:

1). Қолдың білектерін, иық белдеуінің бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Қолды артқа қою; оларды бүгіп, жазу, қолды шапалақтау, қолдарды алға-артқа сермеу, саусақтарды бүгу және ашу.

2). Арқаның бұлшық еттерін және омыртқаның иілгіштік қасиетін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Еденде отырып, аяқтарды кезекпен бүгу және жазу.

3). Іштің және аяқтың бұлшық еттерін дамытуға және нығайтуға арналған жаттығулар. Таяныштан ұстап отыру, аяқтың ұшымен тұрып, тартылу.

Қимылды ойындар:

1). Балалардың ойынға қызығушылығын дамытуға ықпал ете отырып, негізгі қимылдарды (жүру, жүгіру, лақтыру, домалату) жетілдіру.

Спорттық жаттығулар:

1). Мұзды жолдармен сырғанау: балаларды қолынан жетелеп сырғанату.

Дербес қимыл белсенділігі:

1). Ересектің бақылауымен ойын әрекеттерін (спорттық, би) орындауға, қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіруге, бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындауға ықылас танытуға баулу.

Мәдени-гигиеналық дағдыларды қалыптастыру.

1). Ересектің бақылауымен бетін, қолдарын ластанған кезде және тамақтың алдында өз бетінше жуу, беті мен қолын жеке орамалмен құрғатып сүрту, ересектің көмегімен өзін ретке келтіру.

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.

1). Жыл бойы медицина қызметкерінің жетекшілігімен балалардың денсаулығы мен жергілікті жағдайлар ескеріліп, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру.

Балаларды топта жеңіл киінуге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету.

Серуенде қимылды ойындарға қатысуға және жаттығуларды орындауға қызығушылық пен ықылас танытуға баулу.

Шынықтыру шараларын өткізу кезінде балалардың денсаулық жағдайын ескеріп, жеке тәсілді жүзеге асыру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

Сөйлеу қарқынын, дауыстың жоғарылығы мен күшін ескеріп, дыбыстардың, сөздер мен сөз тіркестерінің анық айтылуына назар аудара отырып, дауыс аппаратын дамыту, артикуляциялық гимнастика жасау.

Сөздік қорды қалыптастыру.

Балалардың сөздік қорын:

Заттардың түсін, көлемін, пішінін, дәмін білдіретін сын есімдермен байыту.

Тілдің грамматикалық құрылымы

Балаларды зат есімнің көпше түрін қолдануға, сын есімді зат есіммен, етістіктің өткен шағымен байланыстыру, сөз тіркестерін құра білуге (сын есім + зат есім, зат есім + етістік), сөздердің дұрыс айтылуын, зат есімдердің көпше түрде дұрыс қолданылуын ескеріп, сын есімдерді зат есімнің көпше түрімен сәйкестендіру.

Байланыстырып сөйлеу

Кітаптардағы суреттерді қарау, ондағы таныс заттарды атау, педагогтің өтініші бойынша суреттен заттарды тауып, сұрақ қою: «Бұл кім (не)?», «Не істеді?». Қарапайым сюжеттік суреттердің мазмұнын айтып беру. Кейіпкерлердің әрекеттерін (қимылдарын) қайталатып ойнату.

Көркем әдебиет

Оқып беруді ойыншықтарды, суреттерді, үстел үсті театрының кейіпкерлерін және басқа да көрнекі құралдарды көрсетумен сүйемелдеу, сонымен қатар көрнекіліксіз көркем шығарманы тыңдау. Балаларды педагогтің көмегімен өлеңді толық қайталауға ынталандыру.

Сенсорика

Берілген заттардың 3-4 сенсорлық қасиеттеріне байланысты таңдауды жүзеге асыра отырып, түсі, көлемі, өлшемі бойынша әртекті заттарды салыстыру, заттардың санын ажырату (біреу-көп), әртүрлі көлемдегі заттарды атау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.

Баланың жеке тұлғасының қалыптасуына ықпал ету, оның мүдделеріне, қажеттіліктеріне, қалауына, мүмкіндігіне құрметпен қарау, оны ересектердің басқа балалар сияқты жақсы көретініне сенім қалыптастыру.

Заттық әлем.

Екі қолмен бір уақытта заттармен әрекет ету, баланың бақылауы мен түсінуіне қол жетімді өмірлік жағдайлардың үзінділерін көрсететін көрнекі заттық-ойын әрекеттерін қолдану.

Көлік

Көліктер, көше, жол туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру. Көлік құралдарының кейбір түрлерімен таныстыру.

Еңбекке баулу

Ересектердің еңбегіне қызығушылық тудыру. Кейбір еңбек әрекеттерін білуге және атауға (тәрбиешінің көмекшісі ыдыс жуады, тамақ әкеледі, сүлгілерді ауыстырады) үйрету. Ересектердің еңбегін бақылауға баулу, ересектердің әрекеттерді қалай орындап жатқанына балалардың назарын аудару. Ересектерге көмектесу ниетін қолдау.

Адамгершілік тәрбиесі

Ненің «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» екені туралы қарапайым түсініктерді қалыптастыру.

Табиғат әлемі

Өлі табиғат (жылы, суық су, құрғақ, ылғал құм, домалақ, қатты тас, суық қар) және олармен әрекет ету түрлері (су құю, құм тасу, төгу, жинау, мүсіндеу, қарды домалату, тасты жинау, қалау) туралы түсініктерді қалыптастыру, олармен ойнау және эксперимент жасау.

Сурет салу

Белгілі бір ережелерді орындау: дұрыс отыру, қағазды умаждамау, қаламды тарсылдатпау, жұмысты ұқыпты жасау.

Мүсіндеу

Қарапайым және күрделі пішінді заттарды мүсіндеудің техникалық дағдыларын қалыптастыру: кесені, тостағанды, табақты мүсіндеуде пішіннің жоғары бөлігін саусақпен басып, тереңдету, кесектерді біріктіру, қуыршаққа арналған әшекейлерді (білезік, жүзік, қол сағат) мүсіндеу, заттардың ұқсастықтарын табу.

Жапсыру

Балаларды бейнелерді фланелеграфта (сызықтарда, шаршыда), қағаз бетіне қойып, құрастыруға, кескінді конструктивті тәсілмен жасауға (жекелеген бөліктерден), ересектермен бірге түстерді таңдауға (қарама-қарсы түстер) үйрету.

Құрастыру

Тұрғызылған қарапайым құрылыстарды атау, қорапқа құрылыс бөлшектерін ұқыптылықпен жинау.
1   2   3   4   5


написать администратору сайта