Мәриям Хәкімжановаға арналған іс шара. Үйде оқыту-1. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным
Скачать 0.77 Mb.
|
«Адам және қоғам» білім беру саласы «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам.Қоғам.Құқық» пәндерін қамтиды. Тарихты зерделеу өткен тарихи оқиғаларды түсіну және оларды талдау негізінде қазіргі замандағы орнын анықтау, азаматтық ұстанымын қалыптастыру және оқиғалар мен құбылыстарға жеке көзқарасын білдіре отырып, олардың маңызы мен мәнін түсінуді қамтамасыз ететін жеке тұлғаның тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған. «Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқыту адам, қоғам және құқық туралы, қоғам дамуының негізгі процестері, адам өміріне әлеуметтік факторлардың әсері жөніндегі ғылыми білімді меңгеруге бағытталған. Тарих пәні бойынша үйден оқытуда оқу бағдарламасында берілген сағаттар білім алушылардың психофизикалық денсаулығына зиян келтірмей, жинақталып аз көлемде беріледі. Мысалы, жалпы білім беретін ұйымдарда «Қазақстан тарихы» пәні - 68 сағат; «Дүниежүзі тарихы» - 34 сағат; «Адам.Қоғам.Құқық» пәні -34 сағат көлемінде оқытылады. Ал пәнді үйден оқытуда мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің типтік оқу жоспарына сәйкес бұл пәндерді аптасына 0,5 сағат, оқу жылында 17 сағат көлемінде ғана оқыту ұсынылады. Сондықтан білім алушыларды үйден оқытуда пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құру кезіндегі жұмысын жеңілдету мақсатында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам.Қоғам.Құқық» пәндерінен тақырыптық- күнтізбелік жоспарлары ұсынылады. «Қазақстан тарихы» мен «Дүниежүзі тарихы» пәндерін оқытудың мақсаты - білім алушылардың білімі мен дайындық деңгейін, жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының (дүниежүзі тарихымен қатар) ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі нақты тарихы бойынша білім беру. Қойылған мақсаттарға сай оқу пәнінің міндеттері: оқушыларғаҚазақстан тарихы және Дүниежүзі тарихы бойынша толыққанды, жүйелі білім беру; білім алушылардың тарихи фактілер мен құбылыстарды талдап- қорыту, тарихи оқиғалардың мақсаты мен мәнін анықтай білу, оның маңызын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру; білім алушыларды оқытылатын кезеңдегі ғылым мен мәдениеттің көрнекті өкілдері мен саяси жетекшілердің қызметіне, тарихи оқиғаларға салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру; білім алушылардың қазақ және басқа да халықтардың мәдени мұраларына қызығушылығын қалыптастыру; білім алушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, түрлі дерек көздерінен қажетті ақпаратты іздестіру арқылы өзіндік жұмыспен айналысуына мүмкіндік беру болып табылады. Жалпы білім беру ұйымдарында «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы» және «Адам. Қоғам.Құқық» пәндері бойынша оқу процесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 03 сәуірдегі № 115 бұйрығымен бекітілген (ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18маусымдағы№393бұйрығыменөзгерістерментолықтыруларенгізілген) типтік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. Пән бойынша білім алушыларды үйден оқытуда мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің типтік оқу жоспарына сәйкес келесі сыныптардың күнтізбелік тақырыптық жоспарлары ұсынылады: «Қазақстан тарихы» бойынша 5-8 сыныптар; «Дүниежүзі тарихы» бойынша 6-7 сыныптар; «Адам.Қоғам.Құқық» бойынша 9-сынып. кесте.«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 5- сынып. Аптасына – 0,5 сағат
кесте.«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар. 6- сынып. Аптасына – 0,5 сағат
|