ПАЙТОН. ҮЙДЕ_ОҚЫТЫЛАТЫН_БАЛАЛАРДЫ_ЖАЛПЫ_БІЛІМ_БЕРУ. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам
Скачать 1.5 Mb.
|
7-сынып, Информатика Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, компьютерде ақпараттарды ұсыну тәсілдері; сандық, мәтіндік және графиктік ақпараттарды кодтау, кодтан шығару. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы (2 сағат): компьютердің аппараттық қамтамасыз етуі, жады, операциялық жүйелердің жіктелуі және функциялары. Алгоритмдеу және программалау (5 сағат): программалау – алгоритмді формальды жазу тәсілі, алфавит, программалау тілінің синтаксисі; айнымалылар типтері, арифметикалық өрнектерді жазу ережесі, сызықтық алгоритмдерді программалау, енгізу және шығару операторлары, меншіктеу операторы. Ақпараттық модельдеу (1 сағат): модельдерді сипаттау әдістері, модельдер қасиеті, әртүрлі білім салаларының мысалдарында модельдерді зерттеу. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (6 сағат): компьютерлік графика түрлері; векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу бойынша программалары, графикалық файлдардың пішімі; векторлық графика, векторлық графиканы өңдеу бойынша программасының интерфейсі; фигураларды салу, векторлық объектілермен қарапайым амалдар, қисықтарды редакциялау, мәтін, мәтіндік блоктар құру; растрлық графика, растрлық графиканы өңдеу бойынша программа интерфейсі, растрлық бейнелердің параметрлері, растрлық бейнелермен жалпы жұмыс жасау тәсілдері, түстер, салу құралдары, аймақтарды ерекшелеу, ерекшеленген аймақтармен жұмыс, қабаттар, мәтінмен жұмыс. Жобалық іс-әрекет (1 сағат). 8-сынып, Алгебра 8-сыныптағы алгебра пәнінің базалық мазмұны «Квадрат түбір», «Квадрат теңдеулер», «Квадраттық функция», «Теңсіздіктер», «Ықтималдықтар теориясы туралы алғашқы мағлұматтар және математикалық статистика» тараулары 68
|