ПАЙТОН. ҮЙДЕ_ОҚЫТЫЛАТЫН_БАЛАЛАРДЫ_ЖАЛПЫ_БІЛІМ_БЕРУ. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам
Скачать 1.5 Mb.
|
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Министерство образования и науки Республики Казахстан Национальная академия образования имени И. Алтынсарина ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ОБУЧЕНИЮ ДЕТЕЙ НА ДОМУ ПО УЧЕБНЫМ ПРОГРАММАМ ОБЩЕОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ШКОЛЫ Астана 2017 1 Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2017 жылғы 19мамырдағы №6 хаттамасы) Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 19 мая 2017 года) Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің оқу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2017. – 108 б. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам общеобразовательной школы.- Астана: НАО имени И.Алтынсарина, 2017. – 105с. Әдістемелік ұсынымдарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды үй жағдайында оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесі баяндалған. Бұл әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беретін ұйым педагогтері үшін ерекше маңызды. Себебі бұл құралда «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам» білім салалары бойынша үйде оқытудың ұйымдастырушылық-әдістемелік аспектілері берілген. Әдістемелік ұсынымдар жалпы білім беретін мектеп педагогтері мен мамандарының (логопед, арнайы педагогтер, психолог, әлеуметтік педагог және т.б.) практикалық қолдануына арналған. В методических рекомендациях изложена система требований к организации процесса обучения детей с особыми образовательными потребностями в условиях надомного обучения. Данные методические рекомендации представляют для педагогов общеобразовательных организаций особый интерес, так как содержат организационно-методические аспекты обучения на домупо образовательным областям «Язык и литература», «Математика и информатика», «Естествознание» и «Человек и общество». Данные методические рекомендации предназначены для практического использования педагогам и специалистам (логопедам, специальным педагогам, психологам, социальным педагогам и др.) общеобразовательных школ. © Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017 ©Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2017. 2 Кіріспе Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтік- экономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер болып табылады [1]. Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды. Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды. Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда. Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі [1,2]. Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3]. Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту. Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады. Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден 3 ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын едәуір күрделі өзгешеліктер бар. Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық аппарат қолданылды: мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) - бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған жарақатына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар); мүгедек бала - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам; даму мүмкіндігі шектеулі балалар: есту қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған); тірек-қозғалыс аппараты бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар; психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған; күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар; ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қажет ететін адамдар; дене кемiстiгi – ағза мүшесінің (мүшелері) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет ететін созылмалы бұзылуы; психикалық кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары; ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой кемістігі; психикалық дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар; медициналық-әлеуметтiк сараптама - организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау; психологиялық тексеру – мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк мүмкіндіктерін анықтау; педагогикалық тексеру– тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың ақыл-ой жағынан даму 4 ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау; білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені; арнайы білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуға арналған бағдарламалар; оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама; оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау нысандарын регламенттейтін құжат; 5 1. Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру 1.1 «Үйде оқыту» түсінігінің мәні Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский, Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейді [4]. Оқытуды ұйымдастыру мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі, оқытудың орны мен уақытының ерекшеліктері, оқушылар саны, оқытудың мақсаттары, құралдары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері жағынан тұтас жүйелі сипаттаманы көрсетеді. Қалауына қарамастан денсаулық жағдайына байланысты қалыпты жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар болған жағдайда, бұл балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың басқа жолдары қарастырылады. Осындай жағдайлардың көбісінде дене жағынан ауыртпашылықсыз және психологиялық жағынан жайлы оқыту ортасы мен әрбір баланы оқыту үшін жеке ыңғай жасау қажет. Осы орайда, балаларды білім беру процесіне қосудың бір жолы ретіндегі «үйде оқыту» зерттеушілердің үнемі назарын аудартатын объект болған. Ғылыми-әдістемелік және мерзімдік әдебиеттердегі авторлар әр түрлі синонимдік түсініктерді қолданады: «отбасылық білім беру», «үй жағдайында оқыту», «үйде жеке оқыту», «үйде оқыту». Әрқайсысының белгілі бір мағыналық жүктемесі бар. Бірақ барлық аталған түсініктер оқыту процесі үй жағдайында жүретіндігін білдіреді. Осы ұсынымдарда Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес «үйде оқыту» ұғымы қолданылады. Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады. Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму кезеңдері белгіленген: − VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы; − Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу ; − XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру; − XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру; − XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау; − XIX ғ. 30 ж. – ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау; педагогикалық 6 әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау; − 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату; − 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми мойындау [5]. «Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы -елдердің Парламентаралық Ассамблеясында қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту – денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру бағдарламаларын меңгеруі». Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан оқыту нысанында жүзеге асырылады. Жалпы алғанда, түсініктің мәнін анықтауда көптеген зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру жағдайлары деген пікірді ұстанады [6]. 1.2 Үйде оқыту процесінің нормативті-құқықтық негіздері Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады. Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады. Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы анықтама беріледі. 7 Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді қарастырады. Бірінші кезең мүмкіндігі шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық, облыстық, қажет болған жағдайда республикалық психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК) жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші, туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), бар болса - мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысанын, білім беру ұйымынан психологиялық- педагогикалық мінездеме, оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін қосымша сұратуы мүмкін. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялық- медициналық-педагогикалық консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болып табылады. Екінші кезең балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін ата- ананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі. Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы туралы қолхат береді. Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға 8 жұмсалған шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы № 28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 1.3 Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша жалпы сұрақтар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында» (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен айқындалады. Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген білім беру деңгейлері бойынша Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ) белгіленеді. Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білім алушыға бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде мектептегі кейбір сабақтарға қатысу, вариативті компонентті таңдау туралы және т.с.с. сұрақтарға қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары жарты жылға немесе бір оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып, ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының басшысымен бекітіледі. Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі төменде 1-кестеде берілген: 1-кесте. Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі Негізгі беттің үлгісі Педагогикалық кеңес шешімімен «Бекітілді» |