ПАЙТОН. ҮЙДЕ_ОҚЫТЫЛАТЫН_БАЛАЛАРДЫ_ЖАЛПЫ_БІЛІМ_БЕРУ. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам
Скачать 1.5 Mb.
|
бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-6-сыныптардағы математика курсы мен 7-сыныптағы алгебра курсын және соңында 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау кіреді. 8-сыныпта оқытудың міндеттері рационал сандармен арифметикалық амалдар орындауда есептеу біліктігін пысықтау; натурал көрсеткішті дәреже мен бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану біліктілігін пысықтау; рационал бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану білікігін пысықтау; рационал өрнектерді тепе-тең түрлендіруді орындау білікігін пысықтау; мәтінді есептерді шығару біліктілігін пысықтау; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін жетілдіру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін жетілдіру; графигі бойынша функцияның қасиеттерін атау біліктілігін жетілдіру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шығару біліктігін жетілдіру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымаласы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін бекіту; өрнектерді түрлендіру, тепе-теңдіктерді дәлелдеу біліктігін бекіту; көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу, өрнектерді түрлендіруде қысқаша көбейту формулаларын қолдану біліктігін бекіту; иррационал және нақты сандар, квадрат түбір ұғымдарын қалыптастыру; y x функциясымен, квадраттық функциямен, олардың қасиеттері және графиктерімен таныстыру; интервалдар әдісімен таныстыру; оқиғаның жиілігі мен ықтималдығымен таныстыру; құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіру біліктігін қалыптастыру; квадрат және рационал теңдеулерді шығару біліктігін қалыптастыру; квадрат теңсіздіктерді квадраттық функцияның графигі арқылы шығару біліктігін қалыптастыру; рационал теңсіздіктерді интервалдар әдісімен шығару біліктілігін қалыптастыру. 24-кесте. 8-сынып алгебра курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау аптасына 2 сағат 69
|