ПАЙТОН. ҮЙДЕ_ОҚЫТЫЛАТЫН_БАЛАЛАРДЫ_ЖАЛПЫ_БІЛІМ_БЕРУ. Методические рекомендации по обучению детей на дому по учебным программам
Скачать 1.5 Mb.
|
Мектеп оқушыларының білімді меңгеруі үшін мәтіндік, картографиялық, статистикалық және басқа да географиялық ақпарат көздерін: қолдана білу біліктерінің болуы «География» оқу пәнінің ерекшелігінің бірі болып саналады. Аталған біліктерді меңгеру практикалық жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады. Бағдарламалық практикалық жұмыстар келесі біліктерді қалыптастыруға бағытталған: географиялық түрлі нысандарды атау және картадан көрсету; нысандарды, құбылыстарды, аумақтарды, табиғат компоненттеру арасындағы өзара байланыстарды және тағы басқаларды сипаттау; бағытты, географиялық координаттарды анықтау; қашықтықты, азимутты өлшеу; жергілікті жердегі құбылыстарды, құбылыстарды бақылау; табиғат компоненттері арасындағы байланысты, географиялық, экологиялық және басқа да түрлі жағдаяттарды түсіндіру және бағалау; түрлі құбылыстардың және процестердің өзара байланысын, өзгерісін, даму бағытын болжау. Бағдарламада қарастырылған практикалық жұмыстар жүйесін орындау білім алушылардың картографиялық, геоэкологиялық, геожүйелік тәсілдер мен әдістерді меңгерулеріне ықпал етеді. География пәнінен орындалатын практикалық жұмыстар мазмұны және оларды орындау үшін қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, нәтижелерді белгілеу формасының алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Аталған алуан түрлілік ең алдымен зерделенетін материалдың мазмұнының, қолданылатын географиялық ақпарат көздерінің, білім алушының дайындық деңгейінің ерекшеліктерімен анықталады. Бағдарламаның «Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» бөлімі практикалық жұмыстардың мазмұнымен және сипатымен тығыз байланысты. Негізгі орта білім деңгейіндегі «Биология» оқу пәні «Өсімдіктер», «Жануарлар», «Адам және оның денсаулығы», «Жалпы биология негіздері» бөлімдерін оқытуға бағытталған. Бұл бөлімдердің мазмұны мен құрылымы биологиялық білімнің базалық деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, шығармашылық және жаратылыстанымдық іскерлікті, ғылыми көзқарасты, ізгілік пен экологиялық мәдениетті дамытуды, сонымен қатар өзін-өзі билеуге, еңбексүйгіштік пен табиғатқа қамқорлық жасауға дағдыландыруды қамтамасыз етеді. Пәнді оқытудағы тақырыптардың жүйелілігі негізгі биологиялық түсініктер мен құбылыстарды биожүйенің организмдік деңгейінен бастап одан жоғары деңгейлерге дейін қарастыру мен эволюциялық және экологиялық ойлау қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар табиғаттағы өзара байланыстылықты тірі жүйелердің тіршілік әрекеттерінің негізі ретінде қабылдауға және осы процестердегі адамның рөлін түсінуге бағыт береді. Оқытудың мақсаты: 1) органикалық дүниенің құрылысы мен тіршілік әрекеттерінің 81
|