Главная страница

воп тест. ВОП 3 уров отв. Нао Медицинский университет Астана 3 уровень 210 тестов каз


Скачать 1.56 Mb.
НазваниеНао Медицинский университет Астана 3 уровень 210 тестов каз
Анкорвоп тест
Дата25.12.2022
Размер1.56 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаВОП 3 уров отв.docx
ТипДокументы
#863450
страница1 из 4
  1   2   3   4

НАО «Медицинский университет Астана»

3 уровень 210 тестов каз
Науқас 47 жаста, 2 апта бұрын 4 қабатқа тез көтерілгеннен кейін кенет төс артының төменгі бөлігінде ауыру сезімі пайда болды, тыныштық күйде ауыру сезімі жоғалады. Мұндай ауыру сезімі бірінші рет пайда болды. Кейін тез жүргенде, 2 қабатқа көтерілгенде пайда болатын болды. Стенокардия түрін анықтаңыз. Емдеу шараларын қолданыңыз://

ЖИА, Прогрессирлеуші стенокардия. ауруханаға жатқызу керек//

ЖИА. Күштену стенокардиясы ФК 2. Антиангиналді ем тағайындау//

Кардиалгия коронарлы себептерге байланысты емес болуы мүмкін. Науқасты зерттеу керек//

+ЖИА. Алғаш пайда болған стенокардия. Ауруханаға жатқызу керек, антиангиналді ем тағайындау керек//

ЖИА. Принцметалл стенокардиясы

***

ӨСОА-мен ауыратын науқас, 65 жаста, ентігу, жөтел, сары-жасыл түсті бөлінетін қақырық көлемінің ұлғаюы, дененің субфебрильді температурасы байқалады. Объективті: дене қызуы 37,9, тыныс алу жиілігі минутына 28 рет, жүрек соғу жиілігі-минутына 92 соққы. Аускультативті: өкпеде қатты тыныс алу кезінде құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Бұл жағдайда аталған препараттардың қайсысын тағайындау орынды?//

Гентамицин бұлшық етке//

+Амоксициллин per os//

Сальбутамол ингаляциясы //

Вентолин ингаляциясы//

Серетид ингаляциясы

***

45 жастағы науқас дәрігерге түнде пайда болған, 20 минуттан асатын төс артыны ауырсыну шағымдармен жүгінді, ауырсыну сезімі нитроглицерин қабылдауымен басылмайды. ЭКГ- QS кешені. Дәрігер ЖКС. Жедел артқы миокард инфарктісі диагнозын қойды. Миокард инфарктісінің локализациясы келесі өзгерістердің негізінде анықталды//

II, aVL, V1-V6//

+III, aVF, II//

V5, V6, III, aVF//

I, aVL, V3,V4//

I, aVL, V1-V3

***

55 жастағы науқас жалпы тәжірибелі дәрігерге келесі диагнозбен жүгінді: АГ 2, қауіп 3. Төс артының ауырсынуы түнде пайда болды, ұзақтығы 20 минуттан асады, нитроглицерин өабылдаумен тоқтатылмайды. ЭКГ: QS кешенінде, RS-t көтерілуі. Жедел алдыңғы бүйірлік миокард инфарктісі. Миокард инфарктісінің локализациясы келесі өзгерістердің негізінде анықталды//

II, aVL, V1-V6//

III, aVF, II//

V5, V6, III, aVF//

V3,V4//

+I, avL, V1-V3

***

63 жастағы науқас дәрігерге келесі диагнозбен жүгінді: АГ 3, III қауіп. Төс артының ауырсынуы ұзақтығы 20 минуттан асады, ентігу секілді шағымдар атап өтеді, нитроглицеринмен басылмайды. ЭКГ: QS кешені, RS-t көтерілуі. Жедел артқы бүйірлік миокард инфарктісі. Миокард инфарктісінің локализациясы келесі өзгерістердің негізінде анықталды //

II, aVL, V1-V6//

III, aVF, II//

+V5, V6, III, aVF//

V3,V4//

V1-V3

***

Қабылдауда 66 жастағы науқас, дәрігер АГ 3, тәуекел 4 диагнозын қойды, өйткені жүрек-қан тамырлары қаупін арттыратын келесі ауру анықталды://

өкпенің обструктивті созылмалы ауруы//

созылмалы гепатит//

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы//

ревматоидты артрит //

+созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

***

Қабылдауда 50 жастағы науқас, дәрігер АГ III тәуекел 4 диагнозын қойды, өйткені жүрек-қан тамырлары қаупін арттыратын келесі ауру анықталды://

+диабеттік нефропатия //

созылмалы гепатит//

өкпенің созылмалы обструктивті ауруы //

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы //

ревматоидты артрит

***

56 жастағы науқаста тексеру кезінде өзгерістер анықталды, соның негізінде дәрігер АГ III тәуекел 3 диагнозын қойды, бұл://

өкпенің желдету функциясының төмендеуі//

бауыр эхотығыздығының бұзылуы//

асқазан шырышты қабатының гиперемиясы//

+көру нерв емізігінің ісінуі//

буындардың деформациясы және ісінуі
***

62 жаста ер адам ентікпеге, жалпы әлсіздікке, аяғының ісінуіне шағымданады. 6 жыл бұрын миокард инфарктісі болған. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ-82 рет минутына. Өкпенің төменгі бөлігінде ылғалды сырылдар естіледі. ЭКГ-да: сол жақ қарыншаның артқы қабырғасында және қарыншааралығында тыртық бар. ЭХО-КГ-да: сол жақ қарыншаның қуысының 5,8 см-ге дейін ұлғаюы, қабырғасы 1,2 см-ге дейін қалыңдаған, артқы қабырғасында акинезия ошақтары бар. ЛФ-42%. Пациенттің диагнозы қандай://

Екі жақты төменгі бөлікті пневмония//

+Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі//

Созылмалы обструктивті бронхит, өршу сатысы//

Өкпе артериясының тромбоэмболиясы//

Дилятационды кардиомиопатия

***

60 жастағы науқас ЖТД-ге жүгінді, жағдайының нашарлауына байланысты 5 күн бойы уақытша еңбекке жарамсыздық парағы рәсімделген. Мерзімді түрде төс артының ауырсынуы, жүрек жұмысының бұзылысы, қан қысымының мезгіл-мезгіл 170/110мм.с.б.б. дейін жоғарылауы мазалайды. Анамнезінен: 6 жыл бұрын миокард инфарктісі болды. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ырғақсыз, жүрек соғу жиілігі-минутына 82 рет. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды сырылдар естіледі. Біріншілікті медико-санитарлық көмек деңгейіндегі ЖПД тактикасы://

ЭХОКГ тағайындау//

МӘСК-ке жіберу//

Жағдайы жақсарғанға дейін уақытша еңбекке жарамсыздық//

ДКК арқылы еңбекке жарамсыздық парағын 30 күнге дейін ұзарту//

+Холтердің тәуліктік мониторингін тағайындау

***

Ер адам 54 жаста, эпигастрий аймағында және арқаға берілетін өткір ауырсыну сезіміне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Ашуланған соң таңертең кенеттен ауырып қалды. Объективті: тері қабаттары ылғалды, бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, ЖЖЖ 88 рет минутына, АҚҚ 105/60 мм.сын.бағ. ДСИ-26кг/м2. Іші жұмсақ, пальпацияда аурусынсыз. ЭКГ-да: ритм синусты, III, AVF-та SТ-сегменті 5мм изолиниядан жоғары, доға тәрізді, теріс T тісшесіне ауысады; V1-V3-те ST сегменті изолиниядан төмен; V2 жоғары, T тісшесі ұшқырланған. Сіздің қорытындыңыз://

Асқазан жарасының ұйқы безіне перфорациясы//

+Сол жақ қарыншаның артқы төменгі қабырғасының инфарктісі//

Нр-ассоцирленген гастрит, өршу сатысы//

Созылмалы гастрит және дуодениттің өршу сатысы//

Созылмалы панкреатиттің өршу сатысы

***

Қабылдауда науқас, 36 жаста. Жалпы әлсіздік, бас ауруы, құрғақ тері, бет пен аяқтың ісінуі алаңдаушылық мазалайды. Бүйрек ауруынан зардап шегеді. Жалпы қан талдауында: Нв-124г/л; Эр-3,8х10¹²/л; L-8,3х10⁹/л; ЭТЖ-28 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: үлес салмағы-1,003; ақуыз-4,0 г/л; гиалинді цилиндрлер-1-3 көру алаңында; лейк-1-2 көру алаңында., өзгерген эритроциттер 5-6 көру алаңында, бактериялар теріс. Биохимикалық қан талдауы: креатинин-130 мкмоль/л; ақуыз-58 г/л; холестерин-6,0 ммоль/л. Аурудың болжамын анықтау үшін науқасқа қандай талдау тағайындау керек?//

+Зимницкий сынамасы, гломерулярлық сүзу жылдамдығы//

экскреторлық урография, гломерулярлық сүзу жылдамдығы//

экскреторлық урография, ЭКГ//

зәрді бактериологиялық талдау, ЭКГ, көз түбін зерттеу//

бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі, көз түбін зерттеу

***

Ауылдық дәрігерінің қабылдауына 36 жастағы науқас келді. 7 жыл бойы созылмалы энтерит диагнозымен Д-есепте тұр. Әлсіздік, бас айналу, кейде кіндіктің жанындағы, эпигастрийдің ауырсынуы, кекіруге шағымданады. Нәжісі пішінделген, тұрақты емес. Қанның жалпы талдауында тексеру кезінде Нв-110 г/л, эр-3,8*10¹², микроцитоз, анизоцитоз. Диагноз қойыңыз және науқасты емдеудің одан әрі тактикасын анықтаңыз://

+В12 тапшылықты анемия, созылмалы энтерит, созылмалы гастрит, ФГДС тағайындау, В12 дәруменімен емдеу//

Ауырлығы орташа дәрежедегі темір тапшылықты анемиясы, эритроциттік массаны құю//

Ауырлығы орташа темір тапшылықты анемия, созылмалы энтерит, ферритинді анықтау, темір препараттарымен емдеу//

Ауырлығы орташа темір тапшылықты анемия, созылмалы энтерит, темір препараттарын парентеральді түрде тағайындау//

Созылмалы энтерит, созылмалы гастрит, протонды помпа ингибиторлар тағайындау.

***

3 күн бойына фельдшерлік акушерлік пункт фельдшер маманында амбулаториялық емдеуде 40 жастағы науқас бар, ол ауырлығы орташа ауруханадан тыс оң жақты пневмониясымен сырқаттанады, есепші болып жұмыс істейді,. Қарау кезінде шамалы қақырығы бар жөтел, әлсіздік, температура 37,6 сақталады. Тағайындалған ем толық көлемде қабылданады, жағдайдың жақсарғанын атап өтеді. Фельдшердің келесі әрекеттерін анықтаңыз ://

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын 6 күнге дейін ұзартыңыз, содан кейін аудандық емхананың дәрігерімен кеңесіңіз//

Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын температура қалыпқа келгенше ұзартуды жалғастыру//

+Уақытша еңбекке жарамсыздық парағын аудандық емхана дәрігерінің құзыретінде 3 күннен артық ұзарту//

Науқастың диагнозы мен жағдайын ескере отырып, стационарлық емделуге жіберу//

Еңбекке уақытша жарамсыздық парағын ұзарту туралы мәселені шешу үшін науқасты ДКК-ға жіберу

***

Жоспарлы тексеруге 61 жастағы науқас М. отбасылық дәрігерге келді . ЖИА диагнозымен бақылауда болады. III ФК күштемелі стенокардия. Артериялық гипертензия II, қауіп IV. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі II ФК. Тексеру кезінде ентігу байқалады, кейде жаттығу кезінде төс артыныңы ауырсынуы мазалайды. Емдеу толық көлемде қабылданады. АҚҚ 130/80 мм.с.б.б.ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар тіркеледі. Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз?//

Стационарлық емдеуге жіберу //

Науқасқа антиаритмиялық терапияны тағайындау керек, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмінің даму қаупі бар //

+Дәрілік терапияны бірдей мөлшерде жалғастырыңыз және физикалық белсенділікке төзімділікті арттыратын жаттығуларды ұсыныңыз//

Қосымша емдеу қажет емес, өйткені науқаста аритмия субъективті түрде жақсы қабылданады//

Жасанды ырғақ жүргізушісін орнату мәселесін шешу үшін кардиохирург кеңесі

***

10 күн ішінде отбасылық дәрігердің емделуінде науқас М., 58 жаста, күзетші. ЖИА. Күштемелі стенокардия ІІФК. Артериялық гипертензия II, қауіп IV, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ФК II. Кезекшілік кезінде қабаттарға көтерілгенде жүрек аймағындағы ауырсыну, ентігуге шағымданады. Бір ай бұрын кардиологиялық стационарда стационарлық ем алды. Тексеру кезінде АҚҚ 130/80 мм.с.б.б.ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар тіркеледі. МӘСК-ке куәландыруды талап етеді. Дәрігердің тактикасын анықтаңыз ?//

Еңбекке жарамсыздықтың 4 айы өткеннен кейін МӘСК-ке жіберілуі мүмкін//

Еңбекке жарамсыздықтың 5 айы өткеннен кейін МӘСК-ке жіберілуі мүмкін //

Тұрақты еңбекке жарамсыздық туралы мәселені шешу үшін кардиологтың консультациясы//

+Еңбек жағдайларын өзгерту туралы мәселені шешу үшін пациентті дәрігерлік-консультациялық комиссияның консультациясына жіберу//

МӘСК куәландыру көрсетілмеген

***

46 жастағы К. ер адамда қан құсу, қатты әлсіздік, қара нәжіс бар. Бір апта бұрын оң жақ қабырға астының ауырсынуы байқады, сарғаю пайда болды. Анамнезінде: В вирустық гепатиті бар. Тексеру кезінде тері мен склералар сарғайған, телеангиэктазиялар. Іші ісінген, асцит есебінен үлкейген. Гепатоспленомегалия. Қан кетудің себебі неде?//

Асқазан жарасы //

+Өңештің варикозды тамырларының кеңеюі//

Өкпеден қан кету//

Крон Ауруы//

Спецификалық емес ойық жаралы колит

***

Инфарктан кейінгі кардиосклероз, артериялық гипертензия, жүрек жетіспеушілігі бар науқастың жағдайы нашарлап, әлсіздік, бас ауруы, жүрек айнуы, көз алдында екі еселену пайда болды. Дәрілерді жүйелі түрде қабылдайды. АҚ-150/85 мм.сын.бағ., ЖЖЖ 48 рет/мин. ЭКГ: PQ аралығы 0,24 сек, QRS комплексі деформацияланған, бүкіл бөліктерінде «астау тәрізді» ST интервалы изоэлектрикалық сызығынан төмен ығысқан. Бұл неге байланысты://

Гипертониялық криз//

Жүрек жетіспеушілігінің үдемелеуі//

+Жүрек гликозидтерімен интоксикация//

Миокард инфарктісі қайталмалы//

Мидың қан айналымының ауыспалы бұзылысы

***

37 жастағы науқас іссапарда жүргенде ауырып, дәрігерді шақырды. Терапевт науқасты үйде тексеріп, тұмау диагнозын қойды, емдеуді тағайындады. Еңбекке жарамсыздық туралы мәселені шешу үшін дәрігердің одан әрі тактикасын көрсетіңіз://

бөлімше меңгерушісінің рұқсаты қажет//

+ауру демалысын беру кезінде 1-ші күні бас дәрігердің рұқсаты қажет//

еңбекке жарамсыздық парағын беруге рұқсат талап етілмейді//

1-ші күні бас дәрігердің орынбасарының рұқсаты қажет//

еңбекке жарамсыздық парағын беру кезінде 1 күнде ДКК-нің рұқсаты қажет

***

70 жастағы науқас құрғақ жөтелге, салмақ жоғалтуға, ентігуге әлсіздікке шағымданады. Темекі шегушінің индексі 28. Бір ай ішінде жағдайы нашарлай түсті нашарлау. Жалпы жағдайы орташа ауыр. Дұрыс дене бітімі, тәбеті төмен. Тері тургоры төмендеген. Өкпеде қатқыл тыныс. Рентгенограммада біркелкі емес контурлары бар базальды аймақта қарқынды біртекті қараю. Терапевт қандай ауруды болжауы керек?//




Созылмалы Бронхит //

Өкпе туберкулезі//

+Бронхогендік қатерлі ісік//

Пневмокониоз//

Бронхоэктатикалық ауру

***

Жаман әдеттерсіз 30 жастағы науқас 38о дейін қызба, өнімсіз жөтел, жалпы әлсіздік туралы шағымдармен жүгінді. 3 күн бұрын жедел ауырды. Бұрын ауырған ауруларды жоққа шығарады. Рентгенологиялық суретте тексеру кезінде өзгерістер анықталды.






Осы науқасты амбулаториялық жағдайда емдеудеқандай антибиотиктер бірінші қатардағы дәрілер болып табылады?//

+Аминопенициллиндер//

3-ші буын цефалоспориндері//

фторхинолондар//

Аминогликозидтер//

Макролидтер

***

50 жастағы науқас аз өнімді жөтел, қызба, кеудедегі ауырсыну, ентігу туралы шағымдармен жүгінді. Рентгендік суретте тексеру кезінде тән өзгерістер анықталды. Бұл рентгенологиялық көрініс қандай аурумен сипатталады?//
Ауруханадан тыс Пневмония //

+Экссудативті плеврит//

II сатыдағы Саркоидоз//

Перифериялық өкпе қатерлі ісігі//

Эозинофильді инфильтрат

***

Науқас Н., 22 жаста, 13-14 апталық жүктілік бойынша есепте тұр. Өнімсіз жөтелге, температураның 37,8С дейін көтерілуіне, жалпы әлсіздікке шағымданады. Суық тигеннен кейін жедел ауырып қалды. Қан талдауында: Нв – 123г/л, эритроциттер 4,2*10¹²/л, лейкоциттер 8,1*10⁹/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ. Объективті тексеру кезінде: тыныс алу жиілігі 16 рет минутына,өкпеде оң жақ төменгі бөлігінде дауыс дірілінің күшеюі, везикулярлық тыныс алудың әлсіреуі. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде айқын емес шекаралары бар аз қарқынды көлеңкелер анықталды. Дәрігердің дұрыс тактикасы қандай?//

Амбулаториялық ем тағайындау //

Күндізгі стационарға емделуге жіберу//

+Тәулік бойы стационарға емделуге жіберу//

Гинекологиялық бөлімшеге емделуге жіберу//

Перзентханаға емделуге жіберу

***

52 жастағы науқас кенеттен болатын естен тануына шағымданады. Айтылған шағымдар 3 жыл бұрынғы инфекциялық миокардиттен кейін дамыған. Соңғы уақытта ұстамалар айына 2-3 рет жиілеген. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖЖЖ 47 рет/мин. ЭКГ-де PQ аралығының ұзаруы, Самойлов-Венкебах кезеңдері анықталады. Осы жағдайда қандай ем қолданған дұрыс болады://

Кальций антагонистерін тұрақты қабылдау//

Бета-адреноблокаторларды тұрақты қабылдау//

М-холиноблокаторларды үнемі қабылдау//

+Жасанды ырғақ жүргізушісін енгізу//

Аортокоронарлы шунттауды жүргізу

***

Науқас созылмалы жүректің ишемиялық ауруымен, қарыншалық тахикардияның мерзімді шабуылдарымен амбулаторияға жүгінді. Демеуші емге арналған таңдау препараты мыналар болып табылады://

+Амиодарон//

Новокаинамид//

Эналаприл//

Парацетамол//

Атропин

***

26 жастағы науқас әлеуметтік қауіп тобынан. Шағымы: әлсіздік, делсалдық, шаршағыштық, жүдеген, жөтел, түнгі тершеңдік. Соңғы 2-3 айдан бері ауырады, түнгі уақытта жұмыс істейді. Флюрографияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлімінде инфильтративті көлеңке, түбіріне қарай созылған. Дәрігер тактикасын анықтаңыз?//

+БК-ға қақырық талдауы/

Фтизиатрға жіберу//

Антибактериалды ем жүргізу//

Туберкулезге қарсы ем тағайындау//

Пульмонология бөліміне жіберу

***

25 жастағы ер адам үйге дәрігерді шақырып, 4 күн бойы дене қызуының 38*С көтерілуіне, сары-жасыл түсті қақырықпен жөтелге, әлсіздікке, тершеңдікке шағымын айтты. Анамнезі: ауруын суық тиюмен байланыстырады. Объективті: тері жабындылары бозарған, ТАЖ- 20 рет/мин., жауырынның оң жақ төменгі бұрышында перкуторлы дыбыстың тұйықталу ошақтары, аускультативті ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Осы науқасқа ем тағайындаңыз?//

Макропен 0,2 х 3 р/к ішке 5 күн//

Эритромицин 0,25мг 2 табл. х 4 р/к 7 күн//

+Азитромицин 0,5 х1 р/к ішке 5 күн//

Тетрациклин 0,25 х 4 р/к ішке 10 күн//

Цефазолин 1,0 х 3р/к б/е 10 күн

***

54 жастағы әйел үдемелі әлсіздікке, аш қарында және түнгі уақытта эпигастрийдегі ауырсыну сезіміне, іш қату, бас айналу, терінің құрғауы, шаш пен тырнақтың сынғыштығына, жүктемеге байланыссыз жүрек тұсындағы ауырсынуға шағымданады. Бұрын ештеңемен ауырмаған, жақында жұмыста жағымсыз конфликт болған. Диагнозды негіздеу үшін міндетті түрде қандай диагностикалық тексеру қажет://

Электрокардиография//

+Фиброгастродуоденоскопия//

Сигмоидоскопия//

Невропатолог кеңесі//

Қанның клиникалық талдауы

***

37 жастағы ер адам тамақтанғаннан кейінгі эпигастрий тұсындағы күйдіріп ауырсынуға, қыжылға, жүрек айнуына, сирек жағдайда құсуға, әлсіздікке және жүдеуге шағымын айтты. Анамнезінен: екі апта бойы диклоген қабылдаған, остеохондрозды емдеу үшін. Объективті: эпигастрий тұсындағы ауырсыну. ФГДС-те: асқазан түбі тұсында жара. Емнің бірінші сатысында науқасқа міндетті түрде не тағайындау керек?//

+Омепразол 20мг ішке тәулігіне 2 рет//

Сукральфат тәулігіне 1г х 4 рет//

Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн//

Шұғыл хирургиялық араласу//

Алмагель 1 үлкен қасықпен тәулігіне 3 рет

***

46 жастағы науқас қышқылмен құсуға, тамақ ішкен соң ауамен кекіруге, эпигастрий аймағындағы дискомфортқа, іші кебуіне шағымданады. Пальпацияда эпигастрий аймағында ауырсыну анықталады. Қандай тексеру жүргізу керек?//

Жасырын қанға нәжісті тексеру//

Баримен контрастты рентгеноскопия//

+Фиброгастродуоденоскопия//

Ультрадыбысты зерттеу//

Радионуклидті зерттеу

***

25 жастағы науқас қабырға астындағы ауырлық сезіміне, ерте тойыну сезіміне, аузындағы жағымсыз иіске, ауамен кекіруге шағымданады. Пальпацияда кезінде пилородуоденалды аймақта ауырсынады. Диагнозды нақтылау үшін асқазан кілегей қабығының биоптаты морфологиялық тексерілді. Бұл тәсіл не үшін жүргізіледі?//

+Биоптатта Н. руlorі анықтау үшін//

Биоптатта Н. руlorі уреазды белсенділігін анықтау үшін//

Биоптатта арнай антиденелерді анықтау үшін//

Н. руlorі эрадикациясы үшін//

Н. руlorі-дің антибактериалды дәрілерге сезімталдығын анықтау үшін

***

Науқас 38 жаста, гипохромды микроцитарлы анемиядан зардап шегеді. Анамнезінде: 5 жыл бойы созылмалы энтеритпен ауырады. Рeros (ішке)тағайындалған ранферон эпигастридегі жағымсыз сезімдерді, жүрек айнуды, құсуды шақырады. Осы науқасты емдеу тактикаңыз қандай?//

Ранферонның дозасын азайту//

Эритроцитарлы масса құю//

+Темір препараттарын парентералді тағайындау//

Емге церукалды қосу//

Басқа темір препараттарын peros тағайындау

***

Дәрігердің қабылдауында анемиямен ауыратын әйел. Гипопластикалық анемия мен иммундық тромбоцитопенияға дифференциалды диагноз қою үшін қандай зерттеу әдісі қажет://

+Трепанобиопсия//

Жалпы қан талдауы//

Коагулограмма//

Ішкі органдардың УДЗ//

Сүйек рентгенографиясы

***

Науқас 29 жаста, оң жақ беліндегі ауырсыну, бас ауруына, 38°С дейін қызба, жиі зәр шығаруға шағымданады. 4 жылдан бері ауырады, бірнеше рет емделген. Аяқтарын суықтатып алғаннан кейін қозу байқалды. Объективті: беті ісінген, бозарған, қабақтары ісінген. Пастернацкий симптомы оң. Қан анализі: Нв – 114 г/л, лейк.- 9,8х109/л; ЭТЖ – 34 мм/сағ. Зәр анализі: сал. тығ. – 1025, ақуыз –0,99 г/л, Лейк.– бүкіл көру алаңында; гиалинді цилиндрлер –2-4 к/а. Диагнозды анықтау үшін қандай зерттеу жүргізу қажет?

функциональді Зимниций сынамасы//

+зәрді бактериологиялық зерттеу//

зәрді микобактерия туберкулезге себу//

Нечипоренко сынамасы//

қанды иммунологиялық зерттеу

***

28 жастағы науқаста зәрд түсінің күңгірттенуі, олигоурия, беттің, дененің, аяқтардың жаппай ісінуі орн алды. Дәрігер жедел диффузды гломерулонефрит диагнозын қойды. Науқас ауруханаға жатқызылды. Емдеуден кейін науқастың жағдайы жақсарды. Науқас диспансерлік есепке алынды. 6 айдан кейін қайта қаралған кезде тексеру нәтижелері: қанның жалпы талдауында Нв-120 г / л, лейк.– 6, 8х10⁹/л; ЭТЖ-14 мм/сағ., қан креатинині -100 мкмоль/л, жалпы ақуыз 63г/л, зәрдің жалпы талдауында үлес салмағы-1012, ақуыз -0,495 г/л, лейк.– 0-1-2 көру алаңында, эритр -0-1-2 көру алаңында, цилиндрлер-2-4 көру алаңында. Бұл жағдайда жалпы тәжірибелік дәрігердің қандай тұжырымы дұрыс?//

Сауығу, бүйрек функциясының бұзылуы жоқ, креатинин қалыпты//

Протеинурияның болуы әрдайым созылмалы түрге өту мүмкіндігі туралы айтады//

Жедел гломерулонефриттен кейін протеинурия мен гипопротенемия 6-9 айға дейін созылуы мүмкін//

Науқаста аурудың өршуі, стационарлық емдеу ұсынылады//

+Бір жыл ішінде протеинурияның немесе басқа экстраренальды белгілердің болуы процестің созылуын көрсетеді

***

24 жастағы әйелдің қозғалысы шектелген, тізе буындарының ауырсынуы байқалады. Объективті: тізе буындарының дефигурациясы, зақымдалған буындардың шектелуі. Қан талдауында: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9,0х109/л, жалпы ақуыз 75г/л, ЭТЖ 27мм/сағ. СРБ – (). Буындардың R-графиясы – буын маңындағы остеопороз белгілері, буын саңылауының тарылуы. Көрсетілген аурудың базисті еміне келесі препараттарды тағайындауға болады://

Азатиоприн//

Азатиоприн, метотрексат//

+Азатиоприн, метотрексат, кризанол//

Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин//

Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин, преднизолон

***

Әйел 38 жаста, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді, 21 күн бойына жүйелі қызыл жегі, жедел асты ағымы, II белсенділік дәрежесі (дерматит, артрит, кардит, верлгоф синдромы, нефрит, симптоматикалық АГ, СБЖ 3 дәрежесі) стационарлық емделуде болған, науқастың еңбекке жарамсыздығына сараптама жүргізіңіз//

ДКК арқылы еңбекке жарамсыздық парағын одан әрі рәсімдеу, 2 айға дейін еңбекке уақытша жарамсыз, МӘСК-ке куәландыру//

Бөлімше меңгерушісімен бірге еңбекке жарамсыздық парағын одан әрі рәсімдеу,2 айға дейін еңбекке уақытша жарамсыз //

+ДКК арқылы еңбекке жарамсыздық парағын одан әрі рәсімдеу, 4 айға дейін еңбекке уақытша жарамсыз, МӘСК-ке куәландыру//

ДКК арқылы еңбекке жарамсыздық парағын одан әрі рәсімдеу, 4 айға дейін еңбекке уақытша жарамсыз //

ЖПД-ның еңбекке жарамсыздық парағын бір айға дейін, содан кейін ДКК арқылы, 2 айға дейін уақытша еңбекке жарамсыздық парағын одан әрі рәсімдеу //

***

Урогендік реактивті артрит диагнозын қою кезінде ең жоғары ақпараттылығы бар зерттеу атауы?//

+уретраның жағындысында хламидиозды зерттеу//

қан сарысуындағы зәр қышқылын анықтау //

артроскопия//

нәжісті бактериологиялық зерттеу//

Бүйрек УДЗ

***

43 жастағы науқас ес-түссіз күйде жеткізілді. Қалтасында диабеттік паспорт бар. Тексеру кезінде: терісі құрғақ, суық. Тілі қызыл, құрғақ. Дем шығаратын ауадаацетонның иісі бар. Тыныс алуы шулы (Куссмаультынысы). АҚҚ 70/30 мм.с.б.б.Пульс-105 рет минутына. Бауыр қабырға доғасының шетінен 4 см шығып тұр, тығыз. Гликемия-35 ммоль/л, гипокалиемия, қан рН төмендеуі, глюкозурия, айқын кетонурия. Науқасты жүргізудің қандай тактикасы ең қолайлы?//

Сағат сайын бұлшық етке0,1 ед/кгқысқа әсер ететін инсулинді егу//

Тері астына бір рет 10 бірлік қысқа әсер ететін инсулин//

0,1 бірлік/кг қысқа әсер ететін инсулин сағат сайын тері астына//

+0,1 бірлік/кг қысқа әсер ететін инсулин сағат сайын куре тамырға тамшылап//

Диагностика кезінде ұзартылған инсулиннің бір инъекциясы

***

Науқас, 35 жаста әлсіздік, шаршау байқалады. Анамнезінде: қалқанша бездің субтотальді резекциясы, 50 мкг L-тироксин қабылдады. Объективті: денесі ісіңкі, жүрек тондары тұйықталған. АҚҚ-100/70 мм.с.б.б. ЭхоКГ кезінде перикард қуысында сұйықтықтың болуы байқалады. Төмендегі зерттеу әдістерінің қайсысы ең ақпараттандырылған болып саналады?//

ЭКГ//

Қанды бактериологиялық егу//

Ішастар мүшелерін КТ//

+TТГ, T3 және T4 деңгейін анықтау//

АҚҚ тәуліктік мониторлау

***

Қабылдауда науқас К., 60 жаста. Бойы 162 см, дене салмағы 105 кг, шағымдар жоқ. Скрининг кезінде аш қарынға қандағы глюкоза деңгейі-7,0 ммоль/л екендігі анықталды. Дұрыс ой-пікірді таңдаңыз://

Науқас сау, қосымша зерттеулер мен емдеудің қажеті жоқ//

Науқаста қант диабеті, диетаны сақтау және динамикада қандағы глюкоза деңгейін бақылау қажет//

+Пациентті жүргізудің одан әрі тактикасын шешу үшін глюкозаға төзімділік тестін жүргізу қажет//

Науқаста гипогликемия, анамнезді мұқият жинау керек//

Зәрдегі глюкоза деңгейін анықтау қажет.

***

39 жастағы ер адам емханада, қабылдауда, төс артының өткір ауырсыну болды. ЭКГ - да-жедел миокард инфарктісінің белгілері. Сіздің тактикаңыз?//

Кардиологиялық бөлімшеге шұғыл емдеуге жатқызу//

+Ауырсынуды тоқтату және шұғыл ауруханаға жатқызу//

Науқасты толық тексеру (қан анализі, холестерин) және ауруханаға жатқызу//

Ауырсынуды тоқтату және емдеуді жалғастыру//

Шұғыл ауруханаға жатқызуға күндізгі стационарға

***
Артериялық гипертензиясы бар науқас қабылдау кезінде тексеру нәтижелері бойынша: АҚҚ 180/110 мм.с.б.б., сол жақ қарыншаның гипертрофиясы және көз түбіндегі өзгерістер. Қауіп тобын анықтаңыз://

қауіп 0//

қауіп 1 (төмен)//

қауіп 2 (орташа)//

+қауіп 3 (жоғары)//

қауіп 4 (өте жоғары)

***

Қабылдауда 66 жастағы науқас, АГ ІІІ, қауіп 4 диагнозы қойылды, өйткені бұл диагнозбен үйлестірілген келесідей ауруы бар://

өкпенің обструктивті созылмалы ауруы//

созылмалы гепатит//

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы//

ревматоидты артрит //

+созылмалы жүрек жеткіліксіздігі

***

Қабылдауда 50 жастағы науқас, дәрігер АГ III, қауіп 4 диагнозын қойды, өйткені жүрек-тамыр қаупін арттыратын келеідей ауруы бар://

+диабеттік нефропатия //

созылмалы гепатит//

өкпенің созылмалы обструктивті ауруы //

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы //

ревматоидты артрит

***

48 жастағы науқас, дәрігер АГ III, қауіп 4 диагнозын қойды, өйткені жүрек-тамыр қаупін арттыратын келеідей ауруы бар://

өкпенің созылмалы обструктивті ауруы//

ревматоидты артрит //

асқазанның және 12 елі ішектің ойық жарасы//

+облитерациялық артерит//

созылмалы гепатит

***

56 жастағы науқас, дәрігер АГ III, қауіп3 диагнозын қойды, өйткені жүрек-тамыр қаупін арттыратын келеідей ауруы бар://

өкпенің желдету функциясының төмендеуі//

бауыр жаңғырығының бұзылуы//

асқазан шырышты қабатының гиперемиясы//

+көру нерв емізігінің ісінуі//

буындардың деформациясы және ісінуі

***

20 жастағы науқасты тексеру кезінде стресс аясында жүрек аймағында ауырсыну сезіміпайда болды. Туа біткен жүрек ақауынан зардап шегеді, ЭКГ - да-әрбір p тісіне QRS кешені сәйкес келеді. Р тісшесі – 0,08 с, PQ аралығы0,28 с, QRS – 0,10 с, ЅТ - 0,30 с изолинияда, Т тісшесіоң, науқаста ЭКГ-ға сіздің қорытындыңыз://

ырғақ пен өткізгіштіктің бұзылуы жоқ//

+атриовентрикулярлық блокада//

жүрекшелік фибрилляция //

синатриалды блокада //

қарыншалық экстрасистолия

***

Артериялық гипертензия мен ауыратын, 50 жастағы әйел адамда дәрігер созылмалы ауру анықтады және оны ассоцирленген жағдай деп бағалады. Бұл қандай ауру түріне жатады?//

дилятационды миокардиопатия//

тиреотиксикалық миокардиопатия//

инфекционды эндокардит//

+жүректің ишемиялық ауруы//

жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

***

Ер адам, 47 жаста, жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Дене температурасының 38,3оС дейін көтерілуіне, сол аяғының үлкен саусағының ісініп қызаруына, өткір ауру сезіміне шағымданады. Бір жыл бойы қанда зәр қышқылы жоғары болған, бірақ ем қабылдамаған. Кейде диета бұзады. ДСИ-29,4 кг/м2. Соңғы аптада АҚҚ 160/90 мм.сын.бағ. дейін жоғарылауына байланысты гипотиазид қабылдай бастаған, содан бері шағымдары пайда болды. Қандай фактор жағдайының нашарлауына алып келді?//

Артық салмақ//

+Гипотиазид қабылдауы//

Регулярлы ем қабылдамауы//

Диета бұзылуының мүмкіндігі//

Физикалық күш түсуі

***

Ер адам, 54 жаста, 30 жылдан артық темекі тартады. Темекі тартушының индексі-26. Соңғы бірнеше жылдан бері физикалық күш түскенде ентікпе мазалайды, таңғы уақыттарда жөтелгенде қақырық бөлінеді. Осы науқасқа негізі базисті терапияға ретінде қандай дәрілік заттар тағайындау керек?//

Муколитиктер//

Жөтелге қарсы заттар//

Глюкокортикостероидтар//

Антибиотиктер//

+Бронходилятаторлар

***

Ер адам, 55 жаста. Артериалық гипертензия 3 дәрежесі, қаупі 4-пен ауыратын науқаста дәрігер созылмалы ауру анықтады және оны ассоцирленген жағдай деп бағалады. Бұл қандай ауру://

дилятационды миокардиопатия//

жедел ревматикалық қызба//

инфекционды эндокардит//

+ишемиялық инсульт//

***

Жолшы болып жұмыс істейтін 60 жастағы науқас: "Артериялық гипертензия ІІІ, қауіп 4. ЖИА: күштемелі стенокардия, 3 ФК. ПИКС (2012), жүрекшелік фибрилляция, тахисистолалық форма. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі ФК3 (NYHA)", стационарлық емдеуді қоса алғанда 75 күн бойы уақытша еңбекке жарамсыздық парағында. ЭХОКГ: жүрек фракциясы 38%. Науқастың еңбекке жарамсыздығына одан әрі сараптама жасаңыз://

2 айдан кейін еңбекке жарамды//

6 айдан кейін МӘСК-ке жіберу//

ДКК арқылы жеңілдетілген еңбекке ауыстыру//

+4 ай өткеннен кейін МӘСК-ке жіберу//

ауру демалысын 3 айға дейін ұзартыңыз

***

72 жастағы ер адам үйіне дәрігерді шақырды, эпигастрий аймағындағы өткір ауырсынуға, арқасына, жүрек айнуына, әлсіздікке шағымданды. Таңертең кенеттен нашарлап қалды. Созылмалы панкреатитпен ауырады.Объективті: тері ылғалды, бозғылт. Өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, жүрек соғу жиілігі минутына 88, қан қысымы 105/60 мм.с.б.б. ДСИ 26. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырмайды. Бір күн ішінде үлкен дәретке шыққан жоқ. ЭКГ: синус ырғағы, III, AVF ST сегменті изолиниядан 5 мм жоғары, доға тәрізді, теріс тіске өтеді; v1-V3STсегменті изолиниядан төмен; V2-де биік Т тісшесі. Сіздің қорытындыңыз://

асқазан жарасының ұйқы безіне перфорациясы//

+сол жақ қарыншаның артқы төменгі қабырғасының инфарктісі//

12 елі ішектің ойық жарасы//

созылмалы дуоденит пен гастриттің өршуі //

созылмалы панкреатиттің өршуі
  1   2   3   4


написать администратору сайта