Главная страница
Навигация по странице:

  • 3 ВОЛЕЙБОЛШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚИМЫЛ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРЕТІН ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ

  • Пайзрахманов диплом (2). Нормативті сілтемелер


    Скачать 332.5 Kb.
    НазваниеНормативті сілтемелер
    Дата11.05.2022
    Размер332.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПайзрахманов диплом (2).doc
    ТипДиплом
    #523628
    страница3 из 4
    1   2   3   4

    Зерттеуді ұйымдастыру

    Зерттеу негізінен Қазақ спорт және туризм академисының базасында жүргізілді. Зерттеуге 19-21 жас аралығындағы волейболмен шұғылданушы 24 студенттер қатысты. Зерттеулер екі кезеңмен жүргізілді.

    Бірінші кезеңде зерттеліп отырған мәселе бойынша ғылыми-әдістемелік және арнайы әдебиет зерделенді және талданды. Талдаудың негізінде жас волейболшылардың жарыс ойындарындағы дене қасиеттерінің даярлығын және қозғалу белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер жинағы анықталды. Бұл көрсеткіштер педагогикалық бақылауларда констатациялаушы педагогикалық экспериментке қатысушылардың қозғалыс қасиеттерін және қабілеттерін тестілеген кезде пайдаланылды.

    Екінші кезеңде педагогикалық констатациялаушы эксперимент жүргізіліп, оның барысында жарыс ойындарын педагогикалық бақылау, 22 жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын тестілеу жүргізілді. Констатациялаушы эксперименттің нәтижелерінің негізінде спортшылардың жарыстағы әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ететін дене қасиеттері арасындағы байланыс және дене қасиеттері даярлығының құрылымы анықталды.

    3 ВОЛЕЙБОЛШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚИМЫЛ БЕЛСЕНДІЛІГІ МЕН ДЕНЕ ДАЙЫНДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРЕТІН ТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ ЖОЛДАРЫ
    3.1 Қозғалыс белсенділігі мен дене қасиеттерінің өзара байланысы

    Волейболда техникалық тәсілдерді орындаудың жүргізілген талдауының негізінде ойында техникалық тәсілдердің тиімді орындалуын қамтамасыз ететін волейболшының қозғалыс белсендігімен негізгі дене қасиеттері ептілік; жекелеген бұлшық ет топтарының күші; орын ауыстыруларда және бірлі қимылда жүзеге асырылатын жылдамдық; секіргіштік және иілгіштік болып табылатындығы анықталды.

    Бұл ретте бірқатар авторлар жоғарғы спорттық нәтижелерге жетудің қимыл техникасын меңгерусіз мүмкін еместігін атап көрсетеді. Осыған байланысты, авторлардың атап көрсетуінше, спортшылардың жеткілікті дене қасиеттерінің даярлығы аясында техникалық шеберлікті арттыру мәселесі, әсіресе спорттың техникалық тұрғыдан қиын түрлерінде өзекті болған және болып қалуда да [23].

    Келтірілген мәліметтер техникалық даярлық пен дене қасиеттері даярлығының органикалық өзара байланысы спорттық жетілудің негізгі принципі болып табылады және дене қасиеттерін мақсатты тәрбиелеу бір мезгілде спорттық техниканың жетілуіне ықпал етуден тұрады деп болжауға негіз береді. Спортшыардың спорттық шеберлігін арттыруға осылайша қарау ең ұтымды болып табылады және В.М.Дьячковский жасап шығарған және ғылыми негіздеген, үйлесімді әсер ету әдісінің принципті негізін құрайды.

    Үйлесімді әсер ету әдісінің тиімділігін арнайы дене қасиеттерін даярлау тәсілдері негізгі қимылдармен тек сыртқы ұқсастыққа ғана ие болмай, жаттығу жаттықтыруларындағы бұлшық еттердің күш салу режимі жас волейболшылардың қимылдау техникасының негізгі фазаларындағы бұлшық еттер жұмысының режиміне толығымен сәйкес келген жағдайда ғана көзбен көруімізге болатындығы еш күмән тудырмайды.

    Осы мәселенің шешімі, оның ішінде жаттығу жаттығуларын дұрыс таңдау, оларды орындау әдістемесін анықтау және т.б. көбіне көп спорттық техниканы терең білуге ғана емес, негізгі дене қасиеттерін және олардың әрбір нақты жағдайда көрініс табу сипатын, сонымен қатар олардың даму әдістемесін дәл анықтай білуге байланысты болып келеді [24].

    Спорттық техниканы спортшының дене қасиеттерінің даму деңгейімен байланыста қарастыра отырып, техникалық әрекеттерді спорттық әрекеттің қиын жағдайларында, оның ішінде волейболда меңгеру және толықанды қолдану дене қасиеттерінің дамуының тиісті деңгейінсіз мүмкін болмайтындығын атай кетуіміз керек, бұл ретте тіптен техниканы мүлтіксіз меңгеру дене қасиеттерінің даярлығындағы кемшіліктерді өтей алмайды. Бұл биомеханикалық мақсатқа лайықты қимыл дағдысының тек қана үйренуші дене қасиеттері дамуының белгілі бір деңгейіне ие болған жағдайда ғана қалыптаса және жетілдіріле алады. Жоғары дамыған дене қасиеттері қазіргі техника үшін қажетті «құрылыс материалы» болуға тиіс, бұл техника өз кезегінде спортшының қимылдау потенциалын жүзеге асыру үшін ең жақсы жағдайлар жасауға тиіс. Сондықтан дене қасиеттерін даярлауды ойын техникасының ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру қажет.

    Дене қасиеттері мүмкіндіктерінің прогрессивті дамуының волейболды ойнаудың техникалық тәсілдерін жылдам үренуге тек қана жас волейболшыларды үйретудің бастапқы кезеңінде ғана маңызды емес, одан кейін де спорттық шеберлікті арттырудың қажетті шарты болып табылады. Волейболшыларды даярлау қимыл дағдыларының қалыптасуының, дағдыларды меңгерудің өзара байланыстарының және дене қасиеттерінің даму деңгейінің заңдылықтарына негізделген. Бірқатар авторлардың зерттеулері ойын техникасы мен дене қасиеттерін даярлау арасында тікелей байланыс бар екендігін көрсетіп отыр [25].

    Волейболшылардың дене қасиеттерін арнайы даярлауда ерекше орынды авторлар жылдамдық-күш дааярлығына бөліп, бұл ретте осы қасиеттердің өзара әрекеттесуі волейболшылардың техникасында зор маңызға ие екендігін және онда жетекші роль ойнайтындығын атап көрсетеді (шабуылдаушы соққы, доп беру және т.б.) [26].

    Кейбір авторлар акробатикамен айналысудың доппен ойнау техникасын жылдамырақ меңгеруге және одан әрі табысты түрде жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап көрсетеді. Техникалық жетілу буындардағы қозғалғыштыққа, реакцияның жылдамдығына, ептілікке, жылдамдыққа және т.б. байланысты болып келеді. Ал енді шабуылдаушы соққы секілді техникалық тәсілді орындау қимылды үйлестіре білуді және кеңістікте бағыт-бағдар ала білуді талап етеді [27].

    Көрсетілген мәліметтерден көрініп тұрғанындай, дене қасиеттерін даярлау техникалық, тактикалық және психологиялық даярлықпен тығыз байланысқан. Ол техникалық тәсілдер мен дағдыларды жылдамырақ меңгеруге және берігірек нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл ретте, белгілі бір дене қасиеттерін дамыту және волейболдың техникалық тәсілдерін жетілдіру үшін орындалу сипаты мен құрылымы бойынша қандай да бір тәсілмен немесе оның жекелеген элементтерімен ұқсас арнайы жаттығуларды қолдану қажет.

    Алынған мәліметтер спорттық даярлықтың негізгі жақтарының (дене қасиеттерінің даяпрлығы, техникалық және тактикалық даярлық) тығыз өзара байланысын және тікелейи өзара тәуелділігін көрсетіп отыр. Бір жағынан деен қасиеттерінің жетілгендігі белгілі бір дәрежеде техника мен тактиканы дамыту үшін алғышарт болып табылатындығы, екінші жағынан, жаттығу барысында техника мен тактиканың әсерінің арқасында атлетикалық құрамдас бөліктің де жетілетіндігі атап көрсетіледі. Сонымен қатар жоғарғы спорттық шеберлік кезеңінде атлетикалық жаттығудың негізгі міндеті арнайы дене қасиеттерін ойыншылардың мақсаттық функциясы мен мамандануына сәйкес дербес жақсартудан тұратындығы туралы ойлар айтылуда. Әдіснамалық тұрғыдан алғанда, ойыншылардың атлетикалық ерекшеліктері техника мен тактиканы меңгеру және одан әрі табысты дамыту, сонымен қатар жетілдіру үшін алғышарт болып табылады. Волейболшылардың күшін дамыту үшін өзінің құрылымы бойынша ойындағы әрекеттерге және техникалық тәсілдерге жақын, волейболдың техникалық тәсілдерін орындаған кезде негізгі күш түсуді көтеретін бұлшық ет топтарын дамытуға бағытталған жаттығуларды қолдану ұсынылады [28].

    Зерттеулер жылдамдық-күш даярлығы бойынша арнайы жаттығулардың жалпы және арнайы жылдамдық-күш қасиеттерінің айтарлықтай дамуына, волейбол ойынының негізгі техникалық тәсілдерінің меңгерілуіне және бұрынырақта меңгерілген техникалық тәсілдердің жетілдірілуіне ықпал ететіндігін көрсетіп отыр.

    Сонымен қатар, волейболшылардың дене қасиеттерін олар техникалық тәсілге барлық параметрлер бойынша сәйкес келетіндей, яғни оларға сырт түрінен ғана емес, құрылымы бойынша да сай келетіндей етіп тәрбиелеу үшін де жаттығу жаттықтыруларын іріктеп, таңдап алу ұсынылады. Бұл ретте олар аталған жағдайда маңызды болып отырған бұлшық ет топтарына тек қана дифференциацияланған әсер беріп қана қоймай, волейболшыда өзінің күш-жігерін қандай да бір техникалық тәсілдің ең маңызды элементіне немесе фазасына шоғырландыра білуді де дағдыландырады.

    Тараудың мазмұнын түйіндей келе, қимыл қасиеттерін техникалық жетілдірумен өзара байланыста дамыту мәселелеріне спорттың өзге түрлерінде айтарлықтай көп көңіл бөлінгендігін және оларды жетілдірудің әдістерінің ғылыми негізделгендігін атай кету керек. Алайда волейбол туралы бұлай айтуымызға болмайды. Аталған аспектті зерттеу, дене қасиеттерін даярлау процесін спорттық техниканы жетілдірумен бірлікте жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндіктен, спорттық педагогика үшін айтарлықтай қызғылықты болып келеді [29].

    Жеңіске құлшыныссыздық пен ойыншылардың ойынға берілуінсіз жоғары нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес.

    Ғылыми қамтамасыз ету. Жоғары дәрежелі спортшылардың және команданың дайындығындағы бұл саласыз жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Барлық жан-жақты зерттеулер нәтижесінде бапкерлер ойыншыларды дайындауға ұсыныс алады, ал спортшылардың әрекетінің компьютерлік мағлұматтары ойын барысын түзетуге арналған арнайы жедел ақпарат алуға мүмкіндік береді.

    Техникалық дайындық бұл процесте волейболшыларды техникалық қозғалыс пен әрекеттерге, ойынды жүргізуге бағытталған. Спорттық техника спорттың физикалық қасиеттерін дамытатындай деңгейде қаралуы тиіс. Неғұрлым физикалық дайындығы жоғары болса , соғұрлым дамыта оқыту оңтайлы болмақ.

    Негізгі техникалық дайындықтың міндеті:

    1. Жан-жақты білімдері мен ойларын дамыта отырып және жаңа іс- қимылдарды жеңіл меңгерумен тез арада жалғастыра білу;

    2. Рационалды техниканы меңгеруі ол үйрету жағдайындағы іс-қимылдарды ешқандай қиындықсыз меңгеруі;

    3. Техникалық доп қабылдау барысындағы қателіктерін мысалға ала отырып, техникалық дайындығын жетілдіру;

    4. Іске асыру барысындағы қимылдық өзгерістердің формасы;

    5. Техникалық доп қабылдау барысында белгіленген қиындықтарды туғызу;

    6. Ойын техникасындағы іс-әрекеттерді жарыс жағдайында қарастыру.

    Техникалық дайындық бұл көпжылдық процесс, мұны екі этапқа бөлуге болады: біріншісі бастапқы ойын техникасын оқыту және ұзақ уақытқа жоспарланған жүктемелер.

    Бастамасын оқу. Жекелеген техникалық доп қабылдау құрылымы қарапайым болып келеді, бірақ оның ойын кезінде өзіндік қолдану қиындықтары туындайды:

    - шабуыл барысында қысқа уақыт арасында қорғанысқа тигізе допты лақтырғанда оны ойынға қайта қайтару қыйын болып табылады;

    - кіші алаңда тура доп қабылдау және әперу қыйындық туғызады;

    - үш рет доп қабылдау жоғары деңгейде тура бағыттауды талап етеді.

    Сондықтан ойын техникасын меңгеруде негізгі міндет волейболшылардың техникалық дайындығын қамтамасыз ету. Осы міндетті орындау барысында жаттығу барысындағы үйретілген қимылдарды қолданса тиімдірек болмақ:

    а) ойын техникасын оқуда ақырындап жетілдіру (бірінші техникалық жаттығуды үйренбей жатып екіншісіне ауыспау);

    б) физикалық дайындығын жетілдіру бағытында негізгі іс қимылдарды оқуды жетілдіру;

    в) биомеханикалық білім заңының қозғалысы, және техникалық доп қабылдау әрекеті;

    г) оқыту барысындағы туындаған қателіктер, ойын техникасын үйрену барысында түзетуге мүмкіндік болады;

    д) үйрету жаттығулары, тренажерлар, оқыту құралдары, арқылы балаларға оңай және дұрыс үйренуге мүмкіндік береді;

    Ойын техникасын сапалы оқыту үшін нақты мәлімет қажет.

    Оқыту бөлімі. Бастапқы оқыту барысында дене бітіміндегі өзгерістерді қадағалау. Ұзақ уақытқа созылатын оқыту барысында доп қабылдауды қыйындатып, дайындық жолын ауырлату: алдын ала орналасудан кейін , әрекет жасау алаңының үлкейуі, қарапайым ойын ережесімен ойнау, сырттай әсер ететін факторлар арқылы жүргізу. Волейболда ойын техникасын қалыптастыру барысында, қозғалмалы өзгеріс заңына бағынады.

    Қозғалмалы білімін қалыптастыру барысында фазаларға бөлу, келесі тәртіп бойынша бір бірінен физиалогиялық, психалогиялық, және оқыту барысын бөліп қарауға болады.

    Бірінші фазада қозғалмалы іс қимылдар қойылымын еске түсіре отырып бастапқы білікті қалыптастыру. Бастапқыда жаттығуды қате жасауы мүмкін, және ұқсастау жасай беретіндер де бар. Жаттығуларды орындау барысында күнделікті дайындау барысында ақырындап жетілдіре беруі керек. Дұрыс ұйымдастырылмаған жаттығу оқушылардың жүйке жүйесіне әсер етуі мүмкін және жетілдіру барысында жеткіліксіз жаттығу бұлшыұеттердің дамымай қлуы мүмкін.

    Әдістердің міндеттеі және оқытуды меңгеру негізгі техникалық және жалпы іс қимылдар ырғағын меңгеру. Уақытпен сәйкестендіре оқытып немесе жаттығулар арасында ұзақ уақыт үзіліс болса іс қимылдардың деңгейі төмендейді. Үнемі бір жаттығуды қайталай берудің нәтижесі болмайды, соншалықты жана білімдерді меңгерте беру жүйке жүйесіне ауырлық түсіреді. Күрделі техникалық доп қабылдауларды оқытудан, жалпы қарапайым жаттығуларды оқыту тиімді. Ойыншылардың ойынды өздері көре отырып немесе санамен сезініп ақылдасуы тиімдірек.

    Екінші фазада іс қимыл қозғалысының орындалуын қалыптастыру біліктілігі. Үнемі қозғалыста болатын адамдар берілген тапсырманы дәл орындай алады. Өзінің қозғалысын айқындауға мүмкіндік туады.

    Әдістердің міндеттеі және оқытуды меңгеру негізгі техникалық және жалпы іс қимылдар ырғағын меңгеру. Бірінші сабақта қайталау жасау жоғарлайды. Жаттығу сабақтары арасында екі немесе үш күн демалыс болса спортшылар жүйелігі төмендемейді.

    Үшінші фазада әдістемелік автоматтандыру тұрақтылығы ұзақ уақыт бойы жаттығуды жалғастыруда тұрақтанады.

    Әдістердің міндеті және іс қимылдарды қабылдау ұзақ уақыт ойына техникалық қимылдарды автоматтандыра түсу; білімдерін жетілдіру (иілгіштік, қозғалмалы) әсер етпейтін жеде қолдану. Мұндай жағдайда спортшының жеке қасиеттеріне байланысты болуы керек.

    Волейбол техникасын оқыту барысында келесілерді қолданамыз (ойын барысындағы барлық техникалық доп қабылдау барысында):

    1. Доп қабылдауларды термин бойынша дұрыс атау.

    2. Доп қабылдауларды жаттықтырушы немесе слайдтардан және плакаттар арқылы көрсетіп, оның ойын барысында қандай рол атқаратынын айта отыру.

    3. Доп қабылдауды дұрыс түсіндіру және доп қабылдау алдында қандай іс-әрекеттер жасау және қабылдағаннан кейін орындалатын әрекеттер жайла айту.

    4. Доп қабылдау барысын тәжірибеде қолдана отырып қайталау және орын ауыстыра қолдану.

    5. Қарапайым жағдайда жаттығуларды серіктесімен орындау.

    6. Жаттығу залында жұмыс жасау, доппен және допсыз жаттығулар.

    7. Қозғалыс барысында, жаттығу барысында доппен серіктестерінің санын көбейте жасау.

    8. Ойын жағдайындағыдай техникалық доп қабылдау жаттығуларын жүргізу.

    Волейбол оқу дәрісін материалдық-техникалық қамсыздандыру.

    Волейболдың оқу-жаттығу үрдісін көп жылдық дайындық жүйесінде жақсы дайындалу үшін, белгілі бір нақты оқу үрдісіне дайындалуда материалдық-техникалық жабдықталу қажет.

    Материалдық-техникалық құрылымдарды мақсатына қарай 3 топқа бөледі:

    - жалпы көпшілік алдында көрсетілетін құрал-жабдықтар;

    - тіркеу құрал-жабдықтар;

    - керекті құрал-жабдықтар, жаттығу жасайтын құралдар.

    Жалпы көпшілік алдында көрсететін құрал-жабдықтар – бұл киножобалаулар, макеттер, бейнемагнитафондар, плакаттар (техника мен техникаларды спортшылар көріп, өз іс - әрекетіне қабылдау үшін).

    Тіркеу құрал-жабдығы – бұл секундомерлер, секірудің биіктігін өлшейтін өлшеуіштер, радио – телеметрикалық құрал–жабдықтар және т.б. Осы техникалық құралдарды пайдалану арқылы тез ақпараттарды ала отырып, нәтижеге қол жеткізе аламыз.

    Құрал–жабдықтарға – волейбол торы мен антенна, торда – онда ойын көрсеткіштері көрсетіліп тұрады, тордың биіктігін өлшейтін өлшеуіштің; төрешінің отыратын қондырғысы; гимнастика керегелері және т.б кіреді. Ойындар залдарда, спорт сарайында, ашық алаңдарда болады. Ашық алаңдар ағаш немесе синтетикалық жабдықпен қоршалып 9-12,5 м кем емес әуе кеңістігі болуы тиіс.

    Керекті құралдар (инвентарь) – бұл гантельдер 1,2,3,5,8 кг салмақтағы; гимнастикаға арналған құралдар – доп, скакалка; теннис, баскетбол, футбол, волейбол ойындарына арналған доптар; штангілер; резеңке амортизаторлар және т.б.

    Жаттығу құрал–жабдықтарын пайдалану спортшыларға жарыстарға қатысып жеңудің алғышарттары болып табылады, олар сол арқылы өздерінің көрсеткіштерін көріп, әркім өзінің дайындығына қарай дәрістерді әр түрлі формада өткізіп, әр жаттығуға кешенді түрде дайындала алады.

    Жаттығу құралдарын пайдаланғанда әр спортшы өзіне арналған жеке жаттығулар жасайды. Жаттығу құралдары денешынықтыруда физикалық, техникалық сапасын іске асыруда өте қажет.
    3.2 Волейболшылардың ойын қимылдарының тиімділігін арттыру және әдістерді қолдану жолдары

    Волейболшылардың ойын қимылдарының тиімділігін анықтау үшін төмендегідей шарттар орындалуы қажет.

    1. Допты беру: тиімді – ұпай салынып, қарсы жақтың шабуылының ұйымдастырылуы қиындай түсті; тиімсіз доп беру құқығынан айырылып, қарсы жақтың допты қабылдауы оңай болады;

    2. Допты қабылдау: тиімді – допты ойыншылар дәл орындарында (тордан 1,5-2м) қабылдауды немесе бірден қайтарады; тиімсіз – тордан 2 метрден астам жерде дәл қабылданбады, сондай-ақ екінші адамға беру қиындай түсті;

    3. Шабуылдай соғу: тиімді – ұпай салынды немесе доп беру құқығынан алынды,доп қарсы жақта ойында қалды, бірақ қарсы шабуыл болмады, доп өз жағында ойында қалып тағы да шабуыл ұйымдастырылды; тиімсіз – қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру құқығынан айырылу, доптың қарсы жақта қалып, олардың қарсы шабуыл ұйымдастырылуы, доптың өз жағына қалуы, бірақ жаңадан шабуыл ұйымдастырылмауы;

    4. Тосқауыл қою: тиімді – ұпай салу немесе доп беру құқығынан алуы, доптың қарсы жақта ойында қалуы, доптың өз жағында қалып, қарсы шабуыл ұйымдастырылуы; тиімсіз – қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру құқынан айырылуы, доптың өз жағында ойында қалуы, бірақ оның тік төмен құлдырауы;

    5. Ойын үстінде допты беру: тиімді – бірден соғып қайтару, ойыншылардың өз орнында дәл қабылдауы, тиімсіз – қарсы жақтың ұпай салуы немесе доп беру правосын жоғалту, допты дәл қабылдай алмау.

    6. Қорғаныс қимылдары және сақтану: тиімді доптың өз командасының алдының үстіне қалуы; тиімсіз – қарсыластардың ұпай салуы немесе доп беру құқығынан айрылу, доптың ойында қалуы, алайда қарсы жаққа жеберілуі немесе алаңнан шығып кетуі. [30].

    Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау үшін ойын процесін бақылау кезінде оған түсініктеме беріліп, әрбір ойыншының қимылы, жетістік кемшілігі есепке алынуы қажет. Жекеленген әдістерді орындау сапасы жоғарыда айтылған шарттарға қарай бағаланады. Соның нәтижесінде волейболшылардың ойын шеберлігі ойын әдістерінің жалпы санына тиімді арналған әдістердің қатынасы бойынша анықталады. Спортшылардың дайындығындағы кемшіліктерді байқай отырып, әрбір ойыншы үшін жаттығу процесін жекелей жоспарлауға, сөйтіп олардың кемдеу жатқан қасиеттерін түрлі әдістерін жетілдіруге әбден болады. Волейболшылардың шеберлігін арттыру жөнінде жаңа мәліметтерді жүзеге асыру үшін жоғарыда айтылған қасиеттер оның алдындағы классификацияның сипаттамаларына сай келуі қажет.

    Жоспар жасаған кезде (күнделікті және перспективалық) жаттықтырушы спортшылардың жарыс жаттығуларындағы жетістіктерімен оларға түскен күш мөлшерін қатаң есепке алғаны жөн. Осындай жағдайда ғана әрбір спортшы үшін барынша тиімді жаттығу құралдарын таңдап алуға болады.

    Мамандардың пікірі бойынша жаттығу кезінде түсетін күшке бақылау жасау үшін «сыртқы» және «ішкі» көрсеткіштерді есепке алған жөн.

    Атқарылған жұмыстың көлемімен жиілігі организмге түскен күштің сыртқы көрінісі екені белгілі. Егер жеңіл атлетикада, жүзуде, ауыр атлетикада басқа да спорт түрлерінде нақты өлшемдер айқын көрсетілген болса, волейболда спортшыға түсетін күш дәрежесін алдын-ала анықтау мүмкін емес. Программалық документтерде, кітаптарда және методикалық қүралдарда мынадай ұсыныстар бар: «4-3,6-3, 1-2» аймақтарына дәлдеп доп беру». Бұл тапсырмада допты қанша рет беру қажеттігі айтылмаған,көрсетілген уақытта допты 150 рет, немесе 20 рет беруге болады. Бірінші және екінші жағдайда адамға түсетін күш те әртүрлі болады. Міне, көріп тұрсыздар, арнаулы шарттардың болмауы күш түсу динамикасына бір сабақта аз емес жаттығудың үлкенді кішілі циклдарында тиімді басшылық жасауға өзіндік бермейді. Осыған орай жаттығудың интенсивтілігін бағалағанда 4-тенің мәліметтерімен пайдалануды ұсынамын [31].

    Ол спортшылардың қатысуымен жүргізілген зерттеуден алынған. Бұл кестеде орындалған жеке ойын әдістерінің саны соларды қайталаудың ұсынастары берілген.

    1. Қарапайым қимыл реакциясының (сезімталдығының) уақытын анықтау (үш рет қайталау қосындысымен).

    2. Ең жоғары биіктіктің 98 процентіне жеткенше секіру, саны бойынша секіру төзімділікті анықтау.

    3. 5-6 метр қашықтықтан баскетбол сақинасына доптан тастаудың дәлдігін анықтау (30 рет қайталау); допты тастаушының қолының сақинаға жетуі де есепке алынады.

    4. Волейбол алаңының периметрі бойынша бір қалыпты қарқынды 2 минут 30 секундта 10 айналым (510 м-ге 10 айналым) жасаған соң 3 минуттан соң жүрек соғысының өз қалпына келуін есепке алу. Жаттығуда түсетін күш мөлшерін анықтау үшін аталған байқауларды сабаққа дайын және ол аяқталған соң 1-ші және 20 -шы минуттарда жүргізу қажет. Егер уақыт жетіспеген жағдайда байқау шарттарының бәрін бір екеуін ғана қолдануға болады. Енді волейболшылар үшін кіші, орташа және көп күш әсер түсіретін әртүрлі бағыттағы жаттығу программаларын ұсынамыз.

    Даярланған волейболшылардың микроциклдағы негізгі және қосалқы құралдарының көлемдік қатынасы. Жаттығу жұмыстарын жоспарлау спортшыларды даярлауға басшылық етудің құрамдас бөлігі екені белгілі. Ол спорттық жаттығудың Кеңестік жүйесінің принциптерімен әдістеріне негізделгенмен спорттың жекелеген түрлерінде өзіндік ерекшеліктері бар. Жаттығу құралдарының көлемі мен интенсивтілігін жоспарлдау олардың микроциклдағы тиімді арақатынасына көптеген еңбектер арналған [32].

    Волейболға қарсыластармен командалық сайыс тән болғандықтан жекелей ғана емес командалық ойын қимылдарын жетілдіру қажет.
    Кесте 2 – Жаттығуға дейін және кейін жасалған әртүрлі бағыттағы тест жұмыстарының көрсеткіштер айырмасының маңызы және көлемі


    Жаттығу жүгінің бағыты

    Жүктеме көлемі

    Көрсеткіштер айырмасы

    Қозғалыс реакциясының уақыты

    Секіру төзімділігі (рет саны)

    Допты дәл беру (рет саны)

    Арнаулы жылдамдық және техникалық тактика

    Кіші

    Орташа

    үлкен

    -0,02

    +0,08

    -0,12

    +1,3

    -3

    -5

    +2,9

    -2,2

    -4,9

    Күш жылдамдығы және техникалық тактика

    Кіші

    Орташа

    үлкен

    -0,01

    +0,09

    +0,15

    +1

    -3

    -5,8

    +1,2

    -2,5

    -5,7

    Арнаулы төзімділік және техникалық тактика

    Кіші

    Орташа

    үлкен

    -0,09

    +0,10

    +0,19

    +1,8

    -4Д

    -7,1

    +2,5

    -4,1

    -7

    Техника-тактика

    Кіші

    Орташа

    үлкен

    -0,02

    0,12

    +2,4

    -3

    -6

    +1,7

    -2

    -5

    Ойын

    Кіші

    Орташа

    үлкен




    +2,6

    -2,8

    +2,6

    -1


    Бұл басқаша айтқанда волейболдың басқа спорт түрлерінен айырмасын көрсететін басты айырмасы деуіне болады. Көмекші жаттығулар негізгі жаттығуларды игеруге спортшылардың ойын өрнегін жетілдіруге игі әсерін тигізеді. Сонымен қатар Ю.Н.Клещев жэне А.В.Беляев 151 жаттығудың бір ғана тұруы, мысалы, шабуылдай соғу ұзақтығына, қарқынына, қайталау санына қарай организмге әртүрлі әсер ететінін айтады. 15-20 минут бойы жүгіріп келіп 6-7 рет соққан кезде жалпы төзімділік дамиды. Жаттығу уақытын 3-4 минутқа қысқартып, алайда соғу жиілігін минутына 12-ге дейін арттыру арнаулы төзімділікті дамытуға пайдалы. Осыған орай жаттығу жұмыстарын жоспарлағанда жаттықтырушылар екі факторда ойын көлемі мен қарқынын сондай-ақ аттығудың негізгі және көмекші құралдарының ара қатынасын ескерген жөн.

    Көлемі

    А) жоғарыдан доп беру 12000-15000 рет 20-24%

    Б) төмендетіп беру 8500-9000 рет 20-25%

    В) қорғаныста қабылдау 11000-11500 рет 30-35%

    Г) ойынға қосқан допты қабылдау 2000-2100 рет 10-15%

    Д) допты ойынға қосу 2000-1500 рет 10-15%

    Ж) тосқауыл 720-800рет 20-25%

    3) оқу ойыны 12-14рет 20-25%

    И) бақылау ойыны 12-14рет 20-25%

    Көмекші жаттығулар
    1   2   3   4


    написать администратору сайта