Главная страница
Навигация по странице:

  • АНЫҚТАМАЛАР Жұмыс қабілеттілік

  • Төзімділік (

  • БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР ЖСЖ

  • КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі.

  • Зерттеу нысаны

  • Зерттеудің мақсаты

  • Зерттеу әдістері

  • Зерттеудің практикалық маңыздылығы.

  • Диплом жұмысының құрылымы

  • Пайзрахманов диплом (2). Нормативті сілтемелер


    Скачать 332.5 Kb.
    НазваниеНормативті сілтемелер
    Дата11.05.2022
    Размер332.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПайзрахманов диплом (2).doc
    ТипДиплом
    #523628
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

    Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды:

    Мемлекеттік білім беру стандарты 7.32-2001 Ғылыми- зерттеу жұмысы туралы есеп.

    Рәсімдеу құрылымы мен ережелер.

    Мемлекеттік білім беру стандарты 7.1-2003. Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастыруға қойылатын жалты талаптар мен ережелер.

    Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3 ҚР (01.01.2017 ж. өзгерістермен және толықтырулармен) заңы.

    АНЫҚТАМАЛАР

    Жұмыс қабілеттілік – адамның уақыт бірлігі ішінде нақты тиімділікпен жұмыстың максималды мүмкін көлемін атқара алу қабілеті.

    Дене жаттығулары – дене шынықтыру заңдылықтарына сай қолданылатын қимыл-әрекет.

    Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

    Шапшаңдық – адамның берілген жағдайдың қысқа уақыт аралығында қимыл әрекеттерін орындай алуына мүмкіндік беретін қабілеттерінің жиынтығы.

    Ептілік – адамның қимыл-әрекеттерін тиімді меңгеруге және оны уақытылы өзгермелі жағдай талаптарына сай қайта құра алуына мүмкіндік беретін бағдарлы қабілеттері мен морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.

    Төзімділік (жалпы) – адамның ұзақ уақыт бойы біркелкі қарқынды жұмысты тірек-қимыл аппаратының басым бөлігінің қатысуымен орындай алу қабілеті.

    Иілгіштік – қимыл-қозғалысты үлкен теңселумен орындауға мүмкіндік беретін адамның морфофункционалды қасиеттерінің жиынтығы.


    БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

    ЖСЖ – жүрек соғу жиілігі;

    АҚ - артериялық қан қысымы ;

    СҚ - систолалық артериялық қысым;

    ДҚ- диастолалық артериялық қысым;

    ПАД- пульстік артериялық қысым;

    МҚК- минуттық қан көлемі;

    СК- систолалық қан көлемі;

    ТК – тынысы алу көлемі;

    ТЖ – тыныс алу жиілігі;

    ӨТС – өкпенің тіршілік сыйымдылығы;

    ДМИ - Дене мәдениеті институттары

    ЖЖ- жалпы жаттығулар

    АЖ- арнайы жаттығулар

    ДЖ - демді алу жиілігі

    ҚҚ - қан қысымы

    БЖСМ – балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

    СШ - спорт шебері

    БҚ – бастапқы қалып

    НТ – негізгі тұрыс

    КІРІСПЕ

    Зерттеудің өзектілігі. Волейболшылардың арнайы дене қабілеттерінің даярлығының қырларын зерттеуге айтарлықтай көп жұмыстар арналған, алайда осы саладағы ғылыми зерттеулер негізінен алғанда волейболдағы спорттық жетістіктерге әртүрлі шамада әсер ететін даярлықтың немесе қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жекелеген қырларын зерттеуге бағытталған. Мысалы, бірқатар авторлар жылдамдық көрсеткіштерін зерттеген, жұмыстарда волейболшылардың күш қабілеттері туралы мәліметтер келтірілген, сонымен қатар секіргіштіктің, төзімділіктің әр түрлерінің, координациялық қабілеттердің көрсеткіштері де зерттелді. Іріктеп алу, жаттығу әдістемесі мәселелеріне және басқа да аспекттерге белгілі бір көңіл аударылды [1].

    Алайда қолда бар мәліметтерді бір жүйеге келтіру және пайдалану, олардың фрагменттігіне орай, мүмкін болмай отыр. Онымен қоймай, орындалған зерттеулердің көпшілігі, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарына жатады және біліктілігі жоғары ересек спортшылардың контингентін тарта отырып жүргізілген.

    Әдістемелік материалдар мен практикалық тәжірибені талдау көрсетіп отырғанындай, жас волейболшылардың дене қабілеттерін даярлау негізінен алғанда, кей кездері жарыс әрекетінің спецификасын ескермей және дене қабілеттерін дамытудағы жаттығудың әдістері мен тәсілдерін ұтымды пайдаланбай, сауықтыру және жалпы білім беру міндеттерін шешуге тірек артады [2].

    Баяндалған жайттарға орай, жас волейболшылардың дене қабілеттері даярлығының құрылымын зерттеу және осы негізде дене қасиеттерін дамыту процесі жолдарын қалыптастыру өте өзекті мәселе болып отыр. Бұл зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне себепші болды.

    Зерттеу нысаны: волейболмен шұғылданушы студенттердің оқу-жаттығу процесі.

    Зерттеу пәні: волейболмен айналысатын шүғылданушы студенттердің дене тәрбиесінде жылдамдықты дамыту әдістемесін қолдану ерекшеліктері.

    Зерттеудің мақсаты: волейболшы студенттердің қимыл белсендігін және шапшаңдығын арттыруға бағытталған жаттығу үдерісін жетілдіру.

    Зерттеу міндеттері:

    1. Жас волейболшылардың жарыс ойындарындағы қимыл белсенділігінің сипатын анықтау.

    2. Дене қасиеттерінің даярлығының деңгейін және жас волейболшылардың тиімді жарыс әрекеттеріне ықпал ететін жетекші дене қасиеттерін анықтау.

    3. Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығының құрылымын зерттеу.

    Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, тестілеу, педагогикалық эксперимент, математикалық статистика әдістері.

    Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Белгілі бір реттілікпен қолданылатын арнайы-даярлық жаттығуларының кешенін қосатын бағдарламалау алгоритмі жаттығу процесінің тиімділігін және дене қабілеттерінің өсім қарқынын арттыруға мүмкіндік береді.

    Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Педагогикалық тәсілдер мен әдістерді жас волейболшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейін арттыру үшін мақсатты бағыттай отырып қолдануға мүмкіндік беретін ұсыныстарды жасап шығарудан тұрады.

    Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
    1 ВОЛЕЙБОЛМЕН ШҰҒЫЛДАНУШЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ ҚИМЫЛ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАЙЫНДАУ НЕГІЗДЕРІ
    1.1 Спортшының қимыл белсенділігі мен дене қабілетінің даярлығы

    Спортшыны жетілдірудің нақтылы кезеңіндегі жаттықтыру процесінің мақсаты мен міндеттерін қою тиісті спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін нақтылы спортшыға қандай қабілеттер мен қасиеттер, сонымен қатар олардың дамуының қандай деңгейі қажет екендігін анық, ең жақсысы сандық көрсетуге негізінде мүмкін болады.

    Арнайы әдебиетті талдау спорттағы жетістіктер деңгейі техникалық, дене қабілеттері, психологиялық және тактикалық даярлыққа байланысты болып келеді деп пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген нәтижені көрсету үшін даярлықтың аталған қырларының дамуының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың спорттық мамандану мақсаты болып табылатын, бұлшық ет әрекетінің нақтылы түріндегі интегралдық көрініс табуын қамтамасыз ету де маңызды болып келеді. Даярлықты осылайша түсіну спорттық жетістіктердің құрамдас бөліктері туралы салыстырмалы түрде анық түсініктерді құруға көмектеседі, спорттық жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға, спортшы организміне әсер ету әдістері мен тәсілдерін бір жүйеге келтіруге ықпал етеді [3].

    Сонымен бірге спорттың дамуының қазіргі кезеңінде спортшылардың даярлығының құрылымын анықтау үшін жалғыз логикалық қорытындылар мен салыстырмалы түсініктер жеткіліксіз бола бастады. Спорттық жетістіктердің деңгейін анықтайтын негізгі қасиеттер мен қабілеттерді анық та дәл анықтау, олардың спортшының мамандануына, сонымен қатар оның жасы мен біліктілігіне байланысты ролін анықтау қажет, бұған әрбір нақтылы спортшыдағы осы қасиеттер мен қабілеттердің даму дәрежесін сандық бағалау әдістемесі жәрдемін бере алады.

    Алайда бұл міндеттер спорттың алуан түрлеріндегі даярлықтың құрылымы техникалық, тактикалық, дене қасиеттері даярлығы секілді түсініктердің негізінде ғана талданатын болған кезге дейін толыққанды шешіле алмайды. Бұл даярлықтың бір де бір қырының таза күйінде көрініс таппайтындығымен және өлшене, ескеріле алмайтындығымен түсіндіріледі.

    Эксперименттік зерттеулерде қандай да бір спорт түрінің ұтымды техникасын меңгерудің қимыл-қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың, икемділіктің, ептілік пен төзімділіктің тиісінше дамуынсыз мүмкін болмайтындығы сан мәрте расталып шыққан. Аталған қасиеттердің даму деңгейі қимыл-қозғалыстардың ұтымды түрін, алуан түрлі фазалардағы күш салудың оған адекватты дәрежесін, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруді, қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу жылдамдығын, оның тұрақтылығын және өзгеріп отырған жағдайларға бейімделгіштігін анықтап отырады. Екінші жағынан алатын болсақ күш, жылдамдықтың даму деңгейі, егер олар берік техникалық негізге: қимыл-қозғалыс әрекеттерінің пішіні бойынша ұтымды және үйлестіруші құрылымына, үнемді техникасына негізделмесе, функционалдық жүйелердің мүмкіндіктері өздігінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, төзімділіктің де көрініс табуын қамтамасыз ете алмайды.

    Осылайша, спорттық жаттығу барысында келесідей негізгі міндеттер шешімін табуға тиіс: таңдап алынған спорт түрінің техникасы мен тактикасын меңгеру; қимыл-қозғалыс қабілеттерін жетілдіру және организмнің жарыс жаттығуларының табысты орындалуын дәне жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілуін қамтамасыз ететін функционалдық жүйелерінің мүмкіндіктерін арттыру; қажетті моральдық және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу; арнайы психикалық даярлықтың тиісті деңгейін қамтамасыз ету; табысты жаттығу және жарыс әрекеті үшін қажетті теориялық білімдер мен практикалық тәжірибені иемдену [4].

    Спорттық жаттықтырудың аса маңызды құрамдас бөліктерінің бірі болып табылатын дене қабілеті даярлығы қимыл-қозғалыс қабілеттерін – күшті, жылдамдықты, төзімділікті, икемділікті, координациялық қабілеттерді дамытуға бағытталған.

    Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жалпы және арнайы болып бөлінеді. Кейбір мамандар сонымен қатар қосалқы даярлықты бөліп көрсетуді ұсынады [5].

    Жалпы дене қабілеті даярлығының ұтымды ұйымдастырылған процесі алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттерінің жан-жақты және бір мезгілде пропорционалды дамуына бағытталған. Дене қабілеті даярлығының жоғарғы көрсеткіштері дене қабілеттерін дамыту, спортшылардың даярлығының өзге қырларын – техникалық, тактикалық, психологиялық даярлықты жетілдірумен тиімді жұмыс істеу үшін функционалдық іргетас болып қызмет атқарады.

    Жалпы дене қабілеті даярлығының нәтижесінде спортшы иемденген функционалдық потенциал спорттың қандай да болсын түрінде табысты жетілу үшін қажетті алғышарт қана болып табылады, бірақ өздігінен өзі, мақсатты бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығынсыз жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ете алмайды.

    Қосалқы дене қабілеті даярлығы жалпы дене қабілеті даярлығының негізінде құрылады және спортшының арнайы қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған жұмыстың үлкен көлемін тиімді орындау үшін қажетті арнайы негіз жасап береді. Осындай даярлық әртүрлі ағзалар мен организм жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерінің артуына ықпал етеді. Бұл кезде жүйке-бұлшық ет координациясы жақсарады, спортшылардың үлкен күш түсулерді бастан өткеруге және олардан кейін тиімді түрде қалпына келу қабілеттері жетілдіріле түседі [6].

    Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға тиіс [7].

    Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп алу қажет.

    Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады [8].

    Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне – жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.

    Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механихмдері туралы танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере отырып қарауға мүмкіндік берді мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті (координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған. Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар мен кейбір қосымша белгілер бойынша топтастыруға негізделгендігімен де түсіндіріледі.

    Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап көрсетіледі. Мұнда маңызды рольді бұлшық ет қызметінің организмнің энергетикалық ресурстарының басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына және таңдамалы қайта бөлінуіне, пластикалық процестердің реттелуіне және организмнің қарқынды бұлшық ет қызметіне, әрекетіне ұзақ мерзімді бейімделуінің құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін қайта құру ойнайды [9].

    Дене қасиеттеріне теориялық қарау спорттық ғылым мен спорттық практикадағы көптеген ашық мәселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне іріктеуде, спорттық бағдар алу мен мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жөн.

    Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы потенциалдарын бағалау мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып табылғанда ғана оптималды болып табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің негізгі бағалаулары көбінесе ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар дәлелсіз асыра бағалаулармен және арнайы жаттығудың жекелеген үлгілерімен әуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда адекватты емес (жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. өзге теріс әсерлер кезінде ойыншы өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал етті және техникалық дағдылардың жетілдірілуін күрделендіре түсті. Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда ойыншыларының «тең» техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы жақсырақ болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан қозғала бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады, алайда жуық арада техникалық және күш даярлығы тең екі команда кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар және жылдамырақ ойнайтын команда жеңіп шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның жаттықтырушысы әрбір дене қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа қасиеттермен өзара байланыста қарастыруға тиіс.

    Әдебиетте және практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің әрқайсысын тым үлкен етіп жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың барлығын қамти алмай отыр [10].

    Негізгі дене және қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін, осы қасиеттің үшеуі де әртүрлі және өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер ретінде көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, қимыл әрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің пікірімен келісіп, төзімділік шын мәнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де болады. Дәл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік және басқалары әлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, әлде негізгі дене қасиеттерінің кешендері болып табылады, әлде мүлдем дене қасиеттеріне емес, нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің және басқа да авторлардың мәліметтері, әсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін және даму нұсқасын ескере отырып, нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді.

    Күш қабілеттері – бұл осылардың негізінде «күш» түсінігі жатқан, адамның белгілі бір қозғалыс әрекетіндегі алуан түрлі көріністерінің кешені. Күш адамның бұлшық еттеріне күш салудың есебінен сыртқы кедергіні жеңе білу немесе оған қарсы әрекет жасау қабілеті ретінде анықталады.

    Іс жүзінде спорттың барлық түрлеріндегі жетістіктер күш қабілеттерінің даму деңгейіне байланысты болып келеді. Алайда спорттың әр түрі және нақтылы спорт түрі күштің динамометриялық көрсеткіштерімен, көрініс табатын күш салулардың қуатымен, жарыс әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті күш салуды ұстап тұру уақытымен сипатталатын жекелеген күш қабілеттерінің дамуындағы белгілі бір ара қатынасты да талап етеді. Күш қабілеттерін өзіндік күштік, жылдамдық-күштік және күштік төзімділік етіп бөлу қабылданған. Кейбір авторлар күштік ептілікті де бөліп көрсетеді [11].

    Спортшының оның жылдамдық қабілеттерін тікелей анықтайтын дене қасиеттерін сипаттау үшін негізінен алғанда жалпылаушы «жылдамдық» термині қолданылды. Соңғы онжылдықтарда «жылдамдық қабілеттері» термині жиірек қолданыла бастады. Бұл жылдамдықтың көрініс табуының нақтылы түрлерін зерттеулердің олардың айтарлықтай айырмашылықтарын тауып отырғандығымен түсіндіріледі.

    Жылдамдық – бұл адамның қозғалудың жылдамдық сипаттамаларын, сонымен қатар қозғалу реакцияларының уақытын тікелей анықтайтын морфофункционалдық қасиеттерінің кешені.

    Әртүрлі спорттық жаттығулардың нәтижелілігін анықтайтын жылдамдық қасиеттері келесі көрсеткіштердің көмегімен бағалана алады:

    1. спецификалық реакциялардың уақыты;

    2. арнайы-даярлық немесе жарыс жаттығуларындағы максималды жылдамдыққа қол жеткізу уақыты.

    Дәл осы жаттығулардағы максималды жылдамдықтардың деңгейі.

    Волейболда жылдамдық қасиеттерінің тежелу жылдамдығы секілді спецификалы көрініс табуы қолданылады, бұл лезде тоқтау және қозғалысты басқа бағытта бастау қажеттігімен байланысты болып келеді [12].

    Спортшылардың дене қабілеті даярлығы жүйесінде төзімділік өзінің құрылымы, өлшеу тәсілі және даму әдістемесі бойынша адамның өзге де қимыл-қозғалыс қабілеттерімен салыстырғанда ең көп құрамдас бөлікті болып табылады.

    Төзімділіктің жоғары деңгейі іс жүзінде бір старт, жүгіру немесе ойын процесінде де, спорттың жекелеген түрлерінде ұзақ уақыт жалғасатын барлық жарыс процесінде де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін, сонымен қатар ұзақтығы бойынша алуан түрлі циклдарда тұтас жаттықтыру процесін тиімді жүргізу мақсатында жоғары жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін де жоғары спецификалы жұмысқа қабілеттілікті сақтап қалу үшін спорттың барлық түрлерінде қажет [13].

    Жаттығу және жарысу қызметіндегі, әрекетіндегі төзімділіктің жоғары деңгейі арта түсетін шаршап-шалдығуды жеңіп шығуға ықпал етеді. Сондықтан спортшының төзімділігін көбінесе артып келе жатқан шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеттілігі ретінде анықтайды.

    Спортшының арнайы төзімділігі осылардың ара қатынасы әртүрлі спорт түрлерінде, оның ішінде волейболда да спецификалы болып келетін, жекелеген құрамдас бөліктерден тұратын, құрылымы бойынша күрделі қимыл-қозғалыс қасиеті болып табылады.

    Сондықтан спортшының арнайы төзімділігі спорттың таңдап алынған түрінде нәтижеге қол жеткізу үшін функционалдық мүмкіндіктерді максималды шоғырландырған кезде, спецификалы жарыс әрекеті жағдайларында шаршап-шалдығуға қарсы тұру қабілеті болып табылады. Алайда, әсіресе ұзаққа созылатын жаттығу әрекеттері жағдайларында, негізгі бұлшық ет топтарының көпшілігі көбінесе майлардың ыдырауы есебінен өтетін аэробты энергиямен қамтамасыз етілу режимінде әрекет жасаған кезде, жоғары жұмысқа қабілеттілікке қол жеткізу мақсатында спортшылар жалпы төзімділік деп аталатынға ие болуға тиіс. Ол оргнизмнің әрекеттің алуан түрлерінде төзімділіктің көрініс табуының спецификалы емес негізін құрайтын функционалдық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады. Жалпы төзімділіктің негізгі құрамдас бөліктері болып энергиямен қамтамасыз етудің аэробты жүйесінің мүмкіндіктері, функционалдық және биомеханикалық үнемділік табылады.

    Иілгіштік деп буындардағы қозғалғыштықты түсіну. Ол қимыл-қозғалыстарды үлкен амплитудамен орындау қабілетінен көрініс табады. Иілгіштіктің күрделірек анықтамасын Л.П.Матвеев ұсынған – бұл дене құрылымдарының, негізінен алғанда дене буындарының қозғалыс амплитудаларының шектерін анықтайтын бұлшық ет және байланыстырғыш құрылымдарының серпімді созылғыштығының қасиеті. В.Н.Платоновтың пікірінше, «иілгіштік» термині бүкіл дененің буындарындағы қосынды қозғалғыштықты бағалау үшін қолдануға жарамды. Ал енді жекелеген буындар туралы сөз болып отырған кезде, олардағы қозғалғыштық туралы, мысалы, балтыр–табан буындарындағы, иық буындарындағы және т.с. қозғалғыштық туралы сөз айтқан дұрысырақ болады.

    Спортшылардың қимыл-қозғалыс қасиеттерінің кешенінде иілгіштік жоғары орын алып жатады, ал спорттың көптеген түрлерінде спорттық нәтиже күш және жылдамдық қасиеттерінен кем емес дәрежеде иілгіштік деңгейіне байланысты болып келеді [14].

    Иілгіштік негізінен алғанда бұлшық еттер мен байланыстардың созылғыштық қасиетерімен, буындардың құрылысымен, сонымен қатар бұлшық ет тонустарының жүйкелік ретке келтірілуімен анықталады. Қозғалыс амплитудалары сонымен қатар антагонист бұлшық еттердің жиырылуымен де шектеледі.

    Көрініс табу тәсілі бойынша бірқатар шетелдік мамандар иілгіштікті динамикалық және статикалық деп бөледі. Динамикалық иілгіштік қозғалыстардан, статикалық – дене қалпынан көрініс табады. Иілгіштіктің осындай жіктемесі статикалық жаттығулардың көмегімен алынған иілгіштіктің динамикалық жаттығуларда қаншалықты жақсы көрініс табатындығы туралы сұраққа жауап беруді қарастырады. Әр түрлі буындардағы қозғалғыштықтың көрініс табуы бір бірімен корреляцияланбайды. Бұл дегеніміз спортшыда балтыр-табан буынындағы қозғалғыштық тамаша болып, мәселен, шынтақ буынындағы қозғалғыштығы орташа болуы мүмкін дегенді білдіреді.

    Волейболшылардың спорттық жаттығуында координациялық қабілеттердің даму мәселесі дене қасиеттерін, ең алдымен ептілік секілділерінін тәрбиелеу мен қозғалыс әрекеттерін, мысалы, бағыт-бағдар алу мен ырғақтық қабілеттер арқылы басқару мүмкіндігі арасында аралық, шекаралық секілді орын алып жатады [15].

    Спорттық ойындарда, оның ішінде волейболда да, болуы мүмкін және аяқ астынан туындайтын жағдайларда жүзеге асырылатын әрекет көлемі айтарлықтай арта түсті. Бұл тапқырлықтың, реакция жылдамдығының, зейін концентрациясы мен көңілді басқаға аудару қабілетінің, қимылдардың уақыттық, кеңістіктік, динамикалық дәлдігінің және олардың биомеханикалық ұтымдылығының көрініс табуын талап етеді. Атап көрсетілген қасиеттер немесе қабілеттер дене қабілеттерін тәрбиелеу теориясында ептілікпен – адамның жаңа қимыл-қозғалыс әрекеттерін жылдам, шұғыл, мақсатқа лайықты, яғни ең ұтымды меңгеруге, өзгеріп отыратын жағдайларда қимыл-қозғалыс міндеттерін табысты шешуге қабілеттілігімен байланыстырылады. Ептілік – осының даму деңгейі көптеген факторлармен анықталатын күрделі, кешенді қозғалыс қасиеті. Қыртыстық жүйке процестерінің жоғары дамыған, «бұлшық ет сезімі» деп аталатын және иілгіштік қасиеттерінің ең көп маңызы бар. Координациялық байланыстардың қалыптасу шұғылдығы және бір қондырғылар мен реакциялардан өзгелеріне көшудің жылдамдығы иілгіштіктің көрініс табу дәрежесіне байланысты болып келеді.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта