Главная страница
Навигация по странице:

  • Жылдамдық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері

  • 2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ 2.1. Зерттеу әдістері

  • Пайзрахманов диплом (2). Нормативті сілтемелер


    Скачать 332.5 Kb.
    НазваниеНормативті сілтемелер
    Дата11.05.2022
    Размер332.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПайзрахманов диплом (2).doc
    ТипДиплом
    #523628
    страница2 из 4
    1   2   3   4

    1.2 Спортшылардың қимыл белсенділігі мен дене қасиеттері дамуының әдістемелік негіздері

    Күштің дамуы денсаулықты нығайту және ұстап отыру үшін жалпы дене қабілеті даярлығы, дене тұрқының пішіндерін жетілдіру, адамның бұлшық еттерінің барлық топтарының күшін дамыту және негізгі жарыс жаттығуларын орындаған кезде ең көп маңызға ие болатын бұлшық ет топтарыныңкүш қабілеттерін тәрбиелеуге бағытталған арнайы дене қабілеті даярлығы барысында жүзеге асырыла алады. Осы бағыттардың әрқайсысында осыларды осы ұстанымға қарай шешу қажет болатын, күш пен міндеттерді дамытуға ұстанымды анықтайтын нақтылы мақсат қойылады. Осыған байланысты күшті тәрбиелеудің белгілі бір әдістері мен тәсілдері іріктеп алынады [16].

    Спорттық жаттығуда қолданылатын, күшті дамыту тәсілдерін шартты түрде барлық спорт түрлері үшін ортаққа және спорттың жекелеген түрлері үшін спецификалы деп бөлуге болады.

    Ортақ күш бағытындағы тәсілдер:

    1. Сыртқы заттардың: штанганың, жиналмалы гантельдердің, іші толтырылған қаптардың, серігінің салмағын және т.б. салмағын жеңумен байланысты жаттығулар;

    2. Өз денесінің салмағынан ауырлатылған жаттығулар:

    а) бұлшық етке күш түсу өз денесінің салмағының есебінен жасалады (салбырап тұрып тартылу, тіреліп жатып итерілу, тіреліп, салбырап тұрып тепе-теңдікті ұстап тұру);

    ә) өз денесінің салмағы қосымша тіректі пайдалану есебінен азаяды;

    б) өз денесінің салмағы сыртқы заттардың салмағымен арта түседі;

    в) бұларда өз денесінің салмағы еркін құлаған дененің инерциясы есебінен арта түсетін соққылы жаттығулар (секіру жаттығулары, сонымен қатар алға және жоғары секірулердің комбинациялары).

    3. Жалпы түрдегі тренажер қондырғыларын пайдаланумен байланысты жаттығулар;

    4. Изометриялық режимдегі статикалық жаттығулар:

    а) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдалана отырып, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады (алуан түрлі тіректер, ұстап тұрулар, қарсы әрекеттер және т.с.);

    б) бұлшық етке күш түсу сыртқы заттарды пайдаланусыз, ерік-жігер күш салуларының есебінен жасалады.

    Жаттығудағы әсер етудің күшке бағытталғандығы бұлшық еттерге күш түсірудің жағдайларымен, шарттарымен қиындатылған жарыс және арнайы даярлық жаттығуларын қолдана отырып қамтамасыз етіледі. Мұндайларға спецификалы күш бағытындағы келесі тәсілдерді жатқызуға болады:

    1. Сыртқы ортаның жағдайларымен жасалатын күш түсулерді пайдалана отырып жасалатын жарыс жаттығулары – тауға қарай, терең қар бойынша, бос құм бойынша, желге қарсы жүгіру және орын ауыстыру және т.с.

    2. Күш түсірумен, оның ішінде ауыр снарядтармен жасалатын жарысу және арнайы-даярлық жаттығулары.

    3. Серпімді заттардың – эспандерлердің, резеңке жгуттардың, серпімді доптардың және т.с. кедергілерін жеңе отырып жасалатын жаттығулар.

    4. Серігінің қарсы әрекет жасауымен жасалатын жаттығулар.

    5. Секіру жаттығулары.

    6. Арнайы күш тренажерлерінде жасалатын жаттығулар.

    Күшті тәрбиелеу әдістерін шартты түрде төрт топқа біріктіруге болады. Бірінші топ – шекті емес күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Екінші топ - шекті және шектіге жуық күш салуларды қолдана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері. Үшінші топ – дененің статикалық қалпын пайдалана отырып жасалатын қайталама жаттығулар әдістері және төртінші топ – күш қабілеттерін тәрбиелеудің спецификалы емес әдістері [17].

    Жылдамдық қабілеттерін дамытудың ерекшеліктері

    Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын дамытуға жарыстың старттық фазасында немесе оның барысында белгілі бір белгіге немесе сигналдық мәні бар жағдайға алдын ала анықталған әрекетпен сол сәтте жауап беруді талапт ететін спорт түрлерінде үнемі көңіл аударылып отырады. Мұндайларға волейболдағы доп беру немесе шабуылдаушы соққы жасау, старттық ату, төрешінің ысқырығы және т.б. жатады.

    Қарапайым қимыл реакцияларының жылдамдығын тәрбиелеу әдістемесінің негізі болып кенеттен туындайтын, бірақ алдын ала белгіленген тітіркендіргішке, реакция берудің мейлінше аз уақытын ұстана отырып, қайталама реакция беру табылады. Әдетте реакция беру оқшау емес, нақтылы бағытталған қозғалыс әрекетінің немесе оның элементінің (старт, шабуылдаушы немесе қорғаныс әрекеті, ойын әрекеттерінің элементтері және т.с.) құрамында көрініс табады [18].

    Таңдап алынған спорт түрінде жаттығудың бастапқы кезеңдерінде қарапайым реакциялар уақытының белгілі бір дәрежеге дейін қысқаруына жылдамдық қасиеттерінің көрініс табуының қарапайым және күрделі түрлерін қосатын жаттығулар ықпал етуі мүмкін. Бұл әртүрлі спорт түрлері өкілдерінде оны тәрбиелеудің алғашқы кезеңдерінде спринтерлік жаттығулардың, қозғалмалы және спорттық ойындардың қолданылуын ақтайды. Бұл ретте, егер спортшы осы қасиеттің көрініс табуының максимумын талап етпейтін спорт түрінде маманданса, қарапайым қимыл реакциясының жылдамдығының даму дәрежесі көбінесе спортшыға жеткілікті болып келеді.

    Арнайы дене дене қабілеті даярлығы қатаң түрде нақтылы спорт түрінің спецификасы, болады деп күтілетін жарыс әрекетінің ерекшеліктері қоятын талаптарға сәйкес, қимыл-қозғалыс қабілеттерін дамытуға бағытталған. Спортшылардың арнайы дене қабілеті даярлығы процесін ұйымдастырған кезде осындай спецификалы талаптарды үнемі назарда ұстап отыру қажет. Жекелей алатын болсақ, жарыс әрекетінде негізгі күш түсуге ұшырайтын бұлшық еттер топтары мен олардың антагонистері басым әсер етуге ұшырап отыруға тиіс.

    Алайда бұл істе тек қана тиісті бұлшық ет топтарына әсер етумен шектеліп қалуға болмайды. Дене қабілеттерін дамытқан кезде өздерінің динамикалық және кинематикалық сипаттамалары бойынша белгілі бір дәрежеде жарыс әрекетінің негізгі элементтеріне сәйкес келетін жаттығуларды іріктеп алу қажет.

    Жекелеген қимыл-қозғалыс қабілеттерінің алуан түрлі көріністерінің саны орасан зор болғандықтан, олардың әрқайсысын жетілдіру де дифференциацияланған әдістемені қажет етеді. Спорттық ойындарда қарсыластың күтпеген әрекеттеріне жылдам жауап қайтару, жекелеген техникалық тәсілдерді орындаған кезде жоғары жылдамдық қабілеттерін көрсету, жылдам бағыт-бағдар алу, шешім қабылдау, орын ауыстыру, уақыттың қатаң тапшылығы, қарсыластар тарапынан кедергілер болуы, серіктерімен және қарсыластармен күрделі топтық өзара әрекеттесу жағдайларында шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді қабылдау қажеттігі жиі туындап отырады [19].

    Дене қабілеті даярлығы әдістемесіне дифференциацияланған тұрғыдан қарау спорттың әр түрлеріне де, алуан түрлі қимыл-қозғалыс қабілеттеріне – жылдамдыққа және күшке, төзімділікке, икемділікке, сонымен қатар координациялық қабілеттерге де қатысты қажет болады.

    Спорттық жаттығудың аса маңызды қырларының бірі адамның қимыл-қозғалыс қабілеттері мен қасиеттерінің: жылдамдық, күш, координациялық қасиеттерінің, төзімділік пен икемділіктің дамуымен қатынаста болып келеді. Қазіргі уақытта осылардың негізінде спортшылардың дене қабілеті даярлығының деңгейі жатқан, жұмысқа қабілеттілік механихмдері туралы танымдар айтарлықтай кеңейіп, тереңдей түсті. Жаттығуда және жарыста күш түсуді зерттеу нәтижелері мамандарға бұл проблемаларға спортшылардың қандай жаттығуларды орындайтындығын және олардың неге әсер ететіндігін ескере отырып қарауға мүмкіндік берді мысалы, қысқа қашықтықтарға жаттыға отырып, спринтші нені жетілдіреді, немесе топта шабуылдаушы және қорғанушы жаттығуларды орындайтын хоккейші нені жетілдіреді және т.с. зерттеулер даярлықтың қандай да бір қырын таза таңдамалы жетілдірудің көп жағдайларда мүлдем жоқ екендігін растап отыр. Жаттығу сабақтарында бір мезгілде даярлықтың көптеген қырларының, оның ішінде дене қабілеті даярлығының жетілдірілуіне әсер етіледі. Сондықтан дене қабілеті даярлығының мазмұнын толығырақ түсіну және қолайлылық үшін шартты түрде оны жекелеген қимыл-қозғалыс дене (қозғалыс) қабілеттерін: жылдамдық, күш қабілеттерін, төзімділікті, икемділік пен ептілікті (координациялық қабілеттерді) жетілдіру мәселелеріне бөлу қабылданған. Осындай бөліну сонымен қатар дене қабілеті жаттықтыруларының ең кең таралған жіктемелерінің оларды дене қабілеттеріне қойылатын басым талаптар мен кейбір қосымша белгілер бойынша топтастыруға негізделгендігімен де түсіндіріледі [20].

    Бұл ретте жекелеген дене қабілеті қасиеттері ең тиімдірек жетілетін белгілі бір жағдайлар да бар екендігі атап көрсетіледі. Мұнда маңызды рольді бұлшық ет қызметінің организмнің энергетикалық ресурстарының басым күш түсетін ағзалар мен ұлпаларға шоғырлануына және таңдамалы қайта бөлінуіне, пластикалық процестердің реттелуіне және организмнің қарқынды бұлшық ет қызметіне, әрекетіне ұзақ мерзімді бейімделуінің құрылымдық негізін қалыптастыруға ықпал ететін гормондық ретке келуін қайта құру ойнайды.

    Дене қасиеттеріне теориялық қарау спорттық ғылым мен спорттық практикадағы көптеген ашық мәселелерді көрсетеді. Дене қасиеттеріне іріктеуде, спорттық бағдар алу мен мамандануда орталық орын бөлінетіндігіне қарамастан, біржақты қараудан бойды аулақ ұстаған жөн.

    Дене қасиеттерін бағалау жас ойыншының жалпы потенциалдарын бағалау мен болжаудың ажырамастай бөлігі болып табылғанда ғана оптималды болып табылады. Белгілі бір дене қасиеттерінің негізгі бағалаулары көбінесе ойындардың эволюциясымен, сонымен қатар дәлелсіз асыра бағалаулармен және арнайы жаттығудың жекелеген үлгілерімен әуестеніп кетумен байланыстырылып отырды. Мысалы, күшті арттыру мақсатында штангамен жасалатын жаттығуларда адекватты емес (жоғары) күш түсірулер беріліп отырды. өзге теріс әсерлер кезінде ойыншы өзінің икемділігін нашарлатып алды, ал жылдамдық қасиеттерін дамыту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеу жарылыс күшінің тұрақтануына ықпал етті және техникалық дағдылардың жетілдірілуін күрделендіре түсті. Бұрынырақта орын алған, техникаға біржақты акцент жасау, екі команда ойыншыларының «тең» техникасы кезінде дене қабілеттерінің даярлығы жақсырақ болған қарсылас жеңіп шығатындығы түсінікті болғанда орнынан қозғала бастады. Даярлау кезінде күшті дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады, алайда жуық арада техникалық және күш даярлығы тең екі команда кездескен кезде жылдамырақ ойыншылары бар және жылдамырақ ойнайтын команда жеңіп шығатыны анықталды. Сондықтан қазіргі заманның жаттықтырушысы әрбір дене қабілеті қасиетін оқшау емес, басқа қасиеттермен өзара байланыста қарастыруға тиіс.

    Әдебиетте және практикада дене қабілеті қасиеттерінің айтарлықтай саны қолданылады, мұның өзі қазіргі бар жіктемелердің әрқайсысын тым үлкен етіп жіберуде. Осылардың барлығына да қарамастан, жіктемелер жеткіліксіз болып қалуда, өйткені спорттың барлық түрлері үшін спецификалы талаптардың барлығын қамти алмай отыр [21].

    Негізгі дене және қозғалыс қасиеттері деп біз барлық спорт ойындарының ажырамас бөлігі ретіндегі жылдамдықты, күшті, жылдамдық-күш көріністерін, осы қасиеттің үшеуі де әртүрлі және өзгеріп отыратын құрамдас бөліктер ретінде көрініс табатын қимылдарды орындау үшін қажетті шарт болып табылатындықтан, қимыл әрекеттеріндегі ептілік пен координацияны, сонымен қатар төзімділікті түсінеміз. В.С.Фарфельдің пікірімен келісіп, төзімділік шын мәнісінде уақыт функциясындағы жылдамдық немесе күш болып қана табылатындықтан, екі қасиетті ғана: жылдамдық пен күшті бөліп көрсетуге де болады. Дәл сол кезде өзге дене қасиеттері, икемділік, ептілік және басқалары әлде негізгі дене қасиеттерінің туындылары, әлде негізгі дене қасиеттерінің кешендері болып табылады, әлде мүлдем дене қасиеттеріне емес, нейрофизикалық қасиеттерге (мысалы, қозғалысты үйлестіру) жатады деген пікір онша ақталмаған болып отыр. В.К.Бальсевичтің және басқа да авторлардың мәліметтері, әсіресе шұғылданушылардың соматикалық типін және даму нұсқасын ескере отырып, нақтылы қасиетті бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін, жоғары ақпаратты тесттердің бар екендігін көрсетіп берді [22].

    Аталған жұмыста автор дене қабілеттерін тәрбиелеудің заманауи теориясы мен әдісінде қабылданған терминологияны ұстанады. «Дене қасиеттері» және «қимыл қасиеттері» терминдерін автор маңызы бірдей ретінде қолданады. «Дене қабілеттерін тәрбиелеу» термині дене қабілеттері жаттығуларын адамның дене қабілеттерін (қозғалыс) дамыту үшін пайдаланудың бағытталған педагогикалық процесін белгілеу үшін қолданылады.

    Спортшыны жетілдірудің нақтылы кезеңіндегі жаттықтыру процесінің мақсаты мен міндеттерін қою тиісті спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін нақтылы спортшыға қандай қабілеттер мен қасиеттер, сонымен қатар олардың дамуының қандай деңгейі қажет екендігін анық, ең жақсысы сандық көрсетуге негізінде мүмкін болады.

    Арнайы әдебиетті талдау спорттағы жетістіктер деңгейі техникалық, дене қабілеттері, психологиялық және тактикалық даярлыққа байланысты болып келеді деп пайымдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте белгіленген нәтижені көрсету үшін даярлықтың аталған қырларының дамуының белгілі бір деңгейіне қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың спорттық мамандану мақсаты болып табылатын, бұлшық ет әрекетінің нақтылы түріндегі интегралдық көрініс табуын қамтамасыз ету де маңызды болып келеді. Даярлықты осылайша түсіну спорттық жетістіктердің құрамдас бөліктері туралы салыстырмалы түрде анық түсініктерді құруға көмектеседі, спорттық жетілдірудің жетекші бағыттарын анықтауға, спортшы организміне әсер ету әдістері мен тәсілдерін бір жүйеге келтіруге ықпал етеді.

    Сонымен бірге спорттың дамуының қазіргі кезеңінде спортшылардың даярлығының құрылымын анықтау үшін жалғыз логикалық қорытындылар мен салыстырмалы түсініктер жеткіліксіз бола бастады. Спорттық жетістіктердің деңгейін анықтайтын негізгі қасиеттер мен қабілеттерді анық та дәл анықтау, олардың спортшының мамандануына, сонымен қатар оның жасы мен біліктілігіне байланысты ролін анықтау қажет, бұған әрбір нақтылы спортшыдағы осы қасиеттер мен қабілеттердің даму дәрежесін сандық бағалау әдістемесі жәрдемін бере алады.

    Эксперименттік зерттеулерде қандай да бір спорт түрінің ұтымды техникасын меңгерудің қимыл-қозғалыс қасиеттерінің: күштің, жылдамдықтың, икемділіктің, ептілік пен төзімділіктің тиісінше дамуынсыз мүмкін болмайтындығы сан мәрте расталып шыққан. Аталған қасиеттердің даму деңгейі қимыл-қозғалыстардың ұтымды түрін, алуан түрлі фазалардағы күш салудың оған адекватты дәрежесін, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруді, қимыл-қозғалыс дағдысының қалыптасу жылдамдығын, оның тұрақтылығын және өзгеріп отырған жағдайларға бейімделгіштігін анықтап отырады. Екінші жағынан алатын болсақ күш, жылдамдықтың даму деңгейі, егер олар берік техникалық негізге: қимыл-қозғалыс әрекеттерінің пішіні бойынша ұтымды және үйлестіруші құрылымына, үнемді техникасына негізделмесе, функционалдық жүйелердің мүмкіндіктері өздігінен өзі спортшыға жылдамдық мүмкіндіктерінің де, төзімділіктің де көрініс табуын қамтамасыз алмайды.

    2 ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
    2.1. Зерттеу әдістері

    Жұмыста алға қойылған міндеттерді шешу үшін зерттеудің келесідей әдістері қолданылды:

    1. Әдебиет көздерін талдау және жалпыландыру;

    2. Зерттеудің педагогикалық әдістері;

    3. Эксперттік бағалай отырып, педагогикалық бақылаулар;

    4. Математикалық статистика әдістері.

    Теориялық зерттеу барысында спортшыларды даярлаудың жалпы теориясы мен әдістемесі саласындағы, оның ішінде волейболдағы ғылыми зерттеулердің мәліметтері және мамандардың практикалық қызметінің тәжірибесі талданды. Негізгі назар спортшылардың даярлануының құрылымына, жас волейболшылардың дене қасиеттерін дамыту әдістемесіне, сонымен қатар қолда бар зерттеулердің нақтылы нәтижелеріне аударылды. Одан әрі жасап шығаруды және ғылыми негіздеуді талап ететін мәселелерді анықтауға ерекше көңіл бөлінді.

    Педагогикалық бақылаулар

    Педагогикалық бақылаулар студенттер командаларының қатысуымен әртүрлі дәрежедегі ресми ойындар жағдайларында жүзеге асырылды. Бақылаулардың нәтижелері арнайы жасап шығарылған хаттамаға енгізіліп отырды.

    Педагогикалық бақылаулардың мәліметтері орташа арифметикалық шаманы, орташа арифметикалық шаманың қатесін және әр көрсеткіштің көрсеткіштердің қосынды санынан пайызын есептей отырып, математикалық статистика әдістерімен өңделді.

    Педагогикалық эксперимент

    Зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес екі түрдегі: констатациялаушы және табиғи ашық педагогикалық эксперименттер жүргізілді.

    Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлауды бағдарламалауды эксперименттік түрде апробациялау табиғи ашық педагогикалық экспериментте жүзеге асырылды. Экспериментке қатысушылардың барлығына зерттеудің міндеті мен мазмұны туралы хабарланды, ал эксперимент барысында олар эвристикалық нұсқау алып отырды. Қозғалыс белсенділігі сыналушылардың қандай да бір қозғалыс тапсырмасындағы жеке бас жетістіктерін салыстыру негізінде вербальды ынталандырумен стимулданып отырды.

    Зерттеулердің бірінші кезеңінде жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың қимыл белсенділігіне педагогикалық бақылаулар жүргізілді. Ойыншылардың амплуасы есепке алынбады. Бақылаулардың мәліметтері 1-кестеде көрсетілген.
    Кесте 1 – Жарыс ойындарындағы волейболшы студенттердің қимыл белсенділігінің кейбір көрсеткіштері (n=72)


    р.с.

    Көрсеткіштер

    Х

    m

    %

    CV%

    1

    «Белсенді» фазаның ұзақтығы (с)

    8,3

    0,04

    1,1

    4,1

    2

    Бір партиядағы «белсенді» фазалардың

    Саны

    58,2

    0,76

    7,8

    11,7

    3.

    Үш партиядағы «белсенді» фазалардың

    Саны

    168,2

    3,05

    22,5

    15,4

    4.

    Бес партиядағы «белсенді» фазалардың cаны

    209,9

    16,29

    28,2

    65,8

    5.

    Бір партиядағы секірулер саны

    26,0

    0,37

    3,5

    12,1

    6.

    Үш партиядағы секірулер саны

    58,0

    1,72

    7,8

    25,1



















    7.

    Бес партиядағы секірулер саны

    96,0

    6,06

    12,8

    53,5

    8.

    Бір партиядағы орын ауыстырулар,

    құлаулар саны

    14,0

    1,03

    1,8

    12,4

    9.

    Үш партиядағы орын ауыстырулар,

    құлаулар саны

    38,0

    1,32

    5,1

    29,4

    10.

    Бес партиядағы орын ауыстырулар,

    құлаулар саны

    69,0

    3,03

    9,3

    37,2


    Келтірілген мәліметтер жас волейболшылардың жарыс ойындары кезінде алуан түрлі әрекеттердің: секірулердің, орын ауыстырулардың, құлаулардың айтарлықтай көлемін орындайтындығын көрсетіп отыр. Мәселен, партиялар санының үштен беске дейін көбеюіне қарай, ойыншылардың белсенділігі де, секірулердің саны да, әсіресе шабуылдаушы және қорғанушы әрекеттерді орындау қажеттілігімен байланысты орын ауыстырулар мен құлаулардың саны да арта түседі.

    Жарыс ойындарындағы жас волейболшылардың кейбір қимыл әрекеттерінің пайыздық қатынасы (көрсеткіштердің белгіленуі 1-кестеге сәйкес келеді).

    Сурет 1 – Жарыс ойындарындағы волейболшы студенттердің қимыл белсенділігінің өсу көрсеткіштері
    1-кестеден және 1-суреттен көрініп тұрғандай, «белсенді фазалар», басқа көрсеткіштер – секіру, орын ауыстырулар мен құлаулар секілді көрсеткіштер бес партиядан тұратын ойындарда ең ұзақ болады. Бұл бес партиядағы ойынның ұзаққа созылуымен, бұған сәйкес доп беруді жоғалтып алу доп беру құқығын ойнаусыз, қарсыласқа ұпай беруге алып келетін қазіргі жарыс ережелерінің ерекшеліктерімен түсіндіріледі. Алайда вариация коэффициенттері бір және үш партиядағы белсенділік көрсеткіштері және бір партиядағы секірулер саны төмен және орташа деңгейде вариацияланып отыратындығын көрсетеді. Осы көрсеткіштердің вариация коэффициенттері 20%-дан аспайды. Қалған көрсеткіштердің вариациясы айтарлықтай жоғары – 25,1%-дан 65,8%-ға дейін. Осы көрсеткіштердің вариативтілігіне ұзаққа созылатын ойын барысында белгілі бір функциялар атқаратын ойыншылардың амплуасы, сонымен қатар олардың алаңда орналасқан орны әсер етеді деп болжауымызға болады. Сонымен бірге, бес партиядан тұратын ойындардағы ойыншылардың белсенділігі, бір партиядағы белсенділікпен салыстырғанда, 3 еседен аса өседі. Жас волейболшы студенттер бес партияда орындайтын секірулердің саны 36,2%-ға артады, ал орын ауыстырулар мен құлаулардың өсімі 50% жуық құрайды (бір партиядағы 14,0-ден бес партиядан тұратын ойындағы 69,5-ке дейін).

      1. 1   2   3   4


    написать администратору сайта