Главная страница
Навигация по странице:

  • ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  • Пайзрахманов диплом (2). Нормативті сілтемелер


    Скачать 332.5 Kb.
    НазваниеНормативті сілтемелер
    Дата11.05.2022
    Размер332.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПайзрахманов диплом (2).doc
    ТипДиплом
    #523628
    страница4 из 4
    1   2   3   4

    А) қозғалыстың жылдамдығын жетілдіру 4300м

    А) күшті жетілдіру 10800кг

    Б) жалпы төзімділікті жетілдіру 120000м

    В) спорт ойындары (футбол, баскетбол) 10-12 сағат

    Г) секіру жаттығулары 3500 рет итеріп

    Д) қайта допты лақтыру секіру

    3) тосқауыл мен қорғанысын допсыз жасау 480-500 рет

    Микроциклдер құрылымы.

    Негізгі және көмекші құралдың ара қатынасы микроциклдағы жаттығу көлемі қарқыны жаттығу процесінің қүрамдас бөлігі болып табылатын микроциклдан да көрініс табады.

    Микроциклдың құрамына әсер ететін көптеген факторлар мен разряттардың арасында А.П. Матвеев мыналарды атап көрсетеді:

    1. Спортшының тіршілік әрекетінің жалпы режимі және содан туындайтын жұмысқа қабілеттілік динамикасы.

    2. Микроциклдағы сабақтардың мазмұны, саны және түсетін күштің көлемі, сондай-ақ шаршау мен қалпына келу процесінің өзара әсері және соған байланысты күш түсуі мен тынығудың алмасуы.

    3. Әртүрлі бағыттағы өзіндік артықшылығы бар, күш, жылдамдық-күш, төзімділік, техникалық және тактикалық сипаттағы т.б. сабақтарды алмастырып тұру қажеттілігі.

    4. Жаттығуды ұйымдастырудың жалпы жүйесіндегі микроциклдың орны. Бұл факторлардың спортшылардың шеберлігіне әсерін білуге және эксперименталды зерттеуге көптеген еңбектер арналып, олар жалпы заңдылықтармен қатар спорттың жекелеген түрлеріне арналған қағидаларды анықтау.

    Волейбол жөніндегі арнаулы әдебиетте микроциклдардың ылымы мәселесі тым жеткіліксіз көрсетілген. Бұл жайы ұсыныстарды микроцикл бойындағы түсетін күштің динамикасына ғана көңіл бөлінген. Мәселен, Филдер күн сайын жагтыгагын командалйр күш көп кен күнді жеңілдету күндерімен немесе тынып мен дұрыс алмастырып тұру кажеттілігінайтады. К. Шопов апталық циклда қарқынды ойындар жеңіл орташа бастап, қиын ойындар жеңілдіктермен алмасып, түруы, түсетін күш көлемі және жиіліг жағынан шамадан тыс болмау қажет деп есептейді. Алайда ұсынылған жоспарда спортшыларға түсетін күштің үлкен, орташа және кіші көлемі жайлы ешбір сандық мөлшер, түсінік берілмейді. Кейбір еңбектерде даярлық және жарыс кезеңдеріндегі микроциклдардың үлгі схемасы келтіріледі. Олардың барлығына ортақ кемшіліктер де жоқ емес. Атап айтқанда олардың волейболшылардың басты қасиеттерінің бірі жылдамдық-күш жөніндегі даярлығы жеткіліксіз көрініс тапқан, шапшаңдықты дамытуға және техникамен тактиканың жетілдіруге бағытталған сабақтар ауыр ойындардан кейін жоспарланады. Ал шындығында олар организмнің қалыпқа келтіру кезеңінде жүргізілуі тиіс. Осыған қоса жаттығуда түсетін күштің көлемі мен мөлшері жайлы мәліметтер жоқ. Мұндай жағдайдың басты себебі-волейболшылардың микроциклының құрылымын негіздеу жөніндегі зерттеудің жоқтығында [33].
    ҚОРЫТЫНДЫ

    1. Әдебиет көздерін ретроспективалық талдау орындалған зерттеулердің негізінен алғанда дене қасиеттерінің даярлығының да, шұғылданушылардың дене қасиеттерінің даму деңгейінің де жекелеген аспекттерін зерттеуге бағытталғандығын, фрагментарлы сипатқа ие екендігін және волейболдың жарыс ережелерінің эволюциясын ескермейтіндігін анықтауға мүмкіндік берді. Қарастырылған зерттеулердің нәтижелерін практикада қолдану әртүрлі дене қасиеттері арасындағы өзара байланыс туралы ғылыми негізделген мәліметтердің жеткіліксіздігімен, дене қасиеттерінің даярлығы туралы білімнің болмауымен шектеледі. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлау процесі негізінен алғанда балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебінің волейбол бойынша бағдарламасына негізделеді.

    2. Жасөспірімдер командаларының бірінші спорт дәрежесі және спорт шеберлігіне кандидат деңгейіндегі ойыншыларының жарыстардағы қимыл белсенділігінің динамикасы ойындардағы партиялар санына байланысты болып келеді. Бес партиядан тұратын ойындарда белсенділік, секірулер саны, сонымен қатар орын ауыстырулар мен құлаулар саны айтарлықтай өсе түседі. Мысалы, бір партиямен салыстырғанда, ойыншылардың бес партиядағы белсенді фазалар уақыты 3 еседен аса өсе түседі. жас волейболшылар бес партияда орындайтын секірулер саны 369,2%-ға артады, ал орын ауыстырулар мен құлаулардың өсімі 500% жуық құрайды (бір партиядағы 14,0-ден бес партиядағы 69,0-ге дейін).

    3. Жас волейболшылардың жекелеген дене қасиеттерінің даму деңгейі көрсеткіштері арасындағы корреляциялық өзара байланыстар сипаты және маңыздылық деңгейі бойынша әртүрлі. Дене салмағы қысқа қашықтықтарға жүгіруде жылдамдық қабілеттеріне әсер етпейді (P>0,05), дәл сол кезде дененің ұзындығы осы қашықтықтарға жүгіру нәтижелерімен орташа өзара байланысқан (P<0,05 болған кезде r = 0,294-тен r = 0,389-ға дейін). Жылдамдықтың элементарлы формаларының қимыл жиілігі және қолмен жалғыз қозғалыс уақыты секілді көрсеткіштері, сонымен қатар оларды орындаудың уақытымен шектелмеген қимылдау тапсырмаларындағы күш төзімділігі көрсеткіштері волейболшылардың жылдамдық-күш мүмкіндіктерімен байланысты емес, жас волейболшылардың спецификалы қимыл қабілеттерін көрсетеді. Олардың арасындағы корреляция коэффициенттерінің шамалары r = 0,023-тен r=0,217 дейін өзгереді және статистикалық маңызды деңгйеге дейін жетпейді.

    4. Жас волейболшылардың күш даярлығының ерекшеліктері аяқтардың бұлшық ет топтарының жазғыштарының салыстырмалы күшінің антагонистерден басым болуынан көрініс табады. Жас волейболшылардың салыстырмалы күшінің даму деңгейін көбірек дәрежеде анықтайтын бұлшық ет топтарына иық маңы мен иықтың, балтырдың, жамбастың, дененің жазғыштары және табанның бүккіштері жатады. Сол жақта және оң жақта орналасқан, дененің функционалды бір бағытталған бұлшық ет топтарының күштері арасында көпшілік жағдайда анық айырмашылықтар табылмады.

    5. Жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығының құрылымы:

    - секіруге даярланғандық;

    - жалпы күштік даярлық;

    - жылдамдықтың көрініс табуының кешенді түрі;

    - иық белдеуі бұлшық еттерінің күштік төзімділігі, аяқтардың бұлшық еттерінің жылдамдыққа төзімділігі;

    - қозғалыс координациясы ретінде интерпретацияланған бес фактормен анықталады.

    6. Корреляциялық және факторлық талдаудың нәтижелері жас волейболшылардың дене қасиеттерінің және қимыл қабілеттерінің жалпылама және бірлі-жарым көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік берді. Жалпылама көрсеткіштерге:

    а) күш қабілеттері және күш төзімділігі;

    ә) жылдамдық қабілеттері;

    б) жылдамдық-күш қабілеттері;

    в) иілгіштік;

    г) күш және жылдамдық төзімділігі;

    д) координацияланғыштық жатады.

    Бірлі – жарым көрсеткіштер тобын дене қасиеттері даярлығының деңгейімен қамтамасыз етілетін жаттығулар мен қимыл тапсырмаларындағы нәтижелер құрады.

    1. Жас волейболшылардың дене қасиеттерін даярлауды бағдарламалауды жүзеге асыру эксперименттік топта келесі көрсеткіштердің өсімімен сипатталады:

    • секіру жаттығуларындағы нәтижелердің артуымен (P<0,01);

    • балтыр мен жамбастың, табанның бүккіштерінің 14,9%-13,5%-ға өсімімен;

    • өз денесінің салмағын жеңумен жасалатын жаттығулардағы күш төзімділігі көрсеткіштерінің артуымен (21,3-23,2%);

    • 20 с жүрелей отыру мен секірулердегі жылдамдық-күш қабілеттерінің артуымен (25,8-29,6%);

    • Координациялық қабілеттердің жақсаруымен (P<0,05).

    Осылардағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан анық болмаған 3 м жүгірудегі нәтижелер бұған кірмейді.

    Бақылау тобында дене қасиеттері даярлығының 12 көрсеткішінен тек артауында (50%) ғана анық өсім байқалды. Осы топтың волейболшыларында жамбас пен балтырдың жазғыштарының салыстырмалы күшінің, тартылулар санының, жүгірудегі нәтижелердің артуының өсімі статистикалық анық емес (P>0,05), ал бір орыннан үш мәрте секіру нәтижелерінің өсімі тек қана айырмашылықтардың анықтығына статистикалық тенденцияға ғана ие (P<0,01).

    8. Бақылау тобының волейболшыларымен жарыс ойындарында эксперименттік топтың ойыншылары орташа алғанда доп берулер мен шабуылдаушы соққыларға блок қоюды орташа алғанда көбірек орындаған (P<0,05), ал допты серігіне беру, шабуылдаушы соққы жасау және доп қабылдау санындағы айырмашылық статистикалық тұрғыдан маңызды емес (P>0,05). Алайда эксперименттік топтың волейболшыларында шабуылдаушы соққылардың, допты қабылдап алудың және блок қоюдың тиімділігі анық жоғарырақ (P<0,05).

    9. Жас волейболшылардың дене қасиеттерінің даярлығын бағдарламалау теориялық және практикалық негіздемелердің болуын, белгілі бір алгоритмді жасап шығаруды және педагогикалық әсер етудің оптималды мазмұнын таңдауды қарастырады. Бағдарламалау алгоритмінің құрамында бірқатар дәйекті операциялар бар: даярлау кезеңінің мақсатын және міндеттерін анықтау; дене қасиеттері дамуын бағалау; жарыс әрекетінің ерекшеліктерін есепке алу, ескеру; дене қасиеттері даярлығын диагностикалау; спорттық нәтижеге әсер ететін факторларды анықтау; жаттығудағы күш салуларды бақылау, бағалау және түзету. Жаттығу процесінің бағыт-бағдары жарыс әрекеті мен даярлық құрылымының бірлігі мен өзара байланысы принциптерін, жоғарғы жетістіктерге бағытталғандық пен тереңдете мамандану принциптерін жүзеге асыруға акценттелуге тиіс.

    Осылайша, жалпы алғанда зерттеуде анықталған дене қасиеттерінің, қимыл белсенділігінің ерекшеліктері және жас волейболшылардың дене қасиеттері даярлығы процесін бағдарламалау нәтижелерінің қисынды түсіндірмесі бар және спорттық даярлық туралы ғылыми-әдістемелік ережелермен алшақтамайды деп ұйғаруымызға болады.

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


    1

    Л.Г.Фурманов., Д.М.Болдырев. Волейбол – Москва.: ФиС.1983 г.

    2

    В.А.Голомазов., В.Д.Ковалев., А.Т.Мельников. Волейбол в школе: – Москва.: Просвещение, 1976 г.

    3

    Ю.Д.Железняк. Подготовка юных волейболистов: Москва.:ФиС. 1962г.

    4

    Волейбол. Правила соревновании: - Москва, ФиС. 1974 г.

    5

    Ақпаев Т.А., Адамбеков М.І., Тастанов Ә.Ж., Оқушылардың дене тәрбиесін қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері. – Алматы.: Монография, 2003ж, «Өнер».

    6

    Ю.Н.Клещев., А.Г.Фурманов. Юный волейболист: – Москва.:ФиС. 1979 г.

    7

    Ю.Д.Железняк., Л.Н.Слупский. Волейбол в школе: Пособие для учителя. – М.: Просвещение, 1998. – 128 с.

    8

    Ю.Д.Железняк. Юный волейболист: Учеб. пособие для тренеров. – М.: ФиС, 1988.-192с.

    9

    Ю.Н.Клещев. Волейбол – (Серия «Школа тренера») – М.: Физкультура и Спорт, 2005.

    10

    О. Жарылғапов. Волейбол ойыны. Ауыл-село волейболшыларына арналған көмекші құрал. Алматы, «Қазақстан», 1972.

    11

    Адамбеков Е.К., Тастанов А.Ж., Абилдабеков С.А., Теоретические основы физической культуры и спорта. Учебник. – Алматы: "Полиграфия Сервис К0", 2010. – 309 стр.

    12

    Т.А. Ахметжанов. Факторы, определяющие эффективность деятельности волейболистов в процессе игры. Автореф. дис. ... канд. пед. на­ук, - М.:

    ГЦОЛИФК, 1986, - 23 с.

    13

    A.M. Айринянц. Волейбол. - М.: Физкультура и Спорт, 1976. - 230 стр.

    14

    Матвеев Л. П. Общая теория спорта. Учебная книга для завершающих уровней высшего физкультурного образования. -М.: Воениздат, 1997. -с. 137-178.

    15

    Платонов В.Н. Общая теория подготовки спортсменов в олимпийском спорте. Учебник для студентов вузов физического воспитания и спорта. -Киев: Олимпийская литература, 1997. -с. 394-418.

    16

    Биданов Б.Ж. Оқушылардың сабақтан тыс кезіндегі дене тәрбиесінің педагогикалық кезеңдері. Автореф. дис. ... канд. пед. на­ук. Алматы, 1992ж.

    17

    Ботағариев Т.А. Аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудің ғылыми практикалық негіздемесі (Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарының материалдары негізінде). Автореф. дис. ... док. пед. на­ук. Алматы, 2001ж.

    18

    Таникеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. Алматы, 1998ж. 288 бет.

    19

    Қуанышев Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері. Алматы, 1997ж. 260б.

    20

    Руссо.О.Н. Орта буын сынып оқушыларының дене тәрбиесі пәні бойынша педагогикалық үрдістің тиімділігін арттыру. Дис. ... канд. пед. на­ук. Алматы, 1998ж.183б.

    21

    Уақбаев Е. Дене тәрбиесінің негіздері. Алматы. «Санат», 2000ж.72б.

    22

    Адамбеков Қ.І., Қасымбекова С.І. Оқушылардың дене тәрбиесіндегі әлеуметтік педагогикалық негіздері. Алматы, 1998, 198б.

    23

    Адамбеков Қ.І. Балалар мен жасөспірімдердің дене қасиеттерін тәрбиелеу және оның тиімділігін бағалау. – Монография, 1993ж. 260б.

    24

    Тастанов А.Ж. Оқушылардың жас ерекшеліктері ескерілетін дене тәрбиелеу процесінің педагогикалық негізі. Автореф. дис. . канд. пед. на­ук. Алматы, 2003ж.

    25

    Адамбеков Қ.І. Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі. Автореф. дис. ... докт. пед. на­ук. Алматы, 1995ж.

    26

    Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 1998ж. 387б.

    27

    Абалаков В.А. Приборы для динамометрических и динамографических исследований. - Матер. Всесоюз. конференции по изобретательству и применению различной аппаратуры в области спорта,- М.: Физкультура и спорт, 1966, - С, 31

    29

    Александрова Н.Е. Тенденции развития волейбола и морфо-функциональные показатели волейболистов. // ХХII научная конференция студентов и молодых ученых. Мосспортакадемия: тезисы докладов. - Малаховка, 1998. – С. 48 -50.

    30

    Ахмеров Э.К. Механографический метод регистрации кинематических характеристик разбега и прыжка волейболиста. // Теория и прак­тика физической культуры, 1970. - № 4, - С. 66-68.

    31

    Ахмеров Э.К. Вариативность и стабильность характеристик движений в подготовительном цикле нападающего удара в волейболе // Тезисы IV научно-методической конференции по вопросам спортивной тренировки. – Таллинн, 1972. - С. 115-117.

    32

    Апанасенко Г.Л. Эволюция биоэнергетики и здоровье человека. - С-Птб, МГП «Петрополис», 1992, - 123 с

    33

    Төтенайдың Базарбегі. Спорт атауларының орысша-қазақша сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1994.


    1   2   3   4


    написать администратору сайта