Главная страница

имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса


Скачать 1.42 Mb.
НазваниеОб особенностях учебновоспитательного процесса
Дата23.09.2022
Размер1.42 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаИМП на 2022-2023 учебный год.docx
ТипИнструктивно-методическое письмо
#692143
страница31 из 67
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67

«Қазақ тілі» неказахским языком обучения), 1-4 классы


  1. Жалпығаміндеттібілімберустандартындағыоқупәнінебайланыстыенгізілгенөзгерістерментолықтырулар

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы

№ 348 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (1-4-сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.

  1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар

«Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мемлекеттік тіл

  • еліміздегі халықтар бірлігінің негізгі факторы, ұлтаралық қарым-қатынастың ұйытқысы. Бүгінгі қоғам еліміздің білім беру жүйесінен көп тілді меңгерген дара тұлғаны қалыптастыруды талап етуде.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады.

    • Үлгілік оқу жоспарлары;

    • төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады (7.1-7.2-кесте).
7.1-кесте 1-4-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі


Сынып


Оқу пәнінің атауы


Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

1

Қазақ тілі

2

70

2

70

2

Қазақ тілі

3

108

2

72

3

Қазақ тілі

3

108

3

108

4

Қазақ тілі

4

144

3

108


7.2-кесте –1-4-cыныпта оқыту өзбек, ұйғыр, тәжік тілдерінде жүргізілетін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі


Сынып

Оқу пәнінің атауы

Үлгілік оқу жоспары

Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен)

Апталық

Жылдық

Апталық

Жылдық

1

Қазақ тілі

2

70

2

70

2

Қазақ тілі

2

72

2

72

3

Қазақ тілі

3

108

2

72

4

Қазақ тілі

3

108

2

72


Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады.

  1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген

өзгерістерментолықтырулар

Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасы жүзеге асырылады.

«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.

«Қазақ тілі» пәні (оқыту қазақ тілінде емес) бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларына қойылатын талаптар «Тілдерді меңгерудің жалпыеуропалық құзыреті» (CEFR) деңгейлерін (А1, А2, В1, В2, С1) ескере отырып құрастырылды; білім алушылар бастауыш сыныпты аяқтағанда, қазақ тілін қарапайым А1, А2 (бастапқы) деңгейінде меңгереді.

Мұғалім сабақ барысында оқушылардың сөйлеу құзыреттілігін қалыптастыруға баса назар аударады. Сонымен қатар, бастауыш сыныптарда сабақ сайын сөздік диктант пен көшіріп жазуды өткізуге болады. Бұл жазба жұмыстары оқушылардың сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Төменде жазба жұмыстары келтірілген (7.3-кесте).
7.3-кесте. Жазба жұмыстарының нормалары

Жазба жұмыстарының




Сыныптар




түрлері

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Сөздік диктант

3-5 сөз

5-7 сөз

7-9 сөз

9-10 сөз

Диктант

-

15-20 сөз

20-30 сөз

30-40 сөз

Көшіріп жазу

9-12 сөз

12-16 сөз

16-20 сөз

20-25 сөз

  1. Оқупәнініңмазмұнынаенгізілгенөзгерістерментолықтыруларғасәйкесбілімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптары

«ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы № 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес болуы керек.

12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және

оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.

Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.

Үлгілік оқу бағдарламаларына (төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 1-4-сыныптарда оқытылатын «Қазақ тілі» оқу пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 7.4 -кестеде көрсетілген.

7.4-кесте. «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны


Сынып

Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың саны

1-тоқсан

2-тоқсан

3-тоқсан

4-тоқсан

2-сынып

2*

2*

2*

2*

3-сынып

2*

2*

2*

2*

4-сынып

2*

2*

2*

2*

* Бөлім/ортақтақырыпбойыншажиынтықбағалаудасөйлеуәрекетініңекітүрібіріктіріледі(мысалы,тыңдалымжәнеайтылым;оқылымжәнежазылым).
Мұғалім пән аясында білім алушының сөздік қорын кеңейту үшін үлгілік оқу бағдарламасында берілген лексикалық-грамматикалық минимумды негізге алады. Әр сабақта 2 лексикалық минимумды меңгерту ұсынылады. Лексикалық минимумда ортақ тақырыптар бойынша сонымен қатар күнделікті тұрмыс- тіршілікте, әлеуметтік ортада жиі қолданылатын сөздер, қазақ тілін меңгерудің әрбір деңгейіне сәйкес келетін (1-4-сыныптар үшін А 1 қарапайым деңгей) шектеулі сөздер мен сөз тіркестері қамтылған. 1-4-сынып білім алушылары үшін лексикалық минимумдар саны: 752 сөз, оның ішінде:1-сыныпта – 120 сөз, 2- сыныпта 188 сөз, 3-сыныпта – 188 сөз, 4-сыныпта – 256 сөз.

Пән бойынша оқу бағдарламасын жүзеге асыру үшін «НЗМ» ДББҰ әзірлеген «КазLinguа» электронды қосымшасын сабақтан тыс уақытта қолдану ұсынылады. Бұл қосымша кез келген Android ұялы телефондарына және компьютерге ақысыз жүктеліп, offline режімде қолданылады.

Оқушы ойын түрінде берілген тапсырмаларды орындау арқылы қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға, суретті сөздіктер арқылы сөздік қорларын көбейте отырып, синтаксистік конструкциялар құруға дағдыланады.

Сонымен қатар оқушы өзінің тілді меңгеру деңгейін әр тақырыптың соңында берілген тест сұрақтары арқылы үнемі қадағалап, бағалап отырады.
7.5-кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі (Т2)

Сы- нып- тар

Қаз- ақ тілін мең- геру- дің

дең- гей-

Жыл- дық оқу жүк- теме- сінің

көле- мі

Бір саб- ақта мең- гері- летін

сөз саны

Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі

Бір апта- да

Оқу жыл- ында

Актив сөздер саны

Норма

Тоқсан бойынша

1

2

3

4

min

maх




лері































1

А 1

66

2

4

120

32

32

36

32

120

132

2

102

2

6

188

48

48

54

48

188

196

3

102

2

6

188

48

48

54

48

188

196

4

А 2

136

2

8

252

64

64

72

64

252

264

Ескертулар




* 12 сағат (Жиынтық

бағалау)




*Барлығы

2974/3098




  1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі»пәні бойынша жүргізілетін элективтіккурстақырыптары

Элективті курстар мазмұнына қазақ тілін үйрету, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс, қазақтың салт- дәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұнына арналған тақырыптар алынады. Мысалы,
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   67


написать администратору сайта