имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса
Скачать 1.42 Mb.
|
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 5-11-сыныптарЖалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланыстыенгізілгенөзгерістерментолықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (10-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2012 жылғы қарашадағы № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен жүзеге асырылады: негізгі орта және жалпы орта білім берудің Үлгілік оқу жоспарлары; төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлерінде «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады (6.4-кесте). 6.4-кесте. 5-11-cыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Оқу жылының ұзаруына байланысты қосымша сағаттарды қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады. «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды. Төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарын таңдаған жағдайда инвариантты компоненттегі таңдау пәндерінің комбинациясы (7-9-сыныптар) берілген. Пәндер комбинациясында 2 пәннің атауы көрсетілген, үшінші пән – таңдау бойынша пән (әрқайсысы 2 сағаттан), яғни 8-9 және 10-11-сыныптарда (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 2 сағат көлемінде оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша вариативті компоненттен тағы 2 сағат алуға мүмкіндік берілген. Комбинация бойынша «Қазақ әдебиеті» пәні таңдалған жағдайда пән мұғалімдері пәнді тереңдетіп оқыту үшін ҰМЖ, авторлық бағдарламалар әзірлей алады. И.Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында (www.nao.kz) ұсынымдама ретінде әзірленген ҰМЖ үлгісі орналастырылған. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар 2022-2023 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәнінен 5-9-сыныптардағы оқу процесі: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына және жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады. 10-11-сыныптардағы оқу процесі: «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен (07.03.2019 ж. №105 бұйрықпен өзгерістер мен және толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады: жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы; жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы. «Қазақәдебиеті»пәніноқытудыңерекшеліктері «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру. «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламалары оқушылардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтармен қатар функционалдық сауаттылығын арттыруды, көркем-әдеби шығарманы талдау дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Әлемдік және кеңестік әдебиет классиктерінің шығармаларын зерделеу, салыстырмалы талдау жүргізу, қазақ, орыс және әлем әдебиетінің тақырыптарын салыстыру қабілеттерін қалыптастыру мақсатында әлем әдебиетінің туындыларын оқыту қарастырылған. «Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып жүзеге асыру көзделеді. «Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады: түсіну және жауап беру; анализ және интерпретация; бағалау және салыстыру. «Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу; көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау; шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту. «Анализ және интерпретация» бойынша әдеби шығарманың композициясын, композициялық амал-тәсілдерді талдау; шығармадағы автор бейнесін анықтау, оның рөлін талдау; көркем шығарманың тілін, көркемдегіш құралдардың қолданысын талдау; көркемдегіш құралдарды пайдалана отырып, шығармашылық жұмыс жазу. «Бағалау және салыстыру» бойынша шығарманың тарихи және көркемдік құндылығына баға беру; әдеби шығармаларды заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру; шығарманың құндылығын талдап, әдеби эссе жазу; әдеби шығармаларды талдап, салыстыра отырып, сыни шолу және сыни мақала жазу дағдыларын дамыту. Бөлімдер сыныптар бойынша оқыту мақсаттарын қамтитын бөлімшелерден тұрады. Оқу мақсаттары әр бөлімше ішінде мұғалім мен білім алушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін бірізділік пен сабақтастықты көрсетеді. «Қазақ әдебиеті» пәнінен жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді. Бұл пән әдеби шығармаларды оқытып қана қоймай, танымдық және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға да негізделген. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес пәннің мазмұны мен білім, білік, дағдыларының көлемі анықталған. Әр сыныпта оқытылатын шығармаларды таңдау кезінде қазіргі замандағы баланың жас ерекшелігімен қатар танымдық ерекшеліктері де ескерілген. Көркем шығармаларды толық оқу міндеттеледі. Сол арқылы оқушыға автордың идеясын толық түсінуіне, шығарманы жан-жақты талдай алу қабілетін дамытуға және оқырмандық қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік беріледі. Көркем шығарманы саналы түрде түсініп, талдап, зерттеп, кейіпкерлерді салыстырып, олардың әрекетіне баға беріп, сол шығармалар арқылы оқырмандық сауаттылығын қалыптастыру көзделеді. Бір шығарманы толық оқып, талдай білген оқушы өз бетімен оқыған шығармасын сыныпта меңгерген дағдылары бойынша барлық әдістер мен тәсілдерді қолдана отырып, ой елегінен өткізіп, интерпретация жасап, бағалай алады. Сыныпта және өз бетімен оқылатын көркем әдеби шығармалардың табиғи сабақтастығы мен байланыстылығы сақталынып отырады. Яғни оқушыда көркем шығарманы оқуда осындай әдеби дағды қалыптастыра білсек, ол кез келген басқа ақын- жазушылардың өмірбаянын, шығармаларын өздігінен оқып, талдай алатын болады. Қазақ әдебиеті туындылары жасөспірімдердің рухани қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктеріне сәйкестендіріле, қазақша ойлау және сөйлеу, жазу, тыңдағанын түсіну, монолог, диалог, пікірталас жасау дағдыларын қалыптастырып, талдап, тану негізіне сәйкес құрылған. Қазақ әдебиетінің әр кезеңінде жазылып, өзінің көркем құндылығын жоғалтпай келе жатқан туындылармен танысу арқылы оқушы әдеби талдау, сыни ойлау қабілеттеріне ие болып, шығармашылдық ізденіске қадам басады. Оқу мақсаттары белгілі бір тарау бойынша ұзақ мерзімді жоспарда көрсетілген тізімге сай жүзеге асады. Тоқсан ішінде көркем шығармаларды оқытуға бөлінетін сағат сандарын шығарманың көлеміне, оқу мақсаттарының жеңіл, күрделілігіне қарай мұғалім өзі анықтайды. Негізгі орта білім беру деңгейінің 6 және 7-сыныптарында «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық мазмұнына «Өлкетану» материалдары кіріктірілген. Өлкетану – бұл туған өлкенің тарихы, табиғаты мен экологиясы, экономикалық, әлеуметтік-құқықтық дамуы, рухани шыққан тегі, әдебиеті және көркемөнері. Өлкетану өзіңнің туған жерінді аялауды, сүюді ғана үйретіп қоймайды, сондай-ақ ол туралы білуіңді, тарихқа, өнерге, әдебиетке қызығушылық танытуға, мәдениет деңгейін көтеруге үйретеді. «Өлкетану» материалдарын оқыту: білім алушылардың ежелгі дәуірден бастап қазіргі уақытқа дейінгі туған жер аумағында болып жатқан тарихи процестердің негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру; туған өлкенің табиғи байлықтары, тарихи ескерткіштері және мәдени нысандары туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің дәстүрлі қолөнері, мәдени және әдеби мұралары мен өңір мақтанышына айналған адамдар туралы білімдерін кеңейту; туған өлкенің бірегей табиғаты, тарихы мен мәдениетіне деген құрмет сезімдеріне тәрбиелеу; оларды қорғауға жауапкершіліктерін арттыруға бағытталған. Өлкетану материалдары 6, 7-сыныптарда 2 сағаттан 4 сағат көлемінде оқытылады. Өлкетану материалдары оқу бағдарламасының базалық білім мазмұны мен ұзақ мерзімді жоспардың 3 және 4-тоқсандарына енгізілді. Оқу бағдарламасы бойынша тоқсандағы бөлімдер мен бөлім ішіндегі тақырыптар бойынша сағат сандарын бөлу мұғалімнің еркінде болғандықтан «Өлкетану» материалдарын кіріктіріп оқыту ұсынылады. сыныпта «Менің туған өлкем өлеңдер мен прозада», «Өлкені сипаттау өнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдауға үйрету ұсынылады. сыныпта «Туған өлке публицистика беттерінде», «Менің туған өлкем» электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда өңірде шығатын газет- журналдарды білуге, туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының ерекшеліктері: Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу жүктемесімен) бойынша 8-9-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу пәніне 2 сағат бөлінген (6.1-кесте) және осы сыныптарда «Қазақ әдебиеті» оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасымен оқытылады. Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспары бойынша әзірленген оқу бағдарламасында 8-9-сыныптарға «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында (жаңартылған мазмұндағы) қарастырылатын бөлімдер мен оның аясында оқытылатын шығармалар тізімі толығымен сақталған. Айырмашылығы: ұзақ мерзімді жоспардағы жыл бойы бірнеше рет қайталанып келетін оқыту мақсаттарының қысқартылуында. «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу процесін ұйымдастырудағы әдістемелік ерекшеліктер Әдебиетті оқытуда: білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау; олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету; дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау, алған білімін өмірде қолдану дағдыларын қалыптастыру; жанрларды меңгерту; көркем шығармаларды толық оқуға міндеттеу; кітап оқуға қызығушылығын арттыру; қосымша әдебиеттер оқуға ынталандыру. Қазақстан 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіліп тұратын PISA халықаралық зерттеуіне қатысады. PISA зерттеуінің негізгі бағыттарының бірі – оқу сауаттылығы. Ол тек оқу техникасы мен мәтiннің мазмұнын түсiнуді ғана емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білуін бағалайды. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша бір сабақта бір немесе бірнеше оқу мақсатын алып, сабақ жоспарлауға болады. Мұғалім оқу мақсаттарының комбинациясын шебер пайдалана білуі керек. Пән мұғалімдері оқушыларды өздігінен білім алуға, шешім қабылдауға қабілетті, ынталы, қызығушылығы жоғары, өзіне сенімді, жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстануы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді әртүрлі оқыту тәсілдерін қолдану арқылы тәрбиелейді және дамытады. Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруға бағыттайтын оқытудың түрлі формалары ұсынылады: әдеби шығармаларды талдауда болжам жасау, жанрын, фабуласын, сюжетін, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені, идеясын анықтау, дәлелдер келтіре алу, кейіпкерлерді сипаттау, өзара салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру және өз ойын, пікірін жеткізе білу қабілеттерін дамытуға ынталандыратын жағдайлар жасау; іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту; оқушылардың сабақта зерттеу жұмыстарын жүргізуін қажет ететін проблемалық жағдаяттар туындату және проблемаларды шешу стратегияларын модельдеу және көрсету; оқушылардың жеке мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін есепке ала отырып, сараланған тапсырмалар әзірлеу; сабақта білім алушының біліміндегі олқылықтарды уақытында анықтауға мүмкіндік беретін кері байланысты ұйымдастырудың әр түрлі әдістерін қолдану. Пәнаралық байланыс – оқытудың ерекше категориясы болғандықтан, оқушылардың әдебиеттен жүйелі білім алуын арттыру үшін оқу әдістерін белсендендіру қажет. Әдебиет сабағындағы пәнаралық байланыс оқушылардың эстетикалық талғамын және сурет, музыка, кино өнерлеріне ұмтылысын қалыптастырады. Шығармадағы тарихи шындық пен көркемдік шешім көрінісін, топонимикалық, ономастикалық атаулардың маңыздылығын түсіне отырып, оқылған шығарманы бейнелеу және музыка өнерімен ұштастыра отырып, пәнаралық байланысты кеңінен қолдану оқушының дүниетанымын қалыптастырады. Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды болып табылады. Мұғалімнің сабаққа әзірлейтін тапсырмалары келесі критерийлерге сәйкес болуы қажет: тапсырманың, оның мақсаты мен орындалуының қолжетімділігі; сараланған тапсырмаларды ұсыну; сын тұрғысынан ойлауды дамытуға мүмкіндік беру; проблемалық оқытуға негізделуі. Эссе, шығарма жазу, презентация жасау және т.б. бойынша тапсырма беру барысында оқушыларды тапсырманың критерийлерімен таныстыру ұсынылады. Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастырыла отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларды, алған білімін өмірде қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. |