Главная страница
Навигация по странице:

  • 2.«Менің отбасым» курсы.

  • «Рухани

  • «Ұлттық

  • «Тілім менің–тірлігімнің айғағы» курсы

  • Оқыту

  • имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса


    Скачать 1.42 Mb.
    НазваниеОб особенностях учебновоспитательного процесса
    Дата23.09.2022
    Размер1.42 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИМП на 2022-2023 учебный год.docx
    ТипИнструктивно-методическое письмо
    #692143
    страница32 из 67
    1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67
    1. «Менің Қазақстаным» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін үялату, сол арқылы Отанды, елді, жерді сүйюге тәрбиелеу. 2.«Менің отбасым» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын отбасына деген құрметті дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының бойында мейірім, адамгершілік, үлкенге – құрмет, кішіге – ізет, кішіпейілділік, еңбекқорлық, бір-бірін сыйлау, туыстық жылы қарым-қатынас, отбасы құндылығын бойына сіңіру. 3. «Туған жерім» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын туған жерге деген құрмет, сүйіспеншілікті, білім алушының бойына сіңіру. Оқушының бойында патриоттық сезім, адалдық, елін, жерін сүю, Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу.

    1. Оқупәнімұғалімдерініңәдістемелікбірлестігіндеқарастырылатынтақырыптар

    Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

      1. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

      2. Бастауыш сынып оқушылары «Қазақ тілі» оқу сабағында танымдық, тәрбиелік әрекеттерін қалыптастыруы;

      3. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;

      4. Зерттеу жұмысын жүргізу жолдары;

      5. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

      6. Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі;

      7. Оқыту мен оқу сапасын арттыру үшін тиімді оқу ортасын құру.

    1. Оқупәнібойыншаоқулықтардың,оқу-әдістемеліккешендердің,оқуқұралдарыныңжәнебасқада қосымшаәдебиеттердіңтізімі

    «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы»

    ҚР БҒМ 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығы (өзгерістер ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 маусымдағы 291 бұйрығымен енгізілген )


    1. «Қазақтілі»пәндіоқытупроцесініңтәрбиелікәлеуетінарттыру

    Пәні мазмұны білім алушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді.

    «Қазақ тілі» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.

    Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Руханиадамгершіліктәрбие»бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады.

    Особенности обучения предмету «Қазақ тілі мен әдебиеті» (для классов с неказахским языком обучения), 5-11 классы

    1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланыстыенгізілгенөзгерістерментолықтырулар

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы

    № 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта және Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі мен әдебиеті» (5-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.

    1. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағдарламасының мақсаты– оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
    «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:

    1. шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;

    2. білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;

    3. туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;

    4. оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;

    5. оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;

    6. оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт- дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.

    Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы №25 бұйрықтармен бекітілген) жүзеге асырылады.

    Үлгілік оқу жоспарының түріне байланысты негізгі орта білім беру деңгейінде «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі болады (7.6-кесте).

    1. жаңартылған мазмұнның Үлгілік оқу жоспарлары;

    2. төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары.

    7.6-кесте 5-11-cыныптар «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні Үлгілік оқу жоспары


    Сынып


    Оқу пәнінің атауы


    Үлгілік оқу жоспары

    Үлгілік оқу жоспары (төмендетілген оқу

    жүктемесімен)

    Апталық

    Жылдық

    Апталық

    Жылдық

    5

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    4

    144

    6

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    4

    144

    7

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    3

    108

    8

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    3

    108

    9

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    3

    108

    10-11 (ҚГБ)

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    3

    108

    10-11 (ЖМБ)

    Қазақ тілі мен әдебиеті

    4

    144

    3

    108


    «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы

    595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдайды.

    1. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар

    Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 5-6-сыныптарда 1 сағат, 7-11- сыныптарда 2 сағат көлемінде төмендетілген. (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық). Оқу жүктемесі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен сағат алуға мүмкіндік берілген.

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасының (оқыту қазақ тілінде емес) ерекшеліктері оқу мақсаттары жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу мақсатттарына өзгерістер енгізілген.

    Жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу пәнінің мазмұны бойынша Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.

    «Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін

    жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.

    Жалпы орта білім беру деңгейіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша білім алушылардың білім, білік және дағдыға қойылатын талаптары СEFR -Шет тілін меңгерудің жалпы еуропалық құзыреті деңгейлерін (B2-С1) негізге ала отырып айқындалған.





    1. Оқупәнініңмазмұнынаенгізілгенөзгерістерментолықтыруларғасәйкесбілімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптары

    «ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы

    № 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте

    жүзеге асырылады.

    9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

    БЖБ үшін максималды балл 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

    12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

    Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.

    Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.

    Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу пәні бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 7.5. - кестеде көрсетілген.

    7.7-кесте. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

    Сынып

    Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны

    1-тоқсан

    2-тоқсан

    3-тоқсан

    4-тоқсан

    5-сынып

    2

    2

    2

    2

    6-сынып

    2

    2

    2

    2

    7-сынып

    2

    2

    2

    2

    8-сынып

    2

    2

    2

    2

    9-сынып

    2

    2

    2

    2

    10- сынып

    2

    2

    2

    2

    11- сынып

    2

    2

    2

    2


    7.8 - кесте. Қазақ тілін меңгерудің лексикалық деңгейі

    Сы- нып- тар

    Қаз- ақ тілін мең- геру- дің дең-

    гей- лері

    Жыл- дық оқу жүк- теме- сінің көле- мі

    Бір саб- ақта мең- гері- летін сөз саны

    Т2 меңгерудің лексикалық деңгейі

    Бір апта- да

    Оқу жыл- ында

    Актив сөздер саны

    Норма

    Тоқсан бойынша

    1

    2

    3

    4

    min

    maх

    5

    В 1

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    6

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    7

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    8

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    9

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    10

    В 2

    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    11




    170

    3

    10

    318

    80

    80

    90

    80

    318

    330

    Ескертулар




    * 12 сағат (Жиынтық

    бағалау)




    *Барлығы

    2974/3098


    9-сыныпбілімалушыларынаарналғанқорытындыаттестаттаутуралы

    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 3-39-тармағында былай көрсетіледі: «9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

    1. орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан».

    11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізутуралы

    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-1-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

    1. қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан».

    1. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі менәдебиеті»пәні бойынша жүргізілетінэлективтіккурстақырыптары

    Элективті курстар мазмұнына мемлекеттік тілді үйрету, тіл үйренудің инновациялық әдіс-тәсілдері, ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіруге бағытталған мәтіндермен жұмыс,қазақтың салт-дәстүрлері, тәрбиемен берілетін білім мазмұны, тіл, діл, мәдени, рухани және әлеуметтік мәселелерге арналған тақырыптар алынады.

      1. «Ұлттық құндылықтар» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда ұлттық құндылыққа өткен ата- бабаларымыздың елі мен жері үшін жан аямай жасаған ерліктері бейнеленген тарихты білу, сан ғасырдан бері келе жатқан салт-дәстүрлер мен әдет- ғұрыптарды тиімді пайдалану, жауһар халық ауыз әдебиеті мен өнегелі ұлт қайраткерлерінің халқы үшін жасаған күресі сынды ұмытылмас сезімдер жатады. Ұлттық құндылықтың асқан биігі – «ұят болады» деген сөзде. Бәрімізге үлкен кісілер «ер адамның жолын кеспе, тамақты әуелі үлкендер бастасын, екі

    қолдап амандас, көп күліп, көп сөйлеме» сынды көптеген тиым салып, бәріне ұят болады деп бізге дұрыс жолды нұсқаған. Расыменде, ұят бар жерде мәдениет пен адамилық қасиет сақталынып қалары анық. Курстың мақсаты осы айтылғандарды білім алушының бойына сіңіріп, біліммен қатар тәрбие беру.

      1. «Тілім менің–тірлігімнің айғағы» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында «Қазақ тілі мен әдебиетін» оқытуда маңызды мәселелердің бірі болып табылатын мемлекеттік тілге деген құрметті дәріптеп, білім алушының бойына сіңіру. Сол арқылы оқушының қазақ тілін үйренуге деген құлшынысын оятып, тілге құрмет көрсету, ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі үшін ең маңызды фактор тіл екендігін ұғындыру.

    1. Оқу пәні мұғалімдерініңәдістемелік бірлестігінде қарастырылатынтақырыптар

    Әдістемелік бірлестік отырыстарында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

    1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау.

    2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

    3. Рефлексия мұғалімнің кәсіби дамуының негізі.

    4. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың тиімді тәсілі.

    5. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы.

    1. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер.

    2. Зерттеу жұмысын жүргізу жолдары.

    3. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

    4. Жаңа ақпараттық құралдардың ерекшеліктері мен тиімділігі.

    5. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары.

    6. Инновацияларды және цифрландырудың озық практикаларын оқу процесіне енгізу.

    1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетінарттыру

    «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша сабақтарды жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет.

    Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша Рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.

    Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады. «Руханиадамгершіліктәрбие»бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін,

    адамгершілік және азаматтық сана-сезімді, жеке ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады.

    Оқыту процесіндегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін «Рухани адамгершілік» мен «Қазақ әдебиетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақтың салт-дәстүрлері», жобасын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.
    1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   67


    написать администратору сайта