Главная страница
Навигация по странице:

  • ЯЗЫКОМ

  • имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса


    Скачать 1.42 Mb.
    НазваниеОб особенностях учебновоспитательного процесса
    Дата23.09.2022
    Размер1.42 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаИМП на 2022-2023 учебный год.docx
    ТипИнструктивно-методическое письмо
    #692143
    страница30 из 67
    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67

    Оқу нормативтері бойынша ұсынымдамалар


    Оқу жылдамдығы оқушы тұлғасының қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлардың бірі болып табылады. Оқытудың екінші негізгі кезеңінде де оқушылардың оқу жылдамдығын қалыптастыру жалғасады, алайда 5-9- сыныптарда түсініп оқуға емес шапшаң оқу мен мәнерлеп оқуға басты назар аударылады.

    5-сыныпта бастауыш сыныптағыдай оқу жылдамдығын тексеруді бақылап отыру қажет. Бақылау мақсаты тез, жылдам оқу емес түсініп оқу болатынын ескерген жөн.

    5-9-сыныптардағы оқу жылдамдығына қойылатын талаптар:

    • мәнерлеп оқу;

    • логикалық екпінді ең маңызды сөздерге қойып оқу;

    • оқу барысында сөз бұзылмай, автордың айтатын ойын дұрыс жеткізу.

    «Қазақ әдебиеті» пәнінен кітап оқу дағдыларын қалыптастырудың нормалары (оқу жылдамдығы) берілген (2.5-кесте).
    6.5-кесте. «Қазақ әдебиеті» пәнінен кітап оқу дағдыларын қалыптастырудың нормалары (оқу жылдамдығы)


    Сыныптар

    Міндетті деңгей

    Мүмкіндік деңгейі

    5-сынып

    105 – 115 сөз

    120 – 150 сөз

    6-сынып

    120 – 130 сөз

    150 – 170 сөз

    7-сынып

    135 – 140 сөз

    170 – 150 сөз

    8-сынып

    145 – 150 сөз

    155 – 160 сөз

    9-сынып

    160 – 180 сөз

    170 – 200 сөз

    10-сынып

    190 – 200 сөз

    200 – 220 сөз

    11-сынып

    220 – 250 сөз

    250 – 300 сөз




    1. Білімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптарына сәйкесбөлімбойыншажиынтықбағалаудыңсаны

    Білімалушылардыңүлгерімінеағымдықбақылаужүргізубойыншаұсынымдар

    «ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығымен бекітілген «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 12.05.2022 жылғы

    № 193 бұйрығының 4-тармағына сәйкес «Формативтік бағалау, оның ішінде үй жұмысын бағалау білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізу және сабақта сараланған жұмысты одан әрі құру үшін жүргізіледі және педагогтің ұсыныстары арқылы жазбаша нысанда (дәптерлерде немесе күнделіктерде) немесе ауызша жүзеге асырылады. 2-11 (12) сынып білім алушыларының оқу жетістіктерін бағалау бір балдан 10 балға дейінгі шекте жүзеге асырылады.

    9-тармағына сәйкес БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді.

    БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек.

    12-тармағына сәйкес БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады.

    Формативті және жиынтық бағалау тапсырмаларын академиялық адалдық принциптерін сақтай отырып педагог өзі дайындайды.

    Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады.

    Үлгілік оқу бағдарламаларына (жаңартылған мазмұнның және төмендетілген оқу жүктемесі бойынша) сәйкес 5-11-сыныптарда оқытылатын

    «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінен әр тоқсан сайын өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны көрсетілген (6.3-кесте).
    6.3-кесте. 5-11-сыныптарда «Қазақ әдебиеті» пәнінен өткізілетін бөлім бойынша жиынтық бағалау саны

    Сынып

    Жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспары бойынша

    1-тоқсан

    2-тоқсан

    3-тоқсан

    4-тоқсан

    5-сынып

    2

    2

    2

    2

    6-сынып

    2

    2

    2

    2

    7-сынып

    2

    2

    2

    2

    8-сынып

    2

    2

    2

    2

    9-сынып

    2

    2

    2

    2

    10-сынып

    2

    2

    2

    2

    11-сынып

    2

    2

    2

    2

    Сынып

    Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспары бойынша

    1-тоқсан

    2-тоқсан

    3-тоқсан

    4-тоқсан

    5-сынып

    2

    2

    2

    2

    6-сынып

    2

    2

    2

    2

    7-сынып

    2

    2

    2

    2

    8-сынып

    2

    2

    2

    2

    9-сынып

    2

    2

    2

    2

    10-сынып

    2

    2

    2

    2

    11-сынып

    2

    2

    2

    2


    Вариативтік компонент есебінен таңдалған 8-9-сыныптар мен 10-11- сыныптарда (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) оқытылатын «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жиынтық бағалау өткізілмейді, оқу жылының соңында «есептелінді» («есептелінген жоқ») деген белгі жазылады (ҚР БҒМ 12.05.2022 жылғы №193 бұйрығы 17, 18-тармақтар).

    Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ қорытындысының негізінде 50/50 пайыздық арақатынаста қойылады (28-тармақ).

    Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларды бағалау кезінде мұғалім сараланған және/немесе жеке тапсырмаларды қолданады, сондай-ақ білім алушының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оның ішінде жеке оқу бағдарламаларын іске асыру кезінде бағалау өлшемшарттарына өзгерістер енгізеді (15-тармақ).

    Төменде ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 1-қосымшасына сәйкес балдарды бағаға ауыстыру шәкілі берілген (6.4-кесте).
    6.4-кесте. Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі


    2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

    Баға

    0- 39

    қанағаттанарлықсыз «2»

    40 - 64

    қанағаттанарлық «3»

    65 - 84

    жақсы «4»

    85 - 100

    өте жақсы – «5»

    9-сыныпбілімалушыларынаарналғанқорытындыаттестаттаутуралы

    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы

    12 мамырдағы №193 бұйрығының 39-4)-тармағына сәйкес 9-сынып білім алушылары таңдау пәні ретінде «Қазақ әдебиеті» пәнінен жазбаша емтихан тапсырады.

    Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жаңартылған білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады.

    Емтихан жұмысы барлығы 30 балмен бағаланатын екі бөлімнен тұрады: А бөлімі бірнеше таңдауы бар, ал В бөлімі толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтиды.

    А бөлімінде білім алушылар 4 бір және бірнеше таңдауы бар, сондай-ақ сәйкестендіру тапсырмаларын орындайды. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланады.

    В бөлімінде білім алушылар толық жауапты қажет ететін 4 тапсырма орындайды. 5, 6, 7-тапсырмаларды орындау үшін білім алушыға көлемі 200-250 сөзден тұратын көркем шығарма үзіндісі беріледі. Тапсырмалар 3-9 балмен бағаланады.

    9(10)-сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30%-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтіндікке қарай жүргізіледі.

    Келесі кестеде ҚР БҒМ 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 4-қосымшасына сәйкес 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі көрсетілген (6.5-кесте).
    6.5-кесте - 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан балдарынемтиханбағаларынаауыстырушәкілі


    Баға

    Максимальды балл 30 болған

    пәндер үшін балдар

    Максимальды балл 40 болған

    пәндер үшін балдар

    Максимальды балл

    50 болған пәндер үшін балдар

    Максимальды балл

    60 болған пәндер үшін балдар

    "2"

    0-11

    0-15

    0-19

    0-23

    "3"

    12-19

    16-25

    20-32

    24-38

    "4"

    20-25

    26-33

    33-42

    39-50

    "5"

    26-30

    34-40

    43-50

    51-60


    11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізутуралы

    «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы

    12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес таңдаупәніретінде

    «Қазақәдебиеті»пәнінентест тапсырады.

    Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады.

    1. Үлгілікоқужоспарыныңвариативтіккомпонентіесебіненоқупәнібойыншажүргізілетінэлективтіккурстардыңтақырыптары

    Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстың төмендегідей тақырыптары ұсынылады:

    1. «Абайтану» курсы. Негіздемесі: ұлы Абай шығармашылығын толық игерту арқылы поэзия құдіретін таныту, әлем әдебиетімен салыстыра отырып, қазіргі өмірмен байланыстыруға үйретеді.

    2. «Ыбырайтану» курсы. Негіздемесі: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын оқыту арқылы ұлттық құндылықтарға баулуға, адамгершілік-рухани тәрбие беруге жетелейді.

    3. «Шешендік сөз өнері». Негіздемесі: шешендік сөздің табиғатын танытып, айтылған ойды саралай білуге үйретеді, ұлттық құндылығымыз шешендік сөздердің мағынасын түйсінуге, шешен сөйлеуге, орфоэпиялық норманы сақтап сөйлеуге баулиды.

    4. «Ұлы дала даналығы». Негіздемесі: ғасырлар бойы өзіндік ерекшелігімен сақталып, өркениетке жеткізген ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, ұлттық тәлімінің қыр-сырын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы туған еліне құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін арттырады.

    5. «Әлем әдебиеті». Негіздемесі: әлем әдебиетінің озық үлгілерімен танысады, әдебиет дамуындағы жаңа бағыттар мен ағымдар негізінде жазылған шығармаларды талдап, шығармашылық ізденістеріне қолдана білетін жас буынды қалыптастырады.

    6. Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті. Негіздемесі: оқушыларды көркем әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, сол арқылы өз бетінше ойлай алатын, тұжырымдап қорытынды жасайтын, өзіндік пікірі қалыптасқан, дүниетанымы биік, шығармашылықпен жұмыс жасайтын дара тұлға қалыптасады. Шығармашылық жұмыстар арқылы сөздік қоры байыйды, сөз байлығының ішінен ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ойға және мәтіннің мазмұны мен мақсатына сай тіркестіре алуға, алған білім мен білік дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді.

    7. Әдебиет сабағында күрделі мақсаттарды оқушыға меңгертудің әдістемесі

    8. «Эссе, оның түрлері, бағалауға қойылатын талаптары, өлшемдері». Негіздемесі: оқушы өз ойын, танымы мен парасатын, көзқарасын жинақы түрде жеткізе алатын дәрежеге жетеді, сыни ойлауы дамиды, өз ойын еркін жеткізуге, дәлелдер мен аргументтер арқылы өз пікірін ашық айтуға дағдыланады, өзіндік көзқарасы, позициясы айқындалып өмірде жеке тұлға ретінде қалыптасады, шығармашылығы дамиды.

    9. «Көркем мәтін оқу». Негіздемесі: көркем шығарманы құштарлықпен оқу талабына сай оқушыларды әдеби шығарма оқуға баулу, көркем шығармаға талдау жасау жолдарын меңгерту.

    10. «Ғабит Мүсірепов шығармаларын сатылай кешенді талдау»

    (8-сынып). Негіздемесі: аса көрнекті қазақ жазушыларының бірі Ғ. Мүсіреповтің әңгімелерін «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы арқылы талдай отырып, шындық, әділет үшін күресте өзінің ұлылығын айқын сезінетін, айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың типтік образдарын талдай алу. Шығармалардың мазмұндық желісін тақырыбына сай талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру, эстетикалық сезімін ояту, әдеби талдаулар арқылы оқушының тілін дамытып, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, өздігінен іздену және өзіндік ой-тұжырым жасауға, ауызша сөйлеу мәдениетін дамыту, ізденімпаздық ой-өрісін дамыту, сөздік қорларын бағалау.

    1. Оқупәнімұғалімдерініңәдістемелікбірлестігінде қарастырылатынәдістемеліктақырыптар

    Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру (әдістемелік бірлестік, жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, шығармашылық топ және т.б.) бойынша ұсынылатын тақырыптар:

    1. Оқу бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау мен критериалды бағалау.

    2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.

    3. Рефлексия білім сапасының негізі.

    4. Оқу мақсаттары бойынша теориялық семинар.

    5. Қалыптастырушы бағалау бағалаудың тиімді тәсілі.

    6. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары.

    7. Қазақ әдебиеті сабағында қолданылатын жаңа контенттер.

    8. Цифрлық білім беру ортасындағы заманауи оқыту құралдары.

    9. Пәнішілік және пәнаралық байланыс.

    10. АКТ-ны пайдаланудың тиімді жолдары.

    11. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру.

    1. «Эссе жазу стратегиясы».

    2. Білім беруде қолданылатын цифрлық технологиялардың тиімділігі.

    3. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастырудың тиімді әдіс- тәсілдері.

    «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқушыларды кітап оқуға баулу, сөйлеу тілін дамыту мақсатында тоқсандық және жазғы демалыс кездерінде оқитын оқу бағдарламасына қосымша көркем шығармалардың тізімі ұсынылады (nao.kz).

    Көркем шығармалардың тізімі оқушылардың жас ерекшелігі мен келесі сыныпта оқылатын және оқулықта үзіндісі ғана берілетін шығармалар ескеріліп жасалды. Жаңа оқу жылының басында жазда оқыған шығармалары бойынша

    «Оқушы күнделігі», «Мен оқыған кітап» және т.б. тақырыптарда көрме өткізуге болады. Көрмеге әр оқушы өзі оқыған туынды бойынша шығармашылық жұмысын ұсынады. Жұмыс фотоколлаж, эссе, жарнама, сурет т.с.с. түрде

    жасалуы мүмкін. Оқушылардың жұмысын арнайы сарапшылар талдап, қорытындысын шығарады.

    «Оқырман күнделігі» тақырыбындағы іс-шарада оқушы оқыған шығарманың мазмұнын сұрақ қою; тірек сөздерді жазу; оқиғаның түйінін жазу; оқиғаны суретке түсіру түрінде дәптерге түсіреді.


    1. Пәндіоқытупроцесініңтәрбиелікәлеуетінарттыру

    Пән мазмұны адамзаттық өркениетке бет түзеген егемен елдің мүддесіне сай асқақ руханият пен мәдени-эстетикалық мұраны игеру мен дамыту бағдарында терең танып білу және қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында белсенді, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін жан-жақты дамыған, өзіндік көзқарасы қалыптасқан дара тұлға қалыптастыру мақсатына жұмылдырылады.

    Қазақ әдебиеті пәнінің оқушыларды тәрбиелеу мен дамытудағы рөлі аса ауқымды. Білім алушыларды тәрбиелеудің негізгі идеясы ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар. Сондықтан «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша

    «Рухани жаңғыру» идеясы негіздерінің құндылықтарын «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаларын оқыту мен тәрбиелеуде жүзеге асыру ұсынылады.

    «Елдіктің жеті тұғыры» қағидаттарын:

    «Тәуелсіздік – кез-келген азамат үшін ең қастерлі құндылық» принципі бойынша пән мазмұнындағы ел тәуелсіздігі жолындағы күрестер тарихы арқылы тамыры терең тарихымызға құрметпен қарап, мемлекеттілігімізді қадірлеу, оны көздің қарашығындай қорғауға;

    «Бірлік пен келісім – елдігіміздің мызғымас тұғыры» принципі (Қазақстан халқы Ассамблеясы тақырыбы аясында) бойынша халқымыздың бірлігі пен этносаралық татулығын сақтауға; Конституцияны қастерлеу, мемлекеттік тілді білу, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге;

    «Жер ата-баба мұрасы, халық қазынасы» принципі бойынша ел мен жерді қорғау үшін болған тарихымыздағы соғыстарды зерделеу арқылы ата-баба аманатына адал болып, ұлан-ғайыр жерімізді қорғауға;

    «Отбасы мен салт-дәстүр – қоғамның алтын діңгегі» принципі бойынша ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтарды, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетуді дәріптейтін ата дәстүрімізді берік ұстануға;

    «Ұлттық мәдениет – халықтың рухани тірегі» принципі бойынша тарихты білу, мәдени құндылықтарды тану, мәдениетімізді зерделеп, өзге жұртқа насихаттай білуге;

    «Білім мен еңбек – бақуатты өмірдің кілті» принципі бойынша табыстың кілті ретінде үздіксіз білім алу мен тынымсыз еңбек етуге;

    «Прагматизм бәсекеге қабілетті болудың кепілі» принципі бойынша білім алушыларды барынша қанағатшыл, үнемшіл, ұстамды болып, уақытты орынды пайдалануға тәрбиелеуді пән мазмұнында қамтылған тақырыптарды меңгертуде жүзеге асыру ұсынылады.

    Бұл білім алушылардың бойында патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мен дамытуға негіз болады.

    Еліміздің орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздеріне сәйкес жүзеге асырылады.

    «Қазақстандық патриотизм мен азаматтықты тәрбиелеу, құқықтық тәрбие» бағыты білім алушылардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін, құқықтық және азаматтық сана-сезімді, жеке бас бостандығы мен ар-намысының құндылығын, парасаттылық пен адалдықты, толеранттылықты, еңбекке деген құрметті, «толық адам» қасиеттерін қалыптастырады, зорлық-зомбылық пен агрессиялық ой-пиғылдың, әртүрлі типтегі кемсітушіліктің алдын алуды қарастырады.

    Оқыту процесіндегі «Қазақ әдебиеті» пәнінің тәрбиелік әлеуетін арттыру үшін «Оқуға құштар мектеп», «Тарих тағылымы», «Қазақ мәдениетінің антологиясы» әлеуметтік жобалары, «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары», «Ұлы дала мұрагерлері» жобасын, «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласын іске асыруды жалғастыру ұсынылады.

    «Оқуға құштар мектеп» жобасы білім алушылардың, кітапханашылардың, ата-аналардың арасында оқу сауаттылығын қалыптастыру мен жетілдіруге, оқу мәдениетінің деңгейін арттыруға және оқуды насихаттауға бағытталған. Жоба аясында отбасылық оқудың жарқын дәстүрлерін жаңғырту, оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру, кітапхана қорын көркем әдебиетпен толықтыру мақсатында мектеп жанындағы кітапханалар қажетті көркем әдебиеттермен толық қамтамасыз етіледі. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың кітап оқу құзыреттілігін қалыптастыру өте маңызды міндет болып отыр.

    Білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында «Кітапәуесқойы»,

    «Өзің оқып, өзгеге ұсын», «Оқы және өзгеге сыйла» және т.б. акциялар өткізу ұсынылады. Шараны ұйымдастыру жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға, өзі оқыған көркем шығармаларымен бөлісіп, оны насихаттауға, оқырмандарды кітап оқу өнеріне баулуға, дүниетанымын кеңейтуге, оқыған кітаптарының, көркем шығармалардың құдіретін сезінуге, оқығандарын дұрыс бағалай алуға, өмірде, еңбекте, оқуда, кітапты дұрыс пайдалануға баулуды үйретеді.



    «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша сыныптағы және сыныптан тыс жұмыстар күрделі тапсырмаларды шешуге, өздік жұмыстарды орындауға бағытталуы қажет. Шығармашылық жұмыстар әртүрлі тапсырмаларды өздігінен орындау білігін қалыптастыруды нысана тұтып, оқытудың қай түрі болмасын оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Міндетті оқытылатын әдеби білім мазмұнымен ғана шектелмей, сонымен бірге қосымша әдеби шығармаларды өздігінен оқуға дағдыландыру оқушылардың нәтижелі білім алуының барлық мүмкіндіктерін көрсетпек.

    Мектепте сыныптан тыс жұмыстар төмендегі шаралар арқылы жүзеге асады:

    • мекемелерде, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, мұражайларда;

    • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен олимпиадалар жүргізу;

    • оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар өткізу;

    • кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;

    • мерейтой иелеріне арналған тәрбие сағаттарын, әдеби кештер, мәнерлеп оқу сайыстарын, эссе, мазмұндама, шығарма жазу сайыстарын және т.б. ұйымдастыру.

    Сыныптан тыс жұмыстар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, өздігінен іздене білуге үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.


    7. ОСОБЕННОСТИ ПРЕПОДАВАНИЯ УЧЕБНЫХ ПРЕДМЕТОВ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» (Т2), «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» НЕКАЗАХСКИМ ЯЗЫКОМ ОБУЧЕНИЯ), 1-11 КЛАССЫ


    1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   67


    написать администратору сайта