имп. ИМП на 2022-2023 учебный год. Об особенностях учебновоспитательного процесса
Скачать 1.42 Mb.
|
«Қазақ тілі» пәнін оқытудың ерекшеліктері, 5-11 сыныптарЖалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнінен академиялық білім берудің мақсаты – қазақ тілінің әлеуметтік-қоғамдық қызметі (ана тілі-ұлт тілі- мемлекеттік тіл) туралы біртұтас білім бере отырып, тілдің танымдық, құрылымдық, тарихи мәнін, тілді қолданудың нормативті жүйесін игеріп, сөйлеу мәдениеті тәсілдерін меңгерген, ұлттық рухты бойына сіңірген дара тұлға тәрбиелеу. Қазақ тілін оқытудың басты міндеттері бастауыш, орта, жоғары сыныптарда қазақ тілінің ана тілі ретіндегі қызметіне, орта сыныптарда қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметіне, жоғары сыныптарда қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметіне басымдық бере оқыту. Қазақ тілінің ана тілі ретіндегі негізгі қызметі – ұлттық сана-сезімді қалыптастыру. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартындағы қойылған базалық құндылықтар: 1) қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік; 2) құрмет; 3) ынтымақтастық; 4) еңбек пен шығармашылық; 5) ашықтық; 6) өмір бойы білім алу ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы арқылы игеріледі. Сондықтан бастауыш сыныпта қазақ тілінің ана тілі ретінде танылуына негіз болатын лингвистикалық білім мазмұны қамтылуы тиіс. Қазақ тілінің ұлт тілі ретіндегі қызметі – ғасырлар бойғы тәжірибеден жинақталған ұлттық дүниетанымды, ұлттық ақыл-ой жетістіктерін зерттеу, саралау, дамыту. Ұлттық тіл Білім стандартында көрсетілген ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды өзіне үйлесімді үйлестіруге, кез келген өмірлік жағдайларда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетуге, сондай-ақ оқу және қолданбалы тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі қызметі жоғары сынып оқушыларына арналған білім мазмұнын қамтуы тиіс. Қоғамның барлық саласында қазақ тілін қолданудың заңдылықтарын, іскерлік, дипломатиялық қарым-қатынас мәдениетін, сөйлеу мәдениетін игерген оқушы жалпыға міндетті білім стандартында көрсетілген «Қазақстан Республикасының Конституциясының нормалары мен заңдарын құрметтеуді және сақтауды», яғни қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қолдануды өз міндетіне алады, қазақ тілінің мемлекеттік статусын көтеруге өзіндік үлес қосады, мемлекеттік тілді қолдануға ынталы болады. Қазақ тілінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін бастауыш, орта жоғары сыныптарда оқытқанда тілдің құрылымдық, функционалдық, тарихи жүйесі өзара тұтастықта бірлікте кіріктіріліп оқытылады. Нәтижесінде оқушылар тілдің таңбалық жүйесі, әдеби тілдік нормасы, тарихы және тіл арқылы ұлтты, адамды тану туралы кешенді білім алады. Бұлар оқушының тіл тазалығын, тіл анықтығын тіл дәлдігін (А.Байтұрсынов) игеріп, сөйлеу мәдениетін, сөз шеберлігін жетілдіруіне айтарлықтай үлес қосады. Жалпығаміндеттібілімберустандартындағыоқупәнінебайланыстыенгізілген өзгерістер ментолықтырулар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығымен бекітілген Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Қазақ тілі» (10-11 сыныптар) міндетті оқу пәні ретінде оқытылады. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістерментолықтырулар Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген Үлгілік оқу жоспарлары арқылы (өзгерістер мен толықтырулар өзгерістер мен толықтырулар 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрықпен бекітілген) жүзеге асырылады. Олар: Үлгілік оқу жоспарлары; төмендетілген оқу жүктемесімен Үлгілік оқу жоспарлары. Үлгілік оқу жоспарының оқу түріне байланысты 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің және төмендетілген оқу жүктемесінің көлемі 6.1-кестеде көрсетілген. 6.1-кесте – 5-11-cыныпта «Қазақ тілі» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі
Оқу жылының ұзаруына байланысты пайда болған қосымша сағаттарды қайталауға, өтілген материалды бекітуге және күрделі тақырыптарды оқуға пайдалану ұсынылады. ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығына сәйкес «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» білім беру ұйымдары меншік түрі мен оқыту нысанына қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдай алады. Үлгілік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесі 7- сыныпта бағдарламада 3 сағат болса, төмендетілген бағдарламада 2 сағат көлемінде беріледі, яғни 1 сағатқа қысқарады. (ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы №496 бұйрық). Оқу көлемі төмендетілген сыныптарға вариативті компоненттен сағат алуға мүмкіндік көрсетілген. Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар 2022-2023 оқу жылында «Қазақ тілі» пәнінен 5-11-сыныпта оқу процесі: 5-9-сыныптар бойынша «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістерментолықтыруларҚРБҒМ2019жы26шілдедегі№334бұйрығыменбекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады. 10-11-сыныптар бойынша «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен (07.03.2019ж.№105бұйрықпенөзгерістерменжәнетолықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады: жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы; жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбында «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады. «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді. Негізгіортабілімберудеңгейіндегі«Қазақтілі»пәніноқыту: «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді. «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді. Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету. «Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері: өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады; тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық- коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады; тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу; мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру. «Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді. Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді. Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс. «Қазақтілі»пәнініңоқужүктемесітөмендетілгенүлгілікоқубағдарламасыныңерекшеліктері Оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу жоспары негізінде 7-сыныпқа «Қазақ тілі» оқу пәнінен әзірленген Үлгілік оқу бағдарламасында берілген бөлім тақырыптары толығымен сақталған. Айырмашылығы: ұзақ мерзімді жоспардағы жыл бойына бірнеше рет қайталанып келетін оқыту мақсаттары қысқартылған. Яғни, 7-сыныпта оқу мақсаттары жеңілдетіп берілген. Кейбір оқу мақсаттарына түсініктеме ретінде ұсынымдар беріліп, оқу мақсаттарына өзгерістер енгізілген. «Қазақтілі»пәніненоқупроцесінұйымдастырудағыәдістемелікерекшеліктер: оқыту мақсаттары арқылы білім алушылардың тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым әрекеттері жүзеге асырыла отырып, олардың коммуникативтік қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, сыныпты аяқтағанда күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталады; қысқа мерзімді жоспар құрылу барысында сөйлесім әрекетінің бір-екі түрі басшылыққа алынады, бір сабақта бірнеше сөйлесім әрекетін басшылыққа алу сабақты мақсатына жеткізбейді; мұғалім бір сабақ барысында бірнеше оқу мақсаттарының ішінен тақырыпқа қатыстыларын таңдап алуға құқылы; үлгілік оқу бағдарламасы білім алушының жас ерекшелігіне сай функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға бағытталған. Мысалы: оқылым әрекеті бойынша «Мәтіннің стильдік ерекшелігін тану» оқу мақсатын жүзеге асыру үшін 5-сынып оқушылары ауызекі сөйлеу және жазба стильдегі мәтіндердің айырмашылықтарын таныса, одан жоғары сыныптарда әртүрлі стильдегі мәтіндердің тілдік құралдарын анықтайды. Оқу мақсаттарын жүйелі түрде жүзеге асырудың нәтижесінде оқушылардың мәтінді талдау дағдысы қалыптасады; грамматика өмірмен байланыстырыла мәтін талдау барысында оқытылады; грамматикалық бірліктердің мәтін құруға қатысуда қандай функционалдық қызмет атқаратындығын білім алушы өзі жұмыс жасау барысында анықтап, меңгереді. Қазақстанның білім жүйесіне 2009 жылдан бастап үш жылда бір рет өткізіліп отыратын PISA халықаралық зерттеуі кірді. PISA-ның негізгі бағыттарының бірі – оқу сауаттылығын анықтау. Онда оқу техникасы мен мәтiн мазмұны ғана емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірде, практикада қолдана білу қабілеттері бағаланады. Негізгі орта білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасындағы білім мазмұны бойынша оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас субъект-субъектілік қарым-қатынасқа құрылады. Мұғалім кеңесші, бағыт беруші, бағыттаушылық қызмет атқарса, оқушы ізденуші, зерттеуші қызметін атқарады. Сол арқылы алған білімі тиянақты болады. Себебі, білім алушы өз қолымен, ізденуімен жасаған жұмысын ұмытпайды, өмірде қолдануға да, басқаға үйретуге де бейім болады. Бұл білім алушыны сыни тұрғыдан ойланып, әрекет етуіне, функционалдық сауаттылығының қалыптасуына зор ықпалын тигізеді. Оқу процесінде білім алушының ынтасын, қызығушылығын арттыруғабағыттайтыноқытудыңтүрліформаларыұсынылады: Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей: Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар) Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы) Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс) Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасай білу мәдениетін қалыптастырады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы алдына нақты мақсат қоятын, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, өзгені қызығушылықпен тыңдай алатын жеке тұлға болып қалыптасады. Жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттілікті меңгертудің алғышарты болып табылады. Себебі, бұл жұмыс түрлерін мұғалім әр сабақта қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыстар білім алушының сөйлеу тілін дұрыс меңгеруіне, қатысым және жазылым қарым-қатынасын қалыптастыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады. Коммуникативтік құзыреттілігі қалыптасқан білім алушы өз қатарларымен, өзге де жастағы адамдармен қарым-қатынаста белгілі бір ақпаратты жеткізіп қана қоймай, өз ойын түсіндіре, олардың пікірін ұға, түсіне білетін болады. Диалогтік әдісті қолдану білім алушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырады. Топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды. Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырып, өз дәлелін қорғауға, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға (1. Пікірталастық әңгіме; 2. Топтық әңгіме; 3. Зерттеушілік әңгіме.) үйренеді. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы: сұрақ-жауап, рөлдік, тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу. Оқунормативтерібойыншаұсынымдамалар Білім мазмұны бойынша оқу дағдыларына қойылатын талаптар біршама өзгерген (6.2-кесте). 6.2-кесте. Оқу дағдыларына қойылатын талаптар
4Оқупәнініңмазмұнынаенгізілгенөзгерістерментолықтыруларғасәйкесбілімалушылардыңоқужетістіктерінбағалаудыңнормативтікталаптарына сайбөлімбойынша жиынтықбағалаудыңсаны Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау «Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтыруларенгізілген). Бұйрықтың 2-тарауына тиісті тармақтарына енгізілген толықтыруларға сәйкес: 9. БЖБ өткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жұмыс, жоба, эссе, диктант, мазмұндама, шығарма, тестілеу және басқалар) мен сабағын және БЖБ орындау уақытын педагог өздігінен белгілейді. БЖБ үшін максималды балл 1-4 сыныптарда кемінде 7 және 15 балдан артық емес, 5-11 (12) сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық емес болуы керек. Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. БЖБ тоқсанына үш реттен артық өткізілмейді. Бөлімдер/ортақ тақырыптар тоқсанына төрт және одан да көп бөлімдерді/ортақ тақырыптарды оқып-зерделеген жағдайда тақырыптардың ерекшеліктерін және оқыту мақсаттарының санын ескере отырып біріктіріледі. Оны екі кезеңде өткізуге болады. 21-тармаққа сәйкес тілдік пәндерден жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі бойынша жүргізіледі (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым). Тыңдалым (тыңдау) және айтылым дағдыларын бағалау жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған аптаның ішінде сабақтың барысында жүргізіледі. Төмендегі кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) саны көрсетілген (6.3 -кесте). -кесте. «Қазақ тілі » пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды. Білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады. «Қазақ тілі» пәні (жаратылыстану-математикалық бағыт) бойыншажиынтықбағалаусаны«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығының (2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрықпен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) 11-тармағына сәйкес «Қазақтілі»пәнінен(жаратылыстану-математикалық бағыт аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде БЖБ қажет болған жағдайда бөлімдерді біріктіре отырып тоқсанына екі реттен артық жүргізілмейді, қорытынды баға жартыжылдыққа қойылады. Ескертпе: Тілдік пәндерде бөлім бойынша жиынтық бағалауда сөйлеу қызметінің екі түрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым). 13-тармағына сәйкес Оқу пәндерінің күрделілік деңгейін есепке ала отырып, бір күнде үштен артық ТЖБ өткізуге болмайды. ТЖБ тоқсан аяқталатын соңғы күні өткізілмейді. Бір оқу пәні бойынша БЖБ мен ТЖБ бір күнде өткізілмейді. 9-сыныпбілімалушыларынақорытындыаттестаттаудыөткізубойыншаұсынымдар: «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы № 193 бұйрығының 39-тармағында былай көрсетіледі: «9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 1) қазақ/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе)». Білім алушыларды қорытынды аттестаттау білім мазмұны бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын қамтиды. Білім алушылардың білімі, білігі, сондай-ақ дағдылары МЖМББС-тан күтілетін нәтижелермен анықталады. 11-сыныпбілімалушыларыүшінмемлекеттікбітіруемтиханынөткізу туралы «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 мамырдағы №193 бұйрығының 41-1-тармағына сәйкес: «11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі: 1) қазақ/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан» деп көрсетіледі. 5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәнібойыншажүргізілетінэлективтіккурстардыңтақырыптары Элективті курстар мазмұнына білім алушыларға «Қазақ тілі» пәнінен берілетін білім мазмұны функционалды сауаттылыққа негізделе отырып, коммуникативтік тілдік қарым-қатынасқа кез келген уақытта, кез келген жағдайда еркін, ойын ашық та түсінікті, нақты жеткізе алатындай дәрежеде оқыту жатады. Яғни оқушы алған білімін өмірде қолдана алатындай дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар, ұлтының салт-дәстүрін, ділін, дінін, мәдениеті мен ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді бала бойына сіңіруге бағытталған тақырыптар алынып, сол бойынша жұмыстар жүргізіледі. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ тілі» пәні бойынша жүргізілетін элективті курсқа төмендегідей тақырыптар ұсынылады: «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» курсы. Негіздемесі: Бұл элективті курс аясында оқушының ана тілі құдіретін түсінуге деген құлшынысын оятып, тілге құрмет көрсету, ұлттың ұлт ретінде өмір сүруі үшін ең маңызды фактор тіл екендігін ұғындыру. |