Главная страница
Навигация по странице:

  • Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің клиникалық көрінісін атаңыз

  • Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз

  • Диагональды коньюгата бұл қандай құрылымдар арасындағы арақашықтық

  • Ұсынылған жағдайлардың қайсысы "әдеттегі түсік" деп ойлауға болады

  • Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында" 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде

  • Босанудың болжам мерзімін анықтауда қажет болады

  • Рр. шыгару 2. Оральды контрацептивтер олданатын 33 жастаы йелге сыныстар тадаыз


    Скачать 84.77 Kb.
    НазваниеОральды контрацептивтер олданатын 33 жастаы йелге сыныстар тадаыз
    Дата21.06.2021
    Размер84.77 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлашыгару 2.docx
    ТипДокументы
    #219565
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз:

    1. Кеуде тұсы ауырсынуы кезінде қабылдауды тоқтату

    2. Дозасын азайту

    3. Қабылдау арасына үзіліс салу

    4. Басқа контрацепция түрін қолдану

    5. Дозасын көбейту

    ANSWER: A
    Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:

    1. Плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы

    2. Фетоплацентарлы жеткіліксіздік

    3. Жүктілер анемиясы

    4. Жүктілік кезінде темекі шегу

    5. Жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы

    ANSWER: A
    Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм сын бағ, Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр мен қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?

    1. Түтіктің жыртылу типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік

    2. Аналық без киста аяқшасының бұралып қалуы

    3. Аналық бездің апоплексиясы

    4. Көк бауырдың жарылуы

    5. Жатыр мойнағындағы түсік типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік

    ANSWER: A
    Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:

    1. 12,5-13 см

    2. 11 см

    3. 13,5 см

    4. 20-21 см

    5. 25-26 см

    ANSWER: A
    Көп ұрықты жүктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз:

    1. жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес

    2. жүктілердің айқын жүрек айнуы және құсуы

    3. жатыр көлемі кіші және жүктілік мерзіміне сай емес

    4. жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай

    5. ерте токсикоз белгілері жоқ

    ANSWER: A

    Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің клиникалық көрінісін атаңыз?

    1. етеккірдің кідіруі, жүктіліктің күмәнсіз белгілері, толғақ тәрізді іштің төменгі жағы ауырсынуы

    2. дене қызуының жоғарлауы, жыныс жолдарынан қан кету

    3. етеккірдің кідіруі және жүктіліктің анық белгілері

    4. жүктіліктің күмәнді белгілері, көп қанды бөліністер мен ішінің ауырсынуы

    5. толғақ тәрізді іштің төменгі жағы ауырсынуы, салмағының қосылуы

    ANSWER: A
    Жедел жәрдем фельдшерін жүкті әйелге шақырды. Жүктілік 40 апта. Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді 5-6 минут сайын 20 секундқа созылатын ауырсынуларға шағымданады. Диагноз қойыңыз және өз іс-әрекетіңізді дәлелдеңіз?

    1. жүктілік 40 апта. Босанудың І кезеңі. Стационарға жатқызу

    2. жүктілік 40 апта. Преламернарлы кезең

    3. жүктілік 40 апта. Босанудың ІІ кезеңі. Стационарға жатқызу

    4. жүктілік 40 апта. Айтолғақ

    5. жүктілік 40 апта.Босанудың ІІІ кезеңі. Стационарға жатқызу

    ANSWER: A
    Сыртқы акушерлік зерттеулердің (Леопольд-Лвицкий) үшінші тәсілімен анықтайды

    1. ұрықтың келу бөлігін

    2. кіші жамбас қуысы кіреберісіне ұрықтың келу бөлігінің қатынасын

    3. позициясын, ұрық түрін

    4. жатыр түбіндегі ұрықтың ірі бөлігін

    5. жатыр түбінің биіктігін

    ANSWER: A
    Босану үйіне 22 жастағы Ф. түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150см, салмағы 58 кг. Жамбас өлшемдері 22-24-26-16,5 см, іш айналымы – 103 см, жатыр түбінің биіктігі - 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша, басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин, басының тік өлшемі – 12 см. Қынаптық зерттеуде жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагноз:

    1. жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 2 дәрежесі, ірі нәресте

    2. жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 1 дәрежесі

    3. жүктілік 38-39 апта, жай жалпақ жамбас

    4. жүктілік 38-39 апта, жалпы бірқалыпты тарылған жамбас 1 дәрежесі, көп сулы жүктілік

    5. жүктілік 38-39 апта, ірі нәресте

    ANSWER: A
    Плацентаның төмен орналысуындағы негізгі шағым:

    1. Жыныс мүшелерінен сыртқа қан кету

    2. Іштің толғақ тәрізді ауырсынуы

    3. Желке тұсының ауырсынуы

    4. Оң жақ мықын тұсының ауырсынуы

    5. Қынаптан іріңді бөліндінің бөлінуі

    ANSWER: A
    Науқас Н. 30 жас іштің төменгі жағындағы ауырсынуларға және жыныс жолдарынан жағушы қанды бөлінділерге шағымдарымен стационарға түсті. Анамнезде соңғы етеккір 2 ай бұрын болды; 2 өздігінен болған түсік. Қынаптық зерттеу барысында жатыр мойны цианозды, "қарашық" симптомы теріс, сыртқы саңылау саусақ ұшын өткізеді. Жатыр жұмсақ конситенциялы. 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған қосалқылар анықталмайды күмбездер терең. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

    1. түсік түсуінің қауіпі

    2. толық емес түсік

    3. жатырдан тыс жүктілік

    4. аналық бездер дисфункциясы

    5. өздігінен жасаған аборт

    ANSWER: A
    Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз:

    1. Реанимациялық шаралар үшін нәрестені неонатологқа беру

    2. Нәрестені құрғату және анасының кеудесіне жатқызу

    3. Құрғату, жылыту және динамикада бақылау

    4. Өздігінен адреналин ерітіндісін енгізу

    5. Тыныс жолдарын босату үшін арқасын тітіркендіру

    ANSWER: A
    Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚҚ 170/100 мм.с.б, ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз:

    1. преэкламсия ауыр түрі

    2. ауыр дәрежедегі созылмалы артериалық гипертензия

    3. жеңіл дәрежедегі преэкламсия

    4. ауыр дәрежедегі гестациондық артериалық гипертензи

    5. гломерулонефриттің гипертониялық формасы

    ANSWER: A

    Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз?

    1. Фертилді жастағы 1000 әйелде түсік саны

    2. Фертилді жастағы 1000 әйелде өлім саны

    3. Фертилді жастағы 1000 әйелде босану саны

    4. Фертилді жастағы 1000 әйелде қабыну ауруларының саны

    5. Фертилді жастағы 1000 әйелде ісік аурулар саны

    ANSWER: A
    Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендегеніне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қан тоқтату мақсатында қандай іс-әрекет жасалады:

    1. жатырдың ампутациясы, экстирпациясы

    2. жатырға сыртқы массаж жасау

    3. бала жолдасын қолмен ажыратып шығару

    4. көктамырға метилэргометрин салу

    5. қайталап жатыр қуысын қолмен тексеру

    ANSWER: A
    Науқас С. 22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнезінде: соңғы етеккірі 10мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз?

    1. жүктілік 8 апта, босану мерзімі 18 ақпан

    2. жүктілік 4 апта, босану мерзімі 7 ақпан

    3. жүктілік 16 апта, босану мерзімі 17 ақпан

    4. жүктілік 14 апта, босану мерзімі 7 ақпан

    5. жүктілік 12 апта, босану мерзімі 27 ақпан

    ANSWER: A
    Алғаш босанушы, 28 жаста, босанудың ІІ кезеңі, күшену барысында аралық күмбез тәрізді томпаюда:

    1. аралықтың жыртылу қауіпі

    2. аралықтың қалыпты жағдайы

    3. ІІ кезеңді дұрыс жүргізбеу

    4. қарқынды босану белгісі

    5. аралықтың басталып жатқан жыртылуы

    ANSWER: A
    Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз

    1. Жалған толғақ

    2. қағанақ суының ағуы

    3. жиі тұрақты толғақ

    4. ішінің жергілікті ауырсынуы

    5. эпигастрийде ауырсыну

    ANSWER: A
    Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:

    1. бартолин безінің абцессі

    2. жедел вульвит

    3. бартолин безінің кистасы

    4. жедел лимфоаденит

    5. қысылған шап жарығы

    ANSWER: A
    Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы негізінде жатыр:

    1. ретроплацентарлы гематома

    2. қағанақ суының ерте төгілуі

    3. артериялық қысымның жоғарлауы

    4. құрсақ бұлшықетінің әлсіздігі

    5. артериялық қысымның төмендеуі

    ANSWER: A
    Ерте босанудан кейінгі кезеңде босанушыда гипотоникалық қан кету басталды. Сіздің әрекетіңіз:

    1. қуық катетеризациясы, жатырдың сыртқы массажы, іштің төменгі бөлігіне суық қою, т\і окситоцин

    2. қуық катетризациясы, атропин сульфатын т\і енгізу

    3. іштің төменгі бөлігіне салқын қою, магний сульфатын т\і енгізу

    4. қуық катетеризациясы, қолмен тексеру, жатырдың сыртқы массажы

    5. жатыр қуысын қолмен тексеру, іштің төменгі бөлігіне суық қою

    ANSWER: A
    Әйел бұрын екіншілік мерезбен ауырған. Тіркеуден алынғаннан 1 жылдан кейін жүкті болды. Туа пайда болған мерездің алдын алу үшін жүкті әйелге не жүргізу қажет?

    1. ем қажет емес, себебі тіркеуден шыққан

    2. антибиотикпен емделу

    3. физиологиялық ерітінді

    4. ем қажет, себебі балаға әсер етеді

    5. жасанды түсік жасау

    ANSWER: A
    34 апталық жүкті әйелде іш айналымы қалыптан жоғары, ұрықтың бөліктерін пальпациялау қиын, "ісіну" оң симптомы анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

    1. көп сулы жүктілік

    2. физиологиялық жүктілік

    3. ірі ұрық

    4. гидроцефалия

    5. көп ұрықтылық

    ANSWER: A
    Ұрықтың көлденең орналасуында болатын асқынулар:

    1. ұрық маңы суының ерте ағуы

    2. ерте токсикоз

    3. қағанақ суының аздығы

    4. ұрық гипотрофиясы

    5. қағанақ суының көптігі

    ANSWER: A

    Диагональды коньюгата бұл қандай құрылымдар арасындағы арақашықтық?

    1. симфиздің төменгі жиегі мен құйымшақтың шығыңқы мүйіс нүктесі арасында

    2. мықын сүйектің айдарларының арасы

    3. қасаға буынының жоғары жиегі мен мүйісінің ортасы

    4. симфиз бен мүйістің ішке шығыңқы нүктелері арасында

    5. шонданай сүйегі қырлары арасы

    ANSWER: A

    Ұсынылған жағдайлардың қайсысы "әдеттегі түсік" деп ойлауға болады?

    1. анамнезде екі немесе оданда көп түсік кезінде

    2. жиі жасалатын медициналық түсік тастауда

    3. анамнезде бір түсік кезінде

    4. әйелдер желісіндегі келесі ұрпақтың тарихындағы түсік болған кезде

    5. жақын арадағы медициналық түсік тастауда

    ANSWER: A
    ҚР қазіргі заманғы акушерия стартегиясы көрсетілді

    1. қауіпсіз жүктілікпен

    2. трансплантологияның дамуымен

    3. кардио орталықтардың ашылуымен

    4. диабетке шалдыққандардың мектебінің ашылуымен

    5. ЭКО дамуымен

    ANSWER: A
    Егер соңғы етеккірдің бірінші күні - 10 қаңтар болса, онда босанудың болжамалы мерзімін анықтаңыз

    1. 17 қазан

    2. 6 қыркүйек

    3. 3 қазан

    4. 21 желтоқсан

    5. 11 қараша

    ANSWER: A
    Алғашқы жүктіліктің қандай мезгілінде ұрықтың алғашқы қозғалуын сезеді

    1. 20 апта

    2. 24 апта

    3. 18 апта

    4. 32 апта

    5. 16 апта

    ANSWER: A
    Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында мазасыз, кантракциялық, сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыры құм сағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндануға болады?

    1. жатыр ажырауының қаупі

    2. жатыр мойнының ажырауы

    3. шамадан тыс қатты толғақтық әрекеттер

    4. аралықтың ажырауы

    5. жатыр ажырауы

    ANSWER: A
    28 жастағы алғаш босанушы, босанудың ІІ кезеңі күшену кезінде шат ааралық күмбез тәрізді томпаяды:

    1. шат аралықтың қауіп төндіруші жыртылуы

    2. ІІ кезеңі дұрыс емес жүргізу

    3. шат аралықтың басталған жыртылуы

    4. шат аралықтың қалыпты жағдайы

    5. екпінді босану белгілері

    ANSWER: A
    Жамбастың сыртқы өлшемін анықтау үшін акушер әйел адамнан бір қырына жатуын өтінді. Үстінгі аяғын созып, ал астыңғы аяғын тізе буынынан бүгіп жатуын өтінді. Акушер жамбастың қандай өлшемін анықтайды?

    1. conjugate extema

    2. distancia cristarum

    3. conjigata vera

    4. distancia spinarum

    5. conjugata lateralis

    ANSWER: A
    26 апта аяғы ауыр әйел амниотикалық сұйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет:

    1. перзентханаға жіберу

    2. гинекологиялық бөлімшеге жіберу

    3. хирургиялық бөлімшеге жіберу

    4. уақытша үйде бақылау

    5. терапиялық бөлімшеге жіберу

    ANSWER: A
    45 жасар әйел. Гинекологтың қабылдауында "Жатыр мойнының рагы" болжамалы диагнозы қойылды. Диагнозды дәлелдеу үшін қажет зерттеу әдісін көрсетіңіз

    1. жатыр мойнынан биопсия алу

    2. артқы күмбезді пункциялау

    3. бактериологиялық зерттеу

    4. кольпоскопия

    5. жатыр мойны өзегін қыру

    ANSWER: A
    39-40 аптада босанудың 1 кезеңінде болашақ ана перзентхана түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Құрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудің алдын-алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?

    1. 2,0 окситоцин, б\е

    2. 2,0 анальгин т\і

    3. 1,0 дицинон, б\е

    4. 2,0 папаверин,б\е

    5. 1,0 метилэргометрин, б\е

    ANSWER: A

    Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында" 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде?

    1. жақсы күшпен 5 толғақ

    2. орта күшпен 5 толғақ

    3. ретсіз толғақ

    4. жақсы күшпен 2 толғақ

    5. аз күшпен 5 толғақ

    ANSWER: A
    Аналар өлімін есептеу үшін қажет көрсеткіштер:

    1. өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны,тірі туғандар саны

    2. жалпы есепте тұрған жүктілердің саны, өлген жүктілердің саны

    3. өлген жүкті, босанатын, босанған ( жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, жалпы туғандар саны

    4. өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 7 тәулік)әйелдер саны, барлық босанғандар саны

    5. өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 30 тәулік) әйелдер саны

    ANSWER: A

    Босанудың болжам мерзімін анықтауда қажет болады?

    1. соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегініп және 7 күн қосу

    2. ұрықтың бірінші қимылына 15 апта қосу

    3. соңғы етеккірдің соңғы күнінен 3 ай артқа шегініп және 7 күн қосу

    4. соңғы етеккірдің бірінші күніне 3 ай және 7 күн қосу

    5. соңғы етеккірдің бірінші күнінен 2ай артқа шегініп және 21 күн қосу

    ANSWER: A
    Әйелдер консультациясына жасанды түсік жасату мақсатымен жүкті әйел келді. Жасанды түсік жасалатын жүктілік мерзімін көрсетіңіз

    1. 12 аптаға дейін

    2. 16 аптаға дейін

    3. 24 аптаға дейін

    4. 18 аптаға дейін

    5. 20 аптаға дейін

    ANSWER: A
    ЭКО-ның жанұяны жоспарлаудағы тиімді көрсеткіш

    1. босанған әйелдердің саны

    2. түсік саны\1000 фертильды жастағы әйелдер санына қатынасы

    3. гинекологиялық

    4. асқынулардың саны

    5. есепте тұрғандардың

    ANSWER: A
    35 жастағы бірінші босанушы әйелге акушерді шақыртты. Жүктілік 35 апта. Күні бойы бас ауруы мазалады, соңғы сағаттарда күшейді, лоқсу пайда болды. Объективті қарау барысында беттің, қолдың, аяқтың ісінуі анықталды. ҚҚ 170\110мм. Ұрықтың жүрек соғысы минутына 140. Магнезиальды терапия қолданып акушер ауыр преэклампсия диагнозын қойып шұғыл көмек көрсете бастады. Сульфат магнезиясының старттық дозасын көрсетіңіз

    1. 10-15 минут бойы 20 мл 25% Mg SO4 баяу енгізу

    2. 10-15 минут бойы 20 мл 15% Mg SO4баяу енгізу

    3. 10-15 минут бойы 5 мл 25% Mg SO4баяу енгізу

    4. 10-15 минут бойы 10 мл 25% Mg SO4баяу енгізу

    5. 10-15 минут бойы 20 мл 20% Mg SO4баяу енгізу

    ANSWER: A
    Физиологиялық жүктілікті бақылау барысында әр қабылдау кезінде жүргізілетін зерттеуді белгілеңіз

    1. несептің жалпы анализі

    2. антиденелер титрін анықтау

    3. қанды RW алу

    4. несеп құрамындағы ақуызды анықтау

    5. қанның жалпы анализі

    ANSWER: A
    6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық, ұрық бойымен орналасқан, басымен шығуда, жүрек соққысы анық, ырғақты. PV құрсақ мойыны тегіс, жатыр безінің ашылуы 10 см. Ұрық қабы тұтас. Босанудың қандай кезеңі?

    1. босанудың ІІ кезеңі

    2. латентті фаза, босанудың І кезеңі

    3. босанудың ІІІ кезеңі

    4. белсенді фаза, босанудың І кезеңі

    5. дайындалу кезеңі

    ANSWER: A
    22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің, әсіресе оң жағы ауырсуына, сондай-ақ тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ 3 аптаға етеккірі кешігіп жатыр. Болжам диагноз

    1. жатырдан тыс жүктілік

    2. жедел аппендицит

    3. эндометрит

    4. басталған түсік

    5. эндометриоз

    ANSWER: A
    Қабылдау кезінде науқас қынаптағы қышуға, жағымсыз иісі бар көпіршікті бөлінділерге шағымданады. Бұндай өзгерістер тән

    1. трихоманадалық кольпитке

    2. вирусты кольпитке

    3. гонореялық кольпитке

    4. микоплазмалық кольпитке

    5. хламидиялық кольпитке

    ANSWER: A
    Науқас Н. 30 жас іштің төменгі жағындағы ауырсынуларға және жыныс жолдарынан жағушы қанды бөлінділерге шағымдарымен стационарға түсті. Анамнезде соңғы етеккір 2 ай бұрын болды; 2 өздігінен болған түсік. Қынаптық зерттеу барысында жатыр мойны цианозды, "қарашық" симптомы теріс, сыртқы саңылау саусақ ұшын өткізеді. Жатыр жұмсақ конситенциялы. 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған қосалқылар анықталмайды күмбездер терең. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

    1. қатерлі түсік қауіпі

    2. толық емес түсік

    3. жатырдан тыс жүктілік

    4. қатерлі түсік

    5. өздігінен жасаған аборт

    ANSWER: A
    Шат аралықтың 2 дәрежелі жыртылуы немен сипатталады:

    1. шат аралықтың бұлшықеттері мен терісінің жыртылуы

    2. терінің және артқы күмбездің жыртылуы

    3. қынап қабырғаларының жыртылуы

    4. жамбас түбі бұлшықеттерінің жыртылуы

    5. тік ішек қабырғаларының жыртылуы

    ANSWER: A
      1   2   3   4


    написать администратору сайта