Главная страница
Навигация по странице:

  • ДЖҚ себебінен 36 жасар әйелге жатыр қуысына қыру жүргізілді. Осы жағдайда эндометрийде қандай өзгеріс болуы мүмкін емес

  • Сіздің ықтимал диагнозыңыз

  • Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз

  • Сіздің ең ықтимал еміңіз қандай

  • Гинекология. ГИН. Гинекологиялы аурулар


    Скачать 47.47 Kb.
    НазваниеГинекологиялы аурулар
    АнкорГинекология
    Дата24.06.2021
    Размер47.47 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаГИН.docx
    ТипДокументы
    #221300

    ГИНЕКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАР



    60 жастағы әйелде етеккір тоғанына 7 жыл болғанда жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. Айнамен қарағанда: қынап пен жатыр мойны шырышты қабаты таза, цервикалды өзектен- аз мөлшерде қанды бөліністер. Вагиналды зерттеу:жатыр мойны мен денесі қалыпты пішінді, консистенциялы, үлкеймеген. Қосалқылар аймағы бос. Кіші жамбаста инфильтраттар жоқ.. Ең ықтимал іс- әрекет:

    А) гормонотерапия;

    B) цервикалды өзек пен жатыр қуысы шырышын бөлек диагностикалық қыру ;

    C) гемостатикалық ем;

    D) қабынуға қарсы ем;

    E) бақылау;

    {Дұрыс жауабы}= B



    Жатыр мойнын тексергенде цервикалды өзектің сыртқы тесігінде гиперемия, ісінген, гиперемияланған шырыты қабаттының томпайып ілгері шыққаны. Осы көрініс қандай патологияға ең ықтимал:

    А) жатыр мойнының нағыз эрозиясы

    B) эндоцервицит

    C) эритроплакия

    D) псевдоэрозия

    E) жатыр мойнының қатерлі ісігі

    {Дұрыс жауабы}= B



    Науқасты зерттегенде келесі өзгерістер байқалды: қынаптық бөлінділерінің рН 4,5-тан жоғары, қынаптың шырышты қабатының гиперемиясы, аминдық тестінің оңы, қынап бөлінділерін зерттегенде "кілттік жасушалар" табылды. Ең ықтимал диагноз:

    А) бактериалды вагиноз

    B) спецификалық емес вагинит

    C) кандидозды вагинит

    D) трихомонадты кольпит

    E) қынаптың ішіне түскен бөтен дене себеп болған вагинит

    {Дұрыс жауабы}= A



    33 жастағы әйел жыныс жолдарынан қанқетіп тусті. Жыныстық қатынаста жоқ. Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз және іс-әрекетіңіз:

    А) диагностикалық қыру

    В) симптоматикалық емдеу

    C) бақылау

    D) аспирациялық биопсия

    E) гормоналдық гемостаз

    {Дұрыс жауабы}= A



    34жастағы әйел, етеккір циклы ретті, овуляторлы. Етеккірі ұзақ және көп мөлшерде.

    Етеккір бұзылысының ең ықтимал типі:

    А) метроррагия

    B) меноррагия

    C) қалыпты цикл

    D) менорметроррагия

    E) полименорея

    {Дұрыс жауабы}= B



    32 жастағы әйел, дисфункционалды жатырдан қан кету себебімен жатыр қуысын қырып эндометрий қырындысын гистологиялық зерттегенде – безді-кистозды гиперплазия. Дәрігердің ықтимал іс- әрекеті:

    А) гормоналды терапия тағайындау

    B) оперативті емдеуге жіберу

    C) бақылау

    D) иммунокорекциялық терапия жүргізу

    E) сан-курорттық емдеу жүргізу

    {Дұрыс жауабы}= A



    Екі айға етеккірі кешіккен әйелде қынаптық тексергенде анықталды: сыртқы ернеу сәл ашық, цервикал өзегінен ашық қызыл қанды бөлінділер байқалады. Жатыр 6 апталық жүктілікке дейін үлкейген, қосалқылар пальпацияланбайды. Күмбездері терең.

    Ең ықтимал диагноз:

    А) үзілген түтіктік жүктілік

    B) қауіпті ерте түсік

    C) бұзылған түтіктің жүктілік

    D) дисфункционалды жатырдан қан кету

    E) басталған ерте түсік

    {Дұрыс жауабы}= E



    25 жастағы әйел ішінің төменгі бөлігіндегі қатты ауыру сезімімен және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуымен шағымданып түсті. Соңғы етеккірі екі ай бұрын болған. Қарап тексергенде тері жамылғылары бозарған, АҚҚ 80/40 мм.с.б., пульс 110 рет минутына, әлсіз толымдылықта. PV: жатыр кішкене ұлғайған, жұмсарған, “жүзіп жүр”, оң жақ қосалқы аймағында ісік тәрізді түзіліс анықталады, артық күмбез – шығып тұр, палпацияда қатты ауыру сезімді.

    Ең ықтимал диагноз:

    А) жолдағы түсік

    B) үзілген түтіктік жүктілік

    C) аналық безі апоплексиясы

    D) басталған өздігінен түсік

    E) үзілген аналық бездік жүктілік

    {Дұрыс жауабы}= B



    Әйел 23 жаста, ауруханаға ішінің төменгі бөлігіндегі ауыру сезімі мен етеккір циклынің 14ші күнінде жыныс жолдарынан пайда болған аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып түсті. Қарап тексергенде: пульс 92 рет минутына, жақсы толымдылықта. АҚҚ 100/60 мм.с.б., алдыңғы құрсақ қабырғасы қатайған, іш перденің тітіркену симптомы әлсіз айқын. PV; жатыр ұлғаймаған, ауыру сезімі, тығыз эластикалық консистенциялы, сол жақтан шар тәрізді, өлшемі 4,2x3,6 см, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауыру сезімді түзіліс анықталады. Күмбездері ретең әрі бос.

    Ең ықтимал диагноз;

    А) басталған ерте түсік

    B) аналық безі кистасының аяқшасының бұралуы

    C) үзілген түтіктік жүктілік

    D) аналық безі апоплексиясы

    E) үзілген аналық бездік жүктілік

    {Дұрыс жауабы}= D



    Әйел іштің төменінің толғақ тәрізді ауруы тік ішекке берілетін, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер шағымдарымен түсті. Мини-аборттан екі күн өткеннен кейін ауырды. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пульс минутына 78 рет. ҚҚ 115/70 мм. с.б. Айнамен қарғанда : қынап шырышты қабаты және жатыр мойны цианозды, бөлінділер қанды, аз мөлшерде. PV: жатыр нормадан сәл үлкен, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақ қосалқыларында түзіліс пальпацияланады, контурлары анықталмайтын, ауру сезімді, жұмсақ. Артқы күмбез тайыздалған, ауру сезімді.Ең ықтимал диагноз:

    А) жедел метроэндометрит

    B) жедел оң жақты сальпингоофорит

    C) үзілген түтіктік жүктілік

    D) ұрық жұмыртқасының қалдығы

    E) үдемелі түтіктік жүктілік

    {Дұрыс жауабы}= C



    23 жастағы әйелде үдемелі түтікті жүктілік анықталды. Дәрігердің мүмкін іс- әрекеті:

    А) әйелдер кеңесінде бақылау

    B) гинекологиялық бөлімшесінде бақылау

    C) лапаротомия, тубэктомия

    D) лапароскопия, түтіктік кесар тілігі

    E) лапаротомия, аднексэтомия

    {Дұрыс жауабы}= D



    Гинекологиялық бөлімшеге ішкі қан кету белгілерімен әйел келіп түсті. Зерттегенде ҚҚ 80/50 мм.с. б. Пульс минутына 110 рет, ырғақты. Hb – 60 г/л. Сіздің ықтимал іс- әрекетінің:

    А) бақылау

    B) артқы күмбезге пункция жасау

    C) жедел лапаротомия

    D) жедел лапароскопия

    E) гемотрансфузия

    {Дұрыс жауабы}= C



    Әйелде етеккір циклының 18- күні ішітің төменінде ауру, аз мөлшерде қанды бөлінді байқалды. Қынапты тексергенде жатыр қалыпты консистенциялы және көлемді. Сол жақтан шар тәрізді, өлшемі 4,3х3,5 см, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауыру сезімді түзіліс анықталады. Күмбездері терең және бос. Гемодинамикасы тұрақты.

    Ең ықтимал диагноз және тактика:

    А) гормоналды гемостаз

    B) қабынуға қарсы ем

    C) консервативті емдеу

    D) лапаротомия

    E) лапароскопия

    {Дұрыс жауабы}= C



    30 жастағы әйелдің диагнозы: жатыр мойнының қатерлі ісігінің алды, жатыр мойнынан алған биоптаттың гистологиялық зерттеу қорытындысы – ауыр дәрежедегі дисплазия. Ең ықтимал ем:

    А) қосалқысыз жатыр экстирпациясы

    B) жатыр мойнына диатермокоагуляция жүргізу

    C) химиотерапия

    D) жатыр мойнының жараланған аймағын солковагинмен өңдеу

    E) жатыр мойнына электроэксцизия жүргізу

    {Дұрыс жауабы}= E



    Әйел 22 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, дене қызуының 38°көтерілуіне шағымданып түсті. Осы симптомдар жүктілігінің 12-13аптасында жатыр қуысына катетер енгізгеннен кейін 2-і тәулікте пайда болды.Айнада және PV: жатыр мойны таза, қанды бөліністер орташа, цервикалды өзек 2 саусақты өткізеді. Жатыр 10-11 апталық жүктілікке сай, жұмсақ, сезімтал, қосалқылары екі жағынан анықталмайды.

    Ең ықтимал диагноз таңдаңыз:

    А) басталған асқынбаған инфицирленген аборт

    B) басталған асқынған инфицирленген аборт

    C) толық емес асқынбаған инфицирленген аборт

    D) толық емес асқынған аборт

    E) асқынбаған инфицирленген жүріп жатқан аборт

    {Дұрыс жауабы}= C




    Әйел 22 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністер, ішінің төменгі бөлігінің ауру сезіміне, дене қызуының 38°көтерілуіне шағымданып түсті. Осы симптомдар жүктілігінің 12-13аптасында жатыр қуысына катетер енгізгеннен кейін 2-і тәулікте пайда болды.Айнада және PV: жатыр мойны таза, қанды бөліністер орташа, цервикалды өзек 2 саусақты өткізеді. Жатыр 10-11 апталық жүктілікке сай, жұмсақ, сезімтал, қосалқылары екі жағынан анықталмайды.

    Ең ықтимал тактика;

    А) 5-7күн ішінде кешенді қабынуға қарсы терапия

    B) 2-6 сағат ішінде кешенді қабынуға қарсы ем, кейін жатыр ампутациясы

    C) 2-6 сағат ішінде кешенді қабынуға қарсы ем, кейін жатыр қуысын босату

    D) 2-6 сағат ішінде кешенді қабынуға қарсы ем, кейін жатыр экстирпациясы

    E) алдын ала операцияға дайындықсыз жатыр қуысын босату

    {Дұрыс жауабы}= C



    Бактериоскопиялық зертеу нінитежелерінде сіз, көру аймағын толық жабатын және флораның жоқтығын анықтадыңыз. Бұл жағдайда ықтимал:

    А) қабыну провакациясын тағайындап, қайта жағындыны бактериоскопиялық зерттеуге алу

    B) қабынуға қарсы терапиясын тағайындау

    C) антибактериалды терапияны тағайындау

    D) жағындыны қайта алу

    E) жағындыны бактериологиялық зерттеуге алу

    {Дұрыс жауабы}= A




    20 жастағы науқас жедел ауырды. Дене қызуы 38,40С дейін көтерілді. Ауруының басы етек кірдің басталуымен сәйкес келді. Ішінің төменгі бөлігіндегі ауру сезімдері мазалайды. Арнайы тексеру кезінде екі жақтық жатыр қосалқыларының қатты ауру сезімі көңіл аудартады, жатыр өлшемдері қалыпты, инфильтраттар жоқ. Науқаста не болуы мүмкін:

    А) жатыр қосалқыларының жедел спецификалық емес қабынуы

    B) жедел аппендицит

    C) аналық безінің жыртылуы

    D) себепшісі гонорея болған жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

    E) себепшісі туберкулез таяқшасы болған жатыр қосалқыларының жедел қабынуы

    {Дұрыс жауабы}= D



    Әйелдер кеңесіне 28 жасар әйел, келесі етеккірінен бір апта бұрын оң жақтан сүт бездерінің ісінуі мен ауыру сезіміне шағымданып келді. Анамнезінен: жасөспірім жасынан бастап етеккір алды синдром байқалады. Пальпцияда сүт бездері сезімтал.

    Бірінші кезекте төменде көрсетілгендердің ең ықтимал қайсысын жасау керек:

    A)оперативті емге жіберу

    B) 6 ай бойы бақылау

    C)маммографияға жіберу

    D)қабынуға қарсы ем тағайындау

    E) гормоналды ем тағайындау

    {Дұрыс жауабы}= C



    Науқасқа рентгеноконтрасттық зерттеу жүргізгенде науқаста жатыр түтіктерінің өтімшілігі күмәндә, перитубарлық жабысу байқалады. Диагнозды анықтау үшін ең ықтимал зерттеу әдісі:

    А) гистероскопия

    B) гидросонография

    C) допплерография

    D) лапароскопия

    E) фаллопиоскопия

    {Дұрыс жауабы}= D




    ДЖҚ себебінен 36 жасар әйелге жатыр қуысына қыру жүргізілді. Осы жағдайда эндометрийде қандай өзгеріс болуы мүмкін емес?

    А) без-кистозды гиперплазия

    B) полипоз

    C) атипиялық гиперплазия

    D) эндометрий атрофиясы

    E) жәй гиперплазия

    {Дұрыс жауабы}= D



    ДЖҚ себебімен жатыр қуысын қырғаннан кейін гинекологиялық стационардан шыққан 37 жастағы науқас әйелдер кеңесіне келді. ДЖҚ рецидивін алдын алу үшін қандай препараттар беру қажет:

    А) гонадотропин антогонисттері

    B) ҚАКтар

    C) андрогендер

    D) утеротониктер

    E) эстогендер

    {Дұрыс жауабы}= B



    Науқас әйелге овуляцияны кломифенмен ынталандырылған. Емдеуден 6 күн өткен соң науқас ішінің төменінде жедел ауру сезім, жүрек айыну пайда болып, бір рет құсты. Объективті: тері жабындысы боз. ҚҚ 80\60 мм с. б., пульсі минутына 94 рет. Іші қатты, Щеткин Блюмберг симптомы сол мықын маңында оң. Айнамен зерттеу: патологиялық өзгеріс байқалмайды. Вагиналды зерттеу: іш қабырғасы қаттылығынан ішкі жыныс мүшелерін пальпациялау мүмкін емес.Ең ықтимал ем?

    А) бақылау, симптоматикалық ем

    B) лапаротомия, операция көлемі құрсақ қуысын кескеннен кейін анықталады

    C) лапароскопия, аналық безінің қанап тұрған тамырларын электрокоагуляцияу

    D) лапаротомия, аналық безін алып тастау

    E) лапаротомия, жатыр түтігін алып тастау

    {Дұрыс жауабы}= B



    Науқас У., 18 жаста. Негізгі симптомдары: тік ішекке таралған іштің төменінің жедел ауру сезімі, жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділер. Ауру менструалды циклың 18 күні, жыныстық қатынастан кейін пайда болды. ҚҚ 100/70 мм рт ст. Пульс 80 минутына. Дене қызуы 36,9ºС . Пальпация жүргізгенде іші жұмсақ, төменінің оң жақ мықын маңайында ауру сезімі бар. Іш перденің тітіркену симптомы теріс. Айнамен зерттегенде– цервикалды каналдан аз мөлшерлі қанды бөлініс байқалады. Қынаптық зерттеу – сыртқы ернеу жабық. Жатыр қалыпты, anteversio, аnteflexio, қозғалмалы, ауру сезімсіз, консистенциясы негізгі. Сол жақ қосалқысы пальпацияланбайды. Оң жақ қосалқы маңайында ауру сезімді шеті дұрыс анықталмайтын түзілім пальпацияланады. Артқы күмбез сезімтал. Сіздің диагнозыңыз?

    А) аналық без апоплексиясы

    B) жатырдан тыс жүктілік

    C) жедел аппендицит

    D) онекі елді ішек жарасының перфорациясы

    E) ДЖҚ

    {Дұрыс жауабы}= A



    25 жастағы науқас келесі шағымдарымен түсті: іштің оң жағындағы мезгіл-мезгіл күшейетін сыздаған ауру сезім; етеккірінің 8 күнге кідіруі.

    Жалпы жағдайы қанағаттарлық. ҚҚ, пульс – қалыпты. Айнамен зерттеу: жатыр мойны цианозды. Қынаптық зерттеу – жатыр мойны әдеттегі. Жатыр денесі қалыпынан сәл үлкен, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылар ұлғаймаған. Күмбездері бос. Жүктілікке тест оң. УДЗ – жатырдан тыс жүктілікке күдік. Дүрыс диагноз:

    А)өсіп жатқан жатырдан тыс жүктілік

    B) үзілген түтіктік жүктілігі

    C) жедел аппендицит

    D) аналық бездің жүктілігі

    E) жатырлық жүктіліктің үзілу қаупі

    {Дұрыс жауабы}= A



    22 жастағы науқас Н., жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Шағымдары - жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, дене қызуы 400С, іштің төменінде толғақ тәрізді ауру сезім. Жүктілікті үзу ұшін жатыр қуысына темір біз салғаннан кейін 14-15 апталық түсік түсті.

    Жалпы жағдайы орташа. Пульс минутына 100 рет. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауыртпалы. Іш перде тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеу: Жатыр мойын формасы цилиндрлік. Сыртқы ернегі 1 к/с өткізеді. Жатыр anteversio, anteflexio-да, жұмсақ, біртекті, үлкендігі 8-9 апталық жүктілікке тән, пальпациялағанда сезімтал. Қосалқылары қалыпты. Күмбезедері терең. ЖҚА - орташа анемия, солға жылжыған лейкоцитоз, ЭТЖ тездетілген. Ықтимал диагноз?

    А) Асқынбаған инфицирленген аборт

    B) Асқынған инфицирленген аборт

    C) Сепсис

    D) Септикалық шок

    E) Перитонит

    {Дұрыс жауабы}= A




    22 жастағы науқас Н., жедел жәрдем машинасымен жеткізілді. Шағымдары - жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, дене қызуы 400С, іштің төменінде толғақ тәрізді ауру сезім. Жүктілікті үзу ұшін жатыр қуысына темір біз салғаннан кейін 14-15 апталық түсік түсті.

    Жалпы жағдайы орташа. Пульс минутына 100 рет. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі таза. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауыртпалы. Іш перде тітіркену симптомы теріс. Қынаптық зерттеу: Жатыр мойын формасы цилиндрлік. Сыртқы ернегі 1 к/с өткізеді. Жатыр anteversio, anteflexio-да, жұмсақ, біртекті, үлкендігі 8-9 апталық жүктілікке тән, пальпациялағанда сезімтал. Қосалқылары қалыпты. Күмбезедері терең. Емдеу тактикасы.

    А)қабынуға қарсы ем, 2-6 сағаттан кейін – жатырды қуысын босату

    B) қабынуға қарсы ем,12 сағаттан кейін – жатырды босату

    C) АБ терапия, инфузионды ем, 24 сағаттан кейін – жатырды күтімді босату

    D) қабынуға қарсы ем – қосалқысыз гистерэктомия

    E) қабынуға қарсы ем, қосалқылармен гистероскопия

    {Дұрыс жауабы}= A




    11-14 күн бұрын жүктілікті үзу үшін криминалды қол сұққаннан кейін пайда болған симптомдар жинағы - іштің төменінің ауруы, әлсіздік, дене қызуы 390С дейін көтерілу, ентігу, жыныс жолдарынан қанды бөлінділер, олигоурия, жөтел – қандай диагнозға тән:

    А) асқынбаған инфицирленген абортқа

    B) асқынған инфицирленген абортқа

    C) сепсистік жағдай

    D) септикалық шокқа

    E) перитонитке

    {Дұрыс жауабы}= C



    23 жастағы науқас Р. Шағымдары: іштің төменінің оң жағындағы созылған ауру сезім, жалпы әлсіздік, 380 дейін дене қызуының көтерілу, қалтырау. Етеккірі тоқтағаннан кейін ауырды, 3 күн болды. Іші жұмсақ, пальпациялағанда төмені орташа аурады, әсіресе сол жағы. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Айнамен зерттеу: бөлінділер – бели. Қынаптық зерттеу: Жатыр дұрыс орналасқан, мөлшері қалыпты, тығыз, қозғалмалы. Сол жақ қосалқылар ұлғайған, ауыру сезімді, оң жағы пальпацияланбайды. Күмбездері терең, бос. Қандай диагноз ықтимал?
    А) тубоовариалды түзілісі болған созылмалы солжақ сальпингоофориттің асқынуы

    B) солжақты жедел сальпингоофорит

    C) созылмалы солжақ сальпингоофориттің асқынуы

    D) солжақ түтік жүктілік

    E) аналық безінік қатерлі ісігі

    {Дұрыс жауабы}= B



    Иемденген иммунодефицит синдром (ИИДС) диагнозы дәлелденген науқастың белінен жоғары диаметрі 2 см, ауыру сезімсіз, консистенциясы жұмсақ және тығыз-эластикалық лимфобездері байқалған. Лимфобездер бөлектенген, қозғалмалы, ауыру сезімсіз. Без үстіндегі терісі өзгермеген. Осы өзгерістер аурудың қандай стадиясына тән?

    А) бастапқы

    B) вирустасу

    C) жайылған лимфоаденопатия

    D) ИИДС-байланған комплекс

    E) ИИДС

    {Дұрыс жауабы}= C



    26 жастағы науқас гинеколог дәрігерге 3 жылдан бері сүт бездерінің ісініп, ауыру сезімді болып, беті, сирақтары ісіну, іші кебу, ашуланшақ, тершең болу шағымдармен келді. Осы симптомдар менструалды циклдың ІІ фазасынан басталып етеккірі кетгенде тоқталады. Жылдар бойы бұл симптомдар бір қалыпта. Гинекологиялық зерттеу жүргізгенде патология байқалмады. Етеккіріалды синдромның қандай формасы ықтимал:

    А) цефалгикалық

    B) нервті-психикалық

    C) кризді

    D) ісіңкі

    E) атипикалық

    {Дұрыс жауабы}= D



    Науқаста гинекологиялық зерттеу кезінде келесі гинекологиялық өзгерістер анықталды: жыныс саңылауы ащық, алдыңғы және артқы қынап қабырғалары шығып тұр. Ішкі жыныс мүшелерінің түсу дәрижесін анықтаңыз:

    А) I дәриже

    B) II дәриже

    C) III дәриже

    D) IV дәриже

    E) V дәриже

    {Дұрыс жауабы}= C



    60 жастағы көпбосанған әйел, аралық аймағындағы бөгде заттың болу сезіміне, зәр шығаруының және дефекация актінің қиындауына шағымданып келді. Қарап тексергенде жатыр денесі және қынап қабырғалары толығымен айналып шыққан.

    Сіздің диагнозыңыз:

    А) жатыр және қынап жартылай түсуі

    B) қынап және жатырдың төмен түсуінің II дәрижесі

    C) жатыр төмен түсуінінің III дәрижесі

    D) жатыр төмен түсуінің IV дәрижесі, цистоцеле

    E) жатырдың түсуінің V дәрижесі

    {Дұрыс жауабы}= E



    36 жастағы науқас Н. 2 жыл бойы зәрді және газадрды ұстай алмауға шағымданып келді. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс ағзалары дұрыс дамыған, қынаптың алдыңғы және артқы қабырғаларының түсуі байқалады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны ұзарған, таза. Күшену кезінде жатыр мойнының қынаптық бөлімі жыныс саңлауынан шығып тұрады. Қынаптық зерттеу кезінде патология анықталмады. Емдеу жоспарын құраңыз

    А) алдыңғы және артқы кольпорафия леваторопластикамен,

    вентерофиксациямен

    B) жатыр қынаптық әдіспен экстирпациясы

    C) алдыңғы және артқы кольпорафия

    D) ортаңғы кольпоррафия

    E) қынап арқылы жатыр экстирпациясы және жамбас түбі бұлшық еттерінің пластикасы

    {Дұрыс жауабы}= A



    Әйел төменгідозалы ҚАКтарды контрацепция мақсатында қолданады. Әйелдер кеңесіне 2 күн дәріні қабылдамаған себебімен келді. Сіздің кеңесіңіз?

    А) 2 таблетканы осы орамнан қабылдап, қалғандарын қалыпты уақытында қабылдау

    B) таблеткаларды қалыпты уақытында қабылдау

    C) жаңа орамынан таблеткаларды қабылдай бастау

    D) тез арада 1 таблетканы қазыр қабылдау, қалғанын уақыты бойынша қабылдау

    E) 2 таблетка қабылдап, 72 сағаттан кейін тағы 2 таблетка қабылдау керек, қалғанын қалыпты режиммен қабылдайды

    {Дұрыс жауабы}= A




    46 жастағы науқас. Гинекологиялық стационарға келесі диагнозбен түсті: Дамымаған 9-10 апталық (етеккірі бойынша 12-13 апта) жүктілік. Алдын ала дайындықтан кейін жатыр қуысы қырылды. 30 минуттан кейін жатыр қуысынан ашық қызыл түсті қан кеткен. Қан ұйымайды. Қан ұю уақыты 9 минут. Сіздің диагнозыңыз?

    А) дамымаған 7-8 апталық жүктілік. ТІШҚҰ. Қан кеу.

    B) дамымаған 12-13 апталық жүктілік. ТІШҚҰ. Қан кету

    C) дамымаған 7-8 апталық жүктілік. Қан кету

    D) дамымаған 12-13 апталық жүктілік. Қан кету

    E) дамымаған 7-8 апталық жүктілік. Қан кету. Ұрық қабығының қалдықтары

    {Дұрыс жауабы}= B



    Әйел гинекологиялық стационарға жүктілікті үзу мақсатымен жатыр қуысына темір катетер еңгізген кейін түсті. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 37,90С. Іші қатты, пальпациялағанда кіндік аймағында және сол жақ мықын аймағында ауыр сезім. Щеткин Блюмберг симптомы оң. Айнамен қарағанда: жатыр мойнында ине іздері байқалады. Цервикалды каналдан – орташа мөлшерлі жағымсыз иісті қанды бөліністер. Қынаптық зерттеу кезінде: жатыр мойны конус тәрізді, ернеу бір саусақты өткізеді. Жатыр бөлек пальпацияланбайды. Кіші жамбас қуысында жиегі анық емес түзіліс анықталады, ауру сезімді. Қосалқылары пальпацияланбайды. Тактика?

    А)операция алды дайындықсыз жедел жағдайда түтіктермен бірге жатыр экстирпациясы

    B) қабынуға қарсы ем 4 сағат ішінде, кейін жатыр экстирпациясы түтіктермен бірге

    C) операция алды дайындықсыз түтіктермен бірге қынап үстілік жатыр ампутациясы

    D) қабынуға қарсы ем 4 сағат ішінде, кейін түтіктермен қынап үстілік жатыр ампутациясы

    E) қабынуға өарсы ем 4 сағат ішінде, жатыр қуысын қыру.

    {Дұрыс жауабы}= B



    29 жастағы әйел тік ішекке берілетін ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезіміне және жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлінділер келуіне шағымданып түсті. Мини аборттан екі күннен кейін ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда: қынаптың шырыщты қабаты мен жатыр мойны көгерген, бөліністер аз мөлшерде қанды. PV: жатыр қалыыптыдан кішкенен үлкен, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақтан қосалқылар аймағында анық емес контурлы, қамыр консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталды. Артық күмбез жалпайған, ауыру сезімді.

    Ықтимал дагноз:

    A) жедел метроэндометрит

    B) жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуларының өршуі

    C) жатырдан тыс жүктілік

    D) ұрық жұмыртқасының қалдықтары

    E) жедел оң жақты параметрит

    {Дұрыс жауабы}= C



    Әйел 23 жаста. Үдемелі түтіктік жүктілік анықталды.

    Ықтимал дәрігердің тактикасы:

    A) әйелдер кеңесі жағдайында бақылау

    B) гинекологиялық бөлім жағдайында бақылау

    C) госпитализациялау, лапаротомия, тубэктомия

    D) госпитализациялау, лапароскопия, түтікті кесір тілігі

    E) лапаротомия, тубэктомия

    {Дұрыс жауабы}= D




    Гинекология бөліміне ішкі қан кету белгілерімен науқас келіп түсті. Қарап тексергенде:АҚҚ 80/50 мм.с.б Пульс 110 рет минутына, ырғақты. Hb – 60 г/л.

    Сіздің ең ықтимал әрекетіңіз:

    A) бақылау

    B) анемияға қарсы ем

    C) шұғыл лапаротомия

    D) шүғыл лапароскопия

    E) гемотрансфузия

    {Дұрыс жауабы}= C



    Әйел 23 жаста, сыртқы жыныс ағзалары аймағында қышыну және ашу сезіміне, жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділерге шағымданды. Қарап тексергенде: сыртқы жыныс ағзалары аймағында көптеген папилломатозды өсінділер анықталды.

    Ең ықтимал диагноз:

    A) сыртқы жыныс ағзаларының кандиломатозы

    B) сыртқы жыныс ағзаларының краурозы

    C) сыртқы жыныс ағзаларының лейкоплакиясы

    D) сыртқы жыныс ағзаларының қатерлі ісігі

    E) сыртқы жыныс ағзаларының туберкулезі

    {Дұрыс жауабы}= A



    Әйел 23 жаста, сыртқы жыныс ағзалары аймағында қышыну және ашу сезіміне, жыныс жолдарынан жағымсыз иісті бөлінділерге шағымданды. Қарап тексергенде: сыртқы жыныс ағзалары аймағында көптеген папилломатозды өсінділер анықталды.

    Ең ықтимал тактика:

    A) қабынуға қарсы ем

    B) антисептиктерді сыртқа қолдану

    C) физио ем

    D) электрокоагуляция

    E) қынаптық свечалар

    {Дұрыс жауабы}= D



    56 жастағы әйел сыртқы жыныс мүшелерінің физикалық күштемеден кейін және түнгі уақытта күшейетін қышыну сезіміне, тері-шырышты қабат жабындыларының кейде тартылып, керілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: сыртқы жыныс мүшелер аймағында депигментация ошақтары, қасаға аймағында түк өсудің азаюы, тері шырышты қабаттары эластикалық қасиетін аздап жоғалтқан, жұқарған, құрғақ, тез жараланады.

    Ең ықтимал диагноз:

    A) сыртқы жыныс ағзаларының кандиломатозы

    B) сыртқы жыныс ағзаларының краурозы

    C) сыртқы жыныс ағзаларының лейкоплакиясы

    D) сыртқы жыныс ағзаларының қатерлі ісігі

    E) сыртқы жыныс ағзаларының туберкулезі

    {Дұрыс жауабы}= B



    29 жастағы әйел тік ішекке берілетін ішінің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауыру сезіміне және жыныс жолдарынан аз мөлшерде қанды бөлінділер келуіне шағымданып түсті. Мини аборттан екі күннен кейін ауырып қалды. Жағдайы қанағаттанарлық. Айнамен қарағанда: қынаптың шырыщты қабаты мен жатыр мойны көгерген, бөліністер аз мөлшерде қанды. PV: жатыр қалыыптыдан кішкенен үлкен, жұмсақ, қозғалмалы. Оң жақтан қосалқылар аймағында анық емес контурлы, қамыр консистенциялы, ауыру сезімді түзіліс анықталды. Артық күмбез жалпайған, ауыру сезімді.

    Ықтимал дагноз:

    A) жедел метроэндометрит

    B) жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуларының өршуі

    C) жатырдан тыс жүктілік

    D) ұрық жұмыртқасының қалдықтары

    E) жедел оң жақты параметрит

    {Дұрыс жауабы}= C



    Әйел К, жедел жәрдем бригадасымен гинекологиялық бөлімге ішкі қан кету көріністерімен жеткізілді. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр, тері және шырышты қабаттары бозарған, АҚҚ 75/45мм.сын.б.б., пульс 120 рет/минутына, ырғақты. Hb-70г/л.

    Ең ықтимал тактика:

    A) бақылау

    B) артқы күмбез пункциясы

    C) жедел лапаротомия

    D) жедел лапароскопия
    E) хирургиялық бөлімге ауыстыру

    {Дұрыс жауабы}= C



    Гинекологиялық бөлімге 20 жасар науқас мына шағымдармен келіп түсті: менструалды циклдың 13 –ші күнінде ішінің қатты ауыру сезіміне. АҚҚ 100/60 мм.с.б. Пульс 90 рет минутына. Тері жамылғылары бозғылт. Іші жұмсақ, төменгі жағы ауыру сезімімен. Іш перде тітіркену синдромы жоқ. РV: жатыр кішкентай, ауыру сезімінен қослақылары анықталмайды. Күмбездері терең, ауыру сезімді. Қан анализі: гемоглобин – 102 г/л, эритроциттер – 3,3×1012/л, лейкоциттер – 5,6×109/л.


    Сіздің ықтимал диагнозыңыз?

    A) жатырдан тыс жүктілік

    B) аналық безі апоплексиясы, геморрагиялық формасы

    C) аналық безі апоплексиясы, ауыру сезімді формасы

    D) аднексит

    E) аппендицит

    {Дұрыс жауабы}= C



    Гинекология бөліміне 23 жастағы науқас ішінің төменгі бөліміндегі ауыру сезіміне, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердін болуына, дене температурасының 38°С көтерілуіне шағымданып түсті, 8 күн бұрын мини аборт жасалынған. Объективті: бозғылт, пульс 100 рет минутына, АҚҚ 90/60 мм.с. б. Температура 38°С. Іші жұмсақ, іштің төменгі бөлімдерінде ауыру сезімімен. РV:жатыр кішкене үлкейген, күрт ауыру сезімді. Ауыру сезіміне байланысты қосалқыларды пальпациялау мүмкін емес. Күмбездер күрт ауыру сезімді, жалпайған, әсіресе оң жақтан. Қан анализі: гемоглобин – 100 г/л, эритроциттер – 3,2×1012/л, лейкоциттер – 10,0 ×109/л.


    Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз?

    A) метроэндометрит

    B) жатыр перфорациясы

    C) жатырдан тыс жүктілік

    D) жедел аппендицит

    E) параметрит

    {Дұрыс жауабы}= A



    Жүкті әйел, 11-12 апталық жүктілікпен әйелдер кеңесі дәрігеріне жыныс жолдарынан аз мөлшердегі қанды бөлінділерге шағымданып келді.

    Дәрігердің ықтимал тактикасы:

    A) гинекологиялық бөлімге жолдама беру

    B) төсектік режим тағайындау

    C) қан тоқтатаын дәрілерді тағайындау

    D) жүктілікті сақтаушы ем

    E) жатыр қуысын қыру

    {Дұрыс жауабы}= A



    Әйелдер кеңесіне 28 жастағы жүкті әйел қаралды, шағымдары: сыздап ауыратын іштің төменгі бөлігіндегі және белдегі ауыру сезімі. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. анамнезінде – босану 1, түсіктер - 3. қынаптық тексергенде: жатыр мойны 2,5 см, сыртқы ернеу жабық. Жатыр жүктілік мерзіміне сай үлкейген, жыныс жолдарынан бөлінділер шырышты, орташа мөлшерді.

    Әйелдер кеңесі дәрігерінің ықтимал тактикасы:

    A) ем қажет емес

    B) жатыр мойнына тігіс салу

    C) еңбекке жарамсыз парағын беру, күндізгі стационарда токолиткалық ем жүргізу

    D) әйелді госпитализациялау

    E) еңбекке жарамсыз парағын беру, жүктілікті сақтау мақсатында гормоналды ем тағайындау

    {Дұрыс жауабы}= A



    Әйелдер кеңесінде диспансерлік учетта 26 жасар жүкті әйел тұрады. Шағымдары жоқ. Анамнезінде – 1 медициналық түсік, 2 өздігінен түсік 21 және 25 аптада. Қынаптық тексеру кезінде: жатыр 17 апталық жүктілікке сай үлкейген. Жатыр мойны 1,5 см қысқарған, толығымен жұмсарған, жаты мойны каналы 1 саусақты еркін өткізеді.

    Әйелдер кеңесі дәрігерінің ықтимал тактикасы:

    A) амбулаторлық бақылауды жалғастыру

    B) седативті және спазмолитикалық ем тағайындау

    C) токолитиктермен емнің курсын жүргізу

    D) истмикорафияға әйелді госпитализациялау

    E) еңбекке жарамсыз парағын беру, төсектік режимді сақтауды ұсыну, 1 аптадан кейін қайта келіп қаралу

    {Дұрыс жауабы}= D



    Науқас Б., 24 жаста, ішінің төменгі жағындағы қатты ауыру сезіміне, жалпы әлсіздікке, дене қызуының 38,70 көтерілуіне, қалтырауға, жыныс жолдарынан іріңді қанды бөліністерге шағымданып түсті. Өзін 2 күн бойы аурумын деп санайды, мед.түсіктен кейін 6-шы күнінде жоғарыда аталған симптомдар пайда болғанда. АҚҚ 100/60 мм.с.б. Пульс 80 рет минутына. Іші жұмсақ, пальпацияда ішінің төменгі бөліктерінде орташа ауыру сезімді. Щеткина-Блюмберг симптомы теріс.

    Айнамен қарағанда қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаттары таза, бөлінділер– іріңді-қанды. PV: жатыр мойны цилиндр тәрізід, ертену саусақ ұшын өткізеді. Жатыр дұрыс орналасқан, қалыптыдан кішкене үлкен, жұмсақ консистенциялы, қозғалмалы, жылжығанда ауыру сезімімен. Екі жақтан қосалқылар анықталмайды. ЖҚА – лейкоцитоз сол жаққа нейтрофилды ығысумен, ЭТЖ жоғарлаған; ЖЗА – протеинурия, лейкоцитурия, микрогематурия; қынап жағындысының бактериоскопиясы– тазалық IV дәреже, трихомонадалар.

    Дәрігердің ықтимал тактикасы:

    A) АБ ем сезімталдылықты ескере отырып, дезинтоксикациялық ем

    B) комбинирленген АБ терапия, 2-6 сағаттан кейін – жатырды ақырын босату

    C) комбинирленген АБ терапия, 6-12сағаттан кейін – жатырды ақырын босату

    D) комбинирленген АБ терапия, 12-24 сағаттан кейін – жатырды ақырын босату

    E) АБ ем сезімталдылықты ескере отырып, жатырды антисептикалық ерітіндімен жуу

    {Дұрыс жауабы}= B



    Гинекологиялық бөлімге науқас Н., 29 жаста, 3 күн бойы жоғарғы дене қызуының болуына, ішінің төменгі бөлігінің ауыру сезіміне, етеккірден кейін пайда болған жыныс жолдарындағы бөлінділерге шағымданып түсті. Тексеріп болғаннан кейін диагноз қойылды: оң жақты тубоовариалды түзіліс. Пельвиоперитонит.

    Ықтимал тактика:

    A) АБ, инфузионды терапия

    B) 2-3 сағат ішінде АБ терапия, лапаротомия аднексэктомия

    C) АБ, инфузионды терапия 24 сағат ішінде, эффективтілігі болмаса лапаротомия, аднексэктомия

    D) АБ, инфузионды терапия 24 сағат ішінде, эффективтілігі болмаса лапаротомия, қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқылармен бірге.

    E) АБ, инфузионды терапия 6-12 сағат ішінде, эффективтілігі болмаса лапаротомия, қынап үстілік жатыр ампутациясы қосалқылармен бірге.

    {Дұрыс жауабы}= C



    60 жастағы әйелде 7 жыл менопаузадан кейін жыныс жолдарынан қанда бөліністер пайда болды. Айнамен қарағанда: қынаптың және жатыр мойнының шырышты қабаты таза, цервикалды каналдан орташа мөлшерде қанды бөліністер байқалады. Қынаптық тексерісте: жатыр мойны және денесі қалыпты формада және консистенцияда, ұлғаймаған. Қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Кіші жамбаста инфильтрат жоқ.

    Сіздің ықтимал іс әрекетіңіз:

    A) гормонотерапия

    B) жатыр қуысының және цервикалды каналдың шырышты қабатын бөлек диагностикалық қыру

    C) гемостатикалық терапия

    D) қабынуға қарсы терапия

    E) бақылау

    {Дұрыс жауабы}= B



    49 жастағы науқас бір жыл аралығында 2-3бойы келмейтін реттіз етеккіріне шағымданады. 3 апта бұрын қазіргі уақытқа дейін жалғасып жатқан қанды бөліністер пайда болды.


    Сіздің ең ықтимал еміңіз қандай?

    A) эстрогендермен гемостаз жасау

    B) жатыр қуысын диагностикалық қыру

    C) жатырды жиырылғыш препараттармен емдеу

    D) циклді гормоналды терапия

    E) прогестиндермен гемостаз жасау

    {Дұрыс жауабы}= B



    38 жастағы әйел дәрігерге соңғы 6 ай бойы өте қатты ауру сезіммен келетін етеккір алдында және одан кейін келетін қанды бөліністерге шағымданып қаралды. Анамнезінде: 2 босану және асқынусыз өткен 2 медициналық аборт, соңғысы бір жыл бұрын..

    Сіздің ықтимал диагнозыңыз:

    A) жатырдың миомасы

    B) жатырлық жүктілік

    C) эндометридің полипозы

    D) аденомиоз

    E) жатырдан тыс жүктілік

    {Дұрыс жауабы}= D



    Алғаш жүкті 18 жаста, гестациялыұ мерзімі 4-5 апта, дәрәгерге жүктілікті үзу мақсатымен келді.

    Жүктілікті үзудің ең ықтимал, тиімді әдісі:

    A) жатыр қуысын қыру

    B) жатыр жиырылтқыш заттар енгізу
    C) жатыр қуысының вакуум экстракциясы
    D) жүктілікті медикаментозды үзу
    E) жатыр қуысына гипертониялық ерітінді енгізу

    {Дұрыс жауабы}= D



    Стационарда жүктіліктің 16 аптасында жасаған толық емес абортқа байланысты жатыр қуысын қыру кезінде әйелде тахикардия(100 рет мин.), ентігу, бронхоспазм пайда болды. АҚҚ анықталмайды, жүрек тондары естілмейді.

    Сіздің ықтимал диагнозыңыз:

    А) жедел жүрек қан-тамыр жетіспеушілік

    B) шок

    C) жедел тыныс жетіспеушілік

    D) қағанақ суымен эмболия

    E) қан кету

    {Дұрыс жауабы}= D



    Әйел 30 жаста, дәрігерге зәрін ұстай алмау және іштегі газдарға шағымданып түсті. өзін аурумын деп 2 жылдан бері санайды. Соматикалық жағынан сау. 3 босану, соңғысы- 2 жыл бұрын аралықтың екінші дәрежелі жыртылысымен асқынған. Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүщелері дұрыс дамыған, қынаптың алдыңғы және артқы қабырғаларының төмен түсуі байқалады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны ұзарған, таза. Күшенгенде жатыр мойнының қынаптық бөлігі жыныс жолдарынан сыртқа шығып тұрады. PV: жатыр денесі төменге ығысқан, өлшемдері қалыпты, ауру сезімсіз, қосалқылары ерекшеліксіз.

    Ең ықтимал ем жоспарын құрастырыңыз:

    А)леватороплатикамен алдыңғы және артқы кольпоррафия, жатырдың вентрофиксациясы

    B) жатырдың қынаптық экстирпациясы

    C) алдыңғы және артқы кольпоррафия

    D) ортаңғы кольпоррафия

    E) жамбас түбі бұлшық еттерінің пластикасымен қосарлана жасалған жатырдың экстирпациясы

    {Дұрыс жауабы}= A



    Жүктілік 8-9 апта мерзімімен гинекологиялық стационарға дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, жыныс жолдарынан қанды бөлінулерге шағымданып әйел түсті. Дене қызуы 37,9. Интенсивті теарпия жүргізгеннен кейін жағдайы тұрақтанған соң, жатыр қуысын қыру жасалды. |Осы кезде дәрігер үлкен шарбы майының бір бөлігін кюреткамен алып шықты.

    Ең ықтимал диагноз:

    A) толық емес өздігінен түсік

    B) жатыр перфорациясы
    C) жүктілік 8-9 апта. ЖРВИ
    D) басталған өздігінен түсік

    E)жатыр даму ақаулары

    {Дұрыс жауабы}= B



    Жүктілік 8-9 апта мерзімімен гинекологиялық стационарға дене қызуының жоғарылауына, әлсіздікке, жыныс жолдарынан қанды бөлінулерге шағымданып әйел түсті. Дене қызуы 37,9. Интенсивті теарпия жүргізгеннен кейін жағдайы тұрақтанған соң, жатыр қуысын қыру жасалды. |Осы кезде дәрігер үлкен шарбы майының бір бөлігін кюреткамен алып шықты.

    Ең ықтимал тактика:

    A) жатырдың қосалқыларсыз экстирпациясы, кешенді антибактериалды ем

    B) перфорациялық тесікті тігу, кешенді антибактериалды ем

    C) жатырдың қынап үсті ампутациясы, кешенді антибактериалды ем

    D) консервативті жүргізу, кешенді антибактериалды ем

    E) жатыр қуысын қыруды жалғастыру, кешенді антибактериалды ем

    {Дұрыс жауабы}= B



    20 жасар әйел дәрігерге қорғанбаған жыныстық қатынастан кейінгі контрацепция бойынша кеңес алуға келді.

    Ең ықтимал кеңес:

    A) 72 сағат ішінде спермицидтер

    B) қынапты шаю
    C) араласу қажет емес, жүкті болу қаупі жоқ
    D) жатыр ішілік контрацептив
    E) 72 сағат ішінде пастинор қабылдау

    {Дұрыс жауабы}= E



    20 жасар әйел шағымдары:жыныс жолдарынан көпіршікті жасыл бөлінулер, иісімен, ашу, қышу сезімдері. Айнамен қарағанда: жатыр мойны мен қынаптың шырышты қабатының гиперемиясы, жыныс жолдарынан көпіршікті жасыл түсті, иісті бөлінділер. Қынаптық тексеруде: патология жоқ.

    Ең ықтимал диагноз:

    A) бактериалды вагиноз

    B) хламидиоз

    C) кандидозды кольпит

    D) уреаплазмоз

    E) трихомонадты кольпит

    {Дұрыс жауабы}= E



    24 жасар науқасқа біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жүргізілген. Рентгенограммада: жатыр қуысы Т- тәрізді, жатыр түтіктері қысқарған, ампулярлы бөлімінде түйреуіш тәрізді ригидті кеңейген; құрсақ қуысына контрасты заттың шығуы жоқ.

    Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз:

    A) Созылмалы сальпингит

    B) созылмалы аднексит

    C) жыныс ағзаларының туберкулезі

    D) жатыр дамуының ақауы

    E) жатыр түтіктерінің даму ақауы

    {Дұрыс жауабы}= C



    Қынаптық қараған кезде науқаста жатыр арты қуысында инфильтрат анықталды. Бір ай бойына ауырады, түсіктен кейін дене қызуы көтеріліп, қызба болған. Дәрігерлерге қаралмаған. 3 аптадан соң тік ішекте ауру сезімі пайда болған.

    Сіздің ең ықтимал диагнозыңыз:

    A) пиосальпинкс

    B) метроэндометрит

    C) параметрит

    D) эндометрит

    E) пельвиоперитонит

    {Дұрыс жауабы}= C


    написать администратору сайта