Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Жоспары: Кіріспе бөлім Негізгі бөлім Жер ресурстарын басқару

  • Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану III.Қорытынды бөлім

  • IV.Пайдаланылған әдебиеттер Жер ресурстарын басқару

  • Жер ресурстарын басқарудың мәні мен мақсаты.

  • Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары

  • Түсімділікті талдауы және өнім бағасы.

  • Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану

  • Ыдырыс А геоботаника. Орындаан Ыдырыс Алмат абылдаан Дабылова Бибигул Ережеповна аа оытушы,магистрант Жоспары


    Скачать 42.84 Kb.
    НазваниеОрындаан Ыдырыс Алмат абылдаан Дабылова Бибигул Ережеповна аа оытушы,магистрант Жоспары
    Дата03.03.2019
    Размер42.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЫдырыс А геоботаника.docx
    ТипДокументы
    #69455

    Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

    География және табиғатты пайдалану факультеті

    География,жерге орналастыру және кадастр кафедрасы

    СӨЖ

    Тақырыбы:Жер ресурстарын басқару саласындағы геоботаникалық зерттеулер

    Орындаған:Ыдырыс Алмат

    Қабылдаған:Дабылова Бибигул Ережеповна

    аға оқытушы,магистрант

    Жоспары:

    1. Кіріспе бөлім

    2. Негізгі бөлім

      1. Жер ресурстарын басқару

      2. Жер ресурстарын басқарудың мәні мен мақсаты.

      3. Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары

      4. Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану

    III.Қорытынды бөлім

    IV.Пайдаланылған әдебиеттер

    Жер ресурстарын басқару

    Елде жер ресурстарын басқарудың белгілі жүйесі  қалыптасты.Ол жердің меммлекеттік меншігіне негізделген біртұтас мемлекеттік жер қорын қорғау мен нығайтуға бағытталуымен ерекшеленеді. Мұндай орталықтандыру  жер ресурстарын басқару қызметтерін орындау үшін мамандандырылған басқару органдарын қажет етпейді. Сондықтан бұл қызметтерді КСРО  Ауыл шаруашылық министірлігінің басқармалары, ал інің сәйкес министірліктері орындады. Облыстар мен аудандарда бұл қызметтерді ауыл р орындады. Негізгі міндеттері – жерді тіркеуді жүргізу мен жер балансын беру және облыстағы немесе аудандағы жер жағдайы туралы жылдық есеп беру болды. Жер қатынастарының түбегейлі өзгерулері, жаңа заңнамалық нормативтік  актілердің қабылдануы , республикада жер реформаларын жүргізу бойынша міндеттері кеңес уақытындағы  жер ресурстарын басқару   жүйесінің өзгеруін қажет етеді. «Қазақ КСРО – да жер реформасы туралы ә заңның  5- бабының 2-тармағында Қазақ СРО Министірлер Кабинетінің құрамында  жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша Мемлекеттік комитетті ұйымдастыру қарастырылған , жергілікті жерлерде оның органдарымен жер ресурстарын  басқару және жер реформасы  бойынша жұмыстарды  тікелей орындауды ұйымдастыру аясында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу бұырылды. Республикалық мәндегі облыстарда, аудандар мен қалаларда жер қатынастары мен жерге орналастыру бойынша комитеттер ұйымдастырылды.

    Соңғы жылдары жерге орналастыру және зерттеу жұмыстарының қаржыландырудың   негіздері мен қайнар көздері өзгерді . Қазақстан Республикасы  Президентінің заң күші бар «Жер туралы» жарлығында белгіленгендей , атқарушы органдардың шешімімен жүргізілген жерге орналастыру  негізінен бюджеттік қаржы бөлу республикалық  бюджет есебінен жүргізілуі мүмкін. Тапсырыс берушілер қаржысы есебінен бір мезгілде үлкен , көлемді жұмыстар жүргізілді .

    Жер реформасы жылдары жерге орналастыру жұмыстарының құрылымы да түбегейлі өзгерді, жобалау және зерттеу  жұмыстарының көлемі бірден қысқарды, ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру бойынша жұмыс көлемі 11,6%-дан  2,7%-ға дейін, топырақ және  геобатаникалық тексерулер 27,8%-дан 8,6%-ға дейін қысқарды.

    Жер ресурстарын басқарудың мәні мен мақсаты.Өндірістің басқа құралдарымен салыстырғанда жердің өзіндік ерекшеліктері бар. Негізгі айырмашылықтар №1кестедегідей. Қоғамдық өмірде жер жалпыға бірдей нәрсеге және еңбек жағдайына қызмет етеді. Ол өндірістің әр түрлі прцесінің өмір сүруінің қажетті жағдайы болып табылады. Алайда қоғамдық өндірістің түрлі салаларындағы оның рөлі бірдей емес.

     

     

    Жер

    Табиғи ресурс

    Кеңістік базисі

    Өндіріс құралы

    Еңбек құралы

    Нарықтық қатынастар элементі (жылжымайтын мүлік)

    Қасиеті, ерекшеліктері, сипаттамасы, қатынасы

    Кеңістік орналасуы; рельеф; топырақ беті; өсімдік; жер қойнауы; су; ландшафт.

    Орналасу орны; тұру орны; операциялық базис.

    Топырақтың түрлері мен сапасы; өсімдіктің түрлері мен өнімділігі.

    Құнарлық; табиғи; экономикалық (жасанды)

    Жылжымайтын меншік;

    • Нарықтық баға;

    • Нормативтік баға;

    • Жер салығы;

    • Жалдық төлем.

    Жердің өндірістің басқа құрамдарына айырмашылығы

    •  

    Қайта өндірілмейді

    Басқа жерге көшірілмейді

    Кеңістігі шектелген

    Дұрыс пайдаланғанда

    Тозбайды

    Құнарлығы артады

     

    Өндіруші өнеркәсіпте және құрылыста ол операциялық кеңістік базисі, яғни прцесі жүргізілетін орын ретінде қызмет етеді. Қазып шығаратын өнеркәсіпте ол операциялық кеңістік базисі ретінде, өзіе тән зат қоятын бөлме ретінде орын алады.

    Жер кеңістік шектелген әрі ештеңемен ауыстырылмайды. Өндіруші күштерді дамыту шаралары бойынша өндірістің басқа құралдары өзгеруі мүмкін, аз жетілгені жетілдіріледі және экономикалық тиімділікке ауыстырылады. Өндіріс құралы ретінде жерді пайдалану оның кеңістік жағдайымен және орнының тұрақтылығымен байланысты.

    Ауыл шаруашылық өндірістің басты құралы ретінде жер өсімдіктердің өсуіне жағдай жасаушы өте маңызды және ерекше қасиет-құнарлықты иеленеді. Жерді дұрыс пайдаланса, оның сапасы нашарламайды, жақсарып,құнарлығы артады. Жер ауыл шаруашылығында өндірістің мәнгі ауыстырмайтын құралы.

    Меншік формаларының көп түрлі жағдайында жерді ұтымды және тиімді пайдаланудың басты құралы – жер ресурстарын мемлекеттік басқару болып табылады. Осыдан жерді ұтымды пайдалануды ұйымдастыру және жүзеге асыру мақсатында жер ресурстарын басқару бірнеше деңгейді иеленеді: республикалық (ұлттық), аймақтық (шаруааралық) және жергілікті (ішкі шаруашылық). Мейлінше жоғарғы деңгейде өткен сайын, мемлекеттік, сала аралық және шаруа аралық қажеттіліктермен бірге жер ресурстарын ұтымды пайдалануды болжау және жоспарлау мәселелерін шешуге әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тұрғыдан келу рөлі түседі.

    Жер қатынастарының өзіндік ерекшеліктері бар. Еңбек өнімдерінен жердің айырмашылығы – ол физикалық және экономикалық тұрғыдан да қайта өндірудің барлық фазасынан өтпейді, тек өндірістің өзінің фазасында ғана табиғи-материалдық фактор ретінде қатысады. Бірақ өзінің ішкі кезеңдері ретінде бұл фазада пайдалануда өзіне бөлу, ауыстыру және тұтыну прцестерін қосады.

    Жер ресурстарын басқарудың мәні жер қатынастарын өндіргіш күштер мен қалыптасқан өндірістік қатынастарға сәйкес келтіру мақсатында жер қатынастарының жүйесін реттеумен сипатталады. Бұлай әсер ету объектісінде жер қатынастарының заттай (меншік, жер учаскесі) жергіліктік (құқықтық) сияқты формалары ғана емес, жанама түрде олардың материалдық негізгі, яғни жер ресурстары да орын алады.

    Сол сияқты сыртқы тұрғыдан жер ресурстарын басқару жер қорын мейлінше ұтымды, тиімді пайдалануда қамтамасыз ететін мемлекеттік құқықтық, ұйымдастырушылық, жоспарлы-экономикалық шараларының жиынтығы ретінде болады.

    Жерді ұтымды пайдаланудың мәні мен мазмұны туралы мәселе қоғамдық өндірісте жер қатынастары мен жердің қызмет ету мәселелерін қарастырудағы маңыздылардың бірі. Ұтымды пайдалану дегеніміз – алдымен тиімді пайдалану. 

     

    Жерді бағалаудың мақсаты мен функциялары

    еБіздің көзқарасымызша, 1913жылы ресейлік бағалаушылар шығарған жерді бағалаудың әдістемелік тәсілдерін қарастыру пайдалы болды. Жерді бағалау әдістемесі негізінде жер құны оның табысымен анықталуы керек деген постулат қаланған. Бұл жағдайда өз жері бойынша табыс топырақ сипатына, түсім өтімінің мүмкіншілігіне, метеорологиялық жағдайларға, көлік коммуникациясы арақашықтығына және өтім нарығына, шаруашылықты жүргізуге қабылданған тәсілге, иесінің жеке қасиеттеріне және т.б. байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Бағалаушыдан алынған табыстың қаншалықты тұрақтылығын және жалпы қабылданған шаруашылық және экономикалық шарттардың жергілікті жерге сәйкестігін анықтау талап етіледі. Егер де бағаланушы жер белгілі бір себептерге байланысты тиіссіз дәрежеде пайдаланылса, бағалаушы жерді пайдалану мүмкіндіктері туралы сауалды шешіп, мүмкін табысты анықтауы қажет.

    Жалпы табыстан пайдалануға кеткен барлық шығындар шығару нәтижесінде таза табыс шығады, оны жерге салынған капитал пайызы ретінде қарастырған. Жер құнын анықтау үшін капиталға айналдыру пайызы мемлекеттің құнды қағаздарының табыстарын немесе ұзақ мерзімді банк дипозиттерінің пайыздарын есепке алып қабылданады. Ресей жағдайы үшін орналасқан жердегі капиталдың қалыпты пайызы 5% деңгейде қабылданады.

    Тәжірибеде жерден алынатын таза табыс кемінде 5% жиі болатын. Алайда төмен пайыздағы капитал жерді тиімсіз пайдалануға сыйлық алу ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, капитал пайызын анықтауда маңызды мәнге жерден табыс алу тәсілі ие болады. Ең сенімді тәсіл жерді ұзақ мерзімді жалға беру болып есептеледі, әрі қарай бір егіске жалға беру жүрді, ал ең қауіптілеуі шаруашылықты иесінің өзі жүргізіп табыс құндылығындағы және сәйкесінше жоғары пайызбен капиталға тең келді. Жерді бағалаудың жалпы қағидаларымен танысып болып, енді бағалаушылар қолданған талдау тәсілдері мен әдістеріне жекелей тоқталайық.

    Табыс табу тәсілдері. Әрбір жергілікті жерден табыс табудың белгілі бір формалары дәстүрлі қалыптасады. Негізгі формаларға шаруашылықты өз күшімен жүргізу және жерді жалға беру жатқызылады. Жалпы ережеге сай, жер белгілі бір мерзімге белгіленеді, алайда Ресейдің солтүстік батысы мен оңтүстік батысында меншіктік жалға беру деп аталатын жалға беру кең тарады. Жерді мұрагерлікте пайдалану құқығында иесіне жыл сайынғы тұрақты белгілі төлемді төлеп тұруға негізделді.

    Егер жер ұзақ мерзімді жалға берілетін болса немесе берілсе, онда оны бағалауда төменгі факторларды ескеру қажет.

    • Жерді жалға беруші және жалгер кім болып табылады;

    • Орналасқан жері, құрамы, жалға алынатын жердің сапасы мен мөлшері;

    • Жалға беру мерзімі, жалға беру төлемінің көлемі, жалгер және жалға беруші арасындағы сақтандыру және басқа төлемдерді бөлу;

    • Табыстылықты (тыңайтқыштар себу, тиімді пайдалану т.б.) қолдауға әсер ететін, жерді пайдалану шарттары.

    Егер бағаланатын жер жалға берілмеген жағдайда, онда экономикалық жағдайлары бірдей және сол ауданда орналасқан ұқсас жерлердің жалға беру бағасынан шығып, бағалау жүргізу қажет.

    Қысқа мерзімді жалға бір егіске берілген жер, үлестік жер жатады. Шабындық жердің табысын анықтауда бір егісті жинауда оның орташа табыстылығын анықтау қажет.

    Егер иегер шаруашылықты өзі жүргізсе, онда жалпы табысты есептеуде жалмен салыстырмалы түрде, жалгерге түсетін кәсіпкерлік пайданы ескеру қажет.

    Түсімділікті талдауы және өнім бағасы. Түсімділік туралы мәліметтерді бағалаушылар үш тәсілмен алады:

    • Жергілікті халықтан сұрау және белгілі алаңнан жиналған өнімді өлшеуді бақылайтын өндірістерден сұрау;

    • Иегерлердің экономикалық есепке алу мәліметтері бойынша;

    • Статистикалық зерттеу мәліметтері бойынша.

    Орташа түсімділік туралы мәліметтер тұрақты өнім алу есебімен алыну керек (қуаңшылықты, шөгіндінің көп мөлшерін есепке алу). Өйткені әр жердің орташа түсімі әр түрлі уақыт аралығында 3-тен 10жылға дейін анықталады. Артылған өнім бағаларын талдауда, жергілікті жердегі ұлттық және халықаралық деңгейдегі сұраныс пен ұсыныстың өзара әсерін көрсететін, сол сияқты сәйкес өнімнің нарықтағы ауысымдық ерекшеліктерін көрсететін орташа баға есеп айырысуға алыну керек.

    Сервитуттар талдауы. Жердің табыстылығы мен бағасы оны толықтай пайдалану мүмкіншілігін есепке алып анықталады, яғни иемдену, пайдалану және билеу құқықтары шектеулерін есепке алады. Меншіктің толық емес құқығын бөтен мүліктің пайдасы мен тиімділігіне қатысу құқығын қоспайтын меншік құқығы деп түсіну керек.

    Бөтендер қатысқан жалпы құқық малды айдауға арналған үлкен жолда жүріп өту үшін заңмен белгіленеді. Бөтендер қатысқан жеке құқық нақты адамдардың келісім қатынастарымен белгіленеді. Билеу құқығына шектеулерді заңды түрде белгіленеді, мысалы, қарыздық міндеттермен мүліктерге ауыртпалық түсіру немесе қамқорлыққа алу.

    Жерді жіктеу мен суреттеуге көп көңіл бөлінді. Бұл орайда негізге Н.М.Сибирцевтің топырақты жіктеуі мен суреттеуі қабылданды. Олар әрбір кластағы тыңайған топырақтың сыртқы белгілері мен физикалық – химиялық сипатын береді.

    Табыстылықты анықтау. Жыртылған танап пен пішендік жердің табыстылығын анықтау ерекшеліктері туралы жоғарыда айтылды. Бау-бақшаны және үй жанындағы жерлерді бағалауда. Егер олардың өнімдерін иесі пайдаланса, онда жақсы сапамен есепке алынып, мұндай жерлер қалыпты жыртылған жерден 2-3 есе қымбат тұраы деп есептеледі. Егер бау-бақшалар үлкен алаңға ие болса және өндірістік пайдалануға арналса, онда олар соңғы 5 жылдан орташа табыспен бағаланады.

    Жерді бағалау әдістерінің қысқаша шолуында мынандай қорытынды жасауға болады:

    • Жер бағалау кезінде табыс көзі ретінде әрі сату – сатып алу объектісі ретінде қарастырылуы керек;

    • Жердің құнына әсер ететін барлық факторлардың салыстырмалы нәтижесі ретінде жердің бағасы оның құнын белгілейді. Бұл жағдайда баға факторлары әрбір жерде тұрақты болмайды, экономикалық қатынастар өзгерісіне сәйкес өзгертіледі;

    • Жер табыстылығы туралы мәліметтер алу үшін оның табиғи-тарихи және экономикалық фактор кешенінде қарастыру қажет;

    • Жоғарыда айтылған ойдан түйеріміз, құнға әсер ететін барлық факторларды есепке алған бағалаушының біліміне, тәжірибесі мен біліктілігіне байланысты кез келген бағалау субъективті.

    Жер бағасы, жер кадастрының құрамды бөлігіболып табылып, халақ шаруашылығы мен әлеуметтік өмірде пайдаланатын табиғат ресурстарын жалпы бағалау бөлігі ретінде бірге алға шығады. Ғылыми-техникалық өрлеу, көп жөн-жосықты экономикаға көшу, жерге жеке меншіктің пайда болуы табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынастағы сапалы өзгерістерге себепші болды. Бұл жаңа факторларды ескермей кету мүмкін емес.

    Қоғамның шаруашылық әрекетінде, әсіресе ауылшаруашылық өндіріс саласында табиғи ресурстардың рөлін дұрыс бағалау талап етіледі. Бірінші кезекте бұл басты жер ресурсы жерге қатысты. Жерді бағалауда, өндірістің басты құралы ретінде ауыл шаруашылыққа пайдаланудағы оның белсенді рөлін ескеру қажет. Бұл жағдайда ол айырбасталмайтын өндіріс құралы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер мемлекеттік меншікке жатады. Жер сонымен қатар заңмен белгіленген негізде, тәртіпте, шекте жеке меншікке де беріледі. Заңға сәйкес меншік иесі жерді келісім бағамен сатуға, шаруашылық серіктестіктің ққаулы қорына жарна ретінде енгізуге, кепілге беруге, жер учаскесін сыйлауға, мұрагерлікке қалдыруға құқылы. Жерді пайдалану құқығын беру азаматтық – құқықтық актілер негізінде жүргізіледі. 2001жылғы «Жер туралы» заңның 20-бабында жерді пайдалану құқығы заттық құқық болып табылатыны және оған меншік құқығы туралы нормалар қолданылатыны, оның заңға немесе зат табиғаты құқығына қайшы келмейтіні айтылған. Яғни жерді пайдалану құқығына қатысты қабылданған заңдар нарықтық қатынасқа ену үшін мүмкіндіктерін кеңейтті.

    Бұған сәйкес әрбір жер учаскесі бағалануы керек, өйткені жер, бір жағынан, жылжымайтын мүлікке тең, ал екінші жағынан, жер учаскелері капиталға айналды. Тиімді және ұқыпты пайдаланғанда, құнарлылығын арттыруға ақшалай, материалды, бейнетті еңбек салынғанда, оның құны өсе түсері сөзсіз.

     Жерлердің жағдайы және жер ресурстарын пайдалану

          Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Мемлекеттік жер кадастрына жер учаскелеріне құқықты субъектілер туралы ақпарат та енгізіледі.
          Мемлекеттік жер кадастрының мәліметтерін құру топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын, топырақтық, геоботаникалық зерттеу және іздестіру, нақты жер учаскесіне жер-кадастрлық істі құру, жер-кадастрлық карталар және жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындаумен қамтамасыз етіледі.
          Топырақ қабатының, азықтық алқаптардың дәнді-дақылдық жағдайын және топырақты бағалаудың сапалы сипаттамасының анықталуы зерттеу жүргізудің 7-10 жыл мерзімділігімен іздестіру (топырақтық, геоботаникалық және т.б.) жұмыстарының негізінде жүргізіледі.
          Сонымен қатар, топырақты зерттеудің материалдары (топырақтық карталар, топырақтардың агроөндірістік топтамасының картограммалары және т.б.) 185,2 млн.га көлемді құрайды, бұл барлық ауылшаруашылығына арналған жерлердің 85,9% көрсеткіші, оның ішінде 1990 жылға дейінгі 151,9 млн. га аумаққа арналған зерттеулер материалдары ескірген және қайта зерттеуді қажет етеді.
          Геоботаникалық іздестірулердің зерттеу материалдарының негізгі бөлімі — 78,8 % 1990 жылға дейін жасалған және қайта зерттеуді қажет етеді.
          Бұдан басқа, соңғы рет 2000 жылы өткізілген елдің жер ресурстарын экономикалық бағалауды бес жыл кезең аралығында өткізу қажет.
          «Нұр Отан» ХДП саяси платформасының ережелерінің біріне сәйкес келетін жерді экономикалық бағалау бойынша жерді, басқа табиғи ресурстарды, экономикалық бағалау және тіркеу жүйесін құру сондай-ақ олардың ренталық құнын ішкі және әлемдік нарықтағы баға бойынша жыл сайын нақтылап отыру қажет.
          Осылайша, нарықтық экономика жағдайында жалпы жер нарығының даму перспективасы туралы нақты және объективті ақпаратқа экономикалық процеске қатысушылар қызығушылығы айтарлықтай көтеріледі. Осыған байланысты, Мемлекеттік жер кадастры қалыптастырып отырған барлық мәліметтерге кешенді талдау жүргізу орынды болып табылады. Қазіргі заманғы кезеңде компьютерлік технологияны қолданбай жер кадастрын тиімді жүргізу мүмкін емес. Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - МЖК ААЖ) құру мемлекеттің мүддесін, экономика салаларын және ел халқын жер туралы (жылжымайтын мүлік) ақпаратпен қамтамасыз ететін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқын қорғайтын, сондай-ақ жер және жылжымайтын мүлік нарығының жұмыс істеуіне қолдау көрсетуі бойынша ақпараттық инфрақұрылымды қалыптастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта мемлекеттік жер кадастрын есепке алу және бағалау бөлімін қолдауды қамтамасыз ететін, барлық деңгейдегі жер-ақпараттық мәліметтер банкімен МЖК ААЖ құру аяқталуда. Жер ресурстарының әлеуетін тиімді басқаруда экономикалық механизм негізінде, МЖК жылжымайтын жер мүлігінің құқығын қорғаушы кепіл ретінде ұсынылуы тиіс. Бұл МЖК ААЖ-ды пайдалану үшін телекоммуникациялық қызметтерді, лицензиялық бағдарламалық өнімдерді және МЖК ААЖ-дың қосалқы жүйесін ілеспелі түрде техникалық қолдауды қосқанда, МЖК ААЖ жүйелік және техникалық қызмет көрсету бойынша іс-шараларды жүзеге асыру қажеттілігімен ұштасқан «электрондық үкімет» аясында Агенттіктің ақпараттық жүйесін бұдан әрі жетілдіруді және жаңғыртуды талап етеді. Аталған іс-шаралар стратегиялық бағыттарда, мақсаттарда және міндеттерде көрсетілместен, қызметтің ағымдағы түрін көрсетеді.
          Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ө.Е.Шөкеевтің 2009 жылғы 21 сәуірдегі № 11-28/1805 қызметтік хатына Мемлекет басшысының 2009 жылғы 8 мамырдағы жер инспекциясына бағынатын және топырақтың құнарлылығы жағдайына мониторинг жүргізетін арнайы мекемені бұрыннан бар құрылымның негізінде құру мәселесі жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агрохимия қызметі республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесін (бұдан әрі - «АҚРҒӘО» ММ) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағынан Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) қарамағына 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап беру туралы шешім қабылдады (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қыркүйектегі № 1487 қаулысы).
          «АҚРҒӘО» ММ Қазақстан Республикасының аумағында 1,8 млн га жер көлемінде жыл сайын агрохимиялық зерттеулер, егіншілік топырақтарының құнарлылығы мониторингін жүргізеді.
          2007 - 2009 жылдар аралығында 5,2 млн. га жер зерттелді, осылайша агрохимиялық зерттеулердің қарқыны ауыл шаруашылығы мақсатындағы егістік жерлердің әр бес жыл сайын құнарлылығының төмендеуіне байланысты олардың мониторингін жүргізу мақсатында жаңа материалдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
          Қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған мемлекеттік МЖК ААЖ жер-кадастрлық ақпараттың екі түрі қолданылады - атрибутивті (мәтінді) және графикалық. Атрибутивті бөлігі 3,5 млн. жер учаскелерінің мәліметтерінен құралған. ААЖ графикалық бөлігі атрибутивті мәліметтердің 24 пайызын құрайды. Мұндай теңсіздік жер учаскелерінің көпшілігі қажетті масштабтағы картографиялық негізі жоқ елді мекендердің жерлерінде орналасқандықтан пайда болды.
          Жер ресурстарын сандық есепке алу бойынша мәліметтерін беру мәселесін атрибутивті және графикалық ақпаратты сәйкестендіргеннен кейін шешуге болады.
          Аталған проблемаларды жою үшін үйлестірілмеген жер учаскелерін межелеу қажет, онда жер учаскелерінің бұрылыстық нүктелерін құралмен үйлестіру бойынша далалық геодезиялық жұмыстардан, оларды кадастрлық құжаттама бойынша заңды сәйкестендіру, мәліметтерді МЖК ААЖ графикалық базаларына енгізуден тұрады.
          Жер ресурстары саласындағы тізбектелген проблемалардың шешілуі жер ресурстарының сандық және сапалық жағдайы туралы нақты ақпаратпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
          Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, олардың құрамында егістіктің, жайылымдардың, шабындықтардың аумағын орналастыру бойынша ұсынымдар, сондай-ақ Индустриялық-инновациялық үдемелі дамудың 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында өз бейнесін табатын, егістік айналымдарының, жайылым айналымдарының құрылымы және жерді тиімді пайдалануға бағытталған басқа да іс-шаралар әзірленуде.
          1990 жылға дейін шаруашылықішілік жерге орналастыру жобалары барлық ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындары үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жасалып келді. Соңғы жылдары жұмыстың бұл түрі іс жүзінде жүзеге асырылмай келеді, ал аграрлық сектордың жеке субъектілері бұл іске қызығушылық танытып отырған жоқ.
          Осыған байланысты әр түрлі аймақтарда бірнеше шаруашылықтарда бюджет қаражаты есебінен жерге орналастыру жобаларын әзірлеудің және жерге орналастыру бойынша жұмыстардың толық кешенін жүргізу орынды болады. Аталған қадам ақталады және нарық жағдайында отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігі мәселелері өзекті болған жағдайда мұндай жобаларды әзірлеу бойынша басқа да шаруашылық субъектілеріне импульс береді және олардың аумақтарын ғылыми тұрғыдан ұйымдастырусыз және шағын шаруашылықтарды ірілемей оларды шешу қиынға соғады.
          Қазақстан Республикасының жер ресурстарын жаңа жағдайларда тиімді басқару жер пайдаланудың бұрыннан қалыптасқан жүйесін түпкілікті ұйымдастырушылық-технологиялық қайта құруды талап етеді. Бұл ретте Агенттік Қазақстан Республикасы аумақтарының жерге орналастырудың бас жоспары жерді пайдалану мен қорғауды жоспарлауды жүзеге асыруда негізгі жерге орналастыру құжаттамасы болып табылады деп пайымдайды.
          Бұдан басқа, есептеу әдісі бойынша тіркеуге көшу бөлігіндегі жерлерді тіркеу пайдаланылмайтын, ұтымды пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсатына сай пайдаланылмайтын және жер учаскелерінің рұқсатты пайдаланылуына сәйкес емес пайдаланылатын жерлерді анықтауға мүмкіндік береді.
          Қазақстан үшін жердің тозуына қарсы күрес тағы да бір өзекті мәселе болып табылады. Ел халқының шашамен 43%-ы (6,5 млн. адам) ауылдық аудандарда тұрады және олардың көпшілігі аграрлық секторға және жерді пайдалануға байланысты табысқа тура немесе жанама тәуелді. Табиғи жағдайларға байланысты ел аумағының 70%-ы шөлейттену және жерлердің тозу процесімен қамтылған.
          Осыған орай, жер мониторингіне ерекше мән беріледі. Қазіргі уақытта жер жағдайына көп жылдық бақылау жүргізуге арналған стационарлы экологиялық алаңдар және жартылай стационарлы алаңдар елдің барлық аумағының 15%-ын қамтиды, 2013 жылдан бастап жаңа экологиялық алаңқайларды құру және бұрыннан бар алаңқайларды жаңғырту мен дамыту жоспарлануда.
          Жер ресурстарының сапалы жағдайы туралы, болып жатқан өзгерістер, олардың бағалары мен болжамдарының одан әрі дамуы жөніндегі нақты ақпаратты алу жер мониторингін жүргізумен қамтамасыз етіледі, оның ішінде геоақпараттық технологиялар негізінде бірыңғай жүйені құру, аэроғарыштық ақпараттарды пайдалана отырып, бақылау және түсірілім әдістерін жетілдіру.
          Жерлердің сапалық жағдайының өзгеруі туралы нақты ақпарат алу үшін топырақтық аймақтар мен кіші аймақтардың ішіндегі бақылау желісін күшейту және 2011 жылдың аяғына бұзылуға ұшыраған жерлердің 25%-ын мониторингпен қамту қажет, ал осы өз кезегінде басқа да мүдделі органдармен бірігіп, бұзылушылық үдерістерді тұрақтандыру бойынша бірегей экологиялық бағдарлама әзірлеуге мүмкіндік береді.
          Елдің жерлерін сапалық және сандық есепке алуды жүзеге асырудағы нақты мәселелермен бірге Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылық саны да өсіп келетіндігін атап өту қажет. Осылайша, 2006 жыл мен 2008 жылдың бірінші тоқсаны кезеңі аралығында анықталған Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзушылықтар серпінділігі жойылған заң бұзушылықтар санының тұрақты деңгейінде бұзушылықтардың санының жыл сайынғы өсімін көрсетіп отыр (1-кесте).
          1-кесте - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің жерлерді қорғау және пайдалануды мемлекеттік бақылау анықталған бұзушылықтар серпінділігі

    Атауы

    2006 жыл

    2007 жыл

    2008 жыл

    2009 жыл

    Бұзушылықтар анықталды

    2 424

    3 438

    2 421

    7 999

    Бұзушылықтар жойылды

    1 305

    1 307

    1 012

    6 509

          Жерді пайдалану және қорғау бойынша мемлекеттік бақылаумен жүргізілген талдауда 2009 жылы Қазақстан Республикасының жер заңнамасын бұзудың негізгі түрлері анықталды, яғни жерге меншік құқығының бұзылуы (60,8%), жерді нысаналы мақсатына сай емес пайдалану (18,3%), жерге орналастыру құжаттамасын бекітуде белгіленген тәртіпті бұзу (7,1%) болып отыр.
          Қазақстан Республикасы жер заңнамасының бұзылу санының ұлғаюының негізгі себептері:
          1. Жерге сұраныстың өсуі;
          2. Жасалған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзу сипаттамасына жауапкершілік дәрежесінің сәйкессіздігі;
          3. Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзу бойынша сот шешімінің орындалу өндірісінің төмен деңгейі;
          4. Қоғам алдында жер инспекторының тиісті бейнесінің болмауымен қатар мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға кадрлардың жетіспеуі.
          Анықталған Қазақстан Республикасы жер заңнамасын бұзу сараптамасымен қатар жер қатынастары субъектілерінің жыл сайынғы көбеюі байқалып отыр. Қазақстан Республикасындағы жерлердің жағдайымен пайдалану туралы салыстырмалы сараптамалық есептің мәліметтеріне сәйкес 2006 жылғы жер учаскелері меншік иелері және жер пайдаланушылар саны - 2,7 млн., 2007 жылы - 3,2 млн., 2008 жылы - 3,3 млн., 2009 жылы - 3,4 млн. құрады.
          Осылайша, жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау жағдайына жасалған сараптама мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша жүйелі механизмді әзірлеу қажеттілігін, сондай-ақ жасаған бұзушылықтары үшін жауапкершілікті қатаңдандыру жөніндегі қажеттілікті дәлелдейді, ал бұл өз кезегінде жеке меншік құқығы жағдайын сипаттайтын индексті көтеру бойынша Дүниежүзілік экономикалық форумдағы Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінде Қазақстан Республикасының деңгейін көтеруде көрінеді.
          Ағымдағы жылы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына енгізілген толықтырулар мен өзгерістерге сәйкес жерді пайдалану мен қорғауға бағытталған мемлекеттік бақылау тәуекел ету деңгейіндегі баға өлшеміне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
          Жер қатынастары саласындағы негізгі тәуекелдер жерді ұтымды пайдаланбау нәтижесінде жер ресурстарына залал келтірілу ықтималдылығы болып табылады, оның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендеуі, жердің тозуы, шөлейттенуі, ластануы, жел және су эрозиясына ұшырауы мүмкін, алайда жер қатынастарын реттестіру - жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқығын бұзу болып табылады.
          Бұл ретте, мемлекеттік бақылауды жүргізу барысында тәуекел етуді басқару жүйесінің мақсаты жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әкімшілік қысымды төмендету, сонымен қатар аталған салада мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыру болып табылады.
          Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Жер кодексі Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңындағы жаңа түзетулермен сәйкестендірілді.

    Интернет көздері:

    1. https://www.uniface.kz/education/index.php?post=article§ion=2&id=641

    2. http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P100000103_

    3. https://kk.wikipedia.org/wiki/Геоботаника

    4. http://yandex.kz/clck/jsredir?bu=mpf&from=yandex.kz%3Bsearch%2F%3Bweb%3B%3B&text=&etext=2070.


    написать администратору сайта