Балалар бірлестігі. Сұлтанова Әсем(11 апта реферат). Орындаан Слтанова . Тобы шт 203 абылдаан
Скачать 45.27 Kb.
|
Студенттің өзіндік жұмысы Тақырыбы: «Балалар бірлестігі – оқушы тұлғасын тәрбиелеу және әлеуметтендіру институты. Халықаралық балалар ынтымақтастығын дамыту» Орындаған: Сұлтанова Ә. Тобы: ШТ 20-3 Қабылдаған: Мамбетова А. 2021 жыл Балалар бірлестігі – тәрбиелеу мен әлеуметтендіру институты. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүрмейді. Себебі, оның жан дүниесі тек айналасымен қарым–қатынас жасау үстінде, тәлім – тәрбие, оқу-іздену арқылы әр кез белгілі бір мазмұнға ие болып отырады. Сондықтан да, оның айналысатын іс–әрекетіне қоса, бүкіл тыныс тіршілігіне, ұстанған бағытына себеп болатын түрткілер көп. Солардың бастылары: қызығушылығы, танымы мен сенімі, мұраты мен талғамы, мақсаты мен мүддесі. Адам баласына ой салатын осындай әртүрлі ұғымдар санаға ұяласа ғана сенім пайда болады. Адамның бір-біріне сенімі жоғалса, тіршілігінің де мәні болмайды. Сенім адамға бірден келмейді, ол өмір көріністерін топшылау, салыстыру, тәрбие жинақтау арқылы екінші жаққа өз тағдырын тапсырады. Сенім – адамның ерік-жігерін, оның бір-біріне қарым-қатынасының қандай екенін дәлелдейтін ұғым. Ендеше, баланың берік сенімі болмаса, онда бір-біріне ынтымағы да жойылады. Сенімсіздік болған жерде топ ыдырайды, іс–әрекет құлдырайды. Балалар бір-біріне сенген жағдайда ғана, қоғамға пайдалы үлкен іс атқаратын ұйым құра алады. Ондай іс-әрекетті балалар қозғалысына жатқызуға болады. Олай болса, балалардың және жеткіншектердің дамуында маңызды фактор – құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым-қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады, әлеуметтік мінез-құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады т.с.с. Жастар қозғалысы ол дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Кеңес Одағының тарауымен 1990 жылы Бүкілодақтық пионер слетінің шешіміне орай, балалар мен жас жеткіншектердің қоғамдық қозғалысының формасы мен басқару өкілдері тоқтатылды. Бұл жағдай мектепте және балалар ортасында тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесіне кері әсерін тигізді. Қазіргі таңда көптеген облыстарда балалар қозғалысы күш алуда, оны ұйымдастырудың әдістемесі және мазмұны жаңа сипатқа ие болуда. Мысалы, Алматы обылысы әкімшілігінің қолдауымен құрылған «Мың бала қозғалысы» осы бағытта балаларда үлкен тәрбиелік ықпал етіп, өнегелік іс-шаралар атқаруда. Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткіншектер қозғалысы XX ғасырдың бастапқы кезеңінде «Скауттар» деген атпен тұңғыш рет дүниеге келді. (шамамен 1907 жыл). Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Р.Баден – Поуэлл болды. Скаутизм – ағылшын тілінде scout, яғни «барлаушы» деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізі мақсат – балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді. 1921 жылы ол Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған. Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды. 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кейін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918 – 20 жылдардағы комсомолдардың 2,3 және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды. Оның мақсаты – жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу. 70 жылдай уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең-кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиеледі. Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды. БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ӘР ТҮРЛІ ФОРМАЛАРЫН ҚҰРУДА БАЛАЛАР МЕН ЖАСТАРДЫҢ ЫНТАСЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға - олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келді. Олардың қызметі 3 бағытты қамтиды. 1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдардың қарым- қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді. 2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді. 3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді. 1991 жылы ҚР балалар мен пионерлер ұйымдары үшін Ақмола облыстық пионер ұйымының авторлық ұжымдық профессоры Е.А. Димитренконың басшылығымен «Жұлдыз» бағдарламасы жасалды. Бұл бағдарлама балалар мен пионерлердің Республикалық кеңесінің Пленумінде қаралып, балалар мен пионерлердің Республикалық слетінде 1991 жылы мамыр айында қабылданды. Бұл құжатта былай жазылған: «Жұлдыз» бағдарламасы сенің жарқын өмір сүруіңе, қиындықтарды жеңуіңе, нағыз достар тауып, бақытты болуыңа көмектеседі. Ең бастысы – өз жұлдызыңның биік шыңына шығу тек өз қолыңда екенін ұмытпа. Бұл бағдарламаның 4 кезеңі көрсетілген: «Балапан» - 6 – 8 жас; «Балдырған» - 9- 11 жас; Жас ұлан – 12 – 14; Мұрагер – 15 – 18 жас. Республика мектептерінде «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларын жаңа үдемелі талаптарға сәйкес, оқу және тәрбие жұмысының жүйесінде қолдану мектеп басшылары, мұғалімдер, балалар мен пионерлер ұйымдары және ата-аналар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықтың басты демократиялық және өзін-өзі басқару принциптеріне негізделген. Балалардың қоғамдық бірлестігігі - ең алдымен ұйымдастырушы, өзін-өзі басқарушы, балалардың сұранысын, қажеттілігін, мұқтаждарын бейнелейтін белгілі бір мақсатқа жету үшін қатысушылардың көтерген бастамалары мен қалаулары бойынша құрылған қауымдастық. Балалардың әлеуметтік бағыттағы қоғамдық бірлестігі - ашық, демократиялы, қатал «қызметтік иерархиясыз» құрылым. Құрамында 18 – ге толмаған 2/3 бөліктен аз емес азаматтары бар ұйым бірлестік деп аталады. Үлкен адамдардың жетекшілігі (міндетті түрде бірлестік мүшелері немесе оған қатысушылар) ерікті, қоғамдық сипатқа ие. Қазіргі балалар қозғалысының маңызды ерекшеліктерінің бірі – ересек жетекшілерді олардың өздерінің таңдау құқығы. Балалар бірлестігінің жетекші – көшбасшысы жасына, жынысына, ұлтына, біліміне партияға мүшелігіне қарамай, Ресей Федерациясының балалар құқықтары және заңдары декларациясының шеңберінде кез келген адам бола алады. Балалар бірлестігі мемлекеттік және жеке меншік мекемелердің қоғамдық құрылымдарының тұрғылықты жері бойынша құрыла және қызмет ете алады. Балалар бірлестіктері бір-бірінен іс-әрекеттерінің мазмұны, қызмет ету ұзақтығы, басқару формалары арқылы ерекшеленеді. Іс-әрекеттің мазмұны бойынша еңбек, өткізілетін бос уақыт, қоғамдық-саяси, діни, патриоттық, танымдық және т.б. балалар бірлестіктері болуы мүмкін. Балалардың еңбек бірлестіктері оларды еңбекке баулуды ұйымдастыру міндеттерін жүзеге асырады. Оларға жеке экономикалық мәселелерді шешу мақсатында балалардың біріккен іс-әрекеті үшін құрылған оқушылар кооперативі мысал бола алады. Бос уақыт өткізетін, қоғамдық-саяси, патриоттық және т.б. бірлестіктер балалардың қабілеттері мен бейімділіктерін дамыту мәселелерімен және қарым-қатынас жасау, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі таныту үшін мүмкіндіктер жасау мәселесімен айналысады. Соған байланысты бұл ұжымдарға өз еріктерімен кіреді. Қызмет ету ұзақтығына қарай белгілі бір қосымша білім мектебі, мекемесі базасында балалардың тұрғылықты жеріндегі қоғамдық бірлестіктер тұрақты жұмыс істеуі мүмкін. Балалардың типтік уақытша бірлестіктеріне, балалардың жаздық орталықтары, туристік топтары және т.б. жатады. Кей мәселелерді шешу үшін көп уақытты талап етпейтін бірлестіктер де жатады (көмек акциялары, слеттерге және т.б. қатысушылар). Басқару сипатына қарай балалардың қоғамдық бірлестіктерінің ішінен формальды емес балалар бірлестігін, клубтық бірлестіктерді, балалар ұйымдарын бөліп көрсетуге болады. Мектептерде педагогтар, жетекшілер, кейде балалардың өзі, олардың ата-аналары көтереді. Бастама көтеруші педагогтар – балалар бірлестігінің ерікті кураторлары, жетекшілері, лидерлері және олардың белсенді қатысушылары. Осындай педагогтардың және белсенді оқушылардың топтары жаңа идеялардың генераторы болады. Қазіргі уақытта мектептердің тәрбие жүйесіне етене енген қоғамдық балалар құрылымдары (ұйымдар, клубтар, кеңестер, одақтар, балалар парламенттері және т.б.) құрылуда. Мектептің тәрбие жүйесінде балалардың қоғамдық құрылымы: - оқушылардың өздерін-өздері басқаруларының әрқилы формалары, органдары (жоғары сынып оқушыларының кеңестері, мектеп комитеті, думалар және т.б.); - мектеп (оқушылар) ұйымдары; - қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін балалардың қоғамдық бірлестіктері, ұйымдары; - ұжымдық шығармашылық істері, ойындар, спорттық, туристік-өлкетанушылық жарыстарды дайындау және өткізу бойынша кеңестер, штабтар сияқты уақытша балалар бірлестіктері; - балалардың өз бетінше жұмыс істейтін бағдарлы бірлестіктері (нақты сала бойынша білімді кеңейту, тереңдету) арқылы көрініс береді. Осындай балалар бірлестіктерінің әрқайсысының мектептің тәрбие жүйесіне ықпал ету ерекшеліктері мен тәсілдері бар. Мектептің тәрбие жүйесінде оқушылар ұйымдарының алатын орны ерекше. Олар мемлекет анықтаған мектептің негізгі міндеттерін шешетін педагогикалық ұжымның одақтастары, оқушының құқығын қорғаушылар, педагогтармен бірге өткізілетін мектептік олимпиадалардың, конкурстардың, байқаулардың, шығармашылық көрмелердің, пәндік апталықтардың белсенділері. Олардың іс-әрекеттерінің негізгі объектілері - мектеп, оқушы, «мұғалім - оқушы», оқу іс-әрекеті. Оқушы іс-әрекеттерінің мектептегі рөлі мен орны, оның оқушылар, педагогтар, ата-аналар алдындағы беделі – мектептегі тәрбие жүйесі нәтижесінің көрсеткіші. Мектеп пен балалар қоғамдық құрылымының өзара әрекеттестігінің негізгі мағынасы – мақсаты мен нәтижесі бала. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бір нәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді. Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде. Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі – бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт – бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі. Ғылыми – техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды. ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫНДАҒЫ ІС-ӘРЕКЕТ ФОРМАЛАРЫ Сабақтан тыс уақытта: Балаларға арналған журналдарды үнемі пайдалану Әр түрлі кездесулер өткізу Әр түрлі тақырыпта балаларға пікірталас, сайыс өткізу Мектептен тыс уақытта Музейлерге апару, табиғатқа саяхатқа шығу әртүрлі спорттық жарыстар өткізіп тұру каникул кезінде үйге тапсырмалар беру Ұстаздар ұйымы, ата – аналар, бүкіл жұртшылық балалардың бос уақытын өміріне пайдалы тәрбиелік мәні болатындай етіп, өткізуне көмектесу керек. Оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру оңай мәселе емес екендігі анық. Мұның қиындығы балалардың бос уақытын ұйымдастыру тәсілдерінің сан қилылығына байланысты. Біз практикалық және теориялық ісімізде әр жағдайға байланысты мәселенің әр қырынан келіп, әрқилы тәсіл таба білуіміз қажет. Сонымен оқушының бос уақытын тиімді пайдалану үшін ең алдымен олардың қандай пайдалы іспен шұғылдануды ұнататындығын, қабілеттерін зерттеп біліп алуымыз керек. Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді. Бірін – бірі шеттетпейді. Ортаға үйренеді. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘРБИЕЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ НЫҒАЙТУ «Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Инновация латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңалық», «жаңарту» дегенді білдіреді немесе «инновация» — бұл нақты қойылған мақсатқа жетуде ойға алынған жаңа нәтиже. Нақты мақсатқа қандай әдіс-тәсілдердің көмегімен жетуге болады? Оқу мақсатының жүйесінде берілген мақсаттың негізгі категорияларын пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек, мақсат пен нәтиже - жаңалыққа бет бұрудың кілті. Инновациялық үрдістің негізі - жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу-тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. Қазіргі оқу орындары мен педагогикалық ұжымдар ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады. Жаңа технологияны қолдану оқып үйрену, меңгеру, өмірге ендіру, дамыту кезеңдері арқылы іске асады. Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық оқушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін оқушының сезінуі. Бүгінгі таңда білім берудің ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістердің сатысында тұр. Қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Сондықтан да қазіргі уақытта мамандық атаулының барлығы дерлік бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін ғана емес, мектеп ұжымынан үлкен жауапкершілікті, қызу белсенділікті талап етеді. Білім беру мекемесінің алға қойған мақсатына жетуі үшін басқаруға ықпал жасайтын (мұғалімдер, мектеп оқушылары) және өзінің басқарушы ішкі жүйесі (әкімшілік, педагогикалық ұжым) біртұтас жүйе болғандықтан, инновацияға үнемі орын табылады. Ал жаңа өзгеріс нәтижесі білім беру мекемелері үздіксіз өзгеретін және дамитын жаңа қайшылықтардың көздері болады. Сонымен қатар басқарудағы маңызды орын үнемі қозғалыс пен дамуда болатын педагогикалық және балалар ұжымының қажеттілігіне беріледі. Инновацияның қажеттілігі сыртқы себептермен де анықталады, мынадай бірқатар себептерге байланысты: адамдардың мұқтаждылығын қамтамасыз ету қажеттілігі, мектеп оқушыларының білімге, дағдыға шеберлікке деген ұмтылысы, жоғары сапалы білім алудағы жеке түлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында ұстап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез келген білім беру мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады. Білім беру қоғамдық әрекет ретінде қоғамда өзгеріс ізін қалдырады. Білім беру жүйесінің даму деңгейі қоғамдық дамудың белгілі дәрежесінің нәтижесі немесе салдары деп айтуға болады. Дегенмен, кері байланыс та бар. Білім беру жүйесінің өзі қоғам мен оның дамуына ықпал етеді. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Осы тұрғысынан қарайтын болсақ, білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек қана салдары болып қоймай, қажетті шарттары да болып табылады. Педагогтердің идеясы, ойлап шығарулары мен ашулары сияқты кез келген инновациялық қызметінің нәтижесі мектептер мен педагогика ғылымының прогрессивті дамуына ықпал етуі керек. Бұл қызметті күнделікті тіршілік әрекеті мен психологиялық және тағы да басқа стресс сияқты нәрселерден құтқарып, шығармашылық ой заңдылығы бойынша және ғылымның өзіне тән дамуының кең өріс алуына мүмкіндік беруі керек. Жалпы, білім беруде енгізілген жаңалық тек педагогикалық қана емес, ол қоғамдық та мәселе болып табылады, білім беру қызметі қоғам үшін ерекше ықылас білдіріп, балалар үшін бұл саладағы жаңалыққа қоғамның мүдделі екенін де айтуымыз керек. Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет. |