|
Тохтарбаева Ләйла педиатрия күнделік (копия). Орындалан жмыс клемі мен мазмны Манипуляциялар тізімі мен саны
Күні
| Орындалған жұмыс көлемі мен мазмұны
| Манипуляциялар тізімі мен саны
| Баға
| Ментордың ескертуі мен қолы
| 15.12.21
| Мен Тохтарбаева Ләйла Жанарбекқызы ШЖҚ КМК Семей қаласының Дүйсенбі Қалматаев атындағы жоғарғы мемлеттік медицина колледжінің 2курс қолданбалы бакалавр1тобының білім алушысы «Педиатря» пәні бойынша медбикелік күтім бойынша тәжірибеден өтудемін.,өту орыным:«Жарма аудандық орталық ауруханасы.» Бүгін алғашқы тәжірибеден өту күнім. Бүгін мені аға медбрат Айбек Дүйсенгазиович қарсы алды. Бізге медициналық мекеменің жұмыс көлемімен, тәжірибенің өту ережесімен таныстырды. 8:00-13:00ге дейін тәжірибе уақытын белгілеп, Пациентпен дұрыс қарым-қатынас жасау керек екенін мақұлдады. Бізді бөлімге апарып, ондағы медбикемен таныстырып, жұмыс барасын түсіндірді Көк тамырға тамшылатып құю әдісімен таныстырып өтті.(Жас балаға) Іс әрекет алгоритміне көшетін болсам:
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Қолыңызды гигиеналық деңгейде тазартып, тері антисептигімен қолыңымды өңдейміз, қолғапты киеміз
2. Дәрілік ерітіндіні тамшылатып енгізу үшін бір рет қолданылатын жүйені даярлаймыз (сакталу мерзімін және ораудың саңылаусыздығын тексереміз).
3. Дәрілік ерітіндісі бар флаконды даярлаңыз (дәрілік ерітіндінің атын, мөлшерін, сақталу мерзімін және сыртқы түрін тексеріңіз, дәрігердің ем тағайындайтын парағымен салыстырыңыз). Этикеткасына науқастың аты-жөнін, палатаны көрсетеміз
4. Флаконның металды қалпағының ортаңғы бөлігін пинцетпен аламыз.
5. Тері антисептигіне суландырған мақта шариктерімен флаконның резеңке тығынын 2 рет тазартамыз.
6. Бір рет қолданылатын жүйенің пакетін қайшының көмегімен ашамыз, ораудан жүйені шығарамыз.
7. Жүйенің бұрандалы қысқышын жабамыз.
8. Жүйенің қысқа шетіндегі инені алып, қалпағын шешіп, оны флаконның резеңке тығынына тірелгенше енгіземіз. Тамызғыштағы ауа кіргізгішті ашамыз (егер де ауа кіргізгіші болса, оны флаконның тығынына тірелгенше енгіземіз), оның бос шетін флаконға бекітеміз
9. Флаконды түбінен төңкеріп жоғары қаратып, сол қолмен жүйенің бос шетін ұстап, штативке бекітеміз.
10. Тамызғышты ақырын қысып, жарты көлеміне дейін дәрілік ерітіндімен толтырамыз.
11. Бұрандалы қысқышты ашып, жүйеден ауаны толық шығарғанша және инъекция жасайтын инеден тамшы көрінгенше жүйенің ұзын түтігін ерітіндімен ақырын толтырамыз.
12. Бұрандалы қысқышты жауып, инъекция жасайтын инеге қалпақты кигіземіз.
13. Жүйенің ұзын түтігінде ауа көпіршігінің жоқтығын тексереміз
14. Тері антисептигімен суландырған мақта шариктерін, салфеткаларды, ұзындығы 4-5 см сопақ жіңішке (1см) 2 жабысқыш пластырьді саламыз.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 20.12.21
| бүгін тәжірибенің 2күні бүгін үйренгенім,Балаларға антропометриялық тексерулер жүргізу және БАБЖ бағдарламасы бойынша физикалық дамуды бағалау.
Іс әрекет алгоритмі:
Анасына шараның өткізу ретін түсiндiріңіз, рұқсатын алыңыз
Таразыны қозғалмайтын беткейге орналастырыңыз
Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
Таразының беткейiн дезертiндіге батырылған сүрткішпен өндеңіз
Таразыны жұмысқа дайынданыз, арнайы кнопкаға басыңыз, индикаторда «8888888» «000000» дейін сандар пайда болады
Жүк көтергiш платформаға жөргек салыңыз -индикаторда оның салмағы жарықтанады және kg деген жазылу шығады
Жөргектiң салмағын "Т" кнопкасына басып, машинанын ойына тастаңыз, индикаторда нольдер және NET пайда болады
Баланы таразының беткейіне жатқызыңыз, индикаторда баланың салмағы жазылады
Баланы алып, анасына беріңіз
Нәтижесін баланың даму тарихына жазыныз, анасына айтыңыз
«Т» кнопкаға басып, жөргектің салмағын алыңыз
Арнайы кнопкаға басып, таразына өшіріңіз
Қолғапты шешіп, жоюға арналғал контейнерге салыңыз
Қолды жуып, кептіріңіз.
Тәжірибе аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 21.12.21
| бүгін тәжірибенің 3күні бүгін үйренгенім, Жаңа туылған балаға асфиксия кезінде дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету.
Іс әрекет алгоритмі:
Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз
Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз
Баланы жылытылған жөргекке салып, үстелге жатқызыңыз
Тыныс алуын, жүрек соғуын (кіндік пульсация арқылы) тексеріңіз
Егер жүрек соғуы 100р/мин төмен болса электросорғыш көмегімен ауыз қуысы және мұрын жолдарын шырыштан тазартыңыз.
30секундтан кейін қайталап ЖСЖ мен ТАЖ санаңыз.
Егер жүрек соғу жиілігі минутына 100ден төмен болса Амбу қапшығы арқылы және маска көмегімен деп беріңіз. Жасанды дем беру 30 секундта 40-60 рет жиілікте жүргізіледі. (масканың өлшемі жасына сәйкес болу керек:шала туған бала-0, мерзімінде туған бала-1) Маска нәресте иегіне тығыз киіліп, баланың аузы мен мұрынын жауып тұруы керек.
Қайтадан жүрек соғу жиілігін және тыныс алу жиілігін тексеріңіз
Жүрек соғу жиілігі 60рет/мин төмен болса ( көрсеткіш болса трахея интубациясы), жүрекке тікелей емес массаж жасаңыз. 1:3 қатынасында 1 минутта 30вентиляция және 90 компрессия жүргізу. Көктамырға адреналин(эпинефрин) ерітіндісін 0,1-0,3 мл/кг еңгізіңіз
Баланың жағдайын бағалаңыз
Егер 10 минуттан кейін баланың жағдайы жақсармаса , реанимациялық шараларды тоқтату керек.
Тәжірибе аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 22.12.21
| бүгін тәжірибенің 4күні, бүгін үйренгенім, 1 жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсiндiріңіз, рұқсат алыңыз
2 Көлденен бой өлшегiштi шкаласымен өзiне қаратып үстелге орнатыңыз
3 Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз,қолғапты киіңіз
4 Бой өлшегiштi дез.ерiтiндiге батырылған сүрткішпен өндеңіз
5 Жөргектi бой өлшегiштiн үстiне жайыңыз (шкала ашық болсын)
6 Баланың басын бой өлшегiштiн жылжымайтын тақтайына тигiзiп жатқызып, анасы баланың басын ұстап тұруын сұраңыз
7 Баланың аяқтарын қолмен тiзеге басыңыз
8 Табандарға бой өлшегiштiн жылжымалы тақтайшасын тақаңыз
9 Шкала бойынша баланың бой ұзындығын анықтаңыз, баланы алып анасына беріңіз
10 Нәтижесiң баланың даму тарихына жазып, анасына нәтижесiн хабарлаңыз
11 Бой өлшегіштен жөргекті алыңыз
12 Бой өлшегiштiн жұмысшы беткейiн дез.ерітінге батырылаған сүрткішпен өндеңіз
13 Қолғапты шешіп, контейнерге салыңыз
14 Қолды жуып, құрғатыңыз
Тәжірибе уақыты аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 23.12.21
| бүгін тәжірибенің 5күні, бүгін үйренгенім, Энтеробиозға тік ішек маңы қатпарларларынан қырынды алу..
Іс әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
2 Жолдаманы толтырыңыз
3 Қолды антисептикпен өңдеп,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
4 Стеклографпен заттық әйнегіне белгі қойыңыз.
Заттық әйнегіне глицерин тамшысын тамызыңыз.
5 6 айға дейiнгi балаңы арқасымен аяғын көтерiп ,6 айдан асқан баланы сол жақ қырымен жоғарғы аяғын тiзесiнен iшiне бүгіп жоғары бұрыңыз.
6 Сол қолдың 1-2 саусақтарымен жамбасын ашыңыз
7 Глицерин тамшысына әйнек таяқшасын батырып, тік ішектің төменгі бөлігінің анальды қыртысынан қырынды алыңыз.
8 Заттық әйнегіндегі глицерин тамшысына әйнек таяқшасымен жағынды жасаңыз.Үстіне екінші әйнекпен жауып, крафт қағазына орап қойыңыз.
9 Материалды жолдамамен 1 сағатта зертханаға жіберіңіз.
10 Қолғапты шешіп, қауыпсыз жоюға арналған контейнерге салыңыз. Қолды жуып, кұрғатыңыз
Тәжірибе уақыты аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 24.12.21
| бүгін тәжірибенің 6күні, бүгін үйренгенім, БЦЖ вакцинациясын өткізу техникасы, вакцинация және ревакцинация өткізу мерзімі
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
2 Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз,қолғапты киіңіз
3 Қораптан вакцина ампуласын ерітетін еріткішімен алыңыз.
4 Ампула мойнын мақталы шарикті спиртке матырып- сүртіңіз, наждакты дискпен кесіңіз. Стерилді дәкемен ұстап сол жерден сындырыңыз
5 Ампуланы мензурка ішіне қойыңыз. 2 мл шприц қабын ашыңыз, шприц канюласына инені кигізіңіз, инеден қақпақшасын алыңыз . Еріткіш ампуласын алып, одан шприцке 2,0 мл мөлшерінде сорып алыңыз
6 Еріткішті( ақырын қабырға бойымен) БЦЖ вакцинасы бар ампулаға құйыңыз. Ампуланы стерилді дәкемен жабыңыз, вакцинаны жақсылап арыластырыңыз. Қолданған шприцті дез.ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз
7 Туберкулинді шприц қабын ашып, инеден қақпақшасын алыңыз . Дайындалған БЦЖ вакцинасын қолға алып, туберкулин шприцке 0,05 мл вакцина сорып алыңыз . Қалған вакциналы ампуланы мензуркаға салыңыз, оны стерилді мақталы шарикпен және қара қағаздан әзірленген жарықтан сақтайтын конуспен жауып қойыңыз.
8 Стерилді столдан дәкені пинцетпен алып, шприцпен ауаны стерилді дәкеге (мақта шарикке) шығарыңыз.
9 Шприцте 0,05 мл вакцина қалуы керек. Шприцті стерилді столға қойыңыз
10 Баланың сол иығының ортанғы 1/3 сыртқы бетін 70% спиртке матырылған мақталы шарикпен өндеңіз ( шарикті контейнерге салыңыз)
11 Инені ұшын жоғары қаратып (10-150 бұрышпен ) тері ішіне вакцинаны «лимон қабы» түзілгенше енгізіңіз. Спиртті мақта шаригін қолданбай, инені алыңыз . Туберкулинді шприцті дез.ерітіндіге салыңыз
12 Қолғапты шешіп , қауыпсыз жоюға арналған контейнерге салыңыз
13 Медициналық құжаттарға № 063/у , № 112/у формаларына тіркеңіз
Тәжірибе уақыты аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 27.12.21
| бүгін тәжірибенің 7күні, бүгін үйренгенім, Дифтерия ауруын алдын алуы.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
2 Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
3 Шприцті еріткішпен алып, оның қақпағын ашыңыз. Инені шприцтың конюлясына кигізіңіз
4 Флакондағы вакцинаның түсті қақпағын алып, 70% спирт ерітіндісіне матырылған мақта шаригімен өндеңіз
5 Вакцинаны дайындау үшін,еріткішті флаконға енгізіп, жақсылап араластырыңыз (инені қалтырып араластырыңыз) . Флаконнан 0,5мл вакцинаны сорып алыңыз. Инені алып қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз
6 Вакцинаны еңгізуге арналған инені шприцтің конюлясына кигізіңіз,стерильді үстелге қойыңыз
7 Баланың санның алдыңғы - латеральді бетінің ортаңғы 1/3 бөлігін 70% спирт ерітіндіге матырылған мақта шаригімен өңдеңіз. Қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз
8 Вакцинаны бұлшық ет ішіне 0,5 мл дозада енгізіңіз. Инені шығарып алыңыз. Инъекция жасалған жерді спиртті мақта шаригімен өңдеңіз
9 Шприцті қорапшаға, мақта шариктерін контейнерге салыңыз
10 Қолғапты шешіп , контейнерге салыңыз .Қолды жуып, кептіріңіз
11 Медициналық құжаттарға № 063/у , № 112/у формаларына тіркеңіз
Тәжірибе уақыты аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 28.12.21
| бүгін тәжірибенің 8күні, бүгін үйренгенім, Көк жөтелде бактериалық зерттеуге материалды алу.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз
Жолдаманы толтырыңыз
Стеклографпен Петри чашкасына жолдаманың номерін жазыңыз
Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз. Маска киіңіз
Баланы анасын алдыңа, жарыққа қаратып отырғызыңыз.
Бала жөтелген кезде Петри чашкасың ортағы қақпағын ашып, ауызына төсеңіз 5-10см алшақта . 10-20 секундта аралығында егу жүргiзіңіз( 5-6 рет жөтелуі керек)
Ескерту: егер жөтел болмаса тілдің ұшын шпатель арқылы тітіркендіріңіз.
Петри тостағаншасының қақпағын жауып , бактериологиялық лабораторияға жолдамамен жiберіңіз
Резенке қолғапты шешіп, дез.ерітіндіге салыңыз
Қолды жуып, кептipіңіз
Тәжірибе аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 29.12.21
| бүгін тәжірибенің 9күні, бүгін үйренгенім, Гигиеналық ваннаны өткізу.
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз.
Ваннаны тегіс жерге орналастырыңыз.
Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз.
Ваннаның ішін дез.ерітіндімен өңдеңіз.
Ваннаның түбіне бірнеше қабатталған жөргекті және су термометрін салыңыз .Ваннаның ортаңғы бөлігіне дейін жылы су 37-380С құйыңыз.
Ваннадан шайындыруға арналған суды ыдыспен алыңыз.
Баланы шешіндіру, керек жағдайда жыныс мүшелерін ағын суымен жуыңыз Баланы абайлап суға салыңыз: бірінші аяғы мен жамбасы, онан кейін денесінің жоғарғы бөлігін. Су кеуде аймағына жетіп тұруы қажет.
Сол қолмен баланың басы мен денесінің жоғарғы бөлігін сүйеп тұрып оң қолды босатып алыңыз.
Оң қолмен сабынды алыңыз, баланы келесі кезекте жуындырыңыз: бас (маңдайдан желкеге)-мойын-дене-аяқ-қолдары (әсіресе табиғи қыртыстарын)
Ең соңында жыныс мүшелері мен жамбас арасын жуыңыз
Баланы судың үстінде бетін төмен қаратып көтеріп ұстаңыз
Баланы ыдыстағы арнайы сумен шайындырыңыз
Балаға сүлгіні жауып жөргектейтін үстелге жатқызыңыз, абайлап құрғата сүртіңіз
Табиғи қыртыстарын стерильді өсімдік майымен немесе бала ұнтағымен өңдеңіз
Баланы жөргектеп төсекке жатқызыңыз
Ваннадағы суды төгіп, оны шайыңыз. Дез.ерітіндімен сүртіңіз
Қолғапты шешіп, қорапқа салыңыз .Қолды жуып, құрғатыңыз Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 30.12.21
| бүгін тәжірибенің 10күні, бүгін үйренгенім, Мұрыннаң қан кету кезінде көмек көрсету.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін,балаға жедел көмек көрсету туралы түсіндіріңіз
2 Баланы тыныштандырыңыз
3 Басын төмен түсіріп отырғызыңыз (аспирацианы, қанды жутуды алдын алу)
4 Қысып түрған киімді босатыңыз , баланы терең және тегіс дем алуды сұраңыз
5 Таза ауамен қамтамасыз етіңіз
6 Қан кеткен жағынаң мұрын қанаттарын мұрының қабырғасына басыңыз
7 Тамырларды тарылту үшін, мұрынға және желкеге 30 минут суық компресс қойыңыз
8 Аяққа жылытқыш немесе ыстық ванна қойыңыз
9 Дәкені 3% сутегі асқын тотығына немесе 0,1 % адреналин ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон қышқылына малып, мұрын жолдарына еңгізіңіз
10 Егер қан тоқтамаса 3% Н2О2 ерітіндісіне немесе 5% аминокапрон қышқылына малып 25-30 см ұзындығы турунданы алып мұрын қуысына тығындаңыз (турунданы 12-24 сағатқа қалдыру керек)
11 Дицинон, кальций глюконат бұлшық етке енгізіңіз
12 Дәрігердің нұсқауы бойынша қан тоқтататын препараттар беріңіз
13 Себебін анықтап және оларды жойыңыз
Тәжірибе уақыты аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
|
|
|
| 05.01.22
| бүгін тәжірибенің 11күні, бүгін үйренгенім , Құлақты тазалау. Құлаққа дәрі тамызу.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз
2 Тамызатын дәріні тексеріңіз (оқы дәрінің атын, концентрациясын, сақтау мерзімін)
3 Тамызғыштың тұтастылығын тексеріңіз
4 Тамызатын дәріні су моншасында 360-370С дейін жылытып алыңыз
5 Қолды антисептикпен өндеңіз,кептіріңіз, қолғапты киіңіз
6 Басын бір жаққа қаратып, баланы жатқызыңыз (үлкен баланы отырғызыңыз)
7 Турунданы айландыра енгiзiп, құлакты тазалаңыз
8 Оң қолға тамызғышты ал, дәріні сорып ал, тамшының жылулыған анықтау үшін бір тамшысын кәрі жілік буының сыртына тамызыңыз
9 2 жасқа дейінгі баланың құлақ қалқасың артқа және төмен тартып, 2 жастан асқан баланың құлақ қалқасын артқа және жоғары тартып дәрiнi тамызыңыз
10 Дәрілік заттын 5-6 тамшысын тамызып, құлақ төмпешігіне бір неше рет басыңыз
11 Құлаққа 15-20 мин.мақта тампонын салыңыз
12 Анасына оның қажеттілігін түсіндіріңіз
13 Құлақты құрғақ мақта шаригімен сүртіңіз
14 Қолды жуып, кептіріңіз
Тәжірибе аяқталып, сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 06.01.22
| бүгін тәжірибенің 12күні, яғни соңғы күні, бүгін үйренгенім, Шала туылған баланы зонд арқылы тамақтандыру.
Іс-әрекет алгоритмі:
1 Анасына шараның өткізу ретін түсіндіріңіз, рұқсатын алыңыз
2 Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз. Бет пердесін киіңіз.
3 Лотоктағы 60-70 0С суға қойып 36-370С дейін ана сүтін жылытыңыз .
4 Бас жағын жоғарлатып баланы қырынан жөргектеу үстеліне жатқызыңыз.
5 Залалсыздандыралған асқазан зондын алыңыз. Зондты енгізу ұзындығын анықтау үшін мұрын ұшынан-құлақ сырғалығына дейін-төстің семсер тәрізді өсіндісіне дейін өлшеп алыңыз. Лейкопластырьмен белгілеп, канюлясын жабыңыз.
6 Зонд ұшынан 7-8 см қашықтықта ұстап, мұрын арқылы белгіленген жерге дейін енгізіңіз. (зондты енгізген кезде балада жөтел, цианоз байқалса - зонд тыныс жолдарын енгізілді, онда зондты шығарып, балаға ылғалдатылған оттегі беру қажет).
7 Шприцке керекті мөлшерде жылы ана сүтін жинаңыз. Зондтың қақпағын ашып, сүтi бар шприцті жалғастырыңыз.
8 Зондты сәл көтеріп,сүттi жаймен асқазанға жiберіңіз
9 Тамақтандырып балғаннаң кейiн шприцті зондтан шығарып алыңыз, зонд канюлясын жауып,зондты лейкопластырмен баланың бетіне жабыстырыңыз ( 24-48 сағатқа дейін зондты қалтыруға болады) немесе
10 Ауыз құысынаң 2-3 см қашықтықта оң қолдын 1, 2 саусақтарымен зондты ұстап, дәкемен зондты шығарып алыңыз
11 Баланы бас жағын жоғарлатып, оң жақ қырымен жатқызыңыз
12 Дәкені, шприцті, зондті қауіпсіз жоюға арналған контейнерге, пинцетті дезерітінді бар ыдысқа салыңыз.
13 Қолғапты шешіңіз, қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз Қолды жуып, құрғатыңыз.
Тәжірибе аяқталып сағат 13:00де аға медбикенің рұқсатымен үйге қайттым. Тәжірибе платформада жалғасын тапты.
| Қолды жуу 5рет.
Қолғап ауыстыру 5рет
Маска ауыстыру 3рет
|
|
| 24.01.22
| Бүгін тәжірибенің жалғасы платформада онлайн өтті, ситуациялық есептің шешімін, күнделікке бекіту.
№ 1 Есеп
4 жасар бала жедел ауырған, дене қызуы 38,40С көтеріліп, денесінде, басында, әр жерінде, әр түрлі бөрткендер бар. Олар қызыл дақты, суланып-қолдыраған, қотырланған. Басқа мүшелерде ауытқулар жоқ, көніл-күйі жаман емес.
Тапсырма:
1. Қандай диагноз қоюға болады?
Жауабы:Желшешек 2.Алдын алу: Алдын алу шаралары. Науқасты соңғы жаңа бөртпе элементтері пайда болғанға дейін, 5 күнге дейін үйде жеке ұстайды. Ал бұрын бұл инфекциямен ауырмаған, жел шешекпен ауырған науқаспен байланыста болған 7 жасқа дейінгі балаларды 21 күн оңаша жатқызады. Желшешекке қарсы вакцина жоқ.
№ 2 Есеп
Баланың ауырғанына 4 күндей болған, жедел басталып, ыстығы 380С-390С. Тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, жұтынған кезде тамағы сәл ауырады. Құлақ маңы безі екі жағында ісініп тұр, ісінген жерде тері түсі өзгермеген, сипап көргенде сәл ауырсынады, ауызы мен жұтқыншақта өзгерістер жоқ.
Тапсырма:
1. Қандай ауру?
Жауабы: Паротитті инфекция
2. Емдеу. Алдын алу: Аурудың алдын алу шаралары: ауру адамды бөлектеп, науқаспен бірге болған 10 жасқа дейінгі сау балаларды 21 күнге оқшаулайды. Жаңа туған нәрестелерге 15 – 18 айында әдейі паротитті вакцина егеді. Емі: қабынған жерге жылу қою, электр-терапиямен (УВЧ) емдеу; ауру асқынғанда преднизолон, гидрокортизон, пантрипин, ингитрил, контрикал, панкреатин, фестал, анальгин, пентальгин, фуросемид, т.б. дәрілер беріледі. 3. Асқынуларын ата: Ауру асқынғанда ми қабығын зақымдайды (қара Менингит, Энцефалит), сондай-ақ, бүйрек, көру, есту органдарында асқыну байқалады.
| Желшешекте бөртпелерді бриллиант жасылымен өндеу.
Мақсаты: инфекциядан сақтау
Көрсеткіштері: денесінде көпіршіктердің болуы
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Анасына процедураның мақсатын түciндip, рұқсат ал.
2. Қолыңды жуып, кептip, резеңке қолғап киі
3. Жөргектеу үстелін дезерітiндiмен өнде.
4. Жөргектеу үстеліне жөргек сал.
5. Баланы үстелге отырғыз, шешіндір.
6. Қолды жуып, қолдың саусақтарын спиртке малынған мақта тампонымен сүрт.
7. Басқа стерильді мақта оралған таяқшамен 1% бриллиант жасыл ерітіндісіне батырып бөртпелерді өнде.
11. Баланы киіндір
12. Мақта шариктерін, таяқшаларды қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сал, қолданған пинцетті дезерітінді бар ыдысқа сал.
13. Қолғапты шеш,қолғапты қауіпсіз жоюға арналған контейнерге сал. Қолыңды жуып, құрғат.
|
|
| 25.01.22
| Ситуациялық есеп шешімі: № 1 жағдаяттық есеп
5 жастағы бала. Ауру жедел басталған, дене қызу 40 градустан асқаң, көзі жасаурап, қызарып тұр, жарыққа қарай алмайды, мүрнынан су аға береді. 4 күннен бастап бетінде жалпақша келген қоңыр- қызыл түсті бөрткен пайда болған, ертеңінде денесінде, сонан соң аяғында осындай бөрткендер пайда болған, бөрту кезеңінен бастап ыстығы түсіп, жағдай жақсара басталған.
Бала бақшада бір бала ауырған.
1. Қандай ауру?
Жауабы:Қызылша № 2 жағдаяттық есеп
5 жастағы бала жедел ауырған, ыстығы 38,3 градус көтеріліп, денесінде, басында, әр жерінде, қызыл ұсақ бөртпелер бар. Олар қызыл дақты.
Артқы мойын лимфа түйіндері ісінген, ауырсынады. Басқа мүшелерде аутқулар жоқ, көніл- күйі жаман емес.
Анамнез бойынша: көрші бала солай ауырған.
1. Қандай диагноз туралы ойлануға болады?
Жауап:Қызамық
|
Мақсаты: қызылша ауруды арнайы алдын алу
Клиникалық дағдының орындауының алгоритмі
1.Анасына шараның өткізу ретін түсiндiріңіз, рұқсатын алыңыз
2.Қолды антисептикпен өндеңіз, кептіріңіз, қолғапты киіңіз
3.Ампуладағы ерітіндінің мойнын спиртке батырылған шарикпен сүртіп, кесіңіз. Еріткішті 2,0 мл шприцке сорып алыңыз
4.Флакондағы вакцинаның түсті қақпағын алып,70% спирт ерітіндісіне матырылған мақта шаригімен өндеңіз
5.Вакцинаны дайындау үшін еріткішті флаконға енгізіңіз ,жақсылап аралыстырыңыз (алақаның арасында)
6.Флаконнан вакцинаны өздігінен жабылатын шприцке 0,5 мл сорып алыңыз, ауасын иенің қақпақшасына немесе дәкеге шығарыңыз
7.Залалсыздандырылған лотокқа қойыңыз
8.Баланың иығының терісін 70% спиртпен өңдеңіз
9.Вакцинаны 0,5 мл дозаны тері астына салыңыз
10.Шприц пен инені дез.ерітіндіге , мақта шариктерін контейнерге салыңыз
11.Қолғапты шешіңіз,қолды жуып,кептіріңіз
|
|
| 26.01.22
|
Ситуациялық есеп шешімі:
№ 1 Есеп
Баланың ауырғанына 2 жұмадан асқан. Ауру басында сирек құрғақ жөтелден басталған, құрғақ жөтел күн сайын жиілеп, жағдайы нашарлай бастаған. 12-14 күннен бастап, жөтел құрғақ ұстамалы түрге айналған, ұстама жиілігі тәулігіне 20 ретке дейін болады, әр ұстама кезінде булығып қалады, жөтел репризбен бітеді, көз маңайы мен беті домбыққан, көздің ағы қан талаған.
Тапсырма:
1. Қандай ауру?
Жауабы:Көкжөтел
2. Емдеу: Антибиотиктер жөтел ауыруы үстамастан бұрын, көкжөтелдің алғашқы сатысында ғана көмектеседі. Эритромицин немесе ампициллин беріңіз. Хлорлы амфеникол да көмектеседі, бірақ ол қауіпті. Ауырудың алғашқы белгілері бойынша сәбилерді 6 айға дейін емдеу өте қажет.
Аса ауыр жағдайларда, әсіресе бала үйықтай алмаса немесе конвульсия (қалшылдау) болған кезде кекжөтелге фенобарбитал көмектесе алады.
Егер баланың жетелден соң тынысы тоқтап қалса, онда баланың басын төмен қаратып саусағыңызбен аузындағы шырышты алып тәстаңыз, содан кейін алақаныңызбен арқасынан қағыңыз.
Салмағын жоғалтпауы үшін және тамаққа жарымай қалуын болдырмау үшін баланың құнарлы тамақтануын қадағалаңыз. Бала ішіндегіні құсып тастағаннан кейін оны бірден тамақтандырыңыз.
3. Алдын алу: Аурудың алдын алу үшін балалар емханасында баланың 5 айлығынан 14 жасқа дейін мезгіл-мезгіл вакцина егеді, аурумен жақын араласқан 7 жасқа дейінгі балаларды басқалардан оқшаулап (2 аптаға, ал егер сырқатпен бірге тұрған болса – 25 күнге дейін) карантин жариялайды. Ауру баланы қалалық көлікпен алып жүруге болмайды. Көкжөтелді жоғары қысымды таза ауамен (баротерапия) емдейді. Науқас балаға витамині мол құнарлы тамақ ішкізу қажет. Режим сақтап, тек дәрігер белгілеген әр түрлі антибиотиктерді уақытымен қабылдауы керек.
|
1
|
|
| 27.01.22
|
Ситуациялық есеп шешімі:
Есеп
Ауру жедел басталған, гипертермия синдромы бар, бала жағдайы нашар, сана сезім, ес-түсі толық емес, құса береді.
Тексергенде: желке бұлшық еті тартылып, Керниг, Брудзинский симптомдары пайда болған.
Тапсырма:
1. Қандай диагноз?
Жауабы:Менингококкты инфекция
2. Қандай тексеріспен анықтаймыз?
Жауабы: Стационарлық деңгейде жүргізілетін негізгі (міндетті) диагностикалық тексерулер (шұғыл жатқызу кезінде) [1, 2, 3]:
· қанның жалпы талдауы;
· несептің жалпы талдауы;
· қанның биохимиялық талдауы (креатинин, несепнәр, глюкоза, жалпы ақуыз және ақуызды фракциялар, электролиттер:калий, натрий, кальций, хлор, АЛТ, АСТ, билирубин);
· коагулограмма (ПУ-ПТИ-ХНҚ, ПУ, БІТУ, РФМК, фибриноген, ТВ, ұюы уақыты, қан кету уақыты);
· жұлын-ми пункциясы: ликвораны цитозға зерттеу, қанды, хлоридтерді, ақуызды анықтау;
· мұрын-жұтқыншақтан алынған жағындыны N. Meningitides-ке бактериологиялық зерттеу;
· ликворды бактериологиялық зерттеу;
· қанды бактериологиялық зерттеу;
· бактериоскопия үшін «жуан тамшыға» қан;
· ликвордың бактериоскопиясы.
|
Гипертермия кезіндегі жедел жәрдем:
Мақсаты: дене қызуын түсіру.
Көрсеткіші: дене қызуының көтерілуі.
Кері көрсеткіші: жоқ.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. баланы төсекке жатқызу.
2. қысатын киімдерін шешу.
3. керекті таза ауа мөлшерін жеткізу.
4. гипертермия түрін анықтау:
· егер қызыл болса(жеңіл)-қызу түсіретін физикалық әдістерді қолдану, көп мөлшерде сұйықтық беру, ыстық түсіретін дәрілер беру.
· Егер ақ болса(ауыр)-қызылға ауыстыру (баланы жылыту, жылы сұйықтық беру, мүмкіндігінше спазмолитиктер беру-но-шпа, папаверин енгізу.
5.Осы әдісті температураға байланысты жүргізу:
А. 37,0-37,5 С -көп мөлшерде сүйықтық тағайындау.
Б. 37,5-38С –физикалық әдістер қолдану: суық басу,шешіндіру,суық орамалмен сүрту,мұздық қою, желдеткішті қосу,шекесіне компресс қою.
В. 38,0-338,5 энтеральді ыстық түсіретін дәрілер беру/ парацетамол
Г. 38,5 С жоғары болған жағдайда бұлшық етке, көк тамырға енгізіңіз:
Анальгин 0,1-1жас
Димедрол 0,1мл-1жас
Папаверин 0,1мл-1жас
6.Оксигенотерапия жүргізу.
7.Ем жүргізгеннен бастап 20-30мин ішінде баланың зәрін сыртқа шығару.
8.20-30мин кейін термометрияны қайта жүргізу.
Нәтижені бағалау: өткізіліп жатқан әрекеттерден соң 20-30мин кейін дене қызуы. 0,2 - 0,3 градусқа түсуі керек
Ескерту: ерте жастағы балаларға аспирин, цефекон,балауыздар қолдануға болмайды
|
|
| 28.01.22
|
Ситуациялық есеп шешімі:
Есеп
6 жастағы бала түнде ауырып шықты,дене қызуы 39˚С дейін көтерілген, басы, жұтынғанда тамағы ауырады,денесінде қызғылт бөртпелер бар. Тексеріп қарағанда; жалпы жағдайы орташа,дене қызуы 38,8˚С, денесінде терісі түгел қызарған,оның үстінде ұсақ бөртпелер бар,әсіресе табиғи қатпарлармен бетінде бөртпе қоюланған.Ауыз-мұрын үшбұрышы боз,бөртпеден таза.Тамағында өте айқын гиперемия,сол жақ көмей безінде іріңді фолликулалар.Тілін сұрғылт қабыршақ жапқан.Пульсі-жиі.
1.Сіздің диагнозыңыз?Дәлелдеңіз.
Жауабы:Скарлатина
5.Ем: Емдеу:
Ауруханада тек қана ауыр немесе асқынған түрлері емделеді.
Балаға 5-7 күн төсек режимі тағайындалады.
Диета жасына сәйкес, витаминдерге бай, көбіне сұйық жылы түрде.
Антибактериялық ем: пенициллин тобы, тетрациклин.
Детоксикалық ем.
Симптоматикалық ем.
|
Дене қызуын Өлшеу
1.Анасына шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіріңіз,рұқсатын алыңыз.
2.Қолды жуып,антисептикпен өндеңіз.
3.Баланы анасының тізесіне отырғызыңыз.
4.Алдыңызға кеенкадан тігілген алжапқышты киіңіз.
5.Термометрдің бүтіндігін тексеріңіз,сілкіп 35 градустан төмен болу керек.
6.Қолтықты немесе шап қыртыстарын тексеріңіз.Баздану,бөртпелер жоқ екеніне көз жеткізіңіз.Терісін құрғақ дәкемен сүртіңіз.
7.Қолтыққа немесе шап аралығына термометрді қойып,қолын немесе санын басып,5-10мин ұстап тұрыңыз.
8.Термометрді алып,анасына көрсеткішті айтыңыз.
9.Дене қызуын анықтап, температура парағына белгілеңіз.График ретінде температура параққа сызыңыз..
10.Термометрді сілкіп,сынап резервуарға түскеніне көз жеткізіңіз.
11.Дәкелерді қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.
12.Термометрді,дез.ерітіндіге салыңыз,ағынды сумен жуыңыз,құрғатып,футлярына салыңыз.
13.Қолды жуып, құрғатыңыз.
|
|
| 29.01.22
|
Ситуациялық есеп шешімі:
№1 Есеп
4 жастағы бала, 4-ші күн ауырады, дене қызуы 37,5 – 38,70 С; жүрегі айниды, тәбеті төмен, әлсіз. Бүгін анасы кіші дәретінің түсі қоңыр, нәжісі ағарғанын анықтады. Бала бақшасында осылай ауырған балар болған.
1. Сіздің диагнозыңыз?.
Жауап:Вирусты гепатит Ввирус Дәлелдеңіз: Вирусты гепатит В вирус бауыр паренхиманы, яғни гепатоциттерге тробты болады.
1. сарғаю;
2. сарғаюсыз;
3. клиникалық көрініссіз
Ауырлығы: жеңіл, орташа, ауыр.
Сарғаю алдындағы кезеңі 1-2 аптаға дейін созылады.Әлсіздік, енжарлық, тәбетінің төмендеуі, 2-5 күннен кейін тамақтан соң жүрегі айнып, құсады. Қату не іш өту. Оң жақ қабырға астында ауырлық және ауырсыну сезімі болады. Сарғаю алдындағы кезеңнің аяғында зәр қоңырланып, нәжісі ақ түске айналады, алғашқыда склера, одан кейін теріде сарғаю байқалады. Сарғаю кезеңі 3-4-5 аптаға дейін және одан да ұзақ болуы мүмкін.
2. Сіздің тактикаңыз?
3. Баланы оңашалау мерзімі қандай?
Жауап:Инкубациялық кезеңі 40-180 күнге дейін.
4. Күту және тамақтандыру ерекшеліктері:
Жауабы: Міндетті түрде ауруханада емдеу. Комплексті түрде жүргізіледі:
1. күн тәртібі;
2. диета №5;
3, парентеральді түрде дезинстоксикациялық ем;
4. белгілеріне байланысты. Ауыр ағымда глюкокортикостеродттар преднизалон 40-60 мг/тәулігіне дейін. Сулы – электролитті бұзылыс балансын қалпына келтіру үшін гипокалоиемия кезінде панангин, аспаркам.
№2 Есеп
2 жастағы бала жұқпалы аурулар бөліміне Вирусты гепатит диагнозымен жатқызылды. Сіз емханада медбике болып жұмыс істейсіз. Сізге ошақтан карантин шараларын өткізу тапсырылды. Науқас балалар ұжымына қатыспайды.
1. Карантин шараларын жүргізудегі мақсат не?
Жауап:Жұқпалы ауруларды таратпау,сатану
|
1
|
|
| 31.01.22
| Тақырып бойынша лекция
Тақырыптын аты: Балалар туберкулезі .
Туберкулез-созылмалы инфекциялық-аллергиялық ауру,әр түрлі ағзаларда арнайы қабыну өзгерістердің болуымен сипатталады (туберкулездік гранулемалар).
Туберкулездің қоздырғышы-микобактерия тобына жатады,сәулелі саңырауқұлақтар тектес.
Қоздырғыштың 4 түрі бар:
• Адам түрі-көбіне балаларда туберкулез тудырады;
• Өгіз түрі-ауру жануардың сүтін қолдану кезінде жұғады;
• Құс түрі – құс фермаларында жұмыс істейтін адамдар ауырады;
• Тышқан түрі-дала тышқандары ғана ауырады.
Балалар мен жасөспірімдердің біріншілік туберкулезінің негізгі клиникалық түрлері;
1. Біріншілік туберкулездік улану
2. Біріншілік туберкулездік кешен
3. Кеудеішілік лимфатүйіндер туберкулезі
Балаларда біріншілік туберкулез дамуының итермелеуші факторлары:
• Жұқтыру ауқымдлығы
• Баланың имунножетіспеушілік жағдайы
• Туберкулезге қарсы вакцинаның болмауы
Мұғалімнің тапсырмаларын орындап ,оқып жаздым
| Манту сынамасын қою және оның нәтижесі
Әзірле: залалсыздандырылған лоток, мақта шариктері, дәкелер, пинцет, резеңке қолғап, туберкулин, мензурка, туберкулині шприц, 70% спирт, дез.ерітінді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1.Қолды жуып кептір, резенке қолғап киі.
2.Туберкулин ампуласын 70 % спиртке батырылған шарикпен сүртіп, аш
3.Ампуланың бетін салфеткамен жауып, мензурқаға қой
4.Шприцтен 0,1 мл дейін шарикке ауаны шығар
5.70% спиртке батырылған шарикпен білектің алақан жағының ортанғы бөлігің өңде.
6.Инъекция жасалатын жердің терісін төмен қарай тартып, шприцтің инесінің қиылысын жоғары қаратып, инені теріге қатарластыра ұстап, ұшын терінің ішіне енгізіп 0,1 мл туберкулин жібер.
7.Инъекция жасалған жердің терісінде (лимон тәрізді)төмпешік пайда болады.
Нәтижесі 72 сағаттан кейін:
1.Тері: инъекция жасалған жерде өзгеріс жоқ
2.Күмәнді:қызару немесе төмпешіктің пайда болуы 2-4 мм
3.Оң: папула 5 мм артық
|
|
| 01.02.22
| Бүгінгі Тақырып: Коронавирусты инфекцияның өту ерекшеліктері (COVID-19). Алдын алу шаралары. Коронавирустық инфекция COVID-19 — SARS-CoV-2 (2019-nCoV) коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін
Негізгі симптомдар болып табылады: - дене қызуының көтерілуі (зерттеуде 37,5 °C және одан жоғары);
- жөтел
- шаршау
- ентігу
- бұлшық еттердің немесе буындардың ауыруы
- тамақтың ауруы
- бас ауруы.
- қақырық
- диарея
- жүрек айнуы және құсу
- мұрынның бітелуі, иіс сезбеу.
Мұғалімнің тапсырмаларын орындап ,оқып жаздым.!
Тәжірибе осымен аяқталды:
| Клиникалық дағдыны орындадым
1.Бір алақанды екінші алақанға қайта ысқылаңыз- аударма қозғалыстарымен.
2.Бірінші оң жақ қолдың саусақтардың арасын ысқылап,жуыңыз.
3.Алақандардың сырт жағын жуу.
4.Саусақтарымызды жуамыз.
5.Құлып тәріздес арқылы,саусақтарымызды жуамыз.
6.Бас саусақпен бірге,қолдың білегін қоса жуу.
7.Тырнақтарымызды жуамыз.
|
|
|
|
|
|