Главная страница
Навигация по странице:

  • Бәрі бірге

  • Жүргізуші

  • Ғазизхан

  • Қадіркелді

  • Би: «Микки маус» (Айнамкөз,Айзере,Ботагөз,Жанерке,Медина,Айсезім)

  • Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Қоян» , «Барыс» кіреді) Барыс

  • Али- Мансур

  • Жәния

  • Адина

  • Би: «Сайқымазақ» ( Жәния,Сабина,Арай,Қадір,Ғазизхан,Ернұр,Имран,Алимансұр)

  • Аруназ

  • Би: «Жаңа жыл» (Айназ,Аруназ,Асылым,Адина,Сезім, Көзайым)

  • Сыйлықтар таратылады Аяз ата

  • Ақшақар

  • кыс. Атамекен Жаңа жыл 2023ж. ош келді, Жаа Жыл! Жргізуші


    Скачать 20.97 Kb.
    Названиеош келді, Жаа Жыл! Жргізуші
    Дата26.12.2022
    Размер20.97 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаАтамекен Жаңа жыл 2023ж.docx
    ТипДокументы
    #865111

    «Қош келдің, Жаңа Жыл!»
    Жүргізуші: Сәлеметсіздерме құрметті ата- аналар, ұстаздар,балалар.Біз сіздерді жаңа2023 жыл қоян жылымен құттықтаймыз. Жаңа жыл әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін дейміз.

    Жаңа жылдың таңы неткен арайлы Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді Бақыт шаттық молшылық әкелсін Бәрімізге мына жыл арайлы Құтты болсын ағайын Жаңа жылың тағы да Қол соғып қарсы алайық Шақырайық ортаға Ертеңгілік басталсын «Атамекен» тобында Қараңдаршы айнала неткен керемет әсем мына шыршамыздағы ойыншықтардың алуан түрлері бар екен.Бәрімізде әп-әдеміміз бірақ шыршамыз көңілсіз.Қане менің сиқырлы таяғымның көмегімен сендердің әдемі сөздеріңмен шамын жағайық.

    Бәрі бірге: Қуант бізді таңырқат

    Шамдарыңды жарқырат

    Жүргізуші: Міне керемет қол ұстасып әнімізді шырқаймыз

    Хор: « Шыршаға бардық»

    Жүргізуші: Жаңа жылда бізге қонаққа кім келуші еді

    Балалар: Аяз ата

    Жүргізуші: Ендеше балалар Аяз ата Ақшақарды шақырайық

    Жүргізуші: Балалар енді аяз атамен ақшақарға арнап тақпақтарымызды айтайық

    Жанерке: Оралдың өлкеме

    Жаңа жыл армысын

    Оранды ақ көрпеге

    Асқар тау қарлы шың

    Ғазизхан: Далада қар борайды

    Ақ мамыққа орайды

    Мұз болады қатады

    Жалтырап жатады

    Ботагөз: Мұздан моншақ тағынып,
    Күміс қырау жамылып.
    Ортада тұр Ақшақар,
    Көптен күтіп сағынып.

    Қадіркелді: Қандай әсем жалтырап

    Шаттық күйге бөлеп тұр

    Кәмпиттерін арқалап

    Аяз ата келіп тұр

    Дос : Аяз келді қаһарлы

    Айналаны қар жапты

    Ақтан киіп орман тұр

    Дәл атамдай салмақты

    Жүргізуші: Жаңа жылды қарсы алып,
                         Шыршамызды айналып
                         Би билейік, ән салып.
                         Баршамызға жар салып.

    Би: «Микки маус» (Айнамкөз,Айзере,Ботагөз,Жанерке,Медина,Айсезім)

    Жүргізуші:Уа, халайық құрметті,
    Көмейіме жыр кеп тұр
    Жаңа жылды қарсы алып,
    Өткізейік дүрмекті
    Уа, халайық той бүгін
    Бақыт, шаттық мол бүгін
    Қарсы алайық  Қоян жылын
    Ұзатып сап Барысты
    Жаңа жыл жарылқасын ескі жыл есіркесін –деп , өткен жыл мен. Келер жылымызды  қошеметпен қарсы алайық! Музыка ырғағымен (Жаңа жыл «Қоян» , «Барыс» кіреді) Барыс : Бір жыл бойы сендермен
    Бірге жүрдім ойнадым
    Енді міне балалар
    Кезек келді қоштасар.
    Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
    Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
    2023 жылы қадам басқан
    Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан!. 2-жүргізуші: Шынымен балалар, біз бір жасқа үлкейдік. Ескі жыл Жаңа жылға орнын сыйлағысы келіп тұр, олай болса, сау болыңыз, біз сізге ризамыз. Құрметті достар!  Бізге жақсылықтарымен толы болған Тауық жылын шығарып салайық.  (барыс кетеді).                                                                                                                                                         

    Қоян: Жаңа жыл – туындаған жаңа армандар,
    Жаңа жыл – шуылдаған жаңа ормандар.
    Ал мынау – мәңгі бақи жаңа дүние,
    О, сәлем жаңа жылда жаңарғандар.

    Мен Жаңа жылмын
    Мен жаңа нұрмын
    Нұрымды да себейін
    Жырымды да себейін
    — Мен сендерге «Бақыт» сыйлаймын ( жылы сөздер жазылған жүрекшелер шашылады),

    Жүргізуші: Жаңа жыл, жаңа бақыт, жаңа жыр.
    Ізгілік, бірлік дәнін ортаға ысыр.
    Құт болып береке бер халқымызға
    Мерейін мәртебесін биікке асыр-дей отыра балаларымыздың жылы лебіздеріне сөз кезегін берейік.

    Али- Мансур: Шыршамыз да керемет

    Ойыншықтар тағылған

    Алыс жақтан келіп тұр

    Аяз ата сағынған.

    Арайлым: Кел билейік сенімен

    Деймін тартып женіңен

    Еріп кетпе Ақшақар

    Адамдардың демімен

    Жәния: Жаңа жыл, жаңа жыл.
    Жаңа жылда - жаңа жыр.
    Жасыл шырша жанында
    Жадырап бар бала жүр.

    Абдурахман: Аяз – ата ақ сақалды,
    Ақ таяқты паң ата,
    Асып өтіп асқар тауды Жеттің бізге таң ата
    Адина :Арайлы бақшаны

    Үзілмейді жақсы әні

    Гүлденеді бақшалар

    Жауса жаусын ақшақар

    Ойын: Тосын сый деп аталады

    Шарты: Мына тұрған шыршаның ішінде құпия тапсырмалар бар. Сіздер біреуін таңдап қолдың аяқтың көмегіңсіз мына шарларды жаруларыңыз керек.Айланы өздеріңіз ойлап табасыздар.Шарды жарып болған соң қолыңыздағы тапсырманы орыңдаңыз 1-тапсырма лимонды жеп тауысыңыз 2- тапсырма қоянның жұрісін салыңыз салыңыз 3-тапсырма шырша, мұз, аяз ата,ақшақар сондай жазылған сөздерге тақпақ құрастырыңыз 4-тапсырма ж әріпінең басталатын тілек білдіресіз 5-тапсырма балаңызды ертіп шығып ламбада биін билеңіз

    Жүргізуші: Тобымыздың бишілерін шақырайық,
    Қошеметпен, құрметпен қарсы алайық.
    Бишілерімізді ырғалтып би билетіп,
    Қол соғып биік шыңға самғатайық.

    Би: « Гумибер» «Атамекен тобының жігіттерін қарсы алыңыздар» (Дос, Мансур,Әли,Әлішер,Абдурахман,Айәділ,Айбат, Ғазим)

    Жүргізуші: Ей, жаңа жыл, жаңа бақыт ырысым.
    Жақсылықтың жаршысы да нұрысың.
    Адамдардың асқақтаған арманы,
    Ақындардың таусылмайтын жырысың -ендігі кезекті, балалардың тақпақтарына берейік. Айсезім:Жылдың әнін бастайын,
    Аяз - Ата кеп қалды.
    Майысады жас қайың,
    Көтере алмай көп қарды.

    Мансұр:Бақша іші мереке,
    Ойын күлкі асқақ ән.
    Жақсы әпкелер жаңа кеп,
    Мерекені бастаған.

    Медина:Жаңа жылды қарсы алдың,
    Мініп алып күймеге.
    Мен де бүгін ән салдым,
    Араластым биге де.


    Айнамкөз:Безендіріп шыршаны
    Жыл қуантты баршаны.
    Той - маскарад басталды,
    Аяз оны басқарды.

    Сабина: Аппақ тонға оранып,
    Базарлықты мол алып.
    Келді алыс сапардан,
    Аяз ата оралып.

    Жүргізуші:Төрлетіңдер, төрлетіңдер.
    Шырша сәнін көріңдер.
    Әсем әнмен би билеп,
    Күй жырларды төгіңдер.

    Би: «Сайқымазақ» ( Жәния,Сабина,Арай,Қадір,Ғазизхан,Ернұр,Имран,Алимансұр)

    Кел, жаңа жыл,
    Төрле, төрле жеріме,
    Құт береке боп келгейсің еліме,
    Үміт артып армандарға аяулы.
    Шаттығына бөлегейсің бізді де- деп балалардың тақпақтарына кезек берейік.


    Сезім:Қалып едік сағынып,
    Күтіп алдық жабылып.
    Жолын қойдық жарық қып,
    Шыршаларға шам іліп

    Айзере:Тілеймін мен бар әлемге
    Дос көп болсын жаңа - жыл
    Ата - әже, ата - әже
    Құтты болсын жаңа жыл

    Айназ:Жаңа жылым мол болсын
    Басқан қадам оң болсын
    Төрле, төрле жаңа жыл
    Бізге құтты жол болсын.

    Аруназ:Жапалақтап ақша қар
    Жауды күнде қайталап
    Қырға шықты балалар
    Шаңғыларын арқалап.

    Әли:Тамаша. тамаша!
    Шыршамыз тұр жараса.
    Басында әсем жұлдызы
    Көз тоймайды қараса.

    Жүргізуші: Кел, жаңа жыл,
    Төрле, төрле жеріме,
    Құт береке боп келгейсің еліме,
    Үміт артып армандарға аяулы.
    Шаттығына бөлегейсің бізді де-дей отырып сұлу қыздарымыздың биін тамашалаңыздар

    Би: «Жаңа жыл» (Айназ,Аруназ,Асылым,Адина,Сезім, Көзайым)

    Жүргізуші:Ақ көңілім айналды аппақ қарға,
    Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.
    Қыс қызығы басылмай ұласады,
    Қуаныш көп болсын жаңа жылда.

    Ән: Медина

    Сыйлықтар таратылады

    Аяз ата: Ой, бәрекелді, балаларым. Әсем ән шырқап, би билеп аталарыңды бір қуантып тастадыңдар.Мен сендерге сыйлықтар әкелдім!  (таратып береді).  Көп-көп рахмет, өркендерің өссін. Енді Ақшақар екеуміз, аттанайық. Баршаңызбен қоштасамыз, сау болыңдар!.
    Ақшақар : Сау болыңдар, балалар, келесі жаңа жылда кездескенше.
    Барлығы: Сау болыңыз, Аяз ата, сау болыңыз, Ақшақар. Жүргізуші: Құттықтау сөзімізді «Алма -рай» балабақшасының меңгеруші қызметін атқарушы,әдіскеріміз Айнұр Бағыспайқызына сөз кезегін береміз.

    Жүргізуші: Міне, құрметті қонақтар. балалар! «Құтты болсын, Жаңа жыл!» атты, ертеңгілігіміз аяқталып қалды.  Осындай, керемет мерекеге атсалысқандарыңызға рахмет айтамыз. Жаңа 2023 жылымыз құтты болсын! Отбасыларыңызға тек бақыт, қуаныш нұры жаусын!. Келесі жаңа жылда кездескенше, аман-сау болайық!. Біз тілейміз жаңа жылдық шаттықты! Біз тілейміз жаңа жылдық бақытты!  Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!




    написать администратору сайта