Главная страница

Аналитикалық. Аналитикалық%20ойлау%20%20каз.яз%20-%202. Оу дайындыын анытайтын тест Бір дрыс жауабы бар тапсырмалар Аналитикалы ойлау


Скачать 32.9 Kb.
НазваниеОу дайындыын анытайтын тест Бір дрыс жауабы бар тапсырмалар Аналитикалы ойлау
АнкорАналитикалық
Дата09.12.2021
Размер32.9 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаАналитикалық%20ойлау%20%20каз.яз%20-%202.docx
ТипДокументы
#298047


Оқу дайындығын анықтайтын тест
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар


Аналитикалық ойлау
16. Mәтіндегі бос орынды толтырыңыз.
Aю – жыртқыш аң. Ол […] орманда тіршілік етеді


  1. Қысқы




  1. Жақын




  1. Шалғай




  1. Ну




  1. Алыс


17. Сөйлемдегі бос орынды толықтырыңыз
Mен тауық сорпасын жақсы көремін, өйткені […..] қорытылады.


  1. Асықпай




  1. Ақырын




  1. Жеңіл




  1. Ұзақ




  1. Ауыр


18. Cөйлемді мағынасына сай толықтырыңыз
Біртектес сапалық ……..білдіретін қарама-қарсы мәні жағынан өзара тепе-тең, тілде үнемі бір-біріне қарама-қарсы мағынада қолданылып қалыптасқан сөздер антонимдер деп аталады


  1. Зерттеуді




  1. Пікірді




  1. Ұғымды




  1. Байланысты




  1. Ойды


Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Қазіргі кезде полимерлер өндіру қарқынды дамуда. Мәшине жасау, радио және электротехника, құрылыс, сонымен катар кеме, авто, ұшақ, ракета жасау өндірісін, жеңіл өнеркәсіпті, тұрмысты полимерсіз көзге елестету мүмкін емес. Полимер бұйымдарының бұрын байқалмаған қасиеттері анықталып, өндіріске енгізілуде. Сондықтан полимер бұйымдары адамзат игілігіне айналып, техникалық өнердің, ғылымның жаңа қырынан дамуына өзіндік үлесін қосуда. Қазіргі кезде адамзат ғарыштық биіктер мен өте терең бұрғылау ұңғымаларын бағындыра отырып, күрделі электронды есептегіш мәшинелердің микроскопиялық тетіктерінен бастап, үлкен каналдар мен су қоймаларының гидрооқшаулағыштарын жасауға дейінгі барлық жағдайда полимер бұйымдарымен жұмыс істейді.


19. «Бұрын» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз


  1. Әрең




  1. Жаңа




  1. Ертеректе




  1. Қазір




  1. Бүгін


20. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз


  1. Полимер бұйымдарының қасиетін саралау




  1. Полимердің көп түрлілігін көрсету




  1. Жеңіл өнеркәсіптің ерекшелігін сипаттау




  1. Полимерді пайдалану жолдарын таныту




  1. Бұйым жасау әдістерін таныту


21. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз


  1. Полимер бұйымдары




  1. Өндіріс жетістіктері




  1. Бұйым




  1. Өндіріс орны




  1. Құрал


Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша
Химияның табиғатты, тірі дүниені зерттеуде және халық шаруашылығын дамытуда маңызы зор. Химияның негізгі міндеттеріне халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру, тағы басқа міндеттер жатады. Табиғатта халық шаруашылығына қажетті заттар кездесе бермейді. Сондықтан химиялық әдістерді және химияның жетістіктерін пайдаланып алуан түрлі өнімдер өндіреді.


22. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз


  1. Химия ғылымы туралы түсінік беру




  1. Қалдықсыз заттар өндірісін түсіндіру




  1. Химияның халық шаруашылығындағы маңызын көрсету




  1. Химиялық элементтердің ерекшелігін көрсету




  1. Химия саласын зерттеген ғалымдар туралы мәлімет беру


23. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз


  1. Химиялық элементтер туралы




  1. Химияның зерттелуі




  1. Химияның қоғамдағы маңызы




  1. Химиялық реакциялар




  1. Химия ғылымының пайда болуы


24. «Жетістіктерін» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз


  1. Пайдасын




  1. Реакцияларын




  1. Табысын




  1. Элементтерін




  1. Өнімін


Tалант дегеніміз не? Ол бір нәрсеге, мысалы, музыкаға, әдебиетке, сурет өнеріне деген зор қабілет. Талантты болу тек музыкант, ақын немесе суретшіге ғана тән емес. Кез келген мамандық иелерінің ішінде қабілеттері мен таланттылары кездеседі. Әрбір адамның өзіне тән қабілеттілігі болады. Ол еңбек пен әрекет үстінде ғана дамиды. Халықтың «талант дегеніміз еңбек» дейтіні сондықтан.


25. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз


  1. Талант




  1. Халықтық қабілет




  1. Өнер иесі болу




  1. Мамандық




  1. Еңбек


26. «Зор» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз.


  1. Шағын




  1. Ауқымды




  1. Орташа




  1. Үлкен




  1. Кішкентай


27. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз


  1. Талдау




  1. Салыстыру




  1. Пікір білдіру




  1. Анықтама беру




  1. Зерттеу


Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне, әйелдерге тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, «тыштырма» жасап алып, баланы бесікке бөлейді. Бесікке салған адамға «бесікке салар», яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры» айтылады.


28. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз


  1. Бесік жыры




  1. Кәделі сый




  1. Қуанышты күн




  1. Бесікке салу




  1. Отпен аластау


29. «Бөлейді» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз


  1. Жату




  1. Қою




  1. Ойнату




  1. Тұрғызу




  1. Салу


30. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз


  1. Салыстыру




  1. Ғылыми зерттеу




  1. Талдау




  1. Пікір білдіру




  1. Түсіндіру


Оқу дайындығын анықтайтын тест

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
Аналитикалық ойлау

1. Yгедей Шыңғыс ханның […] ұлы еді.

A) екінші

B) бесінші

C) төртінші

D) бірінші

E) үшінші
2. Cөйлемді сәйкес сөз тудырушы жұрнақ арқылы жасалған зат есімдермен толықтырыңыз

Қайын жұрты- […],

Өз жұрты- […] ,

Hағашы жұрты- […].

A) міншіл, күншіл, сыншыл

B) мінеп, күндеп, сынап

C) міншіл, күндес, сынау

D) міншілдік, күндеу, сынау

E) мін, күнде,сына
3. Cөйлемді мағынасына сай толықтырыңыз

Зерттеу барысында алынған нәтижелер аталған тайпаның (рудың) өткені мен басқа жұрттармен байланысына арқау болатындығы .......

A) таныс

B) мүмкін

C) сәйкес

D) ақиқат

E) танымал
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша

ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақтың байырғы ауызша әдеби тілінің жаңа кезеңі басталды. Бұл кезең ұлттық жазба әдеби тілдің негізін қалады. Қазақтың ұлттық жазба тілі Ыбырай мен Абайдың мол әдеби, педагогикалық, публицистикалық, текстологиялық шығармаларында қолданылды. Жаңа жазба әдеби тіл өзінің әлеуметтік қызметі, стильдерге тарамдалуы жағынан ауызша дамыған байырғы әдеби тілден де, кітаби тілден де өзгешеленіп тұрды. Байырғы ауызша әдеби тіл, негізінен, көркем әдебиетке, оның ішінде көбінесе поэзияға қызмет етіп келсе, жаңа жазба әдеби тіл әдебиеттің өзге салаларында: қоғамдық-публицистикалық, тіпті діни әдебиет үлгілеріне де қызмет етуге бағыт алды. Ауызша әдеби тілдің стильдік тармақтарға бөлінуі жазба тілге мүлде тең келмейді. Алғашқысы, негізінен, көркем поэзия мен шешендік сөздер стилінде ғана өмір сүріп келсе, ұлттық жазба тілдің көркем поэзиядан басқа көркем проза, публицистика, ресми іс қағаздары стильдеріндегі алғашқы үлгілері пайда болды. Жартылай ғылыми стильдің де нышаны байқалды. Қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасып, даму барысында ұлттық поэзияның орны ерекше.

4. «Нышаны» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз

A) белгісі

B) бояуы

C) атауы

D) есімі

E) түсі
5. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

A) Жазба тілдің қалыптасу кезеңі

B) Ресми іс қағаздар стилі

C) Стиль, оның түрлері

D) Ауызша әдеби тілдің сипаты

E) Жартылай ғылыми стиль
6. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз

A) Стиль түрлеріне тоқталу

B) Жартылай ғылыми стильдің белгілерін айқындау

C) Ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуын саралау

D) Ресми іс қағаздар стилінің нышанын айқындау

E) Ауызша әдеби тілдің сипатын анықтау
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша

Қазіргі кезде жаратылыстанудағы ғылыми зерттеулер шеңбері айрықша кең. Жаратылыстану ғылымдар жүйесіне негізгі ғылымдар – физика, химия және биологиямен қатар көптеген басқа ғылымдар – география, геология, астрономия, тіпті, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар шекарасында тұрған ғылымдар да, мысалы, психология енеді. Психологтардың мақсаты адам мен жануарлардың мінез–құлықтарын зерттеу болып табылады.

7. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз

A) Жаратылыстану ғылымдар жүйесі

B) Адамның мінез-құлқын зерттеу

C) Жаратылыстанудың зерттелуіне сараптама жасау

D) Жаңа бағыттағы зерттеулерді таныту

E) Психологтардың міндетін көрсету
8. «Айрықша» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз

A) шамалы

B) айырма

C) ерекше

D) басқаша

E) қысқаша
9. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

A) Жаратылыстың пайда болуы

B) Гуманитарлық ғылымдар

C) Зерттеуші ғалымдар

D) Жаратылыстану ғылымдары

E) Ғылымның қалыптасу тарихы
Kолумбияда ерекше демалыстар бар. Соның бірі – жалқаулар күні. Ол күні колумбиялықтар көшеге өз дивандарын, кереуеттерін шығарады, сосын күні бойы сонда жатады. Бұл мерекенің мақсаты – уайым мен стресс, шаршау синдромымен күресу.

Италияның Иврей қаласының тұрғындары жыл сайын ақпанда тәуелсіздік үшін күрес өткізеді. Бұл күрес әлем халықтарына «апельсиндер соғысы» деген атаумен мәлім. Өйткені қатысушылар апельсин қолданады. Мерекеге қатысушылар ақ киім киеді.

10. «Мәлім» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз

A) түсінікті

B) хабарсыз

C) белгілі

D) ашық

E) белгісіз
11. Берілген мәтіннің мақсатын анықтаңыз

A) ақпарат беру

B) анықтама беру

C) пікір білдіру

D) дәлелдеу

E) талдау
12. Берілген мәтінге сәйкес тақырыпты таңдаңыз

A) Ерекше демалыстар

B) Мерекеге дайындалу

C) Әлемдік мереке

D) Мерекелер

E) Мерекеге арналған киім
Kелесі тапсырмалар төмендегі мәтін бойынша

Этимология – тіл білімінің жеке сөздер мен морфемаларының шығу тарихын зерттейтін саласы. Этимология, негізінен, екі салаға бөлінеді: ғылыми және халықтық этимология. Ғылыми этимология – сөз төркінін, морфемалар тарихын, дамуын дәл анықтап, ғылыми түрде түсіндіруді мақсат етсе, халықтық этимология деп кейбір адамдардың қайсыбір сөз мағынасын өзінше тұспалдап, өзінше топшылау жасап, түсініктеме беруін айтамыз. Қызықты этимология – сөз төркінін ашуда ғылыми этимологияға тереңдеп бара білмейтін, дәйектілігі белгілі бір деректермен шектелген, сөздердің сыртқы тұлғасы және бөлігі контекстегі мағынасымен қанағаттанатын, бірақ өзінің сиқырлы сырымен жұртшылықты қызықтырып, қалың бұқара арасына тез тарап кететін этимологиялар болып табылады.

13. Mәтінге сәйкес ақпаратты табыңыз

A) Ғылыми этимология қалың бұқара арасында тез тарап кетеді

B) Жеке бөліктері контекстен ғана анықталатын ерекше тіл саласы

C) Бұл сөздер сиқырымен жұртшылықты қызықтырады

D) Этимология, оның салалары

E) Этимологияның салаларына фразеология, синтаксис жатады
14. «Тұспалдап» сөзіне мағынасы жақын сөзді табыңыз

A) Тұжырымдап

B) Жорамалдап

C) Суреттеп

D) Нақтылап

E) Мөлшерлеп
15. Mәтінде берілген ойды әрі қарай жалғастырыңыз

Этимология ғылымы тілдің тарихымен, сөз семантикасымен .......

A) тез тарап кетеді

B) өзінше тұспалдайды

C) бөлініп жатады

D) тығыз байланысты

E) байланысты бөлінеді



написать администратору сайта