Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин. Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді. Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы. Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді. Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы. Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон. Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды. Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын. Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі. Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді. 13. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды? A)Тәуекелшіл. B)Тым қарапайым C)Қырағы D)Аса ұғымтал E)Еңбекқор 14. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым? 1. Шынықсаң, шымыр боласың 2. Денсаулық – байлықтан да қымбат 3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. A)Екеуі де бұрыс B)Тек екіншісі C)Тек үшіншісі D)Тек біріншісі E)Бірінші мен екіншісі 15. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді? A)Сенімділігін B)Ренішін C)Болжағыштығын D)Қорқынышын E)Алаңдаушылығын 16. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма? A)Екеуі де жатады B)Екеуі де жатпайды C)Бұл дидарластық сөз D)Тек екіншісін E)Тек біріншісін 17. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты? A)Владимир Кличко, Фредди Роуч B)Андре Берто, Фредди Роуч C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли 18. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды? A)Шугар Рэй Леонард B)Владимир Кличко C)Адриан Гонсалез D)Андре Берто E)Джим Лэмпли 19. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген? A)Он екінші B)Оныншы C)Бірінші. D)Үшінші E)Төртінші 20. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді? 1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын. 2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын. 3. Геннадийдің өз қабілеті мен күшіне сенімі мол A)барлығы дұрыс B)2-ші дұрыс C)1-ші мен 3-ші дұрыс D)1-ші дұрыс E)3-ші дұрыс 71-НҰСҚА Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 1. Екінші абзацта не туралы айтылған? A)Қамысты құрақтағы құстар туралы B)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы C)Көлдегі балықтар туралы D)Көл атауы туралы E)Көлдің көлемі туралы 2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты B)Көлдің әдемілігіне байланысты C)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты E)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты. .Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. 3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне C)Ертең сабаққа баратынына D)Туфлиінің жыртылғанына E)Ауданға баратын адамның болмағанына 4. Айдос неліктен жылап жіберді? A)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. C)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. D)Туфлисіз қалғанына ренжіп. E)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне. 5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Екінші B)Үшінші C)Бірінші D)Барлығы теріс E)Барлығы дұрыс 6. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. C)Қырсыққан жігіт мал таппас. D)Өтірік айтқаннан өлген артық. E)Қалауын тапса қар жанар. І.Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен? Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік. − Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін. ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес. Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан. ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі… IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар. 7. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді? A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз. B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт C)Елімізде театр санын арттыру керек D)Театр билетінің құнын өсіру керек E)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек. 8. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай A)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы B)Өнер ордасына балалардың сирек баруы C)Театр қызметкерін таныту D)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету E)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу 9. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп? Ата-аналардың... A)Мәдени орынды сыйламауынан B)Бағасы бір деп ойлауынан C)Өресінің таяздығынан D)Немқұрайлық танытуынан E)Қаражатының жоқтығынан 10. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? A)Суреттейді B)Сипаттайды C)Дәлелдейді D)Зерттейді E)Нақтылайды 11. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай? A)Актер болу үшін театрға бару міндет емес. B)Кез келген арманға қол жеткізуге болады. C)Кішкентай балаға театр қызық емес. D)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек. E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек. 12. Үшінші азатжолда автордың қандай көңіл күйі берілген A)Алаңдаушылық B)Дегбірсізденеді C)Күмәнданады D)Немқұрайлық E)Таңқалушылық Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді. Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар не күн көреді? Жазда, жарайды,әрбір қарағаш оларға сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анаданенді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы! 13. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған? A)Балалардың әке-шешелеріне B)Қоғамдық ұйым басшыларына C)Мектеп мұғалімдеріне D)Әлеуметтік орталық өкілдеріне E)Үкімет басындағы азаматтарға 14. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз A)Шынайы тілек B)Саябақ C)Жолы болмаған балалар D)Күнкөріс E)Тұрақты мекен 15. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз. A)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. B)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. C)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті. E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. 16. «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз. A)Жек көрушілігі B)Жиіркеніші C)Өкініші D)Сенімділігі E)Шарасыздығы 17. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді? A)Саябақтағы оқиға B)Азық іздеген төртеу C)Қараусыз қалған балалар D)Мейірімсіз ана E)Жас балалар 18. «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді? A)Балаларға жақсы тілек айту B)Балаларға қол ұшын беру C)Үкіметке үміт арту D)Балалардың өміріне алаңдау E)Балалардың тағдырын шешу 19. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды? A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін B)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан C)Балаларға қол ұшын беру үшін D)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан 20. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады? A)Саябақтың күзетшісі айтады B)Демалушылардан естиді C)Өздері қатарлас балалар айтады D)Қаңғыбас адамдар айтады E)Жергілікті тұрғындар айтады 72-НҰСҚА Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар. Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ. Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. 1. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде? A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты B)Көлдің әдемілігіне байланысты C)Көлде жүген құс үнінің жағымдылығына байланысты. D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты E)Көк толқындардың жылдамдығына байланысты 2. Екінші абзацта не туралы айтылған? A)Қамысты құрақтағы құстар туралы B)Көлдің көлемі туралы C)Көл атауы туралы D)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы E)Көлдегі балықтар туралы 1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. 3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына B)Ауданға баратын адамның болмағанына C)Ертең сабаққа баратынына D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне E)Туфлиінің жыртылғанына 4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Қырсыққан жігіт мал таппас. B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. C)Өтірік айтқаннан өлген артық. D)Қалауын тапса қар жанар. E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. 5. Айдос неліктен жылап жіберді? A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. B)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. C)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне. D)Туфлисіз қалғанына ренжіп. E)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. 6. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Үшінші B)Барлығы дұрыс C)Барлығы теріс D)Бірінші E)Екінші 1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады. 2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев. 3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн. 4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән. 5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді. 6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою – өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. 7. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек? A)Есімнің дыбысталуын B)Есімнің әдемілігін C)Сөздердің тіркесуін D)Әріптердің санын E)Сөздің жаңалығын 8. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз A)Қайсар, Батырхан B)Дана, Сабыржан C)Жамал, Ақылгүл D)Қымбат, Әсем E)Жібек, Меруерт 9. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер A)Есімі мағынасы мен дыбыс саны B)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы C)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы D)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы E)Ауа райы мен жыл мезгілі 10. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді? A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн. B)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн. C)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн. D)Есімнің мағынасына назар аударған жөн. E)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн. 11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы? A)Күз-қыс B)Қыс-көктем C)Көктем-күз D)Жаз-күз E)Қыс-жаз 12. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады? A)қыста B)көктемде C)жазда D)барлық мезгілде E)Күзде Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері. |