Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
75-НҰСҚА Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей. 1. Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Құмырсқалар достығы B)Жәндіктер туралы C)Құмырсқалар еңбегі D)Мирмекологтар туралы E)Құмырсқалар илеуі туралы 2. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз. A)Қажырлы, еңбекқор B)Қайнаған, қалың C)Қаптап кетті, қайнады D)Көп, қарақұрым E)Нөпір болды, ығы-жығы Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті. Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа: – Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана: – Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді. Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты. Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты. 3. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз A)Батыл B)Жалқау C)Мақтаншақ D)Өркөкірек E)Айлакер 4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай A)Батылдығы B)Шыдамдылығы C)Шапшаңдығы D)Ептілігі E)Тапқырлығы 5. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз. A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас B)Досы көпті жау алмайды C)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес D)Ежелгі дұшпан ел болмас E)Жалғыз қаздың үні шықпас 6. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз. A)Қулығын асырған тышқан B)Мысық пен тышқан C)Тату-тәтті өмір D)Ұйқышыл мысық E)Жаңа дос 2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді. «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым... Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын! P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. 7. Берілген мәтіндер не туралы? A)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы B)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға C)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы E)Баян Есентаеваның жетістігі туралы 8. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады? A)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ. B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды. C)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры. D)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар. E)Гүлмайра – кино майталманы. 9. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды? A)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні B)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын C)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу D)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі E)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені 10. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді? 1. Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз. 2. Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды. 3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді. A)Бірінші мен үшінші B)Тек үшінші C)Тек бірінші D)Барлығы теріс E)Барлығы дұрыс 11. Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы нені білуге болады? A)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын B)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын C)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын D)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын E)Фильм көп көрермен жинай алғанын 12. Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен A)Нұрлан мен Гүлмайра B)Гүлмайра C)Жанерке D)Нұрлан мен Жанерке E)Нұрлан Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты. Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті. – Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих. Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын. – Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди. Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет. 13. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді? A)Құстардың ортаға бейімделуі үшін B)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін C)Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін D)Құстардың бостандықта таралуы үшін E)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін 14. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз 1.Қаржылық көмек 2.Мемлекеттік қолдау 3.Жоба жетекшісінің көзқарасы 4.Еркіндікке босату 5.Экологиялық жоба A)3.1.5.4.2. B)5.4.2.3.1. C)5.3.1.2.4. D)2.4.1.3.5. E)1.4.5.2.3. 15. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай азатжолда бейнеленген? A)5 B)1 C)4 D)3 E)2 16. Соңғы азатжолдың төртінші азатжолға қатысы қандай? A)Ойды баяндайды B)Ойды суреттейді C)Ойды дамытады D)Ойды сипаттайды E)Ойды қорытындылайды 17. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз. A)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар B)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады C)Жоба қаражат тартуды көздеді D)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты E)Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз 18. Мәтін не туралы? A)Ителгілердің өмірі B)Сұңқарлар өмірі C)Құстарды қорғау D)Аңшылық E)Саятшылық 19. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған? A)Көгершінмен салыстыру үшін B)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін C)Оларды жарыстыру үшін D)Сұңқарға көмектесу үшін E)Машығын еске түсіру үшін 20. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай мақсатта берілген? A)Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет беру B)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау C)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу E)Құстарды еркіндікке жіберу туралы мәлімет беру 76-НҰСҚА Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. 1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз. 1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын. 2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін A)Екеуі де дұрыс B)Екеуі де бұрыс C)Дұрыс жауап жоқ D)Тек біріншісі E)Тек екіншісі 2.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз A)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы B)Қоңыр салқын самал желдің соғуы C)Құстардың сайраған үніне таңдануы D)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі 1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. 3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 3.Айдос неліктен жылап жіберді? A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. C)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. D)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне. E)Туфлисіз қалғанына ренжіп. 4.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Қырсыққан жігіт мал таппас. B)Қалауын тапса қар жанар. C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. D)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. E)Өтірік айтқаннан өлген артық. 5.2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Барлығы теріс B)Барлығы дұрыс C)Үшінші D)Бірінші E)Екінші 6.1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Туфлиінің жыртылғанына B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне C)Ертең сабаққа баратынына D)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына E)Ауданға баратын адамның болмағанына Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар... Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай! 7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? A)Әңгімелеу B)Сипаттау C)Суреттеу D)Пайымдау E)Баяндау 8.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? A)Турашылдыққа B)Сенімділікке C)Болжампаздыққа D)Сабырлыққа E)Шынайылыққа 9.Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Дала аспаны B)Үміт шырағы C)Жақсылық нышаны D)Жұлдыз сыры E)Ырымшыл халық 10.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай? A)Халқына сенім арту B)Халқына қамқор болу C)Халқының жолын ашу D)Халқына жанашыр болу E)Халқының қамын ойлау 11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? A)Түн жарық болатындықтан B)Түн жылы болатындықтан C)Дәстүрді құрметтеген D)Бағыт сілтеуші болғандықтан E)Жақсылыққа жорығандықтан 12. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр? A)Мақсатшылдығын B)Сабырлылығын C)Жігерлілігін D)Тәуекелшілдігін E)Ұстамдылығын Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады |