Главная страница
Навигация по странице:

  • І.

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница52 из 59
    1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59

    88-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.

    1.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.

    A)аспап туралы

    B)би туралы

    C)қыздар туралы

    D)кітап туралы

    E)ән туралы

    2.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.

    A)Туған жердей жер болмас.

    B)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    C)Мың асауға бір тосу.

    D)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    E)Ерді ел теңгерер.

    Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ,  керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие.

             Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік.

             Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан!

             Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді.

             Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады.

              Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар.

              Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын.
    3.Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл

    A)Дицентра

    B)Раушан

    C)Қызғалдақ

    D)Орхидея

    E)Сакура

    4. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері

    A)Персия

    B)Қазақстан

    C)Жапония

    D)Үндістан

    E)Германия

    5.«Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық

    A)Қызғалдақ

    B)Раушан

    C)Дицентра

    D)Сакура

    E)Орхидея

    6.Қызғалдақтың отаны

    A)Жапония

    B)Ресей

    C)Франция

    D)Германия

    E)Қазақстан


    І. 
    Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?

    Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.

    − Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.

    ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес.  Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.

    ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…

    IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
    7.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?

    A)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.

    B)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт

    C)Елімізде театр санын арттыру керек

    D)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.

    E)Театр билетінің құнын өсіру керек

    8.Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл күйі берілген

    A)Немқұрайлық

    B)Күмәнданады

    C)Алаңдаушылық

    D)Таңқалушылық

    E)Дегбірсізденеді

    9.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Суреттейді

    B)Дәлелдейді

    C)Зерттейді

    D)Нақтылайды

    E)Сипаттайды

    10.«Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?

    Ата-аналардың...

    A)Қаражатының жоқтығынан

    B)Немқұрайлық танытуынан

    C)Мәдени орынды сыйламауынан

    D)Бағасы бір деп ойлауынан

    E)Өресінің таяздығынан

    11.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай

    A)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы

    B)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу

    C)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету

    D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы

    E)Театр қызметкерін таныту

    12. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?

    A)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.

    B)Кішкентай балаға театр қызық емес.

    C)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.

    D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.

    E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.

     Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.

    Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.
    13.Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

    A)Тәуекелшіл.

    B)Тым қарапайым

    C)Қырағы

    D)Аса ұғымтал

    E)Еңбекқор

    14.Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A)Екеуі де бұрыс

    B)Тек екіншісі

    C)Тек үшіншісі

    D)Тек біріншісі

    E)Бірінші мен екіншісі

    15.1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A)Сенімділігін

    B)Ренішін

    C)Болжағыштығын

    D)Қорқынышын

    E)Алаңдаушылығын

    16.Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Екеуі де жатады

    B)Екеуі де жатпайды

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Тек екіншісін

    E)Тек біріншісін

    17.Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    B)Андре Берто, Фредди Роуч

    C)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    D)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    E)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    18.Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A)Шугар Рэй Леонард

    B)Владимир Кличко

    C)Адриан Гонсалез

    D)Андре Берто

    E)Джим Лэмпли

    19.Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Он екінші

    B)Оныншы

    C)Бірінші.

    D)Үшінші

    E)Төртінші

    20.Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)барлығы дұрыс

    B)2-ші дұрыс

    C)1-ші мен 3-ші дұрыс

    D)1-ші дұрыс

    E)3-ші дұрыс

    89-НҰСҚА

    Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал  ескенде  ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай  ғана болған, бұ  дүниенің  күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол  ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз  жіберетін де,  бұлақтағы  тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.

    Сайраған құстар әні  оны  көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға  итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.

    1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

    1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

    2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

    A)Екеуі де дұрыс

     B)Екеуі де бұрыс

    C)Дұрыс жауап жоқ

    D)Тек біріншісі

    E)Тек екіншісі

    2. Бағбанды ең  ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

     

    A)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы

    B)Қоңыр салқын самал желдің соғуы

    C)Құстардың сайраған үніне таңдануы

    D)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі

    E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

    1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.

    2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.

    3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.

     

    3. Айдос неліктен жылап жіберді?

    A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.

    B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.

    C)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.

    D)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.

    E)Туфлисіз қалғанына ренжіп.

    4. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

    A)Қырсыққан жігіт мал таппас.

    B)Қалауын тапса қар жанар.

    C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

    D)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.

    E)Өтірік айтқаннан өлген артық.

    5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

    1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.

    2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.

    3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

    A)Барлығы теріс

    B)Барлығы дұрыс

    C)Үшінші

    D)Бірінші

    E)Екінші

    6. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?

    A)Туфлиінің жыртылғанына

    B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

    C)Ертең сабаққа баратынына

    D)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына

    E)Ауданға баратын адамның болмағанына

    Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

    Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

    Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

    Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

    Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

    7. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?

    A)Әңгімелеу

    B)Сипаттау

    C)Суреттеу

    D)Пайымдау

    E)Баяндау

    8. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

    A)Турашылдыққа

    B)Сенімділікке

    C)Болжампаздыққа

    D)Сабырлыққа

     E)Шынайылыққа

    9. Мәтіннің тақырыбы қандай?

    A)Дала аспаны

    B)Үміт шырағы

    C)Жақсылық нышаны

    D)Жұлдыз сыры

    E)Ырымшыл халық

    10. Автордың «...Тек  бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

    A)Халқына сенім арту

    B)Халқына қамқор болу

    C)Халқының жолын ашу

    D)Халқына жанашыр болу

    E)Халқының қамын ойлау

     11. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

    A)Түн жарық болатындықтан

    B)Түн жылы болатындықтан

    C)Дәстүрді құрметтеген

    D)Бағыт сілтеуші болғандықтан

    E)Жақсылыққа жорығандықтан

    12.  «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?

     

    A)Мақсатшылдығын

    B)Сабырлылығын

    C)Жігерлілігін

    D)Тәуекелшілдігін

    E)Ұстамдылығын

    Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады
    1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59


    написать администратору сайта