Главная страница
Навигация по странице:

  • Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба

  • Геннадий Головкиннің сұхбатынан

  • Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница53 из 59
    1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59

    Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...

    Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?

    1.–1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.

    Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?

    2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.

    3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.

    4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.

     

    13. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?

    A)Американдық Стивке

    B)Тимур Бекмамбетовке

    C)Ақтан Арым Құбатқа

    D)Анар Қашағановаға

    E)Нұртас Адамбаевқа

    14. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

    A)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін

    B)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

    C)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

    D)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін

    E)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

    15. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.

    1.  Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.

    2.  Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.

    3.  Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.

    A)Біріншісі

    B)Үшеуі де бұрыс

    C)Үшіншісі

    D)Екіншісі

    E)Үшеуі де дұрыс

    16. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?

    A)Көз – қорқақ, қол – батыр.

    B)Қорыққан мен қуанған бірдей.

    C)Ер сыншысы – елі.

    D)Жылтырдың бәрі күміс емес.

    E)Михнат болмай, рахат болмас.

    17. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?

    A)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.

    B)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.

    C)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.

    D)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.

    E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.

    18. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:

    A)Екінші

    B)Бірінші

    C)Үшінші

    D)Барлығы

    E)Төртінші

    19. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?

    A)сын

    B)алаңдау

    C)ой-пікір

    D)күмән

    E)мақтау

    20. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?

    A)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан

    B)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан

    C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан

    D)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан

    E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан

    90-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл.

    1. Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз.

    A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    B)Мың асауға бір тосу.

    C)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    D)Туған жердей жер болмас.

    E)Ерді ел теңгерер.

    2. Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған.

    A)би туралы

    B)қыздар туралы

    C)кітап туралы

    D)аспап туралы

    E)ән туралы

    Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оған тыныштық бермепті.

    Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

    – Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің? – дейді. Мысық тәкаппарлана:

    –                    Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

    Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

    Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

    3. Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

    A)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

    B)Досы көпті жау алмайды

    C)Ежелгі дұшпан ел болмас

    D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

    E)Жалғыз қаздың үні шықпас

    4. Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

    A)Тапқырлығы

    B)Ептілігі

    C)Шыдамдылығы

    D)Батылдығы

    E)Шапшаңдығы

    5. Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

    A)Қулығын асырған тышқан

    B)Мысық пен тышқан

    C)Тату-тәтті өмір

    D)Ұйқышыл мысық

    E)Жаңа дос

    6. Тышқанның дұшпанын анықтаңыз

    A)Жалқау

    B)Айлакер

    C)Өркөкірек

    D)Батыл

    E)Мақтаншақ
    1. Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

    2. Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.

    3. Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.

    4. Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.

    5. Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.

    6. Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою –  өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына      және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады.

     

    7. Үшінші бөлімнің соңғы сөйлемі бойынша есім таңдаңыз

    A)Жамал, Ақылгүл

    B)Қайсар, Батырхан

    C)Дана, Сабыржан

    D)Жібек, Меруерт

    E)Қымбат, Әсем

    8. Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?

    A)Әріптердің санын

    B)Есімнің дыбысталуын

    C)Есімнің әдемілігін

    D)Сөздердің тіркесуін

    E)Сөздің жаңалығын

    9. Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?

    A)барлық мезгілде

    B)көктемде

    C)жазда

    D)күзде

    E)қыста

    10. Баланың мінезінің қалыптасуына әсер ететіндер

    A)Жыл мезгілі мен есімінің дыбысталуы

    B)Ауа райы мен жыл мезгілі

    C)Ата-ана таңдауы мен ауа-райы

    D)Есімі мағынасы мен дыбыс саны

    E)Ай атауы мен есімінің дыбысталуы

    11. Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?

    A)Күз-қыс

    B)Қыс-жаз

    C)Көктем-күз

    D)Қыс-көктем

    E)Жаз-күз

    12. Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?

    A)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.

    B)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.

    C)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.

    D)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.

    E)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.
    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.

    Геннадий Головкиннің сұхбатынан

    (1)«Рингтен тыс жерде менің басқа өмірім бар. (2)Рингтен басқа жерде мен жай ғана қарапайым жігітпін. (3)Ал, спорт менің жұмысым, сондықтан мен оған өте жауапкершілікпен қараймын. (4)Мәселен, мен кеңседе қызмет етсем, ол жерде де дәл солай істер едім. (5)Шаршы алаңға шығу – бұл ойын емес. (6)Мен өз жұмысымда 100 пайыз қырағы болуым керек. (7)Өзімді осы 34 жасымда 25 жасымдағыдай сезінемін. (8)Ал 40 жасымда осы спортта қала алам ба? (9)Мен Құдай емеспін. (10)Мүмкін, мен осы кездесуден кейін спорттық мансабымды аяқтайтын шығармын. (11)Бұл – бокс. (12)Ал дәл қазір мен өзімді өте жайлы әрі сергек сезінемін», – деген боксшының сөздерін Daily Mail басылымы келтірді.

    Былғары қолғап шеберлерінің сөзінен

    ЛенноксЛьюис, ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадий әлемдегі үздік үштікке кіретін боксшы. Олар – Мэйвезер, Уорд және Головкин.

    Шугар Рэй Леонард, америкалық боксшы: Головкин – бұл күш. Егер, ол Коттоға қарсы жекпе-жек өткізсе, жанкүйерлерге нағыз сыйлық болар еді.

    Адриан Гонсалез: америкалық танымал бейсбол ойыншысы: Хулио Сезар Чавес менің әр уақыттағы сүйікті боксшым болған. Ал қазір маған Геннадий GGG Головкиннің боксы ұнайды. Ол – жақсы боксшы.

    Сауль Альварес: WBC нұсқасы бойынша әлем чемпионы: Головкин – әлемнің үздік боксшысы. Алдағы уақытта онымен жекпе-жек өткізгім келеді.

    Джим Лэмпли, HBO телеарнасының комментаторы: Геннадий Головкин – Майк Тайсонға ұқсайтын жалғыз боксшы.

    Кіші Рой Джонс, 4 салмақ бойынша кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы: Геннадий Головкин бокстағы – «құбыжық». Ол орта салмақтағы – жас Майк Тайсон.

    Андре Берто, орта салмақтағы әлемнің экс-чемпионы: Геннадийдің қолы – балға секілді. Қарсыластарын тек нокаутқа жіберуге арналған сияқты. Оның қарсыластары қанша жерден бетін жауып қорғанғанымен, бәрібір нокаутқа ұшырайды.

    Кен Хершман, HBO президенті: Меніңше, Геннадий Головкин – бокс әлемінің жұлдызы. Геннадийде қазір барлық мүмкіндік бар. Біріншіден, ол өте мықты, екіншіден ол кез-келген боксшымен салмақ дәрежесіне қарамай жұдырықтасуға дайын.

    Фредди Роуч, америкалық бапкер: Мен Головкин туралы жақсы сөздерді жиі естимін. Ол үздік боксшы, бірақ оның жекпе-жектерін көрмеппін. Оның жекпе-жектеріне HBO телеарнасы қызығушылық танытып, түсіріп жүр. Демек, ол – әлемнің мықты боксшыларының бірі.

    Владимир Кличко, украиналық боксшы: Меніңше, Геннадий сияқты адам боксқа керек. Ол жеңіске өз күшімен жетіп жүр, ешқандай жасанды жеңісі жоқ. Оны жұрттың бәрі біледі. Бокс жанкүйерлері оны құрметтейді.

     

    13. Қандай спортшылар Г.Головкинді М.Тайсонға ұқсатты?

    A)Владимир Кличко, Фредди Роуч

    B)Кіші Рой Джонс, Джим Лэмпли

    C)Шугар Рэй Леонард, Джим Лэмпли

    D)Андре Берто, Фредди Роуч

    E)Леннокс Льюис, Адриан Гонсалез

    14. Келесі тұжырымдардың қайсысы мәтіндерге сәйкес келеді?

    1. Осы кездесудің жеңіспен аяқталатыны айқын.

    2. Осы кездесудің жеңіліспен аяқталатыны айқын.

    3. Геннадийдің  өз қабілеті мен күшіне сенімі мол

    A)1-ші дұрыс

    B)3-ші дұрыс

    C)барлығы дұрыс

    D)2-ші дұрыс

    E)1-ші мен 3-ші дұрыс

    15. Спортшының парызы туралы бірінші мәтіннің қай сөйлемінде берілген?

    A)Оныншы

    B)Бірінші.

    C)Үшінші

    D)Он екінші

    E)Төртінші

    16. Берілген мәтіндерді публицистика стиліне жатқызуға бола ма?

    A)Екеуі де жатпайды

    B)Тек екіншісін

    C)Бұл дидарластық сөз

    D)Екеуі де жатады

    E)Тек біріншісін

    17. Сұхбаттағы қандай жауап Геннадийдің бойындағы негізгі қасиетті сипаттайды?

    A)Тәуекелшіл.

    B)Еңбекқор

    C)Қырағы

    D)Тым қарапайым

    E)Аса ұғымтал

    18. Бірінші мәтіндегі 7-сөйлемге сәйкес келетін тұжырым?

    1. Шынықсаң, шымыр боласың

    2. Денсаулық – байлықтан да қымбат

    3. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер.

    A)Тек біріншісі

    B)Бірінші мен екіншісі

    C)Тек екіншісі

    D)Екеуі де бұрыс

    E)Тек үшіншісі

    19. 1-мәтіндегі 8-10-сөйлемдер автордың қандай көңіл күйін білдіреді?

    A)Сенімділігін

    B)Ренішін

    C)Қорқынышын

    D)Алаңдаушылығын

    E)Болжағыштығын

    20. Геннадий қай спортшының талғамының өзгеруіне себепкер болды?

    A)Адриан Гонсалез

    B)Владимир Кличко

    C)Джим Лэмпли

    D)Андре Берто

    E)Шугар Рэй Леонард
    91-НҰСҚА

    Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

    Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

    Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді.

     

    1. Екінші абзацта не туралы айтылған?

    A)Қамысты құрақтағы құстар туралы

    B)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

    C)Көлдегі балықтар туралы

    D)Көл атауы туралы

    E)Көлдің көлемі туралы

    2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

    A)Көл толқындарының бұйралығына байланысты

    B)Көлдің әдемілігіне байланысты

    C)Көк толқындардың жылдамдығына  байланысты

    D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

    E)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

    1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.

    2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.

    3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты.

    3. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?

    A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына

    B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

    C)Ертең сабаққа баратынына

    D)Туфлиінің жыртылғанына

    E)Ауданға баратын адамның болмағанына

    4. Айдос неліктен жылап жіберді?

    A)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.

    B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.

    C)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.

    D)Туфлисіз қалғанына ренжіп.

    E)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.

    5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

    1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.

    2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.

    3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

    A)Екінші

    B)Үшінші

    C)Бірінші

    D)Барлығы теріс

    E)Барлығы дұрыс

    6. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

    A)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

    B)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.

    C)Қырсыққан жігіт мал таппас.

    D)Өтірік айтқаннан өлген артық.

    E)Қалауын тапса қар жанар.
    1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59


    написать администратору сайта