Главная страница
Навигация по странице:

  • І.

  • Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін... – Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды

  • Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница56 из 59
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59

    95-НҰСҚА

    Айнабұлақ! Мыңбұлақ! Өмірге тұңғыш келгенімде дүниеде теңдесі жоқ нәрлі суымен мені шомылдырған, мені жуындырған бұлақ. Мен алғаш суын ішкен, мені әлдилеп сүйген, маған сенген, туған жерім Мыңбұлақ... Біз де сүйек, еттен жаралған жанбыз. Біздің жанымызды тебіренте соққан жүрек болаттан құралған емес, бірақ біздің жүрек – отты жүрек. Оның оты болатты ерітіп, жаңқадай жандыратын от. Біздің жүрегімізде қауіп-қатерді көтеріп, өлімді жеңетін бір жарық – ана сүтін ақтап, туған елді, Отанымызды сүю сезімі. Бізде ер атасы – махаббат, өмір тасы – халық, ел намысы – ер қолында. Біз намысты елдің ұлымыз. Жеңілмес күшіміз сонда.

    1.Мәтінде «жаңқадай жандыратын от» дегені не?

    A)Жүрек

    B)Мыңбұлақ

    C)Намыс

    D)Махаббат

    E)Айнабұлақ

    2.Берілген мақалдардың қайсысы мәтіннің түйінін ашып тұр?

    A)Атадан ұл туса  игі, ата жолын қуса игі

    B)Ерлік пен еңбек – егіз

    C)Талапты ерге нұр жауар

    D)Ерлік тәрбиеден туады

    E)Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас

    1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.

    2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.

    Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.

    Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.

    3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.

    Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.

     

    3.Берілген мәтін қай стильде жазылған?

    A)Ауызекі сөйлеу стиль

    B)Ресми ісқағаз стилі

    C)Ғылыми стиль

    D)Публицистикалық стиль

    E)Көркем әдебиет стилі

    4.Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?

    A)Ардақты адам

    B)Бауырмал адам

    C)Талапшыл адам

    D)Құрметті адам

    E)Танымал адам

    5.Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?

    A)Екінші

    B)Бірінші

    C)Үшінші

    D)Екінші және үшінші

    E)Барлығында

    6.Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?

    A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.

    B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.

    C)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.

    D)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.

    E)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.


    І. 
    Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?

    Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.

    − Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.

    ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес.  Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.

    ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…

    IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.
    7.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

    A)Зерттейді

    B)Дәлелдейді

    C)Суреттейді

    D)Нақтылайды

    E)Сипаттайды

    8.Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?

    A)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.

    B)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.

    C)Елімізде театр санын арттыру керек

    D)Театр билетінің құнын өсіру керек

    E)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт

    9.Автордың мақаласына түрткі болған жағдай

    A)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету

    B)Театр қызметкерін таныту

    C)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу

    D)Өнер ордасына балалардың сирек баруы

    E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы

    10. «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?

    A)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.

    B)Кішкентай балаға театр қызық емес.

    C)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.

    D)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.

    E)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.

    11.«Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?

    Ата-аналардың...

    A)Немқұрайлық танытуынан

    B)Қаражатының жоқтығынан

    C)Мәдени орынды сыйламауынан

    D)Бағасы бір деп ойлауынан

    E)Өресінің таяздығынан

    12.Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл күйі берілген

    A)Күмәнданады

    B)Немқұрайлық

    C)Дегбірсізденеді

    D)Алаңдаушылық

    E)Таңқалушылық

    Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады

    Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...

    Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?

    1.–1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.

    Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?

    2. – Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.

    3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.

    4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын.

     

    13.Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:

    A)Барлығы

    B)Төртінші

    C)Бірінші

    D)Екінші

    E)Үшінші

    14.Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

    A)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін

    B)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін

    C)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

    D)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

    E)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

    15.Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?

    A)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.

    B)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.

    C)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.

    D)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.

    E)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.

    16.Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?

    A)Бар атақ режиссерге тиеселі болғандықтан

    B)Кинода режиссердің көзқарасы басым болғандықтан

    C)Драматургтің жауапкершілігі басым болғандықтан

    D)Режиссер жұмысын өте жоғары бағалағандықтан

    E)Актерлердің ойыны ұнамағандақтан

    17.Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.

    1.  Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.

    2.  Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.

    3.  Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.

    A)Үшеуі де дұрыс

    B)Біріншісі

    C)Екіншісі

    D)Үшіншісі

    E)Үшеуі де бұрыс

    18.3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?

    A)алаңдау

    B)күмән

    C)мақтау

    D)сын

    E)ой-пікір

    19.Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?

    A)Михнат болмай, рахат болмас.

    B)Қорыққан мен қуанған бірдей.

    C)Ер сыншысы – елі.

    D)Көз – қорқақ, қол – батыр.

    E)Жылтырдың бәрі күміс емес.

    20.4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?

    A)Ақтан Арым Құбатқа

    B)Тимур Бекмамбетовке

    C)Нұртас Адамбаевқа

    D)Американдық Стивке

    E)Анар Қашағановаға
    96-НҰСҚА

    Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал  ескенде  ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай  ғана болған, бұ  дүниенің  күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол  ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз  жіберетін де,  бұлақтағы  тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.

    Сайраған құстар әні  оны  көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға  итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет.

    1. Бағбанды ең  ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

    A)Қоңыр салқын самал желдің соғуы

    B)Құстардың сайраған үніне таңдануы

    C)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі

    D)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы

    E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

    2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

    1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

    2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

    A)Тек екіншісі

    B)Дұрыс жауап жоқ

    C)Екеуі де бұрыс

    D)Екеуі де дұрыс

     E)Тек біріншісі

    Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.

    Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.

    Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді. Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.

    Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды.

    3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

    A)Меринос қойымен будандастыратындықтан

    B)Саны жылдан-жылға азайып бара жатқандықтан

    C)Мүйізі үлкен болғандықтан

    D)Егіз төл беретіндіктен

    E)Суыққа төзімді болғандықтан

    4. Арқардың негізгі жауы нелер?

    A)Сүт қоректілер.

    B)Қос  аяқтылар.

    C)Үй жануарлары.

    D)Ет қоректілер.

    E)Шөп қоректілер.

    5. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?

    A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

    B)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады

    C)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

     D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді

    E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды

    6. Арқар қандай жерлерді мекендейді?

    A)Құмдауыт ойпаттарды

    B)Егіс алқаптарын

    C)Шөлейт жерлерді

    D)Тау бөктерлерін

    E)Жазық даланы

    Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

    Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

    Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

    Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

    Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

    7. Автордың «...Тек  бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай?

    A)Халқына сенім арту

    B)Халқына жанашыр болу

    C)Халқына қамқор болу

    D)Халқының жолын ашу

    E)Халқының қамын ойлау

    8. «Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген?

    A)Бағыт сілтеуші болғандықтан

    B)Түн жылы болатындықтан

    C)Жақсылыққа жорығандықтан

    D)Түн жарық болатындықтан

    EДәстүрді құрметтеген

    9. Мәтіннің тақырыбы қандай?

    A)Үміт шырағы

    B)Жұлдыз сыры

    C)Дала аспаны

    D)Ырымшыл халық

    E)Жақсылық нышаны

    10. Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады?

    A)Шынайылыққа

    B)Турашылдыққа

    C)Сабырлыққа

     D)Болжампаздыққа

    E)Сенімділікке

    11.  «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр?

    A)Жігерлілігін

    B)Ұстамдылығын

    C)Сабырлылығын

    D)Тәуекелшілдігін

    E)Мақсатшылдығын

    12. Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған?

    A)Әңгімелеу

    B)Пайымдау

    C)Суреттеу

    D)Баяндау

    E)Сипаттау

    Аптап ыстықта саялайтын жер іздеп саябақтағы отырғыштардың біріне бұрылдым. Орындыққа отырмақ болып беттегенімде, көзім сұмдық жағдайдың куәгері болды. 3-4 жасар ұл бала қоқыс тастағыш жәшікті тіміскілеп жүр. «Бұл кім? Не қылған бала?» деген сауалдарға жауап іздеу мақсатында баланы бақылап біраз отырдым. Қарасам, бұл бала жалғыз емес екен. Әр-әр жерде орналасқан қоқыс жәшігін ақтарып, азық іздеп жүрген тағы да екі ұл бала мен кішкентай қызға көзім түсті. Киген киімнің олпы-солпысы шыққан, кір қожалақ. Көкейде маза бермей тұрған сансыз сұрақ мені бір орында отырғызбады. Қолыма бір-екі нәрсе алған соң, аяңдап біреуінің қасына бардым. Жемге келген көгершіндей қалған үшеуі де қасыма жетіп келді. Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады. Қолымдағыны ұсынған соң, бұл балалардың ата-анасының қайда жүргенін білгім келді. Сұрасам, «Білмеймін...» деп күмілжіп мұңды дауыспен жауап қатты. Осыдан соң жағдайдың бәрін түсіндім. Басымды еріксіз изедім де орындыққа қайта отырып, ары қарай бақыладым. Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа-тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты. Іштеріне сәл де болса бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

    Мұндай оқиғаны алғаш көруім. Бұдан кейін не ойларыңды да білмейді екенсің. Ата-анасы ащы судың жетегіне еріп, балаларды ақша табуға, азық табуға мәжбүрлейді екен, бұл – сол жерде жүрген қала тұрғынының сөзі. Айтуынша, бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған. Күнделікті елдің қалған-құтқанын жеп, қарындарын тойдыратын көрінеді.

    Бұған дейін көшедегі бомждарды көріп, осындай өмірді таңдаған өзі, енді өзінен көрсін деуші едік. Ал енді мына балаларға не айтуға болады?! Адам ата-ананы таңдап алмайды. Сол бір жауапсыз жандардың кесірінен бақытты шақтарын көшеден азық іздеумен алмастырып жүргендері өте өкінішті-ақ... Оқушы біткен жазғы демалыстың аяқталмауын тілеуде. Ал, мына балалардың екеуі мектептерін аңсап жүр. Арнаулы мектепке баратындардың ол жерде киер киімі ұқыпты, тамақтары тоқ, жатар орны таза. Мектеп жасына толмаған қалған екеуі ше? Олар не күн көреді? Жазда, жарайды,әрбір қарағаш оларға  сая, кез-келген шүберек киім. Қыста ше? Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма? Жоқ әлде, көмусіз аң-құстың азығына айналар ма екен? Бұл тұста қылышты кімге сілтерімді де білмеймін. Бала тәрбиесіне қарамайтын ата-анаға ма, жоқ әлде тек екеуді қамқорлығына алған үкіметке ме? Ата-анаданенді қайыр жоқ, ол белгілі жайт! Үкімет  енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!

     

    13. Мәтіндегі «жауапсыз жандар» тіркесі кімдерге бағытталған?

    A)Балалардың әке-шешелеріне

    B)Мектеп мұғалімдеріне

    C)Әлеуметтік орталық өкілдеріне

    D)Үкімет басындағы азаматтарға

    E)Қоғамдық ұйым басшыларына

    14. Мәтіннен кейіпкердің ой толғамын білдіретін сөйлемді көрсетіңіз.

    A)Қастарында тұрып асқазандарының шұрылын естуге болады.

    B)Қақаған аязда үсіп өлсе, бұларды іздейтін жан бар ма?

    C)Бұл жер балалардың тұрақты мекеніне айналған.

    D)Іштеріне бірдене барған соң, қайтадан «жұмыстарына» кірісті.

    E)Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты.

    15. Кейіпкер не себептен балаларды бақылап отырды?

    A)Балалардың кім екендігін анықтау үшін

    B)Балаларға қол ұшын беру үшін

    C)Балалар әрекеттерінен жиіркенгендіктен

    D)Балалар әрекеттеріне қызыққандықтан

    E)Балалардың әрекеттерін құптағандықтан

    16. Саябақ балалардың өмір сүру мекеніне айналғандығы туралы көзқарас кімнің атынан айтылады?

    A)Жергілікті тұрғындар айтады

    B)Өздері қатарлас балалар айтады

    C)Демалушылардан естиді

    D)Саябақтың күзетшісі айтады

    E)Қаңғыбас адамдар айтады

    17. Мәтіннің үшінші абзац мазмұнына сай келетін тақырыпты көрсетіңіз

    A)Шынайы тілек

    B)Тұрақты мекен

    C)Күнкөріс

    D)Саябақ

    E)Жолы болмаған балалар

    18. Мәтіннің екінші абзацына қандай тақырып сәйкес келеді?

    A)Мейірімсіз ана

    B)Саябақтағы оқиға

    C)Қараусыз қалған балалар

    D)Жас балалар

    E)Азық іздеген төртеу

    19.  «Үкімет енді мына екеуді де далаға қаңғытпай қарамағына алса екен. Мендегі жалыз тілек осы!» деген сөйлем автордың қандай сезімін көрсетеді?

    A)Балалардың өміріне алаңдау

    B)Балаларға жақсы тілек айту

    C)Үкіметке үміт арту

    D)Балалардың тағдырын шешу

    E)Балаларға қол ұшын беру

    20.  «Төртеуі азды-көпті алған азықтарын көк шөптің үстіне отыра сап, жапа -тармағай жеуге кірісті. Кішкентай қыз тоғын арықтағы сумен басты» деген сөйлем кішкентай қыздың қандай әрекетін көрсететінін болжаңыз.

    A)Шарасыздығы

    B)Жек көрушілігі

    C)Жиіркеніші

    D)Сенімділігі

    E)Өкініші
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59


    написать администратору сайта