Главная страница
Навигация по странице:

  • Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін... -Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды

  • Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба

  • Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл


    Скачать 1.08 Mb.
    НазваниеОу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
    Дата30.12.2021
    Размер1.08 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаОқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1.docx
    ТипДокументы
    #322368
    страница58 из 59
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59

    99-НҰСҚА

    Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда.

    Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал  ескенде  ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай  ғана болған, бұ  дүниенің  күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол  ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз  жіберетін де,  бұлақтағы  тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін.

    Сайраған құстар әні  оны  көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға  итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. (174 сөз)

      Ә.Әлімжанов « Ұстаздың оралуы», «Жазушы» Алматы

    1. Бағбанды ең  ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз

     A)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі

    B)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі

    C)Қоңыр салқын самал желдің соғуы

    D)Құстардың сайраған үніне таңдануы

    E)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы

    2. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз.

    1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын.

    2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін

    A)Екеуі де дұрыс

     B)Дұрыс жауап жоқ

    C)Тек екіншісі

    D)Тек біріншісі

    E)Екеуі де бұрыс

    Арқар – қой тұқымдасына жататын жануар. Өзінің денесі сымбатты, биіктігі 125 сантиметрге, салмағы 200 килограмға дейін жетеді. Жазда арқасы мен бүйірі қоңыр, бауыр жағы ақшыл түсті келеді. Еркегінде де, ұрғашысында да мүйіз болады. Құлжасының мүйізі ірі, бұралып иілген, айшықты, аналығынікі нәзік, өте қысқа, бозғылт қоңыр түсті болады. Мүйізіндегі сақинаға қарап жасын анықтайды.

    Арқар негізінен Орта және Орталық Азияның тауларын, Азияның оңтүстігіндегі тауларды мекендейді. Арқар – биік тауларда тіршілік етуге бейім, аязға өте төзімді жануар.

    Арқар көбінесе үйір-үйірімен жүреді. Көбіне, көгалды шоқылардың арасындағы далалы өңірде жайылады. Қыста салқын түссе, таудың етегіне, көктем мен жазда таудың субальпілік белдеуіне қарай аударылады. Бұл мезгілде олар 10-15-тен топтанып жүреді.Тек жазда көбею кезінде бөліне бастайды, көбіне егіз туады. Арқарлардың басты жауы – қасқыр мен барыс.

    Арқар дәмді ет, сапалы тері беретін аң болып саналады. Алайда саны жылдан-жылға азайып барады. Сондықтан қазір оны аулауға тыйым салынған. Қазақстан Ғылым академиясының бір топ ғалымдары арқарды меринос қойымен будандастыру арқылы қазақтың асыл тұқымды арқар-меринос қойын шығарды. (166 сөз)

     (Интернет материалдарынан)
    3. Неліктен арқарды аулауға тыйым салынған?

    A)Бағалы кәсіптік аң болғандықтан

    B)Егіз төл беретіндіктен

    C)Мүйізі үлкен болғандықтан

    D)Суыққа төзімді болғандықтан

    E)Меринос қойымен будандастыратындықтан

    4. Қазақстан ғалымдары қандай ғылыми жаңалық ашты?

    A)Арқардың тіршілік ету ортасын айқындады

    B)Арқардың төлдеу ерекшелігін көрсетті

     

    C)Арқардың мүйізіне қарап жасын анықтады

    D)Арқар терісінің сапалылығын дәлелдеді

    E)Арқардан төрт түлік түрін шығарды

    5. Арқардың негізгі жауы нелер?

    A)Шөп қоректілер.

    B)Сүт қоректілер.

    C)Ет қоректілер.

    D)Қос  аяқтылар.

    E)Үй жануарлары.

    6. Арқар қандай жерлерді мекендейді?

    A)Тау бөктерлерін

    B)Құмдауыт ойпаттарды

    C)Жазық даланы

    D)Егіс алқаптарын

    E)Шөлейт жерлерді

    2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

    Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырдан» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді.

    «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым...

    Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар.

    Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ»-деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын!

    P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. (288 сөз)

    Керек Инфо. Киностан.

    7. Нұрланның пікірінен нені білуге болады?

    A)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көп көрермен жинай алғанын

    B)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын

    C)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне жиналған қауымның риза болғанын

    D)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын

    E)«Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмінің жарнамасынан да мықты болғанын

    8. Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды?

    A)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу

    B)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені

    C)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі

    D)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні

    E)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын

    9. Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді?

    1.                Баян Есентаеваның бұл картинасы сәтті шыққаны - сөзсіз.

    2.                Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерін жеткізе алды.

    3.                «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді.

    A)Тек бірінші

    B)Барлығы теріс

    C)Тек үшінші

    D)Барлығы дұрыс

    E)Бірінші мен үшінші

    10. Берілген мәтіндер не туралы?

    A)Баян Есентаеваның жетістігі туралы

    B)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы

    C)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға

    D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы

    E)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы

    11. Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады?

    A)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры.

    B)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды.

    C)Гүлмайра – кино майталманы.

    D)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ.

    E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар.

    12. Қай көрермен жаңа кинофильмге оң баға берді?

    A)Нұрлан мен Жанерке

    B)Нұрлан мен Гүлмайра

    C)Нұрлан

    D)Жанерке

    E)Гүлмайра

    13.Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады

    Бұдан кейін кино түсірем бе, білмеймін...

    -Кино әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қандай болды?

    1.-1992-93 жылдары Америкада жүргенімде режиссер ретінде алғашқы дебютім болды. АҚШ-тың Юта штатында Солт-Лейк-Сити деген қала бар. Сол жердегі кино мамандарына бірнеше сценарий жазып бергенмін. Бір күні кино түсіру алаңына келсем, режиссер жоқ екен. Стив деген продюсер бар еді, материалды өзімнен артық ешкім білмейтінін алға тартып, фильмді қолға алуымды сұрады. Қысқасы, кино алаңына итергендей етіп шығарды. Бұл кездейсоқ жағдай. Мен режиссер емеспін, негізгі мамандығым – кинодраматург. Сөйтіп басталып кетті. Бірнеше бейнеролик түсірдім. Олардың тапсырысымен әлеуметтік жарнама түріндегі екі фильм түсірдім. Алматыға қайтып келгеннен кейін де сценарий жазуды тоқтатқан жоқпын. «Мұстафа Шоқайды» жаздым. «Қазақфильмнің» президентінің орнына Анар Қашағанова келгенде Ақтан Арым Құбат деген қырғыз режиссеріне берген «Келін» сценарийі бойынша түсіруді «Материалды өзіңнен артық ешкім білмейді, әрі бастағаннан кейін аяғына жеткізу керек» дегенді айтып, кино түсіру алаңына итергендей етіп шығарды. Кейбіреулер режиссерлік үшін күресіп жүрсе, мен мәжбүрліктен қолға алдым. Сөйтіп аяқ астынан режиссер болып шыға келдім.

    Режиссер ретінде өзіңізді қалай бағалайсыз? Сіздің бойыңызда режиссерлік қасиет басым ба, әлде кинодраматург ретінде мықтысыз ба?

    2. –Драматург бола жүріп, көптеген сценарий жаздым. Режиссерге бересің. Кейін кино шыққанда қарасаң, көңілің толмайды. «Әттеген-ай!» дейтін тұстары көп болады. Сценарийді жазғанда бір киноны көз алдыңа елестетіп отырасың. Кино шыққанда қарасаң, сенің алдындағы суретіңмен сабақтаспайды, мүлдем басқа жаққа кетіп қалады. Ештеңе айта алмайсың. Өйткені, режиссердің көзқарасы басқа. Бірнеше рет сценарийлерім ойлағанымдай емес, мүлдем басқа кино болып шыққанда ішімнен өкініп жүрдім. Жалпы, режиссер ретінде біреудің жазған сценарийін түсіре алмаймын. Тек қана өзімдікін түсіремін. Егер бір жерден қате кетсе, тек өзіңнен көресің. Ең бастысы – жауапкершілік. Өзіңе, өз ісіңе деген жауапкершілік. Ешқандай тапсырыспен жұмыс істемеу керек. Жұмысты қолға алдың ба, оны жоғары кәсіби дәрежеде істеу керек. Өз шығармашылығыма баға бере алмаймын. Бірақ, кәсіби дайындықпен келгенім анық.

    3. Жауапкершілік дегеннен туады, бір киноға шамамен екі жылдай уақыт кетеді. Бұл аз уақыт емес. Ал менің досым Тимур Бекмамбетов жылына төрт кино түсіреді. Тимурды жақсы көремін. Мәскеуде жүргенде жақын араласатынбыз. Өте дарынды, мықты жігіт. Бірақ, оның кинолары жеңілтек. Көбінесе компьютерге сүйене отырып жасалады. Бұл адамның интеллектісіне байланысты нәрсе емес. Мұнда техникалық, технологиялық интеллект басымдыққа ие болып тұр.

    4. Қазір кино түсіру еріккеннің ермегіне айналып кетті. Жақсы кино көргенде адам қуануы керек. Ал қазіргі біздің киноларды көргенде қуана алмайсың. Өйткені, деңгей түсіп кетті. Еліктеу көп. Өз ойымыз жоқ. Жұртты күлдіргіміз келеді. Күлкінің өзі де түкке тұрмайтын болып шығады. Ойсыз. Күлкінің өзінің ар жағында ой болуы керек. Ал қазіргі кинолардағы күлкі – «аха-ха, иха-ха». Бұл дүниелер, яғни соңғы жылдары кино деп түсіріліп, кино ретінде көрсетіліп жүрген дүниелер – кино емес. Баян Есентаева, Нұртас Адамбайлардың түсіріп жүргендері кино деуге келмейді. Мейлі ғой, түсіре берсін. Бірақ, басын ашып алу керек, олардікі ешқандай да кино емес. Басқа нәрсе. Жанрын өзгерту керек шығар, бәлкім. Бұлардың ең басты ойы – ақша жинау. Ал нағыз өнер адамы ақша үшін жазбайды. Мұхтар Әуезов Абайды ақша үшін жазған жоқ. Шәкен Айманов, Сұлтан Қожықовтар ақшаның құнын білетін, бірақ ақша үшін жазбайтын. Ал қазіргілер о бастан-ақ ақшаны бірінші орынға қояды. Қазіргі кинолардың кино дегеннен гөрі бизнес жобаға келетіні сондықтан болса керек. Киноның аты да өзгерді қазір. Кино түсіруге бел будың ба, бүкіл жан-дүниеңмен соған берілесің, үлкен дайындықпен кірісесің. Басында қорқасың. Ылғи сол. Ал кино біткеннен кейін ауырасың. Өзім әр кинодан кейін 3-4 айдай ауырамын. (500 сөз)

    13. Отандық кино жағдайы туралы қай бөлімде ой қозғайды:

    A)Төртінші

    B)Екінші

    C)Бірінші

    D)Барлығы

    E)Үшінші

    14. 4-бөлімде автор кімге кино туралы ойын өзгерту керек деп кеңес береді?

    A)Нұртасқа

    B)Шәкенге

    C)Сұлтанға

    D)Абайға

    E)Мұхтарға

    15. Ермек Тұрсыновтың адами қасиеттері туралы қандай ой түюге болады?

    A)Ол –отандық киноиндустрия саласын дамытуға күш салған адам.

    B)Ол – жауапкершілігі жоғары және өз ісіне адал адам.

    C)Ол – Америкада тәжірибе жинақтаған режиссер.

    D)Ол – өз сценарийлеріне кино түсіріп жүрген танымал режиссер.

    E)Ол – білімі мен тәжірибесін ұштастыра білген адам.

    16. Қай жауап 1-бөліміннің мазмұнына сәйкес келіп тұр.

    1.  Ермектің режиссер болуына сценарийді өзі жазуы септік болды.

    2.  Ермектің режиссер болуына кездейсоқ жағдай себепкер болды.

    3.  Ермек Тұрсынов еркінен тыс режиссер атанды.

    A)Үшіншісі

    B)Екіншісі

    C)Үшеуі де бұрыс

    D)Үшеуі де дұрыс

    E)Біріншісі

    17. Ермек Тұрсыновтың айтуынша, неге кинодраматургтың дайын фильмге көңілі толмайды?

    A)Себебі бар атақ режиссерге тиеселі болады

    B)Себебі режиссер жұмысын өте жоғары бағалайды.

    C)Себебі кинода режиссердің көзқарасы басым болады.

    D)Себебі актерлердің ойыны ұнамайды.

    E)Себебі драматургтің жауапкершілігі басым болады.

    18. Сұхбат қандай мақсатпен алынды?

    A)Ермек Тұрсыновтың кино туралы ойын білу үшін

    B)Ермек Тұрсыновтың фильдерін жарнамалау үшін

    C)Ермек Тұрсыновты таныстыру үшін

    D)Отандық фильмдерге талдау жасау үшін

    E)Баян Есентаева мен Нұртас Адамбайға сын айтқызу үшін

    19. Берілген мақал-мәтелдердің қайсысы Ермек Тұрсыновтың айтқан сын сөзіне сәйкес келеді?

    A)Жылтырдың бәрі күміс емес.

    B)Ер сыншысы – елі.

    C)Қорыққан мен қуанған бірдей.

    D)Михнат болмай, рахат болмас.

    E)Көз – қорқақ, қол – батыр.

    20. 3-бөлімде Ермек Тұрсынов Тимур Бекмамбетовке қатысты не айтады?

    A)алаңдау

    B)күмән

    C)мақтау

    D)сын

    E)ой-пікір

    100-НҰСҚА

    Жиһанкез өзінің қыпшағын еш уақыт тастаған емес. Қыпшағының қос ішегі алыста қалған туған жердің шерменді үнін қозғап, өткен күндерді, албырт жас шағын, от басында тұрып ән салған қыпшақтың жас сұлуларының әсем әндерін, айлы түндердегі жер солқылдатқан сарбаздар биін еске салатын. Сондайда ол музыка жайлы кітабын бітірсе, туған жерін есіне түсірер осынау сұлу сезімді мұңлы саздардан айырылып қалатындай боп қорқатын.

    Туған жерін еске алғанда оның көңілін ылғи жабырқау мұң басатын. Әсіресе соңғы жылдарда мүлде торлап алды. Туған жеріне бір қиялмен шарлап келмей көңілі орнына түспейді. Әрине, жер ортасынан асқан шақта ғұмырының жартысын білім қуып жат өлкеде тентіреумен өткізген жанның көкірегінде болар табиғи сағыныш еді бұл. (100 сөз)

    Ә.Әлімжанов «Ұстаздың оралуы»

    1.Мәтіннің 1-ші бөлімінде не туралы айтылған?

    A)аспап туралы

    B)кітап туралы

    C)би туралы

    D)ән туралы

    E)қыздар туралы

    2.Мәтіндегі ойға сәйкес келетін мақал-мәтелді табыңыз?

    A)Көшерін жел, қонарын сай біледі.

    B)Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.

    C)Мың асауға бір тосу.

    D)Жамандық қөрмей жақсы болмас.

    E)Туған жердей жер болмас.

    Бұрын бір тышқан болыпты. Ол өте ақкөңіл, достарымен тату екен. Бірақ жаңа келген мысық оны жегісі келіп тыныштық бермепті.

    Бір күні оның ұйықтап жатқанын көрген мысық байқамаған болып жалпақ табанымен жаншып өтті. Шошыған тышқан орнынан қарғып тұрып мысыққа:

    –Мен ешқашан басқаларға жамандық жасаған емеспін. Сен неге маған өшігіп жүрсің?-дейді. Мысық тәкаппарлана:

    –Саған тышқан бол деген кім? Тышқан екенсің, жеуге тиіспіз! – дейді.

    Оның түпкі ниетін байқаған тышқан содан былай сақтанып, бұрыш- бұрышта тығылып жүретін болыпты.

    Бір тәуірі мысық өте ұйқышыл екен. Басы жастыққа тиді болды, қорылдай кетіп, қанша оятса да оянбайды екен. Мұны білген ақылды тышқан ебін тауып, ұйықтап жатқан дұшпанының мойнына қоңырау байлап қойыпты. Сөйтіп, жүрген сайын сылдырайтын қоңыраудың арқасында алаңсыз ұйықтап, еркін жүретін болыпты.

    3.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз.

    A)Ұйқышыл мысық

    B)Жаңа дос

    C)Тату-тәтті өмір

    D)Қулығын асырған тышқан

    E)Мысық пен тышқан

    4.Мәтіннен мысықтың қай қасиеті байқалады?

    A)Өркөкіректігі

    B)Мақтаншақтығы

    C)Айлакерлігі

    D)Жалқаулығы

    E)Батырлығы

    5.Тышқанның алаңсыз өмір сүруіне негіз болған жағдай

    A)Батылдығы

    B)Шыдамдылығы

    C)Шапшаңдығы

    D)Тапқырлығы

    E)Ептілігі

    6.Мәтін мазмұнына сай мақалды табыңыз.

    A)Ежелгі дұшпан ел болмас

    B)Жалғыз қаздың үні шықпас

    C)Диірменде туған тышқан тарсылдан қорықпас

    D)Екі қошқардың басы бір қазанда піспес

    E)Досы көпті жау алмайды

    1.Балаға ат қоюдың қаншалықты маңызды екеніне мән бермейтіндер көп. Сол себепті де, әдемі естілетініне қызығып, көбінесе мағынасыз аттарды қоя салады.

    2.Бір қызығы, сәбидің қай мезгілде, қай айда дүниеге келгендігі де оның мінезінің қалыптасуына ықпал ететін көрінеді. Деректерге сүйенсек, қыста ынталы, талапты балалар дүниеге келеді. Кілең жуан дыбыстардан тұратын қатқыл есімнің қойылуы олардың осы қасиетін одан әрі ұштап, дамыта түседі. Желтоқсанда туған балалар тік мінезді, өте өктем, ал қаңтар мен ақпанда туған балалар байсалдырақ болады. «Бірақ қыста туған сәбилер есейгенде өздерінің қырсықтығының кесірінен ешкіммен сыйыса алмай қиналады. Олар әрдайым елдің алдында болғысы келеді. Егер сіз оның табиғат берген қатал мінезін жұмсартқыңыз келсе, жұмсақ есім таңдаңыз» дейді экстрасенс Заман Сыпатаев.

    3.Сыпатаевтың айтуынша, көктемде туған балалар тез ренжігіш, сезімтал, әсершіл. Олардың көбі тумасынан дарынды, бірақ өздеріне сенімді емес. Осы жасқаншақ, жігерсіз жұмсақ мінезі олардың көшбасшы болуына кедергі. Сондықтан қайраттандыру үшін оларға қатқыл есім таңдаған жөн.

    4.Жазда туған балаларға, негізінен белсенділік пен тәкаппарлық, батылдық тән.

    5.Күзде туған балалар өте әмбебап, алғыр және сабырлы. Не істесе де, көп ойланып-толғанады. Бірақ мінездері жеңілтектеу. Оларға ат таңдау соншалықты қиын емес, себебі күзгі балалардың табиғатына ештеңе әсер етпейді.

    6.Заман мырза жалпы балаға ат қоюда есімдер құпиясын ескеру керектігін айтады. Біріншіден, есім қалай дыбысталады, соған мән берген жөн. Ары қарай, мағынасына көңіл бөлу керек. Мәселен, қыз балаға сұлулық, парасаттылық, ақылдылық қасиеттерін қамтитын есімдер лайық. Ал балаңыз ұл болса және сіз оның болашақта қажырлы да қайратты, дәулетті және ер мінезді азамат болып өскенін қаласаңыз, есімін де соған орайластырып қойғаныңыз абзал. Ең бастысы, өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Есімін де соған қарай таңдаңыз. Ат қою –  өте жауапты іс. Сонымен қатар әр бір ата-ана өз баласының бақытты, табысты болуына      және үйлесімді өмір сүруіне ықпал ете алады. (267 сөз)

    7.Мәтіндегі мәліметке сәйкес балаға ат қояр кезде нені ескеру керек?

    A)Сөздің жаңалығын

    B)Әріптердің санын

    C)Сөздердің тіркесуін

    D)Есімнің дыбысталуын

    E)Есімнің әдемілігін

    8.Қай кезеңде туған балалардың мінезін қатқыл есім өзгерте алады?

    A)қыста

    B)көктемде

    C)жазда

    D)барлық мезгілде

    E)күзде

    9.Үшінші бөлімге сәйкес қандай есімдер қоюға болады?

    A)Жамал, Ақылгүл

    B)Дана, Сабыржан

    C)Қымбат, Әсем

    D)Жібек, Меруерт

    E)Қайсар, Батырхан

    10.Қандай пікір мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келеді?

    A)Есімді ай атауына байланысты қойған жөн.

    B)Балаға әдемі естілетін есім таңдаған жөн.

    C)Есімнің мағынасына назар аударған жөн.

    D)Есімді құрметті адамдарға қойдырған жөн.

    E)Есімді заманына сәйкестендіріп қойған жөн.

    11.Қандай мезгілде туған балалардың мінездері бір-біріне қарама-қайшы?

    A)Қыс-жаз

    B)Жаз-күз

    C)Қыс-көктем

    D)Көктем-күз

    E)Күз-қыс

    12.Мәтіндегі ойға сәйкес жаңа туған балаға ненің әсері көп?

    A)Ата-ана таңдауы мен ауа-райының

    B)Есімі мен күн мезгілінің

    C)Жыл мезгілі мен есімінің қатқылдығы

    D)Ай атауы мен есімінің қатқылдығы

    E)Ауа райы мен жыл мезгілінің

    Сіздің назарыңызға 2 мәтін ұсынылады. Бірінші мәтін – әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің журналистерге берген сұхбаты. Екіншісі – Геннадий туралы танымал спортшылардың айтқан пікірлері.
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59


    написать администратору сайта