Оқу сауаттылығы 100 ВАР 2017-1. Оу сауаттылыЫ 1НСа зайсан клін ертеде монолша ХуноХутоНор оыраулы кл
Скачать 1.08 Mb.
|
81-НҰСҚА Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр. Құмырсқалардызерттейтінғылым – мирмекологиядепаталады. Осы мирмекологмамандардыңқұмырсқадайтынбайталаптанып, қайнағантіршіліктізерттеуінәтижесіндебізгеолартуралыкөптегенқызықтыдеректербелгіліболды. Құмырсқажержүзіндееңкөптарағанжәндік. Әлемдегіеңқұрметтімимекологтардыңбірі Эдвард Уилсонныңесебібойынша, бүгінжербетінде 10 квадрилиион, яғнионның 15 дәрежесіндейқұмырсқа бар екен. Жан басынашаққанда, бірадамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпыүлесібарлықадамныңүлесіндей. 1.Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз. A)Көп, қарақұрым B)Қаптап кетті, қайнады C)Нөпір болды, ығы-жығы D)Қайнаған, қалың E)Қажырлы, еңбекқор 2.Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Жәндіктер туралы B)Құмырсқалар еңбегі C)Құмырсқалар достығы D)Құмырсқалар илеуі туралы E)Мирмекологтар туралы Гүл ‒ жер бетіндегі ең сұлу жаратылыс. Гүлдердің ешкімге зияны жоқ, керісінше, айналасындағыларға шаттық пен қуаныш, көтеріңкі көңіл күй сыйлап, адам жанын жадыратып жіберетін қасиетке ие. Есте жоқ ерте замандарда, яғни көркемсөз өнері дамымаған, хат жазу дәстүрі кең тарамаған кезде адамдар өздерінің сезімдерін гүл арқылы жеткізетін болған деседі. Одан бері қанша ғасыр өтсе де, бұл дәстүр сақталып келеді. Гүлдердің сырына үңіліп көрейік. Мысалы, қызғалдақ ‒ дүние жүзінде кең тараған әдемі гүлдердің бірі. Қызғалдақтың отаны туралы пікірталастар өте көп. Шын мәнінде, қызғалдақтың отаны ‒ Қазақстан! Сакура ‒ Жапонияның символы болып табылатын гүл. Оның гүлдеуі адамның сана-сезімін еріктен тыс әдемі нәрселерді ойлауға жетелейді. Раушан гүлінің отаны ‒ Иран, ол ертеректе Персия елі болып есептелетін. Өз тілдерінде оны «гюл» деп атайды. Сонымен бірге елінде оны «гюлистан» дейді, аударғанда «раушандар бағы» деген мағынаны білдіреді. Ал Үнді еліне раушан гүлі Бабуру басшысының арқасында жерсіндірілген. Грекияға гүлді батыс елдерден келгендер әкелген, кейін гүл махаббат пен әдеміліктің символы саналады. Дицентра ‒ Германияда «жүрек гүлі» ретінде танымал болса, поляктар оны «Құдай-Ананың туфлиі» деп атайды, ал француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаса, орыстар «жаралы жүрек» деп атайды. Ал барлық ағылшын тілділер оны «қанды жүрек» деп атайтын көрінеді. Қалай атаса да, әр елдің осы гүлмен байланысты өз тарихтары бар. Орхидеялар әлемнің ең әдемі гүлі болып табылады. Адамдар орхидеяға өте ертеден-ақ қызығушылық танытып келеді. Бұл гүл туралы тарихи әңгімелер мен жазбалар өте көп. Чарлз Дарвиннің өзі бұл гүлдің құпиясы мол гүл деп сипаттап жазған болатын. 3.Қызғалдақтың отаны A)Франция B)Ресей C)Германия D)Қазақстан E)Жапония 4.Француздар «Жаннетта жүрекшесі» деп атаған гүл A)Қызғалдақ B)Раушан C)Орхидея D)Дицентра E)Сакура 5. «Раушандар бағы» атауының шыққан жері A)Жапония B)Үндістан C)Қазақстан D)Германия E)Персия 6.«Құпиясы мол гүл» деген сипатқа лайық A)Қызғалдақ B)Дицентра C)Раушан D)Сакура E)Орхидея 2014 жылғы Қазақстандық кинолардың шымылдығын ашқан «Фуга»-дан кейін Баян Есентаеваның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі көпшілік қауымның назарына ұсынылды. Сол кинокартина жайында жазылған мәліметтермен мұқият танысып шығып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Нұрлан. Фильмнің прокаты 8, 9, 10 наурыз күндері мерекелік демалысқа келгеннен соң, сол күні дәл оған ғана емес барлық киноларға, барлық кинотеатрларда түнгі 12-ге дейін билет болмай, «Ханшатырда» ең соңғы сеансқа билет барын біліп, соған кіруге тура келді. «Абайлаңыз, сиырдың!» жарнамасы әлеуметтік желілерде біраз сайрап тұрды. Пиар қадамдардың бірі болу керек, «Абайлаңыз, сиырға!» мүлдем билет жоқ» деген жазбалары бар суреттерді де көрген боларсыздар. Содан халық «бұл неткен кино екен» деп мерекеден кейін де кинотеатрға ағылып жатты. Мен де соның бірі болдым... Жанерке. Қазіргі уақытта отандық фильмдердің сапасы «уааау» деуге келмейді ғой. Бірақ осы олқылықтың орнын толтырып, орысша-қазақша аралас болса да қолына алып жатқан Баян Есентаеваға тек рақмет айтамыз! Не дегенімен, фильм түсіру кез келгеннің қолынан келе бермейді, үлкен еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Оны түсінетін бар, түсінбейтін бар. Гүлмайра. Шетелдік фильмдерді көріп өскен ұрпақ бәрібір шетелмен салыстырамыз да, «жаман, нашар» деп бағалай саламыз. Әрине қазір 3D-ны қойып шетелдік фильмдер Imax-тан көрсетіп жатқанда, іштері ашып солай бағалайды да: «Неге біздікілер солай жасай алмады?» деген ой келеді. «Қазақфильм» бастаған Қазақстанның киногерлері бұған: «Техника жоқ, маман жоқ, қаржы жоқ» – деп ақталады да қояды. Бірақ біз жыл өткен сайын үмітімізді үзбейміз, әр қазақстандық фильм шыққан сайын ол алдыңғысынан жақсы болар деп барудамыз. Кино түсірушілер жылдан-жылға көрермендердің көңілін қалдыра бермейтін шығар деген үміттеміз. Әлеуметтік желілерде «Ел арна» жабылып, содан үнемделген ақша жаңа керемет бір фильмге жұмсалғалы жатыр деген шын-өтірігі аралас әңгіме тарады. Сол шын болса, келесі жылы 8 наурызда керемет бір рецензия жазатын шығармын! P.S. Фильмді көргеніме бір аптадай уақыт өтсе де рецензия жазуға деген шабытым қазір ғана ашылды. Шындығында бұған бүгін желіге шыққан Арман Дүйсеновтің «Сен жайлы» туындысы әсер етті. 7.Қандай жауап Жанеркенің берген бағасымен сәйкес келеді? 1. Баян Есентаеваның бұл картинасының сәтті шыққаны – сөзсіз. 2. Фильмге түскен актерлер өз кейіпкерлерінің образын аша алды. 3. «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильмі тіл мәселесін көтерді. A)Бірінші мен үшінші B)Барлығы теріс C)Тек үшінші D)Барлығы дұрыс E)Тек бірінші 8.Нұрланның пікірінен «Абайлаңыз, сиыр!» фильмі туралы нені білуге болады? A)Фильмінің өте сәтті көрсетілім болғанын B)Фильм жарнамасынан да мықты болғанын C)Фильм көп көрермен жинай алғанын D)Фильмге жиналған қауымның риза болғанын E)Фильмінің көрерменнің көңілінен шыққанын 9.Берілген мәтіндер не туралы? A)«Қазақфильм» киностудиясының жетістігі туралы B)Баян Есентаеваның жетістігі туралы C)Отандық киноиндустриясының бүгінгі жағдайы туралы D)«Абайлаңыз, сиыр» тұсаукесерінің сәтті өтуі туралы E)«Абайлаңыз, сиыр» фильміне берілген баға 10.Қазақ киноиндустриясының қандай жағдайы туралы сөз қозғалды? A)Киноның сапасынан гөрі желілердегі жарнамаға көп көңіл бөлу B)Салаға бөлінетін қаржының дұрыс игерілмейтіні C)Қазіргі қазақ фильмдерінің өзекті мәселелерді көтергені D)Отандық кинолардың шетелдік туындылардан кем еместігі E)Кино саласының қажетті деңгейде дамып келе жатқанын 11.Отандық фильмдердің сапасына түсінушілікпен қараған көрермен A)Нұрлан мен Жанерке B)Гүлмайра C)Нұрлан мен Гүлмайра D)Нұрлан E)Жанерке 12.Үшінші пікірден Гүлмайраны қалай сипаттауға болады? A)Гүлмайра «Абайлаңыз, сиыр!» фильмін мүлде көрген жоқ. B)Гүлмайра – отандық киноның жанашыры. C)Гүлмайраның «Абайлаңыз, сиыр!» атты фильміне көңілі толды. D)Гүлмайра – кино майталманы. E)Гүлмайра – қазақстандық фильмдер туралы бейхабар. 1. Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады. 2. Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады. 3. Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы: – Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, – деп елші арқылы сәлем айтады. 4. Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын. 5. Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирге елші жіберіп: – Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, – деп өз сәлемін жеткізеді. Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды. 6. Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», – деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен. 13.Спаргапистің намысшылдығы қай азатжолдан көрінеді? A)Екінші B)Бесінші C)Төртінші D)Үшінші E)Бірінші 14.Автордың мәтінді жазудағы мақсаты қандай? A)Сақ патшасының ержүректілігін өнеге тұту B)Мидия патшасының ақылдылығын дәріптеу C)Парсы патшасының батылдығын насихаттау D)Спаргапистің соғыстағы жеңісін үлгі тұту E)Кирдің жеңісін мақтан ету 15.Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай? A)Ойды қорытындылайды B)Ойды дамытады C)Ойды пайымдайды D)Ойды салыстырады E)Ойды тұжырымдайды 16.Неліктен Томирис Кирдің ұсынысынан бас тартты? A)Кирді ұнатпағандықтан B)Елінің тәуелсіздігін ойлағандықтан C)Соғысқа дайын болғандықтан D)Өзі ешкімге тәуелді болғысы келмегендіктен E)Парсы жерінде тұрғысы келмегендіктен 17.Кир қандай патша? A)Ашкөз B)Ержүрек C)Ақымақ D)Ақылды E)Батыл 18.Томирис неліктен парсы патшасының мәйітін іздетті? 1. Патшаның өлгеніне көз жеткізу үшін 2. Сертін орындау үшін 3. Ұлының кегін алу үшін A)Біріншісі дұрыс B)Екіншісі дұрыс C)Барлығы дұрыс D)Үшіншісі дұрыс E)Барлығы бұрыс 19.Кир неліктен Томириске құда түсті? A)Спаргаписті қолға түсіру үшін B)Байлығына қызықты C)Сұлулығына көзі түсті D)Қамқор болғысы келді E)Сақ елін иеленгісі келді 20.Спаргапистің жеңісі неліктен уақытша жеңіс саналды? A)Қиян-кескі ұрыс болғандықтан B)Соғыс күші жетіспегендіктен C)Соғысқа азғана әскерін қатыстырғандықтан D)Жаудың шағын тобымен соғысқандықтан E)Батырлар жеңісін тойлағандықтан 82-НҰСҚА Бақ ішінде адам болмайтын. Күндіз құс екеш құс та сайрамайтын мұнда. Тек таңертеңгі және кешкі шақтарда Гхутахтың көк жасыл жазығына қарай алыс таулардан қоңыр салқын самал ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін. Алайда, мұнда бағбан боп келгеніне бір жұмадай ғана болған, бұ дүниенің күйкі тірлігімен қоштасқан жиһанкез жан үшін ең ләззатты сәт таң алдындағы әупілдектің құлақ құрышын қандырар махаббат ынтығына толы, құпияға толы әні болатын. Осындай шақтарда ол ұйқысы қанып, төңірекке рахаттана көз жіберетін де, бұлақтағы тастай суға жуынып, басқа жұмысқа отырмас бұрын қолына қыпшағын алатын. Қос ішекті термелей отырып, әупілдек әніне құлақ тосқан күйде таңғы жұпар ауаны көкірегін кере жұтып, ойын бір арнаға түсіріп, өзінің жазбаларын жалғастыруға әзірленетін. Сайраған құстар әні оны көптен бері арман етіп жүрген музыка жайлы кітап жазуға итермелейтін. Парақ-парақ қағаздар бетінде музыкалық ноталардың толып жатқан белгілері жазылған. Құстар үнінің ырғақты саздарын ден қоя тыңдап, әр дыбысқа дәл анықтама беруге тырысатын, музыка өз ойларын, түйгендерін қағаз бетіне түсіріп, оның тарихы мен теориясын жүйелеумен шұғылданды. Ал сол үздік-создық ойларын бір кітап етіп, ертедегі гректер мен индустардың музыка мен музыка аспаптары жайлы ғылымның негіздері бар еңбектерін тегіс зерттеу қажет. 1.Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты көрсетіңіз. 1.Сайраған құстар әні оның музыка жайлы кітап жазуына кедергі болатын. 2. Алыс таулардан соққан қоңыр самал жел ескенде ғана құстар улап-шулап қоя беретін A)Екеуі де дұрыс B)Екеуі де бұрыс C)Дұрыс жауап жоқ D)Тек біріншісі E)Тек екіншісі 2.Бағбанды ең ерекше күйге енгізетін сәтті белгілеңіз A)Таңғы жұпар ауамен тыныстауы B)Қоңыр салқын самал желдің соғуы C)Құстардың сайраған үніне таңдануы D)Бұлбұлдың таңғы үнін естуі E)Әупілдектің сиқырлы әніне елтуі 1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды. 2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды. 3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. 3.Айдос неліктен жылап жіберді? A)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп. B)Жаңа туфли әпергеніне қуанып. C)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына. D)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне. E)Туфлисіз қалғанына ренжіп. 4.Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді? A)Қырсыққан жігіт мал таппас. B)Қалауын тапса қар жанар. C)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің. D)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді. E)Өтірік айтқаннан өлген артық. 5. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды? 1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды. 2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді. 3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды. A)Барлығы теріс B)Барлығы дұрыс C)Үшінші D)Бірінші E)Екінші 6.1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды? A)Туфлиінің жыртылғанына B)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне C)Ертең сабаққа баратынына D)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына E)Ауданға баратын адамның болмағанына Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар... Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе! Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?! Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе. Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай! 7.Мәтіннің бірінші азатжолы қандай үлгіде жазылған? A)Әңгімелеу B)Сипаттау C)Суреттеу D)Пайымдау E)Баяндау 8.Мәтін мазмұнына сәйкес «Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар!» деу арқылы автор қандай нәрсеге назар аудартады? A)Турашылдыққа B)Сенімділікке C)Болжампаздыққа D)Сабырлыққа E)Шынайылыққа 9.Мәтіннің тақырыбы қандай? A)Дала аспаны B)Үміт шырағы C)Жақсылық нышаны D)Жұлдыз сыры E)Ырымшыл халық 10.Автордың «...Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!» деп аяқтауының мақсаты қандай? A)Халқына сенім арту B)Халқына қамқор болу C)Халқының жолын ашу D)Халқына жанашыр болу E)Халқының қамын ойлау 11.«Халық не себептен «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деген? A)Түн жарық болатындықтан B)Түн жылы болатындықтан C)Дәстүрді құрметтеген D)Бағыт сілтеуші болғандықтан E)Жақсылыққа жорығандықтан 12. «Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой» деп кейіпкердің қандай қасиетін көрсетіп тұр? A)Мақсатшылдығын B)Сабырлылығын C)Жігерлілігін D)Тәуекелшілдігін E)Ұстамдылығын Қазақтың кино сүйер қауымына танымал кинодраматург, режиссер Ермек Тұрсыновтың телеарнаға берген сұхбаты ұсынылады |