Главная страница
Навигация по странице:

  • «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» Мамандық

  • ПОӘК дайындаған п.ғ.д., профессор Таубаева Шаркуль

  • Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.

  • Алғы сөз Курстың мазмұны

  • Курс барысында студенттер: Білуі тиіс

  • Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

  • ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері


    Скачать 2.11 Mb.
    НазваниеПедагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
    Дата14.01.2023
    Размер2.11 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаППЗәәдіснамасы.doc
    ТипСеминар
    #886648
    страница2 из 37
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37

    әдістемелік кеңесінде бекітілді


    Хаттама №_ «_____»__ 2012 ж.
    Оқу жұмысы жөніндегі проректор

    ________________У.С. Әбдібеков
    "____"_______ 2012 ж..

    ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ


    «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері»


    Мамандық: «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану»

    Оқу түрі: күндізгі

    Алматы 2012ж.

    ПОӘК дайындаған п.ғ.д., профессор Таубаева Шаркуль
    Оқу-әдістемелік кешен кредиттік жүйеге сәйкес «5D012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығына арналып жасалған. Оқу-әдістемелік кешен «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығының жұмыстық оқу жоспары және оқытушының жеке зерттеуінің нәтижелері негізінде әзірленді.

    Жалпы және этникалық педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралып ұсынылды.

    «___ » __________________ 2012 ж., хаттама №____

    Кафедра меңгерушісі _________________ А.К. Мынбаева

    (қолы)

    Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.


    « ___ » _____________ 2012 ж., хаттама № __

    Төрағасы (Төрайымы) ________________________ Н.А. Саитова

    (қолы)

    Алғы сөз
    Курстың мазмұны: «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» курсы мазмұны студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

    «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері педагогика мен психологияны оқып-үйрену үшін қажет әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдармен танысады.

    Пәннің мазмұнына психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық туралы арнайы білімдер енеді. Студенттер психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістерін ойластырып, психологиялық-педагогикалық факт мен құбылысты зерделеу туралы тұжырымдар жасайды.

    Пәннің мазмұнына енетін сұрақтар:


    1. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің жалпы сипаттамасы. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің қызметтері.

    2. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.

    3. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің түрлері.

    4. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің жалпы логикасы және құрылымы.

    5. Зерттеудің тұжырымдамасы.

    6. Ғылыми зерттеудің ұғымдық-түсініктік аппараты.

    7. Психологиялық- педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістері мен әдістемесі.

    8. Ғылыми мәліметтерді талдау, өңдеу және түсіндіру

    9. Психологиялық-педагогикалық зерттеулердегі қателіктерді түзету жұмысы

    10.Зерттеушінің психологиялық- педагогикалық мәдениеті және шеберлігі

    Курстың мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру.

    Курстың міндеттері:

    -студенттерді психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

    • Қазіргі замануи зерттеу әдістерін білетін, оларды оларды кәсіби әрекеті практикасында қолдана алатын педагогтарды қалыптастыру;

    • студенттердің кәсіптік-педагогикалық ойлауын қалыптастыру;

    • қазіргі замануи зерттеу зерттеу әдістермен таныстыру;

    • студенттерді сараптамалық бағалау әдістерін қолдануға үйрету.

    Курс барысында студенттер:

    Білуі тиіс :

    -зерттеу үдерісі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің ерекшелігі, психологиялық-педагогикалық зерттеудің логикасы және түрлерін;

    - әдіснамалық тұғырлар мен ұстанымдарды;

    - психологиялық, социологиялық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістерін, әрүрлі әдістердің зерттеушілік мүмкіндіктерін, зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін, жеке тұлғаны, топты диагностикалау әдістемесін ;

    -теориялық және қолданбалы зерттеудің негіздерін;

    - психологиялық-педагогикалық зерттеудің негізгі ұғымдар жүйесін;

    - тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау мен жүргізудің, мәні мен әдістемесін ;

    - дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін дайындау, рәсімдеу және қорғау ерекшеліктерін;

    -әлеуметтік-педагогикалық зерттеуде қолданылатын психологиялық және социологиялық зерттеудің болашақта қажет әдістерін.
    Игеруі керек:

    - зерттеу тақырыбын таңдау және оның өзектілігін анықтауды;

    - психологиялық және социологиялық әдістерді әлеуметтік-педагогикалық зерттеуде қолдануды;

    - жеке тұлғаның, топтың әлеуметтік-педагогикалық диагностикасын жасай алуы және зерттеудің мәліметтерін өңдеудің статистикалық әдістерін;

    - білім беру мекемелерінде немесе әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінде әлеуметтік-педагогикалық тәжірибелік-эксперименттік жұмысты дайындау мен жүргізу әдістемесін ;

    Қалыптасатын дағдылар:

    -бітіріші түлектің дипломдық жұмысты дайындау және қорғай алуы;

    - түрлі санаттағы адамдармен кәсіптік әрекет барысында ақпарат пайдалана алу;

    -әлеуметтік саласы маманы ретінде өз білімдері мен дағдыларын күтпеген жағдаятта қолдана алу.

    Дәрістер мазмұны
    1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті. Педагогика мен психологиның әдіснамасы: мәні, құрылымы, және қызметтері. Педагогика мен психологиның әдіснамасының даму тарихы және кезеңдері. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
    1.1. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» оқу курсына кіріспе: пәні, негізгі міндеттері, құрылымы, негізгі оқу әдебиеті.

    Курстың мақсаты: студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері саласындағы білімдерін жүйелі қалыптастыру.

    Курстың міндеттері:

    -студенттерді психологиялық-педагогикалық зерттеулердің теориялық-әдіснамалық негіздерімен таныстыру;

    -қазіргі замануи зерттеу әдістерін білетін, оларды оларды кәсіби әрекеті практикасында қолдана алатын педагогтарды қалыптастыру;

    -студенттердің кәсіптік-педагогикалық ойлауын қалыптастыру;

    -қазіргі замануи зерттеу зерттеу әдістермен таныстыру;

    -студенттерді сараптамалық бағалау әдістерін қолдануға үйрету.

    «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы және әдістері» курсы мазмұны студенттердің ғылыми зерттеулердің әдіснамасы және әдістері саласындағы жүйелі білімдерін қалыптастыруға бағытталған.

    «5В012300-Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» мамандығы студенттері педагогика мен психологияны оқып-үйрену үшін қажет әдіснамалық тұғырлар және ұстанымдармен танысады.

    Пәннің мазмұнына психологиялық-педагогикалық факт, психологиялық-педагогикалық теория, психологиялық-педагогикалық заңдылық туралы арнайы білімдер енеді. Студенттер психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістерін ойластырып, психологиялық-педагогикалық факт мен құбылысты зерделеу туралы тұжырымдар жасайды.
    1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   37


    написать администратору сайта