ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
Скачать 2.11 Mb.
|
6-дәріс. Эксперимент, оның түрлері, даярлау және өткізу әдістемесі. Кешенді психологиялық және педагогикалық эксперимент. Педагогикалық тәжірибенің теориялық негізі. Педагогикалық тәжірибенің ұйымдастырылуы жайында баяндамас бұрын педагогикалық тәжірибенің теориялық негізін анықтауға тоқталу қажет. Жаңадан бастаған ізденушіге (студенттер, аспиранттар,) тәжірибенің функциясы, ролі мен мәнін оның ғылыми зерттеу жүйесвіндегі орнын, әдіс ретіндегі педагогикалық тәжірибенің ерекшелігінің білулері керек. Олар педагогикалық тәжірибеге қандай талаптар қойылатынын, олардың басты тасырмаларын және де оның классификациясы қалай құрылатынын білулері тиіс. Педагогикалық тәжірибенің ізденістеріндегі ролі мен функциясы Педагогикалық ізденістеріндегі тәжірибенің ролі мен ғалымдармен әртүрлі бағаланады. Біреулері педагогикалық тәжірибені тек қана педагогикалық процесттерді танып білу тәсілі деп қарастырмайды., сонымен қатар оқыту мен тәрбиенің практикасындағы жолдың инструменті, педагогикалық процесстегі мазмұнды, әдісті жетілдіру инструменті деп қарастырады. Басқалардың пікірінше, педагогикалық тәжірибенің ролі даму тенденциясы орнатудағы педагогикалық оқиғаның байланысын табу. Педагогикалық ізденістегі эксперименттердің ролі мынандай сұрақтардың туындауына алып келеді. Педагогикалық шарттарды өзгертетін эксперимент пен тәжірибелі үлкен қазына деп жалпылай отырып, педагогикалық зерттеуде біздің ойымызша экспериментпен. Эксперимент-инструмент танымы эксперемент-инструмент педагогикалық процесстегі жаңаны тану араларында шектеу жоқ. Өйткені, екеуінің де қортынды моменттері бар, олар: мақсаттың болуы, қағида, жаңа фактілердің жиынтығы, теоретикалық анализ, практикаға байланысты қорытынды. Эксперимент арқылы басқа зерттеу әдіске қарағанда әртүрлі процесс компонттерінің байланыс мінездерін және де педагогикалық ықпалдың шарттары мен көптеген факторлардың тиімділігн салыстыру немесе процесс жүйесінің өзгеруін және және де берілген шарттарға ең жақсы үйлесім табу; белгіленген тапсырмалар комплекісін белгілі әдіспен айқындау және де жаңа шарттардағы процестің ерекшелігін айқындау. Мақсатқа байланысты эксперемент танымдық функциясымен қатар практикалық функцияны да атқара алады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып бүкіл педагогикалық процесс арнайы ықпалмен және де арнайы білім беру процесі мен тәрбиелеу және оқушылардың дамыуына мақсатты бағытталған әрекет болып табылады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып табылады. Педагогикалық процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу-танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы. Белгілі шарттар процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу –танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы. Белгілі шарттар мен бағыттардағы мұғалімнің қызметі (оқушы қызметін құрастырудағы жаңа тәсілдерді белгілі пән бойынша білімдерді, дағды мен білікті басқару, әртүрлі дидактикалық амалдар арқылы оқушыларда өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыландыру) Оқушылардың барлық түрлеріндегі әрекеті (қызмет түрлері, мінез, бағытталуы, дегейлері т.б.). Жеке оқушының жүріс-тұрыс нормасы, жұмысқа қарым-қатынасы, айналадағы заттарға қатынасы, адамдарға, тәрбиеге, үйретуге деген ықпалы, білім алу және дағдылану жолдары. Оқушылар коллективті (жүйе, бағытталу, топтық жұмыс, жеке адамдар арасындағы іс-жөніндегі қарым-қатынасы); Педагогикалық тәжірибенің функциясы болып, тұжырымдаманы педагогикалық жүиелердің ықпал етуі мен қорытынды әр элементтің байланысымен тексерілді. Сондықтан, ізденуші –педагогқа ең алдымен тұжырымдаманың теориясымен ғылыми танымның формасы ретінде білуі керек. Болжам бұл дәлелденбеген тезис, сұраққа мүмкін болатын жауап бере алатын, ізденуші өз алдына қойған және зерттеліп жатқан оқиғалармен фактілер арасындағы болжанған байланыстан тұрады. Тұжырымдамада екі момент қосылады: кейбір ереженің шығуы, содан кейін логикалық және практикалық дәлел пайда болды. Тұжырымдамада іздену жолындағы белгілі бағыттап, жұмысқа керек дәл материалдпрды жинақтауды ұйымдастырады. (Кыверялт А.А.) Ғылыми болжамдарға қойылатын талаптар мыналар: 1 эмперикалық тексеру 2. теоретикалық негіздеме 3. логикалық негіздеме 4. болжау Педагогикалық болжамдар суреттелетін және түсіндірілетін деп бөлінеді. Суреттейтін болжамдарда тәжірибе қортындысымен сапаларының педагогикалық дидактикалық және әдістемелік, құрал тәсілдерді бір-бірімен байланыстырады. Түсіндіррмелі болжамдарға ішкі механизм шарттарымен себеп салдары мен зерттеу қортындылары ашылады. Ғылыми болжамдарда заттардың мазмұны, құрылымы , функциялары және айтылу формалары көрсетіледі. Заттардың мазмұнында оқу тәрбие процесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу ппрцесінің байланысы және ғылыми ойлардың жетістіктерінің тәжірибеге енгізу процесінің ерекшеліктерін көрсетіледі. Педагогикалық тәжірибенің зерттеу әдістерінің жүйесіндегі орны. Педагогикалық құбылыстың зерттелуі көптеген өзара байланыстарда әртүрлі зерттеу әдістемелер жүйесінде дұрыс жолын табу қажет, әдістің жіктелуін, түрлерін , типтерін, топтары туралы нақты түсінігі болуы қажет, Ғылыми әдіс ол күнделікті құбылыстарды тану тәсілдері, олардың бір-бірімен дамуы. /3,60б/ Ортақ дәрежесі бойынша педагогикада әдістердің үш категориясы белгіленеді: дидактикалық әдістеме (жалпы әдістеме, барлық ғылымда оның кезеңімен ғылыми жұмыстың сатыларында қолданады). ғылыми танымның жалпы әдісі. жеке ғылыми әдістеме Ғылыми зерттеулердің әдістерін шартты категория деп қарастыру қажет, ол зерттеу процедураларының ортақ моделі мен ғылыми ойдың пішінін осымен қоса зерттеу іс- әрекетінің жасау әдіс-тәсілдерін де біріктіреді. Б.Г.Ананьев ұсынған әдістемелер классификациясы жаңадан бастаған зерттеушіге қызықты болып табылады. (қазіргі кездегі адамтану проблема-М; 1997 ж) Ол зерттеу әдістерін төрт үлкен топтарға бөлген: 1. ұйымдастыру 2. эмперикалық 3. берілгенді талдау 4. түсінік беру Ортақ бағытты зерттеулердің барлық кезеңдегі бағытын анықтайтын ұйымдастыру әдістемелерінде салыстырмалы, логитюдті және комплексті әдістер жатады. Салыстырмалы әдіс педагогикалық ықпал етудің тиімділігін зерттеуге әдістемесін оқыту жолының білім ұғыну деңгейін салыстыру жолын т.с.с. тәсілдері қолданылады. Салыстырмалы әдіс көлденең тексеру ретінде білім сапасын, шеберлігін, жеке тұлға қасиеттерін белгілі бір оқыту кезеңінде, көрсету мақсатында қолданылады. Ғылыми деректерді табудағы және оны табу жолын анықтайтын эмперикалық әдістерге жататын: бақылау, өзін-өзі бағалау, диагностикалық, праксиометриялық, библиографтық әдістер және тәжірибе. Диагностикалық әдістер оқулықтың тәрбиелілігі мен оқу деңгейін анықтауда, психиканың даму дәрежесін анықтауда жеке тұлғаның қасиеттері мен жағдайын, пікірін зерттеу, олардың қатынастарын (интервью, анкета, сұрақ, тест) үлгерім арқылы зерттейді. Праксиометриялық әдіс әр түрлі мінез-құлық актілерін зерттеуде, оқу қызметіндегі құрылымын бейнелеуде, оқу қызметінің сараптамасында (бақылау жұмысы, реферат, шығарма) қолданылады. Тәжірибе зерттеу құбылысы арасындағы байланыс пен тәуелділігін ашу мақсатымен қолданылады. Берілгенді сараптау әдістемесі эмперикалық нәтижелердің анализдердің сапалы әдістемесін санын сараптау жатады. Сандық әдістемесі педагогикалық құбылыстың әр түрлі жағының сипаттауын сан ретінде көрсетуін және олар арасындағы байланысты білдіруге мүмкіншілік береді, ал сапалық әдістер зерттелген бірлестіктің бағалаудың критерийлердің негізінде олардың талдаудағы қатынасы мен типтік емес жағдайын классификациялау, диференттеу және бейнелеу жатады. Интерпритация әдістеріне жалпылау тәсілмен белгіленген деректердің түсіндірілуі мен бір-бірінің қатынасын тапсырыс ететін екі негізгі жүргізуші әдіске жатады: генетикалық және құрымдылық. Генетикалық әдісті іске асыруда өңделген материал зерттелетін құбылыстың генетикалық байланыс тұрғысынан түсіндіріледі. Ал құрылым әдістемені іске асыруда алынған деректер өзінің тұтастығымен және бөлімдердің бір-бірімен қарым-қатынастың сипаттамасы мен терминдермен түсіндіріледі. Педагогикалық тәжірибе бақылау, әңгімелесу, анкета сұрақтары, интервью т.б. педагогикалық тәжірибенің алғашқы кезеңдегі әдістемесін біріктіре отырып, комплексті қолдануды шамалайды. Тәжірибелеуші өзінің зерттеуінің жалпы стратегиясын құрып, қолданған әдістеме жүйесін анықтап, соның ішіндегі тиімдісін қолдану қажет, ғылыми педагогикалық зерттеудің мақсатын шешудің әрбір әдістің орнын, қатынасын нақтылап, тәжірибенің жоспарлау тәртібін және әрбір анықталған кезең мен зерттеу сатысындағы әдістемені басқа әдістеме мен қатар ұтымды байланыстырып қолдану керек. Педагогикалық тәжірибенің әдіс ретіндегі ерекшелігі. Педагогикалық тәжірибе басқа ғылыми әдістердің ерекшеленетін біраз ерекше қасиеттерге ие. Тәжірибенің қалай болмасын заңды байланысын табуға бағытталуы. Зерттелінген педагогикалық құбылыстың тәуелді болған шарттардың бақылауы. Педагогикалық ғылыми тәжірибенің арнайы қойылған тәжірибе ретінде болғандықтан оның ерекшелігн құрайтын бақыланатын шарттарды жасау болып табылады. Онда зерттелетін объект педагогикалық ықпал етудің мөлшерінің әсері мен ұтымды мүмкіншілік ала отырып өзін-өзі көрсетеді, тәжірибе мақсатына сәйкес. Зерттелетін педагогикалық құбылыстың заңды қатысын ала отырып, арнайы тәжірибе жағдайының жолын құра отырып ойлаған сапаны жасау үшін зерттеушіні белсенді қатысуы. Педагогикалық құбылыстың басқарылуы. Зерттеуге жататын процеске қатыса отырып, зерттеуші оны басқара алады. Қызықтырған құбылысты өз еркімен ауыстыру, кейбір құбылысты өмірге әкелу, педагогикалық процессті педагогикалық практика ретінде модельдеу. Әртүрлі жағдайда тәжірибені қайталау, бірнеше рет өндіру, кейбір құбылыстарды сыртқы әсерден қорғай отырып, заңдылық пен жалпы тұжырымдамалар шығаруға негіз беру. Тәжірибелердің дәлелдігі. Педагогикалық тәжірибе дәлелдік қасиеттерге ие. Қайталау мүмкіншіліктер арқылы табылған деректерге объективті нақтылық береді. Ол заңдылық педагогикалық жалпы тенденцияларды құруға негіз болады. Берілген нәтижелердің тексерілуі. Педагогикалық тәжірибенің әдіс ретіндегі ерекшелігі педагогикалық практикада ұзақ тексерістен өтіп, көпшілік процесінде теориялық қортындылардың дәлдігін растау және оны практикалық пайдалылығын көрсету. Техникалық, математикалық түр т.б. (бақылаушы, есептеуіш) зерттеу тәсілдерінің қолдану мүмкіндігі. Тәжірибе процедураларының белгіленген құрылым, құрылым элменттерінің байланысты оларға жататын болжаудың анықталуы, нәтижелердің өлшемі, алынған деректерді талдауы мен синтезі. Педагогикалық тәжірибеге қойылатын талаптар: Педагогикалық эксперименттердің ерекшелігіне байланысты оған нақты талаптар қойылады. Олардың кейбірін атасақ: нақты мақсаты мен талабы болу керек. алдын ала жасаған жоспар бойынша өту керек. табиғи шарттар бойынша шынайы жағдайда өту қажет. жақсы ұйымдастырылған болуы керек (орны, өткізілетін уақыты, мөлшері, тәжірибеге қатысатындар, тәжірибе материалын бейнелеу, эксперимент өткізу әдісін және жол қадағалау әдісін бейнелеу) нақты анықталған және тәжірибелік факторлардың көлемдік санын қосу. жеңіл салыстыратын берілген мәліметтердің болуы. қайталап өңдеу. мүмкін болатын қабілеттердің алдын алу. объективті нақты мәліметтермен қамтамасыз ету. бақылау жағдайында педпгогикалық құбылыстың заңды байланысын шығару. Өзін-өзі зерттеуі бойынша педагогикалық тәжірибенің жоспарын құру мен дайындау. Жоспарды дайындаған кезде педагогикалық экспериментке қойылатын талаптардың барлығы қолданады ма? Педагогикалық тәжірибенің негізгі талаптары оның мақсаты мен зерттеу болжамымен анықталады. Тәжірибенің келесі талаптарын жекеше бөлуге болады: белгілі педагогикалық жүйемен оқыту, тәрбиелеу және дамуындағы жеткен нәтижелер арасында тәуелділік орнату белгілі жағдайлармен қол жеткізген педагогикалық нәтижелер арасындағы тәуелділікті көрсету. педигогикалық шарттар жүйесімен уақыт шығыны мен педагог пен оқушылардың нақты нәтижеге қол жеткізудегі күш жұмсауы арасындағы тәуелділікті анықтау. педагогикалық әсер етудің екі немесе бірнеше варианттарының тиімділігін саолыстыру және олардың ішінен қайсыбір критерий тұрғысынан тиімді вариант табу . сай келетін шарттар критерийлер бойынша тиімді нақты жүйені дәлелдеу. себепші және басқа да қарым-қатынасты табу. Тәжірибе мақсаттарын қояр кезде зерттеу мақсатынан басқа болжау болып қосылады. Өзіндік жұмысқа тапсырма: Өзіндік зерттеу бойынша педагогикалық тәжірибенің мақсатын анықтау. Педагогикалық тәжірибенің түрлері мен типтері. Кесте 1
Мақсатты тағайындау бойынша өткізілген педагогикалық түрлерін қарастырайық. Диагностикалық эксперимент өзінің зерттеуші тағайындауы бойынша белгіленген пайымдау бойынша және бар білімін тексеру үшін қолданылады. Нақты деректерді анықтауға нәтиже мен педагогикалық ықпал арасындағы байланысты анықтау үшін. Айқындаушы тәжірибе зерттеуді жалғастыру үшін оқушыларының білімі иен қабілетінің деңгейінің бастапқы дәрежесін белгілейді. Ол оқыту тәжірибесінің алдында оқыту мен тәрбие практикасында берілген сұрақтың жағдайына талдау жасайды. Салыстырмалы тәжірибе бақыланатын және эксперементалды топтардың оқу және тәрбие нәтижелерінің салыстыру мақсатында өткізіледі. Қалыптастырылатын тәжірибе педагогикалық процестің барысын өңдеу мақсатында өткізіледі. Тәжірибенің бұл түрін қоярда зерттеуші оқытудың әдістерінің пішінін, мазмұнын белсенді өзгертеді. Алға қойған болжамға сәйкес және тәрбие мақсатында сәйкес өткізеді. Бақылаушы тәжірибе жаңа факторлардың енгізуімен бақылау мен анықтаудың тиімді тәсілін қолдануын өтеді. Оқыту тәжірибе зерттеу нәтижелерін оқыту мен тәрбие практикасына ендіруде қолданылады. Педагогикалық тәжірибенің кезеңі мен ұйымдастыруы Педагогикалық кезеңде анықталған сатылардың шешімімен байланысты нақты істің шешілетін кезегі мен педагогиикалық тәжірибеде келесі кезеңдері мен сатыларын бөліп көрсетуге болады: тәжірибені жоспарлау. Техникамен тәжірибеде өткізудің технологиясын таңдау мен бекітуге байланысты келелесі сатыларды бөліп атқаруға болады. мақсаттарды анықтау факторлардың түрлері Тәжірибе өткізу . Тәжірибе өткізуді екі кезеңге бөлуге болады. мәліметтерді өңдеу алынған деректерді, мағлұматтарды бекіту немесе қабылдамау. Тұжырымдама жоспары Тәжірибенің мақсаты мен міндеттері Тәжірибенің өткізетін орны мен уақыты Тәжірибеге қатысатын адамдарды сипаттау Тұжырымдама өткізу әдістемесін сипаттау Тәжірибе нәтижесіне әсер ете алатын ауыспалы қосымшаларды сипаттау Тұжырымдама нәтижесін пайымдау әдісі Тәжірибе өткізіудің әдісі Тұжырымдама өткізу әдісін жасауда зерттеуші тұжырымдаманың мақсатын айқындап бүкіл зерттеудің барысындағы орнын, жағдайын және мүмкін болатын нәтижені елестете алу қажет. Педагогикалық тұжырымдамаларды өткізу әдісі әртүрлі және өткізу мерзімінен, мақсаттарын, педагогиикалық факторлардың, құрылысының күрделігіне байланысты. Оны жоспарлағанда келесі нәрселерге кеңес береміз: Алғашқы мәлімет пен болжау педагогикалық құбылыстың зертелетін процессті алдын-ала ұйымдастыра отырып Тәжірибелеуге объектілерді дайындап және оларға шартты жасап Зерттеу құбылысының даму жолдарын жүйелі түоде бақылау және деректерді нақты жазып алу. Тұжырымдама өткізу процесін ұқыпты жоспарлау әртүрлі тәсілдер мен әдістер арқылы (сызба, анкета, тест) арқылы деректерге баға беру, өлшеу, тіркеу жүргізу, қайталанатын жағдай ұйымдастыру, шарттар сипатын өзгерте отырып бұрын сонды алынған мәліметтерді бекіту немесе теріске шығару эмперикалық материалдың логикалық жалпылауға өту, теориялық алынған деректі материалды теориялық түсінік беруден нәтиже мен әсер беру арнасындағы заңды қатынастарды ашуға өту. Мысалы. Педагогикалық тәжірибе өткізуде педагогикалық стажды он жылдан асқан мұғалімдер қатысты. Олар педагогикалық тәжірибенің мақстаы мен міндеттерімен мұқият танысты және әдістемелік оқытумен де танысты. Біз мынандай тіркестер қолдандық: оқытудағы бірыңғай ұқсастық әдістемесі (әртүрлі мектептерде, сыныптарда, мұғалімдердің басқаруымен бәріне бірдей таратылған материал зертеледі. Бірыңғайлық ұқсастық бірдей эксперименталды материалдан тұрады) бірдей айырмашылық әдістемесі сыныптар жинақты оқытудағы басқамен салаыстырмалы түрде өтеді, бұл жағдайда эксперименталды және бақылауға тұрған сыныптарды оқытуды бір ғана мұғалім жүргізеді. тоғысу тәжірибе эксперименталды оқытудың оқушылардың білім сапасына, танымдық қабілетінің дамуына әсер ете отырып, бақылау жұмыс әдісі бойынша өтеді. Ол мүмкіншілік жасайды: оқушылардың білім өктем білім сапасымен қабілетінің жинақтауға оқушылардың оқыту кезеңдерінің әр деңгейіндегі дамуының өзгерісі туралы жалпы мәлімет алу. оқытуды әрі қарай дамытудағы жолы мен тенденциясын табу. Біздің зерттеуде компонентті сараптама жасау кезінен қолдануы, оның әдістемесі тұжырымның міндеттері мен байланыстырыла қаралады. Тәжірибенің сандық нәтижелері келесі көрсеткіштермен бейнелейді: бағалау байланыс түрінде білімнің орталау бағасы дисперсия үлгерім коэффициенті білім, тиімділігі мен беріктілігі. Жанама сапалы сипаттау ретінде тіркеу әдістемесін қолдандық. Оқыту проблемасын құрамды шешуге қабілетін бағалау үшін біз нақтылы көрсетілген тәсілді жасадық: зерттелетін материалдағы проблеманы көру қабілеті және оны құрастыруы – 6 балл болжам шығару – 3 балл бағытты негіздеу – 3 балл бағытты айқындау – 3 балл проблеманы шешу – 5 балл шешімді теория немесе тәжірибе жүзінде тексеру – 5 балл қорытынды жасау – 3 балл Барлығы 30 балл Деректі материалмен теориялық қарым-қатынас қолдануда оқушылардың қабілетін бағалауда номиналды икемді қолдандық: деректерді бейнелеумен шектелді 2 балл құбылыстың себебін ашты 4 балл функционалды тәуелдікті көрсетті 8 балл теориялық жағдайды қолданды 8 балл өзінің жауабын затты тілмен немесе модель арқылы нақтыланды 10 балл Барлығы: 30 балл Берілген номиналды шәкілге интервалды шәкіл жасалған және жиі кездесетін варияцияларға шектеу интервалдарға сәйкес келеді: І-0, 73 қабілеттің жоғары коэффициенті 0,7-0,43-орта 0,4-0,17-төмен 0,17-0, өте төмен Тәжірибе қорытындысының сандық өңдеуі сапамен толықтырылып келесі бағыттарда өткізіледі: оқушылардың білімі мен танымдық қабілеті өзінің таңдаған компоненті бойынша оқу проблемасын шешу негізінде, ауызша жауап пен жазбаша жұмыстар нәтижесі бойынша сипаталады. жалпы педагогика және жеке әдістемелік сараптама мен сандық нәтижелердің көрсеткіштеріне түсініктеме беру . негізгі қорытынды мен практикалық ұсыныстарды анықтау. Қортындыларды өңдеудің графикалық түрі эксперименттің берілген тәжірибе мағлұматтарын кесте, сызба, диаграмма ретінде беріледі. Тәжірибелік топтағы оқушылардың білім көрсеткіші болып қана қоймай сондай-ақ кедейсоқ толқыныстың нәтижесі бола тұра оларды негіздеуде беріктілік пен тиімділік бағасы математикалық стасистика әдістемесі негізінде көрсетіледі. Алынған көрсеткіштің нақтылығы есептенген критерии көлемі Т,Ф пен бектіледі. Математикалық статистика қолдану негізінде тәжірибелік сабақтармен жазба жұмыстың көптеген саны оның сандық өңдеу сапалы және сандық сараптамадан өткізіледі. |