Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогикалық тәжірибе шарттары.

  • Кесте 2 Салыстырмалы тәжірибенің барысы

  • Эксперименттің міндеті

  • Педагогикалық тәжірибені дайындығы мен өткізілу этапы, әр этаптың мәні

  • Педагогикалық эксперименттің өтілу әдістемесі.

  • Тәжірибе жүргізу үшін мәселе мен тақырыпты таңдау. Ойлаған тәжірибені іске асыру кезіндегі теориялық ізденістер. Ғылыми зерттеудің жетекші ойын жасау

  • Педагогикалық тәжірибенің тапсырмалары мен болжамдары. Ғылыми зерттеудің жетекші ойын жасау Тәжірибенің мәселенін таңдау және тақырыпты ізденіс деп

  • Экспериментті жүзеге асырудағы теориялық ізденістер. Педагогикалық эксперимент болжамының құрылымы.

  • Педагогикалық эксперименттің әдістемесі және ұйымдастырылуы. Педагогикалық эксперименттің дайындығы және өтілу кезеңі

  • Педагогикалық эксперименттің дайындығы және өтілуі кезеңі, әр кезеңінен құрылымы.

  • ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері


    Скачать 2.11 Mb.
    НазваниеПедагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
    Дата14.01.2023
    Размер2.11 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаППЗәәдіснамасы.doc
    ТипСеминар
    #886648
    страница10 из 37
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37

    Педагогикалық тәжірибенің факторлары. Педагогикалық тәжірибе процеске зерттеу мақсатына сәйкес педагогикалық құбылысына жаңа шарттар жолдары арқылы белсене ықпал жасалды, жаңа шарттар жасау, жаңа факторлар енгізумен қатар бар факторларды өзгертуді қажет етеді. Зерттеушімен кіргізілген немесе өзгертілген фактор тәуелсіз өзгертушінің әсерімен өзгерген факторды тәуелді өзгеруші дейміз. Тәжірибенің нәтижесіне қомақты әсер ететін факторларды қосымша өзгергіш дейміз. А.А.Кыверялт қосымша өзгерткәштерді негізгі топқа бөледі:

    1. оқушылардың жеке дара қасиеттері мен шартталған қосымша өзгерткіш.

    2. мұғалімнің жеке дара қасиеттерімен шартталған өзгерткіш.

    3. оқу процесіне байланысты факторлар

    4. нәтижелері бақылауға байланысты факторлар

    Қосымша көрсеткіштердің тәжірибе нәтижесіне әсерін азайту мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.

    1. объективті емес нәтиже көрсететін жанамалы өзгерткіштерді айырықшылау

    2. өздерінің жеке қасиеттеріне байланысты бірдей тәжірибелік және бақылау сыныптардытаңдау

    3. мұғалімнің жеке дара қасиеттеріне шартталған жанама көрсеткіштерді бірдей қылу.

    4. тоғысу топтпрында тәжірибе өткізу арқылы оқушылардың жеке дара қабілеттерімен шартталған жанама өзгерткіштерді бірдей қылу.

    5. бақылауды қабылдаумен шартталған жанама өзгертгіштерді бірдей қылу.


    Педагогикалық тәжірибе шарттары.

    Педагогикалық тәжірибенің басқа да түрі өзінің жасалуы үшін нақты шарттар талап етеді.

    • Болжау әзірлігі

    • Тәжірибе бағдарламасының жасалуы

    • Оқыту мен тәрбиелеу практикалық тәжірибе әсер келтірудің жолдары мен әдіс-тәсілдерін анықтау.

    • Тәжірибелік жұмыстың процесін өткізуде шараның орындалуы

    • Тәжірибе қорытындыс мен тәжірибе барысын тіркеу әдіс-тәсілдері мен жолдарын жоспарлау.

    • Тәжірибеге қатысатын барлық қатысушылардың дайындығы

    • Зерттеушімен кәсіби этикеттердің сақтауы.

    • Тәжірбие этикеттердің беріктігі т.б.

    • Педагогикалық тәжірибенің шарттарының сақталмауы ұйымдастыру әдістемелік және кездейсоқ тіпті әдейі жасалған қателіктерге әкелуі мүмкін

    • Қате нәтижелердің мүмкін себептері:

    1. дұрыс қойылмаған болжау

    2. дұрыс қойылмаған болжаудағы тәжірибелері нашар ұйымдастырылуы

    3. тәжірибелерді қабілетсіз жоспарлау

    4. тәжірибелерді дұрыс жүргізбеу

    5. зерттеуші мен кәсіби этикалардың қатаң бұзылуы

    Педагогикалық тәжірибенің барысы.

    Педагогикалық тәжірибе тұрғысында өзінің басты міндетінде педагогикалық процестің объективтік заңдылықтарын ашу және оны шынайы қозғалысы мен тиімді композициясында . Педагогикалық тәжірибенің барлық жолы, кезеңі мен сатылары нақты тәжірибе мақсатымен толық сәйкестігімен анықталады. Екінші сызбада салыстырмалы тәжірибенің жолы, сол процесс кезеңіндегі бақылау топтары мен эксперименталды топтар әдістемесі қолданылады.
    Кесте 2

    Салыстырмалы тәжірибенің барысы




    Топтағы тәжірибенің жүргізуі

    Тәжірибелік топтар

    Бақылаушы топтар

    1

    Топтардың таңдауы мен түзетуі




    2

    Зерттеуші сұрақтарға байланысты білімнің сатысы, қабілеті мен білімін анықтау




    3

    Оқушыларды оқыту тәрбиелеу және дамыту.

    Тәжірибелік фактормен енгізумен

    Тәжірибелік факторсыз

    4

    Кэ тәжірибесінен кейінгі білумен қабілеттің соңғы сатысын анықтау .

    Кк

    5

    Кэ –Нэ = Дэ

    Тәжірибелік топ пен бақылаушы топтың оқыту, тәрбиелеу және дамыту қортындысындағы айырмашылықты өлшеу

    Кэ –Нк = Дп


    6

    Тәжірибе қорытындысына түсінік беру. Тәжірибелік фпкторлардың тиімділігі туралы қорытынды жасау.




    Екінші сызбада тәжірибелік топтарда жүргізілген салыстырмалы тәжірибе барысында фактор енгізіледі, ал бақылаушы топтарға енгізілмейді. Басқа шарттары бірдей немесе түзетілген.

    Салыстырмалы бағасы.

    Эксперименталды факторлардың тиімді білімнің жинақылығы және тәжірибелік топ пен бақылаушы топтың қабілеті мен білімнің салыстыру және саты мен теңдестіру арқылы жасалады.

    Педагогикалық тәжірибенің тиімділігін көтеру.

    Педагогикалық тәжірибенің тиімділігін нақтылаған шарттар арқылы көтеруге болады. Ю.К.Бабанский шарттың келесі түрлердің байланысын көрсетеді.

    1. Құбылыстың алдын-ала өткізілген теориялық сараптамасын мұқият ұйымдастыру.

    2. Болжамды құрастыру мен нақтылау. Тәжірибелік дәлелді керек ететін жаңалығына, ерекшелігіне және бар пікірлердің қарама-қайшылығына тәжірибелік дәлелдерді талап етеді.

    Болжау берілген тәсіл процесінің нәтижесін жақсартады деген ұғымды бекітіп қана қоймай, бұл тәсілдің осы жағдайдағы бар тәсілдің ішіндегі ең жақсысы екенін, нәтижелігімен, оқушы мен мұғалімнің жұмсалу тұрығысынан қарағанда да тиімділігін көрсетеді.

    1. Тәжірибенің тиімділігін мақсатын міндетін есепке ала оттырып ең аз мөлшерде керекті тәжірибелі объектіні нақты анықтау.

    2. Тәжірибенің ең аз мөлшердегі керекті тәжірибелерді өткізудегі ең аз мөлшердегі осы таңдаған вариант бойынша анықтау.

    3. Оқыту объект пен субъект арасындағы үздіксіз мәлімет алу жолында тәжірибені нақты ұйымдастыру.

    Қабылдау педагогикалық практикадан тұрады, шындықты нақтылауда, оның практикалық жетістіктерін теориялық түрде қортындылайды. Байқағыштыққа қарағанда сол тәжірибеге әкелетін эксперимент оқу-тәрбие практикасына қатысты талапты міндетті түрде қайта құрады. Бұл құрылу қорытындыланады, бірігей талаптар әлсізденеді және өшіріледі, басқалары қайтадан жанданады.

    Педагогикалық эксперимент арнайы белгілерді меңгеріп, басқа ғылыми әдістерден ерекшеленеді.

    1. Эксперименттің бағытталуы қандайда бір заңдылық байланыстың бөлінуі

    2. Педагогикалық құбылыс оқытылатын шарттарды бақылауға байланысты. Сондықтан да педагогикалық эксперимент өз алдына арнайы тәжірибелерді қояды. Эксперименттің ойына сәйкестірілендіретін зерттеу объекті оптималды мүмкіндіктерді табуы үшін педагогикалық дара ықпал көрсеткіштеріне әсерін тигізеді.

    3. Берілген сапаның қалыптасуы үшін арнайы эксперименттік жағдаяттарды педагогикалық процесспен оқытуда зерттеудің белсенді мақсатымен заңдылық байланыстарын бөледі.

    4. Педагогикалық құбылысты басқару процесті оқытуға белсенді түрде жататын, зерттеуші оны басқара алатын оның құбылыстарын қызықтыратын өзгерісті өзгертетін, басқа құбылыстарға немесе өмірге шақыратын педагогикалық практика үшін педагогикалық процесті бейне сапасында модельдеу.

    5. Түрлі шарттарда эксперименттің көшірмесі қайталау және бірнеше сыртқы әсерлерден кейбір құбылыстарды изоляциялайды, жалпы тұжырымдарды және заңдылықтарды бөліп алуға негіздейді.

    6. Эксперименттің дәлелдігі педагогикалық эксперимент қайталану мүмкіндігінің арқасында дәлелдеуімен қасиетті меңгереді фактға жетуде объективті анықталуды қосып береді. Жалпы тұжырымдарды және заңдылықтарды құруды негіздейді.

    7. Берілген эксперименттің тексерілуі. Арнайы педагогикалық эксперимент әдіс ретінде оның массалық процестерде және ұзақ өңдеуде тексеруді қабылдау педагогикалық практикадан тұрады, шындықты нақтылауда оның практикалық жетістіктерін теорииялық түрде қорытындылайды.

    8. Техникалық, матаематикалық және басқа зерттеу құрамында пайдалану мүмкіндігі.

    9. Эксперименттің орындау тәртібінің оның құрылуы, оның элементтерімен құрылымдарының дара байланысы, нәтижелерді салыстыруда алынған фактілерді анализдеу және синтездеу.

    Педагогикалық эксперименткке қойылатын талаптар:

    Арнайы педагогикалық экспериментті сәйкестендіруде анықталған белгілі талаптар қойылады. Олардың кейбіреулерін атап көрсетейік.

    Эксперименттің міндеті :

    1. Белгілі мақсаттар мен міндеттердің болуы

    2. Өңделген жоспарды ертерек өтуі

    3. Табиғи талаптардың шынайы өткізілуі

    4. Жақсы ұйымдастырылуы (орны, эксперименттің өткізу уақыты, оның суреттеу, эксперименттік әдістердің өтуі жәнне байқау әдісінің суреттеуі)

    5. Берілгендерді және экспериментарлық факторлардың минимальды санын нақ енгізу

    6. Берілгендерді жеңіл салыстыру

    7. Қайта өңдеу

    8. Мүмкін қателіктерді алдын-ал ескеру

    9. Берілгендерді нақты объективті өту

    10. Қандай да бір заңдылықтардың байланысын байқалатын шарттарды педагогикалық құбылыстан бөлу.

    Педагогикалық эксперименттің табиғи және лабораториялық түрлерімен ерекшеленеді. Алғашқы жағдайда эксперимент жай ғана табиғи жағдайларда оқыту мен тәрбиелеу мектепте, сыныпта өткізіледі. Зерттеуші әрекеттің бастапқы күйін байқайды. Оқушылардың тәртібін басқа да мінездерімен де ғылыми зерттеудің мазмұны шығады. Содан кейін зерттеушінің өзі немесе мұғалім мазмұндағы, формасындағы оқу-тәрбие әдістеріндегі іс-әрекетіндегі өзгерістерді сипаттайды.

    Содан кейін тәрбиенің деңгейі, дамуы, қайтадан оқытылады немесе оқушылардың оқуындағы жетістіктерді және табиғи жағдайдағы жүйенің өлшеміне тиімді ауыстырылатын қорытынды жасайды.

    Педагогикалық тәжірибені дайындығы мен өткізілу этапы, әр этаптың мәні

    Тәжірибенің этаптары оның кейбір бөлімдерін және кезектілігін анықтайды. Әр бөлімде болжауда қарастырылған шаралардың жүзесін асыруға мүмкіндік береді және нақты уақыт интервалында өтетін әрекеттің кезектілігін белгілейді. Түзету және оларды бағалау және аралық нәтижелерді белгілеу этаптардың қызметі ретінде қарастырылады. Осы мәселені қарастыру кезінде мынаған назар аудару керек.

    1. Аналитикалық этап: Мектепте ке-келген арнайы эксперименттің қажеттілігі.

    2. Диагностикалық этап: Мұғалімдердің басқару жетекшілерінің қиындықтарын талдау, мәселе бойынша оқыту тәрбиелеупроцесінің жағдайын талдау,

    3. Болжау этапы: Мақсатын қою, тәжірибенің міндеттерін дұрыс болжау, жаңа технология бойынша модельдер құру. Болжаудың құрылымы, болжауда күткен нәтижелер және де болатын заңдылықтардың қыңырлық қасиетін жоғалту.

    4. Ұйымдастыру этапы: Тәжірибенің материалдық базаға дайындығын, қаржылай дайындығын қамтамасыз етілуін басқару, материалды эксперимент жүргізетін мұғалімдердің дайындығы, консультантардың ғылыми жетекшілердің дайындығын ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

    5. Практикалық этап: жүйелік өлшемдердің іске асуы, жаңа технологиялардың іске асыруы. (әдістер, жүйе, және өлшем т.б).

    6. Жалпылау этап: мәліметтерді өңдеу, тәжірибеге қойылған мақсаттардың нәтижелердің анализі, нәтижелердің түзете отырып болжау қатынасы (жаңа технологияларды, модельдер) тәжірибелердің нәтижелердің баяндау және қағаз бетіне тіркеу.

    7. Енгізу этап: жаңа әдістемені педагогикалық ұжымға тіркеу немесе басқару процесі ретінде енгізу. Эксперимент барысындағы ұжымның тәжірибелерін іске асыру.

    Эксперимент нәтижесі: тәжірибелік жүйенің шаралардың нәтижелерін жүзеге асыру; жағдайлардың эксперимент нәтиже берген сипаттамасы; эксперименттік әсердің субъективтік ерекшеліктерін белгілеу; уақыт туралы мәлімет; экспериментті жүргізу мен ұйымдастыру сынақтан босатылады: Зерттеушіге жалпы эксперименттің талаптарын мектепте, ауданда және лайықты ғылыми жұмыста басқаруға, оқытуға, тәрбиелеуге дайын екенін көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмысына болысу.

    Тәжірибелік үрдіс жұмысы көп, үздіксіз зерттеудің динамикалық бөлігі. Оны тоқтату мүмкін емес. Тәжірибе жоспарланған үзілістерді болдырмайды. Тәжірибе барысында зерттеуге міндетті:

    1. Үздіксіз талаптарды қолдау, тәжірибе мен ритімнің өзгемеуін қамтамасыз ету, тәжірибенің бақылау ұжымы мен сәйкестілігі мен айырмашылығын көрсету.

    2. Басқару жағдайлары мен фактілерді өзгерту және реттеу соңғы нәтижелерге бағытты әсер етеді.

    3. Тәжірибелік үрдісті бағалау, өлшеу, бөлу., белгілеу жүйелі жүргізеді.

    4. Тәжірибемен қатар алғашқы факті материалды жүйелі түрде қайта құру.

    Педагогикалық эксперименттің өтілу әдістемесі.

    Тәжірибенің әдістемесін жүзеге асыру үшін зерттеуші тәжірибенің мақсатын және жалпы жұмыс барысындағы орнын және барлық процесті ұсынуын эксперименттің мүмкін болған нәтижелерін анық қабылдау қажет.

    Педагогикалық құбылыс және басқа фактілердің күрделілігі, құрылыс және басқа фактілердің күрделілігі, құрылысы және мақсаты, мерзімін ескере отырып педагогикалық педагогикалық эксперимент әртүрлі жүргізіледі.

    Тәжірибе жүргізу үшін мәселе мен тақырыпты таңдау.
    Ойлаған тәжірибені іске асыру кезіндегі теориялық ізденістер.

    Ғылыми зерттеудің жетекші ойын жасау

    Педагогикалық тәжірибенің тапсырмалары мен болжамдары.
    Ғылыми зерттеудің жетекші ойын жасау

    Тәжірибенің мәселенін таңдау және тақырыпты ізденіс деп – тапсырмаларды, идеяларды жалпылау және қайта қарау арқылы зерттеу міндеттерін шешуді түсінеміз.

    Теориялық іздеушілік мектеп практикасымен тығыз байланыста жүреді. Педагогикалық зерттеулер 3 этаптан тұрады: зерттеу жұмысын жасау оны жүзеге асыру және шыққан нәтижені, қорытындыны практикаға ендіру.

    Ғылыми зерттеудің жобасы – бұл зерттеу нәтижесінде теорияға және практикаға енгізілетін жаңалықтар (үрдістің даму және өту заңдылықтары, және оны жүзеге асырудағы практикалық ұсыныстар), мен мақсатқа сай жетістікке әкелетін жолдар (жүйелі түрде қарастырылған үрдістердің теориялық талдауы ) туралы түсінік.

    Зерттеу идеясы кей жағдайда оның мінезін тереңдігін тұжырымдамасын (концептуальность) анықтайды. Тәжірибенің басталу жолы қаншалықты күшті болса, жобаның жасалу (соншалықты) қажеттіліктері соншалықты жоғары болады. Бұл этап зерттеу мәселелерінің жасалуының мақсаты мен міндеттерін анықтаудан, зерттеу объектісін танып білуден оның бөліктерін белгілеуден тұрады.

    Зерттеу объектісі барысында теориялық және практикалық іс-әрекеттің сол және басқа да аспектілері түсіндіріледі.

    Кез-келген зерттеудің ақырғы мақсаты - осы объектіні жүзеге асыру. Осы зерттеуді жаңа енгулерін компанентте байланыста, объектінің құрылымында сол зерттеудің заттық іс-әрекетін құрайды. Педагогикалық үрдістегі теориялық зерттеулер тұтас құбылыс ретінде қандай нақты компоненттері, белгілі бір жүйеде, құрылымда байланыстар қызмет ететін қарастыруы керек. Зерттеу нысанасын белгілеу - тұтастай шығармашылық ізденушілікті талап ететін жобаның жауапты этапында табады. Тәжірибенің ролі зерттеудің тапсырмаларын құруға тәуелді. Мысалы; Таным қажеттіліктердің қалыптастыру үрдісін тұтас құбылыс ретінде танып білу қажет болады, ең алдымен оның үрдісіндегі қайталанып келетін жағдайынтүсіндіретін психикалық феномен ретіндегі қажеттіліктерін анықтау.


    1. Танымдық қажеттіліктің негізін зерттеу, оның деңгейін анықтап дамыту.

    2. Танымдық қажеттіліктерді тәрьиелеу деңгейін тәрбиелеудегі құрылымын зерттеу, бір-күйден екінші күйге өту динамикасында, жалпы қарым-қатынаспен байланыстырудың құрылымының көп бөлігін кез-келген деңгейде зерттеу.

    3. Жалпы заңдылықтардың нақты формада көрінуі.

    4. Зерттеу нәтижесін мектеп практикасында қолдану жолдары.

    Экспериментті жүзеге асырудағы теориялық ізденістер. Педагогикалық эксперимент болжамының құрылымы.

    Педагогикалық тәжірибе – бұл берілген болжамды тексеру, зерттеу нәтижесінде пайда болатын жаңа білім, оның құрамына оқушылпрдың білім алудағы жағымды өзгерістер кіреді.

    Эксперименттің бұл түсінігі арқылы мына сұрақтарға жауап табады.

    -Кімді тәжірибелі деп сануға болады?

    Білім берудің мұғалімнің оригиналды әдістемесі экспериментке сай? Қай кезде сай емес?

    Эксперименттік идея – бұл тәжірибе жүргізушінің жоспарланған іс-әрекеттің бағыты, керекті нәтижеге жетуі проблеманы шешу.

    Экспериментті жүзеге асыру тәсілі 2 этаптан тұрады тіжңрибе жұмысын жоспарлау және оны жүргізу.

    Педагогикалық экспериментті жоспарлау құрамына экспериментті жүргізу этпатары білім беру, және тәрбиелеу тәсілдері.

    Эксперимент тапсырмасының зерттеу тапсырмасынан айырмашылығы болашақта алынатын нәтижелердің болжануы. Сондықтан эксперименталды жұмыстың тапсырмасының құрамына ғылыми қорытындылау қарым-қатынас, эаңдылықтар және білім беру, тәрбиелеу процесін дамытудағы ғылыми қорытындылар кіреді.

    Педагогикалық эксперименттің әдістемесі және ұйымдастырылуы.

    Педагогикалық эксперименттің дайындығы және өтілу кезеңі

    Педагогикалық эксперименттің дайындығы және өтілуі кезеңі, әр кезеңінен құрылымы.

    Педагогикалық эксперимент жүргізу әдістері

    Қажетті экспериментальді объектілерді сандық таңдау.

    Эксперименттің барысындағы нақты әдістерді қолдануды таңдау.

    Педагогикалық эксперименттің дайындығы және өтілуі кезеңі, әр кезеңінен құрылымы.Осы тақырыптағы алдын-ала жарық көрген жұмыс теориялық анализді қосады. Шешілмеген жағдайларды табу, осы проблеманы шешуде шынайы практиканы зерттеу. Қолданылған теориямен практикалық өлшемді, проблемаларды шешуде көмектеседі. Зерттеудің гипотезасын тұжырымды етіп айту. Экспериментті өткізудегі дайындық мына есептерден тұрады. Экспериментальды объектілердің қажетті сандарынан таңдалады, экспериментті өткізу, объектілердің жағдайын зерттеу үшін, арнайы әдістерді таңдау, саулнама т.б.
    1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   37


    написать администратору сайта