ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
Скачать 2.11 Mb.
|
Зерттеу проблемасының шынайылығы: зерттеушінің ашқан белгісіз жаңалығы шын мәнінде жаңа ма? Зерттеушінің тұспалы бойынша зерттелген ауқымдағы ғылымға белгісіз заңдылық шын мәнінде бар ма? Зерттеуші ғылым мен практиканың қажеттілігін шешуді көздеу керектігін шын мәнінде түсіне ме?Міне, осы өлшемдер ескерілсе ғана, проблеманың мәні мен оның шынайылығы анықталады. Зерттеу жүргізу үшін педагогикалық процесті біртұтас көре білу керек. Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек. Жетекші идея: егер проблема дұрыс қойылған болса, онда оның басты бағыты белгіленіп тұр деген сөз. Қойылған проблеманы шешу үшін бірнеше жылдар зерттеу жүргізу қажет пе? - деген сұрақ болуы мүмкін. Проблеманы шешу, оның идеясымен және зерттеуімен анықталады. Жетекші идея зерттеудің ең басты мәселесі. Кейде жетекші идея тек бір қырынан ғана зерттеліп, оған қайшы құбылыстар мен процестер ескерілмей қалады. Осыған орай жетекші идеяны, қойылған мақсатқа байланысты жан- жақты талдау қажет. Жетекші идея мен зерттеудің жалпы бағыты – зерттеудің басты координаты, оның «даралығынң сипаттайды. Ғылымның дамуына ықпал ететін - іргелі зерттеулер мен маңызды идеялар. Идеялар ғылымның алтын қоры десек те болады. Проблеманы таңдау: оқу-тәрбие жұмысына қажеттілігіне, адам тәрбиелеудегі қоғамның перспективалық талабына, педагогика ғылымының жалпы және жеке салаларының дамуына және зерттелмеген тың мәселелерді ескеруге байланысты. Ғылым саласында және жеке зерттеулерде де, келешек пен сабақтастық заңдылықтары сақталуы тиіс. Проблеманы анықтау - зерттеу логикасын іске асырады. Зерттелетін проблема нәтижелі болу үшін педагогикада және онымен шектес ғылым салаларында зерттелейін деген мәселе белгілі деңгейде зерттелген болуы тиіс. Практика мен өмірдің қажеттілігін, бұрынғы зерттеушілердің зерттеулерін талдау, нақты зерттеу мақсатын қою, проблеманы анықтауға көмектеседі. Проблеманың құндылығын практика анықтайды. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық проблеманы анықтай білудің мәні орасан зор. Болжамның рөлі: педагогикалық зерттеуде шындыққа жету үшін, болатын нәрсені ойда түйіндеп, оны іске асыру жолдары мен алынатын нәтижелері болжанады. Болжам ғылыми зерттеудің тірек көзі. Болжам құра білу өте күрделі. Болжам жетекші идеямен бірге туындайды және проблеманың мәнін түсіну барысында дамиды. Алғашқы жұмыс болжамы, уақытша бар фактіні жүйеге келтіру үшін қолданылады. Ал, ғылыми немесе шынайы болжам ауқымды материал жинақталғаннан кейін жасалады, ол логикалық тұрғыдан қорыту, кейбір түзетулер арқылы ғылыми теорияға айналады. Алғашқы жұмыс болжамы мен ғылыми болжам арасындағы ерекшелік салыстырмалы нәрсе. Қарапайым тұспалдан болжамның ерекшелігі: Ұсынылған болжамның фактіге сәйкес келуі, оны тексеруге болатындығы, ауқымды құбылыстарға қолдануға болатындығы, мүмкіндігінше қарапайым болуы. Болжам екі бөліктен тұрады: бірінші - кейбір қағидаларды ұсыну, онан кейін оны логикалық және практикалық жағынан дәлелдеу. Зерттеудің негізгі кезеңдері: ғылыми зерттеу өте күрделі, әр жағдайда өз логикасымен, зерттеу әдістерімен және ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Біріншіден, зерттеудің нақты міндеттерін анықтау. Ол үшін негізгі ғылыми әдебиеттерді оқып, оның зерттелу жәйін анықтау шарт. Зерттеудің теориялық, практикалық жақтары жан-жақты ескерілуі тиіс. Екіншіден, бар материалдарды жинақтау және оларды есепке алу. Олар: проблеманың тарихы мен теориялық жағдайын сипаттайтын әдебиеттер; мектеп және мұғалім тәжірибесін ескеру; педагогикалық құжаттар; оқу шылардың шығармашылық және оқу-тәрбие істері; тәжірибеліе жұмыс және педагогикалық эксперимент. Осы жұмыстардың барлығы педагогикалық процестің бір-бірімен байланысын және оқушылардың даму заңдылықтарын анықтауға көмектеседі. Барлық материалдарды жинақтап, оларды есепке алып, талдап, қорытындылау: Біріншіден, фактілерден идеяларға. Фактілер дәлелді және шынайы болулары тиіс. Фактілер теорияға негіз болу үшін ғылыми танымдық жағынан ескерілу қажет. Екіншіден, эксперименттік тексеру және ұжымдық талқылау. Үшіншіден, ғылыми нәтижелерді жүйелеу, жазу. Зерттеу нәтижесі түйін мен қорытындыда беріледі. Бұл зерттеудің түйіні, теорияны байытатын ең маңызды нәрсе, оны нақты, негізделген түрде жазу қажет. Төртіншіден, практикаға ендіру, екі түрлі болады: тікелей нұсқау арқылы және ғылыми эксперимент арқылы. Сұрақтар мен тапсырмалар: Проблема ұғымыны анықтама бер. Зерттеу проблемасын қалай анықтауға болады? Қандай проблемалар өзекті болып есептеледі? Ұсынылатын әдебиеттер: 1. 1. О науке: Закон Республики Казахстан . Алматы:ЮРИСТ, 2011. – 20 с. Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы. Астана, 2011. 2. Агеев В.В., Джакупов С.М., Ким А.М., Логинова Н.А., Сапарова И.А., Ташимова Ф.С., Фидирко М.В. Методологические прблемы общей психологии. Учебное пособие. –Алматы: Қазақ университеті, 2003. -291 с. 3. Андреев В.И. Педагогика высшей школы. Инновационно-прогностический курс:учебное пособие. –Казань: Центр инновационных технологий, 2008. – 500 с. 4. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. 5. Бордовская Н.В. Педагогическая системология:учебное пособие.- М.: Дрофа, 2009.- 464 с. 5. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. 6. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с. 7. Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росcии, 1999.-146 с. 8. Лубовский Д.В. Введение в методологические основы психологии. Учебное пособие. –М.: Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж: Изд-во НПО «МОДЭК», 2005. -224с. 10. Қаңтарбай С.Е. Ғылыми-педагогикалық эерттеу әдістемесі: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен / С.Е. Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы, 2012. - 272 б. 11. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 400 с. 12. Мынбаева А.К. История, теория и технология научной деятельности высшей школы: Монография. - Алматы, 2010.-257 с. 13. Липский И.А. Социальная педагогика. Методологический анализ: Учебное пособие. – М.: ТЦ СФЕРА, 2004. - 320 с. 14. Загвязинский В.И., Атаханов Р. Методология и методы психолого-педагогического исследования: Учебное пособие для студентов высших педагогических учебных заведений. - М.: Изд. Центр "Академия", 2001.-208с. 15. Таубаева Ш. Методология и методика педагогического исследования. Учебник. – Алматы, 2011. - 141 с. 16. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістемесі.- Алматы, 2010. 125 бет. 17. Полонский В.М. Словарь по образованию и педагогике/ В.М. Полонский. – М.: Высшая школа, 2004. – 512 с. 4-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымы. Зерттеу тұжырымдамасы (проблемалық дәріс). 4.1.Педагогикалық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеу. Ғылымтанушылардың пікірінше, ғылыми бағыттың құрылымдық бірліктеріне кешенді мәселелер: мәселелер, тақырыптар және ғылыми сұрақтар жатады. Кешенді мәселе – бір мақсаттағы мәселелер жиынтығы; мәселе – қоғамда шешімін табу қажеттілігі бар күрделі теориялық және практикалық міндеттер жиынтығы. Зерттеу жұмыстарымен, әдістерімен біріккен түрлі бағыттар бар [2, 159]. “Білім беру жүйесіндегі этнопедагогика” журналындағы (2005. – №1. – 51-55 беттер; 2006. – №6. – 49-54 беттер) мақалаларында педагогикалық зерттеу тақырыбын таңдау және мәселені қою алгоритмін ашып көрсеттік. Негізінен, әуелі, мәселе анықталады, ал одан тақырып құрастырылады. Зерттеу тақырыбында мәселені шешуге мүмкіндік жасайтын жаңа білім көрініс табады. Зерттеу тақырыбы, оның өзектілігі, мәселесі өзара тығыз байланысты (1-кесте қараңыз). Зерттеу тақырыбының, өзектілігінің және мәселесінің өзара байланысы 1-кесте
“Негіздеме” сөзінің өзі ғылымда “негіз”, “негізділігі” деген түсініктермен қатар қолданылады. “Негіздер” – бір нәрсенің бастапқы, негізгі қағидалары, “негізділігі” – белгілі бір құбылыстарды жіктеуде қажет болатын мәнді белгі, немесе, негізділігі дегеніміз – бір нәрсені негіздеу, дәйек. Терең ғылыми негіздеме [1, 381]. Ғалымдар тақырыптың көкейкестілігін негіздеуге ерекше көңіл аударады, тақырыптың ғылыми және практикалық көкейкестілігін бөліп қарастырады. Олардың пайымдауынша, тақырыпты зерделеу практиканың мағыналы сұраныстарына жауап береді, ал алынған нәтижелер ғылымдағы “ақтаңдақтардың” орнын толтырады. Дегенмен, ғылымтанушылар ойынша, өзекті тақырыпқа орындалған зерттеу шынайы жаңа ғылыми нәтижелердің алынғанының кепілі бола алмайды. Ғалымдардың пікірінше, тақырып бойынша зерттеу жүргізу барысында алынған нәтижелер өзекті болмауы да мүмкін, әсіресе бұл ретте жетілдірілген әдістеме қолданылып, түпнұсқалы эксперимент қойылса, ақпараттың соны жаңа ағымы пайдаланылса да, нәтиженің өзекті болмауы мүмкін [4, 164]. Демек зерттеудің көкейкестілігін одан ары ойластыру қажет. Бұл жағдайда біз В.М. Полонскийдің тұжырымдамасының бағытын ұстанамыз. Ғалым ғылыми зерттеудің бұл бөлігіне мынадай анықтама береді: «Зерттеудің көкейкестілігің – ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстарға (белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру үшін) сұраныс пен қазіргі уақыттағы ғылым мен практиканың бере алатын тұжырымдары арасындағы алшақтық дәрежесін сипаттайтын ғылыми зерттеулер сапасын бағалау өлшемі [2, 161]. Оның тұжырымдауынша, көкейкестілік өлшемі үнемі қозғалыста, дамиды, уақытқа, нақты шарттар мен айрықша жағдайларға тәуелді болып келеді. Тақырып бүгін көкейкесті, ертең ол соншалықты өзектілігін жоғалтып алуы мүмкін, ауыл мектебі үшін маңызды мәселе қала мектебі үшін қатардағы сұраққа жатуы да ықтимал; педагогикалық қызметін жаңа бастаған мұғалімді ойландыратын мәселелер тәжірибелі, жоғары білікті педагогқа мәнді болмай шығуы да заңды. Көкейкесті зерттеулер халыққа білім беру жүйесінің даму деңгейімен, еліміздің экономикасымен, оның ғылыми әлеуетімен, осы тарихи сәтте алға қойылатын және шешілетін міндеттермен тығыз байланысты. 4.2. Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: зерттеудің өзекті мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы, тұжырымдамасы және жетекші идеясы Ғалымдардың пікірінше, педагогиканың әдіснамасы тек қана практиканың әдісі мен тәсілін зерттеу ғана емес, сонымен бірге педагогика аймағындағы зерттеушінің әрекетін де зерделейді. Педагогика аймағында зерттеушінің профессиограммасы жасалуда: педагогика аймағында зерттеушілік жұмыста ғалым-педагог нақты нормативтік білім мен дағдыларды игеруі қажет (әдіснамалық рефлексия, өзінің зерттеушілік әрекетін белгілібір көрсеткіштер, сипаттамалар арқылы бағалау және ойластыру дағдысы). Зерттеушінің рефлексиясының мазмұнындағы ғылыми жұмысқа қатысты бөлікте педагогикалық зерттеудің сапасын бағалауға мүмкіндік жасайтын он бір сипаттамасын бөліп қарауға болады: мәселе, тақырып, көкейкестілігі, зерттеу объектісі (нысаны), оның пәні, мақсаты, міндеттері, болжамы және қорғауға ұсынылатын қағидалары, жаңалығы, ғылым үшін маңызы, практика үшін маңызы. зерттейтін танымдық проблема ескі білімді жаңа білімге алмастыруы тиіс, ал жаңа өзінің кемелденген қалпына әлі жете қоймағандықтан, осы қайшылық танымды дамытып, жаңа ғылыми нәтиже әкеледі (Мочалов И.И.). Зерттеу мәселесін таңдау және негіздеу: кез келген зерттеудің нәтижелі аяқталуы, проблеманы дұрыс таңдап, оған негіздеме жасай білуге байланысты. Көптеген зерттеу жұмыстарында зерттеу проблемасы дұрыс анықталмағандықтан, зерттеуде тек жаңа фактіні айтып көрсету орын алады да, ғылымға ешқандай жаңалық қосылмайды. Өкінішке орай, сондай жұмыстар көп кездеседі. Зерттеудегі қойылған проблеманың шешілуі, ғылымға жаңалық қосып, оны жетілдіреді. Зерттеу жұмыстары теориялық және практикалық болып екіге бөлінеді, екеуінің де өзіндік мәні бар. Кейбір теориялардың жүзеге асуына белгілі бір уақыт, жағдай керек. Сонымен қатар, педагогикадағы кейбір теориялардың практика жүзінде толықтай іске аспайтындары да болады. Зерттеу проблемасын таңдау және оны негіздеу өте күрделі мәселе. Дж.Бернал стратегиялық бағыттағы теорияны анықтау, оны іске асырудан күрделі дейді. Тарихилық және қисындылықтың қарым-қатынасы: кез келген зерттелетін проблеманың мәні, оның тарихи дамуымен тығыз байланысты. Тарихилық пен қисындылық принципі барлық психологиялық және педагогикалық зерттеулерге тән. Проблеманы таңдап, оны негіздеуде тарихилық пен қисындылық принциптерді дұрыс қолдана білу керек. Зерттеушілер, педагогикалық зерттеудің теориялық үлгісін жасай отырып,екі негізгі компонентті ашып көрсетеді.Олар нормативті және дескриптивті әдіснама. Нақты бір педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратында оның әдіснамалық негізін сипаттау маңызды орын алады. Зерттеу көкейкестілігін негіздеудің мәні – оқу мен тәрбиенің теориясы және практикасын бұдан былай да дамыту үшін тиісті проблемалардың қажеттігін, дер кезінде зерттеліп, шешімін табудың маңыздылығын түсіндіру. Көкейкесті зерттеулер белгілі кезеңдегі аса күрделі де қажет мәселелердің жауабын береді, педагогикалық ғылымға қойылатын қоғамның әлеуметтік тапсырысын бейнелейді, практикада орын алған келелі қайшылықтарды ашады.Көкйкестілік тиегі өзгермелі, қозғалысты, уақыт пен нақты әрі ерекше жағдайларға тәуелді. Зерттеудің көкейкестілігін негіздеу – бұл мәселені осы кезде неге зерделеу керек екендігін түсіндіру.Практикалық және ғылыми көкейкестілікті ажырату керек.Зерттеуді бұлар сәйкестегенде ғана бастаудың мәні болады.Мәселе ғылымда шешілмеген , белгілі бір себептерден ғылымда алынған білімдер практикаға жетпей қалуы ықтимал.Бұл бар ғылыми еңбектерге тағы біреуін ұқсатып жазудың қажеті жоқ.Зерттелген мәселеге қайта күшті жұмылдырудың орнына мәселенің ғылыми шешімін практикалық қолдануға жеткізу дұрыс болып табылады. Теориялық аспектідегі мәселені толығымен ашуға тоқталамыз. Ғылыми таным әрдайым мәселені шешуден басталады. Ғылыми мәселені ғылымдағы шыққан мәселелік жағдаяттарды танылу нәтижесі ретінде қарайды.Мәселе – бұл білім дамуындағы эмпирикадан теорияға өтілген формасы, олардың фактілері дәлелденеген, пәндік шындығымен көрінеді. Г.И.Рузавинаның айтуы бойынша, мәселені шешу- бұл фактілерге теориялық пікірлерді беру. Мәселелік жағдаяттарға сипаттама.
В.М.Полонскийдің анықтамасы бойынша, өзінің шешімі үшін мәселе мәселелі жағдайдан бастау алатын міндет сияқты, ол да мәселенің қайсібір интуитивті және саналы шешімдер модельдерін тексеруге мүмкіндік беретін танымдық шығармашылық міндеттерге айналуы керек. Мәселені қою бұрын оқып үйренілмегеннің ішінен нені зерделеу керек деген сұраққа жауап беру деген сөз. Ғылыми мәселені практикалық міндеттен ажырату керек. Мәселеде ғылыми білімдегі ақаулар көрініс табады.Бұны кейде оны білмейтін білім туралы білім деп айтады. М.Т. Громкованың пікірі бойынша, зерттеушілік жұмыс негізгі үш блокты құрайды, оның әрқайсысының белгілі құрылымы бар: Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі: • Объективтік дүние жүйесі ретінде зерттеудің объектісін анықтау; • Зерттеудің пәнін тұрақтату; • Мәселені, қайшылықты, келіспеушілікті құрылымдау; • Зерттеудің тақырыбын нақтылау; • Зерттеу көкейкестілігін құру. Зерттеу үрдісі: • зерттеу болжамы; • зерттеу мақсаты; • зерттеу міндеті; • зерттеу әдісі; • мазмұн құрылымы. Зерттеу нәтижесі: • зерттеудің ғылыми жаңалығы; • зерттеудің практикалық маңыздылығы; • экспертиза. Зерттеу тақырыбы шешімі қалтқысыз табылуы қажет, өте күрделі де қоғамдық маңызға ие болған проблемалармен ұштасқан әлеуметтік тапсырыс нақты тақырыптың негіздеме дәйегін талап етеді. Зерттеу тақырыбын құрастыра отырып, біз мынадай сұраққа жауап береміз?Келешекте айналысатынымыз қалай аталады? Тақырыпта ескі білімнен жаңа білімге қарай қозғалыс көрініс табады, яғни бір жағынан, тақырып қандай кең ұғымдармен және мәселелермен сәйкестіндіріледі, ал басқа жағынан – қандай жаңа танымдық және практикалық материалды меңгеру жоспарланған еді. Тақырыпты дұрыс таңдау көп жағдайда оның орындалу сапасы мен нәтижесін анықтайды.Зерттеудің кез келген тақырыбы белгілі бір ғылыми бағытта орындалады. Ғылыми бағыт негізінде ғылым немесе ғылым кешені түсіндіріледі, мына аймақтарда зерттеу жүргізіледі: техникалық, биологиялық, тарихи, педагогикалық және т.б 1.Зерттеушінің бірінші қадамы – зерттеудің объективті аймағын таңдау, сол сфераның (біздің жағдайда – педагогикалық), маңызды мәселенің шешілуін талап етеді. 2. Келесі қадам – зерттеудің тақырыбы мен мәселесін анықтайды. Тақырып мәселені қамтуы керек, кезекті,тақырыпты анықтау мен нақтылауда зерттеушілік мәселені көрсету қажет. Мәселе – бұл белгіліден белгісізге, нақты „білім туралы білімсіздікке” көпір. Тақырып ғылыми зерттеуде белгілі мәселенің құрамды бөлігі болып табылады, біршама сұрақтарды шешуде және жасалуда. Ғылыми мәселе қайшылықты талдау негізі арасындағы ғылым дамуы мен практика жағдайында құрылады. 3. Ғылыми және диссертациялық жұмыстың тақырыбын дұрыс таңдауда сол зерттеген мәселеңе байланысты барлық әдебиеттерді, диссертацияларды, авторефераттарды, шетел әдебиеттерімен танысып, оқып шығуға тура келеді. 4. Анықталған ғылыми мәселе ғылыми зерттеудің нақты тақырыбында өз көрінісін табады. 5. Тақырыпты таңдаудың басты кезеңі тақырыптың негізделуі түрінде •құжатта көрінеді. 6. Жұмыстың аталуы өзінің негізгі мәселе мазмұнынан және соңғы нәтижені қосып алады және зерттеу объектісінен көрінеді. 7.Сізге зерттеу көздерін оқу және ой елегінен өткізу қажет: 1) Ғылыми жұмыстың тақырып мазмұнына байланысты маңызды бақылау сұрақтарына жауап беру қажет. Тақырып:(Сіздің зертеу тақырыбыңыз): • Не зерттеледі? • Не үшін зерттеледі? • Зерттеудің тақырыбы нені көрсетеді? 2) Түсініктердің айырмашылығын түсіндіріңіз: мәселе,сұрақ, аспектісі, мәселелік жағдаят. 3) Зерттеушілер үшін глоссарийді конспектілеп ой елегінен өткізу керек. 4) Зерттеу тақырыбыңыздың дұрыс таңдалғанын келесі матрица көмегімен тексеріңіз : • тақырыптың ғылыми бағытқа сәйкестілігі; • әлеуметтік сұраныстың жасалуына тақырыптың бағыттылығы (ғылым мен практика сұранысы) • тақырыпты құрудағы мәселелер; • зерттеу тақырыбындағы нысан мен пәннің ашықтығы; • зерттеу тақырыбының соңғы нәтижеге тұрақтауы. Сонымен, зерттеу тақырыбы: зерттеу мәселесінің аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болуы керек. Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Мұндай объектілерге педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс ( тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым) жатады.Зерттеу пәні – объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастардың жиынтығы. |