ППЗәәдіснамасы. Педагогикалы зерттеулер методологиясыны мселелері
Скачать 2.11 Mb.
|
14-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің және дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін рәсімдеуге қойылатын талаптар. Психологиялық-педагогикалық зерттеу барысындағы қателіктерді түзету жұмысы. (проблемалық дәріс). Педагогикада зерттеулер дегенде оқыту, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістері мен теориялары, оның маңызды принциптері, білім жүйесін басқару формаларының заңдылықтары жөнінде жаңа тағылым алуға бағытталған ғылыми іс-әрекеттер нәтижесі қаралады. Ғылыми зерттеулер бұрыннан танымал теорияларға сүйене отыра, тәжірибелік байқау жасауға болатын нақтылы деректерді негізге алады да, барлық элементтер, рәсімдер мен әдістердің өзара әрекеттерімен жүйелілігімен мақсаттылығымен ерекшеленеді. Ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оның сапасы мен тиімділігі жағынан сипаттауға болады. Зерттеулердің сапалылығы ғылым өнімінің тұтыну құндылығымен тығыз байланысты. Барлық тұтыну құндылықтарының пайдалы жағын бағалау үшін зерттеу нәтижесінде алынған теориялық және практикалық жағдайлар жиынтығына, оның сапасына сүйенеміз. Зерттеу сапасы оның нәтижесінің жаңалықтарымен өзектілігімен теориялық және практикалық маңыздылығымен анықталады. Ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының басты сапасы жаңа тұжырымдамалар, идеялар, оқу-тәрбие саласындағы амал-тәсілдер мен келешекте қолданбалы зерттеулерді дамыту үшін жол көрсететін мәнділігінен көрінеді. Қолданбалы ғылыми педагогикалық зерттеу жұмыстарының қасиеті оның практикалық маңыздылығында, оқыту мен тәрбие процесіне ықпал етуінде, алынған білімнің өзектілігінде. Зерттеу нәтижелері типтік, нақтылы-ғылыми критерилер көмегімен бағаланады. «Ғылым және ғылымдағы мемлекеттік ғылыми-техникалық саясат жөніндегі» федералді заңда ғылыми зерттеу жұмыстарын жаңа білім алу әрекеттері ретінде қарастырылады. Ғылыми немесе ғылыми техникалық көрсеткіштер дегенде кез-келген ақпарат таратушы айқындаған шешімдер мен жаңа мағлұматтар қамтылған ғылыми техникалық әрекеттер өнімдері түсіндіріледі. Ғылыми құндылықты тек нәтижесінде қоғамдық жаңа хабарламалар алуға болатын зерттеулер ғана білдіреді. Педагогика саласында бұрыннан белгілі нәрселерді біле тұра қайталау зерттеу жұмысы болып саналмайды. Мұндай жағдайда жаңа нәтижелердің ескіден айырмашылығы тек терминологиялық жағынан ғана байқалады. Педагогикалық зерттеулер сапасын талдаудың негізгі бірлігі оның нәтижесі болып табылады. Оны бағалау үшін мазмұны ашылып, ішкі байланыстарының құндылық жақтары көрсетілуі тиіс. Оның мазмұнын жаңашыл критерилер сипаттаса, құндылығын теориялық және практикалық маңыздылығы мен өзектілігі анықтайды. Диссертацияны немесе дипломдық жұмыстырәсімдеуге қойылатын талаптар Әрбір ғылым дербес дамып жетілуі үшін өзінің зерттеу әдістері көмегімен, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Кез-келген ғылыми-зерттеу жұмысы әрбір құбылыстың, мәселенің ерекшеліктеріне сәйкес жүргізіліп отырады. Белгілі бір ғылым саласы бойынша ғылым кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертация ғылым докторы немесе ғылым кандидатының жетекшілігімен дербес орындалған қолжазба түріндегі жұмыс. Диссертациялық зерттеу жұмысы төмендегідей талаптарға сай болуы қажет: нәтижелері аса маңызды ғылыми міндетті шешетін, жаңа ғылыми негіздегі мазмұнда болуы қажет; қолданбалы маңызы бар мәселелерді шешуде жаңа ғылыми негізделген нәтижелерге ие болуы шарт; теориялық және экпсперименттік нәтижелері - белгілі ғылыми бағыттың дамуында маңызы бар ғылыми негізделген болуы шарт. Диссертациялық зерттеу жұмысының көлемі – кандидаттық диссертация үшін 150, докторлық докторлық диссертация үшін 300 беттен аспауы қажет. Жекелеген жағдайларда гуманитарлық ғылым салаларында 25 пайыз артық жазуға рұқсат беріледі. Диссертациялық жұмыстарда берілетін қосымшалар диссертацияның көлеміне кірмейді. Диссертацияның авторефераты кітапша түрінде басылып шығарылады, яғни, автордың ғылыми дәреже алу үшін жүргізген зерттеу жұмысының қолжазба құқындағы рефераты. Авторефераттың көлемі кандидаттық зерттеу жұмысы үшін 1 баспа табақ көлемінде болуы қажет. Ал, гуманитарлық бағыттағы жұмыстар үшін 1,5 баспа табаққа дейін рұқсат етіледі. Дисертациялық жұмыстың құрылымы: мұқаба; мазмұны; нормативтік сілтеме; анықтамалар; қысқартылған сөздер мен белгілер; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; пайдаланылған әдебиеттер тізімі; қосымшалардан тұрады. Автореферат құрылымы: мұқаба; кіріспе; негізгі бөлім; қорытынды; зерттеу жұмысы бойынша жазылған еңбектер тізімі. Диссертациялық жұмыс құрылымы бойынша қойылатын талаптар: Мұқаба диссертацияның алғашқы беті құжатты іздеу және өңдеу үшін ақпараттық дерек қызметін атқарады. Мұқабада төмендегідей мәліметтер беріледі: Диссертация орындалған ұйымның атауы ӘОЖ Қолжазба құқығында ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ Диссертацияның атауы Мамандық шифры және атауы (Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы бойынша беріледі) ____________________________ ғылымдарының кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация Ғылыми жетекшісі (кеңесшісі) Қазақстан Республикасы Қала, жыл Мұқабада ізденушінің қолы қара паста немесе черниламен қойылуы керек. Диссертация мазмұны: кіріспеден, барлық бөлімдердің атауы мен рет санымен, оның бөлімшелері, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімі мен қосымшадан тұрады. Диссертация негізінен екі, бөлімнен тұрады, әр бөлімнің өзінің мазмұны болады. Бірінші бөлімде диссертацияның жалпы мазмұны қамтылып, келесі бөлімшелерге қысқаша тоқталып өтуге болады. Бірінші бөлімде жалпы зерттеу жұмысы бойынша теориялық шолу жасалады. Зерттеу жұмысындағы сілтемелер негізінен сілтеме жасайтын әдебиеттерге байланысты белгіленеді. Мысалы: “Қазақстан Республикасының Білім заңында …” [1] - деп келтіріледі. Кіріспеде қарастырылып отырған мәселенің қазіргі кездегі жағдайы, негізгі тақырыпқа байланысты ақпараттар, бұл жұмыстың өзектілігі жайлы негіздеме, зерттеу жұмысы бойынша келешекте атқарылатын жұмыстар жайлы ақпараттар мен метрологиялық болжамдар беріледі. Сонымен қатар тақырыптың өзектілігі, жаңалық дәрежесі, басқа да осы бағытта зерттелген жұмыстармен байланысы, мақсаты, объектісі және пәні, зерттеу міндеттері, зерттеу (эксперимент) жұмысы жүргізілген мекеме және зерттеу жұмысының әдіснамалық базасы көрсетіледі. Негізгі бөлімде орындалған жұмыстың әдістемелік тұрғыда жеткен негізгі жетістіктері келтіріледі. Сонымен қатар зерттеу бағытында атқарылатын жұмыстарының әдістері мен тәсілдері және салыстырмалы баға беру арқылы талдамалар келтіріледі. Теориялық зерттеумен қатар эксперименттік зерттеу жүргізгенде онда санақ әдістері мен осы эксперименттік жұмысты жүргізудің қажеттілігін негіздеу қажет. Қорытындыда диссертациялық зерттеу жұмысының қорытындысы бойынша қысқаша тұжырымдар; алға қойылған міндеттердің орындалғаны жайлы баға; қолданылған жетістіктерді көрсету мен қатар болашақта атқарылатын жұмыстарға ұсыныстар беру; өндіріске енгізілген нақты тұжырымдар бойынша баға беру; орындалған зерттеу жұмысы бойынша баға беру және осы саладағы алдыңғы қатарлы жетістіктермен салыстыру. (қандай дәрежеде орындалған жайлы ақпарат). Қосымшаларда мыныандай мәлімғттер беріледі. Қосымшада диссертацияға қатысты, бірақ негізгі бөлімге белгілі бір себептермен кірмейтін материалдар, құжаттар жатады. Олар: математикалық дәлелдер, есептер, формулалар; қосымша материалдар, нақты есептер; зерттеу сынақтарының хаттамалары; қосымша иллюстрациялық материалдар, фотосуреттер; диссертация нәтижелерін ендіру актілері. Диссертациялық жұмысты кез-келген баспа машинкасымен немесе компьютермен А4 форматтың бір жақ бетінде, 1 интервалмен, шрифт диссертация орындалу тілімен, кегель 14-пен жазады. Диссертация мәтіні оң жағынан – 10 мм, жоғарыдан 20 мм, сол жағы 20 мм, төменгі жағы 20 мм қалдырылып жазылады. Диссертация рәсімдеу кезінде компьютерде кеткен қателіктерді түзетуге болады. Диссертациялық жұмысты нөмірлеген кезде мұқабаға және мазмұнына бет қойылмайды бірақ ол бет болып саналады. Жалпы жұмыс кіріспе бөлімнен 3 беттен басталып, парақтың төменгі жағында ортада, араб цифрымен қойылады. Ал, тараулар мен бөлімшелер мысалы: 1 МЕКТЕПАЛДЫ БАЛАЛАРЫН ЕҢБЕККЕ БАУЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 1.1 1.2 1.3 2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ МАЗМҰНЫ 2.1 2.2 2.3 Диссертацияның әр тарауы жаңа беттен басталуға тиіс. Суретті, кестені рәсімдеу Егерде диссертацияда кесте, сурет берілетін болса, ол негізінен түсіндірме мәтінен кейін беріледі. Эксперименттің үшінші кезеңінде бастауыш сынып оқушыларының ана тілі пәні мен сыныптан тыс жүргізілген жұмыстарда берілген экологиялық тәрбиенің негізінде экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі көтерілгенін көреміз. Бұл жұмыстар сауалнама, сұрақ-жауап арқылы анықталды "Табиғат қорғау дегенді қалай түсінесің?", "Неге табиғатты қорғау керек?"-, деген сұрақтарға эксперимент сыныбының оқушылары өздерінің ойын айтып, тіпті пікір таласқа түсе алатындай көрсеткіштерге жеткен. Табиғат туралы білетін өлең тақпақтарының саны өскен, жан-жануарларға қамқорлық көрсетуге құлшыныстары да арта түскен. Кесте 1 - Эксперимент нәтижесі
Егерде кесте көлемді болып бір бетке сыймаған жағдайда онда келесі бетке сол жағына “Жалғасы Кесте 1 немесе 2” деп жазылуы тиіс. Сурет 1 - Эксперимент көрсеткіштерінің өзгеруі Диаграммада көрсетілген нәтижелерді салыстыру арқылы эксперимент жүргізілген сыныптардағы оқушылардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі көтерілгендігін байқаймыз Авторефераттың рәсімделуі: ӘОЖ Қолжазба құқығында ТЕГІ, АТЫ, ӘКЕСІНІҢ АТЫ Диссертацияның атауы Мамандық шифры және атауы (Ғылыми қызметкерлер мамандықтарының номенклатурасы бойынша беріледі) ____________________________ ғылымдарының кандидаты (докторы) ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация АВТОРЕФЕРАТЫ Қазақстан Республикасы Қала, жыл Автореферат мұқабасының ішкі беті: Жұмыс ____________________________________________ орындалған ұйымның атауы Ғылыми жетекшісі (кеңесшісі) ___________________________________ ______________________________________________________________ ғылыми дәрежесі, аты-жөні Ресми оппоненттері _____________________________________________ ______________________________________________________________ ғылыми дәрежесі, аты-жөні ______________________________________________________________ ғылыми дәрежесі, аты-жөні Жетекші ұйым _________________________________________________ ______________________________________________________________ атауы Қорғау ________________________________________________________ ______________________________________________________________ Күні, уақыты, кеңес құрылған ұйымның атауы, кеңес шифры диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы ______________________ ______________________________________________________________ Диссертациямен ________________________________________________ кеңес құрылған ұйымның атауы кітапханасында танысуға болады Автореферат ________________________________________ таратылды. күні, айы, жылы Диссертациялық кеңестің Ғалым хатшысы ________________________________________________ аты-жөні Ескерту: Авторефераттың әр данасының мұқабасына ізденуші қол қояды. Автореферат: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды, диссертация тақырыбына сәйкес жарияланған еңбектер тізімі және түйіннен тұрады. Түйін екі тілді ағылшын тілінде міндетті, ал, орыс тіліндегі диссериация болса онда қазақша, егер қазақ тіліндегі диссертация болса онда орысша түйін болуы керек. Түйін: зерттеу объектісін; жұмыс мақсатын; жүргізілген жүмыстың әдістері мен әдістемесін; жұмыс нәтижесін енгізілу деңгейін; ғылыми зерттеу жұмысының нәтижелерін қолдану бағытында ұсыныстар беру; қолдану аясы; Түйін көлемі 2 беттен аспауы қажет. Диссертация толық өңделіп, ресми оппоненттер тағайындалып, жетекші ұйым белгілі болған жағдайда қорғауға рұқсат беріледі. Қорғау белгіленген күннен бір ай бұрын автореферат шығарылып таратылуы қажет, сонымен қатар диссертацияның бір данасы сол күні кеңес құрылған ұйымның кітапханасына міндетті түрде өткізілуі тиіс. Жетекші ұйым мен 2 докторлық диссертациялар үшін 3 ресми оппоненттердің пікірлері қорғауға 10 күн қалғанға дейін алынып болуы керек. Ресми оппонент негізінен бір мекемеде жұмыс істемейтін және бірлесіп шығарған еңбектері жоқ бір ғылым докторы мен бір ғылым кандидаты, ал докторлықдиссертация бойынша 3 ғылым докторы тағайындалуы керек. Ұсынылатын әдебиеттер 1. Қазақстан Республикасының білім беру туралы Заңы. //Қазақстан мектебі. -1992. -N5-6. -3-6. 2. Назарбаев Н.Э. "Қазақстан 2030". Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. -Алматы: Білім, 1997. -63 6. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. - Алматы, 1973. -28-6. Антология педагогической мысли Казахстана /Сост. К.Б.Жарикбаев, С.К.Калиев. – Алматы: Рауан, 1995. Волков Г.Н. Этнопедагогика. – М.: Издательский центр «Академия», 1999. Подласый И.П. Педагогика. Новый курс: Учебник для студентов пед. вузов: В 2 кн.. –М., 2000. Педагогика. Курс лекций. Авторский коллектив кафедры педагогики АГУ им. Абая. – Алматы, 2003. 8. Борытко Н.М. Методология и методы психолого-педагогических исследований: учеб. пособие для студ.высш.учеб.заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2008.–320 с. 9. Волков Б.С., Волкова Н.В., Губанов А.В. Методология и методы психологического исследования. М.: Академический Проект, 2010.-382 с. 10. Волков Б.С. Волкова Н.В. Методы исследований в психологии. М.: Пед общество Росcии, 1999.-146 с. 11. Қаңтарбай С.Е. Ғылыми-педагогикалық эерттеу әдістемесі: оқулық: ҚР Білім және ғылым министрлігі бекіткен / С.Е. Қаңтарбай, Ж.А. Жүсіпова; ҚР Білім және ғылым министрлігі. – Алматы, 2012. - 272 б. 12. Агапов Е.П. Методика исследований в социальной работе: Учебное пособие.- М.: Издательско-торговая корпорация «Дашков и К»; Ростов на - Дону: Наука-Спектр, 2011. - 224 с. 13. Жиенбаева С.Н. Педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістемесі.- Алматы, 2010. 125 бет. 14. Стефановская Т.А. Технологии обучения педагогике в вузе. Методическое пособие. – М.: Совершенство, 2000.-272 с. 15. Тотанова А.С. Методика научно-педагогического исследования. Учебно-методическое пособие.- Алматы, 2006. – 119 с. 15-дәріс. Психологиялық-педагогикалық зерттеудің және дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелерін қорғау әдістемесі. Көрсетілімдік материалдарды дайындау. Зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері туралы түсінік. Педагогикалық және әлеуметтік-педагогикалық зерттеудің сапасын бағалау өлшемдері . Ғалым В.М. Полонский ғылыми айналымға «зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемің түсінігін ендірді. Зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемі – ғылыми-педагогикалық зерттеулердің жоспарланған немесе алынған белгілілер тізімі [2, 161]. Сондай-ақ, М.Т. Громкованың дәлелденуінше, зерттеудің көкейкестілігінің мазмұныныа төмендегілер енеді: а) зерттелетін жүйедегі сәйкессіздіктерді анықтау; б) сәйкессіздіктердің дәрежесін көрсету: қайшылық, мәселе, қақтығыс, даудамай, апат; в) мәселелердің ішкі көздерін анықтау (қандай ұғымдар арасында мәнді сәйкессіздіктер бар?): – зерттелетін жүйенің табиғи ахуалы жағдайындағы қажеттіліктер, нормалар арасында (сезінілмеген мәселе); – жүйенің рефлексивтік (білімдік) ахуалы жағдайында мақсат, мазмұн, әдістер арасында (сезінілмеген мәселе); – жүйенің әрекеттік жағдайында әрекеттің өлшемдері, тәсілдері, өзін-өзі анықтауы арасындағы (әрекеттегі қиындықтар); г) сыртқы сәйкессіздіктерді табу және олардың зерттелетін жүйеге әсері; д) зерттелетін жүйенің мәселелерінің жоғары деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («тіке байланыстарң); е) зерттелетін жүйенің мәселелерінің түрлі деңгейлеріндегі жүйелерге әсерін зерделеу («көлденеңң байланыстар); ж) зерттелетін мәселені шешуді интеграциялық тұғырларды пайдалану [3, 342-343]. Осы белгілер әрі зерттеудің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері бола алады. Іреглі зерттеу көкейкестілігінің деңгейлерін сипаттау үшін ең алдымен мәселені шешу, практикалық сұранысты қанағаттандыру, мәселенің теориясын жасау қажеттіліктеріне баса назар аударылады. Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтауда практикалық сұраныс пен практикадағы жағдайдың қанаттанарлықсыз жәйіне (оқу-тәрбие үдерісі керек оқулықтармен, оқу құралдарымен қамтамасыз етілген бе? Олар алға қойылған міндеттерді шеше алады ма?) басты көңіл бөлінеді. Жұмыстар сондықтан да өте көкейкесті, көкейкестілігі нашар, көкейкесті емес деп ажыратылады (2-кестені қараңыз). 2-кесте. Іргелі және қолданбалы зерттеудің өлшемдік белгілері
Ізденуші, әуелі өз зерттеуінің типін анықтап алғаны, сонан кейін зерттеудің көкейкестілігін анықтау әдістерін оқып үйренгені және өз зерттеу жұмысын сараптауда бұл әдістерді пайдаланғаны дұрыс. Зерттеу көкейкестілігін анықтау әдістері – қазіргі немесе жақын болашақта мәселені шешудің қажеттігі мен мүмкіндігін анықтайтын тәсілдер. Эксперттік әдіс келесі тәсілдерден тұрады: авторлар өз сұраныстарын зерттеуді жүргізудің қажеттілігінің негіздемесімен бірге тапсырады. Сұраныста тақырыптың аты, оның мақсаты, міндеттері, алынуға тиісті тұжырымдардың жобасы көрсетіледі. Негіздеменің басты элементіне осы тақырып бойынша осыған дейін жүргізілген зерттеулер туралы жарияланған еңбектерге жасалынған қысқаша талдау жатады. Эксперттер авторлардың сұраныстарын зерделейді және болашақта зерттелетін тақырыптарды іріктейді. Бұл ретте олар ғалымдардың осы тақырып бойынша бар әдебиеттермен танысқандығын, зерттеудің түпкі нәтижесінің нақтылығын, нәтиженің танымал нәтижеден айырмашылығын түсініп білетіндігін есепке алады. Демек, екі фасетке бөліп қарастырады, яғни ғылымда тақырыптың зерделену дәрежесі; тақырыптың теориялық маңыздылығы. Қолданбалы зерттеуге қарағанда іргелі зерттеуде болжау аса маңызды емес. Қолданбалы зерттеулер мен жасалымдардың көкейкестілігін анықтау үшін алдымен тақырыпты зерттеуге практикалық қажеттілік, мұғалімдердің, оқушылардың нормативтік материалдарға мұқтаждығы, ұқсас жасалымдардың болуы немесе жоқтығы, зерттеу нәтижесін практикаға енгізуден алынатын әлеуметтік немесе экономикалық тиімділік, ғылымдағы осы сұрақтың шешілу дәрежесі есепке алынады. Педагогиканың саласы мен зерттеу типіне байланысты көкейкесті тақырыптардың белгілері көрініс табатын негізгі түпнұсқа жасалып, эксперттік бағалуларды салыстыру арқылы зерттеудің өзектілігі анықталады [2, 164]. Зерттеу тақырыбының өзектілігінің өлшемдері мен өзектілігін анықтау әдістері арқылы үйреніп, ізденушінің өзектілік өлшемі диссертацияға қатысы жағынан екі қырынан, яғни зерттеу тақырыбын ойластыру мен жұмыс барысында алынған нәтижені сипаттау кезінде қарастырылатынын білуі тиіс. Ізденуші үшін ең маңыздысы – оның өзіне дейін мұндай жұмыстардың орындалғанын білуі. Соңғы уақытта зерттеудің көкейкестілігі оның жаңалығымен, кешенділігімен, практикалық маңыздылығымен тығыз байланыста қарастырылады және өзектілік зерттеудің педагогика ғылымдары объектілерінің даму заңдылықтары туралы жаңа білімдер алуға, ұстанымдық тұрғыдан жаңа дидактиканы, әдістемені және технологияны жасауға қажет теориялық ңегіздерді анықтауға бағытталғандықтан, жақын және алыс шетелдерде, республика көлеміндегі ұқсас зерттеулерден айырмашылығын көрсетеді. Қазіргі заманғы диссертациялық зерттеудің сапасын бағалау мәселелерімен айналысатын ғалымдар зерттеу мәселесінің өзектілігін айқындау тәсілдері туралы білімдер жиынтығына сүйене отырып, зерттеу мәселесінің өзектілігін бағалау матрицасын жасады және зерттеу мәселесінің көкейкестілігін бағалау өлшемдері мен параметрлерін негіздеді (3-кестені қараңыз). 3-кесте. Зерттеу мәселесінің көкейкестілігін бағалаудың өлшемдері мен параметрлері
Ғалымдардың пайымдауынша, бұл матрицаны диссертациялық жұмысты дайындау мен сараптамадан өткізудің түрлі кезеңдерінде пайдалануға болады. Біздің ойымызша, бұл зерттеу мәселесінің өзектілігін бағалау логикасы негіздеменің құрылымын анық көруге мүмкіндік туғызады. Шындығында, мәселені шешу зерттеу тұғырларын таңдауға тәуелді, ал бұл таңдау зерттеушінің дүниеге көзқарасымен, ғылыми мектептің тәжірибесімен, дәстүрлерімен анықталады. Біздің аспиранттармен және докторанттармен жүргізген жұмыс практикасы мәселені таңдау, шешу тұғырларын анықтау ізденушіден танымдық, кәсіптік, өмірлік және ментальдік тәжірибенің қажетті деңгейін, ал ғылыми жетекшіден немесе кеңесшіден – ғылыми мектеп идеяларының аясында жаңа ұстанымдық деңгейдегі бағытты зерделеуде әдістемелік көмек көрсетуді талап етеді. Әдіснамашы Е.В.Бережнова педагогика саласындағы диссертацияларда жиі кездесетін мына тәсілдерді көрсетеді: зерттеу нәтижелеріне сүйенетін авторлардың еңбектері туралы ескертулер; ғылыми қағидаларды таңдауда зерттеудің тұжырымдамалық негізін құрушы мемлекеттік және қоғамдық институттарға көңіл аудару; басқа зерттеушілерден алынған мәліметтерді пайдалана отырып өз зерттеу нәтижелерін дәлелдеуі [7, 33-39]. Диссертациялық зерттеу көкейкестілігінің параметрі білім беру теориясы мен практикасын дамыту үшін зерттелетін мәселе шешімінің қажеттілігі мен дер кезінде орындалуын көрсетеді, қоғамдық қажеттіліктер (ғылыми идеялар мен практикалық ұсыныстар) мен оларды қанағаттандыру мақсатында бүгінгі күні ғылым мен практиканың ұсынатын құралдары арасындағы қайшылықты сипаттайды. Іргелі зерттеулердің көкейкестілігін бағалау өлшемдеріне тақырыптың теориялық маңыздылығы, мәселенің ғылымда зерделену дәрежесі, күтілетін нәтиженің осы саладағы теориялық пайымдауларға сәйкестілігі жатады. Қолданбалы зерттеудің көкейкестілігінің өлшемдері: тақырыптың зерттелуіне практикалық қажеттілік, мәселенің практикадағы шешімі, нәтижені енгізуден күтілетін әлеуметтік және экономикалық тиімділік [8, 45]. Зерттеу тақырыбының өзектілігін бағалау мәселесімен айналысатындардан өзгеше тақырыпты негіздеудің логикасын белгілі әдіснамашы В.В. Краевский ұсынды [9, 282]. Ғылыми бағыттың негіздемесі Зерттеу тақырыбының практикалық көкейкестілігінің негіздемесі Тақырыптың ғылыми көкейкестілігінің негіздемесі (зерттелетін мәселенің маңыздылығы мен оны шешудің қажеттілігін көрсету) Участие в выставках научных работ (ғылымдағы мәселенің зерттелу дәрежесін көрсету, жеткіліксіз зерделенген қырларын көрсету) Сурет 1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігін негіздеудің логикалық тізбесі Сонымен, зерттеу тақырыбының көкейкестілігі құрамында өзектендірудің келесі әрекеттері көрініс табады: объективті дүниенің жүйесі ретіндегі зерттеу нысанасын бөліп көрсету; сәйкессіздіктерді, қарама-қайшылықтарды, мәселелерді айқындау; зерттеу тақырыбын нақтылау, зерттеу көкейкестілігін анықтау. Мысал ретінде бірнеше кандидаттық диссертациялардың авторефератындағы зерттеудің көкейкестілігі бөлімінің мәтіндерін келтіреміз. Жаңашылдық жағынан критерийлер бұрын ғылым мен практикада қолданылмаған жаңа теориялық жайлар мен практикалық ұсыныстардан тұрады. Жаңашылдықты суреттеу үшін төмендегідей сипаттамаларды қолдануды ұсынамыз. Түрлері жағынан оны теориылық ( тұжырымдама, болжам, терминология т.б.) және практикалық (ереже, ұсыныс, құралдар, талап, әдістемелік жүйе т.б.) деп бөлуге болады. Жұмыс түрімен зерттеу саласына байланысты 1-ші орынға оның теориялық немесе практикалық жаңалығы қойылады. Жаңашылдық деңгейі – алған білімдерінің орнын, оның сабақтастығын сипаттайды. Ол нақтылау, толықтыру, жаңару деңгейлерінің көмегімен бағаланады. Нақтылау деңгейі – алынған нәтиже белгіліні дәлелдейді, оқыту мен тәрбие, оқыту әдістері, педагогика тарихы, мектеп ісін жүргізуге қатысты кейбір теориялық немесе практикалық жағдайларды нақтылайды. Мысалы: Білімді тексеру жүйесі түрде өтуі керек. Материалдың көлеміне байланысты саны анықталады. Толықтыру деңгейі – алынған нәтиже бұрыннан белгілі теориялық және практикалық жағдайларды кеңейтіп, белгілі емес жаңа элементтерді қамтиды. Жалпы, жаңашылдық ештеңені өзгертпейді, оны толықтырады. Мысалы, ғылымилық принципін дидактикада 50 – жылдары М.Н.Скаткин тұжырымдаған ол төмендегідей жағдайларды қамтиған: оқушыларға берілген мәліметтердің ғылыми растығы, суреттеп отырған құбылыстардың мәнінің ашылуына, оқушыларды маңызды деген материалистік теориялармен таныстыру, дүниені танып-білу туралы оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, абсалюттік және салыстырмалы ақиқат жөнініде, ғылыми таным әдістерімен танысу. 80- жылдары Л.Я. Зорина жүргізілген зерттеулерді негізге ала отыра бұл принципті бұрыннан белгілі емес үш жаңа қағидамен толықтырды: білімнің заманауи ғылым деңгейіне сәйкестігі; ғылыми таным әдістері жөнініде оқушылардың дұрыс көзқарастарын қалыптастыру, таным процессінің басты заңдылықтарын ашу; Жаңару деңгейі теорияда бұрын болмаған оқыту мен тәрбиелеу саласындағы амал-тәсілдер, жаңа идеялармен сипатталады. Аталамыш саладағы белгілі ұғымдардан түбегейлі ерекшеленіп тұратын жаңа көзқарас ұсынылады. Теориялық мәнділік критерия зерттеу жұмыстары нәтижелерінің құндылық жағын, оқыту мен тәрбиелеу саласындағы теориялық ұғымдар, идеялар, көзқарас, тұжырымдамаларға әсерін көрсетеді, педагогика ғылымының дамуына қосқан үлесін анықтайды. Өзектілік критеринен айырмашылығы зерттеу жұмыстарының дайын өнімін сипаттайды, өзектілікпен сәйкес келмеуі мүмкін. Дәрежесі мен ауқымдылығы бойынша теорияға әсер етуі жағынан теориялық мәнділіктің бірнеше деңгейі бар: жалпы педагогикалық, салалық, жалпыға бірдей жағдай, жекелей мәселелі.Аталған деңгейлер шартты олардың арасындағы шек қозғалмалы, дегенмен, көпшілік жағдайда оларды анықтауға болады. Зерттеу жұмыстарының теориялық мәнділігі оның жаңашылдығымен, теориялық күйінің қалыптасу дәрежесімен, яғни тұжырымдамалықпен қортындылардың дәлелділігімен, қолданбалы тақырыптармен жұмыс жасау үшін зерттеу нәтижелерінің өзектілігімен тығыз байланысты. Фундаменттік зертеулерде тұжырымдамалық автордың теориялық ұстанымын бейнелейді. Тұжырымдамасыз зерттеулер түрлі идеяларды дәйексіз пайдаланатын эклектик сипат алып, теориялық жағынан дәлелсіз болып қалады. Жаңашылдықты бейнелейтін ғылыми педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің теориялық мәнділік пен көп жұмыстарда толық сәйкес келетінін айта кету керек. Оған мысал ретінде Т.С. Базарованың докторлық диссертациясы дәлел. Зерттеу жұмыстарының ғылыми жаңалығында: жоғары оқу орындарында (философиялық, әлеуметі мәдени, білім) әлеуметтік қызметтеркердің кәсіби даярлық процесінің мәні мен маңызын құрайтын жағдайлар жиынтығы анықталады; білім берудің барлық құрамдас бөліктері арасындағы қарама-қайшлықтың орны талданып, ашылады; жоғары оқу орындарында кәсіби даярлық жүйесі және зерттеу жұмыстарының әдістемелік жинақтары ретінде салалық көзқарас қалыптасады; полиэтникалық сала ерешеліктерінен тұратын кәсіби шеберлікті қалыптастыратын болашақтағы әлеуметтік қызеткердің жеке басының субъектілік мәні артып, өзектілік идеясы алға қойылады; полиэтникалық салада кәсіби шеберліктің (арнайы, әлеуметтік, жеке басылық) компонентерінің жинақтығын көрсететін кәсіптік іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің авторлық үлгісі жасалады. Зерттеу нәтижелерінің теориялық маңызында: полиэтникалық саладағы (көзқарастар, ұстанымдар, шарттар мен әдістер) кәсіби іс-әрекеті жүзеге асыратын майталман әлеуметтік қызметкер даярлаудың теориясы- әдістемелік негіздері анықталады; аймақтық жоғары білім беру жағдайларында кәсіби даярлық жүйесін дамытудың алғы шартарын айқындайтын регионалдық көзқарас ұғымы қалыптасады; полиэтникалық салада кәсіби іс-әрекеттерді жүзеге асыратын әлеуметтік қызметкердің үлгісі жасалады; әлеуметтік қызметкердің жеке басының жүйелік сипаттамасы ретінде «әлеуметтік творчество» ұғымы қалыптасады; жеке басы әрекетінің феномені ретінде әлеуметтік қызметкердің кәсіби шеберлігінің сипатамасы мен құрылымы жасалады; болашақ маманның әлеуметтік креативтілігінің даму процесінде әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар кешенін қолдану логикасы мен мазмұнының негізі қаланады. Ғылыми-педагогкалық зерттеу жұмыстарының жаңашылдығын анықтау әдістері Негізгі нұсқаны салыстыру әдісінің қамтитындары: эталонның құрылуы; шығарылған нәтижелердің талдап, топталуы; талдап отырған жұмыс пен негізгі нұсқаның салыстырылуы; Негізгі нұсқада белгілі кесте бойынша іріктеліп, бейнеленген педагогика саласындағы осы уақытқа дейінгі белгілі теориялық және практикалық білім көрсетіледі. Базалық нұсқаның құрылуы ізделіп отырған мәселе бойынша әдебеттерді анықтауды, түрі мен оларды сипатына қарай бейнелеу арқылы білімдерді топтауды қарастырады. Сөйтіп, іздепт отырған мәселе бойынша негізгі нәтижелердің (тұжырымдамалар, әдістер, идеялар, ұсыныстар т.б.) тізімі алынады. Аталмыш эталон салыстырмалы болады және белгілі бір уақытқа тән. Нәтижелерді талдап, топтау кезеңінде сарапшылар бағалап отырған жұмыс нәтижесіне талдау жасап, оны жаңашылдық деңгейімен мазмұнына қарай білім түрлері бойынша топтастырады. Соңғы кезеңде талдап отырған жұмыс нәтижелері мен базалық нұсқаны салыстыру жүргізіледі. Олардың бірдей болып қалуы немесе үйлеспеуіне байланысты жұмыс қорытындысы бұрынан белгілі немесе жаңа деп бағаланады. Жаңашылдықты анықтаудың ақпараттық әдісі – ізденіс жұмыстарынан ұқсас түйін болып қалатын құжатты қарауды қамтиды. Сарапшылар құжаттарды оқып, өз тәжірибелері мен түйсіктеріне сүйене отыра қорытынды жасайды. Құжаттардың ( диссертация, ғылыми есеп, мақала) тек атауы мен негізгі мақсаты ғана тіркеледі. Алынған нәтижелер бейнеленбейді. Жаңашылдықтаоқыту әдістемесі мазмұны неғұрлым түпнұсқаға сай келетін релевантты құжат іздеуді қарастырады. Содан кейін сарапшылар құжаттарды іріктеп, жаңашылдығы жағынан өзара салыстырады. Бірдей түйін жасалған құжаттар кездесіп қалса онда ол қысқартылады.Кейде мәліметтер базасына енбеген, бірақ үйлесімділік түйіні бар құжат болып қалуы ықтимал. Бірақ мұндай мүмкіндік жаңашылдықтың сараптамалық бағасына қарағанда неғұрлым төмендеу. Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесінің жаңашылдығын бағалау үшін антиципация (күн ілгері білу) әдісі қолданылады. Бұл әдіс қарапайым ғана болғанымен, сенімді тұжырым жасайды. Ол алдын ала жоспарланған зерттеулерді талдау үшін тиімді. Бұл әдістің мәні: жұмыс нәтижесі сұрақ түрінде көрсетіледі. Сарапшылар сұраққа жауап береді. Жауап сәйкес келіп қалған жағдайда жұмысты көрсетілген нәтижелердің белгілі екені анықталады.Кейде тұжырымның белгілі болып, сарапшылардың жауабы сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда жаңашылдық түйіндері қосымша дәстүрлі тәсілдермен анықталуы тиіс. Соңғы кездері мәтіндік құжаттарды тексеру үшін AntiPlagiat.ru. интернеттік желісі пайдаланылатын болды. Бұл желі іске қосылу базадағы мәтіндердің түпнұсқалығын тексеруге үлкен мүмкіншілік берді. Жоғары оқу орындарының бірқатары РГБ (Ресей мемлекеттік кітапханасы) базасының мәліметтері бойынша курстық жұмыстар, рефераттар, диссертацияларды тексеруде. Аталмыш желі зерттеу нәтижелерінің жаңашылдығын тексеру үшін де пайдаланылады. Ғылыми зерттеулердің жаңашылдығын анықтауда өте сақ болу қажет. Өйткені, электронды түрде материалдың аз ғана бөлігі болуы мүмкін. Авторлықты анықтау үшін интернетте бүкіл ақпарат болуы тиіс. Ғылыми мәтіндердің көпшілігі қағазда қалып қоюы мүмкін. Көптеген авторлар түп деректі заңды түрде дәйектейді. Егер ол оны екінші рет қосымша нұсқасымен жариялайтын болса, авторды шығармашылық ұрлығы үшін айыптауы мүмкін. Ғылымды дамыту үшін жұмыстың жаңашылдығын анықтау, көшірмеден сақтандыру, неғұрлым маңыздырақ болып табылады. Ұсынып отырған ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижелерінің жаңашылдығын бағалау әдістерін практикаға енгізу әрине, бір жолға ғана акт болып табылуы мүмкін емес; Ол үшін белгілі бір ұйымдастырылған қайта құру, зерттеу нәтижелерін рәсімдеуге қойлатын талаптар енгізу, педагогика ғылымының әр түрлі саласы бойынша қолда бар тұжырымдардың эталондарын жасау қажет. Мұндай өзгерістер зерттеу жұмыстарының сапасы мен тиімділігіне, педагогикалық ғылым мен практиканы дамытуға оң көзқарасты танытады. Педагогикалық зерттеулердің ең маңызды сипаттамасы, яғни жаңа идеялар, теориялық және практикалық жаңалықтар, жұмыстың алға қойған мақсаты мен нәтижелер жиынтығы болып табылады. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің сапалы бағалануы педагогика ғылымына енгізілген бір жаңалық болса, практикаға енгізілсе оны оқыған кез-келген адамға ғылыми жұмыстың нәтижесін нақты көре алатын болса. -концепциялар; ойлар; әдістемелік нұсқаулар; ережелер және т.б. В.М.Полонский педагогикалық зерттеудің сапалы аяқталуына 3 түрлі өлшемін ұсынады: жалпы ғылымдық, типтік, нақты ғылыми. І. Жалпы ғылымдық өлшем.Негізгі мәселеден және ғылым ауқымынан тәуелсіз болатын аяқталған жұмыс нәтижесінің сапасына талап қояды. жаңашылдық; көкестілігі; теориялық және практикалық мәнділігі; ІІ.Типтік өлшемдер. Негізінен ғылыми-педагогикалық сапасына талап қояды. ІІІ.Нақты-ғылыми өлшем.Педагогика ғылымының бағыты мен негізгі мәселеге тәуелді болатын педагогикалық ғылым сапасының типтік талабын айқындайды. 1.1.Жаңалылық өлшемі. Аяқталған зерттеудің сапасын бағалау үшін жаңашылдық өлшемдері қолданылады.Ол мынадай жаңа мінездемелерге ие: теориялық және практикалық енгізулер; тәрбие процесінің заңдылықтары,оның құрылымы және механизмі; оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны; педагогика әдебиетінде енгізілмеген осы уақытқа дейін белгісіз болған әдістер, міндеттер,тәсілдер.В.М.Полонский зерттеудің жаңалылығын келесі деңгейлерге бөледі: нақтыландыру деңгейі; толықтыру деңгейі; түрлендіру деңгейі; Зерттеу жаңалылығы қаншалықты теориялық маңызға ие болса, соншалықты практикалық қажеттілікке ие.Зерттеулер нәтижесінде түзілген тұжырымдамалар, алынған гипозалар, ашылған заңдылықтар, әдістер, бағыттар, көзқарастар, проблеманы айқындау моделіорындалған ғылыми істердің теориялық маңызын танытады.Ал зерттеудің практикалық маңызы жаңа ұсыныстар, нұсқаулар және т.б. дайындауға арқау болуында. Жаңалылық өлшемдерін төмендегідей түрде көрсетуге болады. |